Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының өткізу қабілетін кеңейту жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 1997 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «Каспий құбыр консорциумы-Р» жабық акционерлік қоғамы және «Каспий құбыр Консорциумы-Қ» жабық акционерлік қоғамы арасындағы негіз қалаушы мүшенің (Қазақстан) қарызы туралы шартқа Үшінші түзету (бұдан әрі - Қарыз туралы шартқа Үшінші түзету);
2) 1997 жылғы 16 мамырдағы Ресей Федерациясының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, КТК Инвестментс Компани, КТК Компани Лимитед, Шеврон Каспиэн Инвестментс Б.В., Лукарко Файненс Б.В., Мобил Каспий Құбыр Компаниясы, Роснефть-Шелл Каспиан Венчурс Лтд, ЭНИ Интернэшнл (Н.А.) Н.В. С.А.Р.Л., БГ Оверсиз Холдинге Лтд, Қазақстан Пайплайн Венчурс ЖШК және Шелл Каспиан Б.В. арасындағы КҚК кредиторлары арасындағы субординациялау туралы шартқа Бірінші түзету (бұдан әрі - Кредиторлар арасындағы шартқа Түзету);
3) 1996 жылғы 6 желтоқсандағы «Каспий құбыр консорциумы-Р» жабық акционерлік қоғамын және «Каспий құбыр консорциумы-Қ» жабық акционерлік қоғамын құру туралы шартқа және Каспий құбыр консорциумын қайта ұйымдастыру туралы шартқа және Ресей Федерациясының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, «Транснефть АК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, КТК Компани Лимитед, Шеврон Каспиэн Пайплайн Консорциум Компани, Лукарко Б.В., Мобил Каспий Құбыр Компаниясы, Роснефть-Шелл Каспиан Венчурс Лтд, ЭНИ Интернэшнл (Н.А.) Н.В. С.А.Р.Л., БГ Оверсиз Холдинге Лтд, Қазақстан Пайплайн Венчурс ЖШК, Орикс Каспиан Пайплайн Л.Л.К., «Каспий құбыр Консорциумы-Р» ЖАҚ және «Каспий құбыр Консорциумы-Қ» АҚ арасындағы Акционерлердің шартына Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (бұдан әрі - Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Ләззат Кетебайұлы Қиыновқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қарыз туралы шартқа Үшінші түзетуге, Кредиторлар арасындағы шартқа Түзетуге және Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов