Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 132 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 651 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.10.2017 № 651 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 132 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа
базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар
әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты 1995 жылғы 23 қаңтарда қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасы, Еуропалық қоғамдастықтар және оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің орнына Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына;

      2) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісім жобасының мәтінін келісу үдерісіндегі Қазақстанның келіссөздік ұстанымы бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;

      2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;

      3) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;

      4) Комиссия мүшелерінің отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      5) Комиссияға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажет өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады.

      7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді оны жүргізгеннен кейін Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссияның төрағасы белгілейді.

      10. Комиссия отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізіледі.

      11. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса заңды деп саналады.

      12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беріп қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қосылуы тиіс.

      Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      13. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 132 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа
базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына
ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.13 N 653 Қаулысымен.

      Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      Ербол Тұрмаханұлы орынбасары, төраға

      Жигалов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

      Константин Васильевич министрінің орынбасары, төрағаның

      орынбасары

      Қабиева - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

      Дәмегүл Нәбиқызы министрлігінің Жалпыеуропалық

      ынтымақтастық департаменті директорының

      орынбасары, хатшы

      Меркель - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының

      Иоганн Давидович бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      Әбдіқазымов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

      Қабдулкәрім Ратайұлы комитеті төрағасының орынбасары (келісім

      бойынша)

      Әубәкіров - Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      Амантай Акрамұлы министрінің орынбасары

      Ахметов - Қазақстан Республикасының Еңбек және

      Серік Әбжәлиұлы әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Байжүнісов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау

      Ерік Әбенұлы вице-министрі

      Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және

      Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі

      Бөлтіріков - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны

      Руслан Ескендірұлы қорғау вице-министрі

      Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Руслан Ерболатұлы вице-министрі

      Жанжүменов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс

      Талғат Жеңісұлы министрінің орынбасары

      Ырсалиев - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

      Серік Әзтайүлы вице-министрі

      Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет

      Дулат Рашитұлы вице-министрі

      Омаров - Қазақстан Республикасының Туризм және

      Мұрат Ескелдіұлы спорт вице-министрі

      Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл

      Марат Аблахатұлы шаруашылығы вице-министрі

      Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше

      Валерий Викторович жағдайлар вице-министрі

      Pay - Қазақстан Республикасының Индустрия және

      Альберт Павлович жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

      Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономика және

      Тимур Мұратұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі

      Телебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және

      Ғазиз Тұрысбекұлы ақпарат вице-министрі

      Толымбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ

      Берік Зиябекұлы вице-министрі

      Әбсаттаров - Қазақстан Республикасы Байланыс және

      Қайрат Бектайұлы ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы

      Жарқынбаев - Қазақстан Республикасының Статистика

      Жасер Әзімханұлы агенттігі төрағасының орынбасары

      Парсегов - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті

      Борис Анатольевич қорғау агенттігі (Монополияға қарсы

      агенттік) төрағасының орынбасары

      Шаймағамбетов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғарыш

      Еркін Мұстафаұлы агенттігі төрағасының орынбасары

      Калюжный - Қазақстан Республикасы Адам құқықтары

      Вячеслав Афанасьевич жөніндегі ұлттық орталығының басшысы

      (келісім бойынша)

      Айтқұлова - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың

      Нұргүл Ілесқызы жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз

      ету департаментінің Халықаралық-құқық

      бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім

      бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады