Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1344 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы N 43 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.29 N 43 Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 428-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Отандық ақпараттық кеңістіктің орнықты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген 3-стратегиялық бағытта:
      «Электрондық және баспа БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» деген 3.1.1-міндет мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-тармақпен толықтырылсын:

«

4. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін мемлекеттік БАҚ жабдықтарын жаңғырту

БАҚ есптері

Жабдықтар бірлігі

-

56

0

0

0

0

»;

      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7.1-бөлімде:
      001 «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы инфрақұрылымды және бәселестік нарықты дамыту жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «697 062» деген сандар «693 662» деген сандармен ауыстырылсын;
      005 «Ақпарат саласында қайраткерлерді ынталандыру» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «5 802» деген сандар «5 017» деген сандармен ауыстырылсын;
      008 «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігін материалдық-техникалық жабдықтау» деген бюджеттік бағдарламаның «Бағдарламаларды іске асыру шығыстары» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «100 362» деген сандар «100 062» деген сандармен ауыстырылсын;
      010 «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «5 919 503» деген сандар «4 457 415» деген сандармен ауыстырылсын;
      011 «Мемлекеттік деректер базасын құру» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «308 577» деген сандар «275 577» деген сандармен ауыстырылсын;
      014 «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «2 000 000» деген сандар «1 998 221» деген сандармен ауыстырылсын;
      017 «Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «Тиімділік көрсеткіштері» деген жолдағы «5 937» деген сандар «5 615» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламарды іске асыру шығыстары» деген жолдағы «5 525 833» деген сандар «5 226 472» деген сандармен ауыстырылсын;
      019 «Е-әкімдіктер және е-үкімет инфрақұрылымдарын ықпалдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «122 456» деген сандар «112 837» деген сандармен ауыстырылсын;
      021 «Әдебиеттің әлеуметтік-маңызды түрлерін басып шығару» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «1 212 282» деген сандар «1 103 382» деген сандармен ауыстырылсын;
      023 «Нашақорлыққа және есірткі бизнеске қарсы күресті насихаттау» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындағы «167 005» деген сандар «90 526» деген сандармен ауыстырылсын;
      025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» деген бюджеттік бағдарламаның «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолының «2010 жыл» деген бағанындагы «17 548 170» деген сандар «17 509 279» деген сандармен ауыстырылсын;
      029 «Ақпарат саласында қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайту» деген бюджеттік бағдарлама бойынша:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолдағы «650 000» деген сандар «1 638 900» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жолдағы «68 710» деген сандар «68 708» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Тікелей нәтиже көрсеткіштері» деген жол мынадай мазмұндағы 2-көрсеткішпен толықтырылсын:

«

2. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жабдықтарын жаңғырту

Жабдықтар бірлігі

56

0

0

»;

      «Бюджеттік шығындардың жиынтығы» деген 7.2-бөлімде:
      «2010 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығындардың барлығы» деген жолдағы «37 787 023» деген сандар «36 741 321» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «34 050 080» деген сандар «32 050 257» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «3 736 943» деген сандар «4 691 064» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады