"Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 377 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы

      1-бап. 1990 жылғы 26 маусымда Стамбулда жасалған Уақытша әкелу туралы конвенция ратификациялансын.
      2-бап. Қазақстан Республикасы Конвенцияның 24-бабының 4-тармағына сәйкес Конвенцияның мынадай қосымшаларын қабылдайды:
      А. «Уақытша әкелу құжаттары туралы (ATA карнеттері мен CPD карнеттері)»;
      В.1. «Көрмелерде, жәрмеңкелерде, конференцияларда немесе осыған ұқсас іс-шараларда көрсетуге немесе пайдалануға арналған тауарлар туралы»;
      В.2. «Кәсіби жабдық туралы»;
      В.3. «Контейнерлер, тұғырлар, орамдар, үлгілер және коммерциялық операцияларға байланысты әкелінген басқа да тауарлар туралы»;
      В.5 «Білім беру, ғылыми немесе мәдени мақсаттар үшін әкелінген тауарлар туралы»;
      В.6 «Туристердің жеке мүлкі мен спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарлар туралы»;
      В.7. «Туристік жарнамалық материал туралы»;
      Мынадай: «Қазақстан Республикасы өзін D қосымшасының 4-бабы 1-тармағының және D қосымшасына Толықтырудың 12, 13-тармақтарының ережесіне байланысты деп санамайды» деген ескертпемен D. «Жануарлар туралы».

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

УАҚЫТША ӘКЕЛУ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
(Стамбул, 1990 жылғы 26 маусым) КІРІСПЕ

      Кедендік ынтымақтастық кеңесінің аясында әзірленген осы Конвенцияның УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРЫ,
      уақытша әкелу туралы халықаралық кедендік конвенциялар санының өсуімен және ыдыраңқылығымен ерекшеленетін қазіргі жағдай қанағаттанғысыз болып табылатындығы фактісін АЙТА ОТЫРЫП,
      болашақта, уақытша әкелудің жаңа объектілерін халықаралық регламенттеуді жүзеге асыру қажет болатын уақытта бұл жағдай бұдан да нашарлауы мүмкін деп САНАЙ ОТЫРЫП,
      сауда және басқа да мүдделі топтар өкілдерінің уақытша әкелуге байланысты формальдылықтарды орындауды оңайлатуға қатысты тілектерін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
      кеден режимдерін оңайлату мен үйлестіру және оның ішінде, уақытша әкелу туралы қолданыстағы барлық конвенцияларды қамти алатын бірыңғай халықаралық шарт қабылдау уақытша әкелуге қатысты қолданыстағы халықаралық қаулыларға қол жеткізуді жеңілдете және халықаралық сауда мен халықаралық алмасудың басқа да нысандарының дамуына тиімді ықпал ете алады деп САНАЙ ОТЫРЫП,
      уақытша әкелу саласында біркелкі ережелерді ұсынатын халықаралық шарт халықаралық алмасулар кезінде айтарлықтай пайда әкеле және Кедендік ынтымақтастық кеңесінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылатын кедендік режимдерді одан әрі оңайлата және үйлестіре алатындығына КӨЗ ЖЕТКІЗЕ ОТЫРЫП,
      экономикалық, гуманитарлық, мәдени, әлеуметтік және туристік мақсаттарға қол жеткізу мақсатында рәсімдерді оңайлату және үйлестіру жолымен уақытша әкелуді жеңілдетуге ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ ОТЫРЫП,
      халықаралық кепілдікпен қатар халықаралық кедендік құжаттар ретінде уақытша әкелу туралы құжаттардың стандартталған түрлерін қабылдау кедендік құжат және кепілдік талап етілетін жағдайларда уақытша әкелу рәсімдерін жеңілдетуге ықпал ететін болады деп САНАЙ ОТЫРЫП,
      мыналар туралы УАҒДАЛАСТЫ:

I тарау Жалпы ережелер Анықтамалар 1-бап

      Осы Конвенцияны қолдану мақсатында төменде келтірілген терминдердің мынадай мағыналары бар:
      a) «уақытша әкелу» -
      белгілі бір мақсатпен әкелінетін және белгілі бір мерзімде оларды пайдалану нәтижесінде табиғи тозуды қоспағанда, қандай да бір өзгеріссіз әкетілетін кейбір тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) әкелу баждары мен алымдарды төлеуден шартты түрде босата отырып және импортқа экономикалық сипаттағы тыйым салуларды немесе шектеулерді қолданбастан кедендік аумаққа әкелуге мүмкіндік беретін кедендік режим;
      b) «әкелу баждары мен алымдар» -
      тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) әкелу кезінде немесе әкелуге байланысты алынатын кедендік баждар мен барлық басқа да баждар, салықтар, алымдар және өзге де сомалар, бірақ көрсетілген қызметтердің шамамен алғандағы құнының көлемі бойынша шектелген төлемдер мен алымдарды қоспағанда;
      c) «кепілдік» -
      бұл кеденді қанағаттандыруда оған қатысты қандай да бір міндеттемені орындауды қамтамасыз ету. Кепілдік бірнеше операциялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етсе, ол жалпы болып саналады;
      d) «уақытша әкелу туралы құжат» -
      кедендік декларацияға теңестірілген, тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және әкелу баждары мен алымдарды төлеуге халықаралық-қолданыстағы кепілдікті қамтитын халықаралық кедендік құжат;
      e) «кеден немесе экономикалық одақ» -
      осы Конвенцияның 24-бабының 1-тармағында айтылған ұйымдардың мүшелері құрған немесе ұйымдастырған және аталған Конвенциямен реттелетін мәселелерде өз мүшелері сақтауы үшін міндетті өзінің дербес заңнамасын қабылдауға, сондай-ақ өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, оны ратификациялауға немесе оған қосылуға қатысты шешімдер қабылдауға өкілетті одақ;
      f) «тұлға» -
      егер түпмәтіннен өзгеше мағына туындамаса, жеке немесе заңды тұлға;
      g) «Кеңес» -
      1950 жылғы 15 желтоқсанда Брюссельде жасалған Кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенцияға сәйкес құрылған ұйым;
      h) «ратификация» -
      ратификация, қабылдау немесе мақұлдау.

II тарау Конвенцияның қолданылу саласы 2-бап

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияда көзделген шарттармен осы Конвенцияға қосымшаларда сөз болатын тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) уақытша әкелуге рұқсат беруге міндеттенеді.
      2. Е қосымшасының ережелері үшін нұқсан келтірместен, уақытша әкелуге әкелу баждары мен алымдарды төлеуден шартты түрде толық босату кезінде және импортқа экономикалық сипаттағы тыйым салулар мен шектеулерді қолданбастан рұқсат беріледі.

Қосымшалардың құрылымы 3-бап

      Әдетте, осы Конвенцияға әрбір қосымша:
      a) осы Қосымшада пайдаланылатын негізгі кедендік терминдердің анықтамаларын;
      b) осы қосымшада сөз болып отырған тауарларға (көлік құралдарын қоса алғанда) қолданылатын ерекше ережелерді қамтиды.

III тарау Ерекше ережелер Құжат және кепілдік 4-бап

      1. Егер қосымшада өзгеше көзделмесе, әрбір Уағдаласушы Тараптың тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) уақытша әкелуді кедендік құжатты көрсетумен және кепілдік ұсынумен негіздеуге құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кепілдік талап етілетін жағдайда уақытша әкелуге байланысты операциялармен ұдайы айналысатын тұлғаларға жалпы кепілдік ұсынуға рұқсат берілуі мүмкін.
      3. Қандай да бір қосымшада көзделген өзге ережелерді қоспағанда, бұл кепілдіктің сомасы өндіріп алу кейінге қалдырылған әкелу баждары мен алымдардың сомасынан аспауы керек.
      4. Ұлттық заңнамада көзделген импортқа тыйым салулар мен шектеулер таралатын тауарларға (көлік құралдарын қоса алғанда) ұлттық заңнаманың ережелерін қанағаттандыратын қосымша кепілдік талап етілуі мүмкін.

Уақытша әкелу туралы құжаттар 5-бап

      Е қосымшасында көрсетілген уақытша әкелу операциялары үшін нұқсан келтірместен, әрбір Уағдаласушы Тарап өздерінің ұлттық кедендік құжаттарының орнына және кепілдік ретінде А қосымшасының 8-бабында айтылған сомаларды, ол қабылдаған басқа да қосымшалардың ережелеріне сәйкес уақытша әкелінген тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) үшін көрсетілген қосымшада белгіленген шарттарға сәйкес берілген және пайдаланылатын, оның аумағында күші бар кез келген уақытша әкелу туралы құжатты қабылдайды.

Сәйкестендіру 6-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) уақытша әкелуді уақытша әкелудің аяқталуы бойынша оларды сәйкестендіру мүмкіндігімен негіздей алады.

Kepi экспорттау мерзімі 7-бап

      1. Уақытша әкелу рәсіміне сәйкес әкелінген тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) оларды уақытша әкелу мақсатына жету үшін жеткілікті белгілі бір мерзім ішінде кері экспорттауға жатады. Бұл мерзім әрбір қосымшада жеке айтылады.
      2. Кеден органдары не әрбір қосымшада көзделген мерзімнен әкетудің неғұрлым кеш мерзімін белгілей алады, не бастапқы мерзімді ұзарта алады.
      3. Уақытша әкелу рәсіміне сәйкес әкелінген тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) оларға тыйым салу және бұл тыйым салу жеке тұлғалардың талабы бойынша салынбауының салдарынан кері әкетілуі мүмкін болмаған жағдайда оларды кері экспорттау туралы міндеттеменің қолданылуы бұл тыйым салудың мерзіміне тоқтатыла тұрады.

Уақытша әкелу құқығын беру 8-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап, бұл туралы өтініш бойынша кез келген басқа тұлғаға, егер ол тұлға:
      а) осы Конвенцияда көзделген шарттарды қанағаттандыратын болса, және
      b) бастапқыда уақытша әкелу режимінің жеңілдіктері таратылған тұлғаның міндеттерін өзіне алса, уақытша әкелу режимін қолдану құқығын беруге рұқсат бере алады.

Уақытша әкелу режимінің қолданылуын тоқтату 9-бап

      Уақытша әкелу режимінің қолданылуы әдетте уақытша әкелу рәсіміне сәйкес әкелінген тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) кері экспорттаумен тоқтатылады.

10-бап

      Уақытша әкелу рәсіміне сәйкес әкелінген тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) бір немесе бірнеше лекпен кері әкетілуі мүмкін.

11-бап

      Уақытша әкелу рәсіміне сәйкес әкелінген тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) олар әкелінген кеденнен өзге кеден арқылы кері әкетілуі мүмкін.

Уақытша әкелу режимінің қолданылуын тоқтатудың басқа мүмкіндіктері 12-бап

      Құзыретті органдардың келісімімен уақытша әкелу режимінің қолданылуы тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) еркін портқа немесе еркін аймаққа, кеден қоймасына орналастыру немесе оларды кейіннен кері экспорттау мақсатында оларға кедендік транзит режимін қолдану жолымен немесе кез келген басқа белгіленген тәртіппен тоқтатылуы мүмкін.

13-бап

      Мән-жайлармен ақталған және ұлттық заңнамамен жол берілген жағдайда және егер бұл жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтар орындалған болса, уақытша әкелу режимінің қолданылуы тауарларды еркін айналыс үшін шығару жолымен тоқтатылуы мүмкін.

14-бап

      1. Егер аварияның немесе дүлей күш әрекетінің нәтижесінде айтарлықтай зақымданған тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) кеден органдарының шешімі бойынша:
      а) уақытша әкелу режимінің қолданылуын тоқтату мақсатында зақымданған күйінде оларды кеденге әкелген күнге алынуы тиіс әкелу баждары мен алымдар алынса;
      b) уақытша әкелу аумағының құзыретті органдарына өтеусіз берілсе; бұл жағдайда уақытша әкелуге байланысты жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға әкелу баждары мен алымдарды төлеу міндетінен босатылады немесе,
      с) мүдделі тараптардың есебінен ресми бақылаумен жойылатын болса, әрі бүтін қалған бөлшектері немесе материалдары оларды еркін айналыс үшін шығарған жағдайда авариядан немесе еңсерілмейтін күш әрекетінен кейін оларды кеденге әкелген күндегі жай-күйіне қарай олардан алынуы тиіс әкелу баждары мен алымдарды салуға жатса, уақытша әкелу режимінің қолданылуы тоқтатылуы мүмкін.
      2. Егер мүдделі тұлғаның өтінуі бойынша және кеден органдарының шешіміне сәйкес тауарларға (көлік құралдарын қоса алғанда) осы баптың 1-тармағының «b» және «с» тармақшаларында көрсетілген шаралар қолданылса да уақытша әкелу режимінің қолданылуы тоқтатылуы мүмкін.
      3. Егер мүдделі тұлға кеден органдарына аварияның немесе дүлей күш әрекетінің салдарынан тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) толық жойылғандығының немесе жоғалғандығының қанағаттанарлық дәлелдемесін әкелсе, бұл тұлғаның өтінуі бойынша да уақытша әкелу режимінің қолданылуы тоқтатылуы мүмкін. Бұл жағдайда, уақытша әкелуге байланысты жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға әкелу баждары мен алымдарды төлеуден босатылады.

IV тарау Түрлі ережелер Формальдылықтарды оңайлату 15-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияда көзделген жеңілдіктерді алуға байланысты кедендік формальдылықтарды барынша азайтады және осы формальдылықтарға қатысты өз ережелерін барынша қысқа мерзімдерде жариялайды.

Алдын ала рұқсат беру 16-бап

      1. Уақытша әкелу оған алдын ала рұқсат алумен негізделген жағдайда, оны тиісті кеден органы мүмкіндігіне қарай барынша қысқа мерзімдерде береді.
      2. Кеденнің рұқсатынан басқа тағы да қандай да бір өзге рұқсат талап етілетін ерекше жағдайларда, ол мүмкіндігіне қарай барынша қысқа мерзімдерде берілуі тиіс.

Ең төменгі жеңілдіктер 17-бап

      Осы Конвенцияның ережелері ең төменгі жеңілдіктерді көздейді және Уағдаласушы Тараптар не бір жақты тәртіппен, не екі жақты немесе көп жақты келісімдердің негізінде беретін немесе болашақта беретін неғұрлым ауқымды жеңілдіктерді қолдану үшін кедергі жасай алмайды.

Кеден немесе экономикалық одақтар 18-бап

      1. Осы Конвенцияны қолдану мақсатында қандай да бір кеден немесе экономикалық одақ құратын Уағдаласушы Тараптардың аумақтары бірыңғай аумақ ретінде қаралуы мүмкін.
      2. Егер бұл ережелер осы Конвенцияда көзделген жеңілдіктерді азайтпайтын болса ғана, осы Конвенция ережелерінің бірде біреуі қандай да бір кеден немесе экономикалық одақ құратын Уағдаласушы Тараптардың осы одақтың аумағына уақытша әкелуге қатысты ерекше ережелерді белгілеу құқығын жоққа шығармайды.

Тыйым салулар мен шектеулер 19-бап

      Осы Конвенцияның ережелері ұлттық заңнамамен енгізілген және адамгершілік немесе қоғамдық тәртіпті қолдау ұғымдары, қоғамдық қауіпсіздік, гигиена немесе денсаулық сақтау, ветеринария немесе фитосанитария ұғымдары немесе жоғалып кету қаупі төніп тұрған жабайы фауна және флора түрлерін қорғауға қатысты немесе авторлық құқықтар мен өндірістік меншік құқықтарын қорғау ұғымдары сияқты экономикалық емес сипаттағы ұғымдарға негізделген тыйым салулар мен шектеулерді қолдануға кедергі жасамайды.

Бұзушылықтар 20-бап

      1. Осы Конвенцияның ережелерін кез келген бұзушылық аталған Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес осы бұзушылық жасалған Уағдаласушы Тараптың аумағында санкцияға әкеп соқтырады.
      2. Бұзушылық жасалған аумақты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ол тіркелген Уағдаласушы Тараптың аумағында жасалды деп есептеледі.

Ақпарат алмасу 21-бап

      Өтініш бойынша және ұлттық заңнамада рұқсат берілген шектерде Уағдаласушы Тараптар бір-біріне осы Конвенцияның ережелерін қолдану үшін қажетті ақпаратты береді.

V тарау Қорытынды ережелер Әкімшілік комитет 22-бап

      1. Әкімшілік комитет осы Конвенцияны қолдану және оны бірдей түсіндіру мен қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу, сондай-ақ оған ұсынылған түзетулерді зерделеу мақсатында құрылады. Ол осы Конвенцияға жаңа қосымшаларды енгізу туралы шешімін қабылдайды.
      2.  Уағдаласушы Тараптар Әкімшілік комитеттің мүшелері болып табылады. Комитет Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын, осы Конвенцияның 24-бабында айтылған ұйымдардың, мемлекеттің немесе кедендік аумақтың кез келген мүшесінің құзыретті органы немесе халықаралық ұйымдардың өкілдері Комитеттің сессияларында оларды қызықтыратын мәселелерді қарау кезінде қадағалаушылар ретінде қатыса алатындығы жөнінде қаулы етуі мүмкін.
      3. Кедендік ынтымақтастық кеңесі Комитетке қажетті хатшылық қызметін ұсынады.
      4. Әрбір сессияда Комитет Төрағаны және Төрағаның орынбасарын сайлайды.
      5. Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары Кеңеске осы Конвенцияға түзетулер енгізу туралы дәлелді ұсыныстарын, сондай-ақ қайсыбір тармақтарды Комитет сессиясының күн тәртібіне енгізу туралы өтініштерін жолдайды. Кеңес бұл ұсыныстарды Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдарының және Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын, осы Конвенцияның 24-бабында айтылған ұйымдардың, мемлекеттердің немесе кедендік аумақтар мүшелерінің назарына жеткізеді.
      6. Комитет белгілеген мерзімде, сондай-ақ кемінде екі Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарының өтініші бойынша Кеңес Комитетті шақырады. Ол алдын ала күн тәртібін Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдарына және Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын, осы Конвенцияның 24-бабында айтылған ұйымдардың, мемлекеттердің немесе кедендік аумақтардың мүшелеріне Комитет сессиясының басталуынан кем дегенде алты апта бұрын жібереді.
      7. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне орай қабылданған Комитет шешімі бойынша Кеңес Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын, осы Конвенцияның 24-бабында айтылған ұйымдардың, мемлекеттердің немесе кедендік аумақтар мүшелерінің құзыретті органдарына, сондай-ақ мүдделі халықаралық ұйымдарға Комитеттің сессиясына өз қадағалаушыларын жіберуді ұсынады.
      8. Ұсыныстар дауысқа салынады. Мәжіліске келген әрбір Уағдаласушы Тараптың бір дауысы болады. Комитетте осы Конвенцияға түзетулер енгізу туралы ұсыныстар болып табылмайтын ұсыныстар Комитеттің қатысушы және дауыс беруші мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Осы Конвенцияға түзетулер туралы ұсыныстар Комитеттің қатысушы және дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.
      9. Осы Конвенцияның 24-бабының 7-тармағын қолданған жағдайда Конвенцияның Тараптары болып табылатын кеден және экономикалық одақтар дауыс беру кезінде осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын оның мүшелерінде бар дауыстар сомасына тең болатын дауыстардың санына ғана ие болады.
      10. Сессия жабылардан бұрын Комитет баяндаманы бекітеді.
      11. Егер Комитет өзгеше шешпесе, осы бапта тиісті ережелер болмаған кезде Кеңес рәсімдерінің ережесі қолданылады.

Дауларды реттеу 23-бап

      1. Екі немесе одан да көп Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау мүмкіндігіне қарай осы Тараптар арасында тікелей келіссөздер жолымен шешіледі.
      2. Тікелей келіссөздер жолымен реттелмеген кез келген дауды дауласушы Тараптар оны қарайтын және оны реттеу бойынша ұсынымдар шығаратын Әкімшілік комитеттің талқылауына береді.
      3. Дауласушы Тараптар Әкімшілік комитеттің ұсынымдарын қабылдауға алдын ала келісуі мүмкін.

Қол қою, ратификациялау және қосылу 24-бап

      1. Кеңестің кез келген мүшесі және Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе оның мамандандырылған мекемелерінің кез келген мүшесі:
      a) ратификациялау туралы ескерту жасамастан оған қол қою;
      b) ратификациялау туралы ескерту жасай отырып қол қойылған Конвенцияны ратификациялау туралы құжатты сақтауға тапсыру, немесе
      c) оған қосылу жолымен осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы бола алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында айтылған ұйымдардың барлық мүшелерінің осы Конвенцияға не барысында ол қабылданатын Кеңес сессиясының кезінде не кейіннен 1991 жылғы 30 маусымға дейін Кеңестің Брюссельдегі штаб-пәтерінде қол қою мүмкіндігі бар. Осы күннен кейін осы ұйымдардың мүшелері Конвенцияға қосыла алады.
      3. Егер Әкімшілік комитеттің өтініші бойынша депозитарий бұл туралы шақыру жолдаса, кез келген жеке кедендік аумақтың осы баптың 1-тармағында айтылған ұйымдардың мүшесі болып табылмайтын, өзінің сауда қатынастарында тәуелсіз, Уағдаласушы Тарап ұсынған, оның дипломатиялық қатынастарын жүзеге асыруға ресми уәкілетті кез келген мемлекеті немесе үкіметі Конвенция күшіне енгеннен кейін оған қосыла отырып, осы Ковенцияның Уағдаласушы Тарабы бола алады.
      4. Осы баптың 1 немесе 3-тармақтарында аталған ұйымдардың, мемлекеттің немесе кедендік аумақтың кез келген мүшесі ратификациялау туралы ескерту жасамастан қол қою кезінде, ратификациялау немесе осы Конвенцияға қосылу кезінде олар қабылдайтын қосымшаларды көрсетеді, әрі олар А қосымшасын және қалай болғанда да тағы бір қосымшаны қабылдауы тиіс. Олар одан әрі депозитарийге бір немесе бірнеше басқа қосымшаларды қабылдау туралы хабарлай алады.
      5. Әкімшілік комитет осы Конвенцияға енгізуді ұйғарған кез келген жаңа Қосымшаны қабылдайтын Уағдаласушы Тараптар осы баптың 4-тармағына сәйкес бұл туралы депозитарийді хабардар етеді.
      6. Уағдаласушы Тараптар депозитарийге осы Конвенцияны қолдану шарттарын немесе осы Ковенцияның 8-бабында және 24-бабының 7-тармағында, А қосымшасының 2-бабының 2 және 3-тармақтарында және Е қосымшасының 4-бабында көзделген ақпаратты хабарлайды. Бұдан басқа, осы қосымшаларды қолданудағы кез келген өзгеріс туралы хабардар етеді.
      7. Осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарының ережелеріне сәйкес кез келген кеден немесе экономикалық одақ осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы бола алады. Мұндай кеден немесе экономикалық одақ депозитарийді осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өз өкілеттіктері туралы хабардар етеді. Осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болып табылатын бұл кеден немесе экономикалық одақ оның құзыретіне енетін мәселелерге қатысты өзінің жеке атынан құқықтарды жүзеге асырады және осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын өзінің мүшелеріне осы Конвенция жүктейтін міндеттерді атқарады. Мұндай жағдайда Одаққа мүше мемлекеттер дауыс беруге қатысу құқығын қоса алғанда, осы құқықтарды жеке-жеке жүзеге асыруға дәрменсіз.

Депозитарий 25-бап

      1. Ратификациялау туралы ескерту жасамастан барлық қол қоюлары бар немесе онсыз осы Конвенция және ратификациялау немесе қосылу туралы барлық құжаттар Кеңестің Бас хатшысында сақталады.
      2. Депозитарий:
      а) осы Конвенцияның түпнұсқа мәтіндерін алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      b) осы Конвенцияның түпнұсқа мәтіндерінің куәландырылған көшірмелерін дайындайды және оларды ұйымдардың мүшелері мен осы Конвенцияның 24-бабының 1 және 7-тармақтарында аталған кеден және экономикалық одақтарға жолдайды;
      с) ратификациялау туралы ескертулері бар немесе онсыз Конвенцияның мәтінін қол қоюға ұсынады, ратификациялау немесе осы Конвенцияға қосылу туралы құжаттарды алады және осы Конвенцияға қатысты барлық құжаттарды, хабардар ету мен хабарламаларды алады және сақтайды;
      d) Конвенцияға немесе осы Конвенцияға қатысты кез келген құжатқа, құлақтандыруға немесе хабарламаға тиісті нысанда қол қойылған-қойылмағанын тексереді және олай болмаған жағдайда мұны тиісті Тараптың назарына жеткізеді;
      е) осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптарын, оған қол қойған басқа елдерді, осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылмайтын Кеңес мүшелерін және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысын:
      - осы Конвенцияның 24-бабында айтылған қосымшаларға қол қоюлар, ратификациялаулар, қосылулар және қабылдаулар;
      - Әкімшілік комитет осы Конвенцияға енгізу қажет деп шешетін жаңа қосымшалар;
      - осы Конвенция және оның әрбір қосымшасы осы Конвенцияның 26-бабына сәйкес күшіне енетін күн;
      - осы Конвенцияның 24, 29, 30 және 32-баптарына сәйкес алынған құлақтандырулар;
      - осы Конвенцияның 31-бабына сәйкес алынған денонсациялар;
      - осы Конвенцияның 32-бабына сәйкес қабылданған деп саналатын түзетулер және олардың күшіне енген күні туралы хабардар етеді.
      3. Қандай да бір Уағдаласушы Тарап пен депозитарийдің арасында соңғысының функцияларын орындауына қатысты қандай да бір келіспеушілік туындаған жағдайда депозитарий немесе осы Уағдаласушы Тарап бұл мәселені басқа Уағдаласушы Тараптардың және Конвенцияға қол қойған Тараптардың немесе қажет болған жағдайда Кеңестің назарына жеткізеді.

Күшіне енуі 26-бап

      1. Осы Конвенцияның 24-бабының 1 және 7-тармақтарында аталған ұйымдардың немесе кеден немесе экономикалық одақтардың бес мүшесі осы Конвенцияға ратификациялау туралы ескертусіз қол қойған немесе өздерінің ратификациялау немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға тапсырған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін осы Конвенция күшіне енеді.
      2. Осы Конвенцияға ратификациялау туралы ескертусіз қол қойған, оны ратификациялаған немесе ұйымдардың немесе кеден немесе экономикалық одақтардың бес мүшесі не осы Конвенцияға ратификациялау туралы ескертусіз қол қойғаннан не ратификациялау немесе қосылу туралы өз құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейін оған қосылған кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты осы Конвенция бұл Уағдаласушы Тарап ратификациялау туралы ескертусіз оған қол қойған немесе өзінің ратификациялау немесе қосылу туралы құжатын сақтауға тапсырған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Осы Конвенцияға кез келген қосымша ұйымдардың немесе кеден немесе экономикалық одақтардың бес мүшесі бұл қосымшаны қабылдаған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін күшіне енеді.
      4. Ұйымдардың немесе кеден немесе экономикалық одақтардың бес мүшесі оны қабылдағаннан кейін қандай да бір қосымшаны қабылдайтын кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты бұл қосымша осы Уағдаласушы Тарап оны қабылдағандығы туралы хабардар еткен күнінен бастап үш ай өткеннен кейін күшіне енеді. Алайда, қандай да бір Уағдаласушы Тарапқа қатысты Конвенцияның өзі күшіне енбей тұрып бірде бір қосымша осы Уағдаласушы Тарапқа қатысты күшіне енбейді.

Қолданысын тоқтату туралы ереже 27-бап

      Қолданысын тоқтату туралы ережесі бар осы Конвенцияның қандай да бір қосымшасы күшіне енген сәттен бастап бұл қосымша осы қосымшаны қабылдаған және осы конвенциялардың Уағдаласушы Тараптары болып табылатын Уағдаласушы Тараптар арасындағы қатынастарда осы ереженің күші жүретін конвенцияның немесе конвенциялар ережесінің күшін жояды және алмастырады.

Конвенция және қосымшалар 28-бап

      1. Осы Конвенцияның мақсаты үшін қандай да бір Уағдаласушы Тарапқа қатысты қолданыстағы қосымшалар осы Конвенцияның ажырамас бөліктері болып табылады; осылайша, осы Уағдаласушы Тарапқа қатысты Конвенцияға жасалған кез келген сілтеме осы қосымшаларға да қолданылады.
      2. Әкімшілік комитетте дауыс беру мақсаты үшін әрбір қосымша жеке Конвенция ретінде қаралады.

Ескертулер 29-бап

      1. Қандай да бір қосымшаны қабылдайтын әрбір Уағдаласушы Тарап, егер осы қосымшаны қабылдау кезінде немесе кейіннен, егер мұндай мүмкіндік тиісті қосымшада көзделсе соны немесе ұлттық заңнама ережелері мен аталған ережелер арасындағы қарама-қайшылықтар туралы хабарлай отырып, оларға қатысты ескерту жасайтын ережелерді депозитарийге көрсетпесе ғана осы қосымшаның барлық ережелерін қабылдайды.
      2. Әрбір бес жыл сайын әрбір Уағдаласушы Тарап өзі ескерту жасаған ережелерді қарайды, оларды ұлттық заңнаманың ережелерімен салыстырады және депозитарийге осы тексерудің нәтижелері туралы хабарлайды.
      3. Ескерту жасаған кез келген Уағдаласушы Тарап кез келген уақытта бұл ескертулер алынып тасталған күн көрсетілген құлақтандыруды депозитарийге жолдай отырып, оларды толық немесе ішінара алып тастай алады.

Аумақтық таралуы 30-бап

      1. Кез келген Уағдаласушы Тарап не ратификациялау туралы ескертусіз кол қою, ратификациялау немесе қосылу кезінде, не кейіннен осы Конвенцияның қолданысы халықаралық қатынастары үшін өзі жауап беретін барлық немесе кейбір аумақтарға таратылатындығы туралы хабардар ете алады. Бұл құлақтандыру оны депозитарий алған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін күшіне енеді. Алайда, бұл Конвенция осы мүдделі Уағдаласушы Тарапқа қатысты күшіне енбей тұрып құлақтандыруда көрсетілген аумақтарға қолданыла алмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес халықаралық қатынастары үшін өзі жауап беретін қандай да бір аумаққа осы Конвенция таратылатындығы туралы хабардар еткен кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның 31-бабында көзделген шарттарға сәйкес депозитарийді бұл аумақ Конвенцияны қолдануын тоқтататындығы туралы хабардар ете алады.

Күшін жою 31-бап

      1. Осы Конвенция белгіленбеген мерзімге жасалды. Алайда кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның 26-бабына сәйкес ол күшіне енген күнінен кейін кез келген уақытта оны денонсациялауы мүмкін.
      2. Күшін жою туралы құлақтандыру депозитарийге тиісті құжатты сақтауға тапсыру жолымен жүзеге асырылады.
      3. Күшін жою депозитарий күшін жою туралы құжатты алған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін күшіне енеді.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері Конвенцияға қосымшаларға қатысты да қолданылады, әрі кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның 26-бабына сәйкес олар күшіне енген күнінен кейін кез келген уақытта бір немесе бірнеше қосымшаларды қабылдауының күшін жоя алады. Барлық қосымшаларды қабылдаудың күшін жоятын Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияны бұзған болып саналады. Бұдан басқа, егер ол басқа қосымшаларды қабылдауын жалғастырса да А қосымшасын қабылдаудың күшін жойған Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияны бұзған болып саналады.

Түзетулер енгізу рәсімі 32-бап

      1. Осы Конвенцияның 22-бабына сәйкес шақырылған Әкімшілік комитет осы Конвенцияға және оның қосымшаларына түзетулер ұсынуы мүмкін.
      2. Осылайша ұсынылған кез келген түзетудің мәтінін депозитарий осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптарына, Конвенцияға қол қойған басқа да елдерге және осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылмайтын Кеңес мүшелеріне хабарлайды.
      3. Егер осы кезең ішінде қандай да бір Уағдаласушы Тарап депозитарийді өзінің осы ұсынылған түзетуге қарсылығы туралы хабардар етпесе, алдыңғы тармаққа сәйкес хабарланған кез келген ұсынылып отырған түзету барлық Уағдаласушы Тараптарға қатысты ұсынылған түзетуді хабарлаған күнінен бастап есептегенде он екі ай өткеннен соң алты айдан кейін күшіне енеді.
      4. Егер осы баптың 3-тармағында айтылған он екі ай өткенге дейін қандай да бір Уағдаласушы Тарап ұсынылған түзетуге өзінің қарсылық білдіретіндігі туралы депозитарийді хабардар етсе, онда бұл түзету қабылданбаған болып саналады және күшіне енбейді.
      5. Қарсылық білдіру туралы хабардар ету мақсатында әрбір қосымша жеке Конвенция ретінде қаралады.

Түзетулерді қабылдау 33-бап

      1. Осы Конвенцияны ратификациялаған немесе оған қосылған кез келген Уағдаласушы Тарап.өзінің ратификациялау немесе қосылу туралы құжаты сақтауға тапсырылған күні күшіне енген түзетулерді қабылдаған болып саналады.
      2. Егер ол осы Конвенцияның 29-бабының ережелеріне сәйкес ескерту жасамаса, қандай да бір қосымшаны қабылдаған кез келген Уағдаласушы Тарап осы қосымшаға депозитарийді осы Қосымшаны қабылдағаны туралы хабардар еткен күні күшіне енген түзетулерді қабылдаған болып саналады.

Тіркеу және дәлме-дәл мәтіндер 34-бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Конвенцияны депозитарийдің қолдаухаты бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы тіркейді.
      Осыны куәландыру үшін тиісінше уәкілеттілік берілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
      Стамбулда бір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылғы жиырма алтыншы маусымда ағылшын және француз тілдерінде бір данада жасалды, әрі екі мәтін де бірдей дәлме-дәл болып табылады. Депозитарийге араб, испан, қытай және орыс тілдеріне ресми аудармалар дайындау және тарату ұсынылады.

А қосымшасы Уақытша әкелу құжаттары туралы
(АТА карнеттері мен CPD карнеттері) I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшада төменде көрсетілген терминдердің мынадай мағыналары бар:
      a) «уақытша әкелу туралы құжат» -
      кедендік декларацияға теңестірілген, тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және әкелу баждары мен алымдарды төлеуге халықаралық-қолданыстағы кепілдікті қамтитын халықаралық кедендік құжат;
      b) «ATA карнеті» -
      көлік құралдарын қоспағанда, тауарларды уақытша әкелу үшін пайдаланылатын уақытша әкелу туралы құжат;
      c) «CPD карнеті» -
      көлік құралдарын уақытша әкелу үшін пайдаланылатын уақытша әкелу туралы құжат;
      d) «кепілдік беретін желі» -
      кепілдік беретін қауымдастықтар мүшелері болып табылатын, халықаралық ұйымдар басшылық ететін кепілдік беру жүйесі;
      e) «халықаралық ұйым» -
      кепілдікті қамтамасыз етуге және уақытша әкелу туралы құжатты беруге уәкілетті ұлттық қауымдастықтар мүшелері болып табылатын ұйым;
      f) «кепілдік беретін қауымдастық» -
      қандай да бір Уағдаласушы Тараптың кеден органдары бұл Уағдаласушы Тараптың аумағында осы қосымшаның 8-бабында көрсетілген сомаларды төлеудің кепілі ретінде таныған және кепілдік беретін желінің мүшесі болып табылатын қауымдастық;
      g) «құжат беретін қауымдастық» -
      кеден органдары уақытша әкелу туралы құжаттарды беруге құқылы ретінде таныған және тікелей немесе жанама кепілдік беретін желінің мүшесі болып табылатын қауымдастық;
      h) «құжат беретін корреспондент-қауымдастық» -
      қандай да бір Уағдаласушы Тараптың аумағында құрылған және сол кепілдік беретін желінің мүшесі болып табылатын құжат беруге құқылы қауымдастық;
      i) «кедендік транзит» —
      екі кеден органы арасында кедендік бақылаумен тасымалданатын тауарларға қолданылатын кедендік режим.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      1. Осы Конвенцияның 5-бабына сәйкес әрбір Уағдаласушы Тарап ұлттық кедендік құжаттардың орнына және осы Қосымшаның 8-бабында көрсетілген сомаларды төлеудің кепілі ретінде өз аумағында қолданылатын, өзі қабылдаған осы Конвенцияның қосымшаларына сәйкес уақытша әкелінген тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) үшін осы қосымшада белгіленген шарттармен берілген және пайдаланылатын уақытша әкелу туралы кез келген құжатты қабылдайтын болады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын уақытша әкелу операциялары үшін сол шарттармен берілген және пайдаланылатын уақытша әкелу туралы кез келген құжатты да қабылдай алады.
      3. Әрбір Уағдаласушы Тарап кедендік транзит үшін сол шарттармен берілген және пайдаланылатын уақытша әкелу туралы кез келген құжатты қабылдай алады.
      4. Қайта өңдеуге немесе жөндеуге жататын тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) уақытша әкелу туралы құжатты қолдана отырып әкелуге болмайды.

3-бап

      1. Уақытша әкелу туралы құжаттар осы қосымшаға толықтыруларда: АТА карнетінде (I толықтыру), CPD карнетінде (II толықтыру) келтірілген үлгілерге сәйкес келуі тиіс.
      2. Осы Қосымшаға толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып саналады.

III тарау Кепілдік және уақытша әкелу туралы құжаттарды беру 4-бап

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі белгілеген шарттар мен кепілдіктерге сәйкес кепілдік беретін қауымдастыққа кепіл ретінде сөз сөйлеуге және уақытша әкелу туралы құжатты не тікелей, не құжат беретін қауымдастықтар арқылы беруге уәкілеттік бере алады.
      2. Егер оның кепілдігі құжат беретін корреспондент-қауымдастықтар берген уақытша әкелу туралы құжаттарды қолдана отырып орындалатын операцияларға байланысты осы Уағдаласушы Тараптың аумағында туындайтын жауапкершілік түрлеріне қолданылған жағдайда ғана кепілдік беретін қауымдастықты Уағдаласушы Тарап танитын болады.

5-бап

      1. Құжат беретін қауымдастықтар оларды берген күнінен бастап санағанда, қолданылу мерзімі бір жылдан асатын уақытша әкелу туралы құжаттарын бере алмайды.
      2. Құжат беретін қауымдастықтың уақытша әкелу туралы құжатында көрсетілген деректерді кез келген өзгертуді осы қауымдастық немесе кепілдік беретін қауымдастық тиісті түрде куәландыруы тиіс. Уақытша әкелу аумағының кеден органдары құжаттарды қабылдағаннан кейін осы органдардың келісімінсіз оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге рұқсат берілмейді.
      3. АТА карнетін бергеннен кейін карнеттің алдыңғы мұқабасының ішкі жағында немесе оған қоса берілген жалғас парақтарда (Жалпы тізбе) жазылған тауарлар тізбесіне қандай да бір тауарды қосуға жол берілмейді.

6-бап

      Уақытша әкелу туралы құжатта:
      - құжат беретін қауымдастықтың атауы;
      - халықаралық кепілдік беретін желінің атауы;
      - осы құжаттың жарамды болып табылатын елдер немесе кедендік аумақтар және
      - осы елдердің немесе кедендік аумақтардың кепілдік беретін қауымдастықтарының атауы көрсетілуі қажет.

7-бап

      Уақытша әкелу туралы құжатқа сәйкес әкелінген тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) кері экспорттау үшін белгіленген мерзім ешбір жағдайда осы құжаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.

IV тарау Кепілдік 8-бап

      1. Әрбір кепілдік беретін қауымдастық өзі аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың кеден органдарына, құжат беретін корреспондент-қауымдастық берген уақытша әкелу туралы құжатқа сәйкес осы аумаққа әкелінген тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) уақытша әкелу немесе кедендік транзитінің шарттарын сақтамаған жағдайда, осы Конвенцияның 4-бабының 4- тармағында көрсетілген сомаларды қоспағанда, әкелу баждары мен алымдарды және төлеуге жататын басқа да сомаларды төлеуге кепілдік береді. Кепілдік беретін қауымдастық жоғарыда аталған сомалардың төленуіне борышкерлермен бірлесе отырып ортақ жауапкершілікте болады.
      2. АТА карнеті
      Кепілдік беретін қауымдастық әкелу баждары мен алымдар сомасының он пайызынан асатын соманы төлеуге міндетті емес.
      CPD карнеті
      Кепілдік беретін қауымдастық төлемнің мерзімін өткізіп алғандығы үшін есептелген пайыздардың сомасын қоса алғанда, әкелу баждары мен алымдар сомасынан асатын төлемді төлеуге міндетті емес.
      3. Егер уақытша әкелу аумағының кеден органдары белгілі бір тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) уақытша әкелу туралы құжатты сөзсіз ресімдесе, кепілдік беретін қауымдастықтан осы тауарларға (көлік құралдарын қоса алғанда) қатысты осы баптың 1-тармағында айтылған сомаларды төлеуді талап ете алмайды. Алайда, егер, кейіннен бұл кедендік ресімдеу, уақытша әкелу немесе кедендік транзит режимін ұсыну шарттарын бұза отырып заңсыз немесе жалған жолмен жүргізілгендігі анықталған жағдайда, кепілдік беретін қауымдастыққа кепілдікті сақтау туралы талап әлі де болса ұсынылуы мүмкін.
      4. АТА карнеті
      Егер бұл талап кепілдік беретін қауымдастыққа АТА карнетінің қолданылу мерзімі өткен күнінен бастап бір жылдың ішінде қойылмаса, кеден органдары еш уақытта кепілдік беретін қауымдастықтан осы баптың 1-тармағында айтылған сомаларды төлеуді талап ете алмайды.
      CPD карнеті
      Егер CPD карнетінің қолданылу мерзімі өткен күнінен бастап бір жылдың ішінде осы кепілдік беретін қауымдастыққа CPD карнеті ресімделмегені туралы хабарланбаса, кеден органдары еш уақытта кепілдік беретін қауымдастықтан осы баптың 1-тармағында айтылған сомаларды төлеуді талап ете алмайды. Кеден органдары кепілдік беретін қауымдастыққа осы ресімдемеу туралы хабардар еткен күнінен бастап бір жылдың ішінде әкелу баждары мен алымдарды есептеу туралы мәліметтерді ұсынады. Егер бұл мәліметтер бір жылдың ішінде кепілдік беретін қауымдастыққа ұсынылмаса, ол осы сомалардың төленуі үшін жауапты болмайды.

V тарау Уақытша әкелу туралы құжаттарды регламенттеу 9-бап

      1. ATА карнеті:
      а) кеден органдарынан осы қосымшаның 8-бабының 1-тармағында көрсетілген сомаларды төлеу туралы талапты алған күнінен бастап кепілдік беретін қауымдастықтарға осы қосымшада көзделген шарттарға сәйкес кері экспорттаудың дәлелін немесе ATA карнетін кез келген өзге тиісті ресімдеуді ұсыну үшін алты ай мерзім беріледі;
      b) егер осы дәлел көрсетілген мерзімде ұсынылмаса, кепілдік беретін қауымдастық тез арада бұл сомаларды сақтауға береді немесе оларды уақытша тәртіппен төлейді. Оларды сақтауға тапсырған немесе төлеген күннен бастап санағанда үш ай өткеннен кейін осы сомаларды сақтауға беру немесе оларды төлеу түпкілікті болады. Бұл мерзімнің ішінде кепілдік беретін қауымдастық сақтауға берілген немесе төленген сомаларды қайтарып алу үшін осы тармақтың «а» тармақшасында көзделген дәлелдерді ұсына алады;
      с) заңдары мен ережелерінде әкелу баждары мен алымдарды сақтауға тапсыруды немесе уақытша төлеуді көзделмейтін Уағдаласушы Тараптарға келетін болсақ, онда осы тармақтың «b» тармақшасының ережелеріне сәйкес жасалған төлемдер түпкілікті болып саналады, бірақ, осы тармақтың «а» тармақшасында көзделген дәлелдер төлемнің күнінен бастап үш айлық мерзімде ұсынылса, олардың сомасы өтелетін болады.
      2. CPD карнеті:
      a) кепілдік беретін қауымдастықтарға осы қосымшада көзделген шарттарға сәйкес көлік құралдарын кері экспорттаудың дәлелін немесе CPD карнетін кез келген өзге тиісті ресімдеу дәлелін ұсыну үшін CPD карнеттері ресімделмегендігі туралы хабардар еткен күннен бастап бір жыл мерзім беріледі. Алайда, бұл мерзім CPD карнетінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күшіне енеді. Егер кеден органдары ұсынылған дәлелдердің жарамдылығына күдіктенсе, онда олар бір жылдан аспайтын мерзімде бұл туралы кепілдік беретін қауымдастыққа хабарлауы тиіс.
      b) егер осы дәлел белгіленген мерзімде ұсынылмаса, кепілдік беретін қауымдастық өндіріп алынатын әкелімдік баждар мен алымдарын үш айлық мерзімде сақтауға беруі немесе уақытша төлеуі керек. Оларды сақтауға тапсырған немесе төлеген күннен бастап санағанда бір жыл өткеннен кейін осы сомаларды сақтауға беру немесе оларды төлеу түпкілікті болады. Бұл мерзім ішінде кепілдік беретін қауымдастық сақтауға берілген немесе төленген сомаларды қайтарып алу үшін осы тармақтың «а» тармақшасында көзделген дәлелдерді ұсына алады;
      c) заңнамасында әкелу баждары мен алымдарды сақтауға тапсыруды немесе уақытша төлеуді көзделмейтін Уағдаласушы Тараптарға келетін болсақ, онда осы тармақтың «b» тармақшасының ережелеріне сәйкес жасалған төлемдер түпкілікті болып саналады, бірақ, осы тармақтың «а» тармақшасында көзделген дәлелдер төлемнің күнінен бастап бір жылдық мерзімде ұсынылса, олардың сомасы өтелетін болады.

10-бап

      1. Уақытша әкелу аумағының кеден органдарының мөрімен расталған осы құжаттың тиісті түрде толтырылған әкету түбіршегі уақытша әкелу туралы құжатты қолдана отырып әкелінген тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) кері экспорттаудың дәлелі болып табылады.
      2. Егер кері экспорттау осы баптың 1-тармағында көрсетілгендей расталмаса, онда уақытша әкелу аумағының кеден органдары:
      а) бұл жазбалар әкелуге немесе кері әкелуге қатысты болса және осы әкелу немесе кері әкелу оның фактісін анықтау талап етілетін кері экспорттаудан кейін болған деп куәландырылуы шартымен қандай да бір Уағдаласушы Тараптың кеден органдары әкелу немесе кері әкелу кезінде уақытша әкелу туралы құжатқа енгізген жазбаларды немесе оның аумағына әкелу немесе кері әкелу кезінде құжаттың үзбелі парағында жасалған жазбалардың негізінде осы органдар берген куәлікті;
      b) осы тауарлар (көлік құралдарын қоса алғанда) бұл аумақтан тысқары жерде екендігінің кез келген басқа құжаттамалық дәлелін уақытша әкелу туралы құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, кері экспорттаудың дәлелі ретінде қабылдай алады.
      3. Қандай да бір Уағдаласушы Тараптың кеден органдары уақытша әкелу туралы құжатты қолдана отырып оның аумағына жіберілген белгілі бір тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) кері экспорттау міндеттемесінен босататын жағдайда, кепілдік беретін қауымдастық кеден органдары мұндай тауарларға (көлік құралдарын қоса алғанда) қатысты жағдай реттелгендігі жөнінде құжатта белгі жасаған жағдайда ғана өз міндеттемелерінен босатылады.

11-бап

      Осы Қосымшаның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органдары мұндай реттеу үшін алым алу құқығын өздеріне қалдырады.

VI тарау Түрлі ережелер 12-бап

      Осы Қосымшада айтылған шарттармен пайдаланылатын уақытша әкелу туралы құжаттарға белгі (виза) алу әдеттегі жұмыс күнінде көрсетілген кедендік қызметтер үшін алымдармен төлеуге жатпайды.

13-бап

      Уағдаласушы Тараптардың бірінің аумағындағы тауарларға (көлік құралдарын қоса алғанда) арналған уақытша әкелу туралы құжат жойылған, жоғалтылған немесе ұрланған жағдайда осы Уағдаласушы Тараптың кеден органдары құжат беретін қауымдастықтың қолдаухаты бойынша және өз шарттарына жасалуы мүмкін ескертпемен қолданылу мерзімі ауыстырылған құжаттың қолданылу мерзімінен аспайтын алмастыратын құжатты қабылдайды.

14-бап

      1. Осы құжатты ұстаушы тауарларды (көлік құралдарын қоса алғанда) осы мерзім ішінде кері әкете алмағандықтан уақытша әкелу мерзімі уақытша әкелу туралы құжаттың қолданылу мерзімінен асады деп болжанған жағдайда, осы құжатты берген қауымдастық тиісті Уағдаласушы Тараптардың кеден органдарының тексеруіне ұшырайтын алмастыратын құжатты бере алады. Алмастыратын құжатты қабылдаған кезде тиісті кеден органдары ауыстырылған құжатты жояды.
      2. CPD карнеттерінің қолданылу мерзімі бір жылдан аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Осы кезең еткеннен кейін ескі карнеттің орнына кеден органдары қабылдайтын жаңасы берілуі тиіс.

15-бап

      Осы Конвенцияның 7-бабының 3-тармағын қолданған кезде кеден органдары мүмкіндігінше кепілдік беретін қауымдастықты өздері немесе олардың қолдау хаты бойынша жүзеге асырылған осы қауымдастық кепілдік берген уақытша әкелу туралы құжатты қолдана отырып әкелінген тауарларға (көлік құралдарын қоса алғанда) тыйым салулар туралы хабардар етеді және оған қабылдауға ниеттенген шаралар туралы хабарлайды.

16-бап

      Алаяқтық, бұзушылық немесе теріс пайдаланушылық жағдайында Уағдаласушы Тараптар осы қосымшаның ережелеріне қарамастан, әкелу баждары мен алымдарды және төлеуге жататын басқа да сомаларды өндіріп алу мақсатында уақытша әкелу туралы құжатты пайдаланған тұлғаларға қарсы шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы тұлғаларға қатысты айыппұл санкцияларын қолдануға құқылы. Бұл жағдайда қауымдастықтар кеден органдарына жәрдемдесуі керек.

17-бап

      Уақытша әкелу аумағында берілген немесе беруге ұйғарылған және қандай да бір Уағдаласушы Тараптың қандай да бір кепілдік беретін қауымдастығы, халықаралық ұйымы немесе кеден органдары құжат беретін қауымдастыққа жолдаған уақытша әкелу туралы құжаттар немесе осы құжаттардың бөліктері әкелу баждары мен алымдарды төлеместен және әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді қолданбастан әкелінуі мүмкін. Ұқсас жеңілдіктер әкету кезінде ұсынылады.

18-бап

      1. Осы Конвенцияның 29-бабында көзделген ережелерге сәйкес әрбір Уағдаласушы Таран АТА карнеттерін қабылдауға қатысты және почта жөнелтімдері үшін ескерту жасауға құқылы.
      2. Осы Қосымшаны қабылдау кезінде ешқандай басқа ескертуге жол берілмейді.

19-бап

      1. Осы Қосымша өзі күшіне енген уақыттан бастап осы Конвенцияның 27-бабының ережелеріне сәйкес осы Қосымшаны қабылдаған және осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын Уағдаласушы Тараптар арасындағы қарым-қатынастарда Тауарларды уақытша әкелу үшін АТА карнеті туралы кедендік конвенцияның, Брюссель, 1961 жылғы 6 желтоқсан, күшін жояды және алмастырады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарларды уақытша әкелу үшін АТА карнеті туралы кеден конвенциясын 1961 жылы қолдану шеңберінде берілген АТА карнеттері, осы қосымшалар күшіне енгенге дейін, операцияларды жүзеге асыру үшін осы операциялар аяқталғанға дейін қабылданады.

B.1 қосымшасы
Көрмелерде, жәрмеңкелерде, конференцияларда немесе ұқсас іс-шараларда көрсетуге немесе пайдалануға арналған тауарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану мақсатында «іс-шара» термині мынаны білдіреді:
      1) сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы көрмесі немесе халық кәсіпшілігі көрмесі, жәрмеңке, салон немесе ұқсас іс-шара;
      2) негізінен қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған көрме немесе іс-шара;
      3) негізінен ғылымды, техниканы, қолөнерді, өнерді, білімді, мәдениетті, спортты, діни ойды, туризмді немесе халықтар арасындағы достықты дамытуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылған көрме немесе іс-шара;
      4) халықаралық ұйымдар немесе бірлестіктер өкілдерінің кездесуі;
      5) шетел тауарларын сату мақсатында дүкендер мен сауда үй-жайларында жеке меншік тәртіппен ұйымдастырылған көрмелерді қоспағанда, ресми немесе мемориалдық сипаттағы рәсім және іс-шара.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      1. Осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес уақытша әкелу режимі:
      a) Білім беру, ғылым және мәдениет сипатындағы материалдарды әкелу туралы келісімнің, ЮНЕСКО, Нью-Йорк, 1950 жылғы 22 қараша, және Келісімге хаттаманың, Найроби, 1976 жылғы 26 қараша, қосымшаларында сөз болған жабдықтарды қоса алғанда, көрмеде немесе қандай да бір іс-шара барысында көрсетуге арналған тауарларға;
      b) мыналарды:
      і) көрмеге қойылатын шетел машиналарын немесе аппараттарын көрсетуге қажетті тауарларды;
      іі) шетел экспоненттерінің уақытша стенділеріне арналған электр жабдықтарын қоса алғанда, құрылыс және сәндік жабдықтарды;
      ііі) бейне- және дыбыс жазбалары, фильмдер мен диапозитивтер сияқты көрмеге қойылған шетел тауарларын анық жарнамалау мақсатында пайдалануға арналған, жарнамалық және көрсетілетін жабдықтарды, сондай-ақ оларды пайдалануға қажетті аппаратураны қоса алғанда, қандай да бір іс-шарада шетел өнімдерін көрсетуге байланысты пайдалануға арналған тауарларға;
      с) синхронды аудармаға арналған қондырғыларды қоса алғанда, жабдықтарға, бейне-дыбыс жазбаларына арналған аппараттарға; сондай-ақ халықаралық жиналыстар, конференциялар мен конгрестер барысында пайдалануға арналған білімдік, ғылыми немесе мәдени сипаттағы фильмдерге таратылады.
      2. Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктерді қолдану үшін:
      а) әкелінген әрбір үлгідегі бұйымдардың саны олардың нысаналы мақсатын ескере отырып ақылға қонымды қажеттілігінен аспауы тиіс;
      b) осы Конвенцияда көзделген шарттар уақытша әкелу аумағының кедендік билігін қанағаттандыруда сақталуы тиіс.

III тарау Түрлі ережелер 3-бап

      Оларға осы Конвенцияда көзделген жеңілдіктер қолданылатын уақытта, егер уақытша әкелу аумағының ұлттық заңнамасында оған жол берілмесе, уақытша әкелу рәсімін қолдана отырып әкелінген тауарлар:
      а) жалға берілмейді немесе сыйақы үшін өзгеше пайдаланылмайды немесе
      b) тиісті іс-шараны өткізу орнынан әкетілмейді.

4-бап

      1. Көрмеде, жәрмеңкеде, конференцияда немесе ұқсас іс-шарада көрсету немесе пайдалану мақсатында әкелінген тауарлардың кері экспортының мерзімі ең аз дегенде уақытша әкелу күнінен бастап алты айды құрайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне нұқсан келтірмей, бұл осы аумақтың заңдары мен тәртіптерінің ережелеріне қайшы келмеген және осы тауарлар, оларды уақытша әкелу күнінен бастап бір жыл ішінде әкетілетін болатын шартпен кеден органдары мүдделі тұлғаларға келесі іс-шара барысында көрсетуге немесе пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкелу аумағында қалдыруға рұқсат береді.

5-бап

      1. Мынадай тауарлар:
      a) егер:
      і) олар таратылған адамдардың пайдалануы немесе тұтынуы мақсатында тегін жеткізілген және аталған іс-шараға келушілерге тегін тарату үшін ғана пайдаланылатын шетел өнімдері туралы ғана сөз болса;
      іі) осы өнімдерді шағын жеке құны бар жарнамалық сипаттағы үлгілер ретінде сәйкестендіруге болса;
      ііі) олар коммерциялық мақсаттарға жарамсыз болса және егер қажет болса, осы өнімдерді бөлшектеп сату кезінде пайдаланылатын ең кіші орамда болатыннан анық аз мөлшерде буып-түйілсе;
      iv) жоғарыда «ііі» тармақшасында айтылған орамдармен таратылмаған тамақ өнімдері мен сусындардың үлгілері шара барысында тұтынуға жатса және,
      v) уақытша әкелу аумағы кеден органдарының пікірі бойынша іс-шара сипатын, келушілер санын және осы іс-шараға аталған экспоненттердің қатысу ауқымын ескере отырып, осы тауарлардың жалпы құны мен мөлшері ақылға қонымды мөлшерінен аспаса ғана, осындай ретінде әкелінген немесе осы іс-шара барысында көп әкелінген тауарлардан алынған тамақ өнімдері мен сусындардың үлгілерін қоса алғанда, қандай да бір іс-шара барысында көрмеге қойылған шетел тауарларының шағын үлгілері;
      b) егер уақытша әкелу аумағы кеден органдарының пікірі бойынша іс-шара сипатын, келушілер санын және осы іс-шараға аталған экспоненттердің қатысу ауқымын ескере отырып, осы тауарлардың жалпы құны мен мөлшері ақылға қонымды мөлшерінен аспаса ғана, оларды көрсету мақсатында немесе осы іс-шарада көрмеге қойылған және осы көрсету барысында тұтынылатын немесе бүлінетін шетел машиналары мен аппараттарын көрсету үшін ғана әкелінген тауарлар;
      с) шетел экспоненттерінің уақытша стенділерін салу, жабдықтау және әшекейлеу кезінде пайдаланылатын темен құнды (бояулар, лактар, түсқағаздар және т.б.) және де қайта пайдалануға жарамсыз өнімдер;
      d) егер:
      і) тегін жеткізілген және аталған іс-шара барысында келушілерге тегін тарату үшін арналған шетел өнімдері туралы ғана сөз болса, және
      іі) уақытша әкелу аумағы кеден органдарының пікірі бойынша іс-шара сипатын, келушілер санын және осы іс-шараға аталған экспоненттердің қатысу ауқымын ескере отырып, осы тауарлардың жалпы құны мен мөлшері ақылға қонымды мөлшерінен аспаса ғана, баспа материалдары, каталогтар, нобайлар, прейскуранттар, жарнама плакаттары, күнпарақтар (суретті немесе суретсіз) және көрмеге қойылған тауарларды анық жарнамалауға арналған рамаға салынбаған суреттер;
      е) халықаралық кеңестер, конференциялар немесе конгрестер барысында пайдалануға арналған немесе олармен байланысты папкалар, жазбалар, формулярлар мен өзге де құжаттар үшін әкелу баждары мен алымдарды төлеместен және әкелуге тыйым салулар мен шектеулерсіз осы Конвенцияның 13-бабына сәйкес тауарларды еркін айналысы үшін шығаруға рұқсат берілуі мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері алкогольді сусындарға, темекі өнімдеріне және отынға қолданылмайды.

6-бап

      1. Көрмеге қойылатын/қойылған немесе пайдаланатын/пайдаланылған тауарларды әкелу және кері экспорттау кезінде оларды кедендік тексеру және тазалау мүмкіндігіне қарай аталған іс-шараны өткізу орнында жүргізілуі тиіс.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап іс-шараның маңыздылығы мен ауқымын ескере отырып, оны мақсатты деп санаған жағдайда оның аумағында ұйымдастырылған іс-шараны өткізу орнында тиісті мерзімге тікелей кеден пунктін ашу үшін шара қабылдайды.

7-бап

      Көрмеге қойылған машиналар мен аппараттар жұмысын көрсету кезінде іс-шара барысында уақытша әкелінген тауарлардан алынған өнімдерге осы Конвенцияның ережелері қолданылады.

8-бап

      Осы Конвенцияның 29-бабына сәйкес әрбір Уағдаласушы Тарап осы қосымшаның 5-бабының 1 «а» тармағының ережелеріне қатысты ескерту жасауға құқылы.

9-бап

      Осы Қосымша күшіне енгеннен кейін осы Конвенцияның 27-бабына сәйкес осы қосымшаны қабылдаған және осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын Уағдаласушы Тараптар арасындағы қарым-қатынастарда Көрмелерде, жәрмеңкелерде, конференцияларда немесе ұқсас іс-шараларда көрсетілетін немесе пайдаланылатын тауарларды әкелу кезінде ұсынылатын жеңілдіктерге қатысты кедендік конвенцияның, Брюссель, 1961 жылғы 8 маусым, күшін жояды және алмастырады.

В.2 қосымшасы
Кәсіби жабдық туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану мақсатында «кәсіби жабдықтар» термині мынаны білдіреді:
      1) репортаж дайындау, белгілі бір бағдарламалар үшін жазбалар мен берілімдерді жүзеге асыру мақсатында басқа елдің аумағына баратын баспасөз, радио немесе теледидар өкілдеріне қажетті баспасөз, радио немесе теледидар жабдықтары. Бұл жабдықтардың үлгі тізбесі осы қосымшаға I толықтыруда берілген;
      2) бір немесе бірнеше белгілі бір кинофильмдерді түсіру мақсатында басқа елдің аумағына баратын адамға қажетті кинематографиялық жабдықтар. Бұл жабдықтардың үлгі тізбесі осы қосымшаға II толықтыруда берілген;
      3) белгілі бір жұмысты орындау үшін басқа елдің аумағына баратын адамға қолөнермен немесе мамандықпен айналысу үшін қажетті кез келген басқа да жабдықтар. Оған өнеркәсіптік өндіріс, тауарларды буып-түю немесе (қол құрал-саймандарын қоспағанда) табиғи ресурстарды пайдалану және ғимараттарды салу және жөндеу немесе оларды күту, жер жұмыстарын немесе сол сияқты басқа да жұмыстарды орындау үшін пайдаланылатын жабдықтар жатпайды. Бұл жабдықтардың үлгі тізбесі осы қосымшаға IIІ толықтыруда берілген;
      4) осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жабдықтарға арналған көмекші құрылғылары және олардың көмекші керек-жарақтары.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес уақытша әкелу режимін қолдану кезінде берілетін жеңілдіктер мына тауарларға:
      a) кәсіби жабдықтарға;
      b) оларға осы баптың «а» тармағына сәйкес уақытша әкелу режимі қолданылатын, кәсіби жабдықтарды жөндеу мақсатында әкелінетін қосалқы бөлшектерге таратылады.

III тарау Түрлі ережелер 3-бап

      1. Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктер кәсіби жабдықтарға таралуы үшін олар:
      а) уақытша әкелу аумағынан тысқары жерде орналасқан немесе тұрып жатқан адамға тиесілі;
      b) уақытша әкелу аумағынан тысқары жерде орналасқан немесе тұрып жатқан адам әкелген;
      c) уақытша әкелу аумағына баратын адам немесе оның тікелей бақылауымен ғана пайдаланылатын болуы тиіс.
      2. Осы баптың 1 «с» тармағы уақытша әкелу аумағында орналасқан қандай да бір адам оның бір тарабы болып табылатын және бірлескен өндіріс туралы үкіметаралық келісім шеңберінде осы аумақтың құзыретті органдары мақұлдаған бірлескен өндіріс туралы келісімшарт бойынша фильм, теледидарлық бағдарлама немесе аудиовизуалдық материалдар жасау мақсатында әкелінген жабдықтарға қолданылмайды.
      3. Егер бұл жағдай бірлескен радиохабарларды немесе теледидар бағдарламаларын іске асырған жағдайларда қолданылмаса, киножабдықтар, баспасөз, радио және теледидар жабдықтары уақытша әкелу аумағында орналасқан қандай да бір адам оның бір тарабы болатын жалға беру туралы шарттың немесе қандай да бір ұқсас шарттың мәні болмауы тиіс.

4-бап

      1. Уақытша әкелу аумағының кеден органдары осы мақсатта мақұлдаған, мемлекеттік немесе жеке ұйымдар әкелген радио- және телерепортаждар өндірісі мен беріліміне арналған жабдықтарды және осы репортаждарды жасау үшін пайдаланылатын арнайы бейімделген көлік құралдарын, сондай-ақ олардың жабдықтарын уақытша әкелуге кедендік құжат көрсетілместен және кепілдік белгіленбестен рұқсат етіледі.
      2. Кеден органдары осы баптың 1-тармағында айтылған жабдықтардың тізімін немесе егжей-тегжейлі тізбесін, сондай-ақ оларды әкету туралы жазбаша міндеттеменің ұсынылуын талап етуі мүмкін.

5-бап

      Кәсіби жабдықтарды кері экспорттау мерзімі уақытша әкелу күнінен бастап есептегенде, кемінде он екі айды құрайды. Алайда көлік құралдары үшін кері экспорттау мерзімі уақытша әкелу аумағында болудың дәлелдемесін және болжамды мерзімін есепке ала отырып белгіленуі мүмкін.

6-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап тіптен кездейсоқ тәртіппен оның аумағында оларға адамдарды ақылы отырғызу немесе жүктерді тиеу және сол аумақ шегіндегі басқа жерде оларды түсіру үшін пайдаланылатын, осы қосымшаның I, II, III толықтыруларында аталған көлік құралдарына қатысты уақытша әкелуден бас тартуға немесе оны жоюға құқылы.

7-бап

      Осы Қосымшаға толықтырулар оның құрамдас бөлігі болып табылады.

8-бап

      Осы Қосымша күшіне енгеннен кейін осы Конвенцияның 27-бабына сәйкес осы қосымшаны қабылдаған және жоғарыда көрсетілген Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын Уағдаласушы Тараптар арасындағы қарым-қатынастарда Кәсіби жабдықтарды уақытша әкелу туралы кедендік конвенцияның, Брюссель, 1961 жылғы 8 маусым, күшін жояды және алмастырады.

I толықтыру
Баспасөз, радио және теледидар жабдықтары Үлгі тізбе

      A. Мынадай баспасөз жабдықтары:
      - дербес компьютерлер;
      - телефакстар;
      - жазу машинкалары;
      - барлық тұрпаттағы фотоаппараттар (үлдірлі және электронды);
      - дыбысты немесе бейнені беруге, жазуға немесе жаңғыртуға арналған аппараттар (магнитофондар, бейнемагнитофондар, плейерлер, микрофондар, микшерлік пульттер, акустикалық колонкалар);
      - жазылған және жазбасы бар дыбыс немесе бейне жазбаларын тасымалдағыштар;
      - бақылау-өлшеу аспаптары мен аппараттары (осциллографтар, магнитофондар мен бейнемагнитофондарды тексеруге арналған жүйелер, мультиметрлер, құрал-саймандарға арналған шабадандар мен сөмкелер, вектороскоптар, бейнесигнал генераторлары және т.б.);
      - жарық түсіргіш жабдықтар (прожекторлар, трансформаторлар, мосылар);
      - көмекші керек-жарақтар (кассеталар, фотометрлер, объективтер, мосылар, аккумуляторлар, жетекті баулар, батареяларды зарядтауға арналған құрылғылар, мониторлар).
      B. Мынадай радиохабар тарату жабдықтары:
      - желіге немесе кабельге қосылған радиотаратқыштар-радиоқабылдағыштар немесе таратқыштар, терминалдар сияқты байланыс жабдықтары, спутниктік байланыс желілері;
      - дыбыс жиілігін генерациялауға арналған жабдықтар (дыбысты жазуға, тіркеуге немесе жаңғыртуға арналған аппаратура);
      - бақылау-өлшеу аппаратурасы мен құрал-саймандары (осциллографтар, магнитофондар мен бейнемагнитофондарды тексеруге арналған жүйелер, мультиметрлер, құрал-саймандарға арналған шабадандар мен сөмкелер, вектороскоптар, бейнесигналдар генераторлары және т.б.);
      - көмекші жабдықтар мен керек-жарақтар (сағаттар, хронометрлер, компастар, микрофондар, микшерлік пульттер, дыбыс жазуға арналған магнитті таспалар, электоагрегаттар, трансформаторлар, батареялар және аккумуляторлар, батареяларды зарядтауға арналған құрылғылар, ауаны жылытуға, желдетуге және қалаулеп беруге арналған аппараттар және т.б.);
      - жазылмаған және жазбасы бар дыбыс жазбаларын тасымалдағыштар.
      C. Мынадай теледидар жабдықтары:
      - телекамералар;
      - кинопроекция құрылғылары;
      - бақылау-өлшеу аппаратурасы мен аспаптары;
      - тарату және қайта тарату аппаратурасы;
      - байланыс аппаратурасы;
      - дыбыс немесе бейнені жазуға немесе жаңғыртуға арналған аппаратура (магнитофондар, бейнемагнитофондар, плейерлер, микрофондар, микшерлік пульттер, акустикалық колонкалар);
      - жарық түсіргіш жабдықтар (прожекторлар, трансформаторлар, мосылар);
      - бейнежинақтау аппаратурасы;
      - көмекші жабдықтар мен керек-жарақтар (сағаттар, хронометрлер, компастар, объективтер, фотометрлер, мосылар, батареяларды зарядтауға арналған құрылғалар, кассеталар, электроагрегаттар, трансформаторлар, батареялар және аккумуляторлар, ауаны жылытуға, желдетуге және қалаулеп беруге арналған аппараттар және т.б.);
      - жазылмаған және жазбасы бар дыбыс немесе бейне жазбаларын тасымалдағыштар (берілімдердің атаулары, станцияның шақыру сигналдары, музыкалық кірістірмелер және т.б.);
      - ағымдағы түсірілген материалдар;
      - музыкалық аспаптар, костюмдер, декорациялар және басқа да театр немесе сахна аксессуарлары, грим, шашқа арналған кептіргіштер.
      D. Жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін жасалған немесе арнайы бейімделген көлік құралдары, атап айтқанда:
      - телетарату аппаратурасына;
      - теледидарлық көмекші жабдықтар мен керек-жарақтарға;
      - бейнесигналдарды жазуға арналған жабдықтарға;
      - дыбысты жазуға және жаңғыртуға арналған аппаратураға;
      - баяу жаңғыртуға арналған аппаратураға;
      - жарық түсіргіш жабдықтарға арналған көлік құралдары.

II толықтыру Кинематографиялық жабдықтар Үлгі тізбе

      A. Мынадай жабдықтар:
      - барлық тұрпаттағы камералар (кинокамералар мен бейнекамералар);
      - бақылау-өлшеу аспаптары мен аппараттары (осцилографтар, магнитофондар мен бейнемагнитофондарды тексеруге арналған жүйелер, мультиметрлер, құрал-саймандарға арналған шабадандар мен сөмкелер, вектороскоптар, бейнесигналдар генераторлары және т.б.);
      - оператордың кран-арбашалары және микрофон үштағандары;
      - жарық түсіргіш жабдықтар (прожекторлар, трансформаторлар, мосылар);
      - бейнежинақтау аппаратурасы;
      - дыбысты немесе бейнені жазуға немесе жаңғыртуға арналған аппараттар (магнитофондар, бейнемагнитофондар, плейерлер, микрофондар, микшерлік пульттер, акустикалық колонкалар);
      - ағымдағы түсірілген материалдар;
      - көмекші жабдықтар мен керек-жарақтар (сағаттар, хронометрлер, компастар, микрофондар, микшерлік пульттер, дыбысты жазуға арналған магнитті таспалар, электроагрегаттар, трансформторлар, батареялар және аккумуляторлар, батареяларды зарядтауға арналған құрылғылар, ауаны жылытуға, желдетуге және қалаулеп беруге арналған аппараттар және т.б.);
      - музыкалық аспаптар, костюмдер, декорациялар және басқа да театр немесе сахна аксессуарлары, грим, шашқа арналған кептіргіштер.
      B. Жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін жасалған немесе арнайы бейімделген көлік құралдары.

III толықтыру Өзге де жабдықтар Үлгі тізбе

      A. Машиналарды, қондырғыларды, көлік жабдықтарын және тағы басқаларды жинақтауға, сынауға, іске қосуға, бақылауға, тексеруге, оларға техникалық қызмет көрсетуге немесе жөндеуге арналған мынадай жабдықтар:
      - құрал-саймандар;
      - электр аспаптарын (вольтметрлер, амперметрлер, өлшеу кабельдері, компараторлар, трансформаторлар, тіркейтін құрылғылар және т.с.с.) қоса алғанда, (температураны, қысымды, ара қашықтықты, биіктікті, үстіңгі бетті, жылдамдықты және т.б.) өлшеуге, тексеруге немесе бақылауға арналған жабдықтар мен аспаптар және қысқыш құрылғылар;
      - машиналар мен қондырғыларды жинақтау кезінде және одан кейін фотосуретке түсіруге арналған аппараттар мен жабдықтар;
      - кемелерді техникалық бақылауға арналған аспаптар.
      B. Іскер адамдарға, еңбекті ғылыми немесе техникалық ұйымдастыру жөніндегі сарапшыларға, еңбектің өнімділігін арттыру жөніндегі мамандарға, бухгалтерлерге және осыларға ұқсас кәсіптермен айналысатын адамдарға қажетті мынадай жабдықтар:
      - дербес компьютерлер;
      - жазу машинкалары;
      - дыбысты немесе бейнені беруге, жазуға немесе жаңғыртуға арналған аппаратура;
      - есептегіш аспаптар және аппараттар.
      C. Топографиялық түсіруді немесе геофизикалық барлауды жүзеге асыру тапсырылған сарапшыларға қажетті мынадай жабдықтар:
      - бақылау-өлшеу аспаптары мен аппараттары;
      - бұрғылау жабдықтары;
      - тарату жабдықтары және байланыс жабдықтары.
      D. Қоршаған ортаны ластаумен күресетін сарапшыларға қажетті жабдықтар.
      E. Дәрігерлерге, хирургтерге, ветеринарларға, акушерлерге және осыларға ұқcac кәсіптермен айналысатын адамдарға қажетті аспаптар мен аппараттар.
      Ғ. Археологтарға, палеонтологтарға, географтарға, зоологтарға және басқа да мамандарға қажетті жабдықтар.
      G. Әртістерге, театр труппаларына және оркестрлерге қойылымдар барысында пайдаланатын қажетті заттар сияқты жабдықтар, музыкалық аспаптар, декорациялар мен костюмдер және т.с.с.
      Н. Баяндамашыға өз баяндамасын түсіндіру үшін қажетті жабдықтар.
      I. Фототүсірімдерді жүзеге асыру мақсатында жол жүру үшін қажетті жабдықтар (кез келген тұрпаттағы фотоаппараттар, кассеталар, экспонометрлер, объективтер, мосылар, аккумуляторлар, жетекті баулар, батареяларды зарядтауға арналған құрылғылар, мониторлар, жарық түсіргіш жабдықтар, сәнді киім және манекенші әйелдің туалеттік заттары және т.с.с).
      J. Жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін жасалған немесе арнайы бейімделген тасымалданатын бақылау құрылғылары, тасымалданатын шеберханалар, тасымалданатын зертханалар сияқты көлік құралдары және т.с.с

В.3 қосымшасы Контейнерлер, тұғырлар, буып-түюлер, үлгілер және коммерциялық операцияға байланысты әкелінген басқа да тауарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану мақсатында төменде берілген терминдер мынадай мағыналарды білдіреді:
      a) «коммерциялық операцияға байланысты әкелінген тауарлар» -
      қандай да бір коммерциялық операцияға байланысты әкелінген, бірақ әкелінуі өздігінен коммерциялық операция болып табылмайтын контейнерлер, тұғырлар, буып-түюлер, үлгілер, жарнамалық фильмдер, сондай-ақ кез келген басқа да тауарлар;
      b) «буып-түю» -
      буып-түю материалдарын (сабан, қағаз, шыны талшықтары, жаңқа және т.с.с.) қоспағанда, әкелінген түрінде тауарларды буып-түюге, қорғауға, орналастыруға және бекітуге немесе бөлуге арналып пайдаланылатын немесе арналған кез келген бұйымдар мен материалдар. Осы баптың «с» және «d» тармақтарында тиісінше белгіленген контейнерлер мен тұғырлар да жатқызылмайды;
      c) «контейнер» -
      мынадай:
      і) ішіне тауарларды салуға арналған, толық немесе ішінара жабық ыдысты білдіретін,
      іі) тұрақты сипаты бар және осыған байланысты көп мәрте пайдалану үшін қызмет ететін жеткілікті деңгейде берік,
      ііі) тауарларды көліктің бір немесе бірнеше түрімен аралық қайта тиеусіз тасымалдауды жеңілдету үшін арнайы құрастырылған,
      iv) оны, көбінесе, көліктің бір түрінен екіншісіне қайта тиеу жеңіл болатындықтай етіп құрастырылған,
      v) оны тиеу және түсіру жеңіл болатындай етіп құрастырылған, және
      vi) кемінде бір текше метр ішкі көлемі бар көлік жабдықтары (тор, алмалы-салмалы цистерна немесе оларға ұқсас қарапайым құралдар);
      «контейнер» термині мұндай керек-жарақтар мен жабдықтар контейнерлермен бірге тасымалдануы шартымен контейнердің осы түрі үшін қажетті контейнердің керек-жарақтары мен жабдықтарын қамтиды. «Контейнер» термині көлік құралдарын, көлік құралдарының керек-жарақтарын немесе қосалқы бөлшектерін, буып-түю мен тұғырларды қамтымайды. «Алмалы-салмалы шанақтар» контейнерлер ретінде қарастырылады.
      d) «тұғыр» -
      оның төсеміне механикалық аппараттар көмегімен тиеу/түсіру немесе қатар қою мақсатында көлік пакетін құру үшін тауарлардың біраз мөлшерін бірге орналастыруға болатындай құрылғы. Бұл құрылғы аралары сөгілмемен біріктірілген екі төсемнен не аяқтарға тірелген бір төсемнен тұрады; оны аша тиегіштердің көмегімен немесе тұғырларды тасымалдауға арналған арбашалардың көмегімен тиеуге/түсіруге жол беретіндей неғұрлым төмен жалпы биіктігі болуы тиіс; оның қондырмасы болуы немесе болмауы мүмкін;
      e) «үлгілер» -
      сол бір адам жеткізген немесе сол бір адамға жөнелтілген олардың бірге алғандағы мөлшері жалпы қабылданған сауда дәстүріне байланысты үлгі болып табылмайтын бірдей бұйымдарды қоспағанда, тауарлардың қандай да бір белгілі бір санатын білдіретін немесе өндіріске ұйғарылған тауарлардың үлгілері болып табылатын бұйымдар;
      f) «жарнамалық фильм» -
      олар көпшілік көруге арналған залдарда емес, әлеуетті клиенттерге көрсету үшін жарамды және әр фильмнің біреуден артық емес көшірмесі бар орамада әкелінген және фильмдердің қандай да бір ірірек жөнелтілімдерінің бөлігі болып табылмайтын жағдайда, басқа Уағдаласушы Тарап аумағында орналасқан немесе тұрып жатқан адам сатуға немесе жалға ұсынған, негізінен бұйымдар мен жабдықтардың мәнін немесе қолданылуын көрсететін бейнелерден тұратын, фонограммалармен немесе онсыз түсірілген бейне тасымалдаушылар;
      g) «ішкі тасымалдар» -
      бір Уағдаласушы Тараптың кедендік аумағында тиелген және сол Уағдаласушы Тараптың аумағында түсіруге жататын тауарларды тасымалдаулар.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Конвенцияның 2-бабында сәйкес уақытша әкелу рәсімі коммерциялық операцияға байланысты әкелінген мынадай тауарларға қолданылады:
      а) тауармен әкелінген және тауарсыз немесе тауармен әкетілген немесе тауарсыз әкелінген және тауармен әкетілген буып-түюлер;
      b) жүк тиелген немесе бос контейнерлер, сондай-ақ уақытша әкелінген контейнерлерге арналған, не контейнерлермен бірге әкелінген және одан бөлек немесе басқа контейнермен әкетілетін, не бөлек әкетілетін және контейнерлермен бірге әкетілетін керек-жарақтар мен жабдықтар;
      с) олардың уақытша әкеліну осы баптың «b» тармағына сәйкес рұқсат етілген, контейнерлерді жөндеу мақсатында әкелінген қосалқы бөлшектер;
      d) тұғырлар;
      е) үлгілер;
      f) жарнамалық фильмдер;
      g) осы қосымшаға I толықтыруда көрсетілген мақсаттардың бірімен, оның әкелінуі өздігінен коммерциялық операция болып табылмайтын, қандай да бір коммерциялық операцияға байланысты әкелінген қосалқы бөлшектер.

III тарау Өзге ережелер 3-бап

      Осы Қосымшаның ережелері Уағдаласушы Тараптардың контейнерлерде немесе буып-түюлермен немесе тұғырларда тасымалданатын тауарларды әкелуге қатысты кеден заңнамаларында ешбір көрініс таппайды.

4-бап

      1. Осы қосымшада көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігін алу үшін:
      а) буып-түюлерді уақытша әкелу құқығын пайдаланушы ғана кері әкетуі тиіс. Оларды тіпті сирек болса да ішкі тасымалдауларда пайдалануға болмайды;
      b) осы қосымшаға II толықтыруда көзделгендей, контейнерлер таңбалармен жабдықталған болуы тиіс. Оларды тауарлардың ішкі тасымалы үшін пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда әрбір Уағдаласушы Тарап мынадай шарттарды белгілеуге құқығы бар:
      - ақылға қонымды тура бағыт бойынша жүзеге асырылатын тасымалдардың нәтижесінде контейнер экспорттық тауармен тиелінуі тиіс немесе ол бос әкетілуі тиіс жерге немесе ол жерге мүмкіндігінше жақынырақ жеткізіледі;
      - әкету алдында контейнер ішкі тасымалдарда бір рет қана пайдаланылады;
      с) тұғырлар немесе бір тұрпаттағы және құны шамамен бірдей тұғырлардың бірдей саны бұрын әкетілген болуы немесе келешекте әкетілуге немесе қайта әкетілуге жатуы тиіс;
      d) үлгілер мен жарнамалық фильмдер уақытша әкелу аумағынан тысқары жерде орналасқан немесе тұрып жатқан адамға тиесілі болуы және сол аумаққа әкелінетін тауарларға тапсырыс іздеу жолында уақытша әкелу аумағында оларды көрсету немесе демонстрациялау мақсатында әкелінуі тиіс. Олар уақытша әкелу аумағында болғанша сатылуға жатпайды және көрсету тәртібінен басқа, олардың кәдімгі мәні бойынша қолданылмауы немесе жалға немесе сыйға беру арқылы қандай да бір амалмен пайдаланылмауы тиіс;
      е) осы қосымшаға I толықтырудың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тауарларды пайдалану табыс түсіруге бағытталмауы тиіс.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап сатып алудың, жалдаудың немесе жалдау-сатып алудың немесе оның аумағында орналасқан немесе тұрып жатқан адам жасасқан осыларға ұқсас шарттың мәні болатын контейнерлерді, тұғырларды немесе буып-түюлерді уақытша әкелуден бас тартуға құқылы.

5-бап

      1. Контейнерлерді, тұғырларды және буып-түюлерді уақытша әкелу режимі кедендік құжат көрсетілместен және кепілдік белгіленбестен беріледі.
      2. Контейнерлерге берілетін кедендік құжат пен кепілдіктің орнына уақытша әкелу құқығын пайдаланушыдан:
      і) кеден органдарына олардың талап етуі бойынша уақытша әкелу аумағына әкелінген және одан әкетілетін күні мен орнын қоса алғанда, уақытша әкелу рәсіміне сәйкес әкелінген әрбір контейнердің қозғалысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат немесе оларды әкету туралы міндеттеме қоса берілген контейнерлер тізбесін беру;
      іі) уақытша әкелу талаптары орындалмаған жағдайларда салынатын әкелу баждары мен алымдарды төлеу туралы жазбаша міндеттеме талап етілуі мүмкін.
      3) Тұғырларға берілетін кедендік құжат пен кепілдіктің орнына уақытша әкелу құқығын пайдаланушыдан кеден органдарына оларды әкету туралы жазбаша міндеттемені беру талап етілуі мүмкін.
      4. Уақытша әкелу режимін жүйелі түрде пайдаланатын адамдарға бір жалпы міндеттеме беруге рұқсат етіледі.

6-бап

      Коммерциялық операцияға байланысты әкелінген тауарларды кері экспорттау мерзімі уақытша әкелу күнінен бастап есептегенде, кемінде алты айды құрайды.

7-бап

      Осы Конвенцияның 29-бабында көзделген шарттарға сәйкес әрбір Уағдаласушы Тараптың:
      a) 2-бапта көрсетілген тауарлардың ішінен ең көп дегенде үш тобына;
      b) осы Қосымшаның 5-бабының 1-тармағына қатысты ескерту жасауға құқығы бар.

8-бап

      Осы Қосымшаға толықтырулар оның құрамдас бөлігі болып табылады.

9-бап

      Осы Конвенцияның 27-бабына сәйкес осы қосымша күшіне енгеннен кейін осы Қосымшаны қабылдаған және жоғарыда аталған Конвенциялардың Уағдаласушы Тараптары болып табылатын Уағдаласушы Тараптардың арасындағы қатынастарда мына Конвециялардың және ережелердің:
      - Халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын тұғырларды кедендік өңдеу туралы еуропалық конвенцияның, Женева, 1960 жылғы 9 желтоқсан;
      - Буып-түюлерді уақытша әкелу туралы кедендік конвенцияның, Брюссель, 1960 жылғы 6 қазан;
      - Контейнерлер туралы кедендік конвенцияның 2-11-баптарының және 1 (1 және 2-тармақтары), 2 және 3-қосымшаларының, Женева, 1972 жылғы 2 желтоқсан;
      - Коммерциялық үлгілерді және жарнамалық материалдарды әкелуді оңайлату туралы халықаралық конвенцияның 3, 5 және 6-баптарының, Женева, 1952 жылғы 7 қараша, күшін жояды және алмастырады.

I толықтыру 2-баптың «g» тармағына сәйкес тауарлардың тізбесі

      1. Сынау, тексеру, тәжірибе жүргізу немесе көрсету үшін әкелінген тауарлар.
      2. Сынау, тексеру, тәжірибе жүргізу барысында пайдаланылатын тауарлар.
      3. Олардың коммерциялық пайдаланылуының алдында көрсету үшін түсірілген және шығарылған кинемотографиялық үлдірлер, позитивтік және басқа да жазылған тасымалдағыштар.
      4. Үлдірлер, магнитті таспалар, магнитті үлдірлер және дыбыстауға, дубляж жасауға немесе жаңғыртуға арналған дыбыстың немесе бейненің басқа да тасымалдағыштары.
      5. Тегін жіберілген және деректерді автоматты түрде өңдеуге арналған ақпараттың жазылған тасымалдағыштары.
      6. Өз сипаты бойынша белгілі бір бұйымдарды жарнамалау немесе оларды белгілі бір мақсатпен насихаттау үшін ғана пайдаланыла алатын (көлік құралдарын қоса алғанда) бұйымдар.

II толықтыру Контейнерлерді таңбалау туралы ереже

      1. Контейнердің тиісті көрінетін жеріне берік түрде мынадай ақпараттар:
      a) иесінің немесе контейнерлерді пайдалану жөніндегі негізгі кәсіпорынның сәйкестендірілген деректері;
      b) иесі немесе контейнерлерді пайдалану жөніндегі кәсіпорын берген айырым белгілері мен контейнерлердің нөмірлері;
      c) оның барлық тұрақты жабдықтарын қоса алғанда, контейнер ыдысының салмағы жазылуы тиіс.
      2. Контейнер тиесілі ел толық немесе ИСО 3166 халықаралық стандартында көзделген ISO Alpha-2 ел кодының көмегімен, немесе халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылатын автокөлік құралдарын тіркеген елді белгілеу үшін пайдаланылатын айырым белгісі түрінде белгіленуі мүмкін. Әр елде контейнерлерде оның атауын немесе айырым белгісін көрсету туралы мәселе ұлттық заңнамамен реттеле алады. Эмблемалар немесе жалаулар сияқты белгілерді қоспағанда, иесінің немесе контейнерлерді пайдалану жөніндегі кәсіпорындардың сәйкестендірілген деректері не толық, не бұрын белгіленген айырым белгісінің көмегімен көрсетілуі мүмкін.
      3. Контейнерлерге пластикалық ленталарды қолдану арқылы жазылған айырым белгілері және нөмірлер берік түрде жазылған ретінде қарастырылуы үшін таңба қоюдың мынадай талаптары орындалуы тиіс:
      а) қолданылатын желімдеуші құрал жоғары сапасымен ерекшеленуі тиіс. Жапсырылған лентаның созылған кездегі мықтылығының шегі оның желімделуінен лентаны бүлдірместен алу мүмкін болмайтындай төмен дәрежеде болуы тиіс. Каландірленген лентаны пайдалануға рұқсат етілмейді;
      b) айырым белгілерін және нөмірлерді өзгерту қажет болған жағдайда жаңа лентаны жапсырмас бұрын ескі таңба қойылған лента толығымен алып тасталуы тиіс. Ескінің үстіне жаңа лентаны жапсыруға тыйым салынады.
      4. Контейнерлерді таңбалау үшін пластикалық ленталарды қолдануға қатысты осы толықтырудың 3-тармағында айтылған талаптар контейнерлерді берік таңбалаудың басқа да тәсілдерінің қолданылу мүмкіндігіне шек қоймайды.

B.4 қосымшасы
Өндірістік процеске байланысты әкелінетін тауарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану мақсатында «өндірістік процеске байланысты әкелінетін тауарлар» термині:
      1. (a) матрицаларды, блоктарды, дискілерді, шаблондарды, сызбаларды, жоспарларды, үлгілерді және өзге де ұқсас заттарды,
      (b) өлшейтін, бақылайтын және тексеретін аспаптарды және өзге де ұқсас заттарды,
      (с) өндірістік процесс кезінде пайдалану үшін әкелінетін арнайы заттар мен аспаптарды білдіреді; және
      2. «өндірістің алмастыратын құралдары» ұқсас тауарларды жеткізгенге немесе жөндегенге дейін жеткізуші немесе жөндеуші тапсырыс берушіге ұсынатын аспаптар, аппаратура және машина жабдығы.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес өндірістік процеске байланысты әкелінетін тауарларға уақытша әкелу режимі қолданылады.

III тарау Өзге ережелер 3-бап

      Аталған Қосымшамен берілетін жеңілдіктерді қолдану үшін:
      (а) өндірістік процеске байланысты әкелінетін тауарлар уақытша әкелу аумағынан тысқары жерде орналасқан немесе тұрып жатқан адамға тиесілі болуы және уақытша әкелу аумағында құрылған немесе тұратын тұлғаға арналған болуы тиіс;
      (b) осы Қосымшаның 1-бабының 1-тармағында айтылғандай, өндірістік процеске байланысты әкелінетін тауарларды пайдалану жолымен шығарылған немесе алынған барлық өнім немесе оның ұлттық заңнама талап ететіндей бөлігі уақытша әкелу аумағынан әкетілуі тиіс;
      (с) өндірістің алмастыратын құралдарын уақытша әкелу аумағында орналасқан тұлғаға уақытша негізде және тегін жеткізілуі кешігіп отырған немесе жөнделуі тиіс өндіріс құралдарын жеткізуші беруі тиіс.

4-бап

      1. Аталған Қосымшаның 1-бабына, 1-тармағына енгізілген тауарларды кері экспорттауға арналған мерзім уақытша әкелу күнінен бастап, кемінде он екі айды құрауы тиіс.
      2. Өндірістің алмастыратын құралдарын кері экспорттау мерзімі уақытша әкелу күнінен бастап, кемінде алты айды құрауы тиіс.

В.5 қосымшасы Білім беру, ғылыми немесе мәдени мақсаттар үшін әкелінген тауарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану шеңберінде төменде келтірілген Терминдер мынадай мағыналарды білдіреді:
      a) «білім беру, ғылыми немесе мәдени мақсаттар үшін әкелінген тауарлар» -
      ғылыми және оқу жабдықтары, теңізшілердің бос уақытын жақсартуға арналған жабдықтар, сондай-ақ оқу, ғылыми немесе мәдени қызмет шеңберінде әкелінген кез келген басқа да тауарлар;
      b) жоғарыда берілген «а» тармағында:
      і) «ғылыми және оқу жабдықтары» -
      ғылыми зерттеулер және оқу немесе кәсіптік дайындық үшін пайдаланылатын кез келген модельдер, аспаптар, машиналар, сондай-ақ олардың керек-жарақтары,
      іі) «теңізшілердің бос уақытын жақсартуға арналған жабдықтар» -
      халықаралық теңіз тасымалдары үшін пайдаланылатын шетелдік кеменің Теңізде пайдаланылуын немесе қызмет көрсетуін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындайтын адамдардың мәдени, оқу, ойын-сауық, діни немесе спорттық сипаттағы сабақтарына арналған жабдықтар.
      «Оқу жабдықтарының», «теңізшілердің бос уақытын жақсартуға арналған жабдықтардың» оқу, ғылыми немесе мәдени қызметтер шеңберінде әкелінген кез келген басқа да тауарлардың үлгі тізбелері тиісті түрде осы қосымшаға I, II және III толықтыруларда берілген.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес уақытша әкелу құқығы:
      а) тек қана білім беру, ғылыми немесе мәдени мақсаттар үшін әкелінген тауарларға;
      b) жоғарыда берілген «а» тармағын орындау үшін уақытша әкелу рәсімін қолдану арқылы әкелінген, ғылыми және оқу жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге, сондай-ақ көрсетілген жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, оларды бақылау, калибрлеу немесе жөндеу үшін арнайы жасалған құрал-саймандарға қолданылады.

III тарау Түрлі ережелер 3-бап

      Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктерді қолдану үшін:
      a) білім беру, ғылыми және мәдени мақсаттар үшін әкелінген тауарлар уақытша әкелу аумағынан тысқары жерде орналасқан немесе тұрып жатқан адамға тиесілі; және оларды уәкілетті кәсіпорындар олардың арналымын есепке ала отырып ақылға қонымды мөлшерде әкелінуі тиіс. Олар коммерциялық мақсатта пайдаланылмауы тиіс.
      b) теңізшілердің бос уақытын жақсартуға арналған жабдықтар халықаралық теңіз тасымалдарына арналған шетелдік кемелерде пайдаланылуы, немесе экипаждың пайдалануы үшін кемеден жағаға уақытша түсірілген болуы, немесе не ресми органдардың, не діни немесе басқа да коммерциялық ұйымдардың иелігіндегі жатақханаларда, клубтарда және теңізшілерге арналған демалыс орындарында, сондай-ақ теңізшілер үшін үнемі құлшылық ету жасалатын ғибадат ету орындарында пайдалану үшін әкелінуі тиіс.

4-бап

      Кеме бортында пайдаланылатын ғылыми жабдықтарды, оқу жабдықтарын және теңізшілердің бос уақытын жақсартуға арналған жабдықтарды уақытша әкелуге кедендік құжат көрсетілместен және кепіл белгіленбестен жол беріледі. Қажет болған жағдайда ғылыми және оқу жабдықтарының тізбесі және оларды қайта әкетуте жазбаша міндеттеме талап етілуі мүмкін.

5-бап

      Білім беру, ғылыми немесе мәдени мақсаттар үшін әкелінген тауарларды кері экспорттау мерзімі оларды әкелу күнінен бастап есептегенде, кемінде он екі айды құрайды.

6-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тараптың осы Конвенцияның 29-бабында көзделген мерзімде осы қосымшаның 4-бабының ғылыми және оқу жабдықтарымен байланысты ережелеріне қатысты ескерту жасауға құқығы бар.

7-бап

      Осы Қосымшаның толықтырулары оның құрамдас бөлігі болып табылады.

8-бап

      Осы Конвенцияның 27-бабына сәйкес осы қосымша күшіне енгеннен кейін Теңізшілердің бос уақытын жақсартуға арналған жабдықтар туралы кеден конвенциясының, Брюссель, 1964 жылғы 1 желтоқсан, Ғылыми жабдықтарды уақытша әкелу туралы кеден конвенциясының, Брюссель, 1968 жылғы 11 маусым, және Педагогикалық материалдарды уақытша әкелу туралы кеден конвенциясының, Брюссель, 1970 жылғы 8 маусым, күштерін жояды және осы қосымшаны қабылдаған және жоғарыда көрсетілген конвенциялардың Уағдаласушы Тараптары болып табылатын Уағдаласушы Тараптар арасындағы қарым-қатынастарда оларды алмастырады.

I толықтыру Оқу материалдары Үлгі тізбе

      A. Дыбысты немесе бейнені жазу және жаңғыртуға арналған мынадай аппаратура:
      - эпидиаскоптар;
      - кинопроекторлар;
      - рирпроекторлар және эпископтар;
      - магнитофондар, бейнемагнитофондар және кинескоптар;
      - тұйық теледидар жүйелері.
      B. Мынадай дыбыс және бейне тасымалдаушылары:
      - диапозитивтер, диафильмдер және микрофильмдер;
      - кинофильмдер;
      - дыбыс жазбалары (магнитті таспалар, дискілер);
      - бейнетаспалар.
      C. Мынадай арнайы жабдықтар:
      - кітапханаларға арналған библиографиялық жабдықтар және аудиокөрнекі құралдар;
      - көшпелі кітапханалар;
      - шет тілдерді үйренуге арналған зертханалар;
      - ілеспе аудармаға арналған жабдықтар;
      - механикалық немесе электрондық бағдарламалайтын оқыту машиналары;
      - мүгедектерді оқыту немесе дайындау үшін арнайы жасалған жабдықтар.
      D. Мынадай басқа жабдықтар:
      - қабырға диаграммалары, макеттер, кескіндемелер, карталар, жоспарлар, фотосуреттер мен суреттер;
      - көрсету үшін жасалған аспаптар, аппараттар және модельдер;
      - қандай да бір пәнді оқыту үшін жасалған, дыбысты немесе көрнекі педагогикалық ақпараты бар заттардың топтамасы (оқу жинақтары);
      - кәсіптерді оқытуға арналған аспаптар, аппараттар, құрал-саймандар және станоктар;
      - құтқару операциялары барысында пайдалану үшін жасалған немесе арнайы бейімделген көлік құралдарын қоса алғанда, құтқарушы персоналды дайындауға арналған жабдықтар.

II толықтыру Теңізшілердің бос уақытын жақсартуға арналған жабдықтар Үлгі тізбе

      A. Мынадай кітаптар және баспа өнімдері:
      - барлық жанрлардағы кітаптар;
      - сырттай оқуға арналған оқулықтар;
      - газеттер және мерзімді басылымдар;
      - порттарда бос уақытты өткізу мүмкіндіктері туралы ақпараты бар кітапшалар.
      B. Мынадай аудиокөрнекі жабдықтар:
      - дыбысты және бейнені жаңғыртуға арналған аппаратура;
      - магнитофондар;
      - радиоқабылдағыштар және теледидарлар;
      - кескіндеу аппараттары;
      - дискілердегі немесе магнитті таспалардағы жазбалар (тілдерді үйренуге арналған курстар, радиоберілімдер, құттықтаулар, музыкалық жазбалар және ойын-сауық сипатындағы жазбалар);
      - түсірілген және шығарылған кино- және фотоүлдірлер;
      - диапозитивтер;
      - бейнетаспалар.
      C. Мынадай спорттық бұйымдар:
      - спорттық киім-кешек;
      - доптар мен допшалар;
      - қалақтар мен торлар;
      - палубалық ойындар;
      - жеңіл атлетиканың керек-жарақтары;
      - гимнастика жабдықтары.
      D. мынадай ойындарға немесе уақытты өткізуге арналған жабдықтар:
      - бөлме ойындары;
      - әуесқой театрларға арналған жабдықтар және аксессуарлар;
      кескіндемемен, мүсін өнерімен, ағаш және металл бойынша жұмыспен айналысуға, кілемдерді және тағы басқаларды дайындауға арналған жабдықтар.
      E. Діни рәсімдерге арналған заттар.
      F. Бос уақытты өткізуге арналған жабдықтардың бөліктері, детальдары.

III толықтыру Білім беру, ғылыми немесе мәдени қызмет шеңберінде
әкелінген кез келген басқа тауарлар Үлгі тізбе

      Мынадай тауарлар:
      1. Театрлық қоғамдар мен театрларға ақысыз уақытша қолдануға жіберілген театрлық костюмдер мен керек-жарақтар.
      2. Концерт залдары немесе оркестрлерге ақысыз уақытша қолдануға жіберілген партитуралар және ноталар.

В.6 қосымшасы Туристердің жеке мүлкі мен спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Аталған қосымшаны қолдану мақсатында:
      a) «турист» термині:
      ол әдетте тұрмайтын Уағдаласушы Тараптың аумағына туризм, спортпен шұғылдану, кәсіпкерлік қызмет, кәсіби кездесулер, сырқаттарын емдеу немесе алдын алу, оқу және т.б. мақсаттармен уақытша келетін кез келген тұлға дегенді білдіреді.;
      b) «жеке мүлкі» термині:
      коммерциялық мақсатта әкелінетін кез-келген тауарларды қоспағанда, сапардың барлық жағдайларын ескере отырып, сапар уақытында туристің жеке қолдануына қажет болуы мүмкін, ақылға сыйымды қажеттіліктен аспайтын мөлшердегі жаңа немесе қолданыста болған барлық заттар дегенді білдіреді. Жеке мүліктің үлгі тізбесі аталған Қосымшаның I толықтыруында көрсетілген.
      c) «спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарлар» термині:
      уақытша әкелу аумағында спорттық жарыстар немесе сән көрсетулер, немесе дайындықтар барысында туристер қолданатын спорттық реквизит және өзге де заттар дегенді білдіреді. Мұндай тауарлардың үлгі тізбесі аталған Қосымшаның II толықтыруында көрсетілген.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Конвецияның 2-бабына сәйкес жеке мүлік пен спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарларға уақытша әкелу режимі қолданылады.

III тарау Өзге ережелер 3-бап

      1. Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігін алу үшін:
      а) жеке мүлікті туристің өзі әкелуі немесе оның багажында (бірге жүретін немесе бірге жүрмейтін) әкелінуі тиіс;
      б) спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарлар уақытша әкелу аумағынан тыс құрылған немесе тұратын тұлғаға тиесілі болуы тиіс және оларды болжамды пайдалану тұрғысынан ақылға қонымды мөлшерде әкелінуі тиіс.

4-бап

      1. Жеке мүлікті уақытша әкелуге кеден құжатын көрсетпестен және кепілдікті белгілеместен рұқсат беріледі. Алайда, үлкен сомадағы әкелу баждары мен алымдарының үлкен сомасын төлеумен ұштасқан заттар әкелінген жағдайда кеден құжаты мен кепілдікті белгілеуді көрсетуді талап етуге жол беріледі.
      2. Мүмкіндігіне қарай, спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарларға қатысты кеден құжаты мен кепілдіктің орнына кері экспорттаудың жазбаша міндеттемесімен бірге тауарлардың тізімдемесі қабылдануы мүмкін.

5-бап

      1. Жеке мүлік, уақытша әкелу аумағынан уақытша әкелуді жүзеге асырған  тұлға кететін сәттен кешіктірмей кері әкетуге жатады.
      2. Спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарларды кері экспорттау мерзімі уақытша әкелу күнінен бастап кемінде он екі айды құрауы тиіс.

6-бап

      Аталған Қосымшаға толықтырулар оның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс.

7-бап

      Аталған Қосымша күшіне енгеннен кейін осы Конвенцияның 27-бабына сәйкес аталған Қосымшаны қабылдаған және осы Конвенция бойынша Уағдаласушы Тараптар болып табылатын Уағдаласушы Тараптар арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеу тең мәтінінде Туризмге қатысты кедендік жеңілдіктерге қатысты конвенцияның, Нью-Йорк, 1954 жылғы 4 маусым, 2 және 5-баптарының күшін жояды және алмастырады.

I толықтыру Жеке мүлік Безендірілген тізім

      1. Заттар.
      2. Туалеттік керек-жарақтар.
      3. Жеке қымбат бағалы бұйымдар.
      4. Ақылға қонымды көлемнен аспайтын мөлшерде таспаларымен және оларға керек-жарақтарымен бірге фото- және кинокамералар.
      5. Ақылға қонымды көлемнен аспайтын мөлшерде диапозитивтерімен немесе таспаларымен бірге алып жүрілетін диапроекторлар немесе кинопроекторлар мен оларға керек-жарақтар.
      6. Ақылға қонымды көлемнен аспайтын мөлшерде таспаларымен бірге бейнекамералар мен алып жүретін бейнемагнитофондар.
      7. Алып жүретін музыкалық аспаптар.
      8. Жазбалары бар алып жүретін граммофондар.
      9. Таспалары бар алып жүретін магнитофондар мен дыбыс шығаруға арналған құралдар (оның ішінде, диктофондар).
      10. Алып жүретін радиоқабылдағыштар.
      11. Алып жүретін теледидарлар.
      12. Алып жүретін жазу машинкалары.
      13. Алып жүретін калькуляторлар.
      14. Алып жүретін жеке компьютерлер.
      15. Дүрбілер.
      16. Балалар арбалары.
      17. Мүгедектерге арналған кресло-арбалар.
      18. Спорттық керек-жабдықтар, мысалы, күркелер және басқа да туристік керек-жабдықтар, балық аулауға арналған керек-жабдықтар, жоғары өрмелеуге арналған керек-жабдықтар, сүңгуірлік керек-жабдықтар, оқ-дәрісі бар спорттық атыс қарулары, моторсыз велосипедтер, ұзындығы кемінде 5,5 метр каноэ немесе байдаркалар, шаңғылар, теннис ракеткалары, серфингке арналған тақтайлар, виндсирферлер, дельтапландар және үш бұрышты қанаттар, гольф ойнына арналған керек-жабдықтар.
      19. Диализге арналған алып жүрілетін аппаратура және осыған ұқсас медициналық аппаратура, сондай-ақ онымен бірге пайдалану үшін әкелінетін бір рет пайдаланылатын заттар.
      20. Өзге де тек жеке сипаттағы заттар.

II толықтыру Спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарлар

Безендірілген тізім

      A. Тректер мен ойын алаңдары үшін жабдықтар, мысалы:
      - барьер-кедергілер;
      - лақтыратын найзалар, дисктер, сырықтар, ядролар, зор балғалар.
      B. Доппен ойнауға арналған керек-жабдықтар, мысалы:
      - кез келген түрдегі доптар;
      - ракеткалар, доп таяқтар, сақалар, таяқтар және сол сияқтылар;
      - кез келген түрдегі торлар;
      - қақпа бағаналары.
      C. Спорттың қысқы түрлерімен шұғылдануға арналған жабдықтар, мысалы:
      - шаңғылар мен таяқтар;
      - коньки;
      - бобслейге арналған шаналар;
      - керлингке арналған керек-жабдықтар.
      D. Спорттық киімдер, аяқ-киімдер, биялайлар, бас киімдер және т.б. кез келген түрлер.
      E. Спорттың судағы түрлеріне арналған керек-жабдықтар, мысалы:
      - каноэ және байдаркалар;
      - желкенді және еспелі қайықтар, желкендер, ескектер және байдаркалық ескектер;
      - серфингке арналған тақтайлар мен желкендер.
      Ғ. Моторлы көлік құралдары мен кемелер, мысалы:
      - машиналар;
      - моторлы велосипедтер;
      - моторлы қайықтар.
      G. Өзге де іс-шараларға арналған жабдықтар, мысалы:
      - спорттық қару және оқ-дәрілер;
      - моторсыз велосипедтер;
      - садақ және жебелер;
      - семсерлесуге арналған керек-жабдықтар;
      - гимнастикалық снарядтар;
      - компастар;
      - күреске және татамиге арналған төсеніштер;
      - ауыр салмақтарды кетеруге арналған керек-жабдықтар;
      - атқа салт мініп жүруге арналған керек-жабдықтар, бір орындық аяқ арбалар;
      - дельтапландар, үш бұрышты қанаттар, виндсерферлер;
      - жоғары өрмелеуте арналған керек-жабдықтар;
      - ойын-сауықты сүйемелдеуге арналған фонограммалар бар музыкалық үн-таспалар.
      Н. Қосымша жабдықтар, мысалы:
      - бақылау-өлшегіш жабдықтар және есепті көрсетуге арналған электронды таблолар;
      - қан және зәр анализдеріне арналған аппаратура.

B.7 қосымшасы Туристік-жарнамалық материалдар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Аталған Қосымшаны қолдану мақсатында «туристі-жарнамалық материал» термині:
      Көпшілікті басқа шет елге, атап айтқанда онда өткізілетін мәдени, діни, туристік, спорттық немесе кәсіби тақырыптарға байланысты кездесулерге немесе іс-шараларға қатысу үшін баруға шақыру мақсатында әкелінетін тауарларды білдіреді. Мұндай материалдың үлгі тізбесі аталған Қосымшаның Толықтыруында көрсетілген.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Тікелей импорты әкелу баждары мен алымдарын төлеместен жүзеге асырылатын аталған Қосымшаның 5-бабында айтылған материалды қоспағанда, туристік-жарнамалық материалға аталған Конвенцияның 2-бабына сәйкес уақытша әкелу рәсімі қолданылады.

III тарау Өзге ережелер 3-бап

      Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігін алу үшін туристік-жарнамалық материал уақытша әкелу аумағынан тыс құрылған немесе тұратын тұлғаға тиесілі болуы тиіс және оларды болжамды пайдалану тұрғысынан ақылға қонымды мөлшерде әкелінуі тиіс.

4-бап

      Туристік-жарнамалық материалды кері экспорттау мерзімі әкелу күнінен бастап кемінде он екі айды құрауы тиіс.

5-бап

      Әкелу баждары мен алымдарын төлеместен тікелей импорт мынадай жарнамалық материалға рұқсат етіледі:
      (а) Бұл құжаттарда 25% аспайтын коммерциялық жарнама және анық жалпы таныстыру мақсаттары үшін арналған болуы шартымен, тегін таратуға арналған құжаттар (папкалар, брошюралар, кітаптар, журналдар, анықтамалықтар, рамкалы және рамкасыз плакаттар, рамкасыз фотографиялар және үлкейтілген фотографиялар, карталар, безендірілген немесе безендірілмеген кадрлардың басып шығарылған диапозитивтері);
      (b) Оларды жариялауды ресми туристік агенттіктер жүзеге асырған немесе қаржыландырған шетел қонақ үйлерінің тізімдері мен жылнамалары, сондай-ақ, егер мұндай құжаттар тегін таратуға арналған және онда 25% аспайтын коммерциялық жарнама болса шекарадан тыс жұмыс істейтін көлік қызметтерінің жұмыс кестелері;
      (с) Аккредиттелген өкілдерге немесе уәкілетті мемлекеттік ресми туристік агенттіктер тағайындаған тілшілерге жіберілген, кең таратуға арналмаған техникалық материал, яғни, жылнамалар, телефон анықтамалары, қонақ үйлердің тізімдері, жәрмеңкелердің каталогтары, құны мардымсыз қол жұмыстарының үлгілері, мұражайлар, университеттер, шипажайлар және осы сияқты мекемелер туралы құжаттама.

6-бап

      Аталған Қосымшаға Толықтыру оның ажырамас бөлігі болып табылады.

7-бап

      Аталған Қосымша күшіне енгеннен кейін осы Конвенцияның 27-бабына сәйкес аталған Қосымшаны қабылдаған және аталған Хаттама бойынша Уағдаласушы Тараптар болып табылатын Уағдаласушы Тараптар арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеу тең мәтінінде Туризмге қатысты кедендік жеңілдіктерге қатысты конвенцияға, Нью-Йорк, 1954 жылғы 4 маусым, туристік-жарнамалық құжаттар мен материалды әкелуге қатысты Қосымша Хаттаманың күшін жояды және алмастырады.

Толықтыру Туристік-жарнамалық материал

Үлгі тізбе

      1. Аккредиттелген өкілдердің немесе уәкілетті ресми мемлекеттік туристік агенттіктердің тілшілерінің офистерінде немесе өзге де орындарда (уақытша әкелу аумағының кеден органының тиісті санкциясын алуы шартымен) көрсетуге арналған материал: безендірулер және сызбалар, рамкадағы фотографиялар және үлкейтілген фотографиялар, өнер жөніндегі кітаптар, кескіндеме, нақыштама немесе литография туындылары, мүсіндер мен сәндік маталар және өзге де осыған Ұқсас өнер туындылары.
      2. Осындай көрсетулерге қажетті электр және механикалық жабдықтарды қоса алғанда, көрсету материалы (витриналар, стендтер және осы сияқты заттар).
      3. Коммерциялық жарнама болып табылатын заттарды және уақытша әкелу аумағында еркін сатуға арналған заттарды қоспағанда, өтеусіз негізде көрсетілетін қойылымдар барысында пайдалануға арналған деректі фильмдер, жазбалар, магниттік таспадағы жазбалар және өзге де дыбыс жазбалары.
      4. Мөлшері ақылға қонымды қажеттіліктен аспайтын сандағы тулар.
      5. Диорамалар, масштабты үлгілер, диапозитивтер, клише, фотонегативтер.
      6. Мөлшері ақылға қонымды қажеттіліктен аспайтын сандағы ұлттық кәсіптер және қолөнер бұйымдарының үлгілері, жергілікті костюмдер және халық шығармашылығының осы сияқты өнімдері.

В.8 қосымшасы Шекаралық тасымалдар шеңберінде әкелінетін тауарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану шеңберінде:
      (a) «шекаралық тасымалдар шеңберінде әкелінетін тауарлар» термині:
      - шекара маңы аймағының тұрғындары өзінің кәсіби қызметін (дәрігерлер, қолөнершілер және т.б.) жүзеге асыру шеңберінде немесе сауда мақсаты үшін тасымалдаған тауарлар;
      - олар жөндеу, өндіріс немесе өңдеу үшін әкелген шекаралық аймақ тұрғындарының жеке мүлкі немесе үй аспаптары;
      - уақытша әкелу аумағының шекаралық аймақтың шегінде орналасқан учаскеде топырақты өңдеуге арналған жабдық;
      - көмек көрсету жөніндегі операцияға (өрт, топан су және т.б.) байланысты әкелінген ресми органға тиесілі жабдық дегенді білдіреді;
      (b) «шекаралық аймақ» термині:
      шектері ішкі заңнамада айқындалған және оның шекаралары тасымалдардың өзге түрлерінен шекаралықты айыру мақсатында қызмет атқаратын құрлықтағы шекарамен аралас кедендік аумақтың ауданын білдіреді;
      (c) «шекаралық аймақтың тұрғындары» термині:
      шекаралық аймақтың шегінде орныққан немесе тұратын адамдарды білдіреді;
      (d) «шекаралық тасымалдар» термині:
      екі шектес шекаралық аймақтың арасында шекаралық аймақтың тұрғындары жүзеге асыратын әкелу дегенді білдіреді.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес шекаралық тасымалдар шеңберінде әкелінетін тауарларға уақытша әкелу рәсімі таратылады.

III тарау Өзге ережелер 3-бап

      Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігін алу үшін:
      (а) шекаралық тасымалдар шеңберінде әкелінетін тауарлар уақытша әкелу аумағының шекаралық аймағымен аралас шекаралық аймақтың тұрғынына тиесілі болуы тиіс;
      (b) топырақты өңдеуге арналған жабдықты уақытша әкелу аумағының шекаралық аймағында орналасқан учаскеде жұмыс істейтін уақытша әкелу аумағымен аралас шекаралық аймақтың тұрғындары пайдалануы тиіс. Бұл жабдық ауыл шаруашылығы немесе мысалы, ағашты түсіру немесе тасымалдау сияқты орман шаруашылығы жұмыстарын жүзеге асыру үшін, немесе балық шаруашылығы үшін пайдаланылуы тиіс;
      (с) жөндеу, өндіру немесе өңдеу мақсатына арналған шекаралық тасымалдар тек коммерциялық емес сипатта болуы тиіс.

4-бап

      1. Шекаралық тасымалдар шеңберінде әкелінетін тауарларды уақытша әкелуге кедендік құжат көрсетілместен және кепілдік белгіленбестен рұқсат етіледі.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап тізімдеме мен олардың кері экспорты туралы жазбаша міндеттемені ұсынуы шартымен шекаралық тасымалдар шеңберінде әкелінетін тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынуға құқылы.
      3. Уақытша әкелуге кеден органы жүргізетін тиісті журналға жазба енгізуі шартымен де рұқсат берілуі мүмкін.

5-бап

      1. Шекаралық тасымалдар шеңберінде әкелінетін тауарларды кері экспорттау мерзімі уақытша әкелу күнінен бастап кемінде он екі айды құрауға тиіс.
      2. Топырақты өңдеуге арналған жабдық жұмыстар аяқталғаннан кейін тікелей кері экспортталуы тиіс.

В.9 қосымшасы Ізгілік мақсаттар үшін әкелінетін тауарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану шеңберінде:
      (a) «ізгілік мақсаттар үшін әкелінген тауарлар» термині:
      медициналық, хирургиялық және зертхана жабдығын, көмек жеткізуді білдіреді.
      (b) «көмек жеткізу» термині:
      жер үсті көлік құралдарын және басқа да көлік құралдарын, киімдерді, көрпелерді, күркелерді, жиналатын үйлерді немесе дүлей зілзаладан зардап шеккендерге көмек түрінде жіберілетін басқа да бірінші қажеттіліктегі тауарларды қоса алғанда, барлық тауарларды білдіреді.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес ізгілік мақсаттар үшін әкелінетін тауарларға уақытша әкелу рәсімі қолданылады.

III тарау Өзге ережелер 3-бап

      Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігін алу үшін:
      (а) ізгілік мақсаттар үшін әкелінетін тауарлар уақытша әкелу аумағынан тыс орналасқан немесе тұратын тұлғаға тиесілі болуы және уақытша пайдалануға тегін негізде берілуі тиіс;
      (b) аталған жабдық уақытша әкелу аумағында жеткілікті мөлшерде болмауы шартымен, медициналық, хирургия және зертхана жабдығы айрықша жағдайда бола тұрып, оған өткір мұқтаж болатын госпитальдарда және басқа да медициналық мекемелерде пайдалану үшін арналуы тиіс;
      (с) көмекті жеткізу уақытша әкелу аумағының құзыретті органдары уәкілеттік берген тұлғаларға жіберілуі тиіс.

4-бап

      1. Мүмкіндігіне қарай медициналық, хирургия және зертхана жабдығына қатысты кедендік құжат немесе кепілдік орнына кері экспорттаудың жазбаша міндеттемесімен бірге тауарлардың тізімдемесі қабылдануы мүмкін.
      2. Көмек жеткізуге уақытша әкелу режимі кедендік құжат көрсетілместен және кепілдік белгіленбестен ұсынылады. Алайда кеден органдары кері экспорттаудың жазбаша міндеттемесімен бірге тауарлардың тізімдемесін көрсетуді талап етуі мүмкін.

5-бап

      1. Медициналық, хирургия және зертхана жабдығы кері экспорттау мерзімі оған мұқтаждыққа сәйкес айқындалуы тиіс.
      2. Көмек жеткізуді кері экспорттау мерзімі уақытша әкелу күнінен бастап кемінде он екі айды құрауға тиіс.

С қосымшасы Көлік құралдары туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану шеңберінде төменде келтірілген терминдер мынадай мағыналарды білдіреді:
      (a) «көлік құралдары» термині:
      кез келген су көлігі құралдары (өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлерді және баржаларды, сондай-ақ су асты қанаттары бар кемелерді қоса алғанда), ауа жастығындағы кемелер, әуе кемелері, жол көлік құралдары (моторлы велосипедтерді, тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және аралас көлік құралдарын қоса алғанда), сондай-ақ теміржол жылжымалы құрамы; көлік құралдарының бортындағы олардың стандартты қосалқы бөлшектерінің жиынтығымен, керек-жарақтарымен және жабдығымен (жүкті түсіруге, тиеуге, тасымалдауға және қорғауға арналған арнайы жабдықты қоса алғанда) білдіреді;
      (b) «коммерциялық қолдану» термині:
      тұлғаларды сыйақыға тасымалдауды немесе тауарларды сыйақыға немесе тегін өнеркәсіптік немесе коммерциялық тасымалдауды білдіреді;
      (c) «жеке пайдалану» термині:
      коммерциялық пайдаланудан басқа, тиісті тұлғаның тек жеке пайдалануы үшін ғана тасымалдауды білдіреді;
      (d) «ішкі тасымал» термині:
      уақытша әкелу аумағында алынған немесе тиелген және осы аумақтың шегінде орналасқан жерде түсірілген тұлғаларды немесе тауарларды тасымалдауды білдіреді;
      (е) «стандартты бактар» термині:
      өндірушілер қаралып отырған көлік құралдары сияқты түрдегі барлық көлік құралдары үшін шығарған, тұрақты қондырыла отырып көлік құралдарын қозғалысқа келтіру үшін және қажет болған жағдайда, тасымалдау кезінде салқындату жүйесінің немесе басқа жүйелердің қызмет етуі үшін пайдаланылатын отынды беруді тікелей жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бактарды білдіреді. Көлік құралдарына орнатылған және отынның басқа да түрлерін тікелей беруге арналған бактар да және көлік құралдары жарақтандырылуы мүмкін басқа да жүйелерде орнатылған бактар да стандартты бактар ретінде қарастырылуы тиіс.

ІІ тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес мыналарды уақытша әкелуге жол беріледі:
      (а) коммерциялық немесе жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
      (b) бұрын баж төленбестен уақытша әкелінген көлік құралдарын жөндеу үшін әкелінетін қосалқы бөлшектер мен жабдықтар. Осы Конвенцияның 14-бабының ережелеріне сәйкес оларға билік ету жағдайларын қоспағанда, кері экспортталмайтын ауыстырылған бөлшектер мен жабдықтар импорттық баждар мен салықтарды салуға жатады.

3-бап

      Қажеттілік сапар кезінде немесе уақытша әкелу аумағында туындаған және уақытша әкелу кезеңінде жүзеге асырылатын көлік құралдарына ағымдағы техникалық қызмет көрсету мен жөндеу осы Конвенцияның 1-бабының (а) тармағының тең мәтінінде берілген түсінік мәнін өзгертуге әкеп соқтыратын ретінде қаралмауы тиіс.

4-бап

      1. Уақытша әкелінетін көлік құралдарының стандартты бактарындағы отынды, сондай-ақ, әдетте осындай көлік құралдары үшін пайдаланылатын жағар майларды әкелуге әкелу баждары мен алымдарын төлеместен, сондай-ақ импортқа тыйым салулар мен шектеулерді қолданбастан жол беріледі.
      2. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын жол көлік құралдарына уақытша әкелуді ресімдеу кезінде әрбір Уағдаласушы Тарап оның аумағына мұндай уақытша әкелінетін жол көлік құралдарының стандартты бактарына қолданылатын импорттық баждар мен салықтарды төлеместен, сондай-ақ импортқа тыйым салулар мен шектеулерді қолданбастан әкелінуі мүмкін отынның ең көп мөлшерін айқындауға құқылы.

ІІІ тарау Өзге ережелер 5-бап

      Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігін алу үшін:
      (а) коммерциялық пайдалануға арналған көлік құралдары уақытша әкелу аумағынан өзге аумақта, уақытша әкелу аумағынан бөлек аумақта құрылған немесе тұратын тұлғаның атына тіркелу тиіс, сондай-ақ осындай аумақта тұратын тұлғалар әкелуі және пайдалануы тиіс;
      (b) жеке пайдалануға арналған көлік құралдары уақытша әкелу аумағынан өзге аумақта, уақытша әкелу аумағынан бөлек аумақта құрылған немесе тұратын тұлғаның атына тіркелуі қажет, сонымен қатар, сондай-ақ, осындай аумақта тұратын тұлғалар әкелуі және пайдалануы тиіс.

6-бап

      Көлік құралдарын уақытша әкелуге кедендік ресімдеместен немесе талап етілетін қамтамасыз өтеусіз жол беріледі.

7-бап

      Осы Қосымшаның 5-бабының ережелеріне қарамастан:
      (а) коммерциялық пайдалануға арналған көлік құралдарын, егер олар уақытша әкелу аумағында құрылса немесе тұрса және уақытша әкелуге құқығы бар тұлғалар тиісті түрде уәкілеттік берген және олардың атынан қызмет ететін үшінші тұлғалар пайдалануы мүмкін;
      (b) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелуге құқығы бар тұлғалар тиісті түрде уәкілеттік берген үшінші тұлғалар пайдалануы мүмкін. Әрбір Уағдаласушы Тарап, атап айтқанда, егер, көлік құралы уақытша әкелуге құқығы бар тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша пайдаланылса, оның аумағында тұратын тұлғалардың осындай пайдалануына жол бере алады.

8-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап уақытша әкелу артықшылығынан бас тартуға немесе бұл артықшылықты:
      (а) ішкі тасымалдауларда пайдаланылатын коммерциялық пайдалануға арналған көлік құралдарына;
      (b) ішкі тасымалдауларда коммерциялық пайдалану үшін пайдаланылатын жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына;
      (с) әкелінгеннен кейін жалға алынған немесе жалға алынған болып әкелінген, дереу кері экспорттан басқа мақсатпен қайта жалға алынған немесе қосалқы жалға берілген көлік құралдарына қатысты жоюға құқылы.

9-бап

      1. Коммерциялық пайдалануға арналған көлік құралдары олар үшін әкелінген көлік операциялары аяқталғаннан кейін тікелей кері экспортталуы тиіс.
      2. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары уақытша әкелу аумағында үздіксіз немесе әрбір он екі айлық кезеңнің алты айы ішінде үзілістермен бола алады.

10-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның 29-бабына сәйкес:
      (а) егер, мұндай жол көлік құралдарын және теміржол жылжымалы құрамдарын уақытша әкелуге қатысты болса, 2-баптың (а) тармақшасына;
      (b) егер, мұндай коммерциялық пайдалануға арналған жол көлік құралдарына және жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты болса 6-бапқа қатысты ескерту жасауға құқылы.

11-бал

      Осы Қосымша күшіне енгеннен кейін осы Конвенцияның 27-бабына сәйкес ол осы Қосымшаны қабылдаған және осы Конвенциялар бойынша Уағдаласушы Тараптар болып табылатын Уағдаласушы Тараптар арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеу тең мәтінінде Жеке жол көлік құралдарын уақытша әкелу туралы кеден конвенциясының, Нью-Йорк, 1954 жылғы 4 маусым, Коммерциялық жол көлік құралдарын уақытша әкелу туралы кеден конвенциясының, Женева, 1956 жылғы 18 мамыр және Жеке пайдалануға арналған ұшақтарды және қыдыратын катерлерді уақытша әкелу туралы кеден конвенциясының, Женева, 1956 жылғы 18 мамыр, күшін жояды және алмастырады.

D қосымшасы Жануарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану шеңберінде төменде келтірілген терминдер мынадай мағыналарды білдіреді:
      (a) «жануарлар» термині:
      кез келген түрдегі тірі жануарларды білдіреді;
      (b) «шекаралық аймақ» термині:
      шегі ұлттық заңнамада айқындалған және оның шекаралары шекаралық тасымалдарды олардың басқа түрлерінен айыру үшін қызмет атқаратын құрлықтағы шекарамен шектес кедендік аумақтың учаскесін білдіреді;
      (c) «шекаралық аймақтың тұрғындары» термині:
      шекаралық аймақтың шегінде орныққан немесе тұратын тұлғаларды білдіреді;
      (d) «шекаралық тасымалдар» термині:
      екі аралас шекаралық аймақтың арасында шекаралық аймақтың тұрғындары жүзеге асыратын әкелуді білдіреді.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Қосымшаға Толықтыруда көрсетілген мақсаттарда әкелінген жануарларға осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес уақытша әкелу рәсімі қолданылады.

III тарау Өзге ережелер 3-бап

      Осы Қосымшада көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігін алу үшін:
      (а) жануарлар уақытша әкелу аумағынан тыс орналасқан немесе тұратын тұлғаға тиесілі болуы тиіс;
      (b) уақытша әкелу аумағының шекаралық аймағы шегінде орналасқан учаскеде пайдалануға арналған жегін жануарларды әкелуді уақытша әкелу аймағымен аралас шекаралық аймақтың тұрғындары жүзеге асыруы тиіс;

4-бап

      1. Қосымшаның 3-бабының (b) тармағында айтылған жегін жануарларды, сондай-ақ шекаралық аймақтың шегінде орналасқан учаскедегі жаңа жайылымдарға немесе жайылым шөбінде бордақылауға маусымдық айдау мақсатында әкелінген жануарларды уақытша әкелу кедендік ресімдеместен немесе талап етілетін қамтамасыз етусіз жүзеге асырылады.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап тізімдеме мен олардың кері экспорты туралы жазбаша міндеттемені ұсынуы шартымен осы Баптың 1-тармағында айтылған жануарларды уақытша әкелуді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынуға құқылы.

5-бап

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның 29-бабына сәйкес осы Қосымшаның 4-бабының 1-тармағына қатысты ескерту жасауға құқылы.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның 29-бабына сәйкес осы Қосымшаға Толықтырудың 12 және 13-тармақтарына қатысты ескерту жасауға құқылы.

6-бап

      Жануарларды кері экспорттау уақытша әкелген күннен бастап он екі айдың ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

7-бап

      Осы Қосымшаға Толықтыру оның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс.

Толықтыру

2-бапқа тізбе

      1. Жылқыларды жегу
      2. Үйрету
      3. Өсіру
      4. Тағалау немесе өлшеу
      5. Ветеринариялық емдеу
      6. Тексеру (мысалы, сатып алу мақсатында)
      7. Шоуларға, көрмелерге, жарыстарға, сайыстарға немесе көрсетулерге қатысу
      8. Ойын-сауық іс-шаралары (цирк жануарлары және т.б.)
      9. Туризм (туристерге тиесілі үй жануарларын қоса алғанда)
      10. Функцияларды орындау (полиция иттері немесе жылқылары; іздестіру иттері, алып жүретін иттер және т.б.)
      11. Құтқару операциялары
      12. Жануарларды маусымдық айдау немесе жайылым шөбінде бордақылау мақсатында айдау
      13. Жұмысты орындау және тасымалдау
      14. Медициналық мақсаттар (жылан уын шығару және т.б.)

Е қосымшасы Әкелу баждары мен алымдарын төлеуден ішінара босатылып әкелінетін тауарлар туралы I тарау Анықтамалар 1-бап

      Осы Қосымшаны қолдану шеңберінде төменде келтірілген терминдер мынадай мағыналарды білдіреді:
      (a) «ішінара босатылып әкелінген тауарлар» термині:
      осы Конвенцияның басқа Қосымшаларында айтылған, бірақ импорттық баждар мен салықтардан толық босатылып уақытша әкелудің барлық шарттарына жауап бермейтін тауарларды, сондай-ақ басқа Қосымшаларда айтылмаған және уақытша пайдалану үшін, мысалы өндірістік немесе жұмыс жобалары үшін әкелінетін тауарларды білдіреді;
      (b) «ішінара босату» термині:
      тауарларды еркін айналымға шығару кезінде төлеуге жататын және тауарларды уақытша әкелу рәсімімен орналастырған күнге есептелген әкелу баждары мен алымдарының жалпы сомасының бір бөлігін төлеуден босатуды білдіреді.

II тарау Қолданылу саласы 2-бап

      Осы Қосымшаның 1-бабының (а) тармағында айтылған тауарларға осы Конвенцияның 2-бабында көзделген ішінара босатылып уақытша әкелу қолданылуы тиіс.

ІІІ тарау Өзге ережелер 3-бап

      Ішінара босатылып әкелінетін тауарларға осы бапта көзделген жеңілдіктер қолданылуы үшін олар уақытша әкелу аумағынан тыс орналасқан немесе тұратын тұлғаға есілі болуы тиіс.

4-бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап ішінара босатылып уақытша әкелінуі мүмкін/мүмкін емес тауарлардың тізбесін айқындай алады. Осы Конвенцияның депозитарийі осы тізбелердің мазмұны туралы хабардар етілген болуы тиіс.

5-бап

      Аталған рәсімге сәйкес төлеуге жататын әкелу баждары мен салықтарының сомасы әрбір ай немесе оның ішінде тауарлар уақытша әкелу рәсімімен орналастырылған айдың бір бөлігі үшін 5 %-дан аса алмайды.

6-бап

      Әкелу баждары мен салықтарының төлеуге жататын сомасы қандай жағдай болса да аталған тауарларды еркін айналымға шығару кезінде төлеуге жататын және тауарларды уақытша әкелу рәсімімен орналастырған күнге есептелген сомадан аспауы тиіс.

7-бап

      1. Әкелу баждары мен салықтарының осы Қосымшада көзделген сомасын аталған рәсімге сәйкес тауарларды шығару кезінде құзыретті органдар алуы тиіс.
      2. Егер осы Конвенцияның 13-бабына сәйкес уақытша әкелу рәсімі тауарларды еркін айналымға шығарумен аяқталса, кез келген әкелу баждары мен салықтарының ішінара босату шартымен енгізіліп қойған, ішінара-босату кезінде өндіріп алынған сомасы тауарларды еркін айналым үшін шығару кезінде төлеуге жататын әкелу баждары мен салықтарының сомасынан алынып тасталуы тиіс.

8-бап

      Ішінара босатылып әкелінген тауарларды кері экспорттау осы Қосымшаның 5 және 6-баптарында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылуы тиіс.

9-бап

      Осы Конвенцияның 29-бабына сәйкес әрбір Уағдаласушы Тараптың әкелу баждарынан ішінара босатуға қаншалықты қатысты шамада осы Қосымшаның 2-бабына қатысты ескерту жасау құқығы болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады