Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1441 қаулысымен  
бекітілген     

Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жауапкершілік аймағында ұсынылатын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидадағы талаптарды әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын азаматтық авиация кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының барлық лауазымды тұлғалары және авиациялық персоналы орындайды.
      3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
      1) аэронавигациялық деректер - аэронавигациялық нақты деректерді, тұжырымдамаларды немесе нұсқаулықтарды байланыс, түсіндіру немесе өңдеу үшін ыңғайлы формальді тәртіппен баяндау;
      2) ұшу алдындағы ақпарат бюллетені (бұдан әрі - РІВ) - ұшу алдында дайындалған, айрықша пайдаланылу маңызы бар ағымдағы NОТАМ ақпараты;
      3) геоид толқыны (геоид биіктігі) - геоид беті мен математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид беті арасындағы қашықтық (оң немесе теріс мағына);
      4) геоид - Жердің гравитациялық өрісіндегі теңіздің бекітілген орта деңгейі (МSL) мен оның материктер алып жатқан жалғасына сәйкес келетін баламалы әлеуетті беті. Жергілікті гравитациялық ауытқулардың салдарынан геоид пішіні дұрыс емес қалыптасқан, сондықтан ауыртпалық күшінің бағыты кез келген нүктеде геоид бетіне перпендикуляр;
      5) Аэронавигациялық ақпарат жинағына қосымша (бұдан әрі - АІР) - АІР-тағы ақпаратқа енгізілетін және жеке парақтарда жарияланатын уақытша өзгерістер;
      6) аймақтық навигация (RNAV) - әуе кемелеріне кез келген траектория бойынша радиомаяктік навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегінде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастырымдарының мүмкіндіктерімен анықталатын шектерінде ұшу жасауға мүмкіншілік беретін навигация әдісі.
      7) ақпарат өнімі - деректер шоғыры немесе ақпарат өнімінің ерекшеліктеріне жауап беретін деректер шоғырының жиынтығы;
      8) сапа - меншікті сипаттамалар жиынтығының қойылған талаптарды орындау дәрежесі;
      9) деректер сапасы - ұсынылған деректердің нақтылық, ажыратымдылық және тұтастық тұрғысынан деректерді пайдаланушы қоятын талаптарға жауап бере алатындығының дәрежесі немесе деңгейі;
      10) деректер шоғырының жиынтығы - өнімнің бірдей ерекшеліктеріне сәйкес келетін деректер шоғырының жиынтығы;
      11) циклдық артық кодты пайдалану арқылы бақылау (СRС) - деректерді жоғалып кетуден немесе өзгеруден қорғаудың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін, деректердің цифрлық мәніне қатысты қолданылатын математикалық алгоритм;
      12) деректер шоғыры - деректердің белгілі бір жиынтығы;
      13) сапа менеджменті - ұйымның сапаға қатысты басшылық ету  және басқару жөніндегі үйлестірілген қызметі;
      14) орналасқан жер (географиялық) - нүктенің Жер бетіндегі орналасқан жерін анықтайтын математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид арқылы берілетін координаттар (ені мен ұзындығы);
      15) талап етілетін навигациялық сипаттамалардың ерекшелігі (RNР) - RNР префиксі, мәселен RNР 4, RNР АРСН-пен белгіленетін сипаттамалардың сақталмағандығы туралы ескертулерді сақтау және беруді бақылау үшін қойылатын талап қосылатын, аймақтық навигацияға негізделген навигациялық ерекшелік;
      16) аймақтық навигация ерекшелігі (RNАV) - RNАV префиксі, мәселен RNАV 5, RNАV 1 белгіленетін сипаттамалардың сақталмағандығы туралы ескертулерді сақтау және беруді бақылау үшін қойылатын талап қосылмайтын, аймақтық навигацияға негізделген навигациялық ерекшелік;
      17) сипаттамаларға негізделген навигация (РВN) - ӘҚҚ бағыты бойынша, аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбасы немесе белгіленген әуе кеңістігі бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерінің сипаттамаларына қойылатын талаптарға негізделген аймақтық навигация;
      18) сапаны қамтамасыз ету - сапаға қойылатын талаптардың орындалатынына сенім туғызуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі;
      19) біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті - пакет мынадай элементтерден тұрады:
      - АІР, түзетулерін қоса;
      - АІР-қа енгізілетін толықтырулар;
      - NОТАМ және РІВ;
      - АІС; және
      - бақылау тізбесі және қолданыстағы NОТАМ тізбесі;
      20) жергілікті жердегі кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі кедергілер (жергілікті жер) туралы деректер жасау мақсатында қолданылатын белгілі шек;
      21) АІР-қа жасалатын түзетулер - АІР-тағы ақпаратқа енгізілетін тұрақты өзгерістер;
      22) кедергі - барлық жылжымайтын (уақытша немесе тұрақты) және жылжитын нысандар немесе олардың мына жерлердегі бөлігі:
      әуе кемелерінің жер бетінде қозғалуына арналған аймақта орналасқан; немесе
      ұшып бара жатқан әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір жерде тұрғызылған; немесе
      осы жерлер шегінде орналасқан және әуе навигациясы үшін қауіп төндіретін деп бағаланған;
      23) ААҚ өнімі - аэронавигациялық карталарды қоса алғанда, біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті элементтерінің (NОТАМ-нан) және ұшу алдындағы ақпарат бюллетендерінен (РІВ) басқа) нысанында немесе тиісті электрондық тасымалдауыш түрінде үсынылатын аэронавигациялық ақпарат;
      24) радиохабар тарату арқылы автоматты тәуелді байқау (АDS-В) -  әуекемелері, әуеайлақтағы көлік құралдары және басқа обьектілер тану индексі, тұрған жері туралы деректер, қажет болған жағдайда, деректерді беру желісінің радиохабар тарату режимін қолданып, қосымша деректер сияқты ақпаратты автоматты түрде бере және/немесе қабылдай алатын байқау түрі;
      25) ажырату қабілеті (ажыратымдылық) - қолданылатын өлшенген немесе есептелген мәннің тәртібін анықтайтын бірліктердің немесе цифрлардың саны;
      26) аэронавигациялық ақпараттар жинағы (АІР) - аэронавигация үшін елеулі маңызы бар ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын мемлекет шығарған немесе бекіткен жарияланым;
      27) деректерді беру желісі бойынша «диспетчер-пилот» байланысы (СРDLС) - деректерді беру желісін қолдану арқылы ӘҚБ мақсатында диспетчер мен пилот арасындағы байланыс құралы;
      28) әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты тарату қызметі (АТІS) - келіп қонатын және ұшып шығатын әуе кемелері үшін белгіленген ағымдағы ақпаратты тәулік бойы немесе тәуліктің белгілі бір уақытында автоматты ұсыну;
      29) деректер беру желісін қолдануға негізделген, әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты тарату қызметі (D-АТІS) - АТІS-ті деректер беру желісімен ұсыну;
      30) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (ААҚ қызметі) - нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған қызмет, ол әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттардың деректердің ұсынылуына жауапты;
      31) дәлдік - есептеу немесе өлшеу мәнінің нақты мәнге сәйкес келу дәрежесі. Тұрған жерді өлшеу дәлдігі, әдетте, нақты тұрған жері анықталған ықтимал дәрежесімен белгіленген шектегі хабарланған жерінен бергі қашықтықпен беріледі;
      32) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      33) сапаны басқару - сапаға қойылатын талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджменті бөлігі;
      34) тұтастық (аэронавигациялық деректер) - аэронавигациялық деректердің, оларды дайындаған немесе түзету енгізуге рұқсат етілген сәттен бастап жоғалмағанының немесе өзгермегенінің анықталған кепілі;
      35) аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухаты (АІС) - NОТАМ шығаруды немесе оны АІР-қа енгізуді қажет етпейтін, бірақ ұшулардың қауіпсіздігі мәселелеріне немесе аэронавигациялық, техникалық, әкімшілік және заңдық мәселелерге қатысты ақпаратты қамтитын хабарлама;
      36) АІRАС (аэронавигациялық ақпаратты регламенттеу және бақылау) - күшіне енудің ортақ күндері негізінде пайдалану практикасына едәуір өзгерістер енгізу қажеттігін тудыратын жағдайлар туралы алдын ала хабарлауға арналған жүйені білдіретін қысқарту;
      37) АSНТАМ - әуе кемелерінің ұшуларды орындауы үшін елеулі маңызы бар жанартау қызметінің өзгеруі туралы, жанартаудың атылуы және (немесе) жанартау күлінен болған бұлт туралы ерекше пішімде ұсынылған ақпарат қамтылған арнайы сериядағы NОТАМ;
      38) NОТАМ - электр байланысы құралдарымен таралатын және кез келген азронавигациялық жабдықты іске қосу, оның жай-күйі немесе өзгерту, қызмет көрсету және ережелер немесе қауіп-қатер туралы ақпаратты, ұшулардың орындалуымен байланысты персонал үшін маңызы аса зор уақтылы алдын алу туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
      39) SNОWТАМ - қар, мұз, еріген қардан болған батпақ немесе тоқтам су, әуеайлақтың жұмыс алаңындағы батпақ пен мұз сияқты қауіпті жағдайлардың орын алғаны немесе оларды жою туралы хабарлайтын, белгіленген пішімдегі арнайы сериядағы NОТАМ.
      4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын аудандарда ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйекті, сапалы және уақтылы болуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдайды.
      5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйектілігін, нақтылығын және уақтылы берілуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
      6. Аэронавигациялық ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйымының аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі - ААБ қызметі) дайындап, таратады.
      7. Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу (ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру) схемаларын әзірлеуді және аэронавигациялық карталарды дайындауды ААБ қызметі жүзеге асырады.
      8. ААБ қызметі ұшулардың қауіпсіздігі, тұрақтылығы және тиімді орындалуы үшін қажет ақпараттар (деректер) ағынын қамтамасыз етеді.
      9. ААБ қызметі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өз аумағынан тыс жерлердегі әуе қозғалысына қызмет көрсетеді, жауапты аудандарға қатысты аэронавигациялық ақпараттар мен деректерді алады немесе жасайды, тексереді, жинақтайды, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.
      10. Аэронавигациялық ақпарат біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті түрінде де, осы пакеттің жекелеген элементтері түрінде де таратылады.
      11. Біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті мынадай элементтерден тұрады:
      1) аэронавигациялық ақпараттар жинағы, соның ішінде оған енгізілген түзетулер мен толықтырулар;
      2) NОТАМ және ұшу алдындағы ақпарат бюллетені;
      3) аэронавигациялық ақпарат нұсқаухаты;
      4) бақылау тізбелері мен қолданыстағы NОТАМ тізбелері.
      12. ААБ қызметі Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері» 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) құжаты) талаптарына сәйкес, біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтерінің жариялануын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Аэронавигациялық ақпаратты жинау және өңдеу

      13. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының АІР-ы), АІР-қа енгізілетін толықтыруларға, NOТАМ-ға, РІВ-ке және аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухатына (бұдан әрі - АІС) енгізу үшін ААБ қызметіне қажет бастапқы деректерді дайындау бойынша міндеттерді азаматтық авиация ұйымдары мен өзінің құрылымдық бөлімшелері арасында бөледі.
      14. Аэронавигациялық ақпаратты жедел және дәл таратуды қамтамасыз ету үшін, ААБ қызметін бастапқы деректермен қамтамасыз етуге жауапты әрбір ұйым мен қызметте ААБ қызметімен тікелей және тұрақты байланысты сақтауға жауап беретін лауазымды тұлғалар тағайындалады.
      15. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ААБ қызметімен келісілген Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер тізбесін, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдері мен пішімдерін бекітеді.
      16. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер аэронавигациялық деректерді, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, аэронавигациялық ақпарат сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынады.
      17. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелердің (ұйымдардың, басқармалардың, бөлімдердің) басшылары бастапқы деректердің дәйекті, нақты және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
      18. Азаматтық авиацилы ұйымдары және олардың қызметтері (басқармалар, бөлімдер) ААБ қызметімен сенімді және шапшаң байланысу арналарын қамтамасыз етеді.
      19. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер тізбесінде мынадай ақпарат болады:
      1) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілердің атауы;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аэронавигациялық ақпаратты жеткізушіге берген сәйкестендіру нөмірі;
      3) аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілердің заңды және нақты мекенжайы;
      4) байланысатын адамның аты, тегі, лауазымы, телефон, факс, АҒТN (болса) нөмірі және электрондық поштасы;
      5) ұсынылатын ақпараттың мазмұны.
      20. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган 10 жұмыс күн ішінде бұрын бекітілген Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер тізбесіне мына жағдайларда анықтаулар енгізеді (толықтырады):
      1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігімен байланысты жаңа ұйым немесе қызмет (басқарма, бөлім) құрған жағдайда;
      2) тізбеге енгізілген ұйымды немесе қызметті (басқарманы, бөлімді) таратқан жағдайда;
      3) тізбеде көрсетілген ұйым немесе қызмет (басқарма, бөлім) туралы ақпарат өзгерген жағдайда.
      21. тізбеде көрсетілген бастапқы аэронавигациялық ақпарат жеткізушілер мынадай ақпарат ұсынады:
      1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес аэронавигациялық ақпарат аэронавигациялық ақпараттар жинағында жариялауға арналған болса;
      2) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес аэронавигациялық ақпарат  NОТАМ шығаруға арналған болса.
      22. Тиісті уәкілетті орган бекіткен төмендегі құжаттар Қазақстан Республикасының АІР-ына өзгерістер енгізуге қосымша негіз болады:
      1) Әуеайлақ ауданында ұшу жөніндегі нұсқаулыққа (Әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты) жасалатын түзетулер;
      2) Қазақстан Республикасының әуе трассалары тізбесіне жасалатын түзетулер.
      23. NОТАМ шығару 3-қосымшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының АІР-ына өзгерістер енгізуді Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес, келесіде жазбаша хабарлама беру арқылы, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
      24. Басқа мемлекеттердің аэронавигациялық қызметтерінен алынған аэронавигациялық ақпаратты тарату кезінде, оны берген мемлекеттің рұқсатымен жарияланғанына нақты сілтеме жасалады.
      25. Басқа қол жетімді дереккөздерден алынған аэронавигациялық ақпарат (деректер) таратылар алдында тексеріледі.
      Тексеру жүргізілмеген жағдайда, ақпаратты таратқан кезде оған тексеру жүргізілмегені көрсетіледі.
      26. ААБ қызметінің бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушінің осы Қағидада белгіленген талаптарға жауап бермейтін аэронавигациялық ақпаратын (деректерін) өңдеуге қабылдамайды.
      27. ААБ қызметі жыл сайын төртінші тоқсанда тізбеде көрсетілген бастапқы аэоронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілерге келесі жылы Қазақстан Республикасының АІР-ында жариялауға жататын бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) ұсыну мерзімі мен талаптары көрсетілген хат жібереді.
      28. Халықаралық таратуға арналған, ашық мәтінде жасалған біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтері ағылшын тілінде ұсынылады.
      29. ААБ қызметі аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) таралуын жеңілдету мақсатында қысқартулар қолданады.
      30. ААБ қызметі келіп түскен бастапқы аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) арнайы журналда тіркелуін қамтамасыз етеді. Онда мыналар көрсетіледі:
      1) бастапқы аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) келіп түскен күні мен уақыты;
      2) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушінің атауы, байланысатын адамның аты мен тегі;
      3) бастапқы аэронавигациялық ақпарат (деректер) ұсынылған АІР бөлімі;
      4) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) алғаннан кейін онымен жасалған әрбір әрекет, сондай-ақ аэронавигациялық ақпаратты дайындау барысында жасалған өзгерістер туралы белгілер.
      31. ААБ қызметі бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) тіркеу алдында тексереді, қажет болған жағдайда, анықтаулар енгізеді және бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушімен қайта келіседі.
      32. ААБ қызметі, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген аэронавигациялық ақпараттың таратылу түрін ескере отырып, аэронавигациялық ақпаратты Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері» 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына сәйкес тарату үшін дайындайды.
      33. ААБ қызметі жеткізушілер ұсынған бастапқы аэронавигациялық ақпарат өзекті болған жағдайда сақтайды.

3-тарау. Аэронавигациялық ақпаратты келісу, бекіту және тарату

      34. Қазақстан Республикасының АІР-ына түзетулер түрінде таратылатын аэронавигациялық ақпаратты түпкілікті пайдаланушыға жіберер алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      35. ААБ қызметі уақытша және қысқа мерзімді сипаттағы NОТАМ түрінде жедел таратылатын аэронавигациялық ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуінсіз таратады.
      36. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының АІР-ына жасалатын түзетуді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеріп, бекітеді.
      37. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының АІР-ына жасалатын түзетудің бекітілгендігі туралы ААБ қызметіне жазбаша хабарлайды.
      38. Бекітілген түзетуді алғаннан кейін ААБ қызметі Қазақстан Республикасының АІР-ына жасалатын бекітілген түзетудің таратылуын қамтамасыз етеді.

4-тарау. Аэронавигациялық ақпаратпен алмасу

      39. ААБ қызметі шетел мемлекеттерінің аэронавигациялық қызметтері сұраған Қазақстан Республикасының біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтерін ұсынады.
      40. Аэронавигациялық ақпаратпен халықаралық алмасуды жеңілдету мақсатында ААБ қызметі басқа мемлекеттердің аэронавигациялық ақпарат қызметтерімен тікелей байланыс орнатады.
      41. ААБ қызметі аэронавигациялық ақпаратты тексергеннен кейін, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, оны Халықаралық аэронавигациялық ақпараттың деректер базасына орналастырады.
      42. ИКАО-ның басқа Уағдаласушы мемлекетінің ААҚ, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындаумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа да ұйымдар сұратқан біріктірілген аэронавигациялық ақпарат топтамасының элементтері басып шығарылған түрінде немесе электрондық форматта немесе екі нысанда да өтеусіз негізде нақты (поштамен, курьер арқылы) немесе тікелей электрондық тарату әдістерімен ұсынылады.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Аэронавигациялық ақпаратты ұсыну және тарату

      43. Осы Қағиданың 4-қосымшасында аталған АІRАС жүйесі арқылы таратуға жататын ақпарат ААБ қызметі алдын ала белгілеген күндер бойынша таратылады. Белгілеу, жою немесе едәуір өзгерту 28 күндік аралықпен бір күнде күшіне ену қағидатына негізделеді. Көрсетілген ақпарат уақытша болған және бүкіл кезең бойы сақталмайтын болған жағдайдан басқа жағдайларда, күшіне енген күнінен кейінгі 28 күн бойы өзгертілмейді.
      44. ИКАО-ның бағыт карталарын және (немесе) әуеайлақ карталары мен схемаларын қайта шығаруды талап ететін ақпарат, ААБ қызметіне АІRАС-тың 4 циклынан бұрын (112 күн), басқа жағдайларда АIRАС-тың 3 циклынан бұрын (84 күн) өңделуге ұсынылуы тиіс.
      45. АІRАС циклында өзгерістердің АІRАС жүйесі шеңберінде күшіне ену күндері ретінде 21 желтоқсан мен 17 қаңтарды қоса алғандағы аралық ішіндегі күндер қолданылмайды.
      46. АІRАС жүйесі арқылы таралатын ақпарат қағаз бетінде жарияланады, ААБ қызметі оны алушыларға күшіне ену күнінен 42 күн бұрын таратады.
      47. ААБ қызметі АІRАС жүйесі арқылы электрондық түрде таралатын, 4-қосымшада аталған элементтерге қатысты аэронавигациялық ақпаратты алушыларға күшіне ену күнінен 28 күн бұрын таратады.

6-тарау. NОТАМ хабарламалары

      48. NОТАМ мына жағдайларда тез арада жасалып, шығарылады:
      1) таратуға жататын ақпарат уақытша және қысқа мерзімді сипатта болған жағдайда;
      2) пайдалану тұрғысынан маңызды, ұзақ мерзімді сипаттағы тұрақты немесе уақытша өзгерістерді жедел тәртіппен енгізген жағдайда.
      3) NОТАМ жасаған кезде ауқымды мәтіндік және (немесе) графикалық материал қолданылмайды.
      49. NОТАМ төмендегі ақпаратқа қатысты жасалып, шығарылады:
      1) әуеайлақ (тікұшақ айлағын) немесе ұшу-қону жолағын пайдалануды бастау, тоқтату немесе оларды пайдалану тәртібін өзгерту;
      2) ұшуларды қамтамасыз етуге байланысты қызметтердің (әуеайлақ қызметі, ӘҚҚ қызметі, РТЖБП қызметі, метеоқамтамасыз ету, іздестіру және құтқару қызметі) жұмысын бастау, тоқтату;
      3) ұшуларды және байланысты қамтамасыз етудің радиотехникалық құралдары мен басқа да аэронавигациялық және әуеайлақ (тікұшақ айлақтары) құралдарын пайдалануды бастау немесе тоқтату. Пайдалану параметрлеріне пайдалануды уақытша тоқтату немесе қайта жалғастыру, жиілікті өзгерту, жарияланған жұмыс уақыты, танымдық сигнал, бағдар (бағытталған құралдар), тұрған жері, қуатын 50 % немесе одан да көп пайызға ұлғайту немесе азайту, кестені өзгерту немесе радиохабарлар мазмұны, кез келген электрондық аэронавигациялық құралдардың немесе «әуе-жер» байланысы құралдары жұмысының жүйесіздігі немесе сенімсіздігі жатады;
      4) әуеайлақты жарық техникасымен жабдықтау жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктерін пайдалануды уақытша тоқтату немесе қайта жалғастыру;
      5) аэронавигациялық қызмет көрсету ережесін енгізу, жою немесе өзгерту;
      6) маневр жасау алаңдары шегінде елеулі ақаулардың немесе кедергілердің пайда болуы немесе оларды жою;
      7) отын, май және оттегінің болуына қатысты өзгерістер мен шектеулер;
      8) қолданыстағы құралдар мен іздестіру және құтқару қызметтеріне қатысты өзгерістер;
      9) аэронавигация үшін кедергілерді белгілейтін, бөгейтін жарық маяктарын пайдалануды бастау, тоқтату немесе қайта жалғастыру;
      10) ұшуларды орындау үшін қауіп көздерінің болуы (соның ішінде кедергілер, әскери оқу-жаттығулары, көрсету ұшулары, хабарланған аймақтардан тыс жерлерге парашютпен жаппай секіру);
      11) ұшып шығу (биіктікке көтерілу) аймақтарында, екінші айналымға кету, қонуға кіру және ұшу-қону жолағында ұшуларды орындау үшін кедергілер келтіру, жою немесе өзгерту;
      12) тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды немесе ұшуларды шектеу аймақтарын белгілеу немесе жою (соның ішінде тиісті қызметті бастау немесе тоқтату) немесе осы аймақтардың статусын өзгерту;
      13) тұрған орындарының индекстерін беру, жою немесе өзгерту;
      14) әуеайлақтың талап етілетін белгіленген өрттен қорғау деңгейін едәуір өзгерту;
      15) әуеайлақтың маневрлеу жұмыс алаңындағы қарға, батпаққа немесе мұзға, суға байланысты қауіпті жағдайлардың болуы, оларды жою немесе едәуір өзгерту;
      16) карантиндік іс-шаралар жүргізуді талап ететін індеттің тарауы;
      17) жанартаудың атылғанға дейінгі немесе жанартаулардың атылғанға дейінгі орналасқан жері, күні мен уақыты және (немесе) жанартау күлінен болған бұлттың көлденең және тік көлемі, қозғалыстың бағытын, ұшу эшелондары мен бағыттарын немесе олардың осы бұлт тиетін бөліктерін қоса;
      18) ядролық немесе химиялық жағдайдан кейін радиоактивті материалдар немесе улы химиялық заттардың атомосфераға таралуы, осы жағдайдың орын алған жері, күні мен уақыты, ұшу эшелоны мен бағыты немесе оның осы жағдайдың әсеріне ұшырайтын бөліктері, қозғалыс бағыттары;
      19) әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты төтенше жағдайларда қысқа мерзімді іс-шараларды орындау.
      50. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның нұсқауы бойынша қосымша NОТАМ шығару ұшулардың қауіпсіз орындалуына ықпал ететін өзге жағдайларда жүзеге асырылады.
      51. NОТАМ төменде келтірілген ақпаратқа қатысты шығарылмайды:
      1) әуе кемелерінің қауіпсіз қозғалуына әсер етпейтін, перрондар мен рульдеу жолдарында техникалық қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы жұмыстар;
      2) егер әуе кемелері қолдағы бар басқа ұшу-қону жолақтарын қауіпсіз қолданатын болса немесе осындай жұмыстар үшін қолданылатын жабдық қажет болған жағдайда жойылатын болса, ұшу-қону жолағын таңбалау бойынша жұмыстар;
      3) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейтін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) айналасындағы уақытша кедергілер;
      4) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарық техникалық жабдықтары жүйесінің жартылай істен шығуы, егер бұлар әуе кемелерінің ұшуына тікелей әсер етпесе;
      5) тиісті қосалқы жиіліктердің бар екендігі және оларды қолдануға болатындығы белгілі болса, «әуе-жер» байланысы құралдарының жартылай уақытша істен шығуы;
      6) қозғалысты ретке келтіру және перрондарға диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
      7) тұрған жері мен бағытын көрсететін белгілердің, сондай-ақ әуеайлақтың жұмыс алаңындағы басқа да көрсеткіш белгілердің жарамсыздығы;
      8) көзбен шолып ұшу ережесі бойынша бақыланбайтын әуе кеңістігінде, сондай-ақ бақыланатын әуе кеңістігіндегі хабарланған орындарда немесе қауіпті немесе тыйым салынған аймақтар шегінде парашютпен секіру.
      52. Белгіленген қауіпті және тыйым салынған аймақтарға, сондай-ақ ұшуларды шектеу аймақтары және әуе кеңістігіндегі уақытша шектеулермен байланысты қызметтер туралы ережені қолданысқа енгізу туралы хабарлама 7 күн ішінде жіберіледі.
      53. Аэронавигациялық құрал, құрылғы немесе байланыс қызметтерінің жарамсыздығы туралы хабарлайтын NОТАМ хабарында осы құралдардың жарамсыздық уақытының болжамды кезеңі немесе оларды пайдалануды жалғастырудың болжамды уақыты көрсетіледі.
      54. NОТАМ осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес жазылады.
      55. NОТАМ мәтіні ИКАО қысқартуларымен, индекстермен, анықтағыштармен, көрсеткіштермен, дабылдармен, жиіліктермен, цифрлармен және ашық мәтінмен толықтырылған, NОТАМ ИКАО коды үшін жазылған қысқарған (бірдей) сөз тіркестерін пайдалана отырып жасалады. Қысқарған (бірдей) сөз тіркестері мен ИКАО қысқартулары кіретін NОТАМ ИКАО коды РАNS-АВС құжатында (Dос 8400, ИКАО құжаты) қамтылған.
      56. NОТАМ сериялармен таратылады. NОТАМ сериясын белгілеу үшін  S және Т әріптерін қоспағанда, А-Z әріптері қолданылады.
      57. Әр NОТАМ-ға әріп түрінде серия және төрт цифрдан тұратын нөмір беріледі, бұл нөмірден кейін бөлшек және жылдың екі цифры тұрады. Төрт цифрдан тұратын нөмір, күнтізбелік жыл ішінде біртіндеп көбейе береді.
      58. NОТАМ-да қателіктер болған жағдайда, қатесі бар NОТАМ-ның орнына жаңа нөмірмен басқа NОТАМ шығарылады.
      59. Бұрынғы NОТАМ-ды жоятын немесе ауыстыратын NОТАМ шығарылған жағдайда, бұрынғы NОТАМ-ның сериясы мен нөмірі қойылады. Екі NОТАМ-ның да сериясы, орналасқан орнының индексі (Q-кодының 2 және 3 әріпі) мен мәні бірдей болуы тиіс. Тек бір NОТАМ ғана жойылып немесе екіншісімен алмастырылып отырады.
      60. Тұрақты немесе уақытша сипаттағы ұзақ мерзімді ақпараттан тұратын NОТАМ-ның АІР-қа немесе оған жасалған толықтыруға сілтемесі болады.
      61. NОТАМ мәтініне енетін орналасқан орындарының индекстері «Орналасқан орнының көрсеткілері (индекстері)» құжатында (Dос 7910, ИКАО құжаты) көрсетілген индекстерге сәйкес келеді. Пунктке ИКАО-ның орналасқан орнының индексі берілмеген жағдайда, оның атауы ашық мәтінмен беріледі.
      62. Қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесі 5-қосымшада келтірілген, NОТАМ пішімін пайдалана отырып, айына кем дегенде бір рет (немесе өтініш бойынша) белгіленген байланыс арналары арқылы біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетін алушыларға беріледі. Әр серияға бір NОТАМ шығарылады.
      63. Қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесінде соңғы түзетуге, АІР пен АІС-қа жасалған толықтыруға сілтеме болуы тиіс.

7-тарау. Әуеайлақ схемалары мен аэронавигациялық карталарды жариялау

      64. Қазақстан Республикасының АІР-ында мынадай аэронавигациялық карталар жарияланады:
      1) әуеайлақ картасы (ІСАО);
      2) әуе кемесі айлағының (айлаққа қою) картасы (ІСАО);
      3) жерүсті әуеайлағындағы қозғалыс картасы (ІСАО);
      4) А типіндегі, әуеайлақ кедергілерінің картасы (ІСАО);
      5) қонуға дәл кіру орнының картасы (ІСАО) (II және III санаттағы жабдықталған ҰҚЖ үшін)
      6) аудан картасы (ІСАО);
      7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID) (ІСАО);
      8) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (SТАR) (ІСАО);
      9) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ІСАО);
      10) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ІСАО);
      11) ӘҚК (ИКАО) ең төмен абсолюттік биіктігін шолу картасы.
      Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      65. 64-тармақта санамаланған аэронавигациялық карталар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Аэронавигациялық карталар» деген 4-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуге жататын аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын талаптарға сәйкес дайындалады.
      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      66. Әр картаның бетінде аэронавигациялық ақпараттың енгізілген күні жазылады.
      67. Барлық жазбалар үшін латын алфавитінің белгілері қолданылады.

8-тарау. Жергілікті жер мен кедергілер туралы электрондық деректер

      68. Жергілікті жер туралы деректер шоғырында белгілі бір тордағы барлық тораптардың (нүктелердің) асып түсу мәндерінің ортақ базасынан есептелетін үздіксіз қатар түріндегі жергілікті жер бетін беретін цифрлық деректер шоғыры болады. Жергілікті жер торы бұрышпен немесе сызықпен жасалады, ол дұрыс немесе дұрыс емес пішінде болады.
      69. Жергілікті жер туралы электрондық деректер шоғыры кедергілерді қоспағанда, тау, төбе, жота, алқап, судың жиналуы, мәңгілік мұз бен қар сияқты табиғи элементтері бар Жер бетінің кеңістіктік (орналасу жері және асып түсуі), мәндік және уақытша аспектілерді сипаттайды.
      70. Аэронавиагациялық деректермен бірге тиісті жағдайларда қолданылатын жергілікті жер мен кедергілер туралы электрондық деректер шоғыры ұшуларды орындау мен әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мынадай қолданыс түрлерін қамтамасыз етеді:
      1) ұшу бағытындағы жер бедерін бағалау функциясы бар, жердің жақын екені туралы ескерту жүйесі және ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктік туралы ескерту жүйесі (МSАW);
      2) екінші айналымға кететін немесе ұшып шығатын кезде апаттық жағдайда қолданылатын қосалқы схемаларды анықтау;
      3) әуе кемесінің пайдалану шектеулерін талдау;
      4) аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы (айналып ұшу схемасын қоса);
      5) бағыт бойынша ұшу кезінде төмендету тәртіптемелерін және апатты жағдайда қону орнын анықтау;
      6) жерүсті қозғалысын басқару және оны бақылаудың жетілдірілген жүйесі (А-SМGСS);
      7) аэронавигациялық карталарды және борттық деректер базасын жасау;
      8) ұшу тренажеры;
      9) әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) кедергілерді шектеу және жою.
      71. 70-тармақта айтылған аэронавиагциялық жүйелерді немесе функцияларды қолдануға байланысты талаптарды орындау мақсатында, жергілікті жер және кедергілер туралы электрондық деректер шоғыры төмендегі аудандарға бөлінеді:
      1) 1-аудан: мемлекеттің бүкіл аумағы - әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) қоса, мемлекеттің бүкіл аумағын қамтиды;
      2) 2-аудан: тораптық диспетчерлік аудан - мемлекеттің АІР-ында көрсетілген немесе әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінен, кішісіне қарай, 45 км радиуспен шектелген тораптық диспетчерлік ауданды білдіреді. АҰЕ бойынша операциялар қамтамасыз етілетін және тораптық диспетчерлік ауданы белгіленбеген әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында), 2-аудан әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінен 45 км радиус шегіндегі аймақты білдіреді;
      3) 3-аудан: әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданы - бір (бірнеше) ҰҚЖ-ның бүйір жиегінен (жиектерінен) ҰҚЖ-ның ось желісіне (ось желілеріне) дейін 90 метрге, ал әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жұмыс алаңының басқа барлық бөліктері үшін белгіленген аймақтың (аймақтардың) бүйір жиегінен (жиектерінен) 50 метрге созылатын аймақты қамтиды; және
      4) 4-аудан: II немесе III санаттары бойынша операциялар орындалатын аудан - II немесе III санаттар бойынша қонуға дәл кіру орындалатын және пайдаланушыларға радиобиіктік өлшегіш қолдану арқылы шешім қабылдау биіктігін белгілеуге жергілікті жердің ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін жергілікті жер және тиісті кедергілер туралы толық ақпарат талап етілетін ҰҚЖ-ларда ғана көзделеді. Аудан ені ҰҚЖ-ның созылған ось желісінің екі жағынан 60 метрді, ал ұзындығы ҰҚЖ-ның басталатын жерінен 900 метрді құрайды және ҰҚЖ-ның созылған ось желісі бойымен өлшенеді.
      72. 2-ауданға арналған деректер барлық халықаралық әуеайлақтарға қатысты ұсынылады.
      73. Осы Қағиданың 71-тармағында көрсетілген аудандардың графикалық суреттері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен белгіленеді.
      74. Қамтылатын тиісті аудандарға арналған жергілікті жер туралы электрондық деректер шоғыры 6-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген сандық талаптарға сәйкес келеді, ал кедергілер туралы деректер 6-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген сандық талаптарға сәйкес келеді.
      75. Барлық жергілікті жер және кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар 6-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде келтірілген.
      76. Жергілікті жер туралы деректер, жергілікті жер туралы деректерді есепке алу шегі мен графикалық суреттерде келтірілген критерийлерді қолдану арқылы, сондай-ақ осы Қағиданың 6-қосымшасының 1-кестесіндегі жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес, осы Қағиданың 71-тармағында көрсетілген аудандар үшін жасалады.
      77. Кедергілер туралы деректерде кедергілер туралы цифрлық деректер шоғыры бар, оған жапсарлас және қоршаған элементтерден жоғары және ұшуларды орындау мақсаттары үшін қауіпті саналатын элементтер кіреді. Кедергілер туралы деректер жасанды нысандардың тік және көлденең көлемінің цифрлық көрінісін береді.
      78. Жылжымайтын (тұрақты немесе уақытша) немесе жылжитын кедергілер, графикалық суреттерге сәйкес, кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі мен келтірілген критерийлер негізінде 71-тармақта көрсетілген аудандар шегінде анықталады, олар туралы деректер 6-қосымшаның 2-кестесіндегі кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес жасалады.
      79. Жергілікті жер туралы деректерге 6-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген міндетті атрибуттар тізбесіне сәйкес сипатталатын элементтердің барлық типтері енгізіледі.
      80. Кедергілер туралы деректерге 6-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген міндетті атрибуттар тізбесіне сәйкес сипатталатын, кедергілер ретінде анықталған элементтердің барлық типтері енгізіледі.
      81. Жергілікті жер туралы деректер бар ақпарат өнімдерінің ерекшеліктеріне қолданылатын дереккөздер мен жергілікті жер туралы деректерді алу үрдістері туралы жалпы ақпарат қамтылған деректерді алу әдісінің сипаттамасы қосылады.

9-тарау. Аэронавигациялық деректердің сапасын басқару жүйесі

      82. Таратылатын аэронавигациялық ақпаратты деректер сапасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келтіру мақсатында ААБ қызметі аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етудің барлық үрдістерін қамтитын және аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес таратылуын қамтамасыз ететін сапаны басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қолдауды қамтамасыз етеді.
      83. Құрылған сапаны басқару жүйесі Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) 9000 сериясындағы сапаға кепілдік беру стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
      84. ААБ қызметі деректерді дайындау кезеңдерінде немесе қолдану кезінде анықталған қателерді түзету мақсатында, аэронавигациялық деректер көздерін анықтауды қамтамасыз ететін рәсімдер белгілейді.
      85. ААБ қызметі ажыратымдылық дәрежесі осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келетін аэронавигациялық деректердің жариялануын қамтамасыз етеді.
      86. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау оларды түсіру (дайындау) сәтінен бастап келесі болжамды пайдаланушыға (аэронавигациялық ақпаратты жеткізушіден аэронавигациялық ақпаратты алатын органға) жібергенге дейінгі бүкіл ақпараттық процесс бойы қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      87. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау үшін деректер тұтастығының мынадай сыныптамасы қолданылады:
      1) критикалық деректер: бұрмаланған критикалық деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы жоғары болады;
      2) маңызды деректер: бұрмаланған маңызды деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы аз болады;
      3) әдеттегі деректер: бұрмаланған әдеттегі деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы өте аз болады.
      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      88. Көзделген пайдаланушыға ақпарат жіберу ақпарат жеткізудің төмендегідей қолданыстағы әдісінен өзгеше болуы мүмкін:
      1) физикалық тарату - аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) физикалық қаптамада жеткізуді, мысалы почта қызметтері арқылы таралуын қамтамасыз ететін құралдар;
      2) тікелей электрондық тарату - аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) ААҚ пен келесі пайдаланушы арасындағы тікелей электрондық байланысты қолдану арқылы автоматты түрде таралуын қамтамасыз ететін құралдар.
      89. Деректер сыныптамасына қатысты аэронавигациялық деректердің тұтастығына және сапасына қойылатын талаптар осы Қағиданың 1-қосымшасында ұсынылған.
      90. Электрондық тасымалдауыштардағы аэронавигациялық деректер шоғырын сақтау кезінде қорғау, деректер шоғырына арналған қосымшада келтірілген 32-биттік циклдық артық кодты (СRС) қолданып бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.
      91. Біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің бір бөлігі ретінде енгізілетін, шығаруға жататын материал ААБ қызметіне ұсынылар алдында тексеріліп, оның осы Қағидаға сәйкес келуін қамтамасыз етуге жауапты қызметтермен келісіледі.
      92. ААБ қызметі аэронавигациялық деректердің осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген аэронавигациялық деректер сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келетін ажыратымдылық дәрежесінде жариялануын қамтамасыз етеді.

Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына 
1-қосымша         

Аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-кесте. Ені мен ұзындығы

Ені мен ұзындығы

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Ұшу ақпаратының ауданы шекараларының нүктелері

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекараларынан тыс)

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекаралары ішінде)

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

CTA/CTR шекараларының нүктелері

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

NAVAID бағыттары мен бақылау нүктелері, күту пункті, STAR/SID нүктелері

100 м, түсіру нәтижелері/ есептелген

1 с

1 с

маңызды

1-аудандағы кедергілері (мемлекеттің бүкіл аумағы)

50 м, түсірудің нәтижелері

1 с

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Әуеайлақтың/тікұшақ айлағының бақылау нүктесі

30 м, түсірудің нәтижелері

1 с

1 с

қалыпты

Әеуайлақта/тікұшақ айлағында орналасқан NAVAID

3 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

2-аудандағы кедергілері

5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

3-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

Қонуға соңғы кірудің бақылау нүктелері/пункттері және аспаптар бойынша қону сұлбасын жасайтын басқа да манызды бақылау нүктелері/пункттері

3 м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/10 с

1 с

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

4-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

ҰҚЖ-ның соңы

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

критикалық

ҰҚЖ-ның білік сызығының нүктелері

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

критикалық

РЖ білік сызығының нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

маңызды

Жердегі РЖ білік сызығының нүктелері; әуеде рульдеу үшін және транзиттік бағыттардың РЖ нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/100 с

1/100 с

маңызды

Әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының нүктелері/ INS тексеру пункттері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

қалыпты

TLOF геометриялық орталығы немесе FATO шегі (тікұшақ айлақтары)

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

2-кесте. Асып кету, абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік 

Асып кету/абсолютті биіктік/салыстырмалы биіктік

Дәлдік/
деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу жеріндегі WGS-84 геоид толқыны

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Кедергілерді ұшып өтудің абсолютті/салыстырмалы биіктігі (ОСА/Н)

PANS-OPS
(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей

-

PANS-OPS
(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

ҰҚЖ шегі қиылысуының салыстырмалы биіктігі (тірек нүктенің салыстырмалы биіктігі), қонуға дәл кіру

0,5 м немесе 1 фут, есептелген

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Қонуға кіру және ұшып көтерілу аймақтарындағы кедіргілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Шеңбер бойынша және әуеайлақта/ тікұшақ айлағында ұшу аймақтарындағы кедергілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Бағыттағы кедергілерден асып өтуі

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)

3 м (10 фут)

қалыпты

Қашықтық өлшегіш жабдығы/ дәлдігі (DME/P)

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)


маңызды

Қашықтық өлшегіш жабдықтың артуы (DME)

3 м (100 фут), түсірудің нәтижелері

30 м (100 фут)

30 м (100 фут)

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының абсолюттік биіктігі

PANS-OPS
(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей


PANS-OPS
(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

Ең төменгі абсолютті биіктіктер

50 м немесе 100 фут, есептелген

50 м немесе 100 фут

50 м немесе 100 фут

қалыпты

3-кесте. Ауытқу және магниттік ауытқу 

Төмен түсү/магниттік төмен түсү

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Құралды техникалық күйге келтіру үшін қолданылатын NAVAID ӨЖЖ станциясының ауытқуы

10, түсірудің нәтижелері

10

маңызды

NDB NAVAID құралының магниттік ауытқуы

10, түсірудің нәтижелері

10

қалыпты

Әуеайлақтың/ тікұшақ айлағының магниттік ауытқуы

10, түсірудің нәтижелері

10

10

маңызды

ILS курстік радиомаяк антеннасының магниттік ауытқуы

10. түсірудің нәтижелері

10

маңызды

MLS-тің азимуталды антеннасының магниттік ауытқуы

10, түсірудің нәтижелері

10

маңызды

4-кесте. Пеленг

Пеленг

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассаларының учаскелері

1/10, есептелген

10

10

қалыпты

Бағыттардағы және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/100, есептелген

1/100

1/100

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттарының учаскелері

1/100, есептелген

10

10

қалыпты

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/1000, есептелген

1/1000

1/100

маңызды

ILS-тың курстық радиомаяктың шығаруы

1/1000, түсірудің нәтижелері

1/1000, шын

10

маңызды

MLS-тың нөлдік азимутын шығаруы

1/1000, түсірудің нәтижелері

1/1000, шын

10

маңызды

ҰҚЖ және FATO пеленгі

1/1000, түсірудің нәтижелері

1/1000, шын

10

қалыпты

5-кесте. Ұзындық, қашықтық, өлшем

Ұзындық/қашықтық/өлшем

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассалары учаскелерінің ұзындығы

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

қалыпты

Бағытта және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттары учаскелерінің ұзындығы

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

маңызды

FATO немесе ҰҚЖ ұзындығы, TLOF өлшемдері

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС карта)

критикалық

Тежеудің шеткі жолағының ұзындығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

0,5 м (АОС картасы)

критикалық

Орналастыратын қону арақашықтығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС картасы)

критикалық

ILS-тың курстық радиомаяк антеннасы мен ҰҚЖ-тың немесе FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS глиссадалық радиомаягінің антеннасы мен ҰҚЖ табалдырықтың аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS таңбалағыштары мен ҰҚЖ шегі арасындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

2/10 км (1/10 м. миль)

маңызды

DME ILS антеннасы мен ҰҚЖ шегі аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

маңызды

MLS-тың азимуттық антеннасы мен ҰҚЖ мен FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

MLS бұрыштық - өңірлік антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығы арасындағы білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

DME/P MLS-тың антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығының аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына 
2-қосымша         

АІР-ке түзетулер ретінде жарияланатын аэронавигациялық ақпарат туралы хабарландыру нысаны

Деректерді жеткізуші
Аты-жөні:___________________      Тел:_____________________
Лауазымы:___________________      Факс:____________________
Ұйым:_______________________      е-mаіl:__________________
Толтырылған                       АFTN:____________________
күні мен                          Қолы:____________________
уақыты:____________________

АІР-ке сілтеме

АІР-ке жарияланатын өзгерістер

Күшіне енгізілетін күні

Парақ

Күні

Параграф






Қосымша.____________ парақта.

Жоғарыда келтірілген деректер      Жоғарыда келтірілген деректерді
және/немесе қоса берілген жоба     және/немесе жобаны АІР-ке түзету
АІР-ке түзету ретінде жариялау     ретінде жариялауға рұқсат етілген:
үшін алынған:
Аты-жөні:______________            Аты-жөні:______________
Лауазымы:______________            Лауазымы:______________
Ұйым:__________________            Ұйым:__________________
Толтырылған                        Толтырылған
күні мен                           күні мен
уақыты:____________                уақыты:____________
Қолы:__________________            Қолы:___________________

Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына 
3-қосымша        

NОТАМ түрінде жарияланатын аэронавигациялық ақпарат туралы хабарландыру нысаны

NОТАМ мәтіні


Құрал, әуе кеңістігі орналасқан немесе қатынас мәні болып табылатын жағдай бар ИКАО-ның орналасқан жерінің индексін анықтау


Астыңғы шекара


Үстіңгі шекара


Деректерді жеткізуші
Аты-жөні:___________________      Тел:_____________________
Лауазымы:___________________      Факс:____________________
Ұйым:_______________________      е-mаіl:__________________
Толтырылған                       АFTN:____________________
күні мен                          Қолы:____________________
уақыты:____________________

Қолданылу мерзімі


Күні

UTС уақыты

ЕSТ Егер бұл пайдаланылса

Жыл

Ай

Күн

Сағат

Минуты

Бастап (топ күн/уақыт, UTС)












Дейін (топ күн/уақыт, UTС)












Кесте (егер бұл пайдаланылса)


      Қосымша.____________ парақта.

Жоғарыда келтірілген деректер      Жоғарыда келтірілген деректерді
және/немесе қоса берілген жоба     және/немесе жобаны АІР-ке түзету
АІР-ке түзету ретінде жариялау     ретінде жариялауға рұқсат етілген:
үшін алынған:
Аты-жөні:______________            Аты-жөні:______________
Лауазымы:______________            Лауазымы:______________
Ұйым:__________________            Ұйым:__________________
Толтырылған                        Толтырылған
күні мен                           күні мен
уақыты:____________                уақыты:____________
Қолы:__________________            Қолы:___________________

Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына 
4-қосымша        

АІRАС көмегі арқылы беруге жататын ақпарат

      1. Түбегейлі өзгерістерді орнату, жою және жоспарлау (қолдану кезіндегі тексерулермен қоса):
      1) ұйғарымдар, қолданылатын ережелер немесе келесі аудандардың (тік және көлденең) шекаралары туралы ақпарат:
      ұшу ақпараты аудандарын;
      диспетчер аудандарына;
      диспетчер аймақтарына;
      консультациялық аймақтарға;
      ӘҚҰ бағыттарға;
      тұрақты қауіпті, тыйым салынған, ұшуларды шектеулі аймақтар (қызмет түрі мен кезеңін қоса алғанда, белгілі болған жағдайда) және танитын әуе шабуылына қарсы аймақтарда (АDІZ);
      тұрақты аймақтар немесе ұсталып қалуы мүмкіндігі бар олардың бағыттары мен бөлімшелеріне;
      2) тұрған орын, жиіліктер, шақыру идентификаторлары, белгілі ауытқулар, радионавигациялық құралдар, бақылау байланыс құралдарының техникалық көрсетуінің мерзімдері;
      3) күту, отыру, келу және ұшып шығу ұшу схемалары, шудың төмендетуіне қолданатын және де ӘҚҰ-дың басқа тиісті ережелері;
      4) өткелдің эшелоны, абсолютті (салыстырмалы) өткелдің биіктігі және абсолютті (салыстырмалы) сектордағы ең төменгі биіктігі;
      5) метеорологиялық құралдар (радиохабар беруді қоса алғанда)  және ережелер;
      6) ӨҚЖ және соңғы тежелу жолдары;
      7) рульдік жолдар және перрон;
      8) жер бетіндегі әуеайлақтағы қолданалатын рәсімдер (нашар көрініс болған жағдайдағы рәсімдерді қоса алғанда);
      9) қону аймағындағы және ҰҚЖ жарық сигналдық жабдықтар;
      10) егер мемлекет жариялайтын болса әуеайлақта қолданылатын минимумдер.
      2. Анықтау, жою және жоспарланған түбегейлі өзгерістер:
      1) тұрған орын, биіктіктер және навигацияға арналған кедергілердің жарығы;
      2) әуеайлақтың қызметтері мен құралдарының жұмыс мерзімдері;
      3) кеден, иммиграция және санитарлық қызметтер;
      4) уақытша қауіпті, ұшулар шектеулі және тыйым салынған аймақтар, сондай-ақ әскери оқулар және әуе кемелерінің жаппай ұшуларын;
      5) уақытша аймақтар немесе бағыттар немесе ұстап қалу мүмкіндігі бар болатын олардың бөлімшелері.
      3. Анықтау және жоспарланған түбегейлі өзгерістер:
      1) Ұшуларды орындау қағидасы (бұдан әрі - ҰОҚ) бойынша халықаралық ұшуларды орындауға арналған жаңа әуеайлақтар;
      2) халықаралық әуеайлақтарға ҰОҚ бойынша ұшуларды орындауға арналған жаңа ҰҚЖ;
      3) әуе қозғалысының қызмет көрсетуінің бағыттары желісінің схемалары мен құрылымдары.

Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына 
5-қосымша         

NОТАМ форматы

Шұғылдық көрсеткіш

                                       ----------->

Мекен-жайы




                                                             «=

Толтырылған күні мен уақыты

                                       ----------->

Құрастырушының индексі

                                                «=)

Серия нөмірі және белгіленген қатынас

жаңа мәліметі бар NОТАМ

........................NОТАМN

Алдыңғы NОТАМ-ды алмастырушы NОТАМ

...................................NОТАМR
     (серия және нөмірі/жыл)
.........................................
(алмастырушы NОТАМ серия және нөмірі/жылы)

Алдыңғы NОТАМ-ды
жоюшы NОТАМ

...................................NОТАМС
     (серия және нөмірі/жылы)
.........................................
(жоюшы NОТАМ серия және нөмірі/жылы)

  «=

Анықтағыштар


ҰАМ

NОТАМ коды

қозғалыс

мақсат

Қолданылу саласы

Төменгі шекара

Үстіңгі шекара

Координаттары радиус


Q)


Q







«=

ИКАО орналасқан жерінің индексі, құралдар орналасқан жері, әуе кеңістігі немесе жағдайлар болған жағдайда, мәлімет зат болып табылады

A)


Бастап (топ күні/уақыт)

В)












--->

Дейін (PERM) немесе топ күні/уақыты

С)











EST*

«=

PREM*

Кесте (егер бұл қолданылса)

D)


--->



«=

NOTAM мәтіні: ашық мәтінімен енгізіледі (ИКАО қысқартуларын пайдаланумен)

Е)                                                                         

                                                                          «=

Төменгі шекара

F)                                    ----------->

Үстіңгі шекара

G)                                                        )«=

Қолы

_______________________________
* тиісті жағдайларда алып тастау керек

Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына 
6-қосымша         

1-кесте. Жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар


1-аудан

2-аудан

3-аудан

4-аудан

Бекеттер арасындағы интервал

3 с доға (шамамен 90 м)

1 с доға (шамамен 30 м)

0,6 с доға (шамамен 20 м)

0,3 с доға (шамамен 9 м)

Тік жазықтықтағы дәлдігі

30 м

3 м

0,5 м

1 м

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттігі

1 м

0,1 м

0,01 м

0,1 м

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

50 м

5 м

0,5 м

2,5 м

Сенімділік деңгейі

90 %

90 %

90 %

90 %

Деректердің дәрежесі

қалыптылар

маңыздылар

маңыздылар

маңыздылар

Бүтіндік деңгейі

1 х 10-3

1 х 10-5

1 х 10-5

1 х 10-5

Жаңартудың мерзімі

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

2-кесте. Кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар


1-аудан

2-аудан

3-аудан

4-аудан

Тік жазықтықтағы дәлдігі

30 м

3 м

0,5 м

1 м

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттігі

1 м

0,1 м

0,01 м

0,1 м

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

50 м

5 м

0,5 м

2,5 м

Сенімділік деңгейі

90 %

90 %

90 %

90 %

Деректердің дәрежесі

қалыптылар

маңыздылар

маңыздылар

маңыздылар

Бүтіндік деңгейі

1 х 10-3

1 х 10-5

1 х 10-5

1 х 10-5

Жаңарту мерзімі

Қажетіне қарай

Қажетіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажетіне қарай

3-кесте. Жергілікті жер атрибуттары

Жергілікті жер атрибуттары

Міндетті /міндетті емес

Қамту ауданы

Міндетті

Дерек негізінің көрсеткіші

Міндетті

Шығару әдісі

Міндетті

Бекеттердің арасындағы интервал

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы шешу жүйесінің қабілетті

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы сенімділік дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы тұрған орны

Міндетті

Асып кетуі

Міндетті

Асып кетуді есептеу

Міндетті

Тік жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттілігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы сенімдік дәлдігі

Міндетті

Беттің түрі

Міндетті емес

Тіркелген бет

Міндетті

Беттің үстінде төбенің деңгейі

Міндетті емес

Белгілі ауытқулар

Міндетті емес

Бүтіндік

Міндетті

Күн және уақыт белгісі

Міндетті

Қолданылатын өлшем бірліктері

Міндетті

4-кесте. Кедергілер атрибуттары

Кедергілер атрибуттары

Міндетті /міндетті емес

Қамту ауданы

Міндетті

Дерек негізінің көрсеткіші

Міндетті

Кедергілердің көрсеткіші

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы сенімдік дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы тұрған орны

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы өлшемдер

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы шешу жүйесінің қабілетті

Міндетті

Асып кетуі

Міндетті

Салыстырмалы биіктік

Міндетті емес

Тік жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы сенімділік дәлдігі

Міндетті

Асып кетуді есептеу

Міндетті

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттілігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Кедергінің түрі

Міндетті

Кескіннің түрі

Міндетті

Бүтіндік

Міндетті

Күн және уақыт белгісі

Міндетті

Қолданылатын өлшем бірліктері

Міндетті

Іс-қимылдар

Міндетті емес

Тиімділік

Міндетті емес

Жарықтандыру

Міндетті

Таңбалау

Міндетті

Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидасына 
7-қосымша         

Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат
жинағына енгізілуі тиіс аэронавигациялық карталарды жасауға
қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 № 264 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Әуеайлақ картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы ұшу экипаждарына арналған картада әуеайлақ аумағы арқылы әуе кемелері мен тікұшақтардың жерүсті қозғалысын жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб картадағы барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы және сол әуеайлақ/тікұшақ айлағының атауы көрсетілуі тиіс;
      3) магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкалары, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі тиіс;
      4) әуеайлақ туралы мәліметтер. Бұл картада мыналар көрсетіледі: әуеайлақтың/тікұшақ айлағының бақылау нүктесінің географиялық координаталары;
      әуеайлақтың/тікұшақ айлағының және тиісті жағдайларда перронның (биіктікті өлшеу құралдарын тексеру пункттерінің) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген артып кетуі; ал қонуға дәл кірмеу үшін – ұшып көтерілу-қону жолағы (бұдан әрі – ҰҚЖ) шегі мен жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағының геометриялық орталығы үшін есептелген артып кетуі мен геоид толқыны;
      қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ шегінің, жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағының геометриялық орталығының және қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ-ға қону аймағының ең жоғары нүктесінің ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген артып кетуі мен геоид толқыны;
      нөмірі, ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, көтергіштік қабілеті, ығысу шектері, соңғы тежеу жолақтары, кедергіден бос жолақтар, магниттік меридианға қатысты ең жақын градус мәніне дейінгі дәлдікпен ҰҚЖ бағыттары, ҰҚЖ бетінің түрі мен таңбалануы көрсетілген барлық ҰҚЖ, оның ішінде жаңадан салынып жатқаны;
      әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының орны бар барлық перрондар және тиісті жағдайларда, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасқан жері мен түрін, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, тікұшақ айлақтары үшін жер бетінің түрін және көтергіштік қабілеті немесе әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулерді қоса, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа да көзбен шолып бағыттау және басқару құралдары;
      ҰҚЖ шектері, жерге қону және жерден көтерілу аймағының геометриялық орталығы және/немесе қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағының шектері (қажеттілігіне қарай) үшін географиялық координаталар;
      жер бетінің түрі көрсетілген тікұшақтарға арналған барлық рулеждік жолдар, әуе және жерүсті РЖ, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанындағы күту орындарын қоса алғанда, белгілері, ені, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген тікұшақтардың әуеде қозғалу бағыттары және «тоқта» сызықтарының оты, басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері;
      егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;
      РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің географиялық координаталары;
      егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелеріне арналған көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;
      әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;
      ҰҚЖ-да көріну қашықтығын бақылау нүктелерінің орналасуы (RVR);
      жақындау оттары мен ҰҚЖ оттары жүйесі;
      глиссаданың көзбен шолу индикациясы жүйесінің орналасқан жері және түрі, олар үшін номиналды глиссада бұрыш(тар)ымен, ұшқыштың «глиссададағы» сигналды көретін ҰҚЖ шегі үстінен көру деңгейінің ең төменгі биіктігімен, ал егер жүйенің осі ҰҚЖ осьтік желісіне параллель болмаса, ығысу бұрышы және бағытымен, яғни сол жаққа немесе оң жаққа қарай;
      арналары және қажетті жағдайда, қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;
      бұрып-жылжу кедергілері;
      әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;
      VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;
      бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.
      5) Тікұшақ айлақтарына қатысты осы Қағиданың 4) тармақшасында көрсетілген элементтерден басқа картада мыналар көрсетіледі:
      тікұшақ айлағының түрі;
      ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен өлшемдері, еңкіштігі, жерүстінің түрі, тоннадағы көтергіштік қабілеті көрсетілген жерге қону және жерден ажырау аймағы;
      түрі, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен нақты пеленгі, белгілейтін нөмірі (егер көзделген болса), ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, еңкіштігі және жер бетінің түрі көрсетілген қонуға кірудің және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағы;
      жер бетінің ұзындығы, ені және түрі көрсетілген қауіпсіздік аймағы;
      жер бетінің ұзындығы және пішіні көрсетілген тікұшақтарға арналған кедергілерден бос жолақ;
      түрі және метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен барынша артып кетуі (ең жақын жоғары мәнге дейінгі) көрсетілген кедергілер;
      қонуға кіру сұлбаларына арналған көзбен шолу құралдары, қонуға кіру және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағының, сондай-ақ жерге қону мен жер бетінен ажырау аймағының таңбалануы мен оттары;
      тікұшақ айлақтарына арналған жарияланған қашықтықтар (тиісті жағдайларда ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен), соның ішінде:
      орналастырылған ұшып-көтерілу арақашықтығы;
      орналастырылған үзілген ұшып-көтерілу арақашықтығы;
      орналастырылған қону арақашықтығы.

2. Әуе кемесі тұрағының (тұраққа қою) картасын жасауға
қойылатын талаптар

      1. Осы картада ұшу экипаждары үшін әуе кемелерінің рулеждік жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жерүсті қозғалысын жүзеге асыруға және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб осы Қағиданың 3) тармақшасында санамаланған барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкасы, ең жақын тұрған градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі тиіс;
      3) әуеайлақ туралы мәліметтер. Осы картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасында қамтылған барлық ақпарат соған ұқсас көрсетіледі, соның ішінде:
      ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен перронның артып кету шамасы;
      әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;
      тұрақ орындарының географиялық координаталары;
      ҰҚЖ жанында күту орындарын қоса алғанда, белгілерді көрсетумен рулеждік жолдарына кіру және егер орнатылған болса, аралық күту орындары, сондай-ақ «тоқта» сызықтарының оттары;
      егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;
      РЖ тиісті осьтік сызығы нүктелерінің географиялық координаталары;
      әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;
      арналары және қажетті жағдайда, қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;
      бұрып-жылжу кедергілері;
      әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;
      VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;
      бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерін пайдалану үшін тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

3. Жерүсті әуеайлақ қозғалысының картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы картада ұшу экипаждары үшін әуе кемелерінің рулеждік жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жерүсті қозғалысын жүзеге асыруға және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін егжей-тегжейлі ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб осы Қағиданың 4) тармақшасында санамаланған барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің және сол әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;
      3) магниттік ауытқу. Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкалары, ең жақын тұрған градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдық өзгеруі көрсетілуі тиіс;
      4) әуеайлақ туралы мәліметтер. Бұл картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасында қамтылған барлық ақпарат соған ұқсас көрсетіледі, соның ішінде:
      ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен перроннан артып кету шамасы;
      әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа да көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;
      тұрақ орындарының географиялық координаталары;
      белгілері ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен, ені, көтергіштік қабілеті немесе қажеттілігіне қарай әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулер, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанында күту орындары қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген рулеждік жолақтары және «тоқта» сызықтарының оттары және басқа да көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;
      егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;
      егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелері үшін көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;
      РЖ тиісті осьтік сызығы нүктелерінің географиялық координаталары;
      әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;
      арналары және қажеттілігіне қарай қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;
      жермен жүру кедергілері;
      әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;
      VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;
      бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

4. Әуеайлақ кедергілерінің картасын жасауға қойылатын талаптар, «А» түрі

      1. Осындай үлгідегі карта АІР-та жарияланған тиісті ақпаратпен бірге пайдаланушыны әуе кемесі әрбір ұшқан сайын ол әуе кемесінің ең төменгі техникалық ұшу сипаттамаларына жауап беретіндей етіп жүктелуін қамтамасыз етуге арналған пайдалану шектеулерін сақтау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әрбір картаның көлемі барлық маңызды кедергілерді енгізуге жеткілікті болуы тиіс;
      2) көлденең масштаб. Көлденең масштаб 1:10 000 мен 1:15 000 шегінде таңдалуы тиіс;
      3) тік масштаб. Тік масштаб көлденең масштабтан он есе ірі болуы тиіс;
      4) формат. Карталарға әрбір ҰҚЖ, оған шектес шекті тежеу жолағының немесе кедергіден бос жолақтың, ұшып көтерілу траекториясы мен маңызды кедергілер аймағының жоспары мен пішіні салынуы тиіс;
      5) магниттік ауытқу. Картада бір градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы және ақпарат күні көрсетілуі тиіс;
      6) белгілер. Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс;
      7) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:
      ұшып көтерілу аймағындағы барлық маңызды кедергілер;
      ұшып көтерілу траекториясының аймағы;
      жарияланған арақашықтықтар;
      жоспардағы көрінісі мен пішіні;
      8) дәлдік. Картада қол жеткізілетін дәлдік дәрежесі көрсетілуі тиіс.

5. Қонуға дәл кіруге арналған жердің картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы карта ұшуды пайдалану кәсіпорындарына биіктікті өлшеу радиоқұралдарын пайдалану кезінде шешім қабылдау үшін биіктікті айқындауға жергілікті жердің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында жергілікті жердің қонуға кірудің соңғы кезеңінің берілген учаскесі шегіндегі пішіні егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) белгілер. Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс;
      2) жоспар мен пішін туралы ақпарат. Карта мыналарды қамтуы тиіс:
      ҰҚЖ осьтік сызығы жалғасынан екі жаққа қарай 60 м учаскеде 1 м (3 фут) аралығымен пішін шектерінде жасалған жергілікті жердің жоспары, бұл ретте көлденең бағыты ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты белгіленеді;
      жергілікті жердің немесе жоспарда белгіленген кез келген объектінің биіктігі өлшеу радиоқұралының көрсеткіштерінде көрінуі мүмкін учаскелерді белгілеу;
      жергілікті жердің шектен ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасы бойымен 900 м (3000 фут) шегіндегі пішіні;
      жақындау оттарын орнату, бірақ олар толығымен немесе ішінара осьтік сызық пішінінен ±3 м (10 футқа) ерекшеленетін болса ғана орнатылады.

6. Аудан картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы картада ұшу экипажына бағыт бойынша ұшу кезеңінен әуеайлаққа қонуға кіру кезеңіне ауысу, ұшып көтерілу/екінші айналымға кету кезеңінен бағыт бойынша ұшу кезеңіне ауысу кезінде аспаптар бойынша және ӘҚҚ күрделі бағыттары немесе әуе кеңістігінің күрделі құрылымы аудандарын ұшуды орындауға көмектесетін ақпарат қамтылады.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әрбір картада бейнеленген аудан ұшып шығу және ұшып келу бағыттарын нақты белгілейтін нүктелерді қамтуы тиіс.
      Бұл картада желілік масштаб көрсетілуі тиіс;
      2) белгілер. Әрбір картада бейнеленетін әуе кеңістігінің атауы көрсетілуі тиіс;
      3) техногенді орта және топография. Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылуы тиіс;
      4) магниттік ауытқу. Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы көрсетілуі тиіс;
      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      6) аэронавигациялық деректер. Картада мынадай аэронавигациялық деректер көрсетілуі тиіс:
      осы әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар;
      белгілері мен тік шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;
      радионавигациялық құралдарды, барлық белгіленген әуе кеңістігінің бүйірлік және тік бағытты шекараларын және әуе кеңістігінің тиісті класын қамтитын ӘҚҚ жүйесі;
      әуеайлақ ауданындағы бағыттарды және олардың арасындағы арақашықтықты белгілейтін барлық негізгі нүктелер;
      бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері;
      арналарын көрсетумен байланыс құралдары.

7. Аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасын (SID) жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып шығудың стандартты бағыттарының ұшып көтерілу кезеңінен бастап бағыт бойынша ұшу кезеңіне дейінгі ережелерін орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан ұшып шығу бағыты басталатын нүктені көрсету үшін жеткілікті және ӘҚҚ бағыты бойынша ұшу кезеңі басталуы мүмкін негізгі нүктемен ескертілген болуы тиіс.
      Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштабы көрсетілуі тиіс;
      2) проекция. Картада ішкі шеңбер бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу сызықшалары көрсетілуі тиіс;
      3) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және «Әуе кемелерінің ұшуды орындауы» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары ІІ томы І бөлігі 3-бөлімі 5-тарауының талаптарына (PANS-OPS, Doc. 8168) сәйкес аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыт(тар)ының белгісі (белгілері) көрсетілуі тиіс;
      4) техногенді орта және топография. Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылуы тиіс;
      5) магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтары мен радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс;
      6) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      7) аэронавигациялық деректер. Картада мынадай аэронавигациялық деректер көрсетілуі тиіс:
      аспаптар бойынша стандартты ұшып шығудың алдын ала белгіленген бағытына әсер ететін барлық әуеайлақтар;
      белгілері мен тік шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;
      координаталарды қоса алғанда, радионавигациялық құралдары ашып жазылған атауы, жиілік белгісі, DME арнасы және DME орналасу орнының 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен артып кету шамасы;
      бағыт (бағыттар) учаскесі әрқайсысының бойымен индексін, негізгі нүктелерін, жол сызығын немесе радиалын қоса алғанда, аспаптар бойынша әрбір ұшып шығу бағытының графикалық сипаттамасы, негізгі нүктелердің арасындағы қашықтығы, бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;
      радионавигациялық құралдармен таңбаланбаған негізгі нүктелердің атау-кодтары, олардың географиялық координаталары, пеленгі және арақашықтығы;
      күту аймағында қолданылатын ұшу схемалары;
      ауысудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;
      аспаптар бойынша стандартты ұшу бағытының (бағыттарының) мәтіндік сипаттамасы.

8. Аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасын (STAR) жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып келудің стандартты бағыттарының бағыт бойынша ұшу кезеңінен қонуға кіру кезеңіне дейінгі ережелерін орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан ұшу кезеңі аяқталып, қонуға кіру кезеңі басталатын нүктелерді көрсету үшін жеткілікті болуы тиіс.
      Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштабы көрсетіледі;
      2) проекция. Картада ішкі шеңбер бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу сызықшалары көрсетілуі тиіс;
      3) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;
      4) техногенді орта және топография. Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылуы тиіс;
      5) магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтары мен радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс;
      6) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      7) аэронавигациялық деректер. Картада мынадай аэронавигациялық деректер көрсетілуі тиіс:
      аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің алдын ала белгіленген бағытына әсер ететін барлық әуеайлақтар;
      белгілері мен тік бағытты шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;
      координаталарды қоса алғанда, радионавигациялық құралдары, ашып жазылған атауы, жиілік белгісі, DME арнасы және DME орналасу орнының 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен теңіздің орташа деңгейінен асып түсу шамасы;
      әрқайсысының бағыт (бағыттар) учаскесі бойымен индексін, негізгі нүктелерін, жол сызығын немесе радиалын қоса алғанда, аспаптар бойынша әрбір стандартты ұшып келу бағытының графикалық сипаттамасы, негізгі нүктелердің арасындағы қашықтықтар, бағыттар бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;
      радионавигациялық құралдармен таңбаланбаған негізгі нүктелердің атау-кодтары, олардың географиялық координаталары, пеленг және арақашықтығы;
      күту аймағында қолданылатын схемалар;
      ауысудың абсолюттік/салыстырма биіктігі;
      аспаптар бойынша стандартты ұшу бағытының (бағыттарының) мәтіндік сипаттамасы.

9. Аспаптар бойынша қонуға кіру картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы үлгідегі карта ұшу экипаждарын ұшуды межелі ҰҚЖ-ға аспаптар бойынша қонуға кірудің бекітілген схемасына сәйкес орындауға, соның ішінде екінші айналымға кету және тиісті жағдайларда, күту аймағындағы белгіленген ұшу схемасына сәйкес орындауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының барлық учаскелерін және осындай қонуға кіру үлгісіне қажет болуы мүмкін осындай қосымша аймақтарды кіргізу үшін жеткілікті болуы тиіс.
      Картада жоспар түріндегі сандық та, сызықты да масштаб километрмен көрсетілуі тиіс.
      Ұзақтық масштабы тікелей аспаптар бойынша қону схемаларының пішіні түрінде көрсетілуі тиіс. Оның жоспарда көрсетілген масштабқа сәйкес болуы міндетті емес;
      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және «Әуе кемелерінің ұшуды орындауы» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының ІІ томы І бөлігінің 4-бөлімі 9-тарауының талаптарына (PANS-OPS, Doc. 8168) сәйкес аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының белгісі көрсетілуі тиіс;
      3) техногенді орта және топография. Картаға екінші айналымға кетуді, тиісті күту схемасында және, егер белгіленген болса, көзбен шолып маневрлеу (айналып ұшу) схемасы бойынша ұшуды қоса алғанда, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасын қауіпсіз орындау үшін қажетті жасанды құрылыстар мен топография туралы ақпарат жазылуы тиіс. Топографиялық ақпарат тек қажет болған жағдайда ғана түсіндірме жазбалармен сүйемелденеді және оны түсінуді оңайлату үшін, кем дегенде, жерүсті және ірі көлдер мен өзендердің учаске шекаралары суреттеледі;
      4) магниттік ауытқу. Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтарын және радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс;
      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      6) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:
      сипаттамалық белгілері әуеден жақсы ажыратылатын барлық әуеайлақтар; ҰҚЖ схемасы мыналар үшін келтірілуі тиіс (көрнекі болу үшін жеткілікті үлкейтіп көрсетілген):
      1) осы схема орындалатын әуежай;
      2) әуе қозғалысы схемасына әсер ететін немесе қолайсыз ауа райы жағдайында межелі әуеайлақ ретінде қабылдануы мүмкін болатындай етіп орналасқан әуеайлақтар;
      әуеайлақтан және ҰҚЖ шегінен артып кету немесе тиісті жағдайларда жерге қону аймағынан артып кетудің ең жоғары мәні;
      ұлғаю жағына қарай жинақтап метрге дейінгі дәлдікпен ұлғайтылған барлық маңызды кедергілер;
      өз белгілері мен тік бағытты шекаралары бар ұшу схемасын орындауға әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар;
      қонуға кіруді орындау үшін қажетті навигациялық құралдар;
      қонуға кіруді орындау үшін қажетті радиобайланыс жиіліктері және шақыру белгілері;
      картаға өзі кіретін секторды анық көрсететін ең төменгі абсолюттік биіктік енгізілуі тиіс;
      қонуға кіру және екінші айналымға кету сызықтары;
      пеленгтер, жол сызықтары, радиалдар және арақашықтық немесе схеманы орындауға қажетті уақыт;
      ең төменгі биіктік пен күту аймағындағы ұшу уақыты көрсетілген күту аймағының схемасы;
      пішін, әдетте, жоспардағы бейнесінен кіші болып бейнеленуі және мына мәліметтерді қамтуы тиіс: әуеайлақ, қонуға кіру схемасы жолының сызығы, төмендеу градиенті, пеленгтер, арақашықтықтар немесе уақыт, абсолюттік/салыстырмалы биіктіктер, бақылау нүктелері.

10. Қонуға көзбен шолып кіру картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы картада ұшу экипаждарына көзбен шолу бағдарымен бағыт бойынша ұшуға/қонуға кіруге төмендеу кезеңінен белгіленген ҰҚЖ-ға қонуға кіру кезеңіне ауысуды жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әуеайлақ бедері мен жоспарының барлық элементтерінің бейнеленуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ірі масштаб қолданылуы тиіс;
      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің атауы және осы әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;
      3) техногенді орта және топография. Картада табиғи және жасанды жерүсті бағдарлары, бедер, жағалық сызықтар, көлдер, өзендер мен бұлақтар көрсетілуі тиіс;
      4) магниттік ауытқу. Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқу көрсетілуі тиіс;
      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      6) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:
      ҰҚЖ орналасуы бойынша барлық әуеайлақтар;
      көрінетін жерде белгіленген әуеайлақтан артып кету;
      барлық маңызды кедергілер, бір метрге дейінгі дәлдікпен олардың әуеайлақтан артып кетуі үстіндегі салыстырмалы биіктігі;
      өзінің белгілері және тік шекаралары бар тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар.

11. ӘҚБ ең төменгі абсолюттік биіктігінің шолу картасын жасауға қойылатын талаптар

      1. Осы қосымша картада ұшу экипаждарына ӘҚҚ бақылау жүйелерін пайдалана отырып диспетчер белгілеген абсолюттік биіктіктерді бақылауды және оларды екі жақты тексеруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпарат қамтылған.
      2. Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:
      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Картаға түсірілетін аудан векторлау схемаларына қатысты ақпаратты көрнекі көрсету үшін жеткілікті болуы тиіс.
      Карта аудан картасы жасалған масштабта орындалуы тиіс;
      2) белгілер. Әрбір картада векторлау схемалары белгіленген әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;
      3) техногенді орта және топография. Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылуы тиіс;
      4) магниттік ауытқу. Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқу көрсетілуі тиіс;
      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;
      6) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:
      осы әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар;
      ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен әуеайлақтаң артып кетуі;
      олардың белгілері көрсетілген тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар;
      олардың белгілері көрсетілген радионавигациялық құралдар;
      тиісті белгіленген кеңістіктің бүйірлік шекаралары;
      аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу және ұшып келу схемаларындағы жол нүктелері;
      ең төменгі абсолюттік векторлау биіктіктері;
      20 км аралықтармен немесе ол қолданылатын болса 10 км аралықтармен бірдей қашықтық айналымдары;
      тиісті ӘҚБ органдарының радиобайланыс жиіліктері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады