Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 331 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2004 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ATOM ЭНЕРГИЯСЫН БЕЙБІТ ПАЙДАЛАНУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ
(2010 жылғы 23 тамызда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2010 ж., N 6, 57-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі,
      Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың екі елдің әлеуметтік және экономикалық жәрдемдесудегі етудегі маңызды фактор болып табылатынын атай отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы орын алған достық қатынастарды дамытуға ұмтыла отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (бұдан әрі - АЭХА) мүшелері және 1968 жылғы 1 шілдедегі Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге (бұдан әрі - ЯҚТК) қатысушы мемлекеттер болып табылатынын мойындай отырып және
      Екі елдің атом энергиясын дамытудағы және бейбіт мақсатта пайдаланудағы ынтымақтастығын кеңейту мен нығайтуға ортақ ұмтылысын назарға ала отырып,
      Мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Мақсаттар

      Осы Келісімнің мақсаты Тараптардың атом энергиясын бейбіт пайдаланудағы ынтымақтастығы үшін, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты өзара тиімді негізде, Тараптардың әрқайсысының құқықтарына қысым жасамай нығайту үшін құқықтық негіз жасау болып табылады.

2-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
      а) «Жабдық» осы Келісімнің А Қосымшасында келтірілген тізімдегі кез келген жабдықтарды, құрылғыларды немесе компоненттерді білдіреді;
      б) «Материал» осы Келісімнің Б Қосымшасында келтірілген тізімдегі кез келген ядролық емес материалды білдіреді;
      в) «Ядролық материал» кез келген бастапқы материалды немесе «арнайы ыдырайтын ядролық материалды» білдіреді, мұндай ұғымдар 1956 жылғы 26 қазандағы АЭХА Жарғысының XX бабында анықталған. Ядролық материал немесе арнайы бөлінетін ядролық материал ретінде қаралатын материалдардың тізімін толықтыратын АЭХА Жарғысының XX бабы бойынша анықталатын АЭХА Басқарушылар Кеңесінің кез келген анықтауы, Тараптардың екеуі де осындай толықтыруды өздері қабылдайтынын бір-біріне жазбаша түрде хабарлағанда, осы Келісім шеңберінде күшінде болады;
      г) «Бөлініп алынатын немесе жанама өнім ретінде алынатын арнайы бөлінетін материал» кез келген ядролық материалды пайдаланумен байланысты бір немесе одан да көп процестердің нәтижесінде өндірілген кез келген арнайы бөлінетін материалды білдіреді;
      д) «Тұлғалар» Тараптардың әрқайсысының мемлекеттерінің заңдық құқығына жататын, бірақ осы Келісімнің Тараптарын қамтымайтын кез келген жеке тұлғаларды, мемлекеттік мекемелерді, компанияларды, бірлестіктерді, қауымдастықтарды, акционерлік қоғамдарды, қоғамдық немесе жеке институттарды, концерндерді, топтарды және басқа да бірлестіктерді білдіреді;
      е) «Ақпарат» беруші Тарап ядролық материалдарды немесе ядролық таратпау мақсаттарына қатысты материалдарды өңдеу үшін жабдықты әзірлеуге, өндіруге, пайдалануға немесе жөндеуге жататындар ретінде қарастыратын ғылыми немесе техникалық деректерді білдіреді.

3-бап
Ынтымақтастық салалары

      Осы Келісім шеңберінде Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай салаларды:
      а) атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді;
      б) атом электр станцияларын, зерттеу реакторларын немесе шағын және орта қуатты реакторларды зерттеу, дамыту, әзірлеу, салу, пайдалану, жөндеу және пайдаланудан алуды;
      в) одан әрі өңдеуге және атом энергетикасында пайдалануға арналған ядролық материалдарды өндіру мен жеткізуді;
      г) ядролық отын элементтерін, жабдықтар, жинақтаушы бұйымдарды, аспаптарды және басқа да ядролық техника құралдарын атом электр станцияларында, зерттеу реакторларында немесе шағын және орта қуатты реакторларда пайдалану үшін өндіру мен жеткізуді;
      д) ядролық материалдармен, радиоактивті заттар және мен қалдықтармен айналысуды қоса алғанда, ядролық-отын циклын;
      е) өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және медицинада радиоактивті изотоптарды өндіру мен қолдануды;
      ж) ядролық қауіпсіздікті, радиациялық қорғау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      з) ядролық кепілдіктер мен физикалық қорғауды;
      и) ядролық саясатты және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметпен айналысатын персоналдың біліктілігін арттыруды;
      к) Тараптардың келісімі бойынша басқа да салаларды қамтуы мүмкін.

4-бап
Ынтымақтастық нысандары

      Осы Келісімнің 3-бабының шеңберіндегі ынтымақтастықтың:
      а) ғылыми-техникалық персоналмен алмасу және дайындау;
      б) ғылыми және техникалық ақпаратпен және деректермен алмасу;
      в) симпозиумдар, семинарлар мен жұмыс топтарын ұйымдастыру;
      г) ядролық материалдар, материалдар, жабдықтар мен технологияларды табыстау;
      д) тиісті техникалық консультациялар мен қызметтер көрсетуді ұсыну;
      е) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және өзара мүдделілікті
білдіретін жобаларды іске асыру нысандарында;
      ж) Тараптардың келісімі бойынша ынтымақтастықтың басқа да
нысандарында болуы мүмкін.

5-бап
Құзыретті органдар мен атқарушы келісімдер

      1. Тараптар осы Келісім шеңберінде олардың елдеріндегі заңнамаларға сәйкес Тараптардың міндеттемелерін орындауына жауапты құзыретті органдарды анықтайды.
      2. Осы Келісім бойынша ынтымақтастықты орындау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес атқарушы келісімдер жасасуы мүмкін.
      3. Өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес құзыретті органдар ынтымақтастық жөніндегі нақты бағдарламалар мен жобалардың ережелері мен шарттарын, жасасылған атқарушы келісімдер бойынша рәсімдер мен қаржылық келісімдерді анықтайды және Тараптардың қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да мәселелер үшін жауапкершілік көтереді.

6-бап
Ақпарат

      1. Тараптар, осындай ақпаратты ұсынған Тарап немесе құзыретті орган осындай ақпаратты пайдалануға немесе таратуға қатысты қандай да бір шектеулер немесе өзінде қалдыру құқысы туралы алдын ала хабарлаған жағдайларын қоспағанда, осы Келісім шарттарына сәйкес өздері алмасқан кез келген ақпаратты еркін пайдалана алады.
      2. Тараптар, Тараптардың бірінің заңдық құқығы шеңберінде құзыретті органдар берген коммерциялық және өндірістік құпияларды және зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қоса алғанда, таратылуына шектеу қойылған ақпараттарды тиісінше қорғауды қамтамасыз ету үшін сол елдердің қолданыстағы заңнамаларына сәйкес барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс. Осы Келісім шеңберінде зияткерлік меншік деп Стокгольмде 1967 жылғы 14 шілдеде қабылданған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Құрылтай конвенциясының 2-бабында берілген анықтама түсініледі.

7-бап
Ядролық материалды, арнайы бөлінетін материалдарды, жабдықтарды, технологиялар мен ақпаратты беру

      1. Осы Келісім шеңберінде ақпаратты, ядролық материалды, арнайы бөлінетін материалдарды, жабдықтар мен технологияларды беру тікелей Тараптардың арасында немесе уәкілетті тұлғалар арқылы жүргізілуі мүмкін. Мұндай берулер осы Келісімнің және Тараптардың келісімі бойынша белгіленуі мүмкін болатын қосымша шарттардың қолданылуына жатады.
      2. Осы Келісімге сәйкес берілген ядролық материалдар, материалдар, жабдық пен ақпарат және арнайы бөлінетін, бөлініп алынатын немесе жанама өнім ретінде алынатын материалдарды алушы Тараптың заңдық құқығынан тысқары үшінші Тараптарға бұған беруші Тараптың жазбаша келісімінсіз берілмеуі тиіс. Тараптар арасында осы ережені іске асыру мақсатында жеке келісім жасасылуы мүмкін.
      3. Ядролық материалдар, материалдар, жабдықтар мен арнайы бөлінетін, бөлініп алынатын немесе жанама өнім ретінде алынатын материалдар:
      а) олар алушы Тараптың заңдық құқығынан тысқары берілгенге;
      б) ядролық материал кепілдік тұрғысынан қандай да бір ядролық қызмет үшін бұдан былай пайдалануға жатпағанға немесе іс жүзінде қалпына келтірілмейтіндей болғанға дейін осы Келісімнің қолданылуына жатуға тиіс. Тараптардың екеуі де АЭХА жасасылған кепілдіктерді қолдану туралы олардың келісімдеріне сәйкес әрекет жасауға тиіс;
      в) қолданыстағы халықаралық құқық нормаларына сәйкес Тараптар басқаша келіспейтін болады.
      4. Осы Келісім шеңберінде берілген ақпарат бұдан кейін де, Тараптар өзге туралы келіскенге дейін, оның қолданылуына жатуға тиіс.

8-бап
Өңдеу және байыту

      1. Осы Келісім шеңберінде берілетін немесе кез келген осындай тәртіппен берілген жабдықта пайдаланылатын уран Тараптардың жазбаша келісімінсіз U-235 изотопы бойынша жиырма (20%) пайызға және одан да көп байытылуы мүмкін емес.
      2. Осы Келісім бойынша берілген ядролық материалдар және Осы  Келісім шеңберінде берілген ядролық материалдарды, жабдықтарды немесе материалдарды пайдаланумен өндірілген ядролық материалдар Тараптардың  жазбаша келісімінсіз өңделуі мүмкін емес.

9-бап
Әскери мақсаттарда және жарылыстар үшін қолдануға тыйым салу

      Осы Келісім шеңберінде берілген ядролық материалдар, материалдар, жабдық пен ақпарат және бөлініп алынатын немесе жанама өнім ретінде алынатын арнайы бөлінетін материалдар ядролық қаруларды,  кез келген жарылыс құрылғыларын дамытуға немесе жасауға не болмаса кез келген әскери мақсаттар үшін пайдаланылуы тиіс емес.

10-бап
Кепілдіктерді қолдану

      1. Осы Келісімнің ядролық материалдарға қатысты 9-бабының ережелері Тараптардың әрқайсысының және АЭХА арасындағы кепілдіктер жөніндегі келісімдерге сәйкес орындалуы тиіс. Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы 1994 жылғы 26 шілдедегі Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты Келісімге (бұдан әрі - Кепілдіктер туралы келісім) сәйкес, Корея Республикасы үшін - Корея Республикасы мен АЭХА арасындағы 1975 жылғы 31 қазандағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты Келісімге (бұдан әрі - Кепілдіктер туралы келісім) сәйкес.
      2. Егер қандай да бір себеп бойынша немесе қандай да бір уақытта АЭХА қандай да бір Тараптың заңдық құқығы шеңберінде осындай кепілдіктерді қолдана алмаса, онда осы Тарап дереу басқа Тараппен АЭХА қағидаттары мен рәсімдерін қанағаттандыратын осы Келісімге сәйкес берілген барлық атауларға кепілдіктерді қолдану жөніндегі Келісім жасасуға тиіс.

11-бап
Физикалық қорғау

      Тараптар осы Келісім шеңберінде берілген ядролық материалдар мен жабдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі АЭХА ұсынған деңгейде, сондай-ақ кез келген қосымша келісімдерде немесе Тараптардың қабылдауы мүмкін толықтыруларында көзделген деңгейлерде тиісті шараларды қолдануы тиіс.

12-бап
Ынтымақтастықты тоқтату

      Егер Тараптардың бірі осы Келісім күшіне енгеннен кейін кез келген сәтте:
      а) 7891011-баптардың шарттарын орындамаса,
      б) Кепілдіктер туралы келісімді тоқтатса немесе бұзса,
      екінші Тарап осы Келісім шеңберіндегі одан әрі ынтымақтастықты тоқтата тұру құқығына ие болады.

13-бап
Дауларды шешу

      1. Тараптар Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша осы Келісімнің орындалуын немесе оның орындалуына жататын мәселелерді қарау үшін келіссөздер мен консультациялар жүргізеді.
      2. Осы Келісімді түсіндіру немесе орындау кезінде туындайтын кез келген даулар Тараптардың келіссөздерінде немесе консультациясы барысында реттелуі тиіс.

14-бап
Күшіне ену және қолданылу мерзімі

      1. Осы Келісім Тараптардың заңнамамен көзделген, оның күшіне енуі үшін қажетті барлық рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді және он жыл ішінде күшін сақтап қалады.
      2. Келісім, егер Тараптардың қандай да біреуі басқа Тарапқа осы Келісімді тоқтату туралы өзінің ниетін жазбаша хабарламаса, келесі бес жылдық кезеңге ұзартылады. Келісім тиісті Тараптың хабарламасын алған күннен кейін алты ай өткенде қолданылуын тоқтатады.
      3. Осы Келісімнің мерзімі өткеніне немесе қолданылуының тоқтатылғанына қарамастан, осы Келісімнің 7, 8, 9, 10 және 11-баптарында бар міндеттемелер, Тараптар өзгеше келісімге келгенге дейін күшінде қалатын болады.

15-бап
Қолданылатын құқық

      Осы Келісім бойынша ынтымақтастық Тараптардың әрқайсысының мемлекетінде қолданылатын заңнамаға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасында жасалған келісімдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

16-бап
Түзетулер

      А және Б-Қосымшалары осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар Тараптардың екеуінің жазбаша келісімімен өзгертілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер 14-бапқа сәйкес күшіне енуі тиіс.
      Осы Келісім Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, бұл осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен тиісті түрде ресімделуге тиіс.
 
      Осыны куәландыру үшін төменде қол қоюшы тиісті үкіметтерімен осыған уәкілеттілер осы Келісімге қол қойды.
 
      2004 жылғы «20» қыркүйекте әрқайсысы қазақ, корей және ағылшын тілдеріндегі екі данада Астана қаласында жасалды, осы Келісімнің барлық мәтіндерінің бірдей күші бар. Түсіндірілуде кез келген келіспеушілік болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.

      Қазақстан Республикасының            Корея Республикасының
           Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін

А қосымшасы

Жабдықтар

       1. Нөлдік энергиялы реакторды қоса алғанда бөлудің басқарылатын өзін-өзі қолдайтын тізбектік реакциясын қолдауға қабілетті ядролық реакторлар (соңғысы ең көп плутоний өндіру деңгейі жылына 100 грамнан аспайтын реакторлар ретінде белгіленеді).
       2. Реакторлардың корпустары: мтелл корпустар - жоғарыдағы 1-тармақта белгіленген және ядролық реактордың бірінші корпусының жылу тасығышының жұмыс қысымына төзімді, ядролық реактордың белсенді аймағын қамту үшін арнайы әзірленген және дайындалған дайын блоктар немесе олардың негізгі дайын бөліктері.
       3. Реакторлық отынды тиеу мен түсіруге арналған машиналар: жоғарыдағы және жүк тиеу операцияларын орындауға қабілетті немесе отынмен жүкті тиеу және түсірудің күрделі операцияларын, мысалы әдетте отынды тікелей көзбен бақылауға немесе еркін енуге мүмкіндік болмайтын операцияларды орындауға мүмкіндік беретін техникалық күрделі позициялық сипатқа ие 1-тармақта белгіленген отынды ядролық реакторға тиеу мен түсіру үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған манипуляторлық жабдық.
       4. Реактордың бақылау стержендері: жоғарыдағы 1-тармақта белгіленген ядролық реактордағы реакцияның өту жылдамдығын басқару үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған стержендер.
       5. Реакторлық қысым құбырлары: отындық элемент пен 50 атмосферадан астам жұмыс қысымды ядролық реактордың (1-тармақта белгіленген) бірінші контурының жылу тасымалдағышы үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған құбырлар.
       6. Цирконий құбырлар: құбыр немесе құбырлардың жиынтығы нысанындағы жылына 500 кг-нан асатын сандағы және әсіресе гафнийдің цирконийге қатысы салмақтық үлесі 1:500-ден аз реакторда (1-тармақта белгіленген) пайдалану үшін әзірленген немесе дайындалған цирконий немесе цирконий балқымалары.
       7. Бірінші контурдағы жылу тасымалдағыштардың сорғысы: ядролық реактордың жоғарыдағы 1-тармақта белгіленген бірінші контурдағы жылу тасымалдағыштарын айналдыру үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған сорғылар.
       8. Ядролық реактордың ішкі құрылысы: белсенді аймақтың қолдаушы колонналарын, отын арналарын, жылу экрандарын, торларды және диффузордың тіліктерді қоса алғанда, жоғарыдағы 1-тармақта белгіленгендей, ядролық реакторда пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған ядролық реактордың ішкі құрылысы.
       9. Жылу алмастырғыш: жоғарыда 1-тармақта айқандалғандай ядролық реакторлардың жылу тасымалдағыштарының бірінші контурында пайдалану үшін әдейі арналған немесе дайындалған жылу алмастырғышатар (бу генераторлары).
       10. Нейтронды детектор және өлшеуіш құрал-саймандар: жоғарыдағы 1-тармақта белгіленгендей, реактордың белсенді аймағындағы нейтрондар ағындарының деңгейін анықтау үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған нейтронды детектор және өлшеуіш құрал-саймандар.
       11. Сәулелеленген отын элементтерін өндіру жөніндегі зауыттар мен осы үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған жабдықтар: сәулеленген отын элементтерін өндіру жөніндегі зауыт қалыпты пайдалану кезінде сәулеленген отын мен негізгі ядролық материалдармен тікелей қатынасқа түсетін және тікелей сәулеленген отынның, ядролық материалдардың және бөліну өнімдерінің өндірістік ағынын басқаратын жабдықтар мен құрамдарды қамтиды.
       12. Отын элементтерін өндіру жөніндегі зауыт: отын элементтерін өндіру жөніндегі зауыт қалыпты пайдалану кезінде тікелей қатынасқа түсетін жабдықтарды немесе ядролық материалдармен өнімдердің технологиялық ағынын өңдеу немесе басқару үшін пайдаланылатын немесе оның көмегімен ядролық материал ТВЭЛ қабығына жатқызылатын жабдықтарды қамтиды.
       13. Уран изотопын бөлуге арналған зауыттар: Уран изотопын белуге арналған зауыт талдамалықты қоспағанда, уран изотопының бөлінуі үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған жабдықтарды, сондай-ақ бөліну процесі үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған жабдықтардың негізгі атауларының әрқайсысын қамтиды.
       14. Ауыр су өндіру жөніндегі зауыттар: ауыр су өндіру жөніндегі зауыт дейтерий немесе оның қоспаларын байыту үшін арнайы әзірленген немесе дайындалған зауыт пен жабдықтарды, сондай-ақ зауыттың жұмысы үшін маңызы бар кез келген бөлшекті қамтиды.

Б қосымшасы

Материал

       1. Дейтерий және ауыр су: дейтерий атомы ұзақтығы 12 ай болатын кез келген кезеңде 200 кг асатын санда ядролық реакторда пайдалануға арналған (А қосымшасының 1-тармағында белгіленгендей) дейтерий және дейтеридің сутегіне қатысы 1:5000 болатын кез келген қоспалары.
       2. Ядролық сападағы графит: тазалығы бір миллионға 5 бөліктен жақсы деңгейіндегі (бор эквивалентінде) және ұзақтығы 12 ай болатын кез келген кезеңде 30 метрлік тоннадан асатын сандағы бір куб сантимердегі тығыздығы 1,50 грам болатын графит.
 
      2004 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің бұл куәландырылған көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                                 Ж. Бұхбантаев

      РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі Келісімнің мәтіні ағылшын, корей тілдерінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады