Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
7-тармақта:
4) тармақшадағы "орталық және өңірлік" деген сөздер алынып тасталсын;
6) тармақшадағы "орталық, өңірлік" деген сөздер алынып тасталсын;
7) тармақшадағы "құқығы бар" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) жергілікті үйлестіру кеңестеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Айтаев - Қазақстан Республикасы Индустрия
Ренат Құрметжанұлы және сауда министрлігі
Индустриялық-инновациялық дамуды
салааралық үйлестіру
департаментінің директоры, хатшы
Аббас - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Бауыржан Аббасұлы холдингі" акционерлік қоғамы төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Смирнов - "Ресей жинақ банкі" акционерлік қоғамы
Олег Евгеньевич еншілес банкінің басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Тен - "Сaspian Group" акционерлік қоғамының
Александр Эрикович басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Құлсейітов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік
Айдын Жеңісұлы қоғамының басқарма төрағасы (келісім
бойынша)
мына:
"Жақыпов - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Айдар Бексұлтанұлы холдингі" акционерлік қоғамының
басқарушы директоры (келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жақыпов - Қазақстан Республикасының Білім және
Айдар Бексұлтанұлы ғылым вице-министрі";
көрсетілген құрамнан Игорь Владимирович Цой, Әуелбек Тұрсынұлы Тоқжанов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |