Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Санкт-Петербург қаласында 2010 жылғы 21 мамырда қол қойылған 1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология
және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы
келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем
бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(2011 жылғы 30 наурызда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2011 ж., № 3, 33-құжат)
1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегі туралы келісті:
1. 1995 жылғы 3 қарашадағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Кіріспенің екінші абзацындағы, 2-баптың он үшінші және он бесінші абзацтарындағы «Тараптардың» деген сөз «Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын.
Кіріспенің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке құрамның денсаулық жағдайына, әскерлер мен күштердің орналасқан жерлеріндегі қоршаған табиғи ортаның жай-күйіне бақылаудың дұрыстын жоғарылату үшін қару-жарақ пен әскери техниканы жасау, шығару, сынау, пайдалану және кәдеге жарату кезінде өлшем бірлігін қамтамасыз етуде Тараптар ынтымақтастығының, материалдық құралдарды жіберу мен жұмсау қажеттігін мойындай отырып».
1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің метрологиялық қызметтері Үйлестіру комитетінің қатысуымен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес шеңберінде Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану мен дамытуды келісілген түрде жүзеге асырады».
1-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттерде күшіне енген техникалық регламенттерді, стандарттауды, метрологияны үйлестіру және сәйкестікті бағалау (растау) туралы мемлекетаралық құжаттарды олардың ұлттық заңнамасына сәйкес пайдаланады».
1-баптың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің өлшем бірліктерінің эталондарын және нормативтік құжаттарын өзара мойындайды».
1-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің метрологиялық әскери бөлімдері мен бөлімшелері, техникалық реттеу және метрология жөніндегі ұлттық органдарының ғылыми-зерттеу мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдары орындайтын метрологиялық жұмыстарды жүргізу құқығына аккредиттеу (аттестаттау) нәтижелерін мойындайды».
2-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің метрологиялық қызметтері, техникалық реттеу және метрология жөніндегі ұлттық органдарының ғылыми-зерттеу мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдары орындайтын жұмыстардың нәтижелерін мойындау».
2-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«типті бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау (метрологиялық аттестаттау)».
2-баптың жетінші абзацы алып тасталсын.
2-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өлшем әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау».
2-баптың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштеріндегі өлшем бірліктерінің көлемін беру эталондары мен жүйелерін дамытуда өзара іс-қимылды ұйымдастыру».
2-баптың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің мүддесінде өлшем бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын қолдану».
1.13. 2-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жоспарлар мен жобаларды бірлесіп әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау».
1.14. 3-баптың екінші абзацындағы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясымен келісілген» деген сөздер алып тасталсын.
1.15. 3-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Осы Келісімге қатысушылар арасындағы өзара есеп айырысулар кезінде оны іске асыру мақсатында ең қолайлы жағдай және өзара есеп айырысу режимі қолданылады».
1.16. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құжаттармен (техникалық регламенттер, стандарттар, көрсеткіштер, стандарттардың көрсеткіштері және басқа да нормативтік құжаттама ақпараттық көрсеткіштері) қамтамасыз ету 1995 жылғы 3 қарашадағы Қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы келісімде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады».
1.17. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісімді қолдану мен түсіндіруге қатысты даулы мәселелер мүдделі Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі».
1.18.10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, депозитарий оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енетін тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін».
1.19.11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісім кез келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің, сондай-ақ оның мақсаттары мен принциптерін бөлісетін кез келген басқа да мемлекеттің депозитарийге қосылу туралы құжаттарды беру жолымен қосылуы үшін ашық.
Қосылушы мемлекет үшін Келісім депозитарий қосылу туралы құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді».
2. Осы Хаттама депозитарий оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама алған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайды.
Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Түркіменстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
Орыс тіліндегі түпнұсқаға сәйкес мемлекеттік тілге аударылды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департамент бастығының орынбасары полковник Ә. Кулбаев