Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 284 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 шілдеде № 6067 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекетік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28-2-тармағының 3) тармақшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12590 болып тіркелді), "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18120 болып тіркелді) сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алтай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. "Алтай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика, аграрлық-өнеркәсіп кешені, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Н. Токсеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады