"Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (езге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 323 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісім жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің     
2010 жылғы «__» ________
№ ____ Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНҒАН      

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге қол қою туралы КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
      Тараптардың бюджеттеріне кедендік әкелу баждарының (өзге баждардың, балама әрекеті бар салықтар мен алымдардың) уақтылы және толық түсуіне өзара мүдделілікке сүйене отырып,
      осы мақсатта бір-біріне жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты оларды төлеу бойынша міндет Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес осы Келісімде белгіленген кедендік әкелу баждарының есепке алу және бөлу тәртібін қолдану басталған күнінен туындаған кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және Тараптар арасында бөлу тәртібін анықтайды.
      Осы кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу және Тараптар арасында бөлу тәртібі кеден одағының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік әкелу баждарының сомасына есептелген өсімақылардың (проценттердің) сомасына қатысты да қолданылады.

2-бап

      Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      кедендік әкелу баждары - кеден одағының кеден аумағына тауарларды әкелуге байланысты тараптардың кеден органдары алатын міндетті төлем;
      уәкілетті орган - Тараптың бюджеттің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын осы Тараптың мемлекеттік органы;
      уәкілетті органның бірыңғай шоты - осы Тараптың бюджеттері арасында түсімдерді есепке алу мен бөлу үшін уәкілетті органға ұлттық (орталық) банкте не ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда ашылған шот;
      шетел валютасындағы шот - басқа Тараптардың кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін түсімдерді есепке алу үшін осы мемлекеттің уәкілетті органына ұлттық (орталық) банкте екінші Тараптың валютасында ашылған шот;
      мерзімін өткізіп алғаны үшін процент - Тараптың кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін соманы аудару жөніндегі міндеттемелерін орындамауына, толық орындамауына және (немесе) уақтылы орындамауына әкеп соқтырған осы Келісімді бұзғаны үшін Тараптың басқа Тараптарға аударуына жататын сома;
      есепті күн - уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомасын есепке алу жүзеге асырылатын Тараптың жұмыс күні;
      ағымдағы күн - есепті күнгі кедендік әкелу баждарының сомасын бөлу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын Тараптық есептіден кейінгі жұмыс күні.
      Осы Келісімде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер, егер кедендік одақтың шарт-құқықтық базасында көрсетілген терминдер пайдаланылмаса, олар кеден одағының шарттық-құқықтық базасында не Тараптардың ұлттық заңнамасында пайдаланылатын мағынада қолданылады.

3-бап

      1. Кедендік әкелу баждары кедендік одақтың кеден заңнамасына сәйкес, оның ішінде кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік әкелу баждарын өндіріп алу кезінде Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотына олар төленуі тиіс ұлттық валютада есепке алуға жатады.
      Кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне салықтар мен алымдар, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес төлеуге жататын уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен өзге де төлемдер есепке алынуы мүмкін.
      Кедендік әкелу баждары өзге төлемдерді төлеу есебіне есепке алынбайды.
      Кедендік әкелу баждарын төлеушілер уәкілетті органның бірыңғай шотына жекелеген төлем (нұсқаулықтарымен) (есептеу) құжаттарымен төлейді.
      2. Уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақша қаражатына сот актілерін орындау тәртібімен немесе қандай да бір өзге тәсілмен өндіріп алу айналымға түспейді.
      3. Кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін сома бойынша Тараптардың бюджеттері арасында берешектің пайда болуына жол берілмейді.
      4. Тараптардың әрқайсысының уәкілетті органдары мынадай түсімдерді ерекше ескереді:
      уәкілетті органның бірыңғай шотындағы кедендік әкелу баждары түсімдерінің (қайтаруларының) сомасы;
      басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылған бөлінген кедендік әкелу баждарының сомасы;
      Тараптың кедендік әкелу баждары сомасын бөлуден осы Тараптың бюджетіне есепке алынған кірістер сомасы;
      басқа Тараптардан Тараптың бюджетіне түскен кедендік әкелу баждарының сомасы;
      Тараптың бюджетіне түскен осы Келісімде белгіленген мерзімін өткізіп алғаны үшін проценттердің сомасы;
      басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аудару тоқтатылған, бөлінген кедендік әкелу баждарының сомасы.
      Жоғарыда көрсетілген түсімдер Тараптардың әрқайсысының бюджеттің атқарылуы туралы есебінде оқшау түрде көрсетіледі.
      5. Тараптың күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күні Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен кедендік әкелу баждарының сомасы есепті жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
      Тараптың күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде бөлінген кедендік әкелу баждарының сомасы Тараптың ағымдағы жылдың екінші жұмыс күнінен кешіктірмей осы Тараптың бюджетіне және басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылады, сондай-ақ есепті жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
      Басқа Тараптардың күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде Тараптың бюджетіне басқа Тараптардың уәкілетті органдарынан түскен кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін кірістер ағымдағы жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

4-бап

      1. Төлеушіге кедендік әкелу баждарының артық төленген (артық өндіріп алынған) сомасын қайтару ұлттық (орталық) банк есепті күні орындауға қабылдамаған кедендік әкелу баждарының қайтару сомасын ескере отырып, уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен және есепті күні есепке алынған кедендік әкелу баждарының сомасы шегінде ағымдағы күні уәкілетті органның бірыңғай шотынан жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотынан төлеушіге артық төленген (артық өндіріп алынған) кедендік әкелу баждарының сомасын қайтару уәкілетті органның бірыңғай шотына қайтаруды жүзеге асырған күні түскен (ескерілген) кедендік әкелу баждарының сомасы шегінде есепті күні жүзеге асырылады.
      2. Ағымдағы күні қайтаруға жататын әкелінетін кеден баждарының қайтару сомасын анықтау түскен кедендік әкелу баждарын Тараптардың бюджеттері арасында бөлгенге дейін жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған кезде көрсетілген қайтаруды Тарап келесі күндері жүзеге асырады. Төлеушіге кедендік әкелу баждарын уақтылы қайтармағаны үшін өсімақылар (проценттер) төлеушіге осы Тараптың бюджетінен төленеді және кедендік әкелу баждарының құрамына енгізілмейді.

5-бап

      1. Тараптың уәкілетті органы Тараптар арасында кедендік әкелу баждарының сомасын бөлуді уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомасы есепке алынатын күннен кейін Тараптың келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады.
      Кедендік әкелу баждарының сомасын Қазақстан Республикасы уәкілетті органының Тараптар арасында бөлуі кедендік әкелу баждарының сомасын уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке алған күні жүзеге асырылады.
      2. Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотынан осы Тараптың бюджетіне, сондай-ақ басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударуға жататын кедендік әкелу баждарының сомасын есептеу Тараптар арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасын процентпен белгіленетін бөлу нормативтеріне көбейту жолымен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте Тараптардың бюджеттеріне бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасы ұлттық (орталық) банк орындауға қабылдамаған есепті күні кедендік әкелу баждарын қайтару сомасын ескере отырып, есепті күні түскен (уәкілетті орган орындаған есептеумен) кедендік әкелу баждарының сомасынан ағымдағы күні төлеушілерге қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомасын шегеру жолымен анықталады.
      Ағымдағы күні орындауға жататын кедендік әкелу бажының сомасын төлеушіге қайтаруды ұлттық (орталық) банк орындауға қабылдамаған жағдайда, осы сома Тараптың келесі жұмыс күнінде Тараптар арасында бөлуге жатады. Бұл ретте осы тармаққа сәйкес басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған кедендік әкелу баждарының сомасы бір күнге кешіктірілген болып танылады.
      3. Әрбір Тарап үшін кедендік әкелу баждарының сомасын бөлу нормативтері мынадай мөлшерде белгіленеді:
      Беларусь Республикасы - 4,70 %;
      Қазақстан Республикасы — 7,33 %;
      Ресей Федерациясы - 87,97 %.
      4. Тараптарға кедендік әкелу баждарының сомасын аударуды уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке алу күнінен кейін Тараптың келесі жұмыс күнінде басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына Тараптардың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      Тараптарға кедендік әкелу баждарының сомасын аударуға тапсырманы уәкілетті орган басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына одан әрі аудару үшін жергілікті уақыт бойынша күн сайын сағат 14-ке дейін жіберуге тиіс. Көрсетілген тапсырмада кедендік әкелу баждарын бөлу жүзеге асырылатын күн және Тараптардың бюджеттері арасында бөлуге жататын ұлттық валютадағы сома көрсетіледі.
      Егер осы тармақта көрсетілген тапсырма ағымдағы күні осы уақыттан кеш жіберілген жағдайда, тиісті төлем бір күнге кешіктірілді деп танылады.
      5. Осы Келісімге сәйкес Тараптардың уәкілетті органдарынан шетел валютасындағы шоттарға түскен кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін соманы Тараптың бюджетінің кірісіне аудару тәртібі осы Келісімнің 1-қосымшасымен реттеледі.
      6. Кедендік әкелу баждарын бөлу және Тараптардың бюджеттеріне аудару сомасын есепке алуды уәкілетті органдар жүзеге асырады.

6-бап

      1. Тараптардың уәкілетті органдары арасында осы Келісімді іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу үш жақты тәртіппен келісілген нысандар бойынша осы Келісімнің 2-қосымшасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Ақпарат алмасу нысандарын Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімге қол қойылған күннен бастап екі айдың ішінде, бірақ осы Келісімде белгіленген кеден баждарын есепке алу және бөлу тәртібін қолдану басталған күннен кешіктірмей келіседі.
      2. Тараптың уәкілетті органы кезекті күнтізбелік жыл басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей басқа Тараптардың уәкілетті органдарын осы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс істемейтін күндер туралы хабардар етеді.
      Жұмыс істемейтін күндер өзгерген жағдайда осындай өзгерістер болатын Тараптың уәкілетті органы басқа Тараптардың уәкілетті органдарын көрсетілген өзгерістер туралы мұндай өзгерістер күшіне енгенге дейін екі күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.
      3. Кедендік әкелу баждарының сомасы аударуға жататын шетел валютасындағы шот деректемелері өзгерген жағдайда осы Тараптың уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енген күнге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей басқа Тараптардың уәкілетті органдарына шоттың нақтыланған деректемелерін жеткізеді.
      Келісімді іске асыру үшін қажетті өзге деректер өзгерген жағдайда уәкілетті орган көрсетілген өзгерістер күшіне енген күнге дейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей басқа Тараптардың уәкілетті органдарына көрсетілген өзгерістер туралы ақпаратты жеткізеді.
      4. Тараптар арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының сомасы болмаған кезде Тараптың уәкілетті органы осы Келісімде белгіленген мерзімде ақша қаражатын басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударуға банк тапсырмасын ұлттық (орталық) банкке жіберу үшін электрондық байланыс арналарымен басқа Тараптардың уәкілетті органдарына тиісті ақпаратты осы ақпаратты қамтитын құжаттың графикалық электрондық көшірмесі түрінде жібереді.
      5. Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі есептеу әдісінде кедендік әкелу баждарын есепке алуды жүргізудің бірыңғай қағидаттарына негізделген келісілген ережелерді қолдануды қамтамасыз етеді.

7-бап

      1. Қандай да бір Тарап осы Келісімде белгіленген мерзімде ақша қаражатын шетел валютасындағы шотқа аудармаған немесе толық аудармаған және осы Тараптың уәкілетті органынан бөлуге жататын кедендік әкелу баждары сомасының жоқ екендігі туралы ақпарат түспеген кезде шетел валютасындағы шотына ақша қаражаты түспеген Тараптың уәкілетті органы ақша қаражатын аудармағаны немесе толық аудармағаны туралы Тараптардың уәкілетті органдарын және Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етеді.
      2. Осы Келісімге сәйкес бір немесе екі басқа Тараптың бюджетіне бөлінген кедендік әкелу баждарының сомасын аудармаған Тарап шетел валютасындағы шоттарына тиісті ақша қаражаты түспеген осы басқа Тараптарға кедендік әкелу бажын бөлуден түсетін сома басқа Тарапқа (екі басқа Тарапқа) аударылмаған күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін 0,1 % мөлшеріндегі ставка бойынша пайда болған берешектің барлық сомасына мерзімін өткізіп алғаны үшін проценттер төлейді.
      3. Тарап кедендік әкелу бажының сомасы іс жүзінде болған жағдайда таратылуы тиіс көрсетілген соманың жоқ екендігі туралы ақпарат жіберген жағдайда, сондай-ақ уәкілетті органның бірыңғай шотынан басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына ақша қаражатын толық аудармаған кезде осы Келісімді осыған ұқсас бұзуға жол берген Тарап Тараптық келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Келісімді бұзуға байланысты басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған сомаға сүйене отырып, осы Келісімге сәйкес басқа Тараптардың бюджеттеріне есепке алуға жататын кедендік әкелу баждарын бөлуден түсетін соманы басқа Тараптарға аударуға міндетті.
      Бұл ретте осындай бұзушылыққа жол берген Тарап осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшерде мерзімін өткізіп алғаны үшін проценттер төлейді, ол осы тармаққа сәйкес Тараптарға ақша қаражатын аудару жүзеге асырылған күнді қоспағанда, осы Келісімнің ережелері бұзылған күннен басталатын уақыт кезеңі деп танылады.
      4. Қандай да бір Тараптан ақша қаражаты түспеген (толық түспеген) және осы Тараптың уәкілетті органынан Тараптар арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждары сомасының жоқтығы туралы хабарлама болмаған кезде шетел валютасындағы шотына ақша қаражаты түспеген Тараптың уәкілетті органы осындай түспеген (толық түспеген) күннен кейін Тараптың үшінші жұмыс күніне өзінің бірыңғай шотынан бірінші Тараптың шетел валютасындағы шотына кедендік әкелу баждарын аударуды тоқтата тұруына құқығы бар.
      5. Тарап кедендік әкелу баждарының сомасын аударуды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда басқа Тараптың шетел валютасындағы шотына аударуға жататын ақша қаражаты аударуды тоқтата тұру туралы шешім жойылғанға дейін бірінші Тарап бюджетінің кірісіне есепке алуға жатады және осы Тараптың бюджетінде ерекше ескеріледі.
      6. Кедендік әкелу баждарының сомасын басқа Тараптың шетел валютасындағы шотына аударуды тоқтатып қойған Тараптың уәкілетті органы осындай шешім қабылданғанға дейін Тараптардың уәкілетті органдарын және кеден одағы Комиссиясының Хатшылығын қабылданатын шешім туралы хабардар етеді.
      7. Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы ақша қаражатын аударуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей толық көлемде кедендік әкелу баждарының сомасын бөлу тетігінің жұмыс істеуін жылдамдатып қалпына келтіру мақсатында Тараптармен консультациялар жүргізеді.
      8. Тараптардың қандай да бірінің кедендік әкелу баждарының сомасын аударуын қалпына келтіру туралы шешім қабылдау мүмкін болмаған кезде осы мәселе бойынша Кеден одағы комиссиясының отырысы өткізіледі.
      Кеден одағы комиссиясының кедендік әкелу баждарының сомасын бөлу тетігінің жұмыс істеуін қалпына келтіру туралы шешім қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда осы мәселе Еуразия экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесінің (кедендік одақтың жоғары органы) отырысына шығарылады.
      9. Кеден одағының комиссиясы немесе Еуразия экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесі (кеден одағының жоғары органы) кедендік әкелу баждарының сомасын аударуды қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған кезде осы баптың 5-тармағына көрсетілген сома қабылданған шешім туралы хабарлама алған күннен кейінгі Тараптың жұмыс күнінен кешіктірмей осы Келісімге сәйкес олар арналған Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударуға жатады, бұл ретте көрсетілген сомаға мерзімін өткізіп алғаны үшін проценттер есептелмейді.
      10. Қандай да бір Тарап шетел валютасындағы шоттарға аудармаған бөлінген кедендік әкелу баждарының сомасы, сондай-ақ АҚШ долларындағы соманы аудару жөніндегі міндеттемелердің Тараптардың ұлттық (орталық) банктері орындамаған сомасы мемлекеттік борышқа жатқызылады.

8-бап

      1. Кеден одағының комиссиясы Еуразия экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесіне (кеден одағының жоғары органы) осы Келісімнің орындалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.
      2. Осы Келісімнің орындалуын бақылауды Кеден одағының комиссиясы жүзеге асырады.
      3. Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша түскен кедендік әкелу баждары сомасын есепке алу және бөлу тәртібінің сақталуын бақылау (аудит) үшін Тараптардың уәкілетті, кеден және өзге мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен, тартылған өзге мамандардан арнайы комитет құрылуы мүмкін.
      4. Ресей Федерациясының Есеп палатасы, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жыл сайын Тараптардың уәкілетті органдарының осы Келісім ережелерін сақтауын тексереді.
      5. Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат алмасудың бірыңғай тәртібін анықтайды.

9-бап

      1. Осы Келісімнің 1 және 2-қосымшалары оның ажыратылмас бөлігі болып табылады.
      2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажыралмас бөлігі болып табылатын хаттамалармен ресімделеді.

10-бап

      Тараптар арасындағы осы Келісімді талқылауға және (немесе) қолдануға байланысты даулар мүдделі Тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сотына қарауға беріледі.

11-бап

      Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтауға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен анықталады.

12-бап

      1. Келісім күшіне енген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Тараптардың уәкілетті органдары Тараптардан түсетін кедендік әкелу баждары аударуға жататын шетел валютасындағы шоттар туралы ақпарат және осы Келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының сомасын аударуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа ақпарат алмасуды жүргізеді.
      2. Осы Келісімде белгіленген кедендік әкелу баждарын есепке алу және тарату тәртібінің жұмыс істеуінің басталу күні туралы шешімді үкімет басшыларының деңгейінде Еуразия экономикалық қоғамдастығының Мемлекетаралық Кеңесі (кеден одағының жоғары органы) қабылдайды.
      3. Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы осы Келісім күшіне енген күннен бастап алты айдың ішінде кедендік әкелу баждарын төлеушілердің Ресей Федерациясы уәкілетті органының бірыңғай шотына және Беларусь Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотына жекелеген есеп (төлем) құжаттарымен (нұсқаулықтарымен) төлеуін қамтамасыз етеді.

      2010 жылғы «___» ___________ _____________ қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кедендік одақ комиссиясының Хатшылығында сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

      Беларусь Республикасы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін

      Ресей Федерациясы үшін

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын
(өзге баждарды, балама әрекеті бар   
салықтар мен алымдарды) есепке алудың 
және бөлудің тәртібін белгілеу мен  
қолдану туралы келісімге       
1-қосымша               

      1. Бір (бірінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкі басқа (екінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкіне Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес екінші Тараптың уәкілетті органының шетел валютасындағы шотқа аударылған бірінші Тараптың ұлттық валютасының сомасына тең бірінші Тараптың ұлттық валютасындағы сома үшін АҚШ долларындағы ақшалай қаражатты сатуға міндетті. Осы тармаққа сәйкес сатылатын АҚШ долларындағы сома екінші Тараптың уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына бірінші Тараптың ұлттық валютасында ақшалай қаражатты аударған күннен кейінгі жұмыс күніне бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі белгілеген бірінші Тараптың ұлттық валютасының АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша анықталады.
      1-қосымшаның осы тармағымен белгіленген (бұдан әрі - Келісімге Қосымша) АҚШ долларындағы ақшалай қаражатты сату міндетін бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі екінші Тараптың уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына бірінші Тараптың ұлттық валютасына баламалы соманы аударған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей орындауы тиіс.
      Бұл ретте осы тармақта белгіленген АҚШ долларындағы ақшалай қаражатты сату міндетін бірінші Тарап және үшінші Тарап арасындағы, не екінші Тарап және үшінші Тарап арасындағы қатынастарда ұқсас құқықтарды іске асыруға және міндеттемелерді орындауға қарамастан, әрбір Тараптың ұлттық (орталық) банкі орындауы тиіс.
      Екі Тараптың ұлттық (орталық) банктері АҚШ долларындағы ақшалай қаражатты аудару бойынша қарсы міндеттемелерді, оның ішінде Келісімге осы қосымшаның 1-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелерді және Келісімге осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес өсімпұл төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды ұлттық (орталық) банк аудару жолымен жүзеге асырады, оның АҚШ долларындағы міндеттемелерінің шамасы екінші ұлттық (орталық) банктің АҚШ долларындағы қарсы міндеттемелерінің, көрсетілген қарсы міндеттемелердің шамалары арасындағы айырмаға тең сомада екінші ұлттық (орталық) банкке берілетін АҚШ долларындағы ақшалай қаражаттың шамасынан асады.
      Осы тармақта көрсетілген АҚШ долларындағы ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарды өтеу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
      бірінші кезекте Келісімге осы қосымшаның 3-тармағына сәйкес өсімпұлды төлеу туралы талаптар қанағаттандырылады;
      екінші кезекте орындалу мерзімі басталған және мерзімі өткен болып табылмайтын міндеттемелер бойынша талаптар қанағаттандырылады;
      үшінші кезекте Келісімге осы қосымшаның 1-тармағының екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелер бойынша талаптар қанағаттандырылады;
      Келісімге қосымшаның осы тармағында көрсетілген бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің АҚШ долларындағы ақшалай қаражатты екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне сату міндеттемесі бойынша бірінші Тарап екінші Тарап алдында бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкімен ортақ жауапкершілікте болады.
      2. Бірінші Тарап пен екінші Тарап арасында одан әрі өзара есеп айырысуды жүргізу мақсаты үшін Келісімге осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің АҚШ долларындағы ақшалай қаражатты екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне сату міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне қойылатын талаптар екінші Тараптың уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына бірінші Тараптың ұлттық валютасында ақшалай қаражатты аударған күнінен кейінгі келесі жұмыс күні бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ долларында тіркеледі.
      3. Келісімге осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің АҚШ долларындағы ақшалай қаражатты екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне сату міндеттемесінің орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі не бірінші Тарап мынадай формула бойынша есептелетін өсімпұл төлеуге міндетті:

      Өсімпүл = СомаUSD х LIBORUSD,o/n+2% х Күндер, онда
                             360

      СомаUSD          = бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі аударуға
                     жататын АҚШ долларындағы сома;
      LIBORUSD,o/n   = Британ Банкирлерінің Қауымдастығы (British
                     Bankers Association, BBA) орындамау не тиісінше
                     орындамау басталған күн үшін белгілеген жылдық
                     проценттерде АҚШ доллары бойынша бір күнгі LIBOR
                     ставкасы;
      Күндер       = орындамау не тиісінше орындамау күнінен бастап
                     (қоса алғанда) міндеттемені тиісінше орындау
                     күніне дейін (міндеттемені тиісінше орындау
                     күнін қоспағанда) есептелетін күнтізбелік күн
                     саны.
      4. Келісімнің осы қосымшасының 1-тармағында көрсетілген міндеттемені бірінші Тарап орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда өзіне қатысты орындамау немесе тиісінше орындамау болған екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі, Келісімнің осы қосымшасының 3-тармағына сәйкес өсімпұл төлеу туралы талапты қоса алғанда, ақылы негізде орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеме бойынша талапты екінші Тарапқа бірінші Тарап пен бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің келісімінсіз және оларға алдын ала хабарламастан беруге құқылы.
      5. Тараптың ұлттық (орталық) банкі екінші Тараптың міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, оның ішінде екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Үкіметтің не Тараптың уәкілетті органының алдында жауапты болмайды.
      6. Бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінде оның Келісімнің осы қосымшасында көзделген есеп айырысуларды жүзеге асыруына байланысты туындайтын шығындар мен зияндар, оның ішінде валюталар бағамының өзгеруі, басқа Тараптар мен басқа Тараптардың ұлттық (орталық) банктері міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларының салдарынан туындайтын шығындар мен зияндар басқа Тараптардың өтеуіне жатпайды. Бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкіне осы тармақта көрсетілген шығындар мен зияндарды өтеу шарттары мен тәртібін бірінші Тарап белгілейді.
      7. Келісімнің осы қосымшасының мақсаттары үшін екі Тарап арасындағы есеп айырысулар (оның ішінде Екі Тараптың ұлттық (орталық) банктері арасындағы есеп айырысулар) жүзеге асырылуы тиіс жұмыс күні деп бір мезгілде осы екі Тарап үшін де және Америка Құрама Штаттары үшін де жұмыс күні болып табылатын күн түсініледі.
      8. Басқа (екінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкінде Келісімге сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ашылған бір (бірінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкінің корреспонденттік шотына, сондай-ақ осы корреспонденттік шотта тұрған ақшалай қаражатқа екінші және үшінші Тараптардың сот және өзге де билік органдары осы корреспонденттік шотта тұрған ақшалай қаражатты пайдалану мүмкіндігін жоққа шығаратын тұтқынға алу, оқшаулау, өзге де қамтамасыз етуші, тыйым салушы немесе шектеуші шараларды қолдана алмайды.
      9. Басқа (екінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкінде Келісімге сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ашылған бір (бірінші) Тараптың ұлттық (орталық) банкінің корреспонденттік шотында тұрған ақшалай қаражатты есептен шығаруға, егер корреспонденттік шот шартының талаптарында өзгеше белгіленбесе, бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің келісімінсіз жол берілмейді.
      10. Келісімнің осы қосымшасының 1-тармағында көрсетілген ақшалай қаражатты АҚШ долларында сату міндетін бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі 30 күнтізбелік күн ішінде толығымен немесе ішінара орындамаса, онда екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкі көрсетілген міндеттемені бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің толық орындау сәтіне дейін бірінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінде  Келісімге сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыруға арнап ашылған екінші Тараптың ұлттық (орталық) банкінің корреспонденттік шотында тұрған бірінші Тараптың ұлттық валютадағы ақшалай қаражатын шектеусіз пайдалануға құқылы.

Кеден одағында кедендік әкелу баждарын 
(өзге баждарды, балама әрекеті бар   
салықтар мен алымдарды) есепке алудың  
және бөлудің тәртібін белгілеу мен   
қолдану туралы келісімге        
2-қосымша                

      1. Тараптың уәкілетті органы күн сайын басқа Тараптардың екі уәкілетті органына жергілікті уақытпен ағымдағы күнгі сағат 16-дан кешіктірмей есепті күнге мынадай ақпаратты жібереді:
      Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотына есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы;
      кедендік әкелу баждарын төлеу шотына уәкілетті органның есепті күндегі орындаған есептеу сомасы;
      кедендік әкелу баждарын есепті күндегі қайтарылған сомасы және жеке ағымдағы күні қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомасы;
      кедендік әкелу баждарын қайтарудың есепті күні ұлттық (орталық) банк орындауға қабылдамаған сомасы;
      кедендік әкелу баждарының Тараптардың арасында бөлінуге тиіс сомасы;
      бөлінген кедендік әкелу баждарының басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аударылған сомасы;
      кедендік әкелу баждарын бөлуден осы Тараптың уәкілетті органының бірыңғай шотынан осы Тараптың бюджетіне аударылған кіріс түсімдерінің сомасы;
      кедендік әкелу баждарын бөлуден уәкілетті органның шотына шетел валютасында түскен кірістердің осы Тараптың бюджетіне түсетін түсімдерінің сомасы;
      бөлінген кедендік әкелу баждарының басқа Тараптардың шетел валютасындағы шоттарына аудару тоқтатып қойылған сомасы;
      Тарапқа Келісімнің орындалуы бұзылған кездегі мерзімін өткізіп алғаны үшін басқа Тараптардан түскен проценттердің сомасы;
      2. Ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-жұмыс күніне Тараптың уәкілетті органы басқа Тараптардың екі уәкілетті органына, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығына осы қосымшаның 1-тармағында белгіленген ақпаратты күнтізбелік жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен жібереді.
      3. Тараптардың уәкілетті органдары алынған ақпаратқа сәйкес деректерді жедел салыстыруды жүзеге асырады.
      Алшақтықтар айқындалған жағдайда хаттама ресімделеді және Тараптар алшақтықтарды реттеу бойынша шаралар қабылдайды.
      4. Тараптың уәкілетті органының Тараптардың басқа екі уәкілетті органына және Кеден одағы комиссиясының Хатшылығына жіберетін ақпаратына, осы Келісімге сәйкес, осы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
      Осы Келісімде көзделген ақпаратты Тараптың уәкілетті органы Тараптардың басқа екі уәкілетті органына және Кеден одағының комиссиясына осы құжаттардың графикалық электрондық көшірмелері түрінде байланыстың электрондық арналарымен жібереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады