Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1335 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге
өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттер 2007 жылғы 5 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын одан әрі дамыту тұжырымдамасының 4.5-тармағын іске асыру мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге қосымша болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесі туралы ереженің 3-бөлімі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Кеңестің құзыретіне жататын көші-қон саласындағы мәселелер бойынша ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарының қызметін үйлестіруге;».

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап, ал заңнамасы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап ететін Тараптар үшін - көрсетілген рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны депозитарийдің алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2010 жылғы _____ ___________ ______________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

      Әзірбайжан Республикасы үшін       Молдова Республикасы үшін

      Армения Республикасы үшін          Ресей Федерациясы үшін

      Беларусь Республикасы үшін         Тәжікстан Республикасы үшін

      Грузия үшін                        Түрікменстан үшін

      Қазақстан Республикасы үшін        Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін           Украина үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады