"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1466 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      1) 1020-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Егер бір заңды тұлғаның фирмалық атауы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын өзге заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тауар белгісімен (қызмет көрсету белгісімен) ұқсас немесе араласу дәрежесіне дейін бірдей және осындай ұқсастық пен бірдейліктің нәтижесінде тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкін болса, онда айрықша құқығы ерте пайда болған дараландыру құралы (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі) басымдыққа ие болады. Осындай дараландыру құралының иесі заңнамада көрсетілген тәртіппен тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) құқықтық қорғау беруді жарамсыз деп тануды немесе фирмалық атауды немесе коммерциялық белгіні пайдалануға тыйым салуды талап етуге құқылы.»;
      2) 1024-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Егер кәсіпкерлік қызметпен айналысатын бір заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) өзге заңды тұлғаның фирмалық атауымен ұқсас немесе араласу дәрежесіне дейін бірдей және осындай ұқсастық пен бірдейліктің нәтижесінде тұтынушыларды жаңылыстыруы мүмкін болса, онда осы Кодекстің 1020-бабының 4-тармағында көзделген ережелер қолданылады.»;
      3) 1028-баптың бірінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы
10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат, 2009 ж., № 15-16, 75-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы «заңдарына сәйкес» деген сөздер «Үкіметі белгілейтін тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 46-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы Заңның 43-бабы 3-тармағында көрсетілген ұжымдық басқару салаларының әрқайсысы бойынша аккредиттеуді мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын бір ғана ұйым алады.»;
      3) 47-баптың 1-тармағы «авторлардың» деген сөзден кейін «, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иеленушілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 47-1-бапта:
      3) тармақшадағы «жағдайда қайтарып алуы мүмкін.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) коммерциялық қызметті жүзеге асырған;
      5) осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда қайтарып алуы мүмкін.».
      3. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат):
      1) 3-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) селекциялық жетістікке патентті өзгеге беру шартын немесе патентті алуға құқықты тіркеу тәртібін анықтау;
      2-2) селекциялық жетістікті пайдалануға лицензиялық шартты немесе сублицензиялық шартты тіркеу тәртібін анықтау;»;
      2) 3-2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) селекциялық жетістікке патентті өзгеге беру шартына немесе патентті алуға құқыққа, сондай-ақ лицензиялық және сублицензиялық шарттарға сараптама жүргізу;»;
      3) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін.»;
      4) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «мемлекеттік комиссиялар» деген сөздерден кейін «сараптама жасау ұйымынан өтінім материалдары келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік комиссиялар сараптама жасау ұйымы өтінім материалдарын жіберген күннен бастап бір ай ішінде патент қабілеттілігіне сынақтар өткізудің нақты мерзімдері жөнінде сараптама жасау ұйымын хабардар етеді.»;
      6) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Лицензиялық шарт
      1. Патент иеленуші болып табылмайтын кез келген адам селекциялық жетістікті патент иеленушінің рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негізінде пайдалануға құқылы.
      2. Лицензиялық шарт лицензиатқа:
      1) лицензиардың селекциялық жетістігін пайдалану мүмкіндігін және басқа адамдарға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтай отырып, оны пайдалану құқығын;
      2) лицензиардың селекциялық жетістігін пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ оны пайдалану құқығын басқа адамдарға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз;
      3) лицензиардың селекциялық жетістігін пайдалану мүмкіндігін сақтамай және басқа адамдарға лицензия (толық лицензия) беру құқығынсыз пайдалану құқығын беруді көздеуі мүмкін.
      Егер лицензиялық шартта лицензия түрі көзделмесе, ол ерекше емес, қарапайым болып табылады.
      3. Лицензиаттың селекциялық жетістігін пайдалану ерекше емес лицензияны (қосалқы лицензиялық шарт) басқа адамға (қосалқы лицензиатқа) беру туралы шарт лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкін.
      Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттері үшін лицензиар алдында лицензиат жауапты болады.
      4. Лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және ол уәкілетті органда тіркелуге тиіс. Жазбаша нысанды немесе тіркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
      Лицензиялық шарттарды тіркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сублицензиялық шарттарды тіркеудің тәртібіне лицензиялық шарттарды тіркеу туралы ереже қолданылады.
      Лицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш, мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат және уәкілетті орган белгілеген өзге де құжаттар ұсынылады.
      Өтініш пен басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен көрсетілуге тиіс. Егер құжаттар басқа тілде берілсе, өтінішке олардың нотариалды куәландырылған қазақ және/немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.
      Өтініш бір лицензиялық шартқа қатысты болуға тиіс.
      5. Өтініш беруші тіркеуге арналған құжаттар тізбесін ұсынған соң сараптама жасау ұйымы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың бар болуы және оларға қойылған талаптардың сақталуы тексеріледі, өтінішке қоса берілетін шарт материалдарында сараптаманы жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге төлем шоты беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама жасау ұйымына төлемнің келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
      Лицензиялық шарттың қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялық шарт құжаттарын зерделеу жүргізіледі.
      6. Лицензиялық шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын негіздер:
      1) патенттің күшінде қалуына төлемнің жүргізілмеуі;
      2) шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетін ережелердің болуы.
      7. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе осы баптың 6-тармағында көрсетілген, шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жойылуы мүмкін негіздер болған жағдайда сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге жіберілген күннен бастап үш ай ішінде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беруге немесе қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынысы бар сұраным жібереді. Бұл жағдайда осы баптың 5-тармағында көрсетілген сараптаманың мәні бойынша жүргізілетін мерзімдер жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды өткізген күннен бастап есептеледі.
      8. Мына негіздер болған:
      1) оған қатысты шарт жасалатын селекциялық жетістікке арналған патенттің қолданылуы тоқтатылған;
      2) сараптама жасау ұйымының сұрауына уақтылы жауап берілмеген;
      3) сараптама жасау ұйымының сұратуына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттар болмаған;
      4) лицензиялық шартта лицензиаттың сублицензиялық шарт жасасу туралы өкілеттігі болмаған және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық  шарт болмаған жағдайда сараптама жасау ұйымы лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
      9. Сараптама нәтижесі оң болған жағдайда сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензиялық шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздердің жоқтығы туралы қорытындыны жібереді.
      Лицензиялық шартты тіркеу туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      10. Лицензиялық шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган тіркеу туралы шешімді сараптама жасау ұйымына жібереді.
      Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тіркеуден бас тарту туралы шешіммен бірге өтініште көрсетілген мекенжай бойынша қайтарылады.
      11. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап олар күшіне енеді.
      12. Елдегі төтенше жағдайлар немесе ете қажет болған басқа мән-жайлар кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекциялық жетістікті патент иеленушінің келісімінсіз, бірақ оны дереу хабардар етіп және оған тиісті өтемақы төлей отырып пайдалануға рұқсат етуге құқығы бар. Өтемақының мөлшері туралы дауларды сот шешеді.»;
      7) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
      «20-1-бап. Селекциялық жетістікке патентті немесе патент алу
                 құқығын өзгеге беру
      1. Селекциялық жетістікке патентті немесе патент алу құқығын өзгеге беру тек құқықты өзгеге беру шартымен ресімделеді.
      Құқықты өзгеге беру шартын оған қатысты шарт жасалатын селекциялық жетістікке ерекше құқықты қолданылу мерзімі ішінде кез келген уақытта жасауға болады.
      Құқықты өзгеге беру шарты жазбаша нысанда жасалады және уәкілетті органда міндетті түрде тіркеуге жатады.
      Құқықты өзгеге беру шартын тіркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін оның материалдарын сараптау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      2. Құқықты өзгеге беру шартын тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш, мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжат және уәкілетті орган айқындайтын өзге де құжаттар ұсынылады.
      Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен көрсетілуге тиіс. Егер құжаттар басқа тілде берілсе, өтінішке олардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілінде аудармасы қоса беріледі.
      Өтініш құқықты өзгеге берудің бір шартына қатысты болуға тиіс.
      3. Селекциялық жетістіктерге патентті немесе патент алу құқығын өзгеге беру шартын тіркеген кезде осы Заңның 18-бабының 5-10-тармақтарында көзделген ережелер қолданылады.
      Құқықты өзгеге беру шарты уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап ол күшіне енеді.»;
      8) 21 -баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
      «Апелляциялық кеңес туралы ережені, Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беру және оны қарау қағидасын уәкілетті орган бекітеді.»;
      9) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
      «6-1-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
      22-1-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
      1. Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл бойы тұрақты тұратын, жоғары білімі және зияткерлік меншік құқығы саласында екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, аттестаттаудан өткен және зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органда тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматы патенттік сенім білдірілген өкіл болуға құқылы.
      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды өткізу үшін құрамына уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымының кемінде бес қызметкері кіретін Аттестаттау комиссиясын құрады.
      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды өтініштердің түсуіне қарай жылына кемінде бір рет өткізеді.
      Аттестаттау нәтижелері бойынша Аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттау не аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аттестаттау комиссиясы шешімінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      Аттестаттау комиссиясы шешім шығарған сәттен бастап екі ай ішінде мұндай шешімге сот тәртібімен шағымдануға болады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілге аттестаттау емтиханын ойдағыдай тапсырған кандидатқа патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі беріледі, оның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      Осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өту шартымен патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы мерзімсіз болып табылады.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдер кәсіптік даярлық деңгейін айқындау мақсатында әрбір келесі бес жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді, бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей өткізілуге тиіс.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың аттестаттаудан қайта өтуге құқығы бар.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау, оларды тіркеу, Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімін жүргізу және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлікті беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдерге аттестаттауды өткізу және куәлік беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін мемлекеттік баж алынады.
      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметіне:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған тұлғалар;
      2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері;
      3) қасақана қылмыс жасағаны үшін кешірілмеген немесе өтелмеген сотталғандығы бар тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған тұлғалар жіберілмейді.
      5. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі Аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
      1) патенттік сенім білдірілген өкілдің Аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын тұлғаларға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
      3) осы Заңның 22-3-бабы 1-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі Аттестаттау (апелляциялық) комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметі Аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қалпына келтіріледі.
      6. Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің тапсырмасын орындауға байланысты одан алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қызметтік және коммерциялық құпияны қорғауға қойылатын талаптар сақталған жағдайда құпия болып танылады.
      22-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның), өзімен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
      1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын алу немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмасы бойынша селекциялық жетістіктерге өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
      3) селекциялық жетістіктерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және/немесе сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат алмасуды жүргізу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау ұйымының жанындағы сарапшылар кеңесінің отырыстарына қатысу;
      4) лицензиялық/сублицензиялық шарттарды және/немесе өзгеге беру шарттарын жасауға, қарауға және кейіннен оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге қызметті жүзеге асыру.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттігі сенімхатпен куәландырылады.
      3. Патенттік сенім білдірілген өкіл селекциялық жетістіктерге өтінімдер беруге және/немесе қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты істерді жүргізуге сенімхаттың көшірмесін берген жағдайда, көрсетілген өтінім немесе қарсылық берілген сәттен бастап үш ай ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға немесе сараптама жасау ұйымына сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті. Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы берілуге тиіс.
      4. Егер патенттік сенім білдірілген өкіл осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғалардың атынан өкілдік етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
      22-3-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері
                қайтарып алу және күшін жою
      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл Аттестаттау комиссиясының шешімімен:
      1) өзінің Аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
      3) патенттік сенім білдірілген өкіл өз міндеттерін алақол орындаған не ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда;
      4) патенттік сенім білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
      5) патенттік сенім білдірілген өкіл қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
      6) патенттік сенім білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
      7) патенттік сенім білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда;
      8) осы Заңның 22-1-бабының 1-тармағының жетінші абзацында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген жағдайда Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкіл осы баптың 1-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған жағдайда, Аттестаттау комиссияның шешімімен куәліктің күші жойылады. Куәліктің күшін жою туралы мәліметтер Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі патенттік сенім білдірілген өкілдің өзінің немесе үшінші тұлғалардың өтінішінің негізінде Аттестаттау комиссияның шешімімен кері қайтарып алынады.
      Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларының негіздері бойынша Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкілді Тізілімнен шығаруға себеп болған негіздердің тоқтатылу шартымен ол Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде Аттестаттау комиссиясына өтініш беріп, біліктілік емтиханын қайта тапсырмай-ақ, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген негіздердің жойылу фактісін анықтайды.
      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған тұлға, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарылып алынады немесе оның күші жойылады.
      5. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.
      Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады және жеке және/немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкілдердің қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасаған әрекетіне олардың шағымдарын қарайды.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекетіне шағым берген тұлғалар және өздеріне қатысты осындай шағымдар берілген патенттік сенім білдірілген өкілдер апелляциялық комиссияның отырысына қатысады.
      Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай:
      1) патенттік сенім білдірілген өкілді Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізілімінен шығару туралы;
      2) дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты немесе объективті шешім қабылдауға ықпал ететін мән-жайлар анықталғанға дейін шағымды қарауды ауыстыру туралы;
      3) тараптардың біреуінің жоқтығына байланысты шағымды қараусыз қалдыру туралы;
      4) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.
      Апелляциялық комиссияның шешімі дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағымдануға болады.
      Апелляциялық комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.»;
      10) 25-баптың бірінші бөлігі «жүргізгені» деген сөзден кейін «, селекциялық жетістіктерге патенттерді немесе оларды алуға құқықты өзгеге беру шарттарына, сондай-ақ лицензиялық шарттарға (сублицензиялық шарттарға) сараптама жүргізгені» деген сөздермен толықтырылсын.
      4. «Қазақстан Республикасының патент заңы» туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат):
      1) 4-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) қорғау құжаттарын өзгеге беру және оларды алуға құқықты өзгеге беру шарттарына, сондай-ақ лицензиялық шарттарға (сублицензиялық шарттарға) сараптама жүргізу;»;
      2) 5-бапта:
      3-тармақта:
      бесінші бөліктегі «он» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Өнертабысқа инновациялық патент пен патенттің, пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      6-тармақтағы «тәртібі заңдармен реттеледі.» деген сөздер «тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 6-баптың 1-тармағының бесінші бөлігіндегі «басқа адамдардың берген өтінімдері» деген сөздер «берілген өтінімдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 8-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Патент иеленушінің ерекше құқығы мен міндеттері
      1. Патент иеленушінің қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.
      Патент иеленуші қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға ерекше құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланған күнінен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңінде жүзеге асырады.
      2. Қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісі бар өнімді дайындау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгізу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғалатын тәсілді қолдану өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану болып танылады.
      Егер өнімде оны пайдалану күніне техниканың осы саласындағы белгілі формуланың тәуелсіз тармағында келтірілген өнертабыстар, ал тәсілде пайдалы модельдердің әрбір белгісі немесе соларға баламалы белгісі пайдаланылған болса, өнім қорғалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын тәсіл қолайлы деп табылады.
      Тікелей осындай тәсілмен дайындалған өнімді азаматтық айналымға енгізу не осы мақсатпен сақтау өнім алудың қорғалатын тәсілін пайдалану деп танылады.
      Егер өнімде бұйымның ұсынылған кескіндерінде (макетінде) көрсетілген  және негізгі белгілерінің тізбесінде келтірілген барлық негізгі белгілері болса, онда қорғалатын өнеркәсіптік үлгі қамтылған деп танылады.
      3. Патент иеленуші өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға міндетті.
      Қорғау құжаты бірнеше адамға тиесілі өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану жөніндегі өзара қатынастар олардың арасындағы келісіммен айқындалады. Мұндай келісім болмаған жағдайда патент иеленушілердің әрқайсысы қорғалатын объектіні өз қалауынша пайдалана алады, бірақ өзге патент иеленушілерінің келісімінсіз басқа адамға лицензияны немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ.
      Патент иеленуші қолданылып жүрген өнеркәсіптік меншік объектісі патентпен қорғалатынын көрсететін ескерту таңбаларын пайдалана алады.
      4. Егер өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру туралы мәліметтер алғаш рет жарияланғаннан кейін өнеркәсіптік меншік объектісі сондай өтініш берілген күннің алдындағы кез келген төрт жыл ішінде үздіксіз пайдаланылмаса, патент иеленуші өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланбаған және ол қолайлы коммерциялық шарттарда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан кезде кез келген тұлға өзіне мәжбүрлі ерекше емес лицензия беру туралы сотқа өтініш жасауға құқылы. Егер патент иеленуші пайдаланбауының дәлелді себептермен негізделгенін дәлелдемесе, сот көрсетілген лицензияны пайдалану шегін, мерзімін, төлем мөлшері мен тәртібін белгілеп, табыс етеді. Төлем мөлшері қалыптасқан практикаға сәйкес белгіленген лицензияның нарықтық бағасынан төмен болмауға тиіс.
      Кез келген мәжбүрлі лицензия бірінші кезекте Қазақстан Республикасы ішкі нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін берілуге тиіс.
      Мәжбүрлі лицензия берілген адам көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын басқа адамға тек осы объект пайдаланылатын тиісті өндіріспен бірге беруі мүмкін.
      Мәжбүрлі лицензияны беруге себеп болып табылған мән-жайлардың әрекеті доғарылған жағдайда сот оның күшін жоюға тиіс.
      5. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалана алмайтын патент иеленуші бұл ретте қолайлы коммерциялық шарттарда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан өнеркәсіптік меншік объектісіне арналған басқа қорғау құжатын иеленушінің құқықтарын бұзбай, өзіне Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға ерекше емес мәжбүрлі лицензия беру туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
      Егер өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалана алмайтын патент иеленуші басқа қорғау құжатын иеленушінің құқықтарын бұзбай, өзінің өнеркәсіптік меншік объектісі маңызды техникалық жетістікті білдіретінін және басқа қорғау құжатын иеленушінің өнеркәсіптік меншік объектісінің алдында айтарлықтай экономикалық маңызға ие екенін дәлелдесе, сот оған ерекше емес мәжбүрлі лицензия беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Көрсетілген лицензияны беру кезінде сот қорғау құжаты басқа адамға тиесілі өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану шектерін, мерзімін, төлем мөлшері мен тәртібін айқындауға тиіс. Бұл ретте төлем мөлшері қалыптасқан практикаға сәйкес айқындалған лицензияның нарықтық бағасынан төмен болмауға тиіс.
      Осы тармақтың негізінде алынған өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығы тек осы құқық берілген өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын берумен бірге берілуі мүмкін.
      Осы тармаққа сәйкес мәжбүрлі лицензия берілген жағдайда көрсетілген лицензия негізінде пайдалануға құқық берілген қорғау құжатының патент иеленушісінің мәжбүрлі лицензиясы берілген тәуелді өнертабысты пайдалануға лицензия алуға құқығы бар.
      6. Патент иеленуші алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаға бере алады. Өзгеге беру шарты уәкілетті органда міндетті түрде тіркелуге тиіс. Өзгеге беру шартын тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      Қорғау құжатын өзгеге беру шарты мен оларды алуға құқықты өзгеге беру шартын тіркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қорғау құжатын алуға құқықты өзгеге беру шартын тіркеу тәртібіне Құқықты өзгеге беру шарттарын тіркеу туралы ереже қолданылады.
      Өзгеге беру шартын тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш, мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат және уәкілетті орган айқындайтын өзге де құжаттар ұсынылады.
      Өтініш пен басқа да қажетті құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және/немесе орыс транслитерациясымен көрсетілуге тиіс. Егер құжаттар басқа тілде берілсе, өтінішке олардың нотариалды куәландырылған мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудармасы қоса беріледі.
      Өтініш бір өзгеге беру шартына қатысты болуға тиіс.
      7. Өтініш беруші тіркеуге арналған құжаттар тізбесін ұсынған соң Сараптама жасау ұйымы өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың болуы және оларға белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі, өтінішке қоса берілген өзгеге беру шартының материалдарында сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге төлем есебі беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзім сараптама жасау ұйымына төлем түскен күнінен бастап есептеледі.
      Өзгеге беру шартының қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында өзгеге беру шартының материалдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес зерделеу жүргізіледі.
      8. Өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі жасайтын, жоюға болатын негіздер:
      1) қорғау құжатын күшінде қалдыру үшін төлемнің жүргізілмеуі;
      2) өзгеге беру шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетін ережелердің болуы.
      9. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе осы баптың 8-тармағында көрсетілген өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда сараптама жасау ұйымы сұрау жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беру немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысымен өтініш берушіге сұрау жібереді. Бұл жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мәні бойынша сараптама жүргізу мерзімі жетіспейтін немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.
      10. Мынадай негіздер болған:
      1) оған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының қолданысы тоқтатылған;
      2) сараптама жасау ұйымының сұрауына уақтылы жауап берілмеген;
      3) сұрауға жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда сараптама жасау ұйымы өзгеге беру шартын тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.
      Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, аталған қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
      11. Сараптама нәтижесі оң болған жағдайда сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгеге беру шартын тіркеуге кедергі келтіретін негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жібереді.
      Өзгеге беру шартын тіркеу туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      12. Өзгеге беру шартын тіркеу туралы шешім шығарғаннан кейін, уәкілетті орган тіркеу туралы шешімді сараптама жасау ұйымына жібереді.
      Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде өзгеге беру шартын тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тіркеуден бас тарту туралы шешіммен бірге өтініште көрсетілген мекенжай бойынша қайтарылады.
      13. Қорғау құжатын өзгеге беру шарты және оны алуға құқықты өзгеге беру шарты уәкілетті органда тіркелген күннен бастап олар күшіне енеді.
      14. Өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжаты және (немесе) оны алу құқығы мұрагерлік бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртібімен беріледі.
      15. Патент иеленуші қорғау құжатын күшінде ұстау үшін жыл сайын ақы төлеп тұруға міндетті.»;
      6) 14-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға арналған лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және ол уәкілетті органда міндетті түрде тіркелуге тиіс. Жазбаша нысанды немесе тіркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға арналған лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шартты тіркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Лицензиялық шарттарды тіркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сублицензиялық шартты тіркеу тәртібіне лицензиялық шартты тіркеу туралы ереже қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Лицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш және уәкілетті орган айқындайтын өзге де құжаттар ұсынылады.
      Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және/немесе орыс транслитерациясымен көрсетілуге тиіс. Егер құжаттар басқа тілде берілсе, өтінішке олардың нотариалды куәландырылған қазақ және/немесе орыс тіліне аудармасы қоса беріледі.
      Өтініш бір лицензиялық шартқа қатысты болуға тиіс.
      4-2. Лицензиялық шартты тіркеген кезде осы Заңның 11-бабының 6-12-тармақтарында көзделген ережелер қолданылады.
      Лицензиялық шарт (сублицензиялық шарт) уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.»;
      7) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен
толықтырылсын:
      «Өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде де берілуі мүмкін.»;
      8) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өнертабысқа өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      9) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Пайдалы модельге өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасының пайдалы модельдердің мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      10) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өнеркәсіп үлгісіне өтінімді жасау, ресімдеу және қарау, мәліметтерді Қазақстан Республикасы өнеркәсіп үлгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      11) 20-баптың 5-тармағындағы «уәкілетті орган қорғау құжатын беру туралы шешім қабылдаған күнге дейін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының тиісті Мемлекеттік тізілімінде тіркелген күнге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 22-баптың 7-тармағының үшінші бөлігіндегі «сараптамаға ақы төлеу» деген сөз «сараптама» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) 22-1-бапта:
      8-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «сатысында» деген сөзден кейін «немесе патент иеленушінің инновациялық патент берілгеннен кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
      «өтінім беруші» деген сөздерден кейін «немесе патент иеленуші» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 23-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сараптама жасау ұйымының қорытындысы патент беру туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберіледі, бұл туралы (мұндай шешім қабылданған жағдайда) өтініш берушіге хабарланады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уәкілетті органның патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама өтініш берушіге жіберілген күннен бастап екі ай ішінде өтініш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындық үшін тиісті төлем жасағанын растайтын құжат ұсынады. Көрсетілген құжат ұсынылмаған жағдайда өтінім қайтарылып алынған болып есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.»;
      15) 24-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «1)» деген цифрдан кейін «, 2)» деген цифрмен толықтырылсын;
      «бірінші бөлігінің» деген сөздер алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысына ол жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәкілетті органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылық түскен күнінен бастап екі ай мерзімде апелляциялық кеңес оны қарауға тиіс»;
      16) 26-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «жариялауы мүмкін.» деген сөздер «жариялайды.» деген сөзбен ауыстырылсын;
      17) 35-баптың екінші бөлігіндегі «жүргізуді» деген сөзден кейін «, қорғау құжаттарын өзгеге беру және оларды алуға құқықты өзгеге беру шарттарына, сондай-ақ лицензиялық шарттарға (сублицензиялық шарттарға) сараптама жүргізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
      18) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «36-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
      1. Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл бойы тұрақты тұратын, жоғары білімі және зияткерлік меншік құқығы саласында екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, аттестаттаудан өткен және зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органда тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабілеттілігі бар азаматы патенттік сенімді өкіл болуға құқылы.
      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды өткізу үшін құрамына уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымының кемінде бес қызметкері кіретін Аттестаттау комиссиясын құрады.
      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды өтініштердің түсуіне қарай жылына кемінде бір рет өткізеді.
      Атестаттау нәтижелері бойынша Аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттау не аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аттестаттау комиссиясы шешімінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      Аттестаттау комиссиясының шешіміне ол шығарылған сәттен бастап екі ай ішінде сот тәртібімен шағымдануға болады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілге аттестаттау емтиханын ойдағыдай тапсырған кандидатқа патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі беріледі, оның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      Осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өту шартымен патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы мерзімсіз болып табылады.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдер кәсіптік даярлық деңгейін айқындау мақсатында әрбір келесі бес жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді, бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей өткізілуге тиіс.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың аттестаттаудан қайта өтуге құқығы бар.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестататтау, оларды тіркеу, Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімін жүргізу және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлікті беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдерге аттестаттауды өткізу және куәлік беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін мемлекеттік баж алынады.
      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметіне:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған тұлғалар;
      2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері;
      3) қасақана қылмыс жасағаны үшін кешірілмеген немесе өтелмеген сотталғандығы бар тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған тұлғалар жіберілмейді.
      5. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі Аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
      1) Патенттік сенім білдірілген өкілдің Аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын тұлғаларға, олардың ішінде уәкілетті органның және оның бағынысындағы ұйымдардың қызметкерлеріне жатқызу мерзіміне;
      3) осы Заңның 36-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі Аттестаттау (апелляциялық) комиссиясының тиісті шешімі қабылданғанша тоқтатыла тұрады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметі Аттестаттау комиссияның хаттамалық шешімімен қалпына келтіріледі.
      6. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтініш беруші мен патент иеленушінің өкілі ретінде зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді жүзеге асырады. Уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және/немесе патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және сараптама жасау ұйымында патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы өтініш берушінің патент иеленушінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасу үшін мекенжайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенімді өкілсіз-ақ өтініш берушінің, патент иеленушінің, сондай-ақ мүдделі тұлғаның кұқықтарын жүзеге асыра алады.
      7. Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қызметтік және коммерциялық құпияға қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда құпия болып танылады.»;
      19) мынадай мазмұндағы 36-1 және 36-2-баптармен толықтырылсын:
      «36-1-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаны), өзімен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызметтерді жүзеге асыруға құқылы:
      1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын алу және беру мәселелері бойынша консультация беру;
      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмалары бойынша өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдерді жасау және ресімдеу жөнінде жұмыстарды жүргізу;
      3) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және/немесе сараптама жасау ұйымымен өзара әрекет ету, соның ішінде хат алмасу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау ұйымы жанындағы сарапшы кеңесінің отырыстарына қатысу;
      4) лицензиялық/сублицензиялық шарттарды және/немесе өзгеге беру шарттарын ресімдеуге, қарауға және одан кейін оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбайтын өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттігі сенімхатпен куәландырылады.
      3. Патенттік сенім білдірілген өкіл селекциялық жетістіктерге өтінімдер беруге және/немесе қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты істерді жүргізуге сенімхаттың көшірмесін берген жағдайда, онда көрсетілген өтінім немесе қарсылық берген сәттен бастап үш ай ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға немесе сараптама жасау ұйымына сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті. Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы берілуге тиіс.
      4. Егер патенттік сенім білдірілген өкіл осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғалардың атынан өкілдік етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
      36-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері
                қайтарып алу және күшін жою
      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл Аттестаттау комиссиясының шешімімен:
      1) өзінің Аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
      3) патенттік сенім білдірілген өкіл өз міндеттерін алақол орындаған не ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда;
      4) патенттік сенім білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
      5) патенттік сенім білдірілген өкіл қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
      6) патенттік сенім білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
      7) патенттік сенім білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда;
      8) осы Заңның 22-1-бабының 1-тармағының жетінші абзацында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген жағдайда Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкіл осы баптың 1-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған жағдайда, Аттестаттау комиссияның шешімімен куәліктің күші жойылады. Куәліктің күшін жою туралы мәліметтер Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі патенттік сенім білдірілген өкілдің өзінің немесе үшінші тұлғалардың өтінішінің негізінде Аттестаттау комиссияның шешімімен кері қайтарып алынады.
      Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларының негіздері бойынша Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкілді Тізілімнен шығаруға себеп болған негіздердің тоқтатылу шартымен ол Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде Аттестаттау комиссиясына өтініш беріп, біліктілік емтиханын қайта тапсырмай-ақ, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген негіздердің жойылу фактісін анықтайды.
      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған тұлға, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарылып алынады немесе оның күші жойылады.
      5. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.
      Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады және жеке және/немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкілдердің қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасаған әрекетіне олардың шағымдарын қарайды.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекетіне шағым берген тұлғалар және өздеріне қатысты осындай шағымдар берілген патенттік сенім білдірілген өкілдер апелляциялық комиссияның отырысына қатысады.
      Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай:
      1) патенттік сенім білдірілген өкілді Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізілімінен шығару туралы;
      2) дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты немесе объективті шешім қабылдауға ықпал ететін мән-жайлар анықталғанға дейін шағымды қарауды ауыстыру туралы;
      3) тараптардың біреуінің жоқтығына байланысты шағымды қараусыз қалдыру туралы;
      4) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.
      Апелляциялық комиссияның шешімі дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағымдануға болады.
      Апелляциялық комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.»;
      5. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат):
      1) 1-бапта:
      3) тармақшадағы «географиялық көрсеткіш» деген сөздер «географиялық объектінің атауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) тауар шығарылған жердің атауы - елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің не басқа да географиялық объектінің атауын білдіретін не қамтитын белгі, сондай-ақ осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары негізінен оның географиялық шығуына, оның ішінде табиғи жағдайларға және (немесе) адам факторларына байланысты тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған көрсеткіш.»;
      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-3) тауар таңбасына құқық беру туралы шартты тіркеу тәртібін айқындау;
      2-4) тауар таңбасын пайдалануға лицензиялық шартты немесе сублицензиялық шартты тіркеу тәртібін айқындау;»;
      3) 3-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) тауар таңбаларына және қызмет көрсету таңбаларына құқықтарды беру туралы шарттарға сараптама жүргізу;»;
      4) 6-бапта:
      3-тармақтың 1) және 3) тармақшаларындағы «географиялық көрсеткіштерді», «географиялық көрсеткіштер» деген сөздер «географиялық объектінің атауларын», «географиялық объектінің атаулары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 7-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы «жалпыға бірдей белгілі» деген сөздер «белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгілі деп танылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген дәл сол тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердің осы атауын пайдалану құқығы иесінің атына тіркелетін тауар таңбасының қорғалмайтын элементі ретінде олар енгізілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында кез келген тауарларға қатысты қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен олар араласып кеткен дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас белгілер тіркелуге жатпайды.»;
      6) 8-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде де берілуі мүмкін.»;
      7) 9-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тауар таңбасына өтінімді жасау, ресімдеу және қарау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
      8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Сараптама нәтижелері бойынша шешімдер
      1. Алдын ала жасалған сараптама нәтижелері бойынша өтініш берушіге өтінімнің қарауға қабылданғаны, оған тиісті нөмір берілгені, берілген күні және басымдық күні белгіленгені туралы не өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы дәлелді қорытынды түрінде хабарланады.
      2. Өтініш беруші өзіне толық сараптаманың алдын ала қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде дәлелді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижесі бойынша сараптама жасау ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.
      3. Толық сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде тауар таңбасын тіркеу туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіркеу туралы шешім тауарлар мен қызметтердің бүкіл тізбесіне не олардың бір бөлігіне қатысты болуы мүмкін.
      4. Тауар таңбасын тіркеу туралы шешім оны Тауар таңбаларының
мемлекеттік тізіліміне енгізгенге дейін неғұрлым ертерек басымдығы бар өтінімнің анықталуына байланысты қайта қаралуы мүмкін.
      5. Уәкілетті органның тауар таңбасын тіркеу туралы шешімінің негізінде өтініш беруші сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы туралы хабарлама алған күннен бастап үш ай ішінде тауар таңбасына куәлік бергені үшін мемлекеттік баж төлеуді, сондай-ақ тауар таңбасына куәлік беруге құжаттарды дайындағаны үшін сараптама ұйымының іс-әрекеттеріне ақы төлеуді жүргізеді.
      Өтініш беруші белгіленген тәртіппен тауар таңбасына куәлікті беруге мемлекеттік баж және тауар таңбасына куәлікті беруге құжаттарды дайындағаны үшін сараптама ұйымының іс-әрекеттеріне ақы төлегені туралы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, тауар таңбасын тіркеу жүргізілмейді, ал тауар таңбасына тиісті өтінім қайтарып алынған болып саналады және ол бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
      6. Осы баптың 2-тармағына сәйкес шығарылған сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда өтініш беруші өзіне сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай ішінде уәкілетті органға оған қарсылық бере алады. Қарсылық келіп түскен күннен бастап төрт ай ішінде оны апелляциялық кеңес қарауға тиіс»;
      9) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-1-бап. Тауар таңбасын жалпы жұртқа белгілі деп тану
      1. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ белсенді пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында кеңінен мәлім болған белгі Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасы деп танылуы мүмкін.
      Тауар таңбасын Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтінішін уәкілетті органның тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссиясы қарастырады.
      Қазақстан Республикасында тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның комиссиясы тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы не ондай деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, мұндай шешім ол қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде тауар таңбасының иесіне жіберіледі.
      Егер өтініш беруші ұсынған нақты мәліметте таңбаның жалпыға бірдей белгілі болуының өтінімде көрсетілгеннен өзге күн екендігі расталса, тауар таңбасы нақты күннен бастап жалпыға мәлім деп танылуы мүмкін.
      Егер:
      өтініш беруші ұсынған мәлімет тауар таңбасының жалпыға бірдей белгілі екенін растамаса немесе тауар таңбасының жалпыға бірдей белгілі екенін тану үшін жеткіліксіз екені;
      өзінің тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тануға өтініш берген күннен неғұрлым ертерек басымдығы бар, қорғалатын немесе бір тектес тауарларға қатысты өзге тұлғаның атына мәлімделген, өтініш берушінің тауар таңбаларымен аралас дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас тауар таңбасы бар екені белгіленсе, тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп танудан бас тарту туралы шешім шығарылады.
      Уәкілетті орган комиссиясының осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      2. Жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасына осы Заңда тауар таңбасы үшін көзделген құқықтық қорғау беріледі.
      3. Жалпыға бірдей белгілі тауар таңбаларын құқықтық қорғау:
      1) тіркеудің қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты;
      2) уәкілетті орган комиссиясының тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы шешімінің күшін жою туралы сот шешімінің күшіне енуіне байланысты тоқтатылады.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген белгіні немесе тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану негізінде оның иесіне тауар таңбасы жалпыға бірдей белгілі деп танылған күннен бастап он жыл бойы қолданылатын сертификат беріледі.
      Сертификат иесінің қолдаухаты бойынша және тауар таңбасының жалпыға бірдей белгілі екенін растайтын мәліметтер табыс етілген жағдайда оның қолданылу мерзімі келесі он жыл мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      Жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасын тіркеу, оның иесі туралы мәліметтер және осындай тіркеуге қатысты кейінгі өзгерістер Жалпыға бірдей белгілі тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және бюллетеньде жарияланады.
      Сертификат беру туралы шешім қабылданған кезде осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген ережелер қолданылады.»;
      10) 19-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауар таңбасымен белгіленген тауарды жасау, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, оны жарнамада, маңдайшаларда, баспа басылымдарында, ресми бланкілерде, өзге іскерлік құжаттамада қолдану, тауар таңбасына құқықты беру немесе Қазақстан Республикасында өткізілетін көрмелерде тауарлардың көрсетілуі кезінде қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгізу тауар таңбасын пайдалану болып танылуы мүмкін.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақтағы «кем емес» деген сөздер «аспайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағына азаматтық айналымға тікелей құқық иесі енгізген немесе оның келісімімен енгізілген тауарларға қатысты тауар таңбасын басқа тұлғалардың пайдалануы осы тауар таңбасына айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.»;
      11) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Тауар таңбасына құқықты беру
      1. Куәлікте көрсетілген барлық тауарлар мен қызметтерге не олардың бір бөлігіне қатысты тауар таңбасына берілген айрықша құқықты оның иесі басқа тұлғағa шарт бойынша беруі мүмкін.
      Егер ол тауарға немесе оның жасаушысына қатысты жаңылыстыруға себепші болатын болса, тауар таңбасына құқықты беруге жол берілмейді.
      Тауар таңбасына құқықтың ауысуы, оның ішінде оны шарт бойынша немесе құқық мирасқорлығы тәртібімен беру уәкілетті органда тіркелуге тиіс.
      2. Тауар таңбасын пайдалану құқығын тауар таңбасының иесі (лицензиар) басқа тұлғаға (лицензиатқа) куәлікте көрсетілген барлық тауарлар мен қызметтерге не олардың бір бөлігіне қатысты лицензиялық шарт бойынша беруі мүмкін.
      Лицензиатқа тауар таңбасын пайдалануға рұқсат беретін лицензиялық шарт тауарлардың немесе қызметтердің сапасы лицензиар тауарлары мен қызметтерінің сапасынан төмен болмайтыны және лицензиардың осы ереженің орындалуына бақылау жасауға құқығы бар екені туралы ережені қамтуға тиіс.
      Тауар таңбасына құқықтың қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
      Тауар таңбасына құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шартты тоқтатуға әкеп соқпайды.
      3. Тауар таңбасына құқықты беру туралы шарт немесе лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалып, уәкілетті органда тіркелуге тиіс. Жазбаша нысан мен тіркеу туралы талаптарды сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
      Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты немесе лицензиялық шартты тіркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сублицензиялық шарттарды тіркеудің тәртібіне лицензиялық шарттарды тіркеу туралы ереже қолданылады.
      Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш, мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат және уәкілетті орган айқындайтын басқа да құжаттар ұсынылады.
      Өтініш пен басқа қажетті құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен көрсетілуге тиіс. Егер құжаттар басқа тілде берілсе, өтінішке олардың нотариалды куәландырылған мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудармасы қоса беріледі.
      Өтініш бір тауар таңбасына құқықты беру туралы шартқа және лицензиялық шартқа қатысты болуға тиіс.
      4. Сараптама жасау ұйымы тіркеуге арналған құжаттар тізбесі ұсынылған соң өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың бар болуы және оларға қойылған талаптардың сақталуы тексеріледі, өтінішке қоса берілетін шарт материалдарында сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге төлем есебі беріледі. Бұл ретте аталған мерзімдер сараптама жасау ұйымына төлемнің келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
      Тауар таңбасына құқықты беру туралы шарттың және лицензиялық шарттың қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында тауар таңбасына құқықты беру туралы шарттың және лицензиялық шарттың материалдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес зерделеу жүргізіледі.
      5. Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тіркеуге кедергі жасайтын, жоюға болатын негіздер:
      1) оған қатысты шарт жасалатын куәлік қолданысының тоқтатылуы, бірақ оны қалпына келтіруге мүмкіндіктің болуы;
      2) өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға лицензия беруге кедергі келтіретін, бұрын жасалған шарттар бойынша қабылданған міндеттемелердің болуы;
      3) шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына және ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келетін ережелердің болуы;
      4) құжаттардың толық пакетінің ұсынылмауы, не ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының
талаптарына сай келмеуі.
      6. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған жағдайда немесе осы баптың 5-тармағында көрсетілген, шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге жіберілген күннен бастап үш ай ішінде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды беруге немесе қажетті өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынысы бар сұрау жібереді. Бұл жағдайда осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәні бойынша жүргізілетін сараптаманың мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттарды өткізген күннен бастап есептеледі.
      7. Мына негіздер болған кезде сараптама жасау ұйымы тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды:
      1) соған қатысты шарт жасалатын қорғау құжаттарының қолданылуының тоқтауы және оны қалпына келтіруге мүмкіндіктің болмауы;
      2) осы Заңның 6-тармағында көзделген, барлық қажетті материалдар мен мәліметтердің үш ай мерзімде ұсынылмауы;
      3) тараптарда шартты жасауға қажетті құқықтардың болмауы;
      4) лицензиялық шартта лицензиаттың сублицензиялық шартты тіркеуге өкілеттілігінің жоқтығы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың жоқтығы.
      Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тіркеуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, осы қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
      8. Сараптама нәтижесі оң болған жағдайда сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні ішінде тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздердің жоқтығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді.
      Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тіркеу туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      9. Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тіркеу туралы шешім шығарылғанан кейін, уәкілетті орган тіркеу туралы шешімді сараптама жасау ұйымына жібереді.
      Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тіркеуден бас тарту туралы шешіммен бірге өтініште көрсетілген мекенжай бойынша қайтарылады.
      10. Тауар таңбасына құқықты беру туралы және лицензиялық шарт (сублицензиялық шарт) олар уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.»;
      12) 24-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
      13) 25-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Егер осы объектінің атауы осындай атау ретінде тауар шығарылған елде қорғалса, шет мемлекеттегі географиялық объектінің атауын тауар шығарылған жердің атауы ретінде мемлекеттік тіркеуге болады. Көрсетілген тауар шығарылған жердің атауын пайдаланудың айрықша құқығының иесі тек тауар шығарылған елде осындай атауды пайдалану құқығы қорғалатын тұлға болуы мүмкін.»;
      14) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретінде
               тіркелетін белгілер
      1. Тауар шығарылған жердің атауы ретінде елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауы, сондай-ақ осындай атаудан шыққан белгі және олардың тауардың көрініс атауымен тіркесі тіркелуі мүмкін.
      2. Географиялық объектінің атауын білдіргенімен немесе қамтығанымен, бірақ Қазақстан Республикасында тауардың өндірілген жерімен байланысты емес оның белгілі бір түрінің белгілері ретінде жалпы қолданысқа енгізілген белгілер тауар шығарылған жердің атауы деп танылмайды.»;
      15)27-бапта:
      1) тармақшадағы «географиялық көрсеткіштер» деген сөздер «географиялық объектілердің атаулары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тауарлардың өндірілген жерімен байланысты емес, географиялық объектілердің атауын қамтитын белгілер тіркелмейді.»;
      16) 29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделген географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасса, өтінімге жергілікті атқарушы органның аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы және басқа сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауар өндіретіні туралы қорытындысы қоса беріледі.
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тіркелген тауар шығарылған жердің атауына айрықша құқық беруге арналған өтінімге уәкілетті органның осы географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші Қазақстан Республикасының Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген ерекше қасиеттерге ие тауарды өндіретіні туралы қорытындысы қоса беріледі.
      Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасса, өтінім берушінің мәлімделген тауар шығарылған жердің атауына құқығын растайтын құжат өтінімге қоса беріледі.
      Өтінімге сараптама жасау ұйымының сараптама жүргізу жөніндегі қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжат та қоса беріледі. Төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      Іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, өтінімге сенімхат қоса беріледі.»;
      17) 37-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «географиялық көрсеткішті», «географиялық көрсеткіштер» деген сөздер «географиялық объектінің атауын», «географиялық объектінің атаулары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Тауар шығарылған жер атауының тіркелуіне және (немесе)
               тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының
               берілуіне дау айту
      1. Егер тауар шығарылған жер атауын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған болса, оған дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      2. Егер тауар шығарылған жердің атауын пайдалану неғұрлым ертерек басымдыққа ие, сондай-ақ Қазақстан Республикасында белсенді пайдалану нәтижесінде кеңінен танымал болған тауар таңбасының болуына байланысты тауарға немесе оны шығарушыға қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін болса, тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге, тауар шығарылған жердің атауын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланған күнінен бастап бес жылдың ішінде дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      3. Кез келген мүдделі тұлға уәкілетті органға осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетілген негіз бойынша тауар шығарылған жер атауының тіркелуіне және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының берілуіне қарсылық бере алады.
      Қарсылық осы Заңның 23-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралуға тиіс»;
      19) 45-баптың екінші бөлігіндегі «сараптама жүргізуді» деген сөздер «тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердің атауларына сараптама жүргізуді, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына құқықтарды беру туралы шарттарға немесе лицензиялық шарттарға (сублицензиялық шарттарға) сараптама жүргізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «46-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
      1. Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл бойы тұрақты тұратын, жоғары білімі және зияткерлік меншік құқығы саласында екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, аттестаттаудан өткен және зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органда тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабілеттілігі бар азаматы патенттік сенім білдірілген өкіл болуға құқылы.
      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды өткізу үшін құрамына уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымының кемінде бес қызметкері кіретін Аттестаттау комиссиясын құрады.
      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды өтініштердің түсуіне қарай жылына кемінде бір рет өткізеді.
      Аттестаттау нәтижелері бойынша Аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттау не аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аттестаттау комиссиясы шешімінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      Аттестаттау комиссиясының шешіміне ол шығарылған сәттен бастап екі ай ішінде сот тәртібімен шағымдануға болады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілге аттестаттау емтиханын ойдағыдай тапсырған кандидатқа патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі беріледі, оның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      Осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өту шартымен патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы мерзімсіз болып табылады.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдер кәсіптік даярлық деңгейін айқындау мақсатында әрбір келесі бес жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді, бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей өткізілуге тиіс.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың аттестаттаудан қайта өтуге құқығы бар.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау, оларды тіркеу, Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімін жүргізу және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлікті беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдерге аттестаттауды өткізу және куәлік беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін мемлекеттік баж алынады.
      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметіне:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған тұлғалар;
      2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері;
      3) қасақана қылмыс жасағаны үшін кешірілмеген немесе өтелмеген сотталғандығы бар тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған тұлғалар жіберілмейді.
      5. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі Аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
      1) Патенттік сенім білдірілген өкілдің Аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын тұлғаларға, олардың ішінде уәкілетті органның және оның бағынысындағы ұйымдардың қызметкерлеріне жатқызу мерзіміне;
      3) осы Заңның 46-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі Аттестаттау (апелляциялық) комиссиясының тиісті шешімі қабылданғанша тоқтатыла тұрады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметі Аттестаттау комиссияның хаттамалық шешімімен қалпына келтіріледі.
      6. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтініш беруші мен патент иеленушінің өкілі ретінде зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді жүзеге асырады. Уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және/немесе патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және сараптама жасау ұйымында патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы өтініш берушінің патент иеленушінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасу үшін мекенжайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенімді өкілсіз-ақ өтініш берушінің, патент иеленушінің, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алады.
      7. Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қызметтік және коммерциялық құпияға қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда құпия болып танылады.»;
      21) мынадай мазмұндағы 46-1 және 46-2-баптармен толықтырылсын:
      «46-1-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның), онымен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
      1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын алу немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмалары бойынша Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
      3) селекциялық жетістіктерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және/немесе сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат алмасуды жүргізу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау ұйымының жанындағы сарапшылар кеңесінің отырыстарына қатысу;
      4) лицензиялық/сублицензиялық шарттарды және/немесе өзгеге беру шарттарын жасауға, қарауға және кейіннен оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге қызметті жүзеге асыру.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттігі сенімхатпен куәландырылады.
      3. Патенттік сенім білдірілген өкіл селекциялық жетістіктерге өтінімдер беруге және/немесе қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты істерді жүргізуге сенімхаттың көшірмесін берген жағдайда, онда көрсетілген өтінім немесе қарсылық берген сәттен бастап үш ай ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға немесе сараптама жасау ұйымына сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті. Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы берілуге тиіс.
      4. Егер патенттік сенім білдірілген өкіл осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғалардың атынан өкілдік етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
      46-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері
                қайтарып алу және күшін жою
      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл Аттестаттау комиссиясының шешімімен:
      1) өзінің Аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
      3) патенттік сенім білдірілген өкіл өз міндеттерін алақол орындаған не ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда;
      4) патенттік сенім білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
      5) патенттік сенім білдірілген өкіл қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
      6) патенттік сенім білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
      7) патенттік сенім білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда;
      8) осы Заңның 46-баптың 1-тармағының жетінші абзацында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген жағдайда Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкіл осы баптың 1-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған жағдайда, Аттестаттау комиссияның шешімімен куәліктің күші жойылады. Куәліктің күшін жою туралы мәліметтер Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі патенттік сенім білдірілген өкілдің өзінің немесе үшінші тұлғалардың өтінішінің негізінде Аттестаттау комиссияның шешімімен кері қайтарып алынады.
      Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларының негіздері бойынша Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкілді Тізілімнен шығаруға себеп болған негіздердің тоқтатылу шартымен ол Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде Аттестаттау комиссиясына өтініш беріп, біліктілік емтиханын қайта тапсырмай-ақ, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген негіздердің жойылу фактісін анықтайды.
      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған тұлға, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарылып алынады немесе оның күші жойылады.
      5. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.
      Апелляциялық комиссия жеке және/немесе заңды тұлғалардың олардың пікірі бойынша қолданыстағы заңнаманы бұза отырып құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаған патенттік сенім білдірілген өкілдердің әрекеттеріне берілген өтініштерді қарайтын алқалы орган болып табылады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекетіне шағым берген тұлғалар және өздеріне қатысты осындай шағымдар берілген патенттік сенім білдірілген өкілдер апелляциялық комиссияның отырысына қатысады.
      Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай:
      1) патенттік сенім білдірілген өкілді Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізілімінен шығару туралы;
      2) дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты немесе объективті шешім қабылдауға ықпал ететін мән-жайлар анықталғанға дейін шағымды қарауды ауыстыру туралы;
      3) тараптардың біреуінің болмауына байланысты шағымды қараусыз қалдыру туралы;
      4) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.
      Апелляциялық комиссияның шешімі дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағымдануға болады.
      Апелляциялық комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.»;
      6. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат):
      1) 4-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Топологияның авторы немесе өзге де құқық иеленуші тіркеуге өтінім беру арқылы топологияны уәкілетті органда тіркеуге құқылы.
      Топологияны тіркеу туралы өтінім мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады. Өтінімнің басқа құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілде ұсынылады. Егер өтінімнің басқа құжаттары басқа тілде ұсынылса, өтінімге олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Аударма өтініммен бір мезгілде немесе басқа тілдегі құжаттарды қамтитын өтінім уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс»;
      3) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
      1. Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл бойы тұрақты тұратын, жоғары білімі және зияткерлік меншік құқығы саласында екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, аттестаттаудан өткен және зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органда тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабілеттілігі бар азаматы патенттік сенім білдірілген өкіл болуға құқылы.
      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды өткізу үшін құрамына уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымының кемінде бес қызметкері кіретін Аттестаттау комиссиясын құрады.
      Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауды өтініштердің түсуіне қарай жылына кемінде бір рет өткізеді.
      Аттестаттау нәтижелері бойынша Аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттау не аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аттестаттау комиссиясы шешімінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
      Аттестаттау комиссиясының шешіміне ол шығарылған сәттен бастап екі ай ішінде сот тәртібімен шағымдануға болады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілге аттестаттау емтиханын ойдағыдай тапсырған кандидатқа патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі беріледі, оның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
      Осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өту шартымен патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы мерзімсіз болып табылады.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдер кәсіптік даярлық деңгейін айқындау мақсатында әрбір келесі бес жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді, бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей өткізілуге тиіс.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың аттестаттаудан қайта өтуге құқығы бар.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау, оларды тіркеу, Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімін жүргізу және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлікті беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдерге аттестаттауды өткізу және куәлік беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін мемлекеттік баж алынады.
      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметіне:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған тұлғалар;
      2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері;
      3) қасақана қылмыс жасағаны үшін кешірілмеген немесе өтелмеген сотталғандығы бар тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған тұлғалар жіберілмейді.
      5. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі Аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
      1) Патенттік сенім білдірілген өкілдің Аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын тұлғаларға, олардың ішінде уәкілетті органның және оның бағынысындағы ұйымдардың қызметкерлеріне жатқызу мерзіміне;
      3) осы Заңның 15-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі Аттестаттау (апелляциялық) комиссиясының тиісті шешімі қабылданғанша тоқтатыла тұрады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметі Аттестаттау комиссияның хаттамалық шешімімен қалпына келтіріледі.
      6. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтініш беруші мен патент иеленушінің өкілі ретінде зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді жүзеге асырады. Уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және/немесе патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және сараптама жасау ұйымында патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы өтініш берушінің патент иеленушінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасу үшін мекенжайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенімді өкілсіз-ақ өтініш берушінің, патент иеленушінің, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алады.
      7. Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қызметтік және коммерциялық құпияға қойылатын талаптарды сақтаған жағдайда құпия болып танылады.»;
      мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-баптармен толықтырылсын:
      «15-1-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның), онымен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
      1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, зияткерлік меншік құқықтарын алу немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
      2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және тапсырмалары бойынша Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
      3) селекциялық жетістіктерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және/немесе сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат алмасуды жүргізу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау ұйымының жанындағы сарапшылар кеңесінің отырыстарына қатысу;
      4) лицензиялық/сублицензиялық шарттарды және/немесе өзгеге беру шарттарын жасауға, қарауға және кейіннен оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге қызметті жүзеге асыру.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттігі сенімхатпен куәландырылады.
      3. Патенттік сенім білдірілген өкіл селекциялық жетістіктерге өтінімдер беруге және/немесе қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты істерді жүргізуге сенімхаттың көшірмесін берген жағдайда, онда көрсетілген өтінім немесе қарсылық берген сәттен бастап үш ай ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға немесе сараптама жасау ұйымына сенімхаттық түпнұсқасын ұсынуға міндетті. Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус растаған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасы берілуге тиіс.
      4. Егер патенттік сенім білдірілген өкіл осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғалардың атынан өкілдік етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
      15-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері
                қайтарып алу және күшін жою
      1. Патенттік сенім білдірілген өкіл Аттестаттау комиссиясының шешімімен:
      1) өзінің Аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
      3) патенттік сенім білдірілген өкіл өз міндеттерін алақол орындаған не ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда;
      4) патенттік сенім білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
      5) патенттік сенім білдірілген өкіл қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
      6) патенттік сенім білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
      7) патенттік сенім білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда;
      8) осы Заңның 15-бабының 1-тармағының жетінші абзацында көрсетілген аттестаттаудан өтпеген жағдайда Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
      2. Патенттік сенім білдірілген өкіл осы баптың 1-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған жағдайда, Аттестаттау комиссияның шешімімен куәліктің күші жойылады. Куәліктің күшін жою туралы мәліметтер Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі патенттік сенім білдірілген өкілдің өзінің немесе үшінші тұлғалардың өтінішінің негізінде Аттестаттау комиссияның шешімімен кері қайтарып алынады.
      Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларының негіздері бойынша Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкілді Тізілімнен шығаруға себеп болған негіздердің тоқтатылу шартымен ол Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл ішінде Аттестаттау комиссиясына өтініш беріп, біліктілік емтиханын қайта тапсырмай-ақ, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген негіздердің жойылу фактісін анықтайды.
      4. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған тұлға, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарылып алынады немесе оның күші жойылады.
      5. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.
      Апелляциялық комиссия жеке және/немесе заңды тұлғалардың олардың пікірі бойынша қолданыстағы заңнаманы бұза отырып құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаған патенттік сенім білдірілген өкілдердің әрекеттеріне берілген өтініштерді қарайтын алқалы орган болып табылады.
      Патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекетіне шағым берген тұлғалар және өздеріне қатысты осындай шағымдар берілген патенттік сенім білдірілген өкілдер апелляциялық комиссияның отырысына қатысады.
      Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай:
      1) патенттік сенім білдірілген өкілді Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізілімінен шығару туралы;
      2) дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты немесе объективті шешім қабылдауға ықпал ететін мән-жайлар анықталғанға дейін шағымды қарауды ауыстыру туралы;
      3) тараптардың біреуінің болмауына байланысты шағымды қараусыз қалдыру туралы;
      4) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.
      Апелляциялық комиссияның шешімі дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағымдануға болады.
      Апелляциялық комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.»;
      7. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
      «31) кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке немесе заңды тұлғалардың тауар таңбасы мен қызмет көрсету таңбасы ретінде пайдалану үшін Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігі болып табылатын белгілерді келіседі не келісуден бас тартады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
              Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады