"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 сәуірдегі № 326 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау туралы

      Астанада 2009 жылғы 4 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісім

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі
      екі ел арасындағы дәстүрлі достастық қарым-қатынастарды нығайту, Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің Қазақстан Республикасында болуының тиісті жағдайлары мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Саудия тарапы Қазақстан тарапына Қазақстан Республикасы Елшілігінің объектілерін салу үшін Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласындағы Дипломатиялық қалашықта орналасқан аумағы 1,2 га жер учаскесін кейіннен осындай мерзімге ұзарта отырып, 49 жыл мерзімге өтеусіз жер пайдалану шартымен пайдалану үшін беруге Қазақстан тарапы Саудия тарапына Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу, пайдалану және қызмет көрсету үшін Астана қаласындағы Қарасаз көшесінде орналасқан аумағы 1,8 га жер учаскесін кейіннен осындай мерзімге ұзарта отырып, 49 жыл мерзімге өтеусіз жер пайдалану шартымен пайдалану үшін айырбасқа береді.

2-бап

      2004 жылғы 14 шілдедегі Дипломатиялық өкілдік және Өкіл резиденциясы үшін ұзақ мерзімді өтеусіз жалға алу шартымен пайдалану үшін жер учаскесін беру туралы келісімнің (өзаралық шартымен) 5-бабының |__| тармағы хижра бойынша 1425 жылдың 5 айының 26 күніне сәйкес келетіндіктен, осы Келісімнен туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

3-бап

      Саудия тарапы осы Келісімнің 1-бабына сәйкес берілген жер учаскесін үшінші тараптарға беруге құқылы емес.

4-бап

      Саудия тарапы Қазақстан Республикасының сәулет қала құрылысы және саласындағы заңнамасын сақтауға міндеттенеді.

5-бап

      Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жер учаскелері үшінші тараптардың борыштарынан, құқықтарынан және талаптарынан еркін болып беріледі.

6-бап

      Жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық және басқа да жұмыстар, Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің объектілерін салу сияқты қызметтердің нақты түрлеріне арналған барлық шығыстарды, сондай-ақ ұстауға және жөндеуге, электр, газ, су және жылумен жабдықтау, басқа да нақты қызмет көрсету түрлеріне арналған шығыстарды Саудия тарапы Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтер мен тарифтерге сай дербес төлейді.

7-бап

      Қазақстандық тарап инженерлік желілерді 1-бапта көрсетілген жер учаскесінің шекарасына жеткізуді қамтамасыз етеді және Саудия тарапы Астана қаласының коммуналдық құрылыстарына қосуға арналған бастапқы деректерді уақтылы жеткізгеннен кейін коммуналдық құрылыстарға барлық қажетті қосылуларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді.

8-бап

      Қазақстан тарапы Саудия тарапына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қолданылатын рәсімдерді міндетті түрде сақтаған жағдайда, осы Келісімнің 1-бабына сәйкес Саудия тарапына берілген жер учаскесінде жаңа ғимараттарды жоспарлау мен салу үшін қажетті құрылыс салуға арналған барлық рұқсаттардың, келісімдердің және бекітулердің берілуін ұйымдастыруға уақтылы жәрдем көрсетеді.

9-бап

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешеді.

10-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және 11-бапқа сәйкес күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді.

11-бап

      Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
      2009 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында, әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тілдерінде төрт данада жасалды, бір данасы Қазақстан тарапы үшін, ал үш данасы Саудия тарапы үшін және барлық мәтіннің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қазақстан Республикасының                Сауд Арабиясы Корольдігінің
      Үкіметі үшін                               Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады