"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1472 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық
қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21 құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      1) 44-баптың 1-тармағының оныншы бөлігі «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» деген сөздерден кейін «, жобалық қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «секьюритилендіру және» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 50-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аралық тарату балансын жасаған кезде таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезіндегі жобалық борышы бойынша, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезіндегі облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарызының шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ көрсетілген облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Көрсетілген мүлік пен Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезіндегі облигациялары бойынша, жобалық қаржыландыру кезіндегі жобалық борышы бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді кредиторлармен есеп айырысу үшін тарату комиссиясы ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.»;
      5) 59-баптың 1-тармағы «(Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      1) 731-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда келешектегі талапты беру кезінде ақшалай талапты беруге жасалған қаржыландыру шарты жасалған сәттен бастап ол қаржы агентіне ауысты деп саналады.»;
      2) 738-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде
                  ақшалай талапты басқаға беру
      Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде ақшалай талапты басқаға беруді қаржыландыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамалық актісінде белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, осы тараудың ережелері жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелеріне қолданылады.».
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 12-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      1) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «зейнетақымен қамсыздандыру,» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру,» деген сөздермен толықтырылсын.
      4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат):
      1) 165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «зейнетақымен қамсыздандыру,» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.
      5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармақшасының төртінші абзацы «Қазақстан
Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 8-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы «секьюритилендіру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың төртінші бөлігі «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың 6) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 74-1-баптың 1-1-тармағында:
      «массасына Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      «және Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      «немесе Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлеміндегі «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын.
      6. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      1) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «талаптары» деген сөзден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 71-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «тізіліміне Қазақстан
Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 74-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезіндегі жобалық борышы бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру кезіндегі облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарызының шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ көрсетілген облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы оларды туындаған немесе мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру кезіндегі облигациялары бойынша қамтамасыз ету және жобалық қаржыландыру кезіндегі жобалық борышы бойынша қамтамасыз ету болып табылатын көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлармен есеп айырысу үшін тарату комиссиясы ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.».
      7. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
      1) 23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «(Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.
      8. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 23-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      1) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің он үшінші абзацындағы «компаниялары жатады.» деген сөздер «компаниялары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары жатады.».
      9. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      1) 9-баптың 1-1-тармағындағы «секьюритилендіру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.
      10. «Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы»;
      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландыру және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқығын беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының құқықтық ережесін айқындайды.»;
      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы қаржы компаниясы - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оған талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
      2) арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражаты - активтер, міндеттемелер, меншікті капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесі аяқталғаннан кейін алынған (шеккен) кірістер (залалдар). Бөлінген активтер арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатына кірмейді;
      3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары - эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар;
      4) аффилиирленген тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәмілеге байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда);
      5) базалық шарт - орындаушы мен тапсырыс берушінің арасындағы мүлікті жасауға немесе сатып алуға, және оны пайдаланудан немесе іске асырудан ұзақ мерзімдік жүйелік қаржы төлемдерін алу үшін қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіруге және/немесе сатып алуға арналған шарт;
      6) базалық шарт объектісі - орындаушының базалық шарт бойынша қызметтерді көрсетуі, жұмыстарды орындауы, базалық шарт бойынша тауарларды өндіруі немесе тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы нәтижесінде құрылатын мүлік;
      7) бөлінген активтер - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген ақшалай талаптар, арнайы қаржы компаниясының және басқа тұлғалардың банктік шоттарындағы, өздеріне берілген талап ету құқықтары бойынша алынған ақша, арнайы қаржы компаниясының көрсетілген ақша қаражатын инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының міндеттемелерінің орындалуын қосымша қамтамасыз етуді құру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;
      8) бөлінген активтер бойынша бөлектеп есепке алу - бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік балансына енгізбеу;
      9) дебитор - қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға;
      10) жобалық борыш - орындаушының жобалық қаржыландыру кезінде
бөлінген активтермен қамтамасыз етілген қарыз шарты және (немесе)
облигациялар шығару негізіндегі міндеттемесі немесе арнайы қаржы компаниясының қарыз шарты және (немесе) облигациялар шығару негізіндегі міндеттемесі;
      11) жобалық қаржыландыру - жобаны іске асырудың нәтижесінде пайда болатын мүлікті пайдаланғаны немесе иелік еткені үшін күтілетін жүйелік қаржылық төлемдер қамтамасыз ету болып табылатын, талап ету құқығын беру жолымен ұзақ мерзімді жобаны іске асыру үшін қаржыландыруды ұйымдастыру әдісі;
      12) жобалық қаржыландыру мәмілесі - тапсырыс берушінің,
орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де
тұлғалардың базалық шарт объектісін құру немесе сатып алу, жобалық қарыз бойынша міндеттемелерді орындау немесе қамтамасыз ету мақсатында өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге бағытталған азаматтық-құқықтық шарттардың жиынтығынан көрінетін іс-қимылы;
      13) жобалық қаржыландыру мәмілесіне қатысушылар - жобалық қаржыландыру мәмілесі нәтижесінде құқықтар мен міндеттерге ие болған тапсырыс беруші, орындаушы, арнайы қаржы компаниясы, кредиторлар және өзге де тұлғалар;
      14) инвестициялық портфельді басқарушы - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясына уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөнінде қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
      15) кредитор - облигация ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру ұсынылған жағдайда базалық шарт бойынша тапсырыс беруші;
      16) қосымша қамтамасыз ету - арнайы қаржы компаниясының кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын үшінші тұлғалардың есебінен кепілдік, кепілгерлік, кепілзат түрінде, сондай-ақ шарттарда көзделген өзге де жолдармен қамтамасыз ету әдістері;
      17) мемлекет - оның атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар базалық шарт жасауға уәкілеттік берген мемлекеттік органдар әрекет ететін Қазақстан Республикасы;
      18) оригинатор - секьюритилендіру мәмілесін жасасу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      19) орындаушы - базалық шарт негізінде қызметтер көрсететін, жұмыстар орындайтын, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіретін және (немесе) сатып алатын тауарларды жеткізетін заңды тұлға;
      20) секьюритилендіру - бөлінген активтермен қамтамасыз етілген
облигацияларды шығару арқылы ақшалай талапты беру негізіндегі қаржыландыру;
      21) секьюритилендіру мәмілесі - арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару;
      22) талап ету құқықтары - талап ету құқықтарын беру шартын жасасқан сәттегі қазіргі ақшалай талаптар (қазіргі ақшалай талаптар), сонымен қатар қазіргі міндеттемеден немесе болашақ міндеттемеден келешекте туындайтын ақшалай талаптар (келешектегі талап ету құқықтары);
      23) талап ету құқықтары бойынша түсімдер - дебиторлардың міндеттемелері бойынша ақшалай нысандағы түсімдер, сондай-ақ базалық шарт объектісін пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардан түсетін түсімдер;
      24) талап ету құқықтарының біркелкілігі - талап ету құқықтарының облигациялар шығару проспектісінде айқындалған жалпы объективті өлшемге сәйкестігі;
      25) тапсырыс беруші - базалық шарт негізінде олардың пайдасына қызметтер көрсетілетін, жұмыстар орындалатын, тауарлар өндірілетін және (немесе) сатып алынатын мемлекет, заңды немесе жеке тұлға;
      26) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
      4) 2-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және
              секьюритилендіру туралы заңнамасы»;
      1-тармақ «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ «өзгеше белгіленбесе,» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 4-бапта:
      1-тармақ:
      «өзге тұлға» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесіне қатысу үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақта тіркелген, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар арнайы қаржы компаниясының дауыс беретін акциялары мен үлестерін тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) басқаруға құқылы емес»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельдің басқарушысымен шарт негізінде бөлінген активтерді тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыруға міндетті.»;
      4-тармақ алып тасталсын;
      6) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
      «4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының басқару органдарын
                қалыптастырудың ерекшеліктері
      Арнайы қаржы компаниясының басқару органдарының құрамына кредиторлардың талабы бойынша олардың мүдделерін білдіретін және арнайы қаржы компаниясының жарғысына сәйкес белгіленген өкілеттіктері бар тұлғалар енгізіледі. Алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар тұлғаның арнайы қаржы компаниясының басқару органдарында қызмет атқаруға құқығы жоқ.
      4-2-бап. Арнайы қаржы компаниясы қызметінің ерекшеліктері
      1. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы
компаниясы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
      1) жобалық қаржыландыру мәмілелерін іске асыру мақсатында бөлінген активтермен қамтамасыз етілген қарыз шарттарын жасасуға;
      2) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруға;
      3) базалық шарт бойынша орындаушының ақшалай талаптарын басқаға беру негізінде қаржыландыру шартын жасасуға;
      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшалай қаражатты инвестициялауды жүзеге асыруға;
      5) кредиторлардың мүддесіне жобалық қаржыландыру мәмілесін іске асыру үшін қажетті, осы бапта белгіленген шектеулерге қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
      2. Арнайы қаржы компаниясының:
      1) құрылтайшы (қатысушы) болуға және (немесе) басқа заңды тұлғалардың акцияларын (үлестерін) сатып алуға, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктер құруға;
      2) жобалық борыш бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін
акционерлерге дивидендтер төлеуге немесе таза пайданы серіктестік
қатысушыларының арасында бөлуге;
      3) кредиторлардың келісімінсіз талап ету құқықтарын қайта беруді жүзеге асыруға;
      4) жобалық қаржыландыру мәмілелеріне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      3. Жобалық қаржыландыру мәмілесіне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыру арнайы қаржы компаниясы үшін құқықтар мен міндеттердің пайда болуына әкелмейді.»;
      7) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
      «5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептілігі
      Арнайы қаржы компаниясы тұрақты түрдегі есептілікті арнайы қаржы компаниясы мен кредиторлардың арасындағы қарыз шарттарында немесе арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару талаптарында көзделген тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ осы Заңның 13-бабына сәйкес жүргізеді.»;
      8) 6-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5, 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Жобалық қаржыландыру мәмілесі үшін құрылған арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру және тарату осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      4. Жобалық қаржыландыру мәмілесі үшін құрылған арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға жобалық борыш бойынша міндеттемелер толық орындалған жағдайда ғана жол беріледі.
      5. Жобалық борыш бойынша міндеттемелер толық орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, оның барлық кредиторларының келісімі болған кезде, арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді оның қатысушылары немесе акционерлері қабылдауы мүмкін.
      6. Арнайы қаржы компаниясының банкроттық рәсімін жүзеге асыру және оны тарату кезіндегі өндіріп алуды бөлінген активтерге айналдыруға жол берілмейді. Арнайы қаржы компаниясын тарату кезінде бөлінген активтер оның кредиторларына немесе құқық мирасқорларына олардың талаптарына пропорционалды түрде беріледі.»;
      9) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тараулармен толықтырылсын:
      «2-1-тарау. Бөлінген активтер
      6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі
      1. Бөлінген активтерді қалыптастыру базалық шарт бойынша жобалық қаржыландыру кезінде орындаушының талап ету құқықтарын беру нәтижесінде, сондай-ақ секьюритилендіру кезінде оригинатордың талап ету құқықтарын арнайы қаржы компаниясының пайдасына беру нәтижесінде және жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру мәмілелерінде қосымша қамтамасыз етуді құру бойынша өзге де шарттардың нәтижесінде жүзеге асырылады.
      2. Бөлінген активтер жобалық борыш пен шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін арнайы қаржы компаниясының өз қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесілі кез келген өзге активтерден бөлек болады.
      3. Жобалық борыш толық өтелгенге дейін бөлінген активтердің құқықтық тәртібі осы Заңға сәйкес анықталады.
      4. Бөлінген активтер жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде тек қана кредиторлардың құқықтарын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Бөлінген активтерді басқа мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді.
      Бөлінген активтер инвестициялық портфельді басқарушының қызметіне және осы жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру мәмілесіне байланысты шығыстарды төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
      5. Өндіріп алуды бөлінген активтерге айналдыруға жол берілмейді.
      6. Өндіріп алуды жобалық борышты және арнайы қаржы компаниясының шығарған облигацияларын қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерге айналдыру тек қана арнайы қаржы компаниясының міндеттемелерін орындау үшін мүмкін болады.
      6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару
      1. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді
басқаруға арналған шарттың негізінде инвестициялауды жүзеге асырады.
      Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін шарттарда және тәртіппен жасалады.
      2. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада көзделген шарттардан басқа инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт мыналарды:
      1) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
      2) инвестициялық портфель басқарушысының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесінің қатысушыларымен өзара, оның ішінде қосымша қамтамасыз етуді құру бойынша шарттар жасасу жөніндегі іс-қимыл тәртібін;
      3) кредиторларға немесе олардың өкіліне және уәкілетті органға ақпаратты ашу тәртібін;
      4) бөлінген активтердің көмегімен сатып алуға болатын уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарының тізбесін қамтуы тиіс.
      3. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт, шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар мынадай жағдайлардың бірінде:
      1) шарт тараптарының біреуінің бастамасы бойынша;
      2) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға уәкілетті орган берген инвестициялық портфель басқарушысы лицензиясының қолданылуы тоқтаған кезде бұзылуы мүмкін.
      Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шартты бұзуға бастамашылық етуші шарт тарабын бұзу күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
      Инвестициялық портфельді басқарушы бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырылған жағдайларында инвестициялық портфель басқарушысы бұл туралы үш күнтізбелік күн ішінде арнайы қаржы компаниясын жазбаша хабардар етуге міндетті.
      Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт жаңа инвестициялық портфель басқарушысына берілетін арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салыстыру рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылды деп саналады.
      6-3-бап. Инвестициялық портфель басқарушысының жауапкершілігі
      Арнайы қаржы компаниясы белгіленген бұзу күніне дейін жиырма күн бұрын инвестициялық портфельдің тиісінше басқарылмауы себебінен болған залалдың өтелуін талап еткені сияқты оны хабардар ете отырып, инвестициялық портфель басқарушысымен шартты бір жақты бұзуға құқылы. Инвестициялық портфель басқарушысы арнайы қаржы компаниясының алдында оған тиесілі барлық мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауапты болады. Инвестициялық портфель басқарушысы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша түскен ақшаның нысаналы пайдалануын басқаруды жүргізеді және олардың есебін бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
      2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру
      6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы
      1. Жобалық қаржыландыру кезінде тапсырыс беруші қызмет көрсету, жұмыстарды орындау, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру және (немесе) сатып алу нәтижесінде ұзақ мерзімді негізде жүйелі қаржылық түсімдер құқығын иеленетін орындаушымен базалық шарт жасасады.
      2. Орындаушы өз міндеттемелерінің орындалуын базалық шарт бойынша талап ету құқықтарын беру жолымен қамтамасыз ете отырып және (немесе) өзге қамтамасыз етуді ұсыну жолымен кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығарады немесе арнайы қаржы компаниясынан қаржыландыру алады.
      3. Кредиторлар өзара келісімнің негізінде орындаушымен және (немесе) арнайы қаржы компаниясымен қарым-қатынасындағы өздерінің құқықтары мен міндеттерінің орындалу тәртібі мен шартын, сонымен қатар кредиторлар міндеттерін қанағаттандырудың кезектілігін алдын ала қарастыра, кредиторлар мүдделерінің өкілі болып табылатын өкілетті өкілді айқындай алады.
      4. Егер жобалық қаржыландыру мәмілесінде тараптардың бірі мемлекет болса, жобалық қаржыландыру тек қана жобалық қаржыландыру мәмілесін іске асыру үшін құрылатын арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.
      5. Егер кредиторлардың кем дегенде біреуі бұл туралы талап етсе, жобалық қаржыландыру арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс.
      6. Базалық шартты бұзу және ол бойынша оның қатысушыларының
міндеттемелерді орындаудан бас тартуы осы Заңда ескерілген мемлекеттің қатысуымен болатын жобалық қаржыландыру кезіндегі қарым-қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес іске асырылады.
      6-5-бап. Талап ету құқықтарын беру
      1. Орындаушы кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына өзіне тиесілі талап ету құқығын береді. Берілетін талаптарға үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбауға тиіс. Берілетін талап ету құқықтарын беру шарттары мен көлемі шартпен айқындалады.
      2. Талап ету құқықтарын беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Талап ету құқықтарын беру туралы шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
      3. Орындаушы келешектегі талапты беру кезінде осы құқықты басқа тұлғаларға беру мүмкіндігінсіз талап ету құқығын беру туралы шарт жасалған сәтте ол кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына ауысады.
      4. Орындаушы кредиторлардың немесе арнайы қаржы компаниясының алдында оларға берілген талап ету құқықтарының шынайылығы үшін жауап береді, бірақ, егер талап ету құқығын беру шартында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің және базалық шарт объектісін пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардың осы талапты орындауы үшін жауап бермейді.
      6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық
               қаржыландыру
      1. Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелерінің орындалуын бөлінген активтермен қамтамасыз ете отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасуды және (немесе) облигациялар шығаруды жүзеге асырады.
      2. Арнайы қаржы компаниясы талап ету құқықтарын беретін қаржыландыру шартына сәйкес оның базалық шарт бойынша міндеттемелерін іске асыру мақсатында орындаушыға ақшаны немесе базалық шартқа сәйкес қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау, тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндіру және (немесе) сатып алу нәтижесінде орындаушының шеккен шығыстарын береді.
      6-7-бап. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын объектілерге меншік
               құқығы
      Мемлекеттің қатысуымен базалық шарт бойынша құрылатын объектілерге меншік құқығы мемлекетке тиесілі болады.
      6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері
      1. Мемлекет «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және шарттарда тапсырыс беруші ретінде жобалық қаржыландыруға қатысады.
      2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекет жобалық қаржыландыру шарттарында іске асыратын
инвестициялық жобаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайды.
      4. Мемлекетке талап ету құқықтары базалық шарт объектісін пайдалануға берген сәттен бастап қойылуы мүмкін.
      5. Мемлекетке талап ету құқықтарын беру кезінде қосымша қамтамасыз етуді құру жағдайларын қоспағанда, базалық шарт объектісін пайдаланудан түскен түсімдердің осындай шартта белгіленген көрсеткіштерден асып түсуі мемлекеттің берілген талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерінің азаю есебіне жатқызылады. Егер базалық шарт мемлекетке талап ету құқықтарын беруді көздемеген жағдайда, базалық шарт объектісін пайдаланудан түскен түсімдердің онда белгіленген көрсеткіштерден асып түсуі базалық шарт объектісінің меншік иесі болып табылатын мемлекеттің пайдасына жіберіледі.
      6. Базалық шарт бойынша орындаушы өзінің кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына жүргізген талап ету құқықтарын беруі туралы мемлекетті күнтізбелік он күнде жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
      6-9-бап. Мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру мәмілелері
               үшін арнайы қаржы компаниясын құру
      Мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру мәмілелері үшін арнайы қаржы компаниясын құруды орындаушы жүзеге асырады.
      6-10-бап. Мемлекеттің қатысуымен жобалық қаржыландыру кезінде
                орындаушыны ауыстыру
      1. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес базалық шарттың елеулі талаптары бұзылған жағдайда оның кез келген кезеңінде шартты орындаудан біржақты бас тарту арқылы орындаушыны оны шартты орындаудың тоқталуына күнтізбелік он бес күн қалғанға дейін міндетті түрде ескертумен ауыстыруды жүргізуге құқылы.
      2. Орындаушыны ауыстыру кезінде тапсырыс беруші базалық шарттың елеулі талаптары бұзылу фактілері туралы кредиторларды хабардар етуге міндетті, ал кредиторлар хабарлама алынған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уақытша орындаушының кандидатурасын ұсынады.
      3. Кредиторлар ұсынған уақытша орындаушының кандидатурасы оның алдындағы орындаушыны таңдау кезінде қойылған талаптарға сәйкес болуға тиіс.
      4. Тапсырыс беруші уақытша орындаушының кандидатурасын бекітуге келісімін кешіктірген немесе келісім беруден бас тартқан жағдайда келісім беруден мұндай бас тартуға және кешіктіруге негіздеме беруге тиіс.
      5. Уақытша орындаушының кандидатурасын келісу кредиторлар оны ұсынған сәттен бастап отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
      6. Орындаушыны ауыстыру базалық шарт объектісінің құрылысын аяқтағанға дейін болған жағдайда онда ол уақытша немесе жаңа орындаушының талабына сәйкес объектінің құрылысы аяқталған кезде олардың шығындарының орнын толтыруы тиіс.
      7. Уақытша орындаушы мен тапсырыс берушінің арасында уақытша орындаушының кандидатурасын келісу күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде базалық шарт бойынша орындаушыны ауыстыру туралы шарт жасалуы тиіс, онда уақытша орындаушының тапсырыс беруші алдындағы жауапкершілік талаптарын қоса алғанда, оның құқықтары мен міндеттерінің көлемі айқындалады. Базалық шарт бойынша орындаушыны ауыстыру туралы шартта өзгеше белгіленбесе, уақытша орындаушының құқықтық мирасқорлығы базалық шарт бойынша орындаушыны ауыстыру туралы шарт жасалу сәтіндегі орындаушының құқықтары мен міндеттерінің толық көлемінде жүзеге асырылады. Істеп тұрған орындаушымен базалық шарт, базалық шарт бойынша орындаушыны ауыстыру туралы шарт жасалу сәтінен бастап бұзылды деп саналады. Уақытша орындаушы базалық шарт бойынша құқықтары мен міндеттерін тапсырыс беруші жаңа орындаушыны таңдағанға дейін жүзеге асырады.
      8. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау және жеңімпазды
анықтау Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес, концессионерді таңдауға ұқсас, конкурс өткізу жолымен мынадай талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады:
      1) базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында өткізілетін конкурстың шарттары мен талаптары базалық шарт бойынша орындаушыны анықтау бойынша алдыңғы өткізілген конкурс негізінде жасалған базалық шарттың талаптарына сәйкес белгіленеді;
      2) оның негізінде базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында конкурс өткізіліп отырған конкурстық құжаттаманың ережелері қайталама конкурс өткізілу сәтіне жаңа орындаушы, іс жүзінде орындағандарды ескере отырып өзгерген ережелерді қоспағанда, алдыңғы конкурстың конкурстық құжаттамасының ережелеріне сәйкес келуі тиіс;
      3) базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында конкурстық талаптар, жаңа орындаушының кредиторлармен келісілген және базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында конкурс өткізуге арналған конкурстық құжаттамада көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы бойынша міндеттемені қамтуы тиіс.
      9. Уақытша орындаушының құқықтары мен міндеттері жаңа орындаушы мен мемлекет арасында базалық шарт жасалған сәттен бастап тоқтатылады.
      10. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушы таңдалған жағдайда базалық шарттың талаптары уақытша орындаушының іс жүзінде орындаған міндеттерге байланысты өзгерістерді және базалық шарттың алдыңғы талаптарына қарағанда неғұрлым пайдалы талаптарды қамтитын жаңа орындаушы ұсынған ұсыныстарды ескереді.
      6-11-бап. Жобалық борышты қалыптастыру
      Жобалық борыш базалық шарт бойынша орындаушы мен кредиторлардың немесе кредиторлар мен арнайы қаржы компаниясының арасында қарыз шарттары жасалған кезде, сондай-ақ жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығару нәтижесінде қалыптасады.
      6-12-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығарудың
                ерекшеліктері
      1. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларының эмиссиясы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларының эмиссиясын жүзеге асыруға құқылы.
      3. Арнайы қаржы компаниясы облигацияларының проспекті Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көрсетілгендерден басқа, мыналарды:
      1) ақшалай талаптардың сипаттамасын, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттары мен болжамды мерзімдерін;
      2) арнайы қаржы компаниясының осы Заңның талаптарына сәйкес облигацияларды орналастыру нәтижесінде алған ақшасының нысаналы мақсатын;
      3) облигацияларды ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтерді;
      4) облигацияларды ұстаушылар өкілінің өкілеттіктерін;
      5) олардың өкілінің облигацияларды ұстаушыларға есептерді табыс ету тәртібін;
      6) облигациялық бағдарлама шегінде әртүрлі облигациялар шығарылымдарын өтеу кезектілігін;
      7) құнды қағаздарды ұстаушыларға базалық шарт объектісіне меншік иесінің ауысуы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының басқару органдарына кіруі жөнінде ақпарат берудің тәртібін;
      8) бөлінген активтер арқылы орындалатын жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсету және активтерді инвестициялық басқаруға қатысты арнайы қаржы компаниясының шығыстар тізімін;
      9) бөлінген активтер бойынша түсетін ақшалай түсімдердің болжамды тізбесін қамтуы тиіс.
      4. Облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар шығарылымын қоспағанда, арнайы қаржы компаниясы бір жобалық қаржыландыру мәмілесінің шеңберінде кейіннен облигациялар шығарылымын жүзеге асыруға құқығы жоқ.»;
      10) 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      11) 8 және 10-баптар алып тасталсын;
      12) 12-бапта:
      2-тармақтағы «басқарушы агент» деген сөздер «инвестициялық портфельді басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі «басқарушы агент» деген сөздер «инвестициялық портфельді басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігі алып тасталсын;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) инвестициялық портфельді басқарушының талабы бойынша»;
      13) 13-баптың 3-тармағы «тәртібі» деген сөзден кейін «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама да және» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 14-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы «басқарушы агент» деген сөздер «инвестициялық
портфельді басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;»;
      15) 15-баптың тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.
      11. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады.».
      12. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат, 2010 ж., № 15, 23-құжат):
      1) 19-баптың 6-тармағында:
      бірінші бөлігі «қаржылық ұйымдардан» деген сөздерден кейін «және арнайы қаржы компанияларынан» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлігі «Қаржылық ұйымдар» деген сөздерден кейін «мен арнайы қаржы компаниялары» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 20-баптың 4-тармағындағы және 6-тармағының 3-тармақшасындағы «секьюритилендіру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады