"Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 148 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбеде көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы «__» _____
___ Жарлығымен  
бекітілген     

Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі

Р/с

Атауы

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мерзімі

Мемлекет тік бағдарламаларды іске асыру мерзімі

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу мерзімі

1

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

2010 жылғы 1 наурызға дейін

2010 - 2014 жылдар

2010 жылғы 1 сәуірге дейін

2

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2010 жылғы 1 сәуірге дейін

2011 - 2020 жылдар

2010 жылғы 1 мамырға дейін

3

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

2010 жылғы 1 сәуірге дейін

2011 - 2015 жылдар

2010 жылғы 1 мамырға дейін

4

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2010 жылғы 1 қазанға дейін

2011 - 2020 жылдар

2010 жылғы 1 қарашаға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады