"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 263 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар):
      1) 26-бапта:
      бірінші бөлігінде «Еңбек шартын» деген сөздер «1. Еңбек шартын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «2. Егер мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде өзінің лауазымдық өкілеттіктері бойынша адам коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанындағы бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не аталған коммерциялық ұйымның қызметі көрсетілген адамның құзыретіне сәйкес сол адаммен тікелей байланысты болған болса, көрсетілген адам мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы оған коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға жол берілмейді. Бұл талапты бұзу көрсетілген адаммен еңбек шартын бұзуға әкеп соғады.»;
      2) 61-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) осы Кодекстің 26-бабының 2-тармағында көрсетілген адаммен еңбек шарты жасалған;».
      2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 744-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж, № 23, 114-құжат; 2009 ж, № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар):
      1) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Мемлекеттік функцияларды орындауға үміткер адамдарға және мемлекеттік ұйымдарда, мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдарда басқару функцияларын орындауға үміткер адамдарға қойылатын арнайы талаптар»;
      1-тармағындағы «не осындай міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген органдар мен ұйымдарда мемлекеттік лауазым атқаруға» деген сөздер «, мемлекеттік лауазымдар атқаруға не мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару міндеттерін орындауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары мемлекеттік лауазым атқаруға үміткер адамдар өздеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы мәніне арнайы тексеруді қолдану мүмкіндігі туралы міндеттеме алады.
      Мұндай лауазымдардың тізбесін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы мәніне арнайы тексерісті жүзеге асыру тетігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      2) 10-баптың 1-тармағындағы «2) және 4) тармақшаларында» деген сөздер «2) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 11-баптың 1-тармағында «(осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;
      4) 12-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлігінде:
      «1-тармағында» деген сөздер «1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға» деген сөздер «ал бос тұрған төмен лауазым болмаған жағдайда - заңда белгіленген тәртіппен қызметке толық сәйкес келмеуі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бір құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаса, заңда белгіленген тәртіппен қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқаруын тоқтатуға әкеп соғады.»;
      5) 13-баптың 3-тармағында:
      бірінші бөлігінде «қызметін төмендетуге, қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға» деген сөздер «қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқаруын тоқтатуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      6) 19-баптың екінші сөйлемінде «жоюы мүмкін» деген сөздер «жояды» деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      біліктілік талаптары - мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
      лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам;
      лауазымдық өкілеттік - заңнамада белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік;
      мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты - мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын әкімшілік лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін сыныптамалық сипаттамасы;
      мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;
      мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі;
      мемлекеттік қызметші - мемлекеттік органда заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
      мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі - өзінің лауазымдық өкілеттігін орындау кезінде мемлекеттік қызметшінің мүліктік пайда, игіліктер мен артықшылықтарды алу мүмкіндігі;
      мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерде белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі;
      мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауапты болатын мемлекеттік қызметші;
      мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі мен оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян келтіруге қабілетті қайшылық туындайтын жағдай;
      ротация - мемлекеттік саяси қызметшілерді мемлекеттік органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің арасында лауазымдық ауыстыру.»;
      2) 9-бапта:
      1-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақта:
      «үлгі», «тиісті мемлекеттік органның басшылары бекітетін» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Лауазымдық нұсқаулықты мемлекеттік органның басшысы бекітеді, оның осы өкілеттіктерді жауапты хатшыға, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және өзге де адамдарға беруге құқығы бар.»;
      3) 10-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөліктегі «осы адамдарға» деген сөздер «осы адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші сөйлемдермен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік қызметші мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін нотариалды куәландырылған күнінен бастап он күн мерзімде жұмыс орны бойынша кадр қызметіне береді. Мемлекеттік қызметшілердің мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      4-тармақтың 7) тармақшасындағы «адамдарды қабылдауға болмайды.» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәніне арнайы тексеруден өтпеген адамдарды қабылдауға болмайды.»;
      5-тармақ алып тасталсын;
      4) 12-тармақта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған күнінен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді.»;
      3-тармақтың бірінші сөйлемінде «қоспағанда,» деген сөзден кейін «өз өкілеттігін кемінде алты ай атқарған» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 14-баптың 8-тармағындағы «Мемлекеттік органның басшысы» деген сөздер «Тағайындауға құқығы бар адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 17-баптың 2-тармағында «орган басшысының» деген сөзден кейін «не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамның» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:
      «18-2 бап. Мүдделер қақтығысы
      1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруына тыйым салынады.
      2. Мемлекеттік қызметші мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.
      3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте мемлекеттік қызметші өзінің тікелей басшысына немесе мемлекеттік органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
      Тікелей басшысы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшінің өтініші бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысына жол бермеу және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның ішінде:
      1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруды басқа адамға тапсыруға;
      2) мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін өзгертуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшінің келісімімен оны басқа лауазымға ауыстыруға тиіс.
      4. Мемлекеттік қызметші, оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларына жол бермеу және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.»;
      8) 22-баптың 4-тармағындағы бірінші сөйлемінде «мемлекеттік орган басшысының» деген сөздерден кейін «не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамның» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 27-бапта:
      1-тармақта:
      1-1)тармақшада:
      «бір жылға» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-4), 7-5) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-4) мемлекеттік қызметке кірісу кезінде мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттар мен мәліметтерді тапсыру;
      7-5) мемлекеттік лауазымға тағайындалу кезінде осы Заңда бекітілген талаптарға сәйкес келмеу;
      9-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы мәніне арнайы тексерудің теріс нәтижелері;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5), 7), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларына сәйкес жұмыстан босатылған адамдар теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдар болып саналады.»;
      6) 28-бапта:
      1-тармақта:
      «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны,» деген сөздер «теріс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарды өз еркімен жұмыстан босатқаны, мүдделер қақтығысына жол бермеу және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) қызметін төмендету;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қызметін төмендету түріндегі тәртіптік жаза бос тұрған төмен мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда қолданылады.»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бір теріс қылық үшін қайтадан қолдануға болмайды;»;
      7) 28-1-бапта:
      2-тармағындағы «үш айдан кешіктірілмей,» деген сөздерден кейін «, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктерілмей,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметшінің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бір жылдық және үш айлық тәртіптік жаза қолдану мерзімі еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.».

      2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады