Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1399 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 318 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2017 № 318 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      5-тармақтың 3) тармақшасында "мемлекеттік органдардың мамандарын" деген сөздерден кейін ", тәуелсіз сарапшыларды, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілерді және ғалымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1399 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы

      Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет министрі,

      Рашид Төлеутайұлы төраға

      Аманбаев - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

      Әмірхан Тапашұлы орынбасары, төрағаның орынбасары

      Кәкен - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      Гүлнәра Қаратайқызы Зияткерлік меншік құқығы комитеті авторлық

       және сабақтас құқықтар саласындағы

       мемлекеттік саясатты іске асыру

       басқармасының бастығы, хатшы

      Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының

      Асхат Қайзоллаұлы орынбасары (келісім бойынша)

      Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Экономикалық

      Рустам Әнуарұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

       күрес агенттігі (қаржы полициясы)

       төрағасының бірінші орынбасары (келісім

       бойынша)

      Әбдібеков - Қазақстан Республикасының Индустрия және

      Нұрмұхамбет Қанапияұлы жаңа технологиялар вице-министрі

      Әубәкіров - Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      Амантай Акрамұлы министрінің орынбасары

      Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы

      Руслан Ерболатұлы вице-министрі

      Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы

      Марат Әбілахатұлы вице-министрі

      Оразов - Қазақстан Республикасының Байланыс және

      Нұрай Нұрғожаұлы ақпарат вице-министрі

      Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму

      Тимур Мұратұлы және сауда вице-министрі

      Телебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет

      Ғазиз Тұрысбекұлы вице-министрі

      Жұмабаева - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

      Әлия Ермекқызы Аппаратының Заң бөлімі меңгерушісінің

       орынбасары (келісім бойынша)

      Стамбекова - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      Лиза Сейдәліқызы Зияткерлік меншік құқығы комитетінің

       төрайымы

      Әзімхан - "Қазақстан орындаушыларының құқықтарын

      Дархан Әзімханұлы басқару қоғамы" республикалық қоғамдық

       бірлестігінің бас директоры (келісім

       бойынша)

      Әбсеметов - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық

      Дінмұхамед Бақытжанұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар

       бірлестігі заң департаментінің директоры

       (келісім бойынша)

      Әжіғалиев - Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы

      Талғат Болатұлы қауымдастығы Селекционерлер және тұқым

       өсірушілер одағының төрағасы (келісім

       бойынша)

      Ахтямов - "Қазақстандық авторлық және сабақтас

      Руслан Рашитұлы құқықтарды қорғау қауымдастығы" заңды

       тұлғалар бірлестігінің вице-президенті

       (келісім бойынша)

      Қаудыров - Еуразиялық патенттік сенімді өкілі, заң

      Төлеш Ерденұлы ғылымдарының докторы, профессор (келісім

       бойынша)

      Сабиров - "Қазақстан интернет қауымдастығы" заңды

      Шавкат Умарович тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім

       бойынша)

      Сиротина - "Сауда саясатын дамыту орталығы"

      Марина Николаевна акционерлік қоғамы Дүниежүзілік сауда

       ұйымының келіссөздер департаментінің

       директоры (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады