"Алматы қаласының электр көлігін дамыту" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1380 Қаулысы

      «Алматыэлектротранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын «Алматы қаласының электр көлігін дамыту» жобасын тиімді қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) «Алматыэлектротранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамымен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасасын;
      2) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен бекітілген, мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкіне 36000000 (отыз алты миллион) АҚШ доллары мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша «Алматыэлектротранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі берілсін.
      2. Алматы қаласының әкімдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Алматыэлектротранс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады