Жек дуадақ жұмыртқасын жинау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 230 Қаулысы

      Оңтүстік Қазақстан облысында жек дуадақ өсіру питомнигінде аналық басын құру мақсатында арнайы жасалған жағдайларда оларды қолдан өсіру және кейіннен тіршілік ету ортасына шығару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 20 наурыз - 30 маусым кезеңінде мына аумақтарда 400 дана жек дуадақ жұмыртқасын жинау жүзеге асырылсын:
      Алматы облысында - 50 дана;
      Шығыс Қазақстан облысында - 150 дана;
      Қарағанды облысында - 50 дана;
      Оңтүстік Қазақстан облысында - 150 дана.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) белгіленген тәртіппен «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген аумақтарда 400 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат берсін;
      2) жек дуадақ жұмыртқасы жиналатын орындарда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады