1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1316 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық
жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау
кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу
тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі — Келісім) қатысушы мемлекеттер Келісімге мынадай өзгерістер енгізуге уағдаласты:
      2 және 3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

2-бап

      Дауларды шешу кезінде әр түрлі мемлекеттердің аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау үшін тең мүмкіндік қамтамасыз ету мақсатында мына бағада (Ресей Федерациясының рублінде) талап-арызбен басқа мемлекеттің сотына жүгіну кезінде мемлекеттік баждың мынадай ставкалары белгіленсін:
      10 мың рубльге дейін - талап-арыз бағасының 3 %-ы
      10 мың рубльден жоғары 50 мың рубльге дейін - 300 рубль + 10 мың рубльден асатын соманың 2,5 %-ы
      50 мың рубльден жоғары - 100 мың рубльге дейін - 1 мың 300 рубль + 50 мың рубльден асатын соманың 2 %-ы
      100 мың рубльден жоғары - 500 мың рубльге дейін - 2 мың 300 рубль + 100 мың рубльден асатын соманың 1,5 %-ы
      500 мың рубльден жоғары - 1 млн. рубльге дейін - 8 мың 300 рубль + 500 мың рубльден асатын соманың 1 %-ы
      1 млн. рубльден жоғары - 13 мың 300 рубль + 1 млн. рубльден асатын соманың 0,5 %-ы.
      Мүліктік емес сипаттағы талап-арыздан, егер талап қойылған мемлекеттің заңнамасында мемлекеттік баждың ең аз мөлшері белгіленбеген болса, мемлекеттік баж 500 рубльге балама мөлшерде алынады.
      Сот қаулысының шешімін қайта қарау туралы өтініштен мемлекеттік баж:
      1) мүліктік сипаттағы даулар бойынша - арыз беруші даулап отырған сома негізінде есептелген мемлекеттік баж сомасына 50 мөлшерінде, бірақ кемінде 250 рубль;
      2) мүліктік емес сипаттағы даулар бойынша - мүліктік емес сипаттағы талап-арыз беру кезінде төленуге жататын мемлекеттік баж сомасының 50 мөлшерінде алынады.

3-бап

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сот-төрелік органдарына мемлекеттік баж төлеу кезінде бірыңғай ақша баламасы ретінде Ресей Федерациясының рубльі белгіленсін. Ұлттық валюталардың рубльге қатысты бағамдарын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық банктері айқындайды. Егер талап-арыздар Келісімге қатыспайтын мемлекеттің валютасында көрсетілген болса онда талаптың рубльдегі бағасы мемлекеттік баж төлеу күніне Ресей Федерациясының Орталық банкі белгілеген бағам бойынша қайта есептеле отырып айқындалады.
      Сот-төрелік органдарына мемлекеттік бажды төлеу сот тұрған мемлекеттің ұлттық валютасында не мемлекеттік баж төлеу күніне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық банктері айқындайтын ұлттық валюталардың бағамдары бойынша қайта есептеле отырып Ресей Федерациясының рубльінде жүргізіледі.».

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.

      _______ қаласында 2010 жылғы «___» ________ орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      Әзірбайжан Республикасы үшін     Ресей Федерациясы үшін

      Армения Республикасы үшін        Тәжікстан Республикасы үшін

      Беларусь Республикасы үшін       Қазақстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін         Молдова Республикасы үшін

      Түрікменстан үшін                Өзбекстан Республикасы үшін

      Украина үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады