Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының өткізу қабілетін кеңейту жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 1997 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «Каспий құбыр консорциумы-Р» жабық акционерлік қоғамы және «Каспий құбыр консорциумы-Қ» акционерлік қоғамы арасындағы негіз қалаушы мүшенің (Қазақстан) қарызы туралы шартқа Төртінші түзету (бұдан әрі - Қарыз туралы шартқа Төртінші түзету);
2) 1997 жылғы 16 мамырдағы Ресей Федерациясының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, КТК Инвестментс Компани, КТК Компани Лимитед, Шеврон Каспиэн Инвестментс Б.В., Лукарко Файненс Б.В., Мобил Каспий Құбыр Компаниясы, Роснефть-Шелл Каспиан Венчурс Лтд, ЭНИ Интернэшнл (Н.А.) Н.В. С.А. РЛ., БГ Оверсиз Холдинге Лтд, Қазақстан Пайплайн Венчурс ЖШК және Шелл Каспиан Б.В. арасындағы КҚК кредиторлары арасындағы субординациялау туралы шартқа Екінші түзету (бұдан әрі - Кредиторлар арасындағы шартқа Екінші түзету) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Ләззат Кетебайұлы Қиыновқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қарыз туралы шартқа Төртінші түзетуге және Кредиторлар арасындағы шартқа Екінші түзетуге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов