Киото хаттамасының тетіктерін Қазақстан Республикасында пайдаланудың институционалдық негізін құру жөніндегі 2011 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1453 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Киото хаттамасының тетіктерін Қазақстан Республикасында пайдаланудың институционалдық негізін құру жөніндегі 2011 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жылына екі рет, 15 шілдеден және 15 қаңтардан кешіктермей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына екі рет, 30 шілдеден және 30 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1453 қаулысымен  
бекітілген    

Киото хаттамасының тетіктерін Қазақстан Республикасында
пайдаланудың институционалдық негізін құру жөніндегі 2011
- 2012 жылдарға арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындау үшін жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Парникті газдар шығарындылары квоталарының саудасы жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1.

2012 жылға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині

2011-2012 жылдар

Талап етілмейді


2.

Коммуналдық меншік объектілері жүзеге асыратын парниктік газдар шығарындыларын түгендеуді есепке алу мен есептілігінің аумақтық жүйелерін құру мүмкіндігін қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Қоршағанортамині

2011 жыл

Талап етілмейді


3.

Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині

2011 - 2012 жылдар

2011-30 048*
2012-30 048* 001 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуі қамтамасыз ету жөнінде сақтау, жандандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту қызметі» бюджеттік бағдарламасының қаражаты шегінде бөлінген қаражат шегінде


4.

Парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулері саласындағы сараптама ұйымдарының мамандарын Киото хаттамасының тетіктерін пайдалануға оқыту жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині 

2011

Талап етілмейді


5.

Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын қысқартудың ықтимал жобаларының және басқа да тетіктердің қаралуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, мүдделі мемлекеттік органдар

2011-2012 жылдар ішінде

Талап етілмейді


6.

Экологиялық (жасыл) инвестициялар схемасы бойынша жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыру**

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ЭДСМ, Қаржымині

2011 жыл

Талап етілмейді


7.

Өңірлік бағдарламаларды және парниктік газдар шығарындыларының қысқартылуы мен сіңірілуі жобаларын әзірлеу және Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуді жүргізу

Өңірлік бағдарламалар және парниктік газдар шығарындыларын қысқарту мен сіңіру жобалары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Қоршағанортамині

2011-2012 жылдар

Талап етілмейді


2. Киото хаттамасының тетіктерін пайдалану жөніндегі әлеуетті өсіру

8.

Мемлекеттік органдардың өкілдерін Киото хаттамасы тетіктерін пайдалану туралы хабардар болуы жөнінде шаралар қабылдау. Оқу семинарларын, кездесулер, БАҚ-та жариялау өткізу.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ЭДСМ, АШМ

2011-2012 жылдар ішінде

Бөлінген қаражат шегінде

Бюджеттен тыс қаражат

9.

Парниктік газдарды түгендеу мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін үйлестіруді қамтамасыз ету

БҰҰ КӨНК Хатшылығына парниктік газдарды түгендеу туралы есеп

Қоршағанортамині, МГМ, ИЖТМ, Қаржымині, ККМ, БҒМ, АШМ, ДСМ

Жыл сайын

2011-19 048*
2012-19 048* 001 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуі қамтамасыз ету жөнінде сақтау, жандандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту қызметі» бюджеттік бағдарламасын  ң қаражаты шегінде, бөлінген қаражат шегінде

РБ

10.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптар кеңесі конференциясы және жұмысына қатысуы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, СІМ

2011-2012 жылдар

005 «Шетелдік іс-сапарлары» бюджеттік бағдарламасының қаражаты шегінде және БҰҰ КӨНК Хатшылығының бөлінген қаражаты шегінде

РБ Бюджеттен тыс қаражат

3. Киото хаттамасының тетіктерін Қазақстан Республикасында іске асыру үшін институционалдық негіздер

11.

Республиканың дағдарысқа қарсы шараларын ескере отырып, облыстар бөлінісінде С02 шығарындыларының болжамын жаңарту

Ғылыми зерттеулер бойынша есеп

Қоршағанортамині

2011 жыл

Талап етілмейді


12.

Парниктік газдардың шығарындылары көздерінің мемлекеттік кадастрын құруды қамтамасыз ету

Орындалған жұмыстар актілері

Қоршағанортамині

2011 жыл

2011-38 960* 001 «Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуіне қамтамасыз ету жөнінде сақтау, жандандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту қызметі» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде

РБ

13.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу тәртібін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині

2011 жыл

Талап етілмейді


Ескертпелер аббревиатуралардың толық жазылуы:
AШM                  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                       министрлігі
БАҚ                  - бұқаралық ақпарат құралдары
БҒМ                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                       министрлігі
БҰҰ КӨНК             - Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі
                       жөніндегі негіздемелік конвенциясы
ДСМ                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                       министрлігі
ИЖТМ                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                       технологиялар министрлігі
ККМ                  - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                       министрлігі
Қаржымині            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қоршағанортамині     - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                       министрлігі
МГМ                  - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                       министрлігі
РБ                   - республикалық бюджет
СІМ                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                       министрлігі
ЭДСМ                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                       сауда министрлігі
*                    - республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде
                       нақтыланады
**                   - экологиялық (жасыл) инвестициялар схемасы -
                       Киото хаттамасының тетіктерін іске асыру
                       шеңберіндегі инвестициялық ағындарды
                       Қазақстан Республикасының аумағындағы
                       экологиялық жобаларға оңайлатылған схема
                       бойынша бағыттау мүмкіндігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады