"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 402 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН ІСІ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ МАЗМҰНЫ I. ЖАЛПЫ БӨЛІК I. БӨЛІМ. Негізгі бөлім
1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (реттеу)
2-бап. Кеден ісіне басшылық ету
3-бап. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі терминдер
5-бап. Кедендік заңнамада белгіленген мерзімдерді есептеу тәртібі

2-тарау. Кеден органдары

6-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі
7-бап. Кеден органдарының қызмет принциптері
8-бап. Кеден органдарының міндеттері
9-бап. Кеден органдары орналасқан жерлер
10-бап. Кедендік операциялар жүргізілетін жерлер
11-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты
12-бап. Кеден органдарының құқықтары
13-бап. Кеден органдарының міндеттері
14-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың міндеттілігі
15-бап. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі
16-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа қатысы
17-бап. Кеден органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының
        әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану

3-тарау. Кеден органдарының өзге мемлекеттік органдармен,
сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен және кедендік реттеу
саласындағы басқа да тұлғаларамен өзара қарым-қатынастары

18-бап. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
19-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі кеден органдары мен салық
        қызметі органдарының өзара іс-қимылы
20-бап. Көліктің жекелеген түрлерінде кедендік бақылау жүргізу
        кезіндегі кеден органдарының басқа тұлғалармен өзара
        іс-қимылы
21-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен
        және басқа тұлғалармен өзара іс-қимылы
22-бап. Кеден органдарының шет мемлекеттердің кеден және өзге де
        органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы

4-тарау. Ақпараттандыру және консультация беру

23-бап. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы туралы
        ақпараттандыру
24-бап. Кеден органдарының консультация беруі

5-тарау. Кеден органдарының кедендік реттеу саласындағы
қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым-қатынасы

25-бап. Кеден өкілі
26-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары
27-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу тәртібі
28-бап. Кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздемелер
29-бап. Кеден өкілінің құқықтары
30-бап. Кеден өкілінің міндеттері
31-бап. Кеден өкілінің жауапкершілігі
32-бап. Кедендік декларациялау жөніндегі маман
33-бап. Кедендік тасымалдаушы
34-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу шарттары
35-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу тәртібі
36-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізілімінен алып тастау үшін
        негіздемелер
37-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері
38-бап. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі
39-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесі
40-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
41-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
42-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру
43-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесін тізілімнен шығару үшін
        негіздемелер
44-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері
45-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жауапкершілігі
46-бап. Кеден қоймасының иесі
47-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
48-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
49-бап. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру
50-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін
        негіздемелер
51-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері
52-бап. Кеден қоймасы иесінің жауапкершілігі
53-бап. Бажсыз сауда дүкенінің иесі
54-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
55-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
56-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру
57-бап. Бажсыз сауда дүкендерінің иелерінің тізілімінен алып тастау
        үшін негіздемелер
58-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері
59-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің жауапкершілігі
60-бап. Бос қойма иесі

6-тарау. Уәкілетті экономикалық оператор

61-бап. Уәкілетті экономикалық оператор
62-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары
63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру және
        қолданылуын тоқтату тәртібі
64-бап. Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі
65-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы
        жеңілдіктер
66-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпараттарды ұсыну

7-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технология

67-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық
        технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары
68-бап. Кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын
        декларанттар мен тұлғалардың меншігіндегі бағдарламалық
        өнімдер
69-бап. Кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын
        декларанттар мен тұлғаларға кедендік құжаттардың электрондық
        көшірмелерін қалыптастыруға арналған рұқсатты беру
70-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары
71-бап. Ақпараттық процестер мен ақпараттандыруда қатысатын
        субъектілердің ақпараттары мен құқықтарын қорғау
72-бап. Кеден органдарының ақпараттық алмасуы

8-тарау. Кедендік статистика

73-бап. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы
74-бап. Арнайы кедендік статистика
75-бап. Статистикалық мақсаттар үшін қолданылатын құжаттар және
        мәліметтер

9-тарау. Сыртқы экономикалық қызметтің.бірыңғай тауар
номенклатурасы Тауарларды жіктеу

76-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы
77-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу
78-бап. Тауарларды жіктеу
79-бап. Алдын ала шешім қабылдау тәртібі
80-бап. Алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініш
81-бап. Алдын ала шешімді қабылдау және оның қолданылу мерзімдері
82-бап. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, өзгерту немесе
        қайтару
83-бап. Алдын ала шешімдердің жариялылығы
84-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде «Ішкі тұтыну үшін шығару»
        кедендік рәсіміне сәйкес жеткізілетін машиналарды жіктеу
85-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін машиналарға
        арналған алдын ала жіктеу шешімін алу тәртібі
86-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін машиналарға
        берілген алдын ала жіктеу шешімінің қолданылу мерзімі
87-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін машиналарға
        берілген алдын ала жіктеу шешімдерін есепке алу
88-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін машиналарға
        берілген алдын ала жіктеу шешімінің қолданылу мерзімін ұзарту
89-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілген машиналарға берілген
        алдын ала жіктеу шешімінің қолданылуын тоқтату немесе өзгерту
90-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілген машиналарға берілген
        алдын ала жіктеу шешімінің күші жойылған кезде тауарларды
        жіктеу

10-тарау. Тауарлардың шығарылған елі

91-бап. Тауарлардың шығарылған елі туралы жалпы ереже
92-бап. Тауарлардың шығарылған елін растау
93-бап. Тауарлардың шығарылуы туралы декларация
94-бап. Тауарлардың шығарылуы туралы сертификат
95-бап. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды ұсыну
96-бап. Тауарларды, олардың шығарылған елін анықтау кезінде кедендік
        рәсімдерге орналастырудың қосымша шарттары

11-тарау.Тауарлардың кедендік құны

97-бап. Кедендік құн туралы жалпы ережелер
98-бап. Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын анықтау
99-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау
100-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері
101-бап. Әкелінетін тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс
102-бап. Қосымша есептеулер
103-бап. Сәйкес тауарлармен жасалған мәміле бағасы бойынша әдіс
104-бап. Біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс
105-бап. Құнды шегеру әдісі
106-бап. Құнды қосу әдісі
107-бап. Резервтік әдіс
108-бап. Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
109-бап. Тауарлардың кедендік құнын бақылау
110-бап. Тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім
111-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету
112-бап. Қосымша тексеру жүргізу

2-БӨЛІМ. Кедендік төлемдер мен салықтар 12-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар туралы жалпы ереже

113-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар
114-бап. Кедендік баж ставкаларының түрлері
115-бап. Кедендік алымдар
116-бап. Кедендік алымдардың түрлері
117-бап. Тауарларды кедендік декларациялағаны үшін кедендік алым
118-бап. Кедендік сүйемелдеу үшін кедендік алым
119-бап. Алдын ала шешім үшін төлем
120-бап. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімі мен тәртібі

13-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер

121-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер
122-бап. Кедендік алымдарды салудан босату
123-бап. Тарифтік преференциялар

14-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

124-бап. Кедендік баждар, салықтар салынатын объекті және кедендік
         баждарды, салықтарды есептеу үшін база (салық базасы)
125-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу
126-бап. Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын қолдану
127-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін шетел
         валютасын қайта есептеу

15-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері мен
тәртібі

128-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер
129-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің
         туындауы және тоқтатылуы. Кедендік баждарды, салықтарды
         төлемеу жағдайлары
130-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің
         туындауы және тоқтатылуы және тауарларды кедендік шекара
         арқылы заңсыз өткізу кезінде оларды төлеу мерзімдері
131-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері
132-бап. Талап қою мерзімі
133-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төлеу мерзімдерін өзгерту
134-бап. Кедендік әкелу баждардың мерзімдерін өзгерту ұғымы мен
         шарттары, сондай-ақ кедендік әкелу бажын төлеу бойынша
         мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну
         үшін негіздер
135-бап. Кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы
         шешім және оны қолдану мерзімі
136-бап. Кедендік әкелу бажын төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе
         бөліп-бөліп төлеу сомаларын өтеу мерзімдері
137-бап. Кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы
         шешімнің қолданылуын тоқтату
138-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі
139-бап. Бюджетке кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды
         аудару бөлігінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін
         жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың міндеттері
140-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың
         төленуін бақылау
141-бап. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды төлеу
         бойынша міндеттеменің орындалу есептілігі
142-бап. Кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша
         берешектің жоқтығы және (немесе) бар болуы туралы
         мәліметтерді ұсыну тәртібі

16-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз
ету тәртібі

143-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің
         жалпы шарттары
144-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету
         тәсілдері
145-бап. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының ақшаларды уақытша
         орналастыру шотына енгізу 146-бап. Банк кепілдігі
147-бап. Кепілгерлік шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін
         қамтамасыз ету ретінде қолдану
148-бап. Мүлік кепілдігі
149-бап. Сақтандыру шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін
         қамтамасыз ету ретінде қолдану
150-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету
151-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін қамтамасыз ету
         сомасын анықтау
152-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді
         тіркеу

17-тарау. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өзге де ақша
қаражатының артық өндіріліп алынған сомаларын қайтару (есепке
жатқызу)

153-бап. Кедендік баждардың, салықтардың артық (қате) төленген немесе
         артық өндіріп алынған сомалары
154-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың
         артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын
         қайтару(есепке жатқызу)
155-бап. Кедендік баждарды, салықтарды қайтарудың өзге жағдайлары
156-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді
         қайтару

18-тарау. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша
берешекті өндіріп алу

157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өндіріп
         алудың жалпы ережелері
158-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына
         өсімпұлдар есептеу
159-бап. Кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды
         өтеу туралы хабарлама
160-бап. Кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды
         өтеу туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі
161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары
         есебінен не ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген
         қамтамасыз ету сомалары есебінен кедендік баждар, салықтар
         бойынша берешектер мен өсімпұлдарды өндіріп алу
162-бап. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын
         тоқтата тұру
163-бап. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
164-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу есебіне төлеушінің мүлкіне билік
         етудегі шектеу туралы шешім шығару
165-бап. Төлеушінің берешегі пен өсімпұлын банктік шоттарындағы ақша
         есебінен өндіріп алу
166-бап. Төлеушінің берешегі мен өсімпұлын оның дебиторларының
         шоттарынан өндіріп алу
167-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін сату есебінен өндіріп
         алу
168-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер,
         салықтар берешегі мен өсімпұлдар есебіне сату тәртібі
169-бап. Төлеушінің банкрот деп танылуы
170-бап. Кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және
         өсімпұлдары бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат
         құралдарында жариялау
171-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу тәртібі
172-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың
         сомаларын өндіріп алуға үмітсіз деп тану және есептен шығару

19-тарау. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша
берешекті өтеу туралы хабарламаға шағымдану тәртібі

173-бап. Шағымдану құқығы
174-бап. Берешекті өтеу туралы хабарламаға шағымды қарайтын органдар
175-бап. Шағымды беру тәртібі
176-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны
177-бап. Шағымды қараудан бас тарту
178-бап. Шағымды қарау тәртібі
179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру
181-бап. Кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны
182-бап. Кеден органына немесе сотқа шағым берудің салдарлары

3-БӨЛІМ. Кедендік бақылау 20-тарау. Кедендік бақылау туралы жалпы ережелер

183-бап. Кедендік бақылауды жүргізу принциптері
184-бап. Кедендік бақылауды жүргізу 185-бап. Кедендік бақылаудағы
         тауарлар
186-бап. Кедендік бақылау аймақтары
187-бап. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен
         мәліметтерді ұсыну
188-бап. Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау
189-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың
         айналымы кезіндегі кедендік бақылау
190-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның қатысуы
191-бап. Кедендік бақылауды жүргізуге ықпал ету үшін басқа
         мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тарту
192-бап. Кеден органдары мен кедендік шекарадағы бақылаушы
         мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимыл
193-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол
         бермеу
194-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын
         қолданылудан босату
195-бап. Кеден органдарының кедендік бақылауды жүргізу кезінде
         тұлғалар туралы ақпарат жинауы
196-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде техникалық құралдарды
         және кемелерді пайдалану
197-бап. Кедендік бақылау үшін қажетті тауарлар мен көлік құралдарға
         қатысты жүк және өзге де операциялар
198-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайлар мен басқа да
         орындарды сәйкестендіру

21-тарау. Кедендік бақылауды жүргізу нысандары мен тәртібі

199-бап. Кедендік бақылау нысандары
200-бап. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру
201-бап. Ауызша сауалнама алу
202-бап. Түсіндірмелер алу
203-бап. Кедендік қадағалау
204-бап. Кедендік қарау
205-бап. Кедендік тексеріп қарау
206-бап. Жеке кедендік тексеріп қарау
207-бап. Тауарлардың арнайы маркалармен маркалануын, оларда
         сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру
208-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау
209-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу
210-бап. Тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті
         тексеру
211-бап. Кедендік тексеру

22-тарау. Кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі

212-бап. Өзара әкімшілік көмек
213-бап. Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу
214-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тану
215-бап. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірінің кеден
         органының кеден одағына қатысушы мемлекеттің басқа кеден
         органына тапсырмасы бойынша кедендік бақылаудың жекелеген
         нысандарын жүргізуі

23-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі

216-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесінің жалпы ұғымдары және қолданылу
         мақсаттары
217-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде пайдаланылатын
         негізгі ұғымдар
218-бап. Тәуекелді талдау объектілері
219-бап. Кеден органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару
         жөніндегі қызметі

24-тарау. Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі

220-бап. Камералдық кедендік тексеру
221-бап. Көшпелі кедендік тексеру
222-бап. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның
         объектісіне кеден органының лауазымды тұлғаларының қол
         жетімділігі
223-бап. Кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден органдарының
         лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттері
224-бап. Кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның
         құқықтары мен міндеттері
225-бап. Кедендік тексеруді жүргізу мақсаттары үшін құжаттарды және
         мәліметтерді ұсыну

25-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі кедендік сараптама

226-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер
227-бап. Кедендік сараптама тағайындау
228-бап. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі және мерзімі
229-бап. Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды
         тұлғасы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртібі
230-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) құқықтары мен міндеттері
231-бап. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде
         декларанттың, тауарларға қатысты уәкілеттіктерге ие өзге
         тұлғаның және олардың өкілдерінің құқықтары
232-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы
233-бап. Кедендік сараптаманың түрлері
234-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері
235-бап. Сарапшылық қызмет саласындағы ынтымақтастық
236-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сарапшыларын
         тарта отырып, кедендік сараптама жүргізу

26-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезінде тауарларды және
олардың құжаттарын ұстау

237-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде ұстауға жататын тауарлар
         мен құжаттар
238-бап. Ұсталған тауарларды және олардың құжаттарын сақтау
         мерзімдері
239-бап. Ұсталған тауарларды және олардың құжаттарын қайтару
240-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарлармен жұмыс
241-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарларды сатудан түскен
         сомаларға билік ету

II. АРНАЙЫ БӨЛІК 4-БӨЛІМ. Кедендік декларация беруден алдыңғы кедендік
операциялар 27-тарау. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу туралы
негізгі ережелер

242-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу
243-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындары
244-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде тыйымдар
         мен шектеулерді сақтау
245-бап. Кедендік шекара арқылы ететін тауарларды пайдалану және
         (немесе) билік ету
246-бап. Жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар
247-бап. Мүдделі тұлғалардың тауарлардың сынамалары мен үлгілерін
         іріктеп алуы

28-тарау. Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келуі

248-бап. Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келетін жері
         мен уақыты
249-бап. Апат немесе еңсерілмес күштің әсері кезінде қабылданатын
         шаралар
250-бап. Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы
         хабарлама
251-бап. Тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын көлік құралының
         түріне қарай кеден органына ұсынылатын құжаттар мен
         мәліметтер
252-бап. Келген жерлерде жасалатын кедендік операциялар
253-бап. Тауарлар кедендік аумаққа келген кезде кедендік әкелу
         баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
         тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

29-тарау. Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуі

254-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан кететін жері
         мен уақыты
255-бап. Кету орындарында жасалатын кедендік операциялар
256-бап. Тауарларға кеден одағының кедендік аумағынан кету кезінде
         қойылатын талаптар
257-бап. Авария, ырық бермес күштің әсері немесе өзге де жағдайлар
         кезінде қолданылатын шаралар
258-бап. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеткен
         кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша
         міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

25-тарау. Тауарларды уақытша сақтау

259-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер
260-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары
261-бап. Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
262-бап. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлардың, ашық
         алаңдардың иелерінің міндеттері
263-бап. Уақытша сақтау орны иесінің қызметін тоқтата тұру
264-бап. Уақытша сақтау орындары иелерінің тізілімінен шығару
265-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын өзге де орындарында сақтау
266-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды
         растайтын құжаттар
267-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты
         кедендік операциялар
268-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі
269-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жасалатын операциялар
270-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын,
         салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы
         және оларды төлеу мерзімі

5-БӨЛІМ. Кедендік рәсімдерге тауарларды орналастырумен
байланысты кедендік операциялар 31-тарау. Кедендік рәсімдерге тауарларды орналастырумен
байланысты кедендік операциялар туралы жалпы ережелер

271-бап. Кедендік рәсімдерге тауарларды орналастырумен байланысты
         кедендік операцияларды жасау тәртібі
272-бап. Кедендік рәсімдерге тауарларды орналастыру
273-бап. Кедендік рәсімдерге тауарларды орналастырумен байланысты
         кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты
274-бап. Кедендік рәсімдерге тауарларды орналастыру үшін қажетті
         құжаттар мен мәліметтер
275-бап. Кедендік рәсімдерге тауарларды орналастырумен байланысты
         кедендік операцияларды жасау кезінде мүдделі тұлғалардың
         және олардың өкілдерінің қатысуы
276-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімге
         орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі

32-тарау. Тауарларды кедендік декларациялау

277-бап. Тауарларды кедендік декларациялау туралы жалпы ережелер
278-бап. Кедендік декларация
279-бап. Тауарларға арналған декларация
280-бап. Транзиттік декларация
281-бап. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттарды ұсыну
282-бап. Кедендік рәсімдердің шартына сәйкес кедендік декларациялау
         кезінде ұсынылатын қосымша құжаттар
283-бап. Кедендік декларацияны ұсыну мерзімі
284-бап. Декларант
285-бап. Декларанттың құқықтары
286-бап. Декларанттың міндеттері
287-бап. Декларанттың жауапкершілігі
288-бап. Кедендік декларацияны ұсыну және тіркеу
289-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту және
         толықтыру
290-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алу
291-бап. Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау
292-бап. Тауарларды толық емес кедендік декларациялау
293-бап. Тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау
294-бап. Тауарларды уақытша кедендік декларациялау
295-бап. Тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері

33-тарау. Тауарларды шығару

296-бап. Тауарларды шығару үшін негіздемелер және тауарларды шығару
         тәртібі
297-бап. Тауарларды шығару мерзімі
298-бап. Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару
299-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін зерттеу не
         сарапшының қорытындысын алу қажет болған кезде тауарларды
         шығару
300-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс анықталған кезде
         тауарларды шығару
301-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар
302-бап. Тауарларды шығарудан бас тарту

34-тарау. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын мемлекет
меншігіне айналдыру

303-бап. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын мемлекет меншігіне
         айналдыру
304-бап. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын сот шешімі бойынша
         мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі
305-бап. Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік рәсімінде
         ресімделген тауарларды мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі

6-БӨЛІМ. Кедендік рәсімдер 35-тарау. Кедендік рәсімдер туралы жалпы ережелер

306-бап. Кедендік рәсімдердің түрлері
307-бап. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту
308-бап. Кедендік рәсімде орналастыру
309-бап. Тауарларды кедендік рәсімде орналастыру шарттарын сақтауды
         растау міндеті
310-бап. Кедендік рәсімдердің шарттарын сақтауды кедендік бақылау
311-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен тапаптарын сақтамағаны үшін
         жауапкершілік
312-бап. Кедендік рәсімде орналастырылған тауарларды алу (тыйым салу)
         салдарлары

36-тарау. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдері

313-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінің мазмұны
314-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне
         орналастыру шарттары
315-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын
         (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік баждарды,
         салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы, тоқтатылуы және
         оларды төлеу мерзімі

37-тарау. Экспорт кедендік рәсімі 316-бап. Экспорт кедендік
рәсімінің мазмұны

317-бап. Тауарларды экспорт кедендік рәсіміне орналастыру шарттары
318-бап. Экспорт кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты
         кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
                                тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

38-тарау. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі

319-бап. Кедендік транзит туралы жалпы ережелер
320-бап. Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру
         шарттары
321-бап. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары
322-бап. Кедендік алып жүру
323-бап. Кедендік транзиттің мерзімі
324-бап. Тауарларды жеткізу орны
325-бап. Тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдау
         кезінде халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жабдықтау
326-бап. Тиеу, қайта тиеу (қайта аудару) және тауарлармен өзге де жүк
         операциялары, сондай-ақ кедендік транзит кезінде халықаралық
         тасымалдаудың көлік құралдарын ауыстыру
327-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі кезіндегі
         тасымалдаушының міндеттері
328-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігі
329-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау
330-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі кезіндегі авария, ырық
         бермес күштің әсері немесе өзге де жағдайлар кезінде
         қолданылатын шаралар
331-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын
         (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты әкелімдік
         кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің
         туындауы және тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
332-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын
         (орналастырылған) кеден одағының тауарларына қатысты
         кедендік әкету баждарды төлеу бойынша міндеттің туындауы
         және тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

39-тарау.Кеден қоймасының кедендік рәсімі

333-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсімінің мазмұны
334-бап. Тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастыру
         шарттары
335-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімі
336-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған
         тауарлармен жасалатын операциялар
337-бап. Кеден қоймалары және олардың түрлері
338-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау
339-бап. Кеден қоймасында сақталуы кезеңінде жарамсыз болған,
         бүлінген немесе зақымданған тауарларды өзге кедендік рәсімге
         орналастыру
340-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау
341-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылатын
         (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелімдік кедендік
         баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы және
         тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
342-бап. Оларды кеден қоймасында сақтағаннан кейін тауарларды ішкі
         тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде
         кедендік баждарды, салықтарды есептеу ерекшеліктері

40-тарау.Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі

343-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны
344-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне
         орналастыру шарттары
345-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар
346-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру
347-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі
348-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы
         құжат
349-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
350-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда
         болған қалдықтар және өндірістік шығындар
351-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне
         орналастырылған тауарлардың қалдықтары
352-бап. Балама тауарлармен ауыстыру
353-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын
         аяқтау
354-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсіміне
         орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты
         әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша
         міндеттің туындауы және тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
355-бап. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік
         рәсіміне орналастыру ерекшеліктері

41-тарау. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі

356-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны
357-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік
         рәсіміне орналастыру шарттары
358-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар
359-бап. Кеден одағының тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде
         сәйкестендіру
360-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі
361-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы
         құжат
362-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу
         нормалары
363-бап. Қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру
364-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің
         қолданылуын аяқтау
365-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне
         орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты
         кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы
         және тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
366-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік
         рәсіміне орналастыру ерекшеліктері
367-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне
         орналастырылған тауарларды экспорт кедендік рәсіміне
         орналастыру ерекшеліктері

42-тарау. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі

368-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің рәсімше
         мазмұны
369-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік орналастыру
         шарттары
370-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар
371-бап. Шетелдік тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерін сәйкестендіру
372-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі
373-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы
         құжат
374-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу өнімдерінің шығарылым нормалары
375-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда
         болған қалдықтар және өндірістік шығындар
376-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне
         орналастырылған тауарлардың қалдықтары
377-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын
         аяқтау
378-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне
         орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты
         кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің
         туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
379-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі аяқталған кезде
         қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік
         рәсіміне орналастыру ерекшеліктері
380-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы
         аяқталған кезде қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған
         шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік
         рәсіміне орналастыру ерекшеліктері

43-тарау. Уақытша әкелу (жіберу) рәсімі

381-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің мазмұны
382-бап. Тауарларды уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне
         орналастыру шарттары
383-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және оларға билік ету
         бойынша шектеулер
384-бап. Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері
385-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау
         және тоқтата тұру
386-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде
         және ішінара шартты түрде босату
387-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсіміне орналастырылатын
         (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу
         баждарын, салықтарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
         тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
388-бап. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың
         кедендік рәсіміне орналастыру ерекшеліктері

44-тарау. Уақытша кедендік әкету рәсімі

389-бап. Уақытша кедендік әкету рәсімінің мазмұны
390-бап. Тауарларды уақытша кедендік әкету рәсіміне орналастыру
         шарттары
391-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және билік ету
         бойынша шектеулер
392-бап. Тауарларды уақытша әкету мерзімдері
393-бап. Уақытша кедендік әкету рәсімінің қолданылуын аяқтау
394-бап. Уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастырылатын
         (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету
         баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
         тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
395-бап. Уақытша әкетілген тауарларды экспорт кедендік рәсіміне
         орналастыру ерекшеліктері

45-тарау. Кері импорт кедендік рәсімі

396-бап. Кері импорт кедендік рәсімінің мазмұны
397-бап. Тауарларды кері импорт кедендік рәсіміне орналастыру
         шарттары
398-бап. Тауарларды кері импорт кедендік рәсіміне орналастыру үшін
         қажетті құжаттар мен мәліметтер
399-бап. Кедендік әкету баждарын қайтару (есепке жатқызу)

46-тарау. Кері экспорт кедендік рәсімі

400-бап. Кері экспорт кедендік рәсімінің мазмұны
401-бап. Тауарларды кері экспорт кедендік рәсіміне орналастыру
         шарттары
402-бап. Кері экспорт кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды
         тасымалдау ерекшеліктері
403-бап. Кері экспорт кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды
         тасымалдау ерекшеліктері
404-бап. Кері экспорт кедендік рәсіміне орналастырылатын
         (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік баждарды,
         салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы
         және оларды төлеу мерзімі
405-бап. Кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасын қайтару
         (есепке жатқызу)

47-тарау. Бажсыз сауда кедендік рәсімі

406-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің мазмұны
407-бап. Бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
408-бап. Бажсыз сауда дүкені
409-бап. Бажсыз сауда дүкеніндегі есептілік
410-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтау
411-бап. Бажсыз сауда кеден рәсіміне орналастырылатын
         (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкету
         баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы
         және оларды төлеу мерзімі

48-тарау. Жою кедендік рәсімі

412-бап. Жою кедендік рәсімінің мазмұны
413-бап. Тауарларды жою кедендік рәсіміне орналастыру
         шарттары
414-бап. Жою кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері
415-бап. Жою кедендік рәсімінің аяқталуы.

49-тарау. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімі

416-бап. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімінің мазмұны
417-бап. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсіміне
         орналастыру шарттары
418-бап. Тауарлардан мемлекет пайдасына бас тарту тәртібі

50-тарау. Арнайы кедендік рәсімдердің мазмұны

419-бап. Арнайы кедендік рәсімдердің мазмұны

51-тарау. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін
тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

420-бап. Халықаралық почта жөнелтімдері
421-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберу
         ерекшеліктері
422-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға
         қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
423-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерін кедендік бақылау
424-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға
         қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану

52-тарау. Шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының
тауарларды алып өту ерекшеліктері

425-бап. Осы тарауды пайдалану саласы
426-бап. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің тауарларды
         алып етуі
427-бап. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі басшысының және шет
         мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке
         құрамы мүшелерінің тауарларды алып өтуі
428-бап. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің
         әкімшілік-техникалық жеке құрамы мүшелерінің тауарларды алып
         өтуі
429-бап. Шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке
         құрамының мүшелеріне берілетін кедендік жеңілдіктердің
         әкімшілік-техникалық және қызмет көрсететін жеке құрамының
         мүшелеріне тарауы
430-бап. Шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің және олардың
         жұмыскерлерінің тауарларды алып өтуі
431-бап. Шет мемлекеттердің дипломатиялық почтасын және консулдық
         вализаларын кедендік шекара арқылы алып өтуі
432-бап. Шетелдік дипломатиялық және консулдық курьерлерге арналған
         кедендік жеңілдіктер
433-бап. Шет мемлекеттер делегацияларының өкілдері мен мүшелеріне
         арналған кедендік жеңілдіктер
434-бап. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзитпен өтетін
         шетел мемлекеттері дипломатиялық жеке құрамы мүшелерінің,
         консулдық лауазымды тұлғалардың, делегациялардың өкілдері
         мен мүшелерінің тауарларды алып өтуі
435-бап. Халықаралық, мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдарға,
         олардың жанындағы шетел мемлекеттері өкілдіктеріне,
         сондай-ақ осы ұйымдар мен өкілдіктердің жеке құрамына
         арналған кедендік жеңілдіктер

53-тарау. Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау
бойынша кеден органдары қабылдап жатқан шаралар

436-бап. Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау бойынша
         кеден органдары шараларды қабылдау негіздемесі
437-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілерінің
         құқықтарын қорғау мерзімі
438-бап. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу
         тәртібі
439-бап. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу
         және оларды кедендік тізілімнен шығару тәртібі
440-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды
         тоқтата тұру
441-бап. Зияткерлік меншік объектілердің кедендік тізіліміне және
         кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік
         объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілмеген
         зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды
         тоқтата тұру
442-бап. Мүліктік зиян (шығын) келтіргені үшін жауаптылық
443-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды
         тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою
444-бап. Ақпарат ұсыну, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу
445-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік құқығын қорғауға
         қатысты қосымша ережелері

54-тарау. Тауарларды құбыржол көлігі мен электр беру желілері
арқылы өткізу

446-бап. Осы тарауды қолдану саласы
447-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетің тауарларды әкелу, әкету және
         кедендік декларациялау ерекшеліктері
448-бап. Электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды әкелу,
         әкету және кедендік декларациялау ерекшеліктері
449-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша
         өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарын орнату жерлері
450-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша
         өткізілетін тауарларды сәйкестендіру
451-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша
         өткізілетін тауарлардың транзитін кедендік декларациялау

55-тарау. Тауарларды, жолаушылар мен жүктерді халықаралық
тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық тасымал
құралдарын өткізу

452-бап. Осы тарауды қолдану саласы
453-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу тәртібі 454-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкелу 455-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкелу
         мерзімдері
456-бап. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік
         құралдарымен жасалатын операциялар
457-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкету
458-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкетудің
         мерзімдері
459-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік
         құралдарымен жасалатын операциялар
460-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын
         әкелу
461-бап. Жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді уақытша әкелу және
         уақытша әкету
462-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, қосалқы
         бөлшектерді және жабдықтарды кедендік декларациялау

56-тарау. Жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өту
ерекшеліктері

463-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер
464-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өту туралы жалпы
         ережелер
465-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өту тәсілдері
466-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жасалатын
         кедендік операциялар
467-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау
468-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде
         құжаттарды ұсыну
469-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау
         кезінде екі дәліз жүйесін қолдану
470-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкелу
471-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды
         уақытша әкетуі
472-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар
         мен салықтарды төлеу
473-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың кедендік құны
474-бап. Жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік
         құралдары үшін қосалқы бөлшектер мен отын

57-тарау. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау
ерекшеліктері

475-бап. Осы тарауды қолдану саласы
476-бап. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау
         ерекшеліктері
477-бап. Керек-жарақтарды пайдалану

8-БӨЛІМ. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі 58-тарау. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі

478-бап. Кеден органдарындағы қызмет
479-бап. Кеден органдарына қызметке қабылдау
480-бап. Жаңадан қабылданғандардың кеден органдарында қызмет атқару
         ерекшеліктері
481-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын лауазымға тағайындау
         және лауазымнан босату тәртібі
482-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының ант қабылдауы
483-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының арнаулы атақтары
484-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына арнаулы атақтар
         беру тәртібі
485-бап. Арнайы атақтарда болу мерзімдері
486-бап. Кезекті арнайы атақты мерзімінен бұрын беру тәртібі
487-бап. Кезекті арнайы атақты беруді тоқтата тұру тәртібі
488-бап. Арнайы атақтан айыру
489-бап. Кеден органының лауазымды тұлғасын ротациялау тәртібі
490-бап. Кеден органдарында қызметті тоқтату үшін негіздер

59-тарау. Дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдану

491-бап. Дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдану бойынша
         негізгі ережелер
492-бап. Дене күшін қолдану 493-бап. Арнайы құралдарды қолдану
494-бап. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және оны пайдалану
495-бап. Атыс қаруын қолдану және пайдалану

60-тарау. Кеден органдарының лауазымды адамдарын материалдық
қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау

496-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарына еңбекақы төлеу
497-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын көтермелеу
498-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының демалысы
499-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын зейнетақымен
         қамтамасыз ету
500-бап. Кеден органдары лауазымды тұлғаларын құқықтық және
         әлеуметтік қорғау
501-бап. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының, оның ішінде
         зейнеткерлікке шыққан тұлғалардың тұрғын үй құқықтары
502-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына, оның ішінде
         зейнеткерлікке шыққан тұлғаларға медициналық қызмет көрсету

61-тарау. Кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының
жауапкершілігі

503-бап. Кеден органдарының жауапкершілігі
504-бап. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН ІСІ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ

      Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, әлемдік экономикалық қарым-қатынастар жүйесіндегі қазақстандық экономиканың байланыстарын белсенділендіруге және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.

I. ЖАЛПЫ БӨЛІК 1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (реттеу)

      1. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (реттеу) - кеден одағының кедендік аумағының тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді төлеумен байланысты Қазақстан Республикасы оған айрықша заңдық құзырға ие (Қазақстан Республикасының аумағы) бөлігіндегі қарым-қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қарым-қатынастарын құқықтық реттеу.
      2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кедендік заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Кеден ісі жүйесі-кеден ісін іске асыру кезінде мемлекеттік басқару саласы.

      2-бап. Кеден ісіне басшылық ету

      1. Кеден ісі саласындағы тікелей басшылық етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кеден одағының кедендік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласындағы стратегиялық функциялар мен нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы (бұдан әрі - кедендік заңнама) Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:
      1) осы Кодекстен;
      2) осы Кодекспен қабылдау көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
      Кедендік заңнама Қазақстан Республикасының аумағында кеден одағының кедендік заңнамасымен реттелмеген бөлігінде кедендік реттеуді белгілейді.
      Егер Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
      2. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

      4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі терминдер

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі терминдер және олардың айқындамалары пайдаланылады:
      1) авария - кедендік бақылаудағы көлік құралдарымен және (немесе) өзге де тауарлармен болған, кедендік заңнамада олардың көзделмеген сандық және (сапалық) өзгерістеріне әкеп соқтырған, меншік иесінің және (немесе) мұндай өзгерістер сәтіне тауарлар оның иелігінде болған тұлғаның қасақана іс-қимылынан болмаған, тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ аталған жағдайлардағы төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайларды (еңсерілмейтін күш) қоспағанда, өздерінің салдарлары бойынша зиянды техникалық, технологиялық сипаттағы оқиға.
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар және қылмыстар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары олар бойынша әкімшілік процесс жүргізетін (өндірісті жүзеге асыратын) әкімшілік құқық бұзушылықтар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша қылмыстық қудалауды кеден органдары жүзеге асыратын қылмыстар;
      3) декларант — тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;
      4) жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын кеден органы және/немесе кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
      5) жеке пайдалануға арналған тауарлар - кедендік шекара арқылы алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда, халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе өзге тәсілмен өткізілетін жеке тұлғалардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждықтары үшін арналған тауарлар;
      6) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу - нәтижесінде тауарлар, халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуді, оларды кеден органдары шығарғанға дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен кеден одағының кедендік аумағына келген кедендік шекараны кесіп өтуге байланысты әрекеттерді жасау;
      7) кеден одағының кедендік аумағынан тауарларды әкету - тауарларды, халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуді, оларды кеден органдары шығарғанға дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге бағытталған әрекеттерді жасау;
      8)кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді бас қамтамасыз ету - белгілі бір уақыт кезеңінің ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету;
      9) Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту - тұлғаның тікелей кеден одағының кедендік аумағынан шығуға, кеден одағының кедендік аумағына кіруге бағытталған әрекеті және /немесе тұлғаның кедендік бақылау аймағында болуы;
      10) керек-жарақтар - тауарлар:
      қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, су кемелерін, әуе кемелерін және поездарды жүру жолында немесе аралық аялдама не тұрақ пункттерінде қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті;
      бұл керек-жарақтардың сатылуына немесе сатылмауына қарамастан, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен баржаларды (бұдан әрі - су кемелері) қоса алғанда, теңіз (өзен) кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелердің, су асты қанаттары бар кемелердің, ауа жастығындағы кемелердің және шағын өлшемді кемелердің, әуе кемелерінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерінің немесе поездарда жолаушылар мен поезд бригадасы жұмыскерлерінің тұтынуы үшін арналған;
      көрсетілген керек-жарақтарды осы кемелердің бортында тұтыну мақсатынсыз, су кемелерінің, әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері үшін сатуға арналған;
      11) кеден органының қызмет аймағы - оның шегінде, кеден органы кедендік бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын аумақ;
      12) кедендік декларация - белгіленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтер және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтер бар құжат;
      13) Кеден одағының комиссиясы - кеден одағының бірыңғай тұрақты қызмет ететін, реттейтін органы;
      14) кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға - кеден өкілдерінің; кедендік тасымалдаушылардың; уақытша сақтау қоймаларының; бос қоймалардың; кеден қоймаларының; бажсыз сауда дүкендерінің иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
      15)коммерциялық құжаттар - шот-фактуралар (инвойс), ерекшеліктер, тиеу және орау парақтары мен сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелерді жасауды растау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар;
      16) кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы- кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетте тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, оның ішінде кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген жеке кәсіпкер;
      17) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету - кеден одағының кеден заңнамасымен және осы Кодекспен көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша кеден органдарының алдындағы міндеттерін орындау кепілдігінің тәсілі;
      18) кедендік инфрақұрылым - кеден органдарының жұмыс істеуі үшін жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды тұлғаларына әлеуметтік қызмет көрсету үшін арналған ғимараттардың,
құрылыстардың және салынулардың жиынтығы;
      19) кедендік баж - кеден органдары тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем;
      20) кедендік рәсім- тауарларды кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тысқары кеден мақсаты үшін қолдану және (немесе) иелену талаптары мен шарттарын айқындайтын нормалардың жиынтығы;
      21) кедендік декларациялау - декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметті және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі;
      22) кедендік құжаттар - тек кедендік мақсат үшін жасалатын құжаттар;
      23) кедендік операциялар - кеден одағының кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тұлғалар және кеден органдары жасайтын әрекеттер;
      24) кеден өкілі - кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды жасайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
      25) кеден одағының кедендік аумағы - кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын (бұдан әрі - кеден одағының кедендік аумағы) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ кеден одағына қатысушы мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтары және континенталды қайраңдары, жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына қатысушы мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы болатын өзге де объектілер құрайды.
      26) Кеден одағының кеден кодексі - 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында Кеден одағының кеден кодексі туралы шартпен қабылданған халықаралық нормативтік-құқықтық акт;
      27) Кеден одағының кедендік шекарасы - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтарындағы және континенталды қайраңдарындағы жасанды аралдардың, қондырғылардың, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына қатысушы мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы болатын өзге де объектілердің шектерін қоса алғанда, кеден одағы кедендік аумағының шектері;
      28) кедендік бақылау - кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы;
      29) кедендік бақылаудағы тауарлар - осы Кодекске сәйкес оларға қатысты кедендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар;
      30) кеден одағының тауарлары - кеден одағының кедендік аумағындағы мынадай тауарлар:
      толығымен кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген;
      кеден одағының кедендік аумағына әкелінген әрі осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесін алған;
      кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тауарлардан және (немесе) шетелдік тауарлардан жасалған және осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесін алған тауарлар;
      31) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары - кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар;
      32) кедендік төлемдер - кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуіне байланысты осы Кодекске сәйкес төлеушінің бюджетке төлеуіне жататын кедендік әкелу және әкету баждары, кедендік алымдар. Осы Кодексте пайдалану мақсатында кедендік баждар мен кедендік алымдар міндетті төлемдер болып табылады;
      33) көліктік (тасымалдау) құжаттар - коносамент, жөнелтпе құжат немесе тауарларды тасымалдау шартының бар болуын растайтын және оларға мұндай тасымалдау кезінде ілесіп жүретін өзге құжат;
      34) көлік құралдары - оларға арналған техникалық паспорттармен немесе техникалық формулярлармен көзделген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтар мен жабдықтары, егер, олар көрсетілген көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтар бар кез келген су кемесін, әуе кемесін, автомобильдік көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені, теміржол көлік құралын (теміржол жылжымалы құрамы, теміржол жылжымалы құрамының бірлігі) немесе контейнерді қамтитын тауарлар санаты;
      35) қазақстандық тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген жеке кәсіпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;
      36) межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтайтын кеден органы және/немесе кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
      37) мүдделі тұлғалар - тауарларға қатысты мүдделері кеден органдарының шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) тікелей және жеке қозғалатын тұлғалар;
      38) өткізу пункті - Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленген, адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу үшін арналған, теміржол, автомобиль, су не әуе қатынасының шегінде орналасқан, кедендік инфрақұрылымы бар, кеден одағы кедендік шекарасының Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскесі;
      39) почта байланысының операторы - Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына және Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес почта байланысының қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының тұлғасы;
      40) салықтар - қосылған құн салығы және тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын акциз (акциздер);
      41) тарифтік емес реттеу шаралары - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген сандық және экономикалық сипаттағы өзге де тыйым салулар мен шектеулерді енгізу жолымен жүзеге асырылатын тауарлармен сыртқы сауданы реттеу шараларының кешені;
      42) тауарларды алушы - тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге міндетті болатын тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тұлға;
      43) тауар легі - кеден органына бір немесе бірнеше көлік құжаттары бойынша бір мезгілде ұсынылатын және бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына жолданатын тауарлар, сондай-ақ бір почта жүк құжаты бойынша жөнелтілетін не багаж ретінде бір тұлға өткізетін тауарлар;
      44) тасымалдаушы - тауарларды және (немесе) жолаушыларды кедендік шекара арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
      45) тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу - тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету;
      46) тауарларды шығару - кеден органдарының мүдделі тұлғаларға тауарларды мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе тауарлардың осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес пайдалануға рұқсат беретін әрекеті;
      47) тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу-тауарларды кедендік шекара арқылы белгіленген жерлерден тыс немесе осы жерлердегі кеден органдары жұмысының белгіленбеген уақытында, не кедендік бақылаудан жасырып, не тауарларды дұрыс декаларацияламай немесе декларацияламай, не тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер бар құжаттарды пайдалана отырып және (немесе) мұндай өткізуге ниеттенуге тең, жасанды не басқа тауарларға жататын сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып өткізу;
      48) тауар - кедендік шекара арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде ақпарат тасымалдағыштар, кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электрлік және энергияның өзге де түрлері, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
      49) тауарға ілеспе құжаттар - Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға арналған коммерциялық және көлік құжаттары;
      50) тұлға - жеке және (немесе) заңды тұлға, сондай-ақ егер осы Кодекстен өзге туындамаса, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым;
      51) тыйым салулар мен шектеулер-тарифтік емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы сауданы қозғайтын және ұлттық мүдденің негізінде енгізілетін шараларды, тауарлармен сыртқы сауданың тыйым салулары мен шектеулерінің ерекше түрлерін, экспорттық бақылау, оның ішінде әскери мақсаттағы, техникалық реттеу өнімдеріне қатысты шараларды қамтитын кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын шаралардың кешені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық, карантиндік, фитосанитарлық және радиациялық талаптар;
      52) халықаралық почта жөнелтілімдері - кеден одағының кедендік аумағынан тыс жөнелту үшін қабылданған, кеден одағының кедендік аумағына келіп түсетін не осы аумақ арқылы транзитпен өтетін және Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген ілеспе құжаттары бар почта жөнелтілімдері;
      53) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары - жүктерді тиеу, түсіру, өңдеу және қорғауға арналған олардағы арнайы жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау және жарақтандыру заттары, сондай-ақ, көлік құралын жүру жолында жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері мен жабдығы бар жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багаждарды халықаралық тасымалдауды бастау және (немесе) аяқтау мақсатында кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін немесе одан тыс әкетілетін көлік құралдары.
      54) шартты шығару - тауарларды пайдалану және билік ету жөніндегі шектеулерді сақтау шартымен тауарларды шығару;
      55) шетелдік тұлға-кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға;
      56) шетелдік тауарлар - кеден одағының тауарлары болып табылмайтын тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлардың мәртебесін алған тауарлар;
      57) экспресс-жүк - халықаралық почта жөнелтілімімен жөнелтілетін тауарларды қоспағанда, жылдамдықпен тасымалдау шеңберінде ұйымның электронды ақпараттық жүйесін және жеке жөнелтпе құжатқа сәйкес мүмкін болатын ең аз және (немесе) бекітілген уақыт аралығы ішінде аталған тауарларды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауларды қадағалауды пайдалана отырып көліктің кез келген түрлерімен тасымалданатын тауар;
      2. Осы Кодекстің мақсаты үшін өзге де терминдер осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтық және басқа салаларының терминдері егер осы Кодекспен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамаларының осы салаларында олар пайдаланылатын мәнде қолданылады.

      5-бап. Кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерді есептеу
             тәртібі

      1. Кеден заңнамасында белгіленген мерзім, күнтізбелік күнмен немесе жылмен, айлармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін, уақыт кезеңінің өтуімен айқындалады.
      Мерзімді болуы мүмкін оқиғаға немесе жасалуы мүмкін іс-қимылға көрсете отырып та анықтауға болады.
      2. Егер кеден заңнамасымен уақыт кезеңімен айқындалған мерзімнің басталуын және аяқталуын анықтау үшін мерзімді есептеудің арнайы тәртібі белгіленбесе, кеден заңнамасында осы баптың 3-8-тармақтарында көзделген ереже қолданылады.
      Уақыт кезеңімен анықталған мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталуы анықталған күннен кейін келесі күні басталады.
      4. Жылдармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде аяқталады.
      5. Айлармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады.
      Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы, тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
      6. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін болса, одан кейінгі жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
      7. Егер мерзім қандай да бір іс-әрекетті жасау үшін белгіленсе, ол мерзімнің соңғы күнінде 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін орындалуы мүмкін.
      Бірақ, егер бұл әрекет ұйымда жасалатын болса, онда мерзім, бұл ұйымда белгіленген ережелер бойынша тиісті операциялар тоқтатылған сағатта аяқталады.
      Мерзімнің соңғы күнінде 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін почта байланысы мекемесіне (ұйымына) тапсырылған жазбаша өтініштер және хабарламалар мерзімінде жасалған деп есептеледі.
      8. Егер мерзім жұмыс күндерімен есептелген жағдайда, жұмыс күндері деп аптаның дүйсенбіден жұмаға дейінгі, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жұмыс істемейтін күн деп жарияланған мереке күндеріне келмейтін күндері айтылады.
      Егер тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында және кеден органдары орналасқан өзге орындарда жұмыс істемейтін күндері кеден органдарының жұмыс уақыты болып белгіленсе, бұл кеден органдарының жұмыс күндерімен есептелетін кедендік операцияларды жасау мерзімі жұмыс істемейтін күндерді қамтиды.

      6-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі

      1. Кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ведомствосы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары):
      1) орталық кеден органы;
      2) орталық кеден органының облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - орталық кеден органының аумақтық бөлімшелері);
      3) кедендер;
      4) кеден бекеттері;
      5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;
      6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша орталық кеден органы кедендік ақпараттық-есептеу орталығын, кедендік зертханаларды, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін, жоғары кәсіби және қосымша білімді оқыту мекемелерін, сондай-ақ олардың қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге ықпал ететін кәсіпорындарды құрады және қарамағында болады.
      4. Кеден органдарының танымдық туы және кеден органдарының танымдық белгісі бар.
      Танымдық туы және кеден органдарының танымдық белгісін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      7-бап. Кеден органдары қызметінің принциптері

      Кеден органдарының қызметі:
      1) заңдылық;
      2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
      3) азаматтардың заң алдындағы теңдігі;
      4( жариялылық принниптерінде құрылады.

      8-бап. Кеден органдарының міндеттері

      Кеден органдары кеден одағының кедендік аумағында мынадай негізгі міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді.
      1) кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға ықпал ету;
      2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағының заңнамасы мен Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
      3) кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды, оның ішінде, өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
      4) кедендік төлемдерді, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды өндіріп алу, оларды есептеу дұрыстығын және уақытында төлеуді бақылау, өз құзыреті шегінде оларды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;
      5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларын және кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету;
      6) өз құзыреті шегінде кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету және кедендік шекара арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасау;
      7) өз құзыреті шегінде кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін кедендік шекара арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;
      9)өз құзыреті шегінде кеден одағының кедендік аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
      10) кедендік статистиканы жүргізу;
      11) Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді әзірлеуге қатысу және іске асыру;
      12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      13) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік рәсімдерді жүргізуді оңайлатуға ықпал ететін жағдайларды жасау;
      14) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ берешектерді өндіріп алу жөніндегі шараларды қабылдау;
      15) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кедендік реттеу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      16) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
      17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
      18) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылауды жүргізу;
      19)кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіру;
      20) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
      21) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.

      9-бап. Кеден органдарының орналасқан жерлері

      1. Кеден органдарының орналасқан жерлерін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауды жүзеге асыру қажеттігін ескере отырып, тауарлар ағынының көлемін және Қазақстан Республикасы көліктік әлеуетінің даму қарқынын негізге ала отырып кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады.
      3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темір жол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында сондай-ақ кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың иелігіндегі аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкін.
      Көрсетілген жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі.

      10-бап. Кедендік операциялар жүргізілетін жерлер

      Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялар осы Кодекстің 186-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 158-бабымен айқындалған кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.

      11-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты

      1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық атқарушы орган белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты шекарадағы өзге бақылаушы органдардың жұмыс режимімен, көрсетілген өткізу пункттері орналасқан теңіз және өзен порттарының, әуежайлардың, темір жол станцияларының жұмыс режимімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекарасы бар шет мемлекеттердің өткізу пункттеріндегі кеден және өзге бақылаушы органдардың жұмыс уақытымен келісілуге тиіс.

      12-бап. Кеден органдарының құқықтары

      Кеден органдары:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан кедендік реттеу саласына қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
      2) өз құзыретінің шегінде осы Кодекспен белгіленген мерзімдерде шешім қабылдауға және декларанттардың және кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың қызметіне олардың шарттарды сақтауы мен осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен белгіленген міндеттерді орындауы бойынша бақылауды жүзеге асыруға;
      3) кедендік бақылау жүргізу кезінде білімнің түрлі салаларының мамандарын тартуға;
      4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңіз кемелерін, ішкі суларда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік реттеу саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама, бейне және аудио жазба жүргізуге, киноға және фотосуретке түсіруге;
      8) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге жіберуге;
      9) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеуге, жасауға, сатып алуға және пайдалануға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға;
      11) осы Кодекстің 56-тарауына сәйкес дене күшін, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдануға;
      12) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға;
      13) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар жасауға;
      14) кедендік реттеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

      13-бап. Кеден органдарының міндеттемелері

      1. Кеден органдары:
      1) декларанттардың және кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
      2) кеден органының және (немесе) кеден органының лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;
      3) өз құзыретінің шегінде кедендік рәсімдерді оңайлату жолымен сыртқы сауданың дамуына ықпал етуге;
      4) тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кедендік реттеу саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруға;
      6) өз өкілеттігі шегінде декларанттардың және кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;
      7) кедендік төлемдер мен салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
      8) өз құзыретінің шегінде осы Кодекспен белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылдауға;
      9) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;
      10) өз құзыреті шегінде кеден одағының кедендік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қызметіне, кеден органдарының лауазымды тұлғалары мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
      12) өз құзыреті шегінде кедендік реттеу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
      13) кедендік реттеу саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
      14) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
      15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда және жолын кесуде жәрдем көрсетуге;
      16) осы Кодекстің 20-бабымен белгіленген тәртіппен декларанттарды және кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тұрақты негізде, оның ішінде кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы ақпараттандыруды қамтамасыз етуге;
      17) өтініштерді уақтылы, объективті және жан-жақты қарауды және кедендік реттеу саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстарды ескере отырып, жауаптарды ұсынуды немесе тиісті әрекеттерді жасауды қамтамасыз етуге;
      18) кеден ісін жетілдіру және сыртқы экономикалық қызметтің және өзге қызметтің қатысушыларымен кедендік әкімшілендірудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында өзара іс-қимыл жасасу;
      19) қаржы мониторингі саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер осы Кодекстің 4-тарауымен белгіленген тәртіппен кедендік реттеу саласында өтеусіз ақпараттандыруды және консультация беруді жүзеге асыруға міндетті.
      2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беруге міндетті.

      14-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың
               міндеттілігі

      1. Кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес аталған талаптар оларға қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшін міндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағымен белгіленген кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды тұлғаларына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі жасайтын басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      15-бап. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі

      1. Қазақстан Республикасының кеден органдары контрабанда туралы, кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша өндіріс кеден органдарының іс жүргізуіне жатқызылған өзге қылмыстар туралы істер бойынша анықтау органдары болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының кеден органдары, осы мемлекеттердің заңнамасымен, өндірісі кеден органдарының іс жүргізуіне жататын қылмыстар деп танылған, құқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сұрау салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.
      Жедел-іздестіру қызметін Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының кеден органдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (өндірісін жүзеге асырады) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

      16-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа қатысы

      1. Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары алған кез келген ақпаратты мұндай органдар тек кеден мақсаты үшін, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу үшін ғана пайдаланады.
      2. Кеден органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қол жеткізген өзге де тұлғалардың мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты және осы баптың 3-тармағымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа да құпия ақпаратты жариялауға, жеке мақсатта пайдалануға не үшінші тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға беруге құқығы жоқ.
      Кеден одағына бір мүше мемлекеттің кеден органдары, оларға ұсынылған ақпаратты егер, мұндай ақпарат көрсетілген органдарға кеден одағына аталған мүше мемлекеттің заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, кеден одағына аталған мүше мемлекеттің мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны және басқа құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын сақтай отырып, кеден одағына аталған мүше мемлекеттің мемлекеттік органдарына береді.
      3. Кеден органдары оларға ұсынылған ақпаратты ресми өтініштер бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына - тіркелген тергеуге дейінгі тексеру материалдары, сондай-ақ өндірістегі қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша прокурордың тексеру жүргізу туралы қаулысының негізінде;
      2) соттарға - олардың талап етуі бойынша;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және бірлескен актілердің негізінде Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарына;
      4) ҚР Үкіметінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, мемлекет басшысының шешімдерін орындауға байланысты Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарына береді.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттік органға ақпаратты беру жағдайларын қоспағанда, осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат, жариялауға және таратуға жатпайды.

      17-бап. Кеден органдарының және олардың лауазымды
               тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
               шағымдану

      Кез келген тұлға, кеден органдарының шешіміне, кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде және тәртіппен, шағымдануға құқылы.

3-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН,
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ КЕДЕНДІК
РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚА ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

      18-бап. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара
               іс-қимылы

      1. Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заң актілерінде анықталған тәртіппен дербес және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілерінің негізінде немесе аталған органдармен келісе отырып жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және өсімдіктердің карантині бойынша бақылауды Қазақстан Республикасының ветеринария және өсімдіктердің карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторлар және мемлекеттік өсімдіктердің карантині бойынша инспекторлар жүзеге асырады.
      Басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының, жұқпалы аурулардың карантинді объектілерінің әкелінуі мен таралуының нақты қаупі туындаған жағдайда кеден органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу орындарында орталық кеден органы мен Қазақстан Республикасының санитария, ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен актілерімен айқындалған тәртіппен санитария, өсімдіктер карантині және ветеринария саласындағы аумақтық органдарды тартуға құқылы.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда кеден органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.

      19-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі кеден
               органдары мен салық қызметі органдарының өзара
               іс-қимылы

      1. Кеден органдары мен салық қызметінің органдары өзара іс-қимыл кезінде кедендік және салықтық бақылау жүргізу үшін қажетті ақпаратпен алмасады.
      Кеден органдары мен салық қызметі органдарының өзара іс-қимыл тәртібін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      20-бап. Көліктің жекелеген түрлерінде кедендік бақылау
               жүргізу кезіндегі кеден органдарының басқа
               тұлғалармен өзара іс-қимылы

      1. Кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары ұлттық темір жол компаниясымен, темір жол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
      2. Кеден органдары мен көрсетілген заңды тұлғалардың өзара іс-қимыл тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және орталық атқарушы орган мен Қазақстан Республикасының көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының бірлескен актілерімен айқындалады.

      21-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке
               қатысушылармен және басқа тұлғалармен өзара
               іс-қимылы

      1. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын жетілдіру, кедендік реттеу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жағдай және мүмкіндік жасайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының нормаларын қолдануға кедергі келтіретін себептерді жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар және басқа тұлғалар, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар кедендік реттеу мәселелері бойынша консультативтік кеңестердің жұмысына қатысады.
      2. Кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер кедендік реттеу саласындағы орталық кеден органының, орталық кеден органы аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің жанынан құрылады.
      Кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені орталық кеден органы бекітеді.
      3. Сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылар, қоғамдық бірлестіктер мен кедендік реттеу саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар осы Кодекстің 16-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тұлғалар ретінде әрекет ете алады.

      22-бап. Кеден органдарының шет мемлекеттердің кеден және
               өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен
               ынтымақтастығы

      Кеден органдары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен әрі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасап отырады.

4-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУ

      23-бап. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы
               туралы ақпараттандыру

      1. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасы туралы ақпараттандыру Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының актілерін ресми және өзге баспасөз басылымдарында жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия және радио бойынша, сондай-ақ ақпаратты таратудың өзге тәсілдері арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізу жолымен жүзеге асырылады.
      2. Кеден органдары олардың ресми интернет-ресурстарына орналастырылған кедендік заңнама туралы ақпаратқа тұлғалардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      24-бап. Кеден органдарының консультация беруі

      1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына қатысты мәселелер және кеден органдарының құзыретіне енетін өзге де мәселелер бойынша мүдделі тұлғаларға консультация береді.
      2. Кеден органдарының консультация беруі ауызша және жазбаша нысандарда тегін жүзеге асырылады. Мүдделі тұлғаның жазбаша сұрау салуы бойынша кеден органы ақпаратты жазбаша нысанда мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімнен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
      3. Консультация беру кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары кеден органының атынан кедендік декларацияларды және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынуға жататын өзге де құжаттарды тексермейді, сондай-ақ мұндай кедендік декларациялар мен құжаттарды жасамайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды толтыруға байланысты консультация, мүдделі тұлға ұсынған ақпаратты тексерместен ауызша нысанда жүргізіледі.
      4. Консультация беру кезінде кеден органы лауазымды тұлғасының:
      1) кеден органдарының құзыретіне енбейтін мәселелер бойынша консультация жүргізуге;
      2) мүдделі тұлға ұсынған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
      3) мүдделі тұлғалардың құжаттарына билік ету жазуларын жазуға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе қандай да бір өзге тәсілмен кеден органының кейінгі шешімдеріне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде оның лауазымды тұлғасының әрекетіне ықпал етуге;
      4) заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайтын мәліметтерді хабарлауға құқығы жоқ.
      5. Консультацияларды жүргізу кезінде мүдделі тұлғаларға ұсынылған ақпарат, тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органының немесе оның лауазымды тұлғасының шешім қабылдауы немесе әрекет (әрекетсіздік) жасауы үшін негіздеме болып табылмайды.

5-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ КЕДЕНДІК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

      25-бап. Кеден өкілі

      1. Кеден өкілі - осы Кодекстің 26-бабында айқындалған шарттарға жауап беретін, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден өкілі болып танылады.
      2. Кеден өкілі декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғалардың атынан немесе тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік операцияларды жасайды.
      3. Кеден өкілдерінің декларанттармен немесе өзге мүдделі тұлғалармен қарым-қатынасы шарт негізінде құрылады.
      4. Кеден өкілдерінің тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ көрсетілген тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер орталық кеден органының Интернет-ресурсына орналастырылады.
      Ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей орталық кеден органы көрсетілген Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімнің орналастырылуын қамтамасыз етеді.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен кеден өкілдерінің тікелей кедендік операцияларды жүзеге асырушы жұмыскерлеріне қойылатын біліктілік талаптары және мұндай тұлғаларға олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжатты беру шарты анықталады.
      6. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі үшін осы Кодекске сәйкес декларант немесе өзге мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кезде белгіленетін жағдайлардан қолайсыздау жағдайлар белгіленбеуі немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиіс.

      26-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары

      Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін заңды тұлға мынадай шарттарға сәйкес келуге тиіс:
      1) бұл тұлғаның штатында, осы Кодекстің 32-бабына сәйкес берілетін біліктілік аттестаты бар кем дегенде екі кедендік декларациялау жөніндегі маманның бар болуы;
      2) ұсынылатын тұлғалардың мүлігіне зиян келтіру немесе бұл тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан болуы мүмкін өзінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері мұндай шартты жасаған күнгі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық курсын қолдана отырып кемінде елу мың евроға баламалы соманы құрайды.
      3) мұндай қамтамасыз етуді ұсыну күнгі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық курсын қолдана отырып кем дегенде бір миллион евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну;
      4) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін орталық кеден органы рұқсатының бар болуы.

      27-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу тәртібі

      1. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш мыналарды қамтуға тиіс:
      1) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінумен орталық кеден органына өтініш;
      2) атауы туралы, ұйымдық-құқықтық нысаны туралы, тұрған жері туралы, өтініш берушінің банктік шоттарын ашу туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш беруші олар арқылы өтініш беру күнінде кеден өкілі ретінде өз қызметін жүзеге асыруды жоспарлап отырған оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және тұрған жері;
      3) өтініш беру күнінде өтініш берушінің штатында бар кедендік декларациялау жөніндегі мамандар туралы мәлімет;
      4) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету туралы мәлімет;
      5) өтініш берушінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлімет.
      2. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, түпнұсқа (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы тұпнұсқаны өтініш берушіге қайтарып беруге міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын құжат, түпнұсқа (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарып беруге міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      3) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
      4) өтініш берушінің жұмыскерлері болып табылатын кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттарының көшірмелері;
      5) кедендік декларациялау жөніндегі мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар не олармен жасалған еңбек шарттары (келісім-шарттары);
      6) осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
      7) банктерден олардағы ашық шоттар туралы растаулар;
      8) осындай шарт жасалған күнге Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, кемінде елу мың еуроға балама сомаға азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты қоса беріледі.
      3. Орталық кеден органы өтінішті оған қоса берілген құжаттармен бірге оны тіркеген күннен бастап он бес күнтізбелік күннің ішінде қарайды.
      4. Тізілімге енгізу туралы шешім орталық кеден органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрықты қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
      5. Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім осы тармаққа сәйкес талап етілетін барлық құжаттарды ұсынбаған немесе өтініш берушінің көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында қабылданады. Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш жалпыға бірдей тәртіппен қаралады.
      6. Тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда орталық кеден органы өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

      28-бап. Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін
               негіздеме

      Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) осы Кодекстің 26-бабымен белгіленген кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
      2) кеден өкілінің оны кеден өкілдерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
      4) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
      Кеден өкілдерінің тізілімінен шығару туралы шешім шығару себебін көрсете отырып, орталық кеден органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Бұйрықты қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде тиісті ақпарат жазбаша нысанда көрсетілген тұлғаның назарына жеткізіледі.
      Тұлғаны кеден өкілдерінің тізілімінен шығарған жағдайда аталған тұлғаны тиісті тізілімге енгізу туралы қайталама өтінішті орталық кеден органы тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрықты қабылдаған күннен бастап бір жыл аяқталғаннан кейін қарайды.

      29-бап. Кеден өкілінің құқықтары

      1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі оған кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өзінің мүддесін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие.
      2. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде кеден өкілі:
      өкілдік беруші тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты не басқа құпия ақпараты бар құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде осындай құжаттар мен мәліметтерді алуға;
      осы Кодекстің 7-тарауымен белгіленген тәртіппен, кедендік мақсаттар үшін қажетті ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу, деректерді электрондық жолмен беру үшін пайдаланатын кеден органдарының ақпараттық желілеріне қол жеткізуге құқылы.

      30-бап. Кеден өкілінің міндеттері

      1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілінің міндеттері кеден заңнамасымен белгіленген талаптарға және шарттарға негізделген.
      Кеден өкілінің міндеттеріне мәлімделген кедендік рәсімдердің талаптары мен шарттарын сақтауға байланысты кедендік операцияларды, сондай-ақ кеден заңнамасына сәйкес олар өкілдік беруші тұлғаларға ғана жүктелетін өзге міндеттерді жасау кірмейді.
      2. Өкілдік беруші тұлғадан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты не басқа құпия ақпаратты кеден өкілі және оның жұмыскерлері жарияламауға немесе өз мақсаттары үшін пайдаланбауға, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғаларға бермеуге тиіс.
      3. Кеден өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулысына сәйкес кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілік ұсынуға міндетті.
      4. Кеден өкілінің кеден органдарының алдындағы міндеттері өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартпен шектелмеуі мүмкін.
      5. Міндеттер барлық кеден өкілі үшін бірыңғай болып табылады. Жекелеген кеден өкілдері үшін ерекше (эксклюзивтік) құқықтар және жеке сипаттағы өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады.
      6. Кеден өкілі кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу кезінде ол мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде орталық кеден органын ақпараттандыруға міндетті.
      7. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкіліне кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндет кедендік баждар мен салықтарды төлеушімен ортақ туындайды.

      31-бап. Кеден өкілінің жауапкершілігі

      Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін кеден өкілі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      32-бап. Кедендік декларациялау жөніндегі маман

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен орталық кеден органы берген біліктілік аттестаты бар маманның кеден өкілінің атынан кедендік декларациялау жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізуге құқығы бар.
      Кеден өкілі мен кедендік декларациялау жөніндегі маманның қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын жеке еңбек шартының негізінде құрылады. Кедендік декларациялау жөніндегі маман жеке еңбек шартын жасаған кезден бастап кеден өкілінің атынан кедендік декларациялау жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
      2. Кеден өкілі кедендік декларациялау жөніндегі маманның кеден органдарының алдындағы міндеттерін шектей алмайды.
      3. Өтініштерді қарау және біліктілік аттестатын беру тәртібі, кедендік декларациялау жөніндегі маманды аттестациялауды жүргізу тәртібі, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулысымен айқындалады.
      4. Кеден заңнамасы елеулі түрде өзгерген жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маманды қайта аттестациялау жүргізіледі.
      5. Кеден заңнамасы елеулі түрде өзгерген жағдайда аттестаттың күшін жою туралы шешімді орталық кеден органы қабылдайды.
      6. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты егер:
      1) аттестат өтініш беруші ұсынған толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер негізінде берілген;
      2) кеден заңнамасы елеулі түрде өзгерген жағдайда маман өз білімінің жаңа талаптарға сәйкестігін бір ай мерзімде дәлелдей алмаған жағдайда күшін жояды.
      7. Біліктілік аттестатының күшін жою туралы шешім күшін жою себептерін көрсете отырып, орталық кеден органы басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті орталық кеден органы күшін жою туралы бұйрық қабылдаған күннен бастап бір жыл аяқталғаннан кейін қарайды.

      33-бап. Кедендік тасымалдаушы

      1. Кедендік тасымалдаушы - осы Кодекстің 34-бабымен белгіленген шарттарға жауап беретін, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға, кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады.
      2. Кедендік тасымалдаушы, кедендік бақылаудағы тауарларды, кеден заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.
      3. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ көрсетілген тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер орталық кеден органының Интернет-ресурсына орналастырылады.
      Ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей орталық кеден органы көрсетілген Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімнің орналастырылуын қамтамасыз етеді.
      4. Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі нысаны мен қолдану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленетін құжатпен расталады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжатты орталық кеден органы береді.

      34-бап. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу
               шарттары

      Заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары:
      1) бұл тұлғаның, кеден органына жүгіну күніне кемінде екі жыл ішінде жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
      2) мұндай қамтамасыз етуді ұсыну күнгі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық курсын қолдана отырып кем дегенде екі мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну;
      3) егер, қызметтің мұндай түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген құжаттың бар болуын талап етсе, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының бар болуы;
      4) тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында, жалға алынған болуы;
      5) кеден органына жүгіну күнінде кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындамаған міндеттің болмауы;
      6) кеден органына жүгіну күніне дейін бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-408, 410-412, 414, 415, 427-429, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
      7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың бар болуы;
      Техникалық жабдыққа қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулысымен белгіленеді.

      35-бап. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу
               тәртібі

      1. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы өтініш мыналарды қамтуға тиіс:
      1) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы өтінумен орталық кеден органына өтініш;
      2) атауы туралы, ұйымдық-құқықтық нысаны туралы, тұрған жері туралы, өтініш берушінің банктік шоттарын ашу туралы мәліметтер;
      3) жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру мерзімі туралы мәлімет;
      4) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету туралы мәлімет;
      5) егер, қызметтің мұндай түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген құжаттың бар болуын талап етсе, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының бар болуы туралы мәлімет;
      6) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану болжанатын иелігіндегі халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары (жалпы саны, техникалық сипаттамалар), оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдары туралы мәлімет;
      7) әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру жолымен аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың бар болуы туралы мәлімет.
      2. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, түпнұсқа (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарып беруге міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын құжат, түпнұсқа (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарып беруге міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      3) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
      4) банктерден олардағы ашық шоттар туралы растаулар;
      5) кеден органына жүгіну күніне кемінде екі жыл ішінде жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруын растайтын жүктерді тасымалдау шарттары (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін кеден органы түпнұсқаны өтініш берушіге қайтарып беруге міндетті);
      6) осы Кодекстің 144-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
      7) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану болжанатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
      8) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жіберу туралы куәліктердің көшірмелері;
      9) егер, қызметтің мұндай түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес көрсетілген құжаттың бар болуын талап етсе, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының көшірмесі;
      10) орталық кеден органының тұлға қызмет аймағында тіркелген аумақтық бөлімшесінің осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларымен анықталатын шарттарға сәйкестік туралы қорытындысы.
      Орталық кеден органы өтінішті оған қоса берілген құжаттармен бірге оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде қарайды.
      Тізілімге енгізу туралы шешім орталық кеден органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрықты қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
      Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім осы тармаққа сәйкес талап етілетін барлық құжаттарды ұсынбаған немесе өтініш берушінің көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында қабылданады. Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш жалпыға бірдей тәртіппен қаралады.
      Тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда орталық кеден органы өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

      36-бап. Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару
               үшін негіздеме

      Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) осы Кодекстің 34-бабының 2) - 4) және 7) тармақшаларымен белгіленген кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
      2) тасымалдаушының осы Кодекстің 37-бабының 1) - 3) тармақшаларымен көзделген міндеттерді сақтамауы;
      3) кедендік тасымалдаушының оны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару туралы өтініші;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
      5) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
      Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару туралы шешім шығару себебін көрсете отырып, орталық кеден органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Бұйрықты қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде тиісті ақпарат жазбаша нысанда көрсетілген тұлғаның назарына жеткізіледі.
      Тұлғаны, осы баптың 1) - 4) тармақшаларында көзделген себептермен кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығарған жағдайда аталған тұлғаны тиісті тізілімге енгізу туралы қайталама өтінішті орталық кеден органы тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрықты қабылдаған күннен бастап бір жыл аяқталғаннан кейін қарайды.

      37-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері

      Кедендік тасымалдаушы:
      1) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде, осы Кодекспен белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
      2) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулысымен белгіленген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есептілік ұсынуға;
      3) осы Кодекстің 331 және 332-баптарында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;
      4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты не басқа құпия ақпаратты жарияламауға немесе өз мақсаттары үшін пайдаланбауға, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғаларға бермеуге;
      5) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу кезінде ол мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде орталық кеден органын ақпараттандыруға міндетті.

      38-бап. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі

      Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Кодекстің 328-бабына сәйкес жауапты болады.

      39-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесі

      1. Уақытша сақтау қоймасының иесі - осы Кодекстің 40-бабымен айқындалған шарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының иесі болып танылады.
      2. Уақытша сақтау қоймасының иесі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
      3. Орталық кеден органының аумақтық бөлімшелері уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта жаңғырту немесе көрсетілген тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді орталық кеден органына жолдайды.
      Ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей орталық кеден органы жаңартылған тізілімді орталық кеден органының Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етеді.

      40-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне
               енгізу шарттары

      1. Заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылады:
      1) меншігінде, шаруашылық иелігінде, жедел басқаруында, жалда уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалану үшін көзделген және мынадай талаптарға жауап беретін үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың бар болуы;
      - көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, сондай-ақ тұлғалардың қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы;
      - тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал газ орналастырылған жағдайда арнайы сақтау орнында - тиісті есептеу аспабының болуы;
      - кіреберіс жолдардың техникалық жөнделген болуы;
      - тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, соның ішінде соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған және тәуліктің кез келген уақытында жүктерді тексеріп қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдардың болуы;
      - тиеу-түсіру алаңына шектес аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген болуы және көлік құралының қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ететін бетон немесе асфальт жабындысының болуы;
      - аумақта қойма қызметімен байланысты емес ғимараттар (құрылыстың) орналаспауы тиіс;
      - тиеу-түсіру алаңына шектес аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) бір почта мекенжайы бойынша бірыңғай аумақта орналасуы және барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршалған болуы тиіс;
      2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге шарттарын бұзу себебі салдарынан болатын өзінің азаматтық жауапкершілігіне келетін тәуекелдерді сақтау шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері мұндай шарттар жасалған күнгі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып елу мыңнан кем емес баламадағы соманы құрайды;
      3) кеден органына жүгінген күні кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің жоқ болуы;
      4) кеден органына жүгінгенге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400, 405, 410-412, 414, 415, 417, 430, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы.
      2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылған жағдайда, мұндай шарт, Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күніне бір жылдан кем емес мерзімге бекітілуі тиіс.

      41-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне
               енгізу тәртібі

      1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініште мыналар:
      1) орталық кеден органының аумақтық бөлімшелеріне сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішпен жүгіну;
      2) атауы туралы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны туралы, орналасқан орны туралы, мәлімдеушінің ашық банктік шоты туралы мәлімет;
      3) мәлімдеушінің иелігіндегі және уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалану үшін көзделген үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың тұрған орны, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлімет;
      4) мәлімдеушінің азаматтық жауапкершілігі тәуекелін сақтандыру шарты (шарттар) туралы мәлімет;
      5) тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал газ орналастырылған жағдайда арнайы сақтау орнында - тиісті есептеу аспабының болуы туралы мәлімет болуы тиіс.
      2. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің түпнұсқасы (өтінішті қараудың аяқталуы бойынша кеден органы мәлімдеушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қараудың аяқталуы бойынша кеден органы мәлімдеушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      3) құрылтай құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      4) банктерден оларда шоттардың ашылғандығы туралы растаулар;
      5) уақытша сақтау қоймасы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін көзделген үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың иелерінің құқығын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      6) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспары мен сызбасы;
      7) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал газ орналастырылған жағдайда арнайы сақтау орнында - тиісті есептеу аспабына иелік ету құқығын растайтын құжаттар;
      8) уақытша сақтау қоймасы иесінің жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріледі.
      Өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге оның қызмет аймағында қойма құрылатын орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде қарайды.
      Орталық кеден органы аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодекстің 40-бабының 1-тармағының 1) тармақшасымен айқындалған талаптарға сәйкестігіне мәлімдеушінің үй-жайлары мен аумақтарын қарауды жүргізеді.
      Тізілімге енгізу туралы шешім орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім осы тармаққа сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған немесе мәлімдеуші көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады. Мәлімдеуші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте қаралады.
      Тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі жазбаша нысанда мәлімдеушіні хабардар етеді.

      42-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата
               тұру

      1. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша олар жүзеге асыратын қызмет алты ай мерзімге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
      2. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен көрсетілген тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде ресімделеді және бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күнінен бастап тауарлардың уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жол берілмейді.
      4. Уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдары өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуы және (немесе) осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде басқа кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуі тиіс.
      5. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша олар жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстің 40-бабымен айқындалған шарттар сақталған кезде) орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен көрсетілген тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде қайта жаңғырады.
      6. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы немесе көрсетілген тұлғаның тиісті қызметті жаңғыртуы туралы орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде мұндай ақпарат жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі.

      43-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесін тізілімнен шығару
               үшін негіздер

      Уақытша сақтау қоймасының иесін тізілімнен шығару үшін мыналар:
      1) осы Кодекстің 40-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен белгіленген уақытша сақтау қоймаларының иелерін тізілімге енгізу шарттарының сақталмауы;
      2) осы Кодекстің 44-бабының 1) - 5), 7) - 8) тармақшаларында көзделген міндеттерді уақытша сақтау қоймалары иелерінің сақтамауы;
      3) уақытша сақтау қоймасы иесінің оны уақытша сақтау қоймасы иесінің тізілімінен шығару туралы өтініші;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның тарауы;
      5) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.
      Уақытша сақтау қоймаларының иелерін тізілімнен шығару туралы шешім шығару. себептері көрсетіле отырып орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Тиісті ақпарат бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі, сондай-ақ орталық кеден органына жолданады.
      Тұлғалар уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған жағдайда көрсетілген тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайталама өтінішін тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жылдың өтуі бойынша орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі қарайды.

      44-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері

      Уақытша сақтау қоймасының иесі:
      1) тауарларды уақытша сақтау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
      2) уақытша сақтау қоймасында тұрған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) сақтаудағы тауарлардың есебін жүргізуге және оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіпте ақпараттық технологияларды пайдалана отырып олар туралы есепті кеден органдарына ұсынуға;
      4) уақытша сақтау қоймасының жұмыскері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдардың сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жол бермеуге;
      5) сақтауда тұрған тауарларға кеден органының лауазымды тұлғасының қол жетімдігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
      6) уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде уақытша сақтау қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларды мұндай шешім туралы хабарлауға;
      7) осы Кодекстің 270-бабында көзделген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;
      8) заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі олар уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде мәлімделген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ақпараттандыруға міндетті
      Уақытша сақтау қоймасының аумағы осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес ерекше пайдаланылуы тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      45-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жауапкершілігі

      Тауарларды уақытша сақтау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны үшін уақытша сақтау қоймасының иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      46-бап. Кеден қоймасының иесі

      1. Кеден қоймасының иесі - осы Кодекстің 47-бабында айқындалған шарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден қоймасының иесі болып танылады.
      2. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылауда тұрған тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
      3. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге мүдделі тұлғалармен қатынасы шарт негізінде құрылады.
      4. Орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі кеден қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпараттарды, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, жаңғырту немесе көрсетілген тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді орталық кеден органына жолдайды.
      Орталық кеден органы ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей орталық кеден органының Интернет-ресурстарында жаңарған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

      47-бап. Кеден қоймаларының иелерін тізілімге енгізу
               шарттары

      1. Заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.
      1) меншігінде, шаруашылық иелігінде, жедел басқаруында, жалда уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалану үшін көзделген және мынадай талаптарға жауап беретін үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың бар болуы:
      - көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, сондай-ақ ашық типті қоймалар үшін - тұлғалардың қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған аумаққа және (немесе) үй-жайларға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы;
      - тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал газ орналастырылған жағдайда арнайы сақтау орнында - тиісті есептеу аспабының болуы;
      - кіреберіс жолдардың техникалық жөнделген болуы;
      - тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, соның ішінде соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған және тәуліктің кез келген уақытында жүктерді тексеріп қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдардың болуы;
      - шектес тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғандағы аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген болуы және көлік құралының қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ететін бетон немесе асфальт жабындысының болуы;
      - аумақта қойма қызметімен байланысты емес ғимараттар (құрылыстардың) салынулардың орналаспауы тиіс;
      - шектес тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғандағы аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) бір почта мекен-жайы бойынша бірыңғай аумақта орналасуы және барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршалған болуы тиіс;
      2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге шарттарын бұзу себебі салдарынан болатын өзінің азаматтық жауапкершілігіне келетін тәуекелдерді сақтау шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері мұндай шарттар жасалған күнгі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып елу мыңнан кем емес баламадағы соманы құрайды;
      3) кеден органына жүгінген күні кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің жоқ болуы;
      4) кеден органына жүгінгенге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400, 405, 410-412, 414, 415, 417, 423, 430, 434, -438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы.
      2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылған жағдайда, мұндай шарт, Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күніне бір жылдан кем болмайтын мерзімге бекітілуі тиіс.

      48-бап. Кеден қоймаларының иелерін тізілімге енгізу
               тәртібі

      1. Кеден қоймаларының иелерін тізіліміне енгізу туралы өтініште мыналар:
      1) орталық кеден органының аумақтық бөлімшелеріне кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішпен жүгіну;
      2) атауы туралы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны туралы, орналасқан орны туралы, мәлімдеушінің ашық банктік шоты туралы мәлімет;
      3) кеден қоймасының типі туралы мәлімет;
      4) мәлімдеушінің иелігіндегі және кеден қоймасы ретінде пайдалану үшін көзделген үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың тұрған орны, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлімет;
      5) мәлімдеушінің азаматтық жауапкершілігі тәуекелін сақтандыру шарты (шарттар) туралы мәлімет;
      6) тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал газ орналастырылған жағдайда арнайы сақтау орнында - тиісті есептеу аспабының болуы туралы мәлімет болуы тиіс.
      2. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің түпнұсқасы (өтінішті қараудың аяқталуы бойынша кеден органы мәлімдеушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қараудың аяқталуы бойынша кеден органы мәлімдеушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      3) құрылтай құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      4) банктерден оларда шоттардың ашылғандығы туралы растаулар;
      5) кеден қоймасы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін көзделген үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың иелерінің құқығын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      6) кеден қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспары мен сызбасы;
      7) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал газ орналастырылған жағдайда арнайы сақтау орнында - тиісті есептеу аспабына иелік ету құқығын растайтын құжаттар;
      8) кеден қоймасы иесінің жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріледі.
      Өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге оның қызмет аймағында қойма құрылатын орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде қарайды.
      Орталық кеден органы аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодекстің 40-бабының 1-тармағының 1) тармақшасымен айқындалған талаптарға сәйкестігіне мәлімдеушінің үй-жайлары мен аумақтарын қарауды жүргізеді.
      Тізілімге енгізу туралы шешім орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім осы тармаққа сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған немесе мәлімдеуші көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады. Мәлімдеуші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте қаралады.
      Тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі жазбаша нысанда мәлімдеушіні хабардар етеді.

      49-бап. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру

      1. Кеден қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша олар жүзеге асыратын қызмет алты ай мерзімге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
      2. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен көрсетілген тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде ресімделеді және бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күнінен бастап тауарлардың кеден қоймасына орналастыруға жол берілмейді.
      4. кеден қоймасында Уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдары өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуы және (немесе) осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде басқа кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуі тиіс.
      5. Кеден қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша олар жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстің 47-бабымен айқындалған шарттар сақталған кезде) орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен көрсетілген тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде қайта жаңғырады.
      6. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы немесе көрсетілген тұлғаның тиісті қызметті жаңғыртуы туралы орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде мұндай ақпарат жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі.

      50-бап. Кеден қоймаларының иелерін тізілімнен шығару үшін
               негіздер

      1. Кеден қоймаларының иелерін тізілімнен шығару үшін мыналар:
      1) осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен белгіленген кеден қоймаларының иелерін тізілімге енгізу шарттарының сақталмауы;
      2) осы Кодекстің 51-бабының 1) - 6), 8) - 9) тармақшаларында көзделген міндеттерді кеден қоймалары иелерінің сақтамауы;
      3) кеден қоймасы иесінің оны кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы өтініші;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның тарауы;
      5) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.
      Кеден қоймаларының иелерін тізілімнен шығару туралы шешім шығару себептері көрсетіле отырып орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Тиісті ақпарат бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі, сондай-ақ орталық кеден органына жолданады.
      Тұлғалар кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған жағдайда көрсетілген тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайталама өтінішін тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жылдың өтуі бойынша орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі қарайды.

      51-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері

      1. Уақытша сақтау қоймасының иесі:
      1) кеден қоймасында тұрған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) кеден қоймасында тауарларды сақтауға қатысты осы Кодексте белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауға;
      3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
      4) кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарлардың есебін жүргізуге және оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулысымен белгіленген тәртіпте ақпараттық технологияларды пайдалана отырып олар туралы есепті кеден органдарына ұсынуға;
      5) кеден қоймасының жұмыскері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдардың сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жол бермеуге;
      6) сақтауда тұрған тауарларға кеден органының лауазымды тұлғасының қол жетімдігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
      7) кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларды мұндай шешім туралы хабарлауға;
      8) олардың авария немесе ырық бермес күш әсері кезінде жойылу салдарынан жоғалуын қоспағанда, тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз тауарларды берген жағдайда осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындаған кезде әкелу кедендік баждарын, салықтарын төлеуге;
      9) заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі олар кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде мәлімделген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ақпараттандыруға міндетті.
      Кеден қоймасының аумағы осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес ерекше пайдаланылуы тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      52-бап. Кеден қоймасы иесінің жауапкершілігі

      Кеден қоймасында тауарларды сақтау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны үшін кеден қоймасының иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      53-бап. Бажсыз сауда дүкенінің иесі

      1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі - осы Кодекстің 54-бабында айқындалған шарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін бажсыз сауда дүкенінің иесі болып танылады.
      2. Бажсыз сауда дүкенінің иесі кеден одағының кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды сақтауды және бөлшек саудада сатуды жүзеге асырады.
      3. Орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміндегі ақпараттарды, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, жаңғырту немесе көрсетілген тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді орталық кеден органына жолдайды.
      Орталық кеден органы ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей орталық кеден органының Интернет-ресурстарында жаңарған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.

      54-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу
               шарттары

      Заңды тұлғаларды Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.
      1) меншігінде, шаруашылық иелігінде, жедел басқаруында, жалда бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалану үшін көзделген және мынадай талаптарға жауап беретін үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың бар болуы:
      - сауда залы кедендік шекара арқылы олардың жүруі кезінде жеке тұлғалар әкететін тауарларды кедендік декларациялау үшін белгіленген орыннан тыс жерлерде болуы тиіс;
      - бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру үшін көзделген орын, сондай-ақ тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операцияларды жүзеге асыру және тауарларды сатуға дайындау (орамдарды ашу, ыдыстардан және басқалардан босату) үшін көзделген бөлек қоршалған орын болуға тиіс;
      2) егер оларды алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделсе, бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарының болуы;
      3) кеден органына жүгінген күні кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің жоқ болуы;
      4) кеден органына жүгінгенге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400, 405, 409-415, 423, 429, 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы.
      Осы Кодекстің _ бабының _ тармағы _ тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін тиісті тізілімге енгізудің қосымша шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді.

      55-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу
               тәртібі

      1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініште мыналар:
      1) орталық кеден органының аумақтық бөлімшелеріне ажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішпен жүгіну;
      2) атауы туралы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны туралы, орналасқан орны туралы, мәлімдеушінің ашық банктік шоты туралы мәлімет;
      3) мәлімдеушінің иелігіндегі және бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалану үшін көзделген үй-жайлар туралы, олардың тұрған орны, жайластырылуы туралы мәлімет;
      4) егер оларды алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделсе, бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарының болуы туралы мәлімет болуы тиіс.
      2. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің түпнұсқасы (өтінішті қараудың аяқталуы бойынша кеден органы мәлімдеушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      2) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қараудың аяқталуы бойынша кеден органы мәлімдеушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті) не нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      3) құрылтайшы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      4) банктерден оларда шоттардың ашылғандығы туралы растаулар;
      5) бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалану үшін жарамды үй-жайларға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      6) бажсыз сауда дүкені ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспары мен сызбасы;
      7) егер оларды алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделсе, бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарының болуы;
      8) Өтінішті оған қоса берілген құжаттармен бірге оның қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде қарайды.
      Орталық кеден органы аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодекстің 54-бабының 1-тармағының 1) тармақшасымен айқындалған талаптарға сәйкестігіне мәлімдеушінің үй-жайлары мен аумақтарын қарауды жүргізеді.
      Тізілімге енгізу туралы шешім орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім осы тармаққа сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған немесе мәлімдеуші көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады.
      Мәлімдеуші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте қаралады.
      Тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі жазбаша нысанда мәлімдеушіні хабардар етеді.

      56-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру

      1. Бажсыз сауда дүкені иесінің жазбаша өтініші бойынша олар жүзеге асыратын қызмет алты ай мерзімге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
      2. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен көрсетілген тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде ресімделеді және бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күнінен бастап тауарлардың бажсыз сауда дүкендері орналастыруға жол берілмейді.
      4. Бажсыз сауда дүкенінде тұрған тауарлар мен көлік құралдары өзге бажсыз сауда дүкендеріне орналастырылуы және (немесе) осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде басқа кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуі тиіс.
      5. Бажсыз сауда дүкені иесінің жазбаша өтініші бойынша олар жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстің 54-бабымен айқындалған шарттар сақталған кезде) орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен көрсетілген тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде қайта жаңғырады.
      6. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру немесе жаңғыртуы туралы орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде мұндай ақпарат жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі.

      57-бап. Бажсыз сауда дүкендерінің иелерін тізілімнен
               шығару үшін негіздер

      1. Бажсыз сауда дүкендерінің иелерін тізілімнен шығару үшін мыналар:
      1) осы Кодекстің 54-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен белгіленген бажсыз сауда дүкендерінің иелерін тізілімге енгізу шарттарының сақталмауы;
      2) осы Кодекстің 58-бабында көзделген міндеттерді Бажсыз сауда дүкендері иелерінің сақтамауы;
      3) бажсыз сауда дүкені иесінің оны бажсыз сауда дүкені иесінің тізілімінен шығару туралы өтініші;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның тарауы;
      5) өзгертуді қоспағанда, заңды тұлғаның қайта құрылуы негіз болып табылады.
      Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімнен шығару туралы шешім шығару себептері көрсетіле отырып орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Тиісті ақпарат бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда иесінің назарына жетізіледі, сондай-ақ орталық кеден органына жолданады.
      Тұлға бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен шығарылған жағдайда көрсетілген тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайталама өтінішін тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жылдың өтуі бойынша орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі қарайды.

      58-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері

      1. Уақытша сақтау қоймасының иесі:
      1) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған және осы Кодекске сәйкес сатылмаған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) осы Кодексте белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауға;
      3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
      4) бажсыз сауда дүкеніне түскен тауарлардың және көрсетілген дүкенде оларды сатудың есебін жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулысымен белгіленген тәртіпте ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мұндай тауарлар туралы есепті кеден органдарына ұсынуға;
      5) осы Кодекстің 411-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындаған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуге;
      6) заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген орталық кеден органының аумақтық бөлімшесін олар бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген кезде мәлімделген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ақпараттандыруға міндетті.
      Бажсыз сауда дүкенінің аумағы осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес ерекше пайдаланылуы тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      59-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің жауапкершілігі

      Бажсыз сауда дүкендеріндегі тауарларды сақтау және сату жөніндегі талаптарды, сондай-ақ бажсыз сауда кедендік рәсімдерінің талаптарын сақтамағаны үшін бажсыз сауда дүкенінің иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      60-бап. Бос қойма иесі

      Кеден органдарының бос қойма иелерімен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасы мен кеден одағына мүше басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттармен белгіленеді.

6-тарау. УӘКІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАТОР

      61-бап. Уәкілетті экономикалық оператор

      1. Уәкілетті экономикалық оператор - осы Кодекстің 61-бабында көрсетілген шарттарға жауап беретін, осы Кодекстің 65-бабында көзделген арнайы жеңілдіктерді пайдалануға құқығы бар заңды тұлға.
      2. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі орталық кеден органының уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті беру жолымен заңды тұлғаға беріледі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі беріледі.
      Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысанын орталық кеден органы айқындайды.

      62-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру
               шарттары

      Заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу шарттары болып табылады:
      1) бір жылдан кем емес мерзімде осы тармақшаның екінші абзацында белгіленген жағдайды қоспағанда, мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамы бойынша бір миллион еуроға балама сомада осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіпте кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің болуы;
      Тауарлар өндірісі және (немесе) экспортталатын тауарлар бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлғалар Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған санаттарға сәйкес келген кезде оларға кедендік әкету бажы қолданылмай мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамы бойынша жүз елу мың еуроға балама сомада кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады;
      2) кемінде үш жыл сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру;
      3) кеден органына жүгінген күніне Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектердің болмауы;
      4) кеден органына жүгінген күніне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектердің (...) болмауы;
      5)кеден органына жүгінген күніне мәлімдеушіде, құрылтайшыда, акционерде, сондай-ақ заңды тұлғаның шатында тұрған және құзыретіне кедендік операцияларды орындау кіретін қызметкерлерде өткен үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
      6) кеден органына жүгінген күніне кеден органына жүгінгенге дейінгі 1 (бір) жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434438-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
      7) шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен бірге кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органына ұсынылған мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін, мынадай талаптарға жауап беретін тауарлардың есебін жүргізу жүйесінің болуы:
      кедендік декларацияны ресімдеудің, бақылаудың және есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесінің болуы, оның ішінде кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен сәйкес келетін бағдарламалық өнімді міндетті түрде қолдану;
      оларға бөгде адамдардың рұқсатсыз қол жеткізуінен құжаттарды сақтау және компьютер жүйесін қорғау мақсатында қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық технологиялық шараларды қамтамасыз ету;
      тауарлар мен көлік құралдарының іс жүзіндегі санының құжаттар бойынша деректермен сәйкес келмеуін анықтау үшін ішкі бақылау жүйесінің болуы.

      63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру
               және қолданылуын тоқтату тәртібі

      1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілуі туралы куәлігін алу үшін қазақстандық заңды тұлға осы Кодекстің 66-бабында белгіленген шарттарға осындай тұлғаның сәйкестігін растайтын мәліметтері бар заңды тұлға басшысының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған өтінішті (бұдан әрі - өтініш), сондай-ақ мынадай құжаттары орталық кеден органына:
      құрылтай және тіркеу құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелерін;
      орталық кеден органы белгілеген нысанда толтырылған сауалнаманы;
      осы Кодекстің 144-бабына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді бас қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың бірін ұсынады.
      2. Орталық кеден органы өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау кезінде онда бар мәліметтерді тексереді, сондай-ақ аумақтық кеден органдарына мәлімдеушінің уәкілетті экономикалық операторларға қойылатын шарттарға сәйкестігін осы Кодекстің 24-тарауында көзделген барып кедендік тексеріп қарауды жүргізуді тапсырады.
      Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау, сондай-ақ барып кедендік тексеріп қарауды жүргізу нәтижесі бойынша орталық кеден органы өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күннен кешіктірмей тұлғаны Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті беру туралы не бас тарту себебі көрсетіле отырып мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Тұлғаны Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті беру туралы шешім орталық кеден органы басшысының (оны ауыстырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Өтініштегі, сауалнамадағы мәліметтерді мәлімдеуші толық көрсетпеген не осы баптың 1-тармағында көзделген жекелеген құжаттар болмаған жағдайда орталық кеден органы өтініш және оған қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мәлімдеушіні бас тарту себебін көрсете отырып куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
      3. Уәкілетті экономикалық оператор:
      1) орталық кеден органын уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу кезінде олар мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі және (немесе) толықтырылғаны туралы мұндай өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды растайтын тиісті құжаттарды ұсыну жолымен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде хабардар етуге;
      2) бас қамтамасыз етудің қолданыл мерзімі аяқталған кезде уәкілетті экономикалық оператор мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей орталық кеден органына көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту не жаңа бас қамтамасыз ету туралы құжаттарды ұсынуға;
      3) осы Кодекстің 62-бабын 7-тармағының талаптарын сақтау міндетті.
      4. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің қолданылуы мынадай:
      1) Уәкілетті экономикалық оператор Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қызмет етуін тоқтата тұру туралы өтініш берген;
      2) осы Кодекстің 160-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнің өтуі бойынша кедендік төлемдер, салықтар және берешектерді төлеу сәтіне дейін өсімпұлдар бойынша берешектері болған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлі шешім шығарылғанға дейін мәлімдеушіде, құрылтайшыда, акционерде, сондай-ақ заңды тұлғаның шатында тұрған және құзыретіне кедендік операцияларды орындау кіретін қызметкерлерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалу фактілері болған;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлі шешім шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434438-баптары бойынша әкімшілік өндіріс фактілері болған;
      5) осы баптың 3-тармағында белгіленген міндеттерді орындамаған кездерде тоқтатыла тұрады.
      Орталық кеден органы тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қызмет етуін тоқтатқан сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде оны жазбаша хабардар етеді.
      5. уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік:
      1) Уәкілетті экономикалық оператор оны уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен шығару өтініш берген;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта құрылған;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлі шешім шығарылғанға дейін мәлімдеушіде, құрылтайшыда, акционерде, сондай-ақ заңды тұлғаның шатында тұрған және құзыретіне кедендік операцияларды орындау кіретін қызметкерлерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу фактілері болған;
      5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілері болған кездерде қайтарып алынатын жағдайларда тоқтатылады.
      6. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қызметін тоқтату туралы шешім орталық кеден органы басшысының (оны ауыстырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      64-бап. Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі

      Орталық кеден органы уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін жүргізеді және ай сайын эр айдың бесінші күнінен кешіктірмей оның орталық кеден органының Интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етеді.
      Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі мен осындай тізілімге енгізілгені туралы куәліктің нысанын орталық кеден органы айқындайды.

      65-бап. Уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы
               жеңілдіктер

      1. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы жеңілдіктер ұсынылуы мүмкін:
      1) үй-жайларда, ашық алаңдарда және уәкілетті экономикалық оператордың өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;
      2) осы Кодекстің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару;
      3) үй-жайларда, ашық алаңдарда және уәкілетті экономикалық оператордың өзге аумақтарында тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жүргізу;
      4) кеден органына электронды түрде кедендік шекара арқылы өткізуі болжанған тауарлар, мұндай тауарларды өткізетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары, кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу немесе мұндай аумақтан әкету уақыты мен орны, кеден одағының кедендік аумағына келетін немесе мұндай аумақтан кететін жолаушылар туралы алдын ала ақпараттарды ұсыну;
      5) кедендік транзит рәсімдерін жүзеге асыру кезінде, кеден органы егер декларант ретінде уәкілетті экономикалық оператор түсетін болса, осы Кодекстің 321-бабында белгіленген тәртіпте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуды талап етпейді.
      2. Осы бапта көзделген арнайы жеңілдіктер, егер уәкілетті экономикалық оператор оларға қатысты мұндай арнайы жеңілдіктерді қолдану болжанған тауарлардың декларанты болып түсуге құқылы болған жағдайларда ғана қолданылады.
      3. Осы бапта көзделген арнайы жеңілдіктер оларға қатысты қолданылуы мүмкін болмайтын тауарлардың тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

      66-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпараттарды ұсыну

      1. уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, оның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдері және өзге мүдделі тұлғалар кеден органына кеден шекарасы арқылы өткізуі болжалған тауарлар, мұндай тауарларды өткізуші халықаралық тасымалдау көлік құралдары, кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу уақыты мен орны немесе мұндай аумақтан әкету, кеден одағының кедендік аумағына келетін жолаушылар немесе мұндай аумақтан кетушілер туралы алдын ала ақпараттарды электронды түрде ұсынуы мүмкін.
      2. Кеден органы кеден одағына мүше мемлекеттердің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдік мемлекеттердің кеден органдарымен (қызметтерімен) алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      3. Кеден органдарының алдын ала ақпараттарды ұсынуы міндетті болған жағдайда, оны ұсыну көлемі, тәртібі және кедендік мақсаттар үшін пайдалану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.

7-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

      67-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер,
               ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз
               ету құралдары

      1. Кедендік операциялар ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияларды, оның ішінде ақпараттарды берудің электронды тәсіліне негізделген, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жасалуы мүмкін.
      2. Ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияларды енгізу тиісті халықаралық стандарттарды ескере отырып және ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
      3. Кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары әзірлеген, шығарған. немесе салып алған ақпараттық жүйе, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдаланады.
      4. Кедендік мақсат үшін ақпараттық жүйе, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдарын және ақпараттарды қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын пайдалану шарттары мен тәртібін, сондай-ақ ақпараттар алмасудың электронды тәсіліне негізделген ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын талаптарды орталық кеден органы айқындайды.

      68-бап. Кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге
               асыратын декларанттар мен тұлғалардың
               меншігіндегі бағдарламалық өнімдер

      1. Осы Кодексте көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асырушы декларанттар мен тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдер сәйкес болуы тиіс талаптарды орталық кеден органы белгілейді. Көрсетілген талаптар орталық кеден органының ресми Интернет-ресурсының, веб-порталында орналастырылады.
      2. Бағдарламалық өнімдерді кедендік мақсат үшін пайдалануға тек олардың орталық кеден органы белгілеген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана жол беріледі.
      3. Бағдарламалық өнімдерді тексеруді жүргізу үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға орталық кеден органына бағдарламалық өнімдерді тексеруді жүргізу туралы мынадай мәліметтері бар өтінішті ұсынады:
      1) мәлімдеуші туралы мәліметтер - заңды тұлға үшін: (атауы және тұрған орны (мекенжайы); жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты және оның тұратын жері (мекенжайы), жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нөмірі, жеке тұлға үшін - құжатының нөмірі, жеке куәлігі.
      Өтінішке оны жасаған тұлға қолын қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес егер оның мөрі болуға тиіс болса мөрмен куәландырылады.
      4. Өтінішке қоса мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нотариалдық куәландырылған көшірмесі); жеке тұлға үшін - құжатының көшірмесі, жеке куәлігі;
      2) бағдарламалық өнімнің бағдарламалық және пайдалану құжаттарының жиындығы;
      3) бағдарламалық өнімді әзірлеу кезінде лицензияланған бағдарламалық құралдардың пайдаланылғандығын растайтын құжаттар;
      4) әзірленген бағдарламалық өнім арқылы кедендік құжаттарды толтырудың ережелеріне сәйкес ресімделген кедендік құжаттардың электронды көшірмелерінің үлгілері.
      5. Өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде орталық кеден органы өтініште көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және тексереді.
      6. Орталық кеден органы кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімді әзірлеушілердің тізілімін жүргізеді, онда мынадай мәліметтер болады:
      1) бағдарламалық өнімді әзірлеуші болып табылатын тұлғаның атауы;
      2) бағдарламалық өнімнің атауы;
      3) бағдарламалық өнім нұсқаларының нөмірі;
      4) кедендік құжаттардың электронды түрлері.
      7. Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу туралы шешім орталық кеден органы басшысының (оны ауыстырушы тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей мәлімдеушінің мекен жайына жолданады. Бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу туралы бас тарту болған жағдайда орталық кеден органы өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тарту себебі туралы көрсетілген тұлғаға жазбаша нысанда хабардар етеді. Ескертулер жойылғаннан кейін мәлімдеуші осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттарды қайталап ұсынуға құқылы.
      8. Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу және шығару туралы ақпарат тиісті бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орталық кеден органының ресми интернет-ресурсының, веб-порталында орналастырылады.
      9. Бағдарламалық өнімге талаптар өзгерген жағдайда орталық кеден органының ресми интернет-ресурсының, веб-порталында жариялануға және орналастырылуға жатады.
      Орталық кеден органы бұрын тексерген бағдарламалық өнімді өзінің қызметінде пайдаланушы тұлға, оларды осы тарауда көзделген тәртіпте жаңадан белгіленген талаптағы сәйкестендіруді жүргізуге міндетті.

      69-бап. Кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асырушы
               декларанттар мен тұлғаларға кедендік құжаттардың
               электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған
               рұқсатты беру

      1. Орталық кеден органының кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған рұқсатты алу үшін кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асырушы декларанттар мен тұлғалар орталық кеден органына кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған рұқсатты беру туралы мынадай мәліметтері бар өтінішті ұсынады:
      1) мәлімдеуші туралы мәліметтер - заңды тұлға үшін: (атауы және  тұрған орны (мекен-жайы); жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты және оның тұратын жері (мекенжайы), жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нөмірі, жеке тұлға үшін - құжатының нөмірі, жеке куәлігі.
      Өтінішке оны жасаған тұлға қолын қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес егер оның мөрі болуға тиіс болса мөрмен куәландырылады.
      2. Өтінішке қоса мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нотариалдық куәландырылған көшірмесі); жеке тұлға үшін - құжатының көшірмесі, жеке куәлігі;
      2) орталық кеден органының меншігінде тұрған кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді пайдалану жағдайын қоспағанда, бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілер тізіліміне енгізілген тұлғалармен жасалған шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
      Өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде орталық кеден органы өтініште бар мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және тексереді.
      4. Орталық кеден органы белгілеген талаптарға көрсетілген мәліметтер мен құжаттар сәйкес келген жағдайда осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өтініш берген тұлға жазбаша хабардар етіледі. Орталық кеден органының жазбаша шешімінде берілген код көрсетіледі, кейіннен оны өтініш берген тұлға әрбір қалыптастырған кедендік құжаттардың электронды көшірмесінде белгіленген ашық жолда жазылады.
      5. Мәлімдеушіге берілген код кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асырушы тұлғадан басқа, өзге тұлғалармен өткізілетін тауарларға кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін пайдаланылмайды.
      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда орталық кеден органы кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға арналған рұқсатты беруден бас тартады және осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде мәлімдеушіге бұл туралы жазбаша хабарлайды.
      7. Орталық кеден органының берілген код көрсетілген жазбаша шешімі орталық кеден органымен кері қайтарылып алынуы мүмкін, мынадай жағдайларда:
      1) осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптарды мәлімдеуші бұзған;
      2) орталық кеден органы осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құжаттардағы мәліметтердің толық еместігін анықтаған;
      3) мәлімдеуші бағдарламалық өнімдерді әзірлеушімен шартты жойған және бұл туралы орталық кеден органын хабардар етпеген.
      8. Орталық кеден органының берілген код көрсетілген жазбаша шешімі кері қайтарып алу мәлімдеушіге берген кодты жоюға және мұндай кодпен қалыптастырылған кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қабылдаудан бас тартуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асырушы декларант және тұлға мәліметтер өзгерген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде орталық кеден органын болған өзгерістер туралы жазбаша хабардар етеді.
      10. Мәлімдеушіге берілген кодтың қолданылу мерзім, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда шектелмейді.

      70-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары

      1. Кеден органдарының кедендік операцияларды жүргізу кезінде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар базасында қалыптастырылған ақпараттық ресурстарына қол жеткізу шектеулі. Ақпараттық ресурстарды және оларға қол жеткізуді қалыптастыру тәртібі ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Кеден органдарының ақпараттық ресурстары ретінде өзіне кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жасалатын, өңделетін және жинақталатын мәліметтер базасын қамтитын құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы түсініледі.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты кеден органдарының ақпараттық ресурстары ашық және жалпыға бірдей қол жетімді болып табылады.
      Жалпыға бірдей қол жетімді ақпараттық ресурстар орталық кеден органының ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады. 2. тұлғалардың кеден органдарының қарамағындағы, шектеулі қол жетімді ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпаратты алу тәртібі ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      71-бап. Ақпараттық процестер мен ақпараттандыруда
               қатысатын субъектілердің ақпараттары иен
               құқықтарын қорғау

      1. Ақпараттық процестер мен ақпараттандыруда қатысатын субъектілердің ақпараттары мен құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      2. Қорғау, бағдарламалық өнімдермен, ақпараттық жүйелермен және ақпараттық технологиялармен үйлестірілген және техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте міндетті түрде сертификаттауға жататын ақпаратты қорғаудың арнайы бағдарламалық-техникалық құралдарын енгізумен және пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
      3. Ақпаратты қорғау құралымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қорғаудың деңгейі ақпараттың санатына сәйкес келуі тиіс. Ақпаратты қорғау деңгейінің белгілі бір деңгейге сәйкес келуін осы ақпараттық ресурстары қарамағында тұрған кеден органдары қамтамасыз етеді.
      Ақпаратты қорғау және құралдарды пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық кеден органы жүзеге асырады.

      72-бап. Кеден органдарының ақпараттық алмасуы

      Кеден органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіпте және шарттарда шет мемлекеттердің кеден органдарымен, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдармен халықаралық ақпараттық алмасуға қатысады.

8-тарау. КЕДЕНДІК СТАТИСТИКА

      73-бап. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы

      1. Тауарлармен сыртқы сауданың даму жағдайын, динамикасын және үрдісін талдау мақсатында, кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының мәліметтерін қалыптастыру үшін кедендік шекара арқылы тауарларды тасымалдау туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.
      2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың статистикасын Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген әдіснамасына сәйкес жүргізеді.
      3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін:
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының мемлекеттердің үкіметіне, мемлекеттік органына және өзге де ұйымдарға;
      халықаралық шарттарда белгіленген тәртіпте халықаралық ұйымдарға ұсынады.
      4. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады.
      5. Кеден органы Қазақстан Республикасының тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте және мерзімде жариялайды.
      6. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін мемлекеттік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны, мемлекеттік органдарды қоспағанда, оларды алуға мүдделі Қазақстан Республикасының ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және шарттарда ұсынуға мүмкіндіктері бар.

      74-бап. Арнайы кедендік статистика

      1. Кеден органына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында кедендік реттеу саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіпте арнайы кедендік статистика жүргізіледі.
      2. Кеден органдары арнайы кедендік статистиканың деректерін тек кедендік мақсаттар үшін қолданылады.

      75-бап. Статистикалық мақсаттар үшін қолданылатын құжаттар
               және мәліметтер

      1. Статистикалық мақсаттар үшін тұлғалардың кедендік заңнамаға сәйкес ұсынатын құжаттары және мәліметтері пайдаланылады.
      2. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге осы Кодекстің _________ бабының ережесі қолданылады.

9-тарау. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ БІРЫҢҒАЙ ТАУАР
НОМЕНКЛАТУРАСЫ. ТАУАРЛАРДЫ ЖІКТЕУ

      76-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар
               номенклатурасы

      Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) сыртқы экономикалық қызметтің сыртқы сауда және өзге де түрлерін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын, кедендік статистиканы жүргізуді жүзеге асыру үшін қолданылады.

      77-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
               номенклатурасын жүргізу

      1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді.
      2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді.
      3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімді кеден органдарының ұсыныстары негізінде белгіленген тәртіппен Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.
      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды.
      4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу Кеден одағының Кеден кодексінің бабының  тармағында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

      78-бап. Тауарларды жіктеу

      1. Тауарлар, оларды. кедендік декларациялау кезінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктелуге жатады.
      2. Тауарларды жіктеу дұрыстығын тексеруді кеден органдары жүзеге асырады.
      3. Тауарларды дұрыс емес жіктеу анықталған жағдайда кеден органы тауарларды дербес жіктеуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған нысан бойынша тауарларды жіктеу жөнінде шешім қабылдайды.
      Кеден органдарының тауарларды жіктеу бойынша шешімдері заңнамада белгіленген тәртіпте шағымдалуы мүмкін.
      4. Осы Кодекстің 278-бабының 4-тармағында айқындалған жағдайлардан басқа коммерциялық, көліктік (тасымалдаушылық) және (немесе) өзге құжаттарда, сондай-ақ сарапшылық мекемелер беретін қорытындыларда, анықтамаларда, сараптама актілерінде көрсетілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодтары тауарларды жіктеу үшін міндетті болып табылмайды.
      5. Кедендік рәсімдермен тауарларды орналастыру кезінде ұсынылған құжаттарда бар мәліметтерді және кеден органдарындағы өзге мәліметтерді бухгалтерлік есеп және есептілік деректерімен және кеден одағының кедендік заңнамасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте алынған шоттармен және басқа ақпараттармен салыстыру жолымен кедендік тексеру жүргізіледі.
      Мұндай шешімдер немесе түсіндірулер Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды кедендік деклараңиялау кезінде міндетті болып табылады.
      6. Орталық кеден органы тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешімдердің деректер базасын жүргізеді.

      79-бап. Алдын ала шешімді қабылдау тәртібі

      1.1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешімді қабылдау тәртібі осы Кодекстің 80-83-баптарымен айқындалады.
      2. Алдын ала шешім тауардың, маркасын, моделін, артикулы мен модификациясын қамтитын әрбір атауына қабылданады.
      3. Алдын ала шешімнің нысаны Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      4. Өтініш беруші алдын ала шешімді жоғалтқан жағдайда, кеден органы өтініш беруші бұдан бұрын алған алдын ала шешімнің телнұсқасын ұсынады.
      5. Орталық кеден органы осы Кодекстің 213-бабына сәйкес тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешімдермен ақпараттық алмасуды жүзеге асырады.

      80-бап. Алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініш

      1. Алдын ала шешімді жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде берілген тұлғаның өтініші (бұдан әрі осы тарауда - өтініш беруші) негізінде кеден органы қабылдайды.
      2. Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініште толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары және тауарларды нақты жіктеуге мүмкіндік беретін өзге ақпарат болуы тиіс. Қажет болған жағдайда алдын ала шешімді қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың төлқұжаттары, тауарлардың сынамалары мен үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.
      3. Егер өтініш беруші ұсынған мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, кеден органы өтініш берушіге кеден органына алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішті берген күнінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қосымша ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді. Қосымша ақпарат өтініш берушіге жазбаша хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс. Егер ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаса, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бұдан аз мерзім белгіленбесе алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініш қабылданбайды.

      81-бап. Алдын ала шешімді қабылдау және оның қолданылу
               мерзімдері

      1. Алдын ала шешім, алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініш тіркелген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
      Осы Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес, қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген мерзім ішінде тоқтатыла тұрады және кеден органы сұрау салынған мәліметтері бар соңғы құжатты алған күнінен бастап қайта есептеледі.
      2. Алдын ала шешім өзгертілмеген, қайтарылмаған, не осы Кодекстің 82-бабына сәйкес оның іс-әрекеті тоқтатылмаған жағдайда оны қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жыл ішінде әрекет етеді.

      82-бап. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, өзгерту
               немесе қайтару

      1. Кеден органы өзі қабылдаған алдын ала шешімнің іс-әрекетін тоқтату, өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешім қабылдай алады.
      Алдын ала шешімнің әрекетін тоқтату, өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешім өтініш берушіге алдын ала шешімнің әрекетін тоқтату, өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешім шығарылған күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жіберіледі.
      2. Егер кеден органы өтініш беруші алдын ала шешімді қабылдау үшін жалған құжаттар, дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаса алдын ала шешімнің әрекетін тоқтату туралы шешім қабылданады.
      Алдын ала шешімнің әрекетін тоқтату туралы шешім осындай алдын ала шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Алдын ала шешімді өзгерту мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      кеден органы немесе өтініш беруші алдын ала шешімді қабылдау кезінде жіберілген кемшіліктерді анықтағанда;
      Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу бойынша шешім немесе түсіндірме қабылданғанда;
      кеден органының алдын ала шешімді өзгерту туралы шешімі алдын ала шешімді өзгерту туралы шешімде көрсетілген мерзімнен бастап күшіне енеді.
      4. Алдын ала шешім мынадай жағдайларда қайтарып алынады:
      тауарлардың жіктелуіне әсер ететін, оларға қатысты алдын ала шешім қабылданған Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасына өзгерістер енгізілгенде;
      Дүниежүзілік кеден ұйымы кеден одағына мүше мемлекеттер қолданылатын тауарларды жіктеу бойынша шешім қабылдағанда;
      Алдын ала шешімді қайтарып алу туралы шешімді кеден органы Кеден одағы комиссиясының шешімдері мен түсініктемелері жарияланғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылдайды және осындай шешімдермен бірге күшіне енеді.
      5. Алдын ала шешімнің әрекетін тоқтату, өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешім алдын ала шешімнің әрекетін тоқтату, өзгерту немесе қайтарып алу туралы шешім қабылданған күнінен кейінгі күнінен кешіктірмей кеден органдардың назарына жеткізіледі.

      83-бап. Алдын ала шешімдердің жариялылығы

      Алдын ала шешімдер, мемлекеттік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты не мүдделі тұлғаларға қатысты басқа да құпия ақпаратты қоспағанда, Кеден одағы комиссиясының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      84-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде «Ішкі тұтыну үшін
               шығару» кедендік рәсіміне сәйкес жеткізілетін
               машиналарды жіктеу

      Кедендік декларациялау үшін бірнеше партиямен ұсынылған машиналардың жекелеген құрауыштар Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша машина, жабдық, механизм, қондырғы, орнату, аппарат ретінде мынадай шарттарды орындай отырып жіктеледі:
      1) алдағы уақытта кедендік декларациялау үшін ұсынылған бірге жиналған барлық құрауыштар Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасының 84, 85-топтарының қандай да бір тауар позицияларында көрсетілген нақты белгіленген бірыңғай функцияларды орындау үшін көзделген машинаны құрайды;
      2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша машиналардың құрауыштарын жіктеу Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасының бөлімдеріне және топтарына ескертпелердің ережелеріне, тауар позицияларының, субпозицияларды  және кіші субпозициялардың мәтініне қайшы келмейді;
      3) кедендік декларациялау үшін жекелеген құрауыштарды бір мезгілде ұсыну мұндай құрауыштарды дайындау, тасымалдау және монтаждау ерекшеліктерінен немесе экономикалық мақсаттан іс-жүзінде мүмкін еместігін өтініш беруші құжат түрінде растайды;
      4) барлық жекелеген құрауыштар бір алушының мекенжайына, бір сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) бойынша көрсетілген құрауыштарды жеткізу көзделген шарттарда жеткізіледі;
      5) машинаның жекелеген құрауыштарын жеткізу реттік он екі күнтізбелік айлардан аспауы тиіс;
      6) барлық құрауыштарды кедендік декларациялауды бір кеден органы жүзеге асырады.

      85-бап. Жекелеген құрауыштар ретінде жеткізілетін
               машиналарға арналған алдын ала жіктеу шешімін алу
               тәртібі

      1. Алдын ала жіктеу шешімін алу үшін өтініш беруші кеден органына жазбаша өтініш береді.
      2. Алдын ала жіктеу шешімі өтініш берушіге бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:
      сыртқы сауда шарты (келісім шарты) өтініш берушінің атынан жасалғанда;
      өтініш беруші тауарларды алушы болып табылғанда.
      3. Өтініште мынадай мәліметтер болу тиіс:
      олардың құрамдас элементтері машинаның бөлек жеткізілетін құрауыштар болып табылатын машинаның жалпы сипаттамасы;
      оған байланысты кедендік декларациялау үшін машинаның барлық жекелеген құрауыштарын бір мезгілде ұсыну мүмкін емес, себебі;
      осы уақыт ішінде барлық жекелеген құрауыштарды жеткізу жүзеге асырылатын мерзім;
      машиналар және оның жекелеген құрауыштарын кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының атауы.
      4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      сыртқы сауда шарты (келісім-шарт) (нотариалдық куәландырылған);
      қағаз және электрондық тасығыштарда тауарлардың тізімі түрінде ресімделген машиналардың егжей-тегжейлі ерекшеліктері;
      кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлар номенклатурасына сәйкес бір мағынада жіктеуге мүмкіндік беретін машиналардың жекелеген құрауыштардың сипаттамасы және мұндай құрауыштарды кедендік декларациялау кезінде сәйкестендіру, олардың саны бойынша есебін жүргізу;
      жұмыс істеу блоктары мен жекелеген құрауыштардың орналасуын егжей-тегжейлі көрсете отырып машиналардың жинақтау (монтаждау) сызбасы;
      осы Кодекстің 95-бабына сәйкес машиналардың шығарылған елін растау.
      5. Өтініш кедендік ресімдеу үшін машинаның жекелеген құрауыштарының бірінші легі ұсынылғанға дейін беріледі.
      6. Өтініш ұйым басшысының (оны ауыстырушы тұлғаның) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және лауазымын көрсете отырып қолы қойылған болуы, заңды мекенжайы және ұйымның іс-жүзінде орналасқан орны, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, онда осы шоттар ашылған банк мекемесі көрсетілген есеп шотының нөмірі болуы тиіс.
      Аталған тармақтың талаптарына жауап бермейтін өтініш қарауға жатпайды.
      7. Өтініш беруші алдын ала шешім қабылдау үшін ақпараттарды, құжаттарды жеткіліксіз көлемде ұсынған жағдайда кеден органы осы баптың 4-тармағына сәйкес өтініш берушіге өтінішті қарау үшін қажетті қосымша ақпараттарды, құжаттарды ұсыну туралы хабардар етеді.
      8. Өтініш беруші қажетті құжаттардың қосымша ақпараттарды ұсынудан бас тартқан кезде кеден органы алдын ала жіктеу шешімін беруден бас тарту туралы жазбаша шешім қабылдайды.
      9. Кеден органы егер өтініш беруші ұсынған қосымша ақпараттар негізінде көрсетілген шешімді қабылдау мүмкін болмағанда бас тарту себебін көрсете отырып алдын ала жіктеу шешімін беруден бас тартады.
      10. Алдын ала жіктеу шешімін қабылдау үшін ұсынылған құжаттар қайтаруға жатпайды.
      11. Алдын ала жіктеу шешімі кеден органында өтініш тіркелген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей қабылданады.
      Егер өтініш берушіден алдын ала жіктеу шешімін қабылдау үшін қосымша ақпараттар талап етілсе,. өтінішті қарау мерзімі мұндай қосымша ақпараттары бар соңғы құжатты өтініш берушіден кеден органы алған күннен бастап саналады.
      12. Алдын ала жіктеу шешімінде мыналар:
      осы баптың 6-тармағына сәйкес жазбаша өтінішті берген өтініш беруші туралы мәлімет;
      оған сәйкес машиналардың құрауыштарын жеткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) деректемелері (ұйымның атауы, жасалған шарт, шарттың нөмірі, шарт жасалған күн);
      машинаның жалпы сипаттамасы;
      Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы бойынша машинаның он мәнді коды;
      машинаның шығарылған елі;
      кедендік декларациялауды және кедендік бақылауды жүзеге асыруы тиіс кеден органының атауы, сондай-ақ жеткізілген машиналардың жекелеген құрауыштардың есебін жүргізу;
      машинаның құрамдас бөлігі ретінде ерекшеліктерде көрсетілген жекелеген құрауыштардың тізбесі көрсетіледі, бірақ оған сәйкес Сыртқы экономикалық қызмет тауарлар номенклатурасының бөліміне және топтарына ескертпесімен тауар позициясының, субпозициясының және кіші субпозициясының мәтінімен, сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлар номенклатурасын Интерпретациялаудың негізгі ережелерімен бөлек жіктеледі.
      Алдын ала жіктеу шешіміне көрсетілген шешімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлардың тізімі түрінде ресімделген машиналардың ерекшеліктері қоса беріледі.
      Жеке құрауыштар түрінде жеткізілген машиналарға арналған алдын ала жіктеу шешімі кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша беріледі.
      13. Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген шарттардың бірін немесе бірнешеуін орындамау алдын ала жіктеу шешімін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      14. Кедендік декларациялауды қолдану мақсатында алдын ала жіктеу шешімі алдын ала жіктеу шешімінде көрсетілген машиналардың жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялау жүргізілетін кеден органында ғана пайдаланылады.
      15. Алдын ала жіктеу шешімі екі данада ресімделеді. Бірінші данасы өтініш берушіге жолданады немесе беріледі. Екінші данасы машиналардың жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялау жүргізілетін кеден органына жолданады.

      86-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін
               машиналарға берілген алдын ала жіктеу шешімінің
               қолданылу мерзімі

      Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін машиналарға берілген алдын ала жіктеу шешімінің қолданылу мерзімі реттік он екі күнтізбелік айдан аспауы тиіс.

      87-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін
               машиналарға берілген алдын ала жіктеу шешімдерін
               есепке алу

      Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін машиналарға берілген алдын ала жіктеу шешімдерін есепке алуды кеден органы жүзеге асырады.

      88-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін
               машиналарға берілген алдын ала жіктеу шешімінің
               қолданылу мерзімін ұзарту

      1. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілетін машиналарға берілген алдын ала жіктеу шешімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын берілген өтініш берушінің жазбаша өтініші болған кезде кеден органы көрсетілген шешімнің қолданылу мерзімін машиналардың жекелеген құрауыштар толық жеткізілу кезеңіне ұзартады.
      2. Өтініш беруші кеден органына жазбаша жүгінгенде мынадай мәліметтер:
      оған сәйкес Сыртқы экономикалық қызметі тауарлар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша машиналардың жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялау жүзеге асырылатын алдын ала жіктеу шешімінің нөмірі мен қабылданған күні;
      оған сәйкес Сыртқы экономикалық қызметі тауарлар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша машиналардың жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялау жүзеге асырылатын шарттың деректемелері;
      берілген алдын ала жіктеу шешімінің қолданылу мерзімі кезеңінде машиналардың барлық жекелеген құрауыштардың кедендік декларациялануын аяқтау мүмкін болмауымен байланысты себептер;
      машиналардың жекелеген құрауыштарын кедендік декларациялауды жүзеге асыратын кеден органының атауы;
      машинаның жекелеген құрауыштардың соңғы легін әкелуді аяқтау мерзімі көрсетілуі тиіс.
      3. Алдын ала жіктеу шешімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішке машиналардың әкелінген жекелеген құрауыштар шартты шығару үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ұсынған ресімделген кедендік декларациялардың көшірмелері қоса беріледі.
      4. Өтініш оны кеден органында тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қаралады.
      5. Алдын ала жіктеу шешімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім екі данада ресімделеді.
      Бірінші данасы өтініш берушіге жолданады.
      Екінші данасы жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілген машиналарды кедендік ресімдеуді жүзеге асырушы кеден органына жолданады.

      89-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілген
               машиналарға берілген алдын ала жіктеу шешімінің
               қолданылуын тоқтату немесе өзгерту

      1. Кеден органы қабылданған алдын ала жіктеу шешімінің күшін жоюы немесе өзгертуі мүмкін.
      2. Алдын ала жіктеу шешімі қолданылуын тоқтатады, егер:
      1) осы Кодекстің 77-бабында және 79-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде кедендік декларациялауға машиналардың ерекшеліктерінде көрсетілген және Сыртқы экономикалық қызметі тауарлар номенклатурасының бірыңғай коды бойынша ресімделген құрауыштардың бөлігі ғана ұсынылған болса, осыған байланысты қолданыстағы Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлар номенклатурасын Интерпретациялаудың негізгі ережелеріне сәйкес олар бірыңғай код бойынша жіктелмейді;
      2) өтініш берушіден машиналардың жекелеген құрауыштарын одан әрі жеткізуден жазбаша бас тарту түскенде;
      3) кеден органы машиналардың жекелеген құрауыштарын мақсатсыз пайдалану фактілерін белгілегенде;
      4) кеден органы алдын ала жіктеу шешімін қабылдау үшін өтініш беруші толық емес және дұрыс емес ақпараттарды ұсынғандығын белгілегенде.
      3. Алдын ала жіктеу шешімін өзгерту қабылданған алдын ала жіктеу шешіміне ықпал ететін Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлар номенклатурасына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар тауарларды жіктеу мәселелері бойынша түсіндірулерді Кеден одағының комиссиясы қабылдаған жағдайда жүргізіледі.

      90-бап. Жекелеген құрауыштар түрінде жеткізілген
               машиналарға берілген алдын ала жіктеу шешімінің
               күші жойылған кезде тауарларды жіктеу

      Алдын ала жіктеу шешімінің қолданылуы тоқтатылған кезде машиналардың жекелеген құрауыштар жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүк кедендік декларацияны бере отырып кедендік декларациялауға жатады. Бұл ретте машиналардың көрсетілген құрауыштар Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлар номенклатурасына сәйкес жеке тауарлар ретінде жіктеледі.

10-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ЕЛІ

      91-бап. Тауарлардың шығарылған елі туралы жалпы ереже

      1. Кеден одағының кедендік заңнамасымен белгіленген өлшемдерге сәйкес толығымен өндірілген немесе жеткілікті өңдеуге (қайта өңделуге) ұшыраған тауарлардың елі тауарлардың шығарылған елі болып саналады. Бұл ретте, егер тауарлардың шығарылған елін айқындау мақсаты үшін оларды бөлу қажеттілігі болғанда тауарлардың шығарылған елі деп елдер тобы, не елдердің кеден одақтары, не елдің өңірлері немесе бөлігі түсініледі.
      2. Тауарлардың шығарылған елін айқындау кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тауарлардың шығарылған еліне байланысты болған барлық жағдайларда жүргізіледі.
      3. Тауарлардың шығарылған елін айқындау тауарлардың шығарылған елін айқындау ережелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Орталық кеден органы немесе орталық кеден органының аумақтық бөлімшелері не кеден тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдауы мүмкін.
      Кеден органы тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша тауарлар туралы мәліметтер болған кезде тауарлардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды.
      Тауарлардың шығарылған елін айқындауға қатысты алдын ала шешім преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қабылдау кезінде қабылданады. Көрсетілген мәселелер бойынша алдын ала шешімді қабылдау тәртібі мен нысаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте айқындалады.

      92-бап. Тауарлардың шығарылған елін растау

      1. Тауарлардың шығарылған елін растауда кеден органы тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
      2. Тауарлардың шығарылуы туралы декларация немесе тауарлардың шығарылуы туралы сертификат тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болып табылады.

      93-бап. Тауарлардың шығарылуы туралы декларация

      1. Тауарлардың шығарылуы туралы декларация тауарлардың шығарылған елін айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер көрсетілген шарттар кезінде тауарларды әкетумен байланысты тауарлардың шығарылған елі туралы, дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші жасаған өтініштерді білдіреді. Мұндай декларация ретінде тауарға қатысты коммерциялық немесе қандай да бір басқа құжаттар пайдаланылады.
      2. Егер тауарлардың шығарылуы туралы декларацияда тауарлардың шығарылған елі туралы мәліметтер оларды қолдануға қарағанда тауарлардың шығарылған елін айқындатын ереже мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартарында көзделген өзге өлшемдерге негізделген осы халықаралық шартарда айқындалған өлшемдерге сәйкес айқындалады.

      94-бап. Тауарлардың шығарылуы туралы сертификат

      1. Тауарлардың шығарылуы туралы сертификат - егер әкету елінде тауарлардың шығарылған елінен алынған мәліметтердің негізінде сертификат берілсе, осы елдің немесе әкету елінің уәкілетті органдары немесе ұйымдары берген және бір мәнде куәландырылған тауарлардың шығарылған елі туралы құжат.
      Егер тауарлардың шығарылуы туралы сертификатта тауарлардың шығарылған елі туралы мәліметтер оларды қолдануға қарағанда тауарлардың шығарылған елін айқындайтын ереже мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген өзге өлшемдерге негізделген осы халықаралық шарттарда айқындалған өлшемдерге сәйкес айқындалады.
      2. Тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде егер көрсетілген сертификат келісім-шарт шарттары бойынша, тауарларды әкелу елінің ұлттық ережелері бойынша немесе егер көрсетілген сертификаттың болуы халықаралық шарттарда көзделуі қажет болғанда уәкілетті органдар немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің ұйымдары тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты береді.
      Тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты берген уәкілетті органдар мен ұйымдар оны берген күннен бастап кемінде 3 (үш) жыл тауарлардың шығарылуы соның негізінде расталған оның көшірмесін және өзге құжаттарды сақтауға міндетті.
      3. Тауарлардың шығарылуы туралы сертификат кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде ұсынылатын кедендік декларациямен және басқа құжаттармен бір мезгілде ұсынылады. Сертификат жоғалған кезде оның ресми куәландырылған телнұсқасы қолданылады.
      4. Егер тауарлардың шығарылуы туралы сертификат кедендік заңнамамен белгіленген оны ресімдеуге және (немесе) толтыруға қойылған талаптарды бұза отырып ресімделсе, кеден органы тарифтік преференцияны ұсыну үшін негіз ретінде мұндай сертификатты қараудан бас тарту туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.
      5. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты берген елдің уәкілетті органдары мен ұйымдарына қосымша құжаттарды немесе нақтылайтын мәліметтерді ұсыну өтінішімен жүгінуге құқылы. мұндай өтініш тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде мәлімделген оларды шығарған ел туралы мәліметтердің негізінде тауарларды шығаруға кедергі келтірмейді.

      95-бап. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды
               ұсыну

      1. Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде, егер кеден одағының аумағындағы осы тауарлар шығарылған елінде кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тарифтік преференциялар ұсынылатын жағдайда тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат ұсынылады. Көрсетілген жағдайда, тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат, кеден органына кедендік декларацияны ұсынумен бірге ұсынылады. Бұл ретте, тарифтік преференцияларды ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес анықталған нысан бойынша тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсыну қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін.
      Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын және (немесе) тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға әсер ететін тауарлардың шығарылу елі туралы мәлімделген мәліметтер дұрыс емес болып табылатындығының белгілері анықталған кезде, кеден органдары тауарлардың шығарылған елін растайтын құжатты ұсынуды талап етуге құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат:
      1) егер кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар, кеден органдары кеден одағының кедендік заңнамасына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе оның аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған ел тауарлардың шығарылған елі болып табылатын белгілерін анықтаған жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық босатумен кедендік транзит кедендік рәсіміне немесе уақытша кедендік әкелу рәсіміне мәлімделген кезде;
      2) егер жеке тұлғалар тауарларды ҚР халықаралық келісімдерінің нормаларына сәйкес кедендік шекара арқылы тасымалдаса;
      3) егер кедендік шекара арқылы өткізілетін, бір уақытта және бір тәсілмен, және бір жөнелтуші бір алушының атына жөнелткен тауарлардың жалпы кедендік құны Кеден одағының комиссиясы бекіткен сомадан аспаса;
      4) кеден одағының кедендік заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.

      96-бап. Тауарларды олардың шығарылған елін айқындау
               кезінде кедендік рәсімдермен орналастырудың
               қосымша шарттары

      1. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған кезде, егер оларды ұсыну тарифтік преференцияларды ұсыну үшін міндетті болып табылатын болса, осындай тауарларға қатысты осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, басқа мемлекеттерге (мемлекеттер топтарына) ұсынылатын режимнен өзге (бұдан әрі - ұлттың ең қолайлы режимі), одан кем емес қолайлы режимді ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелері бар шетел мемлекеттерінің аумағынан шығарылған (шетел мемлекеттерінің топтары) тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждар төлеуге жатады.
      2. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмауының өзге де жағдайларында не ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеген белгілері табылған және (немесе) тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды немесе нақтылайтын мәліметтерді ұсынғанға дейін жалған мәліметтері бар болған жағдайда:
      1) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі ұлттың ең қолайлы режимін ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шетел мемлекеті (шетел мемлекеттерінің топтары) болып табылатын белгілерін анықтаса, ұлттың ең қолайлы тәртібін ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шетел мемлекетінің аумағынан шығарылған (шетел мемлекеттерінің топтары) тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуге жататын, не көрсетілген ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылған тауарларға қатысты;
      2)кедендік рәсімге тауарларды орналастыру, егер кеден органы одан тауарларды әкелуге шектеу қойылған ел екенін көрсететін белгілерді анықтаса, декларант белгіленген шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсынған немесе арнайы, демпингке қарсы не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асырылады. Арнайы, демпингке қарсы бажды не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз ету, әкелімдік кедендік баждардың төленуін қамтамасыз ету үшін осы Кодекспен көзделген тәртіпте жүргізіледі;
      3) кедендік ресімдеуге тауарларды орналастыру, егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі, оның тауарлары кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған елді көрсетуі мүмкін белгілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында және 2-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнінен бастап 1 (бір) жыл өткенге дейін осы тауарлардың шығарылған елі расталатын жағдайда, тарифтік артықшылықтарды ұсыну режимі немесе ұлттың ең қолайлы режимі қолданылады (орнына келтіріледі). Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес қайтаруға (есептеуге) жатады.

11-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ

      97-бап. Кедендік құн туралы жалпы ережелер

      1. Осы тараудың ережесі Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифін қолдану мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай ережесін, сондай-ақ кеден одағының тауар айналымын реттеу үшін енгізілетін (енгізілуі мүмкін) кедендік-тарифтік реттеуден ерекшеленетін өзге шараларды қабылдауды реттейді. Көрсетілген ереже егер тауарлар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу кезінде кеден одағының кедендік шекарасынан іс-жүзінде кесіп еткен жағдайда қолданылады және мұндай тауарларға қатысты кесіп өту кезінде мәлімделген кедендік режимнің нормалары қолданылады.
      2. Тауарлардың кедендік құнын декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда кеден органы анықтайды.
      3. Егер тауарларды декларациялау кезінде олардың кедендік құнының нақты мөлшерін оны есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың жоқтығына байланысты айқындау мүмкін емес болса тауардың кедендік құнының нақты мөлшерін айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны мәлімделген кедендік құннан шығатын декларантта бар құжаттар мен мәліметтер және кедендік баждарды есептеу мен төлеудің негізінде мәлімдеуге жол беріледі.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құн айқындалған жағдайда, сондай-ақ декларациялау тәртібі және кедендік құнды бақылау, кедендік баждарды, салықтарды есептеудің және төлеудің ерекшелігі мұндай жағдайларда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      4. Осы тараудың ережесі кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға таралмайды.

      98-бап. Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

      1.Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін тауарлардың кедендік құны экспортқа сату кезінде іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын мәміле бағасының негізінде айқындалады.
      2. Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде егер олар бұрын қосылмаған болса, мәміле бағасына мынадай шығыстар қосылады:
      1) әуежайға, портқа немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарлар әкетілетін өзге орындарға дейінгі тауарларды жеткізу бойынша шығыстар:
      тасымалдау құны;
      тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу бойынша шығыстар;
      2) сақтандыру құны;
      3) сатушы келтірген шығыстар:
      комиссиялық және брокерлік сыйақы;
      егер олар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен бірге біртұтас ретінде қаралатын болса, контейнерлер немесе басқа көп айналымды ыдыстардың құны;
      орам бойынша орам материалдары мен жұмысының құнын қоса орамның құны;
      4) егер мұндай роялттар мен алымдар іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаса, бағаланатын тауарларға байланысты лицензияны беру үшін бағаланатын тауарларды сату шарттары ретінде сатушының тікелей немесе жанама төлеуіне жататын роялттар мен алымдар;
      5) сатушыға кейін қайта сатудан түсетін кірісінің тікелей немесе жанама бөлігі, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынатын салық төлеушінің жеңілдіктерімен мемлекетерде алынған кіріс;
      6) Қазақстан Республикасының кедендік аумағында өндіріп алынатын салықтар егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және халықаралық шарттарына сәйкес қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылса, олар тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетумен байланысты сатушының өтемақысына жатпайды.
      3. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде мәміле бағасынан олар бұрын мәміле бағасына енгізілген және құжатпен расталуы мүмкін жағдайда мынадай төлемдер мен шығыстар алынып тасталады:
      1) монтажға, жинауға, жабдықтарды жөндеуге немесе мұндай жабдықтарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін техникалық көмек көрсетуге арналған шығыстар;
      2) оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін тауарларды жеткізу бойынша шығыстар;
      3) оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін тауарлардың жеткізілуін сақтандыру құны;
      4) импорт елінде төленетін кедендік баждар мен салықтар.
      4. Әкетілетін тауарлардың кедендік құнының мәміле бағасы болмаған кезде әкетілетін тауарлардың өндірісімен немесе сатып алумен, сақтаумен және тасымалдаумен байланысты шығындар туралы сатушы-экспортердің бухгалтерлік құжаттарынан декларант ұсынған көшірмемен айқындалады. Бұл ретте осы баптың 2-тармағында санамаланған шығыстар да есептеледі.
      5. Әкетілетін тауарлардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда мұндай тауарлардың кедендік құны бірдей немесе біртекті тауарлар бойынша бар мәліметтер негізінде не тәуелсіз сараптаманың нәтижелерінің негізінде кеден органы айқындайды.

      99-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны 1994 жылғы Тариф және сауда бойынша бас келісімнің (ГАТТ 1994) кедендік мақсаттар үшін. тауарларды бағалау жөніндегі принциптер мен ережелерді ескере отырып, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін Тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге (Мәскеу, 25 қаңтар 2008 жыл) сәйкес айқындалады.
      2. Кедендік транзит кедендік рәсімдерін қоспағанда, егер тауар кедендік шекараны іс-жүзінде кесіп өтсе және мұндай тауарлар кедендік шекараны кесіп өткеннен кейін бірінші рет кедендік рәсіммен орналастырылса, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны айқындалады. Тауарлардың кедендік құнының кедендік рәсімдері өзгерген кезде егер кедендік заңнамамен өзгедей белгіленбесе, олар кедендік шекараны іс-жүзінде кесіп өткеннен кейін олардың кедендік рәсіммен бірінші орналасуы кезінде кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні кедендік шекара арқылы өткізілген тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселесін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес айқындалған тауарлардың кедендік құны болып табылады.

      100-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау
                әдістері

      1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мынадай әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі:
      1) әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша;
      2) бірдей тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша;
      3) бір тектес тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша;
      4) құнды шегеру;
      5) құнды қосу;
      6) резервтік.
      2. Әкелінетін тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізгі әдісі болып табылады.
      3. Негізгі әдісті қолдану мүмкін болмаған жағдайда санамаланған әдістердің әр қайсысы қолданылады. Бұл ретте егер тауардың кедендік құны алдыңғы әдісті пайдалану жолымен айқындау мүмкін болмағанда әрбір келесі әдіс қолданылады. Декларанттың өтініші бойынша құнын есептеу және қосу әдістері кері жүйелілікте қолданылады.
      4. Тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін ақпарат осы баптың 1-тармағында көзделген қолданылатын әдістердің қайсы бірі болмасын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу принциптеріне сәйкес тәсілмен дайындалған болуы тиіс.
      5. Тауарлардың кедендік құнын және оны айқындауға қатысты мәлімет дұрыс, мөлшері айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделген болуы тиіс. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімі жалпыға бірдей қабылданған, яғни тауарлардың жеткізілу көзіне (шығарылған елі, тауарлардың түрі, мәмілеге қатысушылар және басқа) қарай ерекшеленбеуі тиіс.
      6. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері демпингке қарсы шарлар ретінде қолданылмауы тиіс.

      101-бап. Әкелінетін тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс

      1. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны мәміле құны, яғни кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін оларды сату кезінде осы тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын және осы Кодекстің 102-бабының ережелеріне сәйкес толықтырылған мәміле бағасы, мынадай жағдайларда:
      1) мынадай:
      кеден одағы органдарының бірлескен шешімімен белгіленген;
      тауарлардың қайта сатылуы мүмкін географиялық өңірді шектеу;
      тауарлардың құнына онша әсер етпейтін шектеулерді қоспағанда, тауарларды пайдалануға және билік етуге арналған сатып алушының құқығына қатысты шектеулер жоқ;
      2) тауарларды сату немесе олардың бағасы қандай да бір шарттарға немесе міндеттерге байланысты емес, олардың ықпалы тауардың бағасына мөлшерлік айқындалуы мүмкін емес;
      3) осы Кодекстің 102-бабының ережелеріне сәйкес қосымша есептеулер - жүргізілуі мүмкін жағдайлардан басқа соңғы сатудан түскен кіріс немесе пайданың ешқандай бөлігі өзге тәсілдермен билік ету немесе тауарларды сатып алушының пайдалануы сатушыға тікелей және жанама тиесілі болмаса;
      4), сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмайды немесе сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылады осылайша, әкелінетін тауарлардың мәміле құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік мақсаттар үшін қолайлы.
      2. Сатып алушы тікелей сатушыға немесе сатушының пайдасына жүзеге асырылған немесе жүзеге асырылуға жататын осы тауарлар үшін барлық төлемдердің жалпы сомасы әкелінетін тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға болып табылады.
      3. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыс фактісі өзінен өзі тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін негіз болып табылмауы тиіс. Бұл жағдайда саудада кездесетін жағдаяттар талданылуы тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал етпесе, мәміле құны тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін қолайлы деп танылуға тиіс.
      Сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылса және тауарды декларациялаушы тұлға ұсынған немесе кеден органы өзге тәсілмен алған ақпарат негізінде сатушы мен сатып алушының өзара байланысы іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал ету белгілері анықталса, онда кеден органы тауарды декларациялаушы тұлғаға осы белгілер туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тауарды декларациялаушы тұлға сатушы мен сатып алушының өзара байланысы іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпалының жоқтығын дәлелдеуге тиіс.
      4. Осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда өзара байланысты тұлғалар арасында тауарлар сату кезінде әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны қолданылады және егер кеден одағының кедендік шекарасынан әкелінетін тауардың сол немесе оған сәйкес кезеңдегі уақытта кесіп өтуінің орын алуы келесі тексеру мөлшерінің біріне әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құнының жақындығын тауарды декларациялаушы тұлға дәлелдегенде ғана осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың кедендік құны айқындалады:
      1) кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін сатушымен өзара байланысты емес болып табылатын тұлғалардың, сатып алушыға мұндай тауарларды сатуы кезінде бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны;
      2) осы Кодекстің 105-бабының шарттарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны;
      3) осы Кодекс 106-бабының шарттарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны.
      5. Осы баптың 4-тармағының ережелеріне сәйкес салыстыруды жүргізген кезде тауарды декларациялаушы тұлға ұсынған осы Кодекстің 102-бабында көрсетілген сатудың коммерциялық деңгейдегі, тауарлар санындағы, қосымша есептеулердегі айырмашылықтар туралы, сондай-ақ егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты емес тұлғалар болып табылса, сату кезінде сатушы тартпайтын шығыстармен салыстырғанда сатушы мен сатып алушы өзара байланысты емес тұлғалар болып табылатын сату кезінде сатушы әдетте тартатын шығыстардағы айырмашылықтар туралы мәліметтер ескеріледі.
      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тексеру мөлшері тауарды декларациялаушы тұлғаның бастамасы бойынша тек ғана салыстыру мақсатында пайдаланылады және тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін емес.
      7. Әкелінетін тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты, осыған байланысты сатып алушының сатушыға дивиденттерді аударуы немесе өзге осындай төлемдері егер олар әкелінетін тауарлармен байланысты болмаса кедендік құнның бөлігі болып табылмайды.

      102-бап. Қосымша есептеулер

      1. Мәміле құны бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде олармен бірге осы тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға мыналар қосылады:
      1) оларды сатып алушы жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға жататын бірақ әкелінетін тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшердегі мынадай шығыстар:
      бағаланатын (әкелінетін) тауарларды сатып алумен байланысты оны шетелге жеткізу бойынша қызмет көрсеткені үшін өзінің агентіне (делдалға) сатып алушы сатып алғаны үшін төлейтін сыйақыны қоспағанда, делдалдың (агенттің) сыйақылары және брокердің сыйақысы;
      егер кедендік мақсат үшін ол әкелінетін тауарлармен бірге біртұтас ретінде қаралатын ыдыс;
      орам материалдарының және орам бойынша жұмыстың құнын қоса орам;
      2) әкелінетін тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшердегі кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына бағаланатын (әкелінетін) тауарларды әкету үшін өндіріспен және сатумен байланысты пайдалану үшін сатып алушы сатушыға тегін немесе темен бағамен тікелей немесе жанама ұсынылған мынадай тауарлар мен қызмет көрсетілердің тиісінше бөлінген құны:
      әкелінетін тауарларды құрайтын шикізаттар, материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар және өзге де ұқсас заттар;
      әкелінетін тауарлардың өндірісі кезінде пайдаланылатын саймандар, штамптар, нысандар және басқа да ұқсас заттар;
      әкелінетін тауарлардың өндірісі кезінде шығысталған материалдар;
      кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан тыс жерлерде орындалған және әкелінетін тауарлардың өндірісі үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, құрастыру жұмыстары, көркемдік безендіру, дизайндер, эскиздер мен сызбалар;
      3) сатушыға тікелей немесе жанама тиесілі әкелінетін тауарлардың кірісін немесе табысын кейін сату, өзге тәсілмен билік ету немесе пайдалану нәтижесінде алынған бөлігі;
      4) тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе кеден одағының кедендік аумағындағы өзге орындарға дейін тауарларды тасымалдау бойынша шығыстар;
      5) тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе кеден одағының кедендік аумағындағы өзге орындарға дейін тасымалдаумен байланысты оларды тиеу, түсіру немесе тауарларды қайта тиеу және өзге операцияларды жүргізу бойынша шығыстар;
      6) осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген операциялармен байланысты сақтандыру шығыстары;
      7) осы тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшерде бағаланатын тауарларды сату шарттары ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама жүргізген немесе жүргізуге тиіс бағаланатын (әкелінетін) тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін (патент, тауарлық белгі, авторлық құқық үшін төлемдерді қоса) лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер;
      Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға мыналар қосымауы тиіс:
      кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарларды жаңғырту (тираждау) құқығы үшін төлемдер;
      егер мұндай төлемдер тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін әкелінетін тауарларды сату шарттары болып табылмаса, әкелінетін тауарларды бөлу немесе қайта сату құқығы үшін төлемдер.
      2. Тауарды декларациялаушы тұлға мәлімдеген және олар құжатпен расталған іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағадан алынған жағдайда төменде санамаланған шығыстар бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнына кірмеуі тиіс:
      өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе жабдықтар ретінде мұндай бағаланатын (әкелінетін) тауарларға қатысты кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлар келгеннен кейін жүргізілген құрылыс, салу, жинақтау, монтаждау, қызмет көрсету немесе техникалық ықпал ету;
      тауарларды тасымалдау бойынша кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлар келгеннен кейін жүзеге асырылатын;
      бағаланатын (әкелінетін) тауарларды әкелумен немесе сатумен байланысты кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында төленетін баждар, салықтар мен алымдар.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкелінетін тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосу егжей-тегжейлі, мөлшері айқындалған және құжатпен расталған ақпараттың негізінде жүргізіледі. Қоса есептеу үшін қажетті мұндай ақпараттар болмаған жағдайда әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле құны бойынша әдіс қолданылмайды.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосу жүргізілмейді.
      5. Іс-жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосуды жүзеге асыру кезінде:
      1) әкелінетін тауарлардың өндірісі кезінде пайдаланылатын саймандар, штамптар, нысандар және басқа да ұқсас заттардың құнын бөлу тауарларды декларациялаушы тұлға айқындаған декларацияланған тауарлардың мөлшерінен кем болуы мүмкін емес тауарлардың бірінші легінің кедендік құнына немесе өзге тауарлардың мөлшерінің кедендік құнына осы барлық құнды жатқызу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Мұндай бөлу тауарларды декларациялаушы тұлғаларда бар құжаттарға байланысты нақты жағдайларда қолданылатын ақылға қонымды тәсілмен және бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған принциптеріне сәйкес жүргізіледі.Бұл ретте, егер сатып алушы сатып алушымен байлынысты емес тұлға болып табылатын сатушыдан затты сатып алса, оларды сатып алу бойынша шығыстар, не егер заттарды сатып алушы өндірсе, оларды дайындау бойынша шығыстар көрсетілген заттардың құны деп танылады.
      Егер көрсетілген заттар бұрын оларды осы сатып алушының сатып алғанына немесе өндіргеніне қарамастан сатып алушы пайдаланса, олардың пайдаланылуын ескере отырып құнын алу (айқындау) үшін алынған немесе өндірілген алғашқы бағасы азайтылуға жатады;
      Егер сатып алушы сатып алғандығына немесе өндіргендігіне қарамастан осы сатып алушы аталған заттарды бұрын пайдаланса, сатып алудың немесе өндірістің бастапқы бағасы осы заттардың пайдаланылғандығын ескере отырып құнын алу (айқындау) үшін төмендетуге жатады.
      2) сатып алушылар сатып алған немесе жалға алған кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан тыс жерлерде орындалған және әкелінетін тауарлардың өндірісі үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, құрастыру жұмыстары, көркемдік безендіру, дизайндер, эскиздер мен сызбаларға қатысты егер сатып алушы қоғамдық иелікте тұрған элементтер ұсынғанда, мұндай элементтерді сатып алуға немесе жалға алуға арналған шығыстардың бөлігінде қосу жүргізіледі, яғни мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте қосымша есептеу олардан көшірмелерді алуға арналған құн (шығындар) бөлігінде жүргізіледі.
      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша қосымша есептеулер өндірісі кезінде құнынан басқа оларды сатушыға (егер мұндай көзделсе, оларды қайтаруды қоса) ұсынумен (жеткізумен) байланысты тікелей тауарлардың/заттардың барлық шығыстары ескеріледі.

      103-бап. Бірдей тауарлармен жасалған мәміле бағасы бойынша
                әдіс

      1. Егер кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 101-бабына сәйкес айқындалуы мүмкін емес болса, мұндай тауарлардың кедендік құны кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылған және кеден одағының кедендік аумағына әкелінген сол немесе ол бағаланатын (әкелінетін) тауарлар немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес кезең уақытына сәйкес бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны болып табылады.
      Осы баптың негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сол коммерциялық деңгейде және мәні бойынша сол мөлшердегі сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде бірақ өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде бірақ сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Осы абзацта көрсетілген ақпарат сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлардың мөлшеріндегі айырмашылықтарды ескеретін құнның тиісті түзетуін жүргізе отырып қолданылады.
      Мұндай түзету ол бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнын көбейтуге немесе азайтуға әкелуіне қарамастан құжатпен расталатын негізде және түзетудің нақтық мәліметтері негізде жүргізіледі. мұндай мәліметтер болмаған кезде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс пайдаланылмайды.
      2. Қажет болған кезде осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көзделген шығыстарда есептелген айырмашылықтардың есебін жүргізу үшін бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты оларды тасымалдау қашықтығына және көлік түрінің айырмашылықтарымен белгіленген бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнына түзетулер жүргізіледі.
      3. Егер бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнының бірден көбі анықталса (осы баптың 1 -2-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулерді ескере отырып), онда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төменгісі қолданылады.

      104-бап. Біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны
                бойынша әдіс

      1. Егер кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 101 және 103-баптарына сәйкес айқындалуы мүмкін емес болса, мұндай тауарлардың кедендік құны кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылған және кеден одағының кедендік аумағына әкелінген сол немесе ол бағаланатын (әкелінетін) тауарлар немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес кезең уақытына сәйкес біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны болып табылады.
      Осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сол коммерциялық деңгейде және мәні бойынша сол мөлшердегі сатылған біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде бірақ өзге мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде бірақ сол мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге. коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Осы абзацта көрсетілген ақпарат сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлардың мөлшеріндегі айырмашылықтарды ескеретін құнның тиісті түзетуін жүргізе отырып қолданылады.
      Мұндай түзету ол біртектес тауарлармен жасалған мәміле құнын көбейтуге немесе азайтуға әкелуіне қарамастан құжатпен расталатын негізде және түзетудің нақтық мәліметтері негізде жүргізіледі. Мұндай мәліметтер болмаған кезде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс пайдаланылмайды.
      2. Қажет болған кезде осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көзделген шығыстарда есептелген айырмашылықтардың есебін жүргізу үшін бағаланатын және біртектес тауарларға қатысты оларды тасымалдау қашықтығына және көлік түрінің айырмашылықтарымен белгіленген біртектес тауарлармен жасалған мәміле құнына түзетулер жүргізіледі.
      3. Егер біртектес тауарлармен жасалған мәміле құнының бірден көбі анықталса (осы баптың 2-3-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулерді ескере отырып), онда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төменгісі қолданылады.

      105-бап. Құнды шегеру әдісі

      1. Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 101, 103 және 104-баптарына сәйкес айқындалуы мүмкін емес болса, олардың кедендік құны тауарды декларациялаушы тұлғаның өтініші бойынша 105 және 106-баптары тәртібінің қолданылуы кері болуы мүмкін жағдайларды қоспағанда осы бапқа сәйкес айқындалады.
      Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлар немесе бірдей немесе оларға біртектес тауарлар олар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінген қалпында кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде сатылатын болса, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында сол немесе оған сәйкес кеден одағының кедендік шекарасын бағаланатын (әкелінетін) тауарлар кесіп өткен уақыт кезеңінде мұндай сатуларды жүзеге асыратын тұлғалармен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғалар сататын бағаланатын, бірдей немесе біртектес тауарлардың ең көп жиынтық мөлшері бойынша тауар бірлігінің бағасы мынадай сомаларды шегеру шартымен қолданылады:
      1) әдетте төленетін немесе төлеуге жататын, не бағаға үстемеақы, әдетте табыс табу және кеден одағының кедендік аумағында сол класпен немесе түрде сатумен байланысты орын алған әдеттегі мөлшерде коммерциялық және басқару шығыстарын жабу үшін өндіретін делдалдың (агенттің) сыйақысы;
      2) кеден одағының кедендік аумағында жүзеге асырылған тасымалдаудың және сақтандырудың әдеттегі шығыстар және осындай операциялармен байланысты шығыстар;
      3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелумен және (немесе) сатумен байланысты төлеуге жататын кедендік баждар, салықтар, алымдар мен өзге салықтар сомасы.
      3. Егер кеден одағының кедендік аумағында бағаланатын да (әкелінетін де), бірдей де, біртектес те тауарлар кеден одағының кедендік шекарасынан әкелінетін тауарлар кесіп өткен сол немесе оған сәйкес уақыт кезеңінде сатылмаса мұндай тауарлардың кедендік құны тиісінше бағаланатын (әкелінетін), немесе бағаланатын (әкелінетін) бірдей, немесе бағаланатын (әкелінетін) біртектес тауарлар кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келген күніне қатысты күннен ерте, бірақ осы күннен кейін 90 күннің өтуі бойынша кешікпей олар әкелінген қалпындағы осындай тауарлардың бірлігінің бағасын белгілеу үшін жеткілікті мөлшерде кеден одағының кедендік аумағында сатылатын тауарлар бірлігі бағасының негізінде айқындалады.
      4. Егер кеден одағының кедендік аумағында бағаланатын да (әкелінетін де), бірдей де, біртектес те тауарлар тауарларды декларациялаушы тұлғаның мәлімдеуі бойынша кеден одағының кедендік аумағына олар әкелінген сол қалпында кеден одағының кедендік аумағында сатылмаса, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы баптың 2-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған соманы құнынан шегеру шарты кезінде олар осы тауарларды кеден одағының кедендік аумағында сатып алған тұлғамен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғалар қайта өңдегеннен (өңдегеннен) кейін сатылатын олардың ең көп жиынтық мөлшері бойынша мұндай тауарлардың бірлігі бағасының негізінде айқындалады.
      Қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құнды шегеру қайта өңдеу (өңдеу) құнына қатысты дұрыс, мөлшері айқындалған және құжатпен расталған ақпараттар негізінде жүргізіледі.
      5. Егер:
      кейіннен қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлар қайта өңдеу (өңдеу) нәтижесінде қосылған құн мөлшерінің жеке белгілерін жоғалтуға қарамастан нақты айқындалуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, өзінің жеке белгілерін жоғалтатын болса;
      бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өзінің жеке белгілерін жоғалтпайды, бірақ кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында сатылатын тауарлардың маңызды емес бөлігін құрайды, бұл бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың құны сатылатын тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін болса осы баптың 4-тармағының ережесі кедендік құнды айқындау үшін қолданылмайды.
      Осы баптың 4-тармағын қолдану мүмкіндігі нақты жағдайға байланысты әрбір жеке жағдайда айқындалады.
      6. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бағаланатын (әкелінетін) немесе бірдей немесе біртектес тауарларды сату көзделген кезде кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарларды тікелей немесе жанама, тегін немесе төмен баға бойынша осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдалану үшін тұлға ұсынатын өндіріспен және жеткізумен байланысты сату есебіне қолданылуға тиіс емес.
      7. Осы баптың мақсаты үшін пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының (тауарларды сату бойынша тікелей және жанама) сомасы осы шығыстарды жабатын, сондай-ақ бағаланатын (әкелінетін) тауарларды сол класпен немесе түрде сатумен байланысты пайда табуды қамтамасыз ететін тауарлар бағасына үстемеақы ретінде қаралады.
      Пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасы тұтастай есептеледі және өндіруші немесе оның атынан ұсынылған мәліметтердің негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер кеден органдарының қарауында бар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін тауарларды сол класпен немесе түрде сату кезінде әдеттегі пайда мен коммерциялық және басқару шығыстары туралы мәліметтермен сәйкес келмесе, кеден органы өзінде бар мәліметтер негізінде әдеттегі пайда мен жалпы шығыстар сомасын анықтауы мүмкін.
      Егер кеден органы өзінде бар мәліметтер негізінде пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасын анықтаса, онда кеден органы мұндай деректер көзін, сонда-ақ олардың негізінде жүргізілген есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті.
      8. Осы баптың мақсаты үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлар шығарылған елде шығарылған тауарларды сол класта немесе сондай түрде сату туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олар салыстырылатын тауарлар сол класта немесе сондай түрдегі тауарлар болып табылады ма, осы мәселелер тиісті жағдайларды ескере отырып әрбір нақты жағдайда жеке шешілуі тиіс. Бұл ретте, оларға қатысты ақпарат берілуі мүмкін санаулы топтар немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарларды қоса, сол класта немесе сондай түрдегі бірқатар тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу үшін сату көзделеді. При этом рассматриваются продажи для ввоза на единую таможенную территорию таможенного союза возможно более узкой группы или ряда товаров того же класса или вида, включая оцениваемые (ввозимые), в отношении которых может быть представлена информация.

      106-бап. Құнды қосу әдісі

      1. Осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде қосу жолымен айқындалатын тауарлардың есептеу құны қолданылады:
      1) дайындау немесе материалдарды сатып алу бойынша шығыстар және өндірістегі, сондай-ақ әкелінетін тауарлар өндірісімен байланысты өзге операцияларға арналған шығыстар;
      2) пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін экспорт елінде өндірілетін
бағаланатын тауарлар сияқты сол класта немесе сондай түрдегі тауарларды сату кезінде әдетте ескерілетін сол мөлшердегі балама сомасы; суммы прибыли и коммерческих и управленческих расходов, эквивалентной той величине, которая обычно учитывается при продаже товаров того же класса или вида, что и оцениваемые товары, которые производятся в стране экспорта для вывоза на таможенную территорию таможенного союза;
      3) осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген құнның элементтері.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар оларды өндіруші немесе оның атынан ұсынылған және өндірушінің коммерциялық құжатымен расталған, мұндай құжаттар тауарлар өндірілген елде қабылданатын бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған принципіне сәйкес болған кезде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың өндірісі туралы мәліметтердің негізінде айқындалады. Расходы, указанные в подпункте 1) пункта 1 настоящей статьи, определяются на основе сведений о производстве оцениваемых (ввозимых) товаров, представленных их производителем или от его имени, и подтвержденных коммерческими документами производителя, при условии, что такие документы соответствуют общепринятым принципам бухгалтерского учета, применяемым в стране, где произведены товары.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар егер кедендік мақсат үшін ол әкелінетін тауарлармен біртұтас зат ретінде қаралса, ыдысқа арналған шығыстар; орам материалдары мен орам жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, орам құны; және тиісті түрде бөлінген (осы Кодекстің 102-бабының 5-тармағының ережесіне сәйкес - тиісті құрауыштар бойынша) әкелінетін тауарлар өндірісіне байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей және жанама ұсынған осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әрбір заттың құны қосылуы тиіс. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан тыс жерлерде орындалған және кеден одағының кедендік аумағында шығарылған әкелінетін тауарлардың өндірісі үшін қажетті жобалаулар, әзірлеулер, инженерлік, құрастыру жұмыстары, көркемдік безендіру, дизайндер, эскиздер мен сызбалар құны осы заттарды өндірушінің төлеуіне қарай тек сол дәрежеде ғана енгізілуі тиіс. Бұл ретте шығыстар есептеу құнын айқындау кезінде қайталап есептелуге тиіс емес.
      Коммерциялық және басқару шығыстары ретінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмейтін кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін тауарлардың өндірісі мен сатуда тікелей және жанама шығындар ескерілуі тиіс.
      4. Пайда мен коммерциялық және басқару шығыстар сомасы тұтастай ескеріледі және өндіруші немесе оның атынан ұсынылған мәліметтер негізінде айқындалады. Егер осы мәліметтер кеден органдарының қарауында бар кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін тауарларды сол класпен немесе түрде сату кезінде әдеттегі пайда мен коммерциялық және басқару шығыстары туралы мәліметтермен сәйкес келмесе, кеден органы өзінде бар мәліметтер негізінде әдеттегі пайда мен жалпы шығыстар сомасын анықтауы мүмкін.
      Егер кеден органы өзінде бар мәліметтер негізінде пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасын анықтаса, онда кеден органы мұндай деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті.
      5. Осы баптың мақсаты үшін әкелінетін тауарлар шығарылған елде шығарылған тауарларды сол класта немесе сондай түрде сату туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олар салыстырылатын тауарлар сол класта немесе сондай түрдегі тауарлар болып табылады ма, осы мәселелер тиісті жағдайларды ескере отырып әрбір нақты жағдайда жеке шешілуі тиіс. Бұл ретте, оларға қатысты ақпарат берілуі мүмкін санаулы топтар немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарларды қоса, сол класта немесе сондай түрдегі бірқатар тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сату көзделеді. При этом рассматриваются продажи для вывоза на таможенную территорию таможенного союза возможно более узкой группы или ряда товаров того же класса или вида, включая оцениваемые (ввозимые), в отношении которых может быть представлена информация.
      6. Кеден органы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын қандай да бір тұлғадан құжаттарды және оның коммерциялық құжаттарында бар өндірісі және бағаланатын (әкелінетін) тауарларды сатуы туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқығы жоқ./ не вправе. Алайда, осы баптың ережелеріне сәйкес олардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін тауарларды өндіруші ұсынған ақпарат өндірушінің келісімімен басқа елдегі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары тексерген болуы мүмкін. Шетелдік өндірушілер немесе олардың атынан ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексеруді кеден органдары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға және жалпыға бірдей қабылданған халықаралық принциптер мен нормаларға сәйкес жүргізеді.

      107-бап. Резервтік әдіс

      1. Егер тауардың кедендік құны осы Кодекстің 101, 103 - 106-баптарына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің принциптерімен және ережелерімен сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану жолымен кеден одағының кедендік аумағында бар деректер негізінде айқындалады.
      2. Осы бапқа сәйкес пайдаланылатын тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістері осы Кодекстің 101, 103 - 106-баптарында көзделген сол баптар болып табылады, алайда, осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде оларды қолданудың икемділігіне жол беріледі./ допускается гибкость при их применении. Атап айтқанда мыналарға жол беріледі:
      бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз болып бағаланатын (әкелінетін) тауарлар шығарылған елге қарағанда өзге елде шығарылған бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалған мәміле құны қабылдануы мүмкін;
      бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалған мәміле құнының негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылған және кеден одағының кедендік аумағына әкелінген сол немесе ол бағаланатын (әкелінетін) тауарлар немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес уақыт кезеңіне сәйкес бірдей немесе біртектес тауарлар туралы талаптар осы Кодекстің 103 немесе 104-баптарында белгіленгендерден ақылға қонымды ауытқушылықтарына жол беріледі; мен жасалған мәміле құны болып табылады.
      при определении таможенной стоимости оцениваемых (ввозимых) товаров на основе стоимости сделки с идентичными или однородными товарами допускается разумное отклонение от установленных статьей 103 или 104 настоящего Кодекса, требований о том, что идентичные или однородные товары должны быть проданы для вывоза на таможенную территорию таможенного союза и ввезены на таможенную территорию таможенного союза в тот же или соответствующий ему период времени, что и оцениваемые (ввозимые) товары или не ранее чем за 90 календарных дней до ввоза оцениваемых (ввозимых) товаров;
      бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз болып оларға осы Кодекстің 105 және 106-баптарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны қабылдануы мүмкін;
      осы Кодекстің 105-бабында мазмұндалған/ изложенного әдіс негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы Кодекстің 105-бабының 3-тармағында белгіленген 90 күн мерзімді ауытқуға жол беріледі. при определении таможенной стоимости оцениваемых (ввозимых) товаров на основе метода, изложенного в статье 105 настоящего Кодекса, допускается отклонение от установленного пунктом 3 статьи 105 настоящего Кодекса срока в 90 дней.
      3. Осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құны мүмкіндігінше ең жоғары дәрежеде бұрын айқындалған кедендік құнға негізделуі тиіс.
      4. Осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құны мыналардың негізінде айқындалуға тиіс емес:
      1) кеден одағының ішкі нарығындағы, кеден одағының кедендік аумағында шығарылған тауарлардың бағасы;
      2) кедендік мақсаттар үшін қабылдау көзделген екі ұқсас құнның ең жоғарғы жүйесі;
      3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлардың бағасы;
      4) ос Кодекстің 106-бабына сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде тауарлардың есептелген құнына енгізуге жататынға қарағанда өзге шығыстар;
      5) оларды үшінші елдерге әкетуші елдерден жеткізілетін тауарлардың бағасы;
      6) ең аз кедендік құн;
      7) бос немесе жалған құн.
      Егер осы бапты кеден органы қолданатын болса, онда кеден органы пайдаланылған деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген егжей-тегжейлі есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті.

      108-бап. Тауарлардың кедендік құнын декларациялау

      1. Тауарлардың кедендік құнын декларациялау осы Кодекстің 32-тарауына және осы тарауға. сәйкес тауарларды кедендік декларациялау шеңберінде декларант жүзеге асырады.
      2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнын айқындау мәдісі, тауарлардың кедендік құнының мөлшері туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жағдайы және шарттары, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды ұсыну туралы мәліметтерді мәлімдеу жолымен жүзеге асырылады.
      Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнын айқындау мәдісі, тауарлардың кедендік құнының мөлшері туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жағдайы және шарттары, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды ұсыну туралы мәліметтерді мәлімдеу жолымен жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер кедендік құн декларациясында мәлімделеді және кедендік мақсаттар үшін қажетті мәлімет болып табылады.
      Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау нысаны және оларды толтыру ережесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      Кедендік құнды декларациялау тауар декларациясының ажырамас бөлігі болып табылады.
      Егер кедендік құн декларациясы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет тауарлар декларациясында мәлімделеді. Тауарлар декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет дұрыс емес не тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін белгілер анықталған кезде кеден органы себебін көрсете отырып кедендік құн декларациясын ұсынуды талап етуге құқылы.
      4. Тауарлардың мәлімделген кедендік құны және оны айқындауға қатысты ұсынылған мәліметтер дұрыс, мөлшері айқындалған және құжатпен расталған ақпараттарға негізделуі тиіс.
      5. Декларант не декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етуші кеден өкілі кедендік құн декларациясында көрсетілген дұрыс емес мәліметтер және осы Кодекстің 286-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      109-бап. Тауарлардың кедендік құнын бақылау

      Тауарлардың кедендік құнын бақылауды кедендік бақылауды жүргізу шеңберінде тауарларды шығарғанға дейін де кейін де, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып кеден органы жүзеге асырады.
      Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

      110-бап. Тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім

      Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын қабылдау туралы не Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіпте және нысанда декларанттың назарына жеткізілетін, осы Кодекстің 111-бабының ережелеріне сәйкес тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.

      111-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету

      1. Тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешімді егер кеден органы немесе декларант тауарлардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтер дұрыс еместігін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі дұрыс емес таңдалған және (немесе) тауарлардың кедендік құны дұрыс емес айқындалғанын анықтаса, тауарларды шығарғанға дейін де кейін де кедендік құнды бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы қабылдайды. Кеден органы қабылдаған тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешімде негіздеме және оны орындау мерзімі болуы тиіс.
      2. Кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешімді қабылдаған кезде оларды шығарғанға дейін декларант дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асыруға және осы Кодекстің 297-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімдерінен аспайтын мерзімде түзетілген мәліметтерді ескере отырып есептелген көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлеуге міндетті.
      Егер декларант тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асырмаса және қоса есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлемесе кеден органы тауарларды шығарудан бас тартады.
      3. Кеден органы тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік құнын түзету туралы шешімді қабылдаған кезде декларант дұрыс емес мәліметтерді түзетуді жүзеге асырады және түзетілген мәліметтерді ескере отырып есептелген көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлейді.
      Тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету шешімімен декларант келіспеген жағдайда төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеуді кеден органы жүзеге асырады.
      4. Тауарлар шығарылғанға дейін және кейін тауарлардың кедендік құнын түзету және төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеу, сондай-ақ оларды төлеу мерзімі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіпте және нысан бойынша жүзеге асырылады.

      112-бап. Қосымша тексеруді жүргізу

      1. Тауарлардың кедендік құнына оларды шығарғанға дейін бақылау жүргізген кезде кеден органы тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет дұрыс емес болып табылатынын не мәлімделген мәлімет тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, кеден органы осы Кодекске сәйкес, оны жүргізу Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленетін мерзімде және тәртіппен қосымша тексеру жүргізеді.
      Осы Кодекстің 151-бабына сәйкес кеден органы айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді декларант ұсынған жағдайда тауарларды шығару жүзеге асырылады.
      Кеден органының шешімінде тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет дұрыс емес болып табылуы мүмкін екендігін не мәлімделген мәлімет тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін нақты белгілерге негізделген және тізбелерінің/ перечень болуы тиіс. Қосымша тексеруді жүргізу туралы шешімді енгізу тәртібі, мерзімі мен нысаны Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      Тауарлардың кедендік құнына қатысты қосымша тексеру нәтижесі бойынша кеден органы шешім қабылдағанға дейін тауарлардың кедендік құнын бақылау аяқталмаған деп саналады.
      2. Егер қосымша тексеру тауарларды шығару үшін осы Кодекстің 297-бабында белгіленген мерзімде жүргізу мүмкін болмаса, онда қосымша тексеру жүргізу туралы шешім тауарларды шығаруда бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Осы Кодекстің 151-бабының 5-тармағына сәйкес кеден органдары есептеген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді декларант ұсынған жағдайда шығару жүзеге асырылады.
      3. Қосымша тексеру жүргізу үшін кеден органы мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің қосымша құжаттар мен мәліметтерін декларанттан сұратып алуға және ол үшін жеткілікті болуы тиіс, бірақ осы Кодекстің 268-бабында белгіленген мерзімнен аспайтын оларды ұсыну үшін мерзім белгілеуге құқылы.
      Декларант кеден органы сұрау салған қосымша құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға не оларды ұсынудың мүмкін болмау себептерін көрсете отырып жазбаша нысанда түсініктеме беруге міндетті.
      Декларант олар таңдаған тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісінің дұрыстығын/ правомерность және олар ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеуге құқылы.
      4. Егер декларант кеден органы сұрау салған құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) оларды ұсынудың мүмкін болмау себептері туралы түсіндірулерді ұсынбаса, не мұндай құжаттар мен мәліметтер осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосымша тексеру жүргізу үшін негіздерді жоймайтын болса, кеден органы қосымша тексеру нәтижесі бойынша оның қарауында бар ақпараттар негізінде және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешімді қабылдайды.
      5. Егер қосымша тексеру нәтижесі бойынша кеден органы декларант мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын қабылдау туралы шешім қабылдаса, онда қамтамасыз ету сомасын қайтару (есепке жатқызы) осы Кодекстің 154-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

2-бөлім. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР 12-тарау КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

      113-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар

      1. Кедендік төлемдер мен салықтарға:
      1) кедендік әкелу бажы;
      2) кедендік әкету бажы;
      3) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;
      4) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын (өндіріп алатын)/ взимаемый (взимаемые) акциз (акциздер);
      5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін, алдын ала шешім үшін кедендік) жатады.
      3. Төлеушілер, кедендік бажды есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
      4. Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акзиздерді есептеу және төлеу, қайтару (есепке жатқызы) және өндіріп алу тәртібі, оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық және кедендік заңнамаларымен айқындалады.
      5. Кеден органдары өндіріп алатын арнайы демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленеді және егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын өндіріп алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіпте өндіріп алынады.
      6. Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшін өткізетін тауарларға қатысты осы бөлім Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.

      114-бап. Кедендік баж ставкаларының түрлері

      Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге:
      1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен белгіленетін - адвалорлық;
      2) нақты білдірудегі (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге сипататтары) физикалық сипатына қарай белгіленген ерекшелікті;
      3) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген түрлерді ұштастыратын - құрамдас болып бөлінеді.

      115-бап. Кедендік алымдар

      1. Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге әрекеттерді жасаумен байланысты, олардың жасаған іс-әрекеттері үшін кеден органы өндіріп алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады.
      2. Кедендік алымдардың түрлері мен ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      3. Кедендік алымдардың мөлшері оған байланысты кедендік адамдар белгіленген әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдары шығындарының шамалық құнынан асуы мүмкін емес.
      4. Кедендік алымдарды төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімі, қайтару (есепке жатқызы) және өндіріп алу, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодекспен айқындалады.

      116-бап. Кедендік алымдардың түрлері

      Кедендік алымдарға:
      1) тауарларды кедендік декларациялағаны үшін кедендік алымдар;
      2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар жатады.

      117-бап. Тауарларды кедендік декларациялағаны үшін
                кедендік алым

      1. Тауарларды кедендік декларациялағаны үшін кедендік алымды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде төлеуші бюджетке төлейді.
      2. Тауарларды кедендік декларациялағаны үшін бюджетке төленген кедендік алым төлеушіге қайтаруға жатпайды.

      118-бап. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым

      1. Кедендік алып жүру үшін кеден органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алымдарды өндіріп алады.
      2. Бірнеше автомобиль көлік құралымен өткізілетін тауарларды алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралының санына барабар бөлінеді.

      119-бап. Алдын ала шешім үшін төлем

      Осы Кодекстің 79 және 91-баптарына сәйкес тауарлардың жіктеуге, тауарлардың шығарылған елін растауға қатысты кеден органы алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде төлем өндіріп алады.

      120-бап. Төлеушілер, кедендік алымды төлеу мерзімі мен
                тәртібі

      1. Декларант немесе осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік алымдарды төлеу бойынша міндеттер жүктелген өзге тұлғалар кедендік алымдарды төлеушілер болып табылады.
      2. Тауарларды кедендік декларациялағаны үшін кедендік алым тауарлар шығарылғанға дейін төленеді.
      3. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органы кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірмей төленеді.
      4. Кеден органы алдын ала шешімді қабылдағаны үшін төлемді төлеуші оған көрсетілген шешімді бергенге дейін төлейді.
      5. Осы Кодекстің 283-бабына сәйкес белгіленген кедендік декларацияны беру мерзімі бұзылған жағдайда, тауарларды кедендік декларациялағаны үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі кедендік декларацияны беру мерзімі аяқталған күні бітеді/ истекает.
      6. Төлеуші кедендік төлемді кедендік алым бойынша алда болатын міндеттер есебіне аванспен енгізуге құқығы бар.
      7. Кедендік транзит кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды немесе оның аумағында кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталғанды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүргізуші кеден органында кедендік алымдар төленеді (өндіріліп алынады).

13-тарау. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР МЕН САЛЫҚТАР БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР

      121-бап. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша
                жеңілдіктер

      1. Осы Кодексте кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ретінде:
      1) тарифтік преференциялар
      2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер);
      3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер;
      4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер (бұдан әрі тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым) түсініледі.
      2. Тарифтік преференциялар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес ұсынылады.
      Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, тәртібі және оларды ұсыну жағдайлары Кеден одағының Кеден кодексіне және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Кеден одағы комиссиясының шешімдеріне сәйкес анықталады.
      Кедендік алымдар бойынша жеңілдіктер осы Кодекске сәйкес анықталады.
      Салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады.
      3. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер, оларды салудан босату түрінде ұсынылады.
      4. Осы Кодексте, салық заңнамасында, Кеден одағының Кеден кодексінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде көзделмеген тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер жоғарыда көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін ұсынылады және осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда жеке сипатта болмау қажет.
      5. Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерді ұсынуға тыйым салынады.

      122-бап. Кедендік алымдарды салудан босату

      1. Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды салудан мыналар босатылады:
      1) жүктерді, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті немесе осы көлік құралдары апаттарының зардаптарын жоюға (ақауларын түзеу) байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлік және басқа мүлік;
      2) теңіз кәсіпшілігін жүргізетін қазақстандық немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерге әкетілетін материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлік және басқа мүлік, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін кәсіпшілік өнімдері;
      3) ұлттық және шетел валютасы (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар;
      4) ізгілік көмек ретінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар;
      5) техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша өтеусіз көмек ретінде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа (арнайы медициналық мақсатқа арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда), тауарлар;
      6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес тауарлар;
      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерінің өндірісі үшін әкелетін шикізат;
      8) кеден баждарын салудан босатуды көздейтін кедендік режимдер шеңберінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар;
      10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық жеке құрамының жеке пайдалануы үшін әкелінетін және әкетілетін тауарлар;
      11) Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамасына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар;
      12) мемлекет пайдасына тауарлардан бас тартудың кедендік режиміне мәлімделген тауарлар босатылады.

      123-бап. Тарифтік преференциялар

      1. Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында ұсынылатын сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.
      2. Қазақстан. Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе бос сауда аймағын құрайтын мемлекеттерде шығарылатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан Республикасында шығарылатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.
      3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарларға төмендетілген ставкалар бойынша кедендік баждар салынады. мұндай мемлекеттердің және тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейі Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен бекітіледі.
      Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және преференциялар жүйесін пайдаланатын ең төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен бекітіледі.

14-тарау. КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫ, САЛЫҚТАРДЫ ЕСЕПТЕУ

      124-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі
                және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге
                арналған база (салық базасы)

      1. Кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі, кедендік шекара арқылы тасымалданатын тауарлар болып табылады.
      2. Тауарлардың түрлеріне және қолданылатын мөлшерлемелерге қарамастан, кедендік баждарды есептеуге арналған база, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, оны пайдалануға дейінгі тауардан ажырамайтын оның алғашқы орамасын есепке алғандағы және тауардың бөлшектік сауда үшін ұсынылатын салмағы, көлемі немесе басқа да сипаты) жеке сипаты болып табылады.
      3. Салықтарды есептеуге арналған салық базасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады.

      125-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

      1. Кедендік баждар, салықтар осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісім-шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер дербес есептейді.
      2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеуді, онда кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын кеден органы жүзеге асырады.
      3. Төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларын есептеу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен ратификацияланған жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютада жүзеге асырылады.
      4. Төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың сомасы, егер осы Кодекспен өзге де белгіленбесе, кедендік баждарды және кедендік баж ставкілерінің тиісті түрін есептеу үшін базаны қолдану жолымен анықталады.
      5. Төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын салықтардың сомасы, егер осы Кодекспен өзге де белгіленбесе кедендік баждарды және кедендік баж ставкісінің тиісті түрін есептеу үшін базаны қолдану жолымен анықталады.
      6. Осы Кодекстің 138-бабының 2-тармағының екінші бөлігімен белгіленген жағдайда, кедендік баждардың, салықтардың сомалары, олар төлеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептеуге жатады.
      7. Шетеледік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждардың жалпы сомасы осы шетелдік тауарларға қатысты өзге кедендік рәсімді мәлімдеген кезде кеден органы кедендік декларацияны қабылдау күніне әрекет ететін кедендік баждардың салықтардың ставкілері шетелдік тауарларға қолданған кезде кедендік баждар, салықтар ставкілерінің өзгеруі салдарынан кедендік баждардың, салықтардың сомасы көбейген кездегі жағдайларды қоспағанда осы Кодекстің 121-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктерді (бұдан әрі - кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер) және өсімпұлдарды есептемей шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарылған жағдайда төлеуге жататын кедендік баждардың салықтардың сомасынан аспауы тиіс.
      8. Шартты шығарылған тауарларға кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылғандарға қарағанда өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын кедендік төлемдердің және салықтардың ставкаларын пайдаланады.
      9. Кеден органы кедендік реттеу саласында құқық бұзушылықты анықтаған кезде, кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуді осы Кодекстің 158-бабына сәйкес өсімпұлды есептей отырып жүргізеді.

      126-бап. Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын
                қолдану

      1. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге де көзделмесе, кеден органы кедендік декларацияны тіркеу күнінен әрекет ететін ставкаларды қолданылады.
      2. Кедендік әкелу баждарды есептеу мақсаттары үшін, егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге де көзделмесе Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалар қолданылады.
      3. Кедендік әкету баждарды есептеу мақсаттары үшін, үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждарды қолдану мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының комиссиясы қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар қолданылады.
      4. Тауарларды кедендік рәсімге орналастырған кезде салықтарды есептеу, не кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактілерін анықтау мақсаттары үшін, егер осы баптың 5-тармағында өзге де белгіленбесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.
      5. Салықтарды есептеу мақсаттары үшін, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында анықталған тәртіппен кедендік транзит рәсімі бойынша орналастырылған тауарлар кеден одағына басқа мүше мемлекеттің аумағында орналастырылғаны белгіленсе (расталса), кеден одағына қатысушы осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ставкаларды қолданылады.

      127-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты
                үшін шетел валютасын қайта есептеу

      Кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін, оның ішінде кедендік реттеу саласында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған кезде төлеуге жататын тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін, төлеуші, егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделмесе, кеден органының кедендік дакларацияны тіркеу күніне, не төлеуші оның төленуі тауарларды негізгі кедендік ресімдеуге байланысты емес кедендік төлемді жүзеге асыру күніне анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес валютаны ауыстырудың нарықтық бағамын қолданумен шетел валютасын ұлттық валютаға және (немесе) ұлттық валютаны шетел валютасына қайта есептеуді жүргізеді.

15-тарау КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫ, САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН
ТӘРТІБІ

      128-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер

      Оларға осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет жүктелген декларант немесе өзге тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеуші болып табылады.

      129-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі
                міндеттің туындауы және тоқтатылуы. Кедендік
                баждарды, салықтарды төлемеу жағдайлары

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер осы Кодекстің 130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378, 387, 394, 404, 411 және 472-баптарына сәйкес туындайды.
      2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер мына жағдайларда тоқтатылады:
      1) осы Кодексте белгіленген мөлшерлерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу немесе өндіріп алу;
      2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулермен ұштаспаған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ұсына отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру;
      3) авария салдарынан немесе ырық бермес күштің әрекеті салдарынан, не тасымалдаудың және (немесе) сақтаудың бірқалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығын нәтижесінде шетел тауарларын жою (қайтарымсыз шығын);
      4) егер кедендік баждардың, салықтардың төленбеген сомасының мөлшері, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындау сәтіне қолданылатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындаған аумақта, ұлттық заңнамаға сәйкес белгіленетін валюта бағамы бойынша 5 (бес) евроға балама сомасынан аспайды;
      5) егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыруға кедендік декларацияны тіркегенге дейін туындаса, тауарлардан мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсіміне орналастыру;
      6) тауарларды мемлекеттің меншігіне айналдыру;
      7) ұлттық заңнамаға сәйкес тауарларға, оның ішінде тауарлардың құны есебінен өндіріп алуды айналдыру;
      8) мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес, тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыруға кедендік декларацияны тіркеу кезінде пайда болған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты тауарларды шығарудан бас тарту;
      9) осы Кодексте белгіленген тәртіпте оны өндіріп алуға үмітсіз деп табу және есептен шығару кезінде;
      10) осы Кодекс кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатуды байланыстыратын мекен-жайлардың туындауы.
      3. Кедендік баждар, салықтар:
      1) тауарларды тиісті кедендік рәсім шарты сақталған кезде осындай төлеуді көздемейтін кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде;
      2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындау сәтіне әрекет ететін, оның кеден органы осындай тауарларды шығаруды жүзеге асыратын ұлттық заңнамаға сәйкес белгіленетін валюта бағамы бойынша 200 (екі жүз) евроға баламалы сомасынан аспайтын, жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, бір көліктік (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының мекен жайына тауарларды әкелу кезінде;
      3) халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларда тауарларды жеке пайдалану үшін өткізу кезінде;
      4) егер осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауарлар кедендік баждарды, салықтарды салудан босатылса (кедендік баждар, салықтар салынбаса) және осындай босату ұсынылуына байланысты шарттарды сақтау кезінде төленбейді.
      4. Осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдерді белгілеу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің туындауы мен тоқтатылуы кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында анықталған.

      130-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша
                міндеттердің туындауы және тоқтатылуы және
                тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу
                кезінде оларды төлеу мерзімдері

      1. Тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде туындайды.
      Тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкету баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде туындайды.
      2. Тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет, егер олар осындай өткізудің заңсыздығы туралы білсе немесе білу керек болса тауарларды заңсыз өткізетін тұлғалармен бірге, тауарларды заңсыз өткізуге қатысатын тұлғаларда ортақ туындайды, ал тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде -егер олар сатып алу сәтінде әкелудің заңсыздығы туралы білсе немесе білу керек болса, заңсыз әкелінген тауарларды меншігіне алған немесе иелігіне алған тұлғаларда туындайды.
      3. Тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет, осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларда, осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      4. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін анықтау күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
      Тауарларды кедендік шекара арқылы дұрыс емес декларациялаумен заңсыз өткізу жағдайында, кеден органының кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
      5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар:
      1) оның кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын және тауарлардың кедендік шекара арқылы ету күнінде, ал егер осындай күн анықталмаса, кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталған күнінде әрекет ететін, ұлттық заңнамаға сәйкес белгіленген кедендік баждардың, салықтардың ставкаларына және валюталардың бағамына негізделе отырып есептелген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді есепке алмай, ішкі пайдалану үшін шығару кедендік рәсіміне осындай тауарларды орналастыру кезінде төлеуге жататын кедендік әкелу баждардың, салықтардың тиісті сомаларының мөлшерінде тауарларды кедендік аумаққа әкелу кезінде;
      2) оның кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын және тауарлардың кедендік шекара арқылы ету күнінде, ал егер осындай күн анықталмаса, кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталған күнінде әрекет ететін, ұлттық заңнамаға сәйкес белгіленген кедендік баждардың, салықтардың ставкаларына және валюталардың бағамына негізделе отырып есептелген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді есепке алмай, экспорт кедендік рәсіміне осындай тауарларды орналастыру кезінде төлеуге жататын кедендік әкету баждардың тиісті сомаларының мөлшерінде тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде төлеуге жатады.
      Кедендік баждар, салықтар тауарларды кедендік шекара арқылы дұрыс емес декларациялаумен заңсыз өткізу жағдайында кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органының тіркеу күніне мәлімделген кедендік рәсімге осындай тауарларды орналастыру кезіндегі дұрыс мәліметтердің негізінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомалары мөлшерінде төленуге жатады. Бұл ретте, кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары қайта төленбейді (өндіріп алынбайды), ал кедендік баждардың, салықтардың артық төленген (өндіріп алынған) кедендік баждардың, салықтардың сомалары Кеден одағының кеден кодексіне және осы Кодекске сәйкес қайтаруға жатады.
      6. Тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз тасымалдау кезіндегі кедендік баждар, салықтар осы тарауға сәйкес есептеледі.
      Тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтерді кеден органына ұсынбау салдарынан төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын анықтау мүмкін болмаса, кедендік баждардың, салықтардың сомалары кедендік баждардың, салықтардың ставкаларының ең көп мөлшеріне, сондай-ақ қолда бар мәліметтердің негізінде анықталуы мүмкін тауарлардың санына және (немесе) құнына негізделе отырып анықталады.
      Тауарлар туралы нақты мәліметтерді кейіннен анықтау кезінде кедендік баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару не осы Кодекстің 17 және 18-тарауларына сәйкес төленбеген сомаларын өндіріп алу жүргізіледі.

      131-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері осы Кодекстің 130, 253, 258, 270, 298, 315, 318, 331, 332, 341, 354, 365, 378,387, 394, 404, 456 и 472-баптарында белгіленген.
      2. Осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік рәсімдерді белгілеу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес анықталады.
      3. Кедендік баждар, салықтар тауарларды кедендік декларациялаудың алдын ала және мерзімдік рәсімін қолдану, сондай-ақ кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту жағдайларын қоспағанда кеден органдары тауарларды шығарғанға дейін төленеді.
      4. Осы Кодекстің 283-бабына сәйкес белгіленген кедендік декларацияны беру мерзімі бұзылған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі кедендік декларацияны беру үшін мерзім аяқталған күні аяқталады.
      5. Шартты шығарылған тауарларды, оларға берілген кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босату ұсынылғаннан басқа өзге мақсаттарда пайдалану кезінде тұлғаның тауарларды пайдалану мен иелік ету бойынша шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып табылады. Егер бұзу мерзімін анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияны тіркеу күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
      6. Тұлға шартты шығарылған тауарларды кедендік баждарды, салықтарды салудан босату ұсынылғандарға байланысты, өзге мақсаттарда пайдалану ниеті туралы өтініш берген кезде, аталған өтінішті кеден органында тіркеу күні оларды төлеу мерзімі болып саналады.

      132-бап. Талап қоюдың өткен мерзімі

      1. Кеден органдарының талабы бойынша немесе төлеушінің талабы бойынша талап қоюдың өткен мерзімі - оның ішінде:
      1) кеден органы төлеушіге кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомасын есептеуге немесе төлеуші есептеген соманы қайта қарауға құқылы;
      2) төлеуші кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомасын есептеуді және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
      3) кеден органы кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) қайтаруды талап етуге міндетті;
      4) төлеуші жүк кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы болатын уақыт кезеңі.
      2. Кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың өткен мерзімі бес жылды құрады.
      Талап қоюдың өткен мерзімі:
      1) осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда тауарларды кедендік декларациялау аяқталған күнінен бастап;
      2) аталған кеден органдарының ақшасын уақытша орналастыру есебінен қамтамасыз ету сомасы түрінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ететін орталық кеден органының аумақтық бөлімшесінде немесе кеденінде тіркелген күнінен бастап;
      3) кеден органы тауарлардың шығарылған елін растау туралы тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешімдерді қабылдаған күнінен бастап;
      4) кеден органы кедендік алып жүру туралы шешімді қабылдаған күнінен бастап есептеледі.
      3. Таңдалған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылауда тұрған тауарлар бойынша кеден органы тауарлардың кедендік бақылауда тұру кезеңі ішінде және тауарлардың кедендік бақылауда тұру кезеңі аяқталғаннан кейінгі бес жыл ішінде төленуге тиіс кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге немесе қайта қарауға құқылы.
      4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың өткен мерзімі өтіп кеткен жағдайда, төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарландыруға арналған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған посткедендік бақылау нәтижелері және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шешімі туралы хабарландыруға, сондай-ақ кеден органының және (немесе) лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңіндегі талап қоюдың өткен мерзімі, шағымды, талап қоюды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағымданған бөлігінде ұзартылады.

      133-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төлеу мерзімдерін
                өзгерту

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу нысанында жүргізіледі.
      2. Кедендік баждарды төлеу негіздемесі, мерзімін өзгерту шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
      3. Салықтарды төлеу негіздемесі, мерзімдерін өзгерту шарттары мен тәртібі, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталады.

      134-бап. Кедендік әкелу баждардың мерзімдерін өзгерту
                ұғымы мен шарттары, сондай-ақ кедендік әкелу
                бажын төлеу бойынша мерзімді кейінге қалдыруды
                немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздер

      1. Кедендік әкелу баждардың мерзімдерін өзгерту, осы Кодексте белгіленген кедендік әкелу баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кешірек мерзімге, бірақ кеден органы жүк кедендік декларацияны тіркеген күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімге ауыстыру деп танылады. Кедендік әкелу баждарының мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу нысанында жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, кедендік әкелу бажды төлеуді кейінге қалдыру - төлеушіге кедендік әкелу бажын төлеу мерзімін ұзартуға арналған құқықты ұсыну, ал бөліп-бөліп төлеу - төлеушіге кедендік әкелу бажын кедендік реттеу саласында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетілген бөліп-бөліп төлеу кестесіне сәйкес тең бөліктермен төлеу құқығын ұсыну.
      Төлеушіге кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу мерзімін беру мынадай негіздердің кем дегенде біреуі болған кезде ұсынылады:

      1) осы тұлғаға дүлей апат, технологиялық зілзала немесе ырық бермес күштің өзге мән-жайлары нәтижесінде зиян келтіру кезінде;
      2) төлеушіге федералды (республикалық) бюджеттен қаржыландырудың кедендік баждарын немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа төлем кешіктірілген кезде.
      3) егер кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар тез бүлінуге ұшырайтын тауарлар болып табылса;
      4) кедендік баждарды төлеуші кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары бойынша жеткізулерді жүзеге асырған кезде;
      5) егер кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар Кеден одағының комиссиясы бекіткен оларға қатысты төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу ұсынылуы мүмкін, әкелінетін шетелдік әуе кемелерінің және оларға жиынтықтауыштарының жеке түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар болып табылса;
      6) егер акцизделетіндерді қоспағанда, тауарлар ауыл шаруашылық қажеттіліктері үшін бағытталған болса және ауыл шаруашылық қызметті не осындай тауарлардың орталықтандырылған жеткізілуін жүзеге асыратын ұйымдар әкелетін болса;
      7) егер тауарлар оларды өнеркәсіптік өңдеу үшін әкелінетін болса. Кедендік әкелу бажын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған құжаттары негізінде орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі не кедені ұсынады.

      135-бап. Кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді
                ұсыну туралы шешім және оны қолдану мерзімі

      1. Орталық кеден органы аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы кедендік әкелу бажын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну, не оны ұсынудан бас тарту туралы шешімді төлеуші өтінішті және Қазақстан Республикасының қаулысында көзделген құжаттарды алған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.
      Кедендік әкелу бажын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің тізбесін және шешу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      2. Шешім жазбаша нысанда жасалады, екі данада ресімделеді және оған орталық кеден органы аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды. Шешімнің бірінші данасы кеден органында қалады. Шешімнің екінші данасы аталған кеден органы шешімді қабылдаған күнінен кейінгі күн аяқталғаннан кешіктірмей төлеушіге жіберіледі.
      Бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімге бөліп-бөліп төлеуді ұсынған кеден органымен келісу бойынша төлеуші құрастырған кедендік әкелу бажын төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеуді өтеу кестесі қоса беріледі. Көрсетілген кесте кедендік әкету бажын төлеу мерзімдерін белгілейді және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Кейінге қалдыруға немесе бөліп-бөліп төлеуге мәлімделген кедендік әкелу баждың сомасын есептеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған және кедендік әкелу бажын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтінішті кеден органында тіркеу күніне әрекет ететін шетел валютасының нарықтық бағамы қабылданады.
      Егер жүк кедендік декларацияны тіркеу кезінде кедендік әкелу бажын төлеу бойынша ұсынылған кейінге қалдырудың немесе бөліп-бөліп төлеудің сомасы есептелген кедендік әкелу баж сомасынан төмен болған жағдайда, төлеуші тауарлар шығарылғанға дейін көрсетілген баждың жетіспейтін сомасын төлеуді жүргізуге міндетті.
      4. Кеден органы халықаралық шартта көрсетілген негіздер бойынша кедендік әкелу бажын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсынудан бас тартады.

      136-бап. Кедендік әкелу бажын төлеу бойынша кейінге
                қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу сомаларын өтеу
                мерзімдері

      1. Кедендік бажды төлеу мерзімдері өзгерген кезде төлеуші кедендік әкелу баждың сомасын:
      1) кейінге қалдыру ұсынылған кезде — кейінге қалдыру мерзімі аяқталған күнінен кешіктірмей;
      2) бөліп-бөліп төлеуді ұсынған кезде - кедендік әкелу бажын төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеуді өтеу кестесіне сәйкес кедендік әкелу бажын төлеу мерзімдерінен кешіктірмей өтеуді жүргізеді.
      2. Төлеуші кедендік әкелу баждың сомасын уақытылы өтемеген немесе тауарларды өнеркәсіптік өңдеусіз сатқан жағдайларында орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі не кеден осы Кодекстің 18-тарауында көзделген тәртіппен кедендік-әкелу баждың барлық сомасын өндіріп алу бойынша шараларды қабылдайды.

      137-бап. Кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну
                туралы шешімнің қолданысын тоқтату

      Кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім мынадай мерзімдерде қолданысын тоқтатады:
      1) кеден органы белгілеген кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін;
      2) төлеуші кедендік әкелу баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде;
      3) төлеуші кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу кезеңінде өнеркәсіптік өңдеусіз тауарларды сатқан кезде.

      138-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі

      1. Кедендік баждар, салықтар, кедендік транзит кедендік рәсімінде шығарылған, немесе оның аумағында тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізудің фактісі айқындалған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін кеден органында төленеді (өндіріліп алынады).
      2. Кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындаған жағдайда, кедендік баждар, салықтар тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімге сәйкес шағырған кеден органына төлеуге жатады.
      3. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды бюджетке қолма-қол және қолма-қолсыз тәртіппен, ұлттық валютада, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен есептерді жүргізу жолымен ұлттық валютада төлейді.
      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу кедендік баждардың, салықтардың түріне сәйкес Қазақстан Республикасы Кірістерінің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің (бұдан әрі - бюджеттік жіктеме кодтары) кірістердің тиісті коды бойынша жүргізіледі.
      5. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы төлеуді жүргізеді. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеуші кеден органының тіркелген жері бойынша орналасқан салық органының (бұдан әрі - бенефициар салық органы) деректемелерін көрсетеді.
      6. Үшінші тұлғалар төлеушінің тапсырмасы бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеген кезде төлем құжатының төлем мақсатында оларға кедендік баждарды, салықтарды төлеу жүргізілетін төлеушінің толық атауын, сондай-ақ оның салық төлеушінің тіркеу (бірдейлендіру) нөмірін қосымша көрсетеді.
      7. Төлеушінің кедендік баждар, салықтар бойынша алда болатын міндеттемелердің есебіне кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды енгізуге құқығы бар. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды олардың түрлері бойынша аванспен енгізу Кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кодтары бойынша жүргізіледі.
      8. Кедендік әкелу баждарының төленген (өндіріп алынған) сомалары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттер арасында есептеуге және бөлуге жатады.
      9. Төлеуші кеден органдарының ғимараттарында орнатылған екінші деңгейдегі банктердің электронды терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдаланумен кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды төлеген кезде, аталған электронды терминал беретін чек бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу растамасы болып табылады.
      Төлеуші немесе үшінші тұлға төлеуші есебіне кедендік баждарды, салықтарды кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) тікелей орналасқан, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассалары арқылы төлеген жағдайда, аталған екінші деңгейдегі банктердің түбіртектері бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, және кедендік алымдарды төлеу растамасы болып табылады.
      Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кеден органдарымен жасалған тиісті шарттары болу қажет.
      10. Кедендік әкету баждарды төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленеді.
      11. Төлеушінің шотында ақша қаражаттары (ақшасы) болған кезде банктің кедендік баждарды, салықтардың сомаларын аударуға төлеушінің тапсырмасын кідіртуге құқығы жоқ және оны бір операциялық күн ішінде орындауға міндетті.

      139-бап. Бюджетке кедендік төлемдерді, салықтарды және
                өсімпұлдарды аудару бөлігінде банк
                операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
                асыратын банктер мен ұйымдардың міндеттері

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар:
      1) бюджетке кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды төлеу үшін төлем құжаттарын қабылдаған кезде. салық төлеушінің бірдейлендіру нөмірін қалыптастыру ережесіне және бірдейлендіру нөмірлерін қалыптастыруды және бірдейлендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің бірдейлендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға;
      2) кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды:
      төлеушінің банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асыру күніне;
      төлеуші қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей есептеуге міндетті.

      140-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік
                алымдардың төленуін бақылау

      1. Оларды алу кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы төленуіне бақылауды кеден органдары жүзеге асырады.
      2. Кедендік төлемдердің, салықтардың және кедендік төлемдердің бюджетке түсуін есепке алу және төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      141-бап. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік
                алымдарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалу
                есептілігі

      1. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалу есептілігін кеден органы төлеушінің жеке шотын жүргізу жолымен жүзеге асырады.
      2. төлеушінің жеке шоты - кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған (кемітілген), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;
      3. Кеден органының төлеушінің дербес шотын жүргізуі:
      дербес шотты ашуды;
      кейіннен дербес шотта кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;
      дербес шотты жабуды қамтиды.
      4. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:
      төлеуші жүк кедендік декларацияның түзетуінде;
      кеден органы осы Кодекстің 290, 399 и 405-баптарына сәйкес есептеген сома кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың есептелген, (кемітілген) сомасы болып табылады.
      5. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың:
      кедендік бақылау нәтижелері бойынша;
      жоғары тұрған органының, не соттың төлеушінің посткедендік бақылау нәтижелері туралы хабарламасына, кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне);
      бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша;
      алдына ала шешімді қабылдау кезінде;
      тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған кезде кеден органы есептеген кедендік баждардың, салықтардың, және кедендік алымдардың есептелген сомасы болып табылады.
      6. Төлеушінің жеке шоты кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың түрлері бойынша жүргізіледі.
      7. Төлеушінің жеке шоты Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес белгіленген бірыңғай бюджеттік жіктемесіне сәйкес жүргізіледі.
      8. Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша кеден органымен салыстыру кеден органы аталған өтінішті тіркеген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Салыстыру аяқталғаннан кейін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, екі данада салыстыру актісі жасалады.
      Салыстыру актісінің бір данасы төлеушіге тапсырылады, екінші данасы кеден органында қалады.

      142-бап. Кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар
                бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар
                болуы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі

      1. Заңды тұлға кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар болуы туралы мәліметтерді алу үшін орталық кеден органының аумақтық бөлімшесіне немесе кеденіне өтініш беруге құқылы.
      2. Кеден органы аталған берешектің жоқтығы және (немесе) бар болуы туралы мәліметтерді төлеушіге:
      1) жеке кәсіпкер қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, жою, қайта ұйымдастыру кезінде қажетті кедендік баждар мен салықтар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - берешектің жоқтығы туралы анықтама);
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген өзге жағдайларды қоспағанда кедендік баждар мен салықтар бойынша берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама) жасау және беру жолымен мәліметтерді ұсынады.
      3. Кеден органы кеден органдарында ашылған жеке шоттардың деректерін (олар бар болған кезде) ескере отырып берешектің жоқтығы туралы анықтаманы, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы жасайды.
      4. Берешектің жоқтығы туралы анықтама, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрімен расталады.
      5. Жеке кәсіпкер қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда кеден органы берешектің жоқтығы туралы анықтаманы, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы төлеушінің аталған анықтаманың біреуін алуға арналған өтінішінің және кедендік баждар мен салықтар бойынша салыстыру актісінің негізінде береді.
      6. Кеден органы төлеушінің аталған анықтамалардың біреуін алуға арналған өтініші тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқтығы туралы анықтаманы, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы беруге міндетті.

16-тарау. КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫҢ, САЛЫҚТАРДЫҢ ТӨЛЕНУІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      143-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін
                қамтамасыз етудің жалпы шарттары

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау мынадай:
      1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау;
      2) егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және (немесе) ұлттық заңнамада көзделген болса, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту;
      3) тауарларды кеден аумағынан тыс өңдеу кедендік рәсіміне жатқызу;
      4) осы Кодекстің 299 және 300-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде;
      5) тауарларды кедендік қоймаға іс жүзінде қоймай кедендік қойма кедендік рәсіміне орналастыру;
      6) акцизделетін тауарларды кері экспорт кедендік рәсіміне орналастыру;
      7) осы Кодекстің 301-бабына сәйкес тауарларды шартты шығару жүзеге асырылатын кезде кедендік құнды айқындау;
      8) мерзімдік кедендік декларациялау;
      9) тауарлар мен көлік құралдарды алушының қоймаларына осы Кодекстің 265-бабына сәйкес орналастыру;
      10) қызметті кедендік тасымалдаушы немесе кеден өкілі ретінде жүзеге асыру;
      11) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру үшін және оның уәкілетті экономикалық өкіл ретінде қызметті жүзеге асыру жағдайларында қамтамасыз етіледі.
      2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету:
      1) егер төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және пайыздардың сомалары кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс кедендік декларация тіркелген күні, ал егер кедендік декларация ұсынылмайтын болса қамтамасыз етуді ұсынбау туралы шешімді қабылдау күні қолданыстағы валюталардың бағамы бойынша 500 (бес жүз) евроға баламалы сомадан аспайтын болса;
      2) осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда ұсынылмайды.
      3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді төлеуші және кеден өкілі, ал тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде төлеушінің орнына, егер осы кодекспен өзге белгіленбесе оларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілетін тауарларға билік ету, пайдалану және (немесе) пайдалану құқығы бар тұлға жүргізеді.
      4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органына ұсынылады.
      Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы ұсынатын болса, мұндай қамтамасыз ету әрекет ету аймағында тіркелген кеден органына ұсынылуы тиіс.
      5. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөнелту кеден органына не, егер бас қамтамасыз ету ұсынылуы мүмкін өзге кеден органы, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалмаған болса межелі кеден органына ұсынылуы мүмкін.
      Кеден органдары кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған, осындай қамтамасыз етуді растаған құжатты өзара таниды.
      7. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару (есептеу) егер кеден органы қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалуына көз жеткізген жағдайда, не қамтамасыз етілген міндеттеме пайда болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

      144-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін
                қамтамасыз ету тәсілдері

      1. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
      ақша қаражаттарымен (ақшалар) (бұдан әрі - жеке адамдардың және заңды тұлғалардың ақшалары уақытша орналастырылатын кеден органының қолма-қол ақшасын бақылаудағы шотына қамтамасыз ету сомасын енгізу) (осы Кодексте пайдалану мақсаттары үшін - ақшаларды уақытша орналастыру шоты) банк кепілдігімен;
      кепілге қоюмен;
      мүлік кепілдігімен.
      2. Төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің кез-келгенін таңдауға құқылы.
      3. Төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемесі міндеттеменің қолданыстағы мерзімі ішінде үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс. Ұсынылатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі осы кеден органы алдында қабылданған міндеттемені орындау туралы талапты кеден органының уақытылы жолдауы үшін жеткілікті болу қажет.
      4. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу түрінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету, аталған кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын қабылдаған кеден органының алдында төлеушіде пайда болатын міндеттемелерге ғана таралады.
      Кедендік баждардың, салықтардың төленуін мүлік кепілдігі түрінде қамтамасыз ету осы төлеушімен кепіл шартын жасасқан кеден органының алдында төлеушіде пайда болатын міндеттерге ғана таралады.
      5. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету осы баптың 1-тармағында көзделген екі немесе бірнеше тәсілдерді қиыстыру жолымен жүзеге асырыла алады.

      145-бап. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының
                ақшаларды уақытша орналастыру шотына енгізу

      1. Ақшаларды уақытша орналастыру шотын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық кеден органының аумақтық бөлімшелеріне және кедендеріне ашады.
      Кеден органының ақшаларды уақытша орналастыру шоты төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын енгізу үшін бағытталған. Қамтамасыз ету сомаларын ақшаларды уақытша орналастыру шотына енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
      2. Кеден органдарының кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есептеу тәртібін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      3. Төлеуші ақшалармен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде, кеден органы аталған міндеттемені Орындамау фактісі анықталғаннан кейін он бес күнтізбелік күн өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке кедендік баждар мен салықтардың төленуге жататын сомаларын аударады.

      146-бап. Банк кепілдігі

      1. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банктер тізіліміне енгізілген банктер берген банк кепілдіктерін қабылдайды.
      2. Банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келу қажет.
      3. Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде банк кепілдігін қабылдаудан мынадай келесі бір жағдайда:
      1) банк кепілдігін берген банк осы баптың 1-тармағында көрсетілген банктер тізіліміне енгізілмеген және банк кепілдемесін беру бойынша өкілдіктері жоқ болса;
      2) банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;
      3) олардың төленуі банк кепілдігімен қамтамасыз етілген кедендік баждардың, салықтардың сомасы банк кепілдігімен расталатын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кетсе;
      4) банк кепілдігі қолданысының аяқталу мерзімі кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша төлеуші міндеттемесінің орындалу мерзімінен төмен болса бас тартады.
      Кеден органы банк кепілдігін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартқан кезде кеден органы мұндай бас тартуды негіздей отырып аталған банк кепілдігін ұсынған төлеушіге бұл туралы екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме орындалмаған жағдайда кеден органы банк кепілдігінде көзделген міндеттерді орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты банкке жібереді. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейінгі күнінен бастап өсімпұлдар есептеледі.
      5. Кеден органының кедендік баждарды, салықтардың және өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу бойынша талабы осындай талап алынған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде банктің бұлжытпай және міндетті орындалуына жатады. Банк кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      147-бап. Кепілдік шартын кедендік баждардың, салықтардың
                төленуін қамтамасыз ету ретінде қолдану

      Кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілдік шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
      Кепілдік беруші ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар түсе алады.
      Бұл ретте, кепілдік беруші осы Кодекстің 144-бабында көрсетілген тәсілдердің бір түрімен кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету қажет.
      Кепілдік беруші кеден органының алдында өсімпұлдарды төлеуді қоса алғанда төлеуші сияқты сол көлемде жауапкершілікте болады.
      2. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде кепілдік шартын қабылдаудан мынадай бір:
      1) ұсынылған кепілдік шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмеген;
      2) кепілдік беруші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етпеген;
      3) олардың төленуі кепілдік шартымен қамтамасыз етілген кедендік баждардың, салықтардың сомасы кепілдік шартымен расталатын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кеткен;
      4) кепілдік шарты қолданысының аяқталу мерзімі кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша төлеуші міндеттемесінің орындалу мерзімінен темен болған жағдайда бас тартады.
      3. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда кеден органы кепілдік шартында көзделген міндеттерді орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты кепілдік берушіге жібереді. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейінгі күнінен бастап өсімпұлдар есептеледі.
      5. Кеден органының кедендік баждарды, салықтардың және өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу бойынша талабы осындай талап алынған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде кепілдік берушінің бұлжытпай және міндетті орындалуына жатады.
      Кепілдік беруші кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      148-бап. Мүлік кепілдігі

      1. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілдігінің шарты негізінде мүлік кепілдігін қабылдайды.
      2. Мүлік кепілдігінің шарты төлеуші мен (немесе) үшінші тұлға және төлеушінің оның алдында кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемесі пайда болған кеден органы арасында жасалады.
      Мүлік кепілдігінің шарты кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін қоса бере отырып мүлік кепілдігінің шартын жасасу туралы төлеушінің жазбаша жүгінген күнінен бастап он бес күнтізбелік күні ішінде жасалады.
      Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатындағы кепілдік затының нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болып табылады.
      Бағалаушының кепілдік мүлкінің нарықтық құнын бағалау бойынша есебі төлеуші кепілдік шартын жасасу туралы кеден органдарына жазбаша өтінішін берген күніне дейін он бес күнтізбелік күнінен бұрын емес жасалу қажет.
      3. Мүлік кепілдігінің шарты мынадай шарттар бір уақытта сақталған кезде жасалады:
      1) мүлік кепілдігінің шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
      2) кепілдікке берілген мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақталған болу қажет және оның нарықтық құны оны сату бойынша шығыстарды қоса алғанда кепілдік затымен қамтамасыз етілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің мөлшерінен темен болмауы қажет.
      4. Мыналарды:
      1) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерді;
      2) тұтқындалған мүлікті;
      3) оларға мемлекеттік органдар шектеулер салған мүлікті;
      4) үшінші тұлғалардың құқықтары жүктелген мүлікті;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық айналымнан алынып тасталған мүлікті;
      6) электр, жылу қуатын және қуаттың өзге түрлерін;
      7) тез бүлінетін тауарларды;
      8) мүліктік құқықтарды;
      9) Қазақстан Республикасының шектерінен тыс орналасқан мүлікті қоспағанда кез-келген мүлік кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатындағы кепілдік заты болып табылады.
      5. Кепілдік кезінде кепілдік заты, егер кеден органы өзге шешімді қабылдамаса кепілдік берушіде қалады.
      Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл ресімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл берушінің кепілге салынған затқа билік етуге құқығы жоқ.
      6. Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Кепілге салынған затты өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

      149-бап. Кедендік баждардың және салықтардың төленуін
                қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартын қолдану

      1. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды.
      2. Сақтандыру шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келу қажет.
      3. Кеден органы мынадай жағдайларда:
      1) сақтандыру шартын берген сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көрсетілген сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген;
      2) ұсынылған сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
      3) олардың төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілген кедендік баждардың және салықтардың сомасы сақтандыру шартымен расталған кедендік төлемдердің және салықтардың сомасынан асып кетсе;
      4) сақтандыру шарты қолданысының аяқталу мерзімі кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша төлеушінің міндеттемесі орындалған мерзімінен төмен болса, кедендік баждардың және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартын қабылдаудан бас тартады.
      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме орындалмаған жағдайда кеден органы сақтандыру ұйымына аталған сақтандыру шартымен көзделген міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты жібереді. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталған күнінен кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есептеледі.
      5. Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талабы осындай талап алынған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындалуына жатады. Сақтандыру ұйымы кеден органының талаптарын орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      150-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас
                қамтамасыз ету

      Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органдары осы Кодекстің 144-бабында белгіленген кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің біріне сәйкес келетін кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қабылдайды.
      Төлеуші кедендік баждардың және салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді осы Кодекстің 143-бабында белгіленген жағдайларда пайда болатын кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша бір немесе бірнеше міндеттер бойынша ұсынады.
      Кеден органы аталған бас қамтамасыз етуді төлеушінің өтінішінде айқындалған мерзімге қабылдайды. Бұл ретте, кедендік баждардың және салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі төлеушінің өтінішінде көрсетілген кезеңі ішінде пайда болатын кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді төлеушінің орындау мерзімдерінен асуы тиіс.

      151-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін
                 қамтамасыз ету сомасын айқындау

      1. Кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы осы тармақтың екінші бөлігінде және осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда тауарларды шығаруды жүргізетін оның кеден органында, кеден одағының мүше мемлекетінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай тауарларды ішкі тұтыну немесе экспорт үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына негізделе отырып айқындалады.
      2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы, оның ішінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету сомасы:
      1) кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын;
      кедендік қоймаға іс жүзінде орналастырмай кедендік қойма кедендік рәсіміне мәлімделетін;
      кері экспорт кедендік рәсіміне орналастырылатын акцизделетін тауарларды;
      осы Кодекстің 301-бабына сәйкес тауарларды шартты шығару жүзеге асырылатын олардың кедендік құнын айқындау кезінде;
      мерзімдік кедендік декларациялау;
      осы Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарды алушының қоймасына орналастырылатын;
      олар бойынша шығару осы Кодекстің 96, 298 и 321-баптарына сәйкес жүргізілетін;
      олар бойынша кедендік бажды төлеу мерзімдері өзгертілген;
      осы Кодекстің 84-бабына сәйкес жеке компонентттер түрінде жеткізілетін машинаға қатысты;
      кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарға қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне:
      2) кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты экспорт кедендік рәсіміне мәлімделген кезде сияқты төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан темен болмауы тиіс.
      3. Тауарларды осы Кодекстің 299 және 300-баптарына сәйкес шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы мәліметтерді тексеру нәтижесінде қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.
      4. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы тауарларды шығаруды оның кеден органы жүргізетін кеден одағының мүше мемлекетінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді есептемей ішкі тұтыну немесе экспорт үшін шығару кедендік рәсімдеріне тауарларды орналастыру кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына негізделе отырып, бірақ тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай ішкі тұтыну немесе экспорт үшін шығару кедендік рәсіміне осы кеден одағының мүше мемлекеттерінің аумақтарында орналастырылатын сияқты кеден одағына басқа мүше мемлекеттерінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларынан темен емес айқындалады. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын айқындау үшін оның кеден органы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізетін ұлттық заңнамаға сәйкес белгіленетін шетел валютасының бағамы қолданылады.
      5. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын анықтау кезінде кеден органына тауарлардың сипаты туралы нақты мәліметтерді, оның атауы, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтерді ұсынбау салдарынан төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын нақты анықтау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қолда бар мәліметтердің негізінде айқындалуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың ставкаларының ең үлкен мөлшеріне, тауарлардың құнына және (немесе) олардың табиғи көріністегі жеке сипаттамаларына негізделе отырып айқындалады.
      6. Тауарлар шығарылған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып төленуге тиіс кедендік баждардың, салықтардың мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру нәтижесінде қосымша есептелуі мүмкін кедендік, баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалуы мүмкін.
      7. Тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің нақты сомалары белгіленуі мүмкін.
      8. Тауарларды осы Кодекстің 112-бабына сәйкес шығарған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы осы баптың 2-тармағының ережелерін ескере отырып қосымша тексеру нәтижесінде қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.

      152-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін
                қамтамасыз етуді тіркеу

      1. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қоспағанда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемесінің орындауына бақылауды жүзеге асыратын кеден органында жүргізіледі.
      Бас қамтамасыз етуді тіркеу аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілер ретінде тіркелген салық органдары орналасқан қызмет аймағында орталық кеден органының аумақтық бөлімшесінде немесе кеденінде жүргізіледі.
      2. Кедендік баждардың, салықтардың қамтамасыз етілуін тіркеу үшін төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың біреуін:
      1) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаларды аудару туралы төлем құжатының көшірмелерін;
      2) төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүлік кепілінің шартын және бағалаушының кепілдегі мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебін;
      3) кепілгер банк және төлеуші арасында жасалған банк кепілдемесінің шартын және банк кепілдігін;
      4) кепілгерлік шартын қоса бере отырып кеден органына өтініш ұсынады.
      3. Өтініште мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
      1) төлеушілер болып табылатын заңды тұлғалар үшін:
      кәсіпорынның атауы және оның заңды мекен-жайы;
      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);
      Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан болжамды кесіп өту орнында орналасқан кеден органының атауы (мұндай ақпарат бар болған жағдайда);
      салық төлеушінің бірдейлендіру (тіркеу) нөмірі;
      кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;
      аталған қамтамасыз ету кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуі болып тұратыны туралы ақпарат;
      осы Кодекстің 144-бабында белгіленген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттың нөмірі және күні.
      2) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін:
      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және беру күні;
      тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
      Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан болжамды кесіп өту орнында орналасқан кеден органының атауы (мұндай ақпарат бар болған жағдайда);
      салық төлеушінің бірдейлендіру (тіркеу) нөмірі;
      кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;
      аталған қамтамасыз ету кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуі болып табылатыны туралы ақпарат;
      осы Кодекстің 144-бабында белгіленген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттың нөмірі және күні.
      4. Аталған өтініштің кеден органында тіркеу күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органы мынадай мәліметтері бар кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын ресімдейді:
      1) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасының тіркеу нөмірін;
      2) өтініш берушінің атауы және толық заңды мекен-жайы (не тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, сондай-ақ оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы;
      3) салық төлеушінің бірдейлендіру (тіркеу) нөмірі;
      4) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі мен сомасының мөлшері;
      5) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету кепілгері болып табылатын тұлға (банк, кепілгер) туралы ақпарат;
      6) көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі.

17-тарау. КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫҢ, САЛЫҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ
(АҚШАНЫҢ) АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН НЕМЕСЕ АРТЫҚ ӨНДІРІП АЛЫНҒАН СОМАЛАРЫН
ҚАЙТАРУ (ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ)

      153-бап. Кедендік баждардың, салықтардың артық (қате)
                төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары

      1. Кедендік баждардың, салықтардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары кедендік баждар, салықтар ретінде төленген немесе өндіріп алынған, мөлшері осы Кодекске сәйкес төленуге жататын сомалардан асатын, және нақты тауарлар бойынша кедендік баждардың, салықтардың нақты түрінде және сомаларында бірдейлендірілген ақшалай қаражаттар (ақша) сомалары болып табылады.
      2. Бюджетке кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың қате төленген сомасы аудару кезінде мынадай қателердің кез-келгеніне жол берілген сома болып табылады:
      1) төлем құжатында:
      төлеушінің атауы дұрыс емес көрсетілген;
      салық төлеушінің бірдейлендіру (тіркеу) нөмірі дұрыс емес көрсетілген;
      Қазақстан Республикасы салық органының бірдейлендіру (тіркеу) нөмірі дұрыс емес көрсетілген;
      төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік жіктемесінің кодына сәйкес келмесе;
      2) төлеуші кедендік баждың, салықтың Түрін дұрыс таңдамаса;
      3) төлеуші өсімпұлды төлеу кезінде кедендік баж, салық түрін дұрыс емес таңдаса;
      4) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің төлем құжатын қате орындаса, нәтижесінде кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың сомалары бірнеше рет аударылса;
      5) осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардан босатуға жататын тауарлар бойынша кедендік баждар, салықтар және өсімпұлдар қате төленсе.

      154-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік
                алымдардың артық (қате) төленген немесе артық
                өндіріп алынған сомаларын қайтару

      1. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың, артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын қайтару (есепке жатқызу) кедендік баждарды, салықтарды, аванс төлемдерінің сомаларын төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылған кеден органына жүзеге асырылады.
      2. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлды қайтаруды (есепке жатқызуды) алу мақсатында төлеуді артық (қате) төленген сомаларды төлеу күнінен бастап бес жылдан кешіктірмейтін мерзімде тауарлар мен көлік құралдарға кедендік ресімдеуді, сақтауды, кедендік алып жүруді, алдын ала шешімді қабылдауды жүргізген кеден органына кедендік баждардың, салықтардың артық (қате) төленген сомаларының бар-жоқтығын растауды ұсыну туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
      3. Кедендік баждардың, салықтардың артық (қате) төленген сомаларының растауын ұсыну туралы өтінішпен бірге мынадай құжаттардың көшірмелері ұсынылуы тиіс:
      1) соманың төленуін растайтын төлем құжаты;
      2) кедендік декларация ресімделген жағдайда олар бойынша ұсынылған кедендік баждар салықтар есептелген және төленген кеден органы ресімдеген кедендік декларация;
      3) кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды төлеу кедендік декларацияны ресімдемей жүргізілген жағдайларда ұсынылған кедендік төлемдерді төлеу жүзеге асырылған тауарларды сақтау, тауарлар мен көлік құралдарды кедендік.алып.жүру, лицензияларды беру кезінде ресімделген басқа құжаттар.
      4. Кеден органдарының артық (қате) төленген кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың сомаларының бар-жоқтығын растауды ұсыну туралы өтінішті қарау мерзімі төлеуші өтінішті берген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      5. Кеден органы Салыстыру актісінің негізінде растауды ресімдеуді жүргізеді.
      6. Артық (қате) төленген кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың сомаларын және өсімпұлдарды есепке жатқызуды немесе қайтаруды салық органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
      7. Салық органы артық (қате) төленген кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың сомаларын және өсімпұлдарды есепке жатқызу не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда салық органы Растаудың деректемелерін және артық (қате) төленген кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың сомалары мен өсімпұлдарды есепке жатқызуға не қайтаруға арналған төлем тапсырмасын көрсете отырып қорытындыны ресімдейді және Қазынашылыққа жібереді.
      8. Қазынашылық комитеті салық органдары ұсынған құжаттардың негізінде есепке жатқызуды немесе артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуды немесе қайтаруды жүргізгеннен кейін қорытындының бір данасын бенефициар салық органына қайтарады, екінші данасын кеден органына береді.

      155-бап. Кедендік баждарды, салықтарды қайтарудың өзге
                жағдайлары

      1. Кедендік баждарды, салықтарды қайтару, сондай-ақ:
      1) кедендік декларацияны қайтару, (тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымды қайтаруды қоспағанда);
      2) неғұрлым қолайлылық немесе тарифтік преференциялар режимін қалпына келтіру;
      3) кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың төленген сомасын қайтару түрінде тарифтік жеңілдіктерді ұсыну;
      4) кедендік режимдердің шарттары шетелдік тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тыс шығару немесе оларды жою, не мемлекет пайдасына бас тарту немесе қазақстандық тауарларды не оларды өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленген сомаларын қайтаруды көздейтін кезде;
      5) егер тауарларды жаңадан таңдалған кедендік рәсіміне (ішкі тұтыну үшін шығару немесе тауарлардың экспорты кедендік рәсімі) орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары бастапқы кедендік режим кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомаларынан төмен болса, бұрын мәлімделген кедендік рәсімді ішкі тұтыну үшін шығару немесе тауарлардың экспорты кедендік рәсіміне өзгерту жағдайларында жүргізіледі.

      156-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін
                қамтамасыз етуді қайтару

      1. Төлеушіге кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың төленуін, оның ішінде төлеуші кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың бас қамтамасыз етуі ретінде енгізген қамтамасыз етуді қайтару төлеуші міндеттемені орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
      2. Кеден органы ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша көрсетілген өтініш алынған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      3. Төлеуші ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы өтінішті кеден органына міндеттемені орындағаннан кейін, бірақ осы Кодекстің 132-бабына сәйкес міндеттемені орындау күннен кейінгі күнінен бастап бес жылдан кешіктірмей береді.
      4. Төлеушінің банк шотына ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруды оның ақшаны уақытша орналастыру шотына көрсетілген сома енгізілген кеден органы, мұндай кеден органы жойылған жағдайда оның құқық мердігері жүзеге асырады.
      5. Төлеушіге ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару осы Кодекстің 18-тарауында көзделген кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша берешекті алып тастай отырып жүзеге асырылады.
      6. Ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару кезінде, ол бойынша сыйақы төленбейді, сомалар индекстелмейді, банктік қызмет көрсетулерді көрсету бойынша тарифтерді кеден органы аударылатын ақша есебінен төлейді.
      7. Төлеуінінің өтініші бойынша ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын кеден органы алда болатын кедендік баждар мен салықтардың есебіне және (немесе) кеден органы алдындағы төлеушінің басқа міндеттемесі бойынша кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде есепке жатқызады.
      8. Төлеушінің ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруға немесе осындай соманы басқа міндеттемелер бойынша есепке жатқызуға арналған өтініші болмаған жағдайда, кеден органы мынадай жағдайлар бір уақытта сақталған кезде бюджетке ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын аударады:
      төлеушінің міндеттемені орындауы;
      осы Кодекстің 132-бабында белгіленген талап арыз қою мерзімінің аяқталуы.
      9. Осы баптың 4-б-тармағының ережелері, сондай-ақ уақытша демпингке қарсы, арнайы және өтемдік баждардың қайтарылуына қолданылады.
      10. Егер төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалуы туралы төлеушінің жазбаша өтініші бойынша мүлік кепілінің шартын ұсынса, кеден органы төлеушінің осындай өтініші тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде төлеуші міндеттемесінің орындалуын растайды.
      11. Банк кепілдемелері бойынша міндеттеменің тоқтатылуы, міндеттеме орындалған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі. Төлеуші бас қамтамасыз ету ретінде енгізген банк кепілдемелері бойынша тоқтатуды кеден органы төлеушіде кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету қолданысының мерзімі ішінде пайда болған соңғы міндеттеме аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
      12. Бас қамтамасыз етуді көздейтін кепілгерлік шарттары бойынша міндеттемелерді тоқтатуды кеден органы міндеттеме орындалған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Бас қамтамасыз етуді көздейтін кепілгерлік шарттары бойынша міндеттеменің тоқтатылуын кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі ішінде төлеушіде пайда болған соңғы міндеттеме аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

18-тарау. КЕДЕНДІК БАЖДАР, САЛЫҚТАР БОЙЫНША
БЕРЕШЕКТІ ЖӘНЕ ӨСІМПҰЛДЫ ӨНДІРІП АЛУ

      157-бап. Кедендік баждар мен салықтар бойынша берешекті
                өндіріп алудың жалпы ережелері

      1. Кедендік баждар мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда берешек қалыптасады. Кеден органдары берешекті осы тараумен айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.
      2. Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін мынадай:
      1) осы Кодекстің 159-бабында көзделген тәртіппен төлеушіге хабарлау;
      2) кедендік баждар мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не осы Кодекстің 161-бабында көзделген ақшаларды уақытша орналастыру есебіне енгізілген қамтамасыз ету сомалары есебінен кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өндіріп алу;
      3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:
      өсімпұлды берешек сомасына есептеу;
      төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
      төлеушінің мүлкіне билік етудегі шектеу туралы шешім шығару;
      4) мынадай тәртіппен:
      төлеушінің банк шоттарында орналасқан ақша шотының есебінен;
      төлеуші дебиторларының шоттарынан;
      төлеушінің билік етуде шектелген мүлкін сату есебінен берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шарттарын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген іс-қимылдар берешек сомасына өсімпұлды есептеуді қоспағанда дәйекті қолданылады.
      4. Жеке кәсіпкерден және заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу, егер осы Кодекспен өзге көзделмесе шартсыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешек пен өсімпұлды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

      158-бап. Кедендік баждар мен салықтар бойынша берешек
                сомасына өсімпұлдарды есептеу

      1. Берешек пайда болған кезде төлеуші өсімпұл төлейді. Өсімпұл деп мерзімінде төленбеген кедендік баждар мен салықтардың сомасына есептелетін, осы баптың 2-тармағында белгіленген өлшем танылады.
      2. Өсімпұл төлеу күнін қоса алғанда кедендік баждар мен салықтардың төлеу мерзімі аяқталған күнінен кейінгі күнінен бастап кедендік баждар мен салықтарды төлеудің төленбеген мерзімінің әрбір күніне Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
      Өсімпұл берешекті өтеуді қамтамасыз ету тәсілдерін және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершіліктің өзге шараларын қолдануға тәуелсіз есептеледі және төленеді.
      3. Кедендік әкелу бажын және қосылған құн салығын төлеу бойынша кедендік декларацияны түзету, кедендік әкелу бажын уақытылы емес өтеу кезінде кейінге қалдыруды және (немесе) бөліп-бөліп төлеуді ұсыну, сондай-ақ кедендік декларацияны уақытылы емес беру кезінде кеден органы осы Кодекстің 15-тарауында белгіленген кедендік баждар мен салықтарды мерзімінен кейінгі күнінен бастап берешек сомасына есептеп жатқызады.
      4. Өсімпұл сот шешімді қабылдаған күнінен бастап банкрот деп танылған не оған қатысты мәжбүрлеп жою туралы шешім қабылданған, не ақтау рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданған, осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күнінен бастап төлеушіде пайда болған берешек сомасына есептеп жатқызылмайды.
      5. Өсімпұл жеке тұлғаны хабарсыз жоғалған деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген күнінен бастап осы шешім жойылған күніне дейін берешек сомасына есептелмейді.
      6. Өсімпұл өсімпұлға және айыппұл сомасына есептелмейді.
      7 Өсімпұл есептеп жатқызуды жүргізуге арналған төлем құжатының күнінен бастап артық төленген кедендік баждар мен салықтардың сомасына есептеп жатқызуды жүргізу жолымен өтелген берешек сомасына есептелмейді.
      8. Өсімпұл бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын есептеп жатқызу кезінде:
      1) төлеушінің банк шотынан банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің немесе ұйымдардың ақшаны есептен шығару күнінен бастап;
      2) төлеуші банкоматтар немесе өзге электронды құрылғылар арқылы төлемін жүзеге асырған күнінен бастап;
      3) төлеуші қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күнінен бастап есептелмейді.
      9. Өсімпұл төлеушінің жеке шотындағы қалыптасқан артық төленген сома негізіндегі төлем құжатының күніне төлеушінің жеке шотында бар кедендік төлем мен салықтың осы түрі бойынша кедендік төлем мен салықтың артық төленген сомасына барабар кедендік баждар мен салықтар бойынша сомасына есептелмейді.

      159-бап. Кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және
                өсімпұлды өтеу туралы хабарлама

      1. Кеден органы төлеушіге кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша төлеушінің міндеттемесін орындау қажеттілігі туралы қағаз тасымалдағыштағы хабарламасы кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама деп танылады. Кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын орталық кеден органы белгілейді.
      2. Кедендік бақылау нәтижелері бойынша кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама:
      төлеушіге кедендік тексеру актісі берілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
      кеден органы төлеушінің жеке шотындағы кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлды төлеу бойынша берешекті анықтаған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге жібеледі.
      Кеден органы төлеушіге кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаны жіберу мерзімдерін бұзған жағдайда бұл мерзімдер сот тәртібімен орнына келтірілуі мүмкін.
      3. Төлеушіге кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама оның әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына қарамастан жолданады.
      4. Кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламада:
      1) салық төлеушінің тіркеу (бірдейлендіру) нөмірі;
      2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) немесе толық атауы және заңды мекенжайы;
      3) кеден органының атауы;
      4) хабарлама күні;
      5) кедендік баждар мен салықтар бойынша берешек сомасы;
      6) хабарлама берілген күніне өсімпұлдар сомасы;
      7) кедендік баждарды, салықтарды және берешекті төлеу бойынша міндеттемені орындау туралы талап;
      8) хабарламаны жіберу үшін негіздеме;
      9) кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша берешекті өтеу кезінде өсімпұлды есептеу тәртібі;
      10) шағымдану тәртібі көрсетілуі тиіс.

      160-бап. Кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және
                өсімпұлды өтеу туралы хабарламаны тапсыру және
                орындау тәртібі

      1. Кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама төлеушіге жеке өзіне, қолын қойғыза отырып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі. Төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама төлеуші почталық байланыс немесе өзге байланыс хабарламасында белгі қойған күнінен бастап тапсырылды деп саналады.
      2. Кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламада бар талаптарды орындау мерзімі, төлеуші көрсетілген хабарламаға шағымдану жағдайын қоспағанда, төлеушіге хабарлама тапсырылғаннан кейінгі күнінен бастап жиырма күнтізбелік күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
      3. Төлеуші кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаға шағымдануды осы Кодекстің 19-тарауында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
      Егер кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда көрсетілген хабарламада бар талаптарды орындау мерзімі шағым берілген күнінен бастап шағым бойынша шығарылған шешім заңды күшіне енген күнін қоса алғандағы уақыт кезеңіне дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, шағым жасау өсімпұлдардың есептелуін тоқтата тұрмайды.
      Егер берешекті өтеу күніне өсімпұл сомасы берешекті өтеу туралы хабарламада көрсетілген өсімпұл сомасынан өзге болған жағдайда төлеушіге берешекті өтеу күніне өсімпұлды есептей отырып берешекті өтеу туралы хабарламаға қосымша беріледі.

      161-бап. Кедендік баждар мен салықтардың артық төленген
                сомалары есебінен не ақшаны уақытша орналастыру
                шотына енгізілген қамтамасыз ету сомалары
                есебінен кедендік баждар, салықтар бойынша
                берешектер мен өсімпұлдарды өндіріп алу

      1. Кедендік баждар, салықтар бойынша берешектер мен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламада бар талаптар орындалмаған кезде кеден органы аталған берешекті кедендік төлемдер мен (немесе) баждардың артық төленген сомалары есебінен кедендік баждардың немесе салықтардың түрлері бойынша не қайтаруға жататын ақшаларды уақытша орналастыру шотына енгізілген қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алады.
      Бұл ретте, кедендік баждың немесе салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды кеден органы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес есепке жатқызу жолымен өндіріп алады.
      2. Кеден органы кедендік баждар, салықтар бойынша берешектің және өсімпұлдың өндіріп алынған сомасы туралы осы бапқа сәйкес оларды өндіріп алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.

      162-бап. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс
                операцияларын тоқтата тұру

      1. Берешекті өтеу үшін кедендік баждардың және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары не ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген қамтамасыз ету сомалары жеткіліксіз болған жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімін шығарады.
      2. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру төлеушінің берешек пен өсімпұлды өтеу бойынша операцияларын қоспағанда барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      3. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата құру туралы өкім Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша шығарылады және оны банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата туралы өкім банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің немесе ұйымдардың бұлжытпай орындалуына жатады.
      5. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді мұндай өкімді шығарған кеден органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы себептерді жойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      163-бап. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын
                тоқтата тұру

      1. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды кедендік төлемдер, салықтар мен берешектер бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
      2. Кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші бұлжытпай орындауға тиіс.
      3. Төлеуші осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
      4. Кеден органы төлеуші кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегін және өсімпұлды өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

      164-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу есебіне төлеушінің
                мүлкіне билік етудегі шектеу туралы шешім шығару

      1. Кедендік баждар, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламада белгіленген мерзімдер ішінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда кеден органы төлеушінің мүлкіне билік етуге шектеу қоюды жүргізеді.
      2. төлеушінің мүлкіне билік етуге шектеу туралы шешімді кеден органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша шығарады.
      3. Төлеушінің мүлкіне билік етудегі шектеу туралы шешім оның баланстық немесе нарықтық құны бағаны айқындау тәсіліне байланысты берешек пен өсімпұлдың сомасына сәйкес келсе меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке қатысты шығарылады.
      Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда жалға берілген төлеушінің мүлкіне билік етудегі шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған сәтінен бастап және оны жойғанға дейін жалға алушыға және кепілді ұстаушыға осындай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады.
      4. Осындай шешімнің негізінде кеден органы төлеушіге мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерту жасай отырып Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме актісін жасайды.
      Билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік құжаттамасы немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айқындалатын бағасын көрсете отырып жүргізіледі және екі данада жасалған актімен ресімделеді.
      5. Кеден органы төлеушіге мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің бір-бір данасын беруге міндетті.
      6. Мүлікті билік етудегі шектеу туралы шешімді осындай шешімді шығарған кеден органы мүлікке билік етудегі шектеулердің себептерін жойғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      165-бап. Төлеушінің банк шоттарында орналасқан ақша
                есебінен берешек пен өсімпұлды өндіріп алу

      1. Кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламада белгіленген мерзімдердің ішінде төлеуші берешек пен өсімпұлды өтемеген кезде кеден органдары жеке кәсіпкерліктің немесе заңды тұлғаның банк шоттарынан ақшаны өндіріп алу туралы шешімін даусыз тәртіппен шығарады.
      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру және инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.
      2. Шартсыз өндіріп алу туралы шешім төлеушінің шоттарынан есептен шығаруға және бюджетке қажетті ақшаны аударуға арналған кеден органының инкассалық өкімінің төлеушінің шоты ашылған банкке жолдау нысанында қабылданады.
      3. Банк төлеушінің бір банк шотынан берешегін өндіріп алу туралы кеден органының инкассалық өкімін орындаған кезде, кеден органы төлеушінің аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына кеден органының шығарылған инкассалық өкімдердің орындалу фактісін растайтын төлем құжатын қоса бере отырып, егер кеден органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарса банк кеден органына орындаусыз қайтарады.
      4. Берешек пен өсімпұлды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында және шетел валютасында шоттардан алумен даусыз тәртіппен жүргізіледі.
      5. Кеден органының инкассалық өкімін орындауды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.

      166-бап. Төлеушінің берешегі мен өсімпұлын оның
                дебиторларының шоттарынан өндіріп алу

      1. Төлеушінің - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарында ақшасы болмаған немесе қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда кеден органының қалыптасқан берешек пен өсімпұл шегінде төлеуші алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды салуға құқығы бар.
      Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаны алған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаны жіберген кеден органына дебиторлық берешектердің сомаларын көрсете отырып дебиторлардың тізімін және бар болған жағдайда дебиторлармен бірге құрастырылған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есептесулердің салыстыру актілерін ұсынуға міндетті.
      Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеген жағдайда дебиторлар тізімі мен өзара есептесулердің салыстыру актісі ұсынылмайды.
      Өзара есептесулердің салыстыру актісі бар болған кезде кеден органы дебиторлар дебиторлардың банк шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды салу туралы хабарламаны алған күнінен бастап бес жұмыс күні өткен соң кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және есімпұл бойынша берешекті өндіріп алу туралы инкассалық өкімдерді дебиторлардың банк шоттарына шығарады.
      2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторлардың ұсынылған тізімі негізінде кеден органы дебиторларға дебиторлық берешек шегінде кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу есебіне олардың банк шоттарынан ақшаға өндіріп алудың салынғандығы туралы хабарламаны жібереді. Дебиторлардың банк шоттарынан ақшаға өндіріп алуды салу туралы хабарламаның нысаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленеді.
      Төлеуші мен оның дебиторы арасындағы өзара есептесулердің салыстыру актісінде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) төлеушінің және оның дебиторының атауы, олардың тіркеу (бірдейлендіру) нөмірлері;
      2) орналасу жері бойынша тіркеу есебінде тұрған төлеуші және оның дебиторы тұрған кеден органының атауы;
      3) төлеушінің және оның дебиторларының банк шоттарының деректемелері;
      4) дебитордың төлеуші алдындағы берешек сомасы;
      5) төлеушінің және оның дебиторының заңды мекен жайлары, мөрлері және қолдары;
      6) салыстыру актісін құрастыру күні.
      4. Кеден органы дебиторлық берешектің сомасын растайтын өзара есептесулерді салыстыру актісінің негізінде дебитордың банк шотына төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді шығарады.
      5. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын дебитор төлеушілердің банкі немесе ұйымы, кеден органы шығарған осы Кодекстің 165-бабына сәйкес айқындалған талаптарға сәйкес төлеушінің берешегі мен өсімпұл сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімін орындауға міндетті.

      167-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін сату
                есебінен өндіріп алу

      1. Төлеушінің оның банк шоттарындағы ақшасы, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банк шоттарындағы ақшасы жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда кеден органдары оның келісуінсіз төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
      2. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.

      168-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін кедендік
                төлемдер, салықтар берешегі мен өсімпұлдар
                есебіне сату тәртібі

      1. Билік етуі шектелген мүлікті сатуды жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      2. Билік етуі шектелген мүлікті өткізудің тәртібін жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.

      169-бап. Төлеушіні банкрот деп тану

      1. Осы Кодекстің 18-тарауында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды төлеуші өтемеген жағдайда, кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
      2. Банкрот деп танылған төлеушіні тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      170-бап. Кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және
                өсімпұлдары бар төлеушілердің тізімін бұқаралық
                ақпарат құралдарында жариялау

      1. Салық қызметі органдары кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және өсімпұлдары бар және олар туындаған күнінен бастап алты ай ішінде өтелмеген төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
      Бұл ретте тізімде төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, салық төлеушінің тіркеу (бірдейлендіру) нөмірі, төлеуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешегі және есімпұлдың жалпы сомасы көрсетіледі.
      2. Орталық кеден органының интернет-ресурсында орналастырылған төлеушілер тізімі аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады.

      171-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу тәртібі

      Кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

      172-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың және
                өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алуға үмітсіз
                деп тану және есептен шығару

      Оларды өндіріп алу мүмкін емес кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомалары өндіріп алуға үмітсіз деп танылады және Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген негіздер бойынша есептен шығарылады.

19-тарау КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР БОЙЫНША БЕРЕШЕКТІ ЖӘНЕ ӨСІМПҰЛДАРДЫ
ӨТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБІ

      173-бап. Шағымдану құқығы

      1. Кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаларға (бұдан әрі - берешекті өтеу туралы хабарлама) шағымдану осы бөлімде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Берешекті өтеу туралы хабарламаға:
      1) оған қатысты берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған декларанттың, не оның өкілінің;
      2) оған қатысты берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, не оның өкілінің шағымдану құқығы бар.

      174-бап. Берешекті өтеу туралы хабарламаға шағымды
                қарайтын органдар

      1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес кедендік тексеру нәтижелері бойынша шығарылған берешекті өтеу туралы хабарламаға шағымды (бұдан әрі - шағым) қарауды берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы және/немесе жоғары тұрған кеден органы (бұдан әрі -кеден органдары) жүргізеді.
      2. Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өтеу туралы хабарламаға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      175-бап. Шағымды беру тәртібі

      1. Шағым берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде кеден органына беріледі.
      Шағымды тіркеу оны кеден органы қабылдаған күні жүзеге асырылады.
      2. Шағым жоғары тұрған кеден органына берілген кезде, шағымның көшірмесі берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органына жіберілуі қажет.

      176-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны

      1. Шағым жазбаша насында беріледі.
      2. Шағымда:
      1) шағымды беру күні;
      2) шағым берілетін кеден органының атауы;
      3) шағымды беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), не оның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
      4) берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органының атауы;
      5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын мәліметтер;
      6) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі көрсетілуі тиіс.
      3. Шағымды қарау үшін маңызы бар өзге мәліметтер шағымда көрсетілуі мүмкін.
      4. Шағымға шағымды берген тұлға, не оның өкілі қол қояды.
      5. Шағымға:
      1) берешекті өтеу туралы хабарламаның көшірмесі;
      2) шағымды беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
      3) іске қатысы бар өзге құжаттар қоса беріледі.

      177-бап. Шағымды қараудан бас тарту

      1. Кеден органдары:
      1) осы Кодекстің 175-бабында белгіленген шағымдану мерзімін бұза отырып шағым берген;
      2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
      3) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілмеген тұлға шағымды берген жағдайда шағымды қараудан бас тартады.
      2. Кеден органдары шағым тіркелген күнінен бастап он жұмыс жұмыс күні ішінде шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      3. Кеден органдарының шағымды қараудан бас тартуы осы Кодекстің 165-бабында белгіленген мерзімі ішінде тұлғаның шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.

      178-бап. Шағымды қарау тәртібі

      1. Шағым бойынша кеден органдары осы баптың 2-тармағында және 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда аталған шағым тіркелген күнінен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей шешім қабылдайды.
      2. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
      3. Егер шағымға кедендік бақылау барысында ұсынылмаған құжаттар қоса берілетін жағдайда, кеден органдары мұндай құжаттарды қарайды.
      4. Кеден органдары шағымды қарау кезінде:
      1) шағымды берген тұлғаға сұрау салулар және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда ұсыну туралы сұрау салулар жіберуге;
      2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шетелдік органдардың тиісті органдарына сұрау салулар жіберуге;
      3) пайда болған мәселелер бойынша кедендік бақылауды жүргізуге қатысқан кеден органдарының лауазымды тұлғаларынан түсіндірмелерге сұрау салуға құқылы.
      5. Кеден органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

      179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      1. Кеден органы шағымды мәні бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда шешім қабылдайды және оны шағымды берген тұлғаға жібереді немесе тапсырады. Жоғары тұрған кеден органы шағымды мәні бойынша қараған жағдайда шағым бойынша шешімнің көшірмесі берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органына жіберіледі.
      2. Шағымды қарау нәтижелері бойынша кеден органдары мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) шағым жасалған кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
      2) шағым жасалған кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
      3. Шағым жасалған кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның күші толық жойылған жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы шешім қабылданған күнінен және/немесе жоғары тұрған кеден шешімді алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаны қайтарады.
      Шағым жасалған кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның шағым келтірілген бөлігінің күші жойылған жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаны қайтарады, кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы жаңа хабарлама шығарады және оны жоғары тұрған кеден органы шешімді қабылдаған күнінен бастап және/немесе алған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды берген тұлғаға жібереді.

      180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
      1) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шетелдік органдардың тиісті органдарына сұрау салулар жіберуге - жауаптарды алған күніне дейін;  шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз беру - сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      2. Кеден органдары тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы шағымды берген тұлғаға жазбаша түрде хабардар етеді.

      181-бап. Кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша кеден органдарының шешімінде:
      1) шешімді қабылдау күні;
      2) шағымды қараған кеден органының атауы;
      3) шағымды берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) не оның толық атауы;
      4) шағым жасалатын берешекті өтеу туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;
      5) шағымның мәні;
      6) шағым бойынша шешім шығару кезінде кеден органы басшылыққа алған кеден одағы кеден заңнамысының және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.

      182-бап. Кеден органына немесе сотқа шағым берудің салдары

      1. Кеден органына немесе сотқа шағым беру берешекті өтеу туралы хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
      2. Кеден органына шағым берілгенде кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы кеден органының жазбаша шешімі шыққанға дейін және осы Кодекстің 175-бабында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
      Сотқа шағым берген жағдайда кедендік төлемдер, салықтар туралы берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы соттың шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

3-бөлім. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ 20-тарау. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      183-бап. Кедендік бақылауды жүргізу принциптері

      1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және олардың орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті, кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.
      2. Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелді басқару жүйесі қолданылады.
      3. Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдарымен ынтымақтасады.
      4. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілідерімен, кедендік тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың кәсіби бірлестіктерімен (қауымдастықтармен) өзара іс-қимыл жасайды.
      5. Кеден органдары өз құзыретінің шеңберінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық және радиациялық бақылауды жүзеге асырады.
      6. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылауды жүргізу кезінде оны жүргізуге арналған қандайда бір рұқсаттар, ұйғарымдар не қаулылар, сондай-ақ оларды өзге бақылаушы органдарында тіркеу талап етілмейді.

      184-бап. Кедендік бақылауды жүргізу

      1. Кеден органдары кедендік бақылауды, кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
      2. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары кедендік бақылауды:
      1) кедендік шекара арқылы өткізілетін және (немесе) осы Кодекске сәйкес декларациялуға жататын тауарларға, оның ішінде көлік құралдарға;
      2) оларды ұсыну кеден одағының кедендік заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген кедендік декларацияға, тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтерге;
      3) кедендік шекара арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласында қызмет көрсетулерге байланысты тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жеке кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатындарға;
      4) кедендік шекараны кесіп өтетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
      3. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ кеден органдары белгілейтін тауарлар мен көлік құралдар және олар туралы оның ішінде электрондық нысан бойынша мәліметтері бар құжаттар орналасқан басқа жерлерде жүргізіледі.

      185-бап. Кедендік бақылаудағы тауарлар

      1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде тауарлар кедендік шекарадан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда болады.
      Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасқан және орналасқан, осы Кодекске сәйкес олар шетелдік тауарлар статусын иеленген тауарлар қалыптасқан сәттен бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар:
      1) шартты түрде шығарылған тауарларды немесе кері импортты қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырғанға;
      2) шартты шығарылған тауарлар осы Кодекстің 301-бабының 5-тармағына сәйкес кеден одағының тауары статусын иеленгенге;
      3)тауарларды мемлекет пайдасы үшін бас тарту кедендік рәсіміне орналастырғанға немесе осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жойғанға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының меншігіне айналдырғанға;
      5) Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкеткенге;
      6) шетел тауарларын кедендік аумақта қайта өңдеу операциялары нәтижесінде пайда болған қалдықтарды, оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыздарға жатқызғанға;
      7) кедендік аумақта қайта өңдеу немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне орналастырылған шетелдік тауарлардың бөлігін өндірістік шығындар деп танығанға дейін кедендік бақылаудағы болып есептеледі.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар кеден органдары апат немесе ырық бермес күш әрекеті салдарынан, не тасымалдаудың қалыпты жағдайлары (көлікпен тасымалдау) және сақтау кезінде табиғи азаю салдарынан жойылу фактісін (қайтарымсыз жоғалту) танығанда не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен (немесе) заңнамасында белгіленген өзге мән-жайлар пайда болған жағдайда кедендік бақылаудағы деп саналмайды.
      4. Қазақстан Республикасының тауарлары оларды Қазақстан Республикасының аумағынан шығару кезінде кедендік декларацияны немесе кедендік декларация ретінде пайдаланылатын өзге құжаттарды тіркеген, не тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған іс-қимылды жасаған сәттен бастап және кедендік шекарадан кесіп өткенге дейін кедендік бақылауда болады.
      5. Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкетілмеген, осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес кедендік декларация шақыртылған күнінен бастап кедендік бақылаудағы болып саналмайды.
      6. Кеден органдары тұлғалардың, егер осындай тауарлар осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімдерге сәйкес міндетті кері әкелу немесе әкетуге жататын болса тауарларды кері әкелу немесе әкету, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар туралы міндеттемелерінің орындауына бақылауды жүзеге асырады.
      7. Кеден органдары Қазақстан Республикасының аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығын кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңіз, ішкі су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл ретте, шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
      Автомобиль көлік құралдарын тауарлар мен оларға құжаттарын кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда мұндай бақылаудың оларға кететін уақыты екі сағаттан аспауы тиіс. Мұндай бақылауды жүзеге асыру туралы акт кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, оның бір данасы тасымаддаушыға берілетін нысан бойынша жасалады.

      186-бап. Кедендік бақылау аймақтары

      1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, сондай-ақ кедендік ресімдеу және өзге кедендік рәсімдерді өткізу орындарында кеден органдары кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кедендік бақылау аймақтарын құрады. Сондай-ақ уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және бос қоймаларының, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары кедендік бақылау аймақтары болып табылады.
      2. Кедендік бақылау аймақтары орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі немесе кедені басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) өткізу пункттерінің аумақтарында, кедендік ресімдеу орындарында кедендік бақылау аймақтарын белгілеу және осы Кодекспен көзделген өзге кедендік рәсімдерді өткізу туралы бұйрығының негізінде құрылады.
      3. Кедендік бақылау аймақтарының шектері шартты сызықпен шектеледі және:
      1) кедендік рәсімдерді өткізу орындарында - олардың өлшемдері: биіктігі - 50 см, ені - 100 см құрайтын белгілермен белгіленеді. Белгінің көк ашық жерінде, биіктігі 10 см және ені 3,7 см ақ түсті әріптермен, үш жолда, үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) «Кедендік бақылау аймағы» деген жазу жасалады;
      2) суда - жарық шағылыстырғыш бояудың көмегімен орындалған «Кедендік бақылау аймағы» жазуы бар қызыл түсті қалтқылармен белгіленеді.
      4. Кедендік бақылау аймақтарына жіберу:
      1) кедендік бақылау аймақтарында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары үшін, қызметтік куәлікті ұсыну кезінде, тұрақты рұқсат беру қағазы;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен олар жедел-іздестіру іс-шараларын және (немесе) тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде құқық қорғау органдардың, арнайы қызметтердің лауазымды адамдары үшін қаулысы;
      3) кедендік бақылау аймақтарында олардың лауазымды міндеттердің орындалуы көрсетілген тұлғалардың тікелей орналасуына байланысты кәсіпорындардың және ұйымдардың лауазымды тұлғалары үшін тұрақты рұқсат беру қағазы негізінде жүзеге асырылады.
      Тұрақты рұқсат беру қағаздары тиісті бақылаушы органдардың, ұйымдардың немесе кәсіпорындардың жазбаша өтініші негізінде бір күнтізбелік жыл мерзіміне беріледі және оған орталық кеден органы аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды. Рұқсат беру қағаздарын арнайы журналда тіркеуді аталған рұқсат беру қағазын берген кеден органы жүргізеді.
      4) оларға жүктелген функцияларды орындау мақсатында, аталған тұлғалардың кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей байланысты мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың лауазымды тұлғалары үшін уақытша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
      Уақытша рұқсат беру қағаздары тұлғаның кедендік бақылау аймағында уақытша болу мерзіміне, оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
      5. Рұқсат беру қағаздарын ресімдемей кедендік бақылау аймағына жол беру:
      1) кедендік бақылау аймағында оларға жүктелген функцияларды орындайтын, өз жұмыс уақыты кезеңінде, қызметтік куәлікті ұсынған кезде кеден органдарының лауазымды адамдарына;
      2) кедендік бақылау аймағында орналасқан тауарлар мен көлік құралдарды ұсынатын тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады.
      Кеден органының лауазымды тұлғаларына кедендік бақылау аймағында кеден органы басшысының рұқсатынсыз өз жұмыс уақытынан тыс болуына жол берілмейді.
      7. Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, аталған қызмет уақытша сақтау сомасы орынының немесе қоймасының, бос қоймасының, кеден қоймасының және бажсыз сауда дүкенінің мақсатына сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ кез келген меншік нысандарының режимдік объектілерінің кедендік бақылау аймақтарында болуына жол берілмейді.

      187-бап. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар
                мен мәліметтерді ұсыну

      1. Кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын декларант, тұлға және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электронды нысанда ұсынуға міндетті.
      2. Кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұрауға және оларды ұсыну мерзімін белгілеуге құқылы.
      Кеден органы белгілейтін мерзім сұрау салынған құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуы тиіс.
      3. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттар мен мәліметтерді алуға құқылы.
      4. Кедендік бақылауды жүргізу үшін тауарларды шығарғаннан кейін кеден органдары коммерциялық және бухгалтерлік құжаттарды, өзге де ақпаратты, соның ішінде тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге, оларды шығаруға және кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тысқары жерлерде пайдалануға жататын ақпаратты электрондық нысанда сұрауға және алуға құқылы.
      5. Тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған сәттен бастап бес жыл ішінде сақтауға тиіс.
      Кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейінгі бес жыл ішінде сақтауға тиіс.

      188-бап. Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау

      Кеден органдары тауарларды шығарғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған сәттен бастап бес жыл ішінде кедендік бақылауды жүргізеді.
      Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау осы Кодекстің 21 және (немесе) 24-тарауларында белгіленген нысандарда және тәртіпте жүргізіледі.

      189-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген
                тауарлардың айналымы кезіндегі кедендік бақылау

      1 Кеден органдары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезінде кеден одағының кедендік заңнамасының талаптары мен шарттарына сәйкес мұндай тауарлардың шығарылу фактісін растайтын мәліметтерді тексеру, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың әкелу заңдылығын растау үшін тауарларда пайдаланылатын маркалаудың немесе өзге де бірдейлендіру белгілерінің бар болуына тексеру мақсатында кедендік бақылауды жүргізеді.

      190-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның
                қатысуы

      1. Қажет болған жағдайларда кедендік бақылауды жүргізу кезінде нақты әрекеттерді жасауға қатысу үшін, осындай әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес, кеден органдарына ықпал ету үшін, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану кезінде қажетті арнайы білімі және дағдылары бар маман тартылуы мүмкін.
      2. Маман ретінде тұлғаны тарту, шарт негізінде жүзеге асырылады.
      3. Маман:
      1) оның қатысуымен жүзеге асырылатын нақты іс қимылдарды жүзеге асыруға байланысты материалдармен танысуға;
      2) ол қатысқан кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі әрекеттерді жасау нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және ол жасаған іс-қимылдар бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге жататын өтініштер немесе ескертулер жасауға құқылы.
      4. Маман:
      1) арнайы білімді талап ететін іс-қимылдарды жасауға қатысуға, ол жасайтын іс-қимылдар бойынша түсіндірме беруге;
      2) көрсетілген іс-қимылдарды жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға міндетті.
      5. Маман алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ өзге де құпия ақпаратты ол жарияламауы, өзге де мақсаттарда пайдаланбауы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермеуі тиіс.
      6. Кеден органдарының маманды тартуға байланысты туындаған шығыстар, егер кедендік бақылауды жүргізу барысында кеден одағының кеден заңнамасының бұзушылықтары анықталса, оған немесе оның тауарларына қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі. Өзге жағдайларда қызмет көрсету үшін мұндай төлем Қазақстан Республикасы бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      191-бап. Кедендік бақылауды жүргізуге ықпал ету үшін
                басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен
                сарапшыларын тарту

      1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуге ықпал ету үшін басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
      2. Басқа мемлекеттік органдардан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны, сондай-ақ кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.
      3. Басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға байланысты шығыстар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттері шеңберіне кірмесе, осы Кодекстің 190-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен өтеледі.

      192-бап. Кеден органдары мен кедендік шекарадағы
                бақылаушы мемлекеттік органдары арасындағы өзара
                іс-қимыл жасасу

      1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін және басқа бақылаушы мемлекеттік органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары мұндай әрекеттерді жалпы үйлестіруді және бірлескен актіде айқындалған тәртіппен оларды бір уақытта өткізуді қамтамасыз етеді.
      2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары мен бақылаушы мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып, кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті ақпаратпен (мәліметтермен) және (немесе) құжаттармен алмасады.
      3. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бақылау рәсімдерін жеделдету мақсатында кедендік тексеріп қарау кедендік шекарада бақылауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте кедендік тексеріп қарау актісі жасалады.

      193-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян
                келтіруге жол бермеу

      1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде мүдделері кеден органдарының әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) және шешімдерімен қозғалатын тасымалдаушыға, декларантқа, олардың өкілдеріне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.
      2. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарының не оның лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) келтірілген шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық көлемде өтеуге жатады.
      3. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының заңды шешімдерімен, әрекеттерімен тұлғаға келтірілген шығындар өтеуге жатпайды.

      194-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың жекелеген
                нысандарын қолданылудан босату

      1. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі нысандарын қолданылудан босатылуы осы Кодекспен, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық келісімдерімен және өзге де халықаралық келісімдермен белгіленеді.
      2. Кедендік тексеріп қарауға:
      1) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшыларының және олармен бірге жүретін отбасы мүшелерінің;
      2) егер көрсетілген тұлғалар кедендік шекарадан қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өтсе, үкімет басшыларының, кеден одағына қатысушы мемлекеттері үкіметтері мүшелерінің;
      3) кеден одағына қатысушы мемлекеттерге ресми сапармен келетін шетел мемлекеттері басшыларының, шетел мемлекеттері үкіметтері басшыларының, сыртқы істер министрлерінің;
      4) кеден одағына қатысушы ң мемлекеттердің халықаралық шарттарына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес өзге де тұлғалардың жеке багаждары жатпайды.
      3. Кедендік қарап тексеруден:
      1) шетел әскери кемелері, әскери әуе кемелері және өздігінен жүретін әскери техника;
      2) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарының арнайы өтініштеріне сәйкес кедендік шекара арқылы өткізілетін әскери мүлік босатылады.

      195-бап. Кеден органдарының кедендік бақылауды жүргізу
                кезінде тұлғалар туралы ақпарат жинауы

      1. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында кеден органдары тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізуіне байланысты сыртқы экономикалық қызметті немесе мына мәліметтерді қосатын:
      1) мекемелердің құрылтайшылары туралы;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы;
      3) кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүлік құрамы туралы;
      4) ашық банктік шоттар туралы;
      5) сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қызметі туралы;
      6) мекеменің орналасқан жері туралы;
      7) салық органында салық төлеуші ретінде есепке тұруы және салық төлеушінің бірдейлендіру (тіркеу, есептік) нөмірі туралы;
      8) кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген тұлғалардың төлеу қабілеттілігі туралы;
      9) жеке тұлғаларға қатысты - азаматтардың дербес деректері туралы (аты, тегі, әкесінің аты, туылған күні және орны, жынысы, тұрғылықты мекенжайы, жеке тұлға екендігін растайтын құжаттар дерегі, салық төлеушінің бірдейлендіру (тіркеу, есептік) нөмірі, сондай-ақ олардың кедендік шекара арқылы тауарлар өткізу жиілігі туралы кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат жинауға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар кеден органдарында бар өзі туралы құжаттамалық ақпаратпен танысуға және оның толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында осы ақпаратты анықтауға құқығы бар.
      3. Кеден органдары кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде тұлғалар туралы ақпаратты жинауды, сондай-ақ кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттік органдардан көрсетілген ақпаратты алу тәсілімен жүзеге асырады.

      196-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде техникалық
                құралдарды және кемелерді пайдалану

      1. Кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту және оның тиімділігін көтеру мақсатында кеден органдары олардың тізбесі мен қолданылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.
      Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болуы тиіс және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарға зиян келтірмеуі тиіс.
      2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау кеден органдарының теңіз (өзен) және әуе кемелерін пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.
      3. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының теңіз (өзен) және әуе кемелерін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

      197-бап. Кедендік бақылау үшін қажетті тауарлар мен көлік
                құралдарға қатысты жүк және өзге де операциялар

      1. Кеден органының талабы бойынша декларант, қойманың иесі, кеден өкілі және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға тауарларды тасымалдауды, өлшеуді немесе тауарлардың санына өзге де анықтауды, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, орамның зақымданған жерлерін жөндеуді, орамды ашуды, орауды не қайта орауды, мұндай тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашуды жүргізуге міндетті.
      2. Тасымалдаушы ол тасымалдайтын тауарларға және мұндай тауарлар тасымалданатын көлік құралдарға қатысты жүк және өзге де операцияларды жүргізуге ықпал етуге міндетті.
      3. Тауарлар мен көлік құралдарға қатысты жүк және өзге операциялар кеден органы үшін қандай да бір шығыстарға әкеп соқпауы тиіс.

      198-бап. Тауарлар мен көлік құралдарды, үй-жайлар мен
                басқа да орындарды бірдейлендіру

      1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарларды, көлік құралдарды, үй-жайларды, ыдыстарды және кедендік бақылауға жататын тауарлар бар немесе болуы мүмкін басқа да орындарды бірдейлендіруі мүмкін.
      Бірдейлендіру пломбаларды қою, мер басу, сандық, әріптік және өзге де маркалау, бірдейлендіру белгілерін салу, мөртаңбалар қою, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, сызбалар жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, көрнекілер жасау, тауарға ілеспе құжатын және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
      2. Бірдейлендіру құралдарын қолдану және дайындау тәртібін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      3. Кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру құралдары ретінде пломбалар, мөрлер немесе шетел мемлекеттерінің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жіберушілер немесе тасымалдаушылар қолданатын бірдейлендірудің өзге де құралдары танылуы мүмкін.
      4. Егер тауарларды жою, қайтарымсыз жоғалту немесе елеулі түрде бүлдірудің нақты қауіпінің болу жағдайларын қоспағанда, бірдейлендіру құралдарын тек кеден органдары немесе олардың рұқсатымен ғана өзгертуі, алып тастауы немесе жоюын жүзеге асырады. Кеден органына бірдейлендіру құралдарын өзгерту, алып тастау немесе жою туралы тез арада хабарланады және аталған қатердің бар екендігіне дәлелдемелер ұсынылады.
      Кеден органы бірдейлендіру құралдарын өзгерту, алып тастау, жою немесе айырбастау туралы акті Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленетін нысан бойынша жасайды.

21-тарау. Кедендік бақылауды жүргізу нысандары мен тәртібі

      199-бап. Кедендік бақылау нысандары

      Кедендік бақылау нысандары:
      1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
      2) ауызша сауалнама алу;
      3) түсіндірмелер алу;
      4) кедендік қадағалау;
      5)кедендік тексеру;
      6) кедендік тексеріп қарау;
      7) жеке кедендік тексеріп қарау;
      8) тауарлардың арнайы маркалармен маркалануын, оларда бірдейлендіру белгілерінің болуын тексеру;
      9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру;
      10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;
      11) тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті тексеру;
      12) кедендік тексеру болып табылады.

      200-бап. құжаттар мен мәліметтерді тексеру

      1. Кеден органдары мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқалылығын және (немесе) оларды толтыру және (немесе) ресімдеу дұрыстығын анықтау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексереді.
      2. Кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ кеден одағының кедендік заңнамасында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
      3. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы кедендік құжаттарда қамтылған ақпаратты тексеру мақсатында жазбаша нысанда қосымша құжаттар мен мәліметтерге сұрау салуға құқылы.
      4. Егер осы Кодексте тікелей өзге көзделмесе, осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтерге сұрау салу және оларды тексеру тауарларды шығаруға кедергі жасамауы тиіс.

      201-бап. Ауызша сауалнама алу

      Осы Кодекске сәйкес кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары жеке тұлғалардан, олардың өкілдерінен, сондай-ақ кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар ұйымдардың өкілдері болып табылатын тұлғалардан көрсетілген тұлғалардың жазбаша нысанда түсініктемелерін ресімдеместен, ауызша сауалнама алуға құқылы.

      202-бап. Түсіндірмелер алу

      1. Түсіндірмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының тасымалдаушылардан, декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтері бар өзге де тұлғалардан кедендік реттеу саласындағы қажетті ақпаратты алуы.
      2. Түсіндірмелер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жазбаша нысанда ресімделеді.
      3. Тұлғаны түсіндірме алу үшін шақыру қажет болған жағдайда, кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін жазбаша нысандағы хабарламаны ресімдейді.

      203-бап. Кедендік қадағалау

      Кедендік қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың, соның ішінде кедендік бақылаудағы көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге операциялардың жасалуын ашық, мақсатты, жүйелі немесе бір жолғы, тікелей немесе жанама түрде көзбен, соның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып қадағалауы.

      204-бап. Кедендік қарау

      1. Кедендік қарау - көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашпастан, тексерілетін объектілердің және олардың бөліктерінің бүтіндігін бөлшектеместен және бұзбастан, тауарларды, оның ішінде көлік құралдарды, жеке тұлғалардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын, кедендік пломбаларды, мөрлерді және өзге де бірдейлендіру құралдарын өзге де тәсілдермен тексеру.
      2. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарларды, оның ішінде халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, халықаралық почта жөнелтілімдерін, жеке тұлғалардың багажын тексеруі кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, саны туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін жайларында кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да салынған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растауды алу үшін жүзеге асырылады.
      3. Кедендік бақылау аймағында кедендік тексеру декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері кедендік қарау кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
      4. Кедендік қарау қаралатын объектінің ішкі құрылымын көзбен қарауды  және мұндай объектінің физикалық ерекше сипаттамасының болуы туралы өзге тәсілмен қамтамасыз ететін техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілуі мүмкін.
      5. Егер мұндай қараудың нәтижелері кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын болса, кеден органдарының лауазымды тұлғалары қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша акт жасайды.
      Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талабы бойынша кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік қараудың жүргізілген фактісі туралы акт жасауға, не көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжатта белгі қоюға міндетті.
      Кедендік қарау жүргізілгені туралы актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға табыс етіледі.

      205-бап. Кедендік тексеріп қарау

      1. Кедендік тексеріп қарау - оларға салынған кедендік пломбаларды немесе өзге де бірдейлендіру құралдарын ажырату, бөлшектеу немесе тексерілетін объектілерді және олардың бөлшектерін өзге тәсілдермен бұзу арқылы кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын, не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашуға байланысты іс-әрекеттері.
      2. Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы, мұндай тұлғалар белгілі емес болса, декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғаны кедендік тексеріп қараудың жүргізілетін жері және уақыты туралы хабардар етеді.
      Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз бастамасы бойынша кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы.
      Кедендік тексеріп қарауды жүргізудің басталу уақыты мұндай тұлғалардың келуінің ақылға қонымды мерзімдерін ескеру қажет.
      3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеріп қарау барысында және (немесе) көшпелі кедендік тексеру барысында жүзеге асырылатын кедендік тексеріп қарау кедендік бақылау аймақтарын құрмастан жүргізілуі мүмкін.
      4. Кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті ықпал етуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын жүргізетін жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады.
      5. Кеден органы декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде, мынадай жағдайларда:
      1) көрсетілген тұлғалар келмегенде, не мұндай тұлғалар белгісіз болғанда;
      2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікке, адамның, жануарлардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игілігін сақтауға қауіп болған кезде және кейінге қалдыруға болмайтын, соның ішінде егер тауарлар оңай жанатын заттар, жарылғыш қауіпті нәрселер, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі құралдары, психотроптық, қатты әсер ететін улы, токсинді, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да ұқсас тауарлар болып табылатынына белгілер бар болса, егер тауарлар жағымсыз иіс шығаратын өзге де жағдайларда;
      3) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелту кезінде;
      4) тауарларды кеден одағының кедендік аумағында олардың әкетілуін көздейтін кедендік режимді бұза отырып қалдыру кезінде кедендік тексеріп қарауды жүргізуге құқылы.
      Кедендік тексеріп қарау көрсетілген жағдайларда екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
      6. Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша екі данада кедендік тексеріп қарау актісі жасалады. Кедендік тексеріп қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары және оны жүргізу кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
      2) декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар болмаған кезде кедендік тексеріп қарауды жүргізу себептері;
      3) кедендік тексеріп қарау нәтижелері;
      акт нысанымен көзделген өзге де мәліметтер.
      Егер бұл тұлға анықталса, актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға не оның өкіліне табыс етіледі (жіберіледі).

      206-бап. Жеке кедендік тексеріп қарау

      1. Жеке кедендік тексеріп қарау кедендік шекара арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін тауарларды өзінде жасырып және ерікті түрде бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде кеден органы басшысының (бастығының), оны алмастырушы тұлғаның жазбаша шешімі бойынша жүргізілетін кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады.
      Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім кеден органы лауазымды тұлғасының мәлімдемесінде бұрыштама қою арқылы жазбаша нысанда қабылданады не жеке құжатпен ресімделеді.
      2. Жеке кедендік тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды тұлғасы жеке тұлғаға тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.
      Жеке тұлғаның жеке кедендік жеке тексеріп қарау туралы шешіммен танысу фактісін көрсетілген тұлға мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімдегі тиісті жазбамен куәландырылады. Мұндай әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда бұл туралы жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді жариялаған кеден органының лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылатын белгі жасалады.
      3. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы лауазымды тұлғасының әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге, тексеріліп қаралатын тұлғаның денсаулығына құқыққа жатпайтын зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс.
      4. Өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:
      1) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу басталғанға дейін кедендік тексеріп қарауды жүргізу шешіммен және тәртібімен танысуға;
      2) өз құқықтары мен міндеттерімен танысуға;
      3) түсініктемелер беруге және қолдаухаттар мәлімдеуге;
      4) кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін, өзінде жасырған тауарларды өз еркімен беруге;
      5) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізетін кеден органы лауазымды тұлғасының жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы актіге міндетті түрде енгізе отырып, өтініш жасауға;
      6) ана тілін пайдалануға, сондай-ақ аудармашының қызметтерін пайдалануға;
      7) оны жасауды аяқтау бойынша кедендік тексеріп қарауды жүрігізу туралы актімен танысуға және актіге енгізуге жататын өтініштер жасауға;
      8) жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағымдануға құқығы бар.
      5. Жеке кедендік тексеріп қарау барысында тексеріліп қаралатын тұлға немесе оның заңды өкілі жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды тұлғасының заңды талаптарын орындауға міндетті.
      6. Жеке кедендік тексеріп қарауды тексеріліп қаралатынмен бір жыныстағы кеден органының лауазымды тұлғалары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуіне және олардың тарапынан жеке кедендік тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатынның денесін тексеріп зерттеуді қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып, медицина қызметкері ғана жүргізуге тиіс.
      Медициналық қызметкер жеке кедендік тексеріп қарау туралы шешімді орындаудан жалтаруға құқылы емес.
      Кәмелетке толмаған немесе қабілетсіз жеке тұлғаны жеке кедендік тексеріп қарау кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар, қорғауға алушылар) немесе оның алып жүретін тұлғалар қатысуға міндетті.
      7. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін нысан бойынша екі данада акті жасалады. Бұл акті жеке кедендік тексеріп қарау барысында не тікелей ол аяқталғаннан кейін жасалуға тиіс.
      Актіге жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғасы, оған қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға не оның заңды өкілі немесе оны алып жүрген тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде - медициналық қызметкер қолдарын қояды.
      Оған қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлғаға не оның заңды өкіліне немесе оны алып жүрген тұлғаға жеке кедендік тексеріп қарау туралы актінің екінші данасы ол жасалғаннан кейін дереу табыс етіледі.

      207-бап. Тауарлардың арнайы маркалармен маркалануын,
                оларда бірдейлендіру белгілерінің болуын тексеру

      1. Кеден органдары тауарларда немесе олардың орамдарында арнайы маркалардың, бірдейлендіру белгілерінің немесе кеден одағының кеден заңнамасымен және/немесе кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамаларымен көзделген жағдайларда, олардың кеден одағының кедендік аумағына әкеліну заңдылығын растау үшін пайдаланылатын өзге де тәсілдермен тауарларды белгілеулердің болуына тексеру жүргізеді.
      2. Тауарларда арнайы маркалардың, бірдейлендіру белгілерінің немесе тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болмауы, егер онда мұндай тауарлар табылған тұлға, декларант не өзге де мүдделі тұлға керісінше дәлелдемесе, кеден одағының кедендік аумағына кедендік операцияларды жасамастан және тауарларды шығармастан жүзеге асырылған тауарларды әкелу ретінде қаралады.

      208-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау

      1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау кедендік бақылаудағы, оның ішінде шартты шығарылған, уақытша сақтау орындарындағы, кеден қоймаларындағы, бажсыз сауда дүкендеріндегі және кедендік бақылаудағы тауарлар болуы мүмкін өзге де жерлердегі, сондай-ақ оларда тауарлар осы Кодекспен көзделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес болуы тиіс тауарлардың болуын растау мақсатында жүргізіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды кеден органдары осы тұлғалардың үй-жайларында немесе аумақтарында осы Кодекспен көзделген тәртіпті бұзу арқылы кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және (немесе) ондағы тауарлардың болуы туралы ақпарат болған кезде, мұндай ақпаратты тексеру үшін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында, шекара аймағында, сондай-ақ тауарларды кедендік бақылау аймағы болып табылмайтын жерлерде сақтайтын, тауарларды көтерме немесе бөлшек саудалауды жүзеге асыратын тұлғаларда және тауарларға иелік ететін және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғаларда жүргізуі мүмкін.
      3. Кеден органдары үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды осы үй-жайлар мен аумақтардың осы Кодекстің 40, 47, 54, 185, 260, 334 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру мақсатында да жүзеге асыруы мүмкін.
      4. Тұрғын үй-жайларға кедендік қарау жүргізуге жол берілмейді.
      5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау нұсқаманы (нұсқауды) және кеден органы лауазымды тұлғасының қызметтік куәлігін көрсеткен кезде жүргізіледі.
      Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған нұсқаманың (нұсқаудың) нысанын кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
      6. Аумаққа және үй-жайларға кіргізуден бас тартқан жағдайда, кеден органдарының лауазымды тұлғалары аумаққа және үй-жайларға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді.
      Кеден органдары лауазымды тұлғаларының аумаққа және үй-жайларға кіруіне кедергі келтірген адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      7. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын жекелеген объектілерге кіргізудің арнайы тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.
      8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау оны жүргізу үшін қажетті ең аз. уақыт кезеңінде жүргізілуге тиіс және бір жұмыс күнінен артық жалғасуы мүмкін емес. Кедендік қарауды жүргізу уақытының кезеңі кемінде бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
      9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша акті жасалады. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарау актісінің екінші данасы үй-жайлары немесе аумақтары қаралған тұлғаға табыс етілуге (жіберілуге) жатады.

      209-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу

      1. Кеден органдары, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияны пайдалана отырып, кедендік бақылаудағы тауарлардың және олармен жасалатын кедендік операциялардың есебін жүргізеді.
      2. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу тәртібін және нысанын кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтайды.

      210-бап. Тауарларды есепке алу жүйесін және олар бойынша
                есептілікті тексеру

      1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, арнайы оңайлатуларды пайдаланатын, сондай-ақ шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар кеден органдарының талабы бойынша кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, сатылатын, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептілікті ұсынуға міндетті.
      2. Есептілікті ұсыну нысанын және тәртібін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
      3. Кедендік бақылаудың нысаны ретінде тауарларды есепке алу жүйесін тексеру мынадай жағдайларда:
      1) осы Кодекске сәйкес арнайы оңайландыруларды қолданған кезде;
      2) тауарларды шартты түрде шығарған кезде;
      3) кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;
      4) мұндай тауарлардың есебін жүргізуді көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарларға қатысты жүргізіледі.

      211-бап. Кедендік тексеру

      1. Кеден органдары кедендік тексеруді тұлғалардың кеден одағының кеден заңнамасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтауын тексеру мақсатында жүргізеді.
      2. Кеден одағына қатысушы мемлекеттің кеден органы кедендік тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген, тексерілетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
      Тексерілетін тұлғалар деп:
      1) декларант;
      2) кеден өкілі;
      3) тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
      4) шығарылғаннан кейін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға немесе оның өкілі;
      5) тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға;
      6) бажсыз сауда дүкендерінің, кеден және өзге де қоймалардың иелері;
      7) уәкілетті экономикалық оператор;
      8) тиісті кеден рәсімдермен орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама қатысқан өзге де тұлғалар;
      9) оның иелігінде және (немесе) пайдалануында кеден одағының кеден заңнамасымен және осы Кодекспен көзделген тәртіпті бұза отырып, оның  ішінде кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың болуы туралы оған қатысты ақпарат бар тұлға түсініледі.
      3. Кеден органдары кедендік тексеру кезінде:
      1) тауарлардың кедендік рәсіммен орналасу фактісін;
      2) кедендік декларацияда және тауарларды декларациялау кезінде ұсынылған өзге де құжаттарда мәлімделген, тауарларды шығару туралы шешім қабылдауға әсер еткен мәліметтердің дұрыстығын;
      3) шартты шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуы;
      4) кедендік реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кеден одағының кеден заңнамасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптардың сақталуын;
      5) уәкілетті экономикалық операторының мәртебесін беру үшін қажетті талаптарға тұлғалардың сәйкестігін;
      6) кедендік рәсімдер талаптарының сақталуын;
      7) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының сақталуын;
      8) мемлекеттік органдармен және шетел мемлекеттерінің органдарымен ақпараттық алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді;
      9) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес осы Кодекстің 9-тарауымен анықталған тауарларды жіктеу дұрыстығын;
      10) осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау дұрыстығын;
      11) осы Кодекстің 10-бабына сәйкес тауарлардың шығу елін айқындау дұрыстығын;
      12) осы Кодекстің 13-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер алу, тарифтік преференцияларды беру заңдылығын;
      13) осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес кедендік бажды төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша шарттардың сақталуын;
      14) кедендік баждарды, салықтарды есептеу және оларды осы Кодекспен белгіленген мерзімдерде төлеу дұрыстығын;
      15) осы Кодекспен белгіленген мерзімдердің ішінде құжаттарды сақтау бойынша міндеттеменің орындалуын;
      16) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсыну кезінде осы Кодекспен белгіленген талаптардың орындалуын;
      17) олармен орналастырған кезде тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын кеден одағының кеден заңнамасымен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын;
      18) кеден одағының кеден заңнамасымен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де талаптарды тексереді.
      4. Кедендік тексеру кедендік рәсімдегі тауарларды өткізу кезінде ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді және кеден органында бар өзге де мәліметтерді бухгалтерлік есеп және есептілік деректерімен, шоттармен және кеден одағының кеден заңнамасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен алынған басқа ақпаратпен салыстырып тексеру арқылы жүргізіледі.
      5. Кедендік тексеру жүргізу кезінде осы Кодекстің 199-бабымен белгіленген кедендік бақылаудың өзге де нысандары пайдаланылуы мүмкін.
      6. Кедендік тексеруді жүргізу алдында процесінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі анықталатын, қажет болғанда оны жүргізу бағдарламасы әзірленетін дайындық жұмысы болуға тиіс.
      7. Кедендік тексеру камералық кедендік тексеру немесе көшпелі кедендік тексеру нысанында жүзеге асырылады.
      8. Кедендік тексеруге қатысу үшін басқа да бақылаушы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тартылуы мүмкін.
      9. Кедендік тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталған кезде кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
      10. Кедендік тексеру жүргізу тәртібі осы Кодекстің 24-тарауымен анықталады.
      11. Кедендік тексеру нәтижелері және кедендік тексеру нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 24-тарауымен анықталады.

22-тарау Кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі

      212-бап. Өзара әкімшілік көмек

      1. Осы тараудың мақсаттары үшін өзара әкімшілік көмек деп кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің кеден органының кеден одағының кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету және кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу, оларды тергеу мақсатында кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша немесе онымен бірлескен әрекеттері түсіндіріледі.
      2. Өзара әкімшілік көмек:
      1) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдарының арасындағы ақпарат алмасуды;
      2) кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тануды;
      3) кеден одағына қатысушы мемлекеттер бірінің кеден органының кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің тапсырмасы бойынша осы Кодекспен белгіленген кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуді қамтиды.
      Өзара әкімшілік көмек кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының өзара іс-қимыл жасасуының өзге де түрлерін қамтуы мүмкін.

      213-бап. Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу

      Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес, оның ішінде ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

      214-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тану

      Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін не одан тысқары жерлерге әкетілетін, кедендік бақылаудағы, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалданатын, уақытша сақталатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары қабылдаған шешімдерді кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары өзара таниды және кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген жағдайларда кеден одағының кедендік аумағында оның тең заңды күші болады.

      215-бап. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірінің
                кеден органының кеден одағына қатысушы
                мемлекеттің басқа кеден органына тапсырмасы
                бойынша кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын
                жүргізуі

      Кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында кеден одағына қатысушы мемлекеттер бірінің кеден органы кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің кеден органына кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуді тапсыруға құқылы.
      Кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізу туралы тапсырманы жіберу және орындау негіздемелері, нысаны, тәртібі кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарымен анықталады.

23-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі

      216-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесінің жалпы ұғымдары
                және қолданылу мақсаттары

      1. Кеден органдары тәуекелдерді басқару жүйесін тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, мұндай тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына, құжаттар мен тұлғаларға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылау дәрежесін айқындау үшін қолданады.
      Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулысымен анықталады.
      2. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:
      1) кеден органдарының құзыреті шегінде ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікті, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны күзету бойынша шараларды қамтамасыз ету;
      2) жоғары тәуекел салаларына назар қою және иелікте бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
      3) кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, болжау және олардың алдын алу;
      4) декларантқа және кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтайтын тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара арқылы өткізу үшін қолайлы жағдай жасау;
      5) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кедендік рәсімдерді жүргізуді тездету болып табылады.
      3. Одақтық кеден органдары тәуекелдерді азайту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы ақпаратпен, сондай-ақ халықаралық шарттардың тәртібімен кедендік бақылау жүргізу нәтижелілігін көтеруге ықпал ететін өзге де ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асырады.
      4. Кеден одағының комиссиясы оларға қатысты одақтық кеден органдары міндетті тәртіпте оларды азайту бойынша шаралар әзірлейтін және қолданатын тәуекелдердің саласын анықтауы мүмкін.

      217-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде
                пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы тараудың мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел - Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын мүмкін болатын сақтамау дәрежесі;
      2) тәуекелді талдау - тәуекелдің туындау жиілілігін және тәуекел туындаған кезде мүмкін болатын салдардың көлемін анықтау үшін қолда бар ақпаратты жүйелі пайдалану. Тәуекелдер екіге бөлінеді: анықталған және ықтимал;
      3) анықталған тәуекел - кедендік реттеу саласындағы құқық бұзушылық жасалғанда және кеден органдарында мұндай құқық бұзушылық туралы ақпарат болғанда, белгілі тәуекел;
      4) ықтимал тәуекел - бұл анықталмаған тәуекел, бірақ оның туындауы үшін жағдайлар бар;
      5) тәуекел тауарлары - оларға қатысты тәуекелдер анықталған немесе ықтимал тәуекелдер бар, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар;
      6) жасырын тауарлар - жеткілікті мүмкіндік дәрежесімен тәуекел тауарларының орнына декларациялануы мүмкін тауарлар;
      7) тәуекел саласы - оларға қатысты кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолдану немесе оларды жиынтықта қолдану талап етілетін тәуекелді талдау объектілерін кеден органдарының топтастыруы;
      8) тәуекелдердің индикаторлары -бақылау объектісін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, кеден органдары алдын ала белгілеген параметрлері бар тәуекел көрсеткіштері;
      9) тәуекелді бағалау - бағалау және кеден органдары тәуекел деңгейін алдын ала анықтаған көрсеткіштермен салыстыру жолымен тәуекелді басқару басымдықтары жүйелі анықтау;
      10) тәуекел профилі - тәуекелдің саласы, тәуекелдің индикаторлары туралы мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу немесе азайту бойынша қажетті шаралар қолдану туралы нұсқаулар;
      Қолданылу өңіріне қарай тәуекел профильдері екі түрлі болуы мүмкін: республикалық (қолданылу өңірі - Қазақстан Республикасының аумағы), өңірлік (қолданылу аймағы - орталық кеден органының бір немесе бірнеше аумақтық бөлімшелерінің қызмет аймағы);
      11) тәуекелдерді басқару - тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды әзірлеу және практикалық іске асыру, оларды іске асыру нәтижелілігін бағалау, сондай-ақ кедендік рәсімдердің жүргізілуін бақылау бойынша үздіксіз жаңартуды, кеден органдарында бар ақпаратты талдау және түзетуді көздейтін жүйелі жұмыс;
      12) тәуекелдің деңгейі-тәуекелдің туындау мүмкіндігінің және мүмкін болатын тәуекел салдарының деңгейі;
      13) кездейсоқ іріктеудің әдісі - белгісіз тәуекелді анықтау мақсатында белгіленген кезеңділікпен кедендік бақылау объектілерін бос іріктеу.

      218-бап. Тәуекелді талдаудың объектілері

      Тәуекелді талдаудың объектілеріне:
      1) кедендік бақылаудағы немесе ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар;
      2) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары;
      3) сатып алу-сату не айырбастаудың сыртқы экономикалық шарттарында (келісім-шарттарда), тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына арналған келісімдерде не өзге де құжаттарда бар мәліметтер;
      4) көліктік (тасымалдау), коммерциялық, кедендік және өзге де құжаттарда бар мәліметтер;
      5) декларанттардың және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғалардың қызметі;
      6) кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері жатады:

      219-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден
                органдарының қызметі

      1. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі мынадай міндеттерді орындауда көрінеді:
      1) кеден органдарының тәуекелдерін басқару жүйесінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру;
      2) Өзіне:
      тәуекелдерді талдау объектілерін;
      тәуекелдердің алдын алу және азайту бойынша шараларды қабылдаудың қажеттілігін анықтайтын тәуекелді талдаудың объектілері бойынша тәуекелдің индикаторларын;
      тәуекел туындаған жағдайда мүмкін болатын зиянды бағалауды жүйелі анықтауды қамтитын тәуекелді талдау және бағалау;
      3) Тәуекелдерді басқару бойынша:
      тәуекелдер туындауының мүмкін болуын және мүмкін болатын салдарды;
      тәуекелдердің алдын алу және азайту бойынша мүмкін болатын шаралардың қолданылуын талдауды;
      тәуекелді талдау объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын мүмкін болатын бұзушылықтарды ескере отырып, практикалық шараларды әзірлеу және іске асыру.
      2. Тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылаудың нысандарын қолданудың нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды кеден органы тұрақты негізде жүзеге асырады.
      3. Ақпаратты жинаудың және өңдеудің, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізудің, тәуекелдерді басқару бойынша шараларды әзірлеу және іске асырудың тәртібін орталық кеден органы белгілейді.
      4. Тәуекел профильдерінің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануы үшін арналған құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғаларға жариялауға жатпайды.

24-тарау. КЕДЕНДІК ТЕКСЕРУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

      220-бап. Камералдық кедендік тексеру

      1. Камералдық кедендік тексеру кедендік декларацияларда, коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және өзге де құжаттарда бар, тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтерді, бақылаушы органдарының мәліметтерін, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың қызметтері туралы кеден органдарында бар мәліметтерді зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.
      2. Камералдық кедендік тексеруді тексерілетін тұлғаға шықпастан, сондай-ақ нұсқаманы ресімдеместен кеден органының орналасқан жері бойынша кеден органы жүргізеді.
      3. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігін шектеместен жүзеге асырылады.

      221-бап. Көшпелі кедендік тексеру

      1. Кеден органы көшпелі кедендік тексеруді заңды тұлғаның орналасқан жеріне, жеке кәсіпкердің қызметті жүзеге асыратын жеріне және (немесе) олардың қызметтерін іс жүзінде жүзеге асыратын жеріне (бұдан әрі-тексерілетін тұлғаның объектілері) шығу арқылы жүзеге асырады.
      2. Көшпелі кедендік тексеру жоспарлы немесе жоспардан тыс болуы мүмкін.
      Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары әзірлейтін тексерулер жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
      3. Көшпелі кедендік тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі.
      4. Нұсқамаға кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылуға, ел таңбалық мөрмен куәландырылуға, кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнайы журналда тіркелуге тиіс.
      5. Нұсқама прокуратура органдарында тіркелген болуға тиіс.
      6. Кеден органының ұйғарымында мынадай мәліметтер болуға тиіс:
      1) кеден органында ұйғарымды тіркеу күні және нөмірі;
      2) ұйғарымды шығарған кеден органының атауы;
      3) тексерілетін тұлғаның толық атауы;
      4) салық төлеушінің тіркеу (бірдейлендіру) нөмірі;
      5) тағайындалған тексерудің мәні;
      6) кеден органының тексеретін тұлғаларының және кедендік тексеруге тартылған бақылаушы мемлекеттік органдардың тексеретін тұлғаларының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты;
      7) тексеру жүргізудің мерзімі;
      8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
      9) тексерілетін кезең.
      7. Осы нұсқаманың негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізілуі мүмкін.
      8. Осы баптың 17-тармағымен көзделген тексеру мерзімдерін ұзартқан жағдайда, алдыңғы ұйғарымның нөмірі және күні көрсетілетін қосымша ұйғарым ресімделеді.
      9. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін:
      1) кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын мүмкін болатын бұзушылықтар туралы растайтын кеден органдарының және мемлекеттің бақылаушы (қадағалаушы) органдардың деректер базаларында бар ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;
      2) кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын мүмкін болатын бұзушылықтар туралы растайтын болатын деректердің болуы;
      3) тұлғаның, оның ішінде кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратынының уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесін алуға өтініші;
      4) осы баптың 11-тармағына сәйкес қарсы көшпелі тексеру жүргізу қажеттілігі;
      5) шетелдік ұйымдармен сыртқы экономикалық мәмілелер жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы шетелдік мемлекеттің құзыретті органының өтініші (сұрау салу);
      6) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын бұзушылықтар туралы растайтын, мемлекеттік бақылаушы (қадағалаушы) органдар ұсынған мәліметтерді алу;
      7) шетел мемлекеттерінің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпараттық алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді тексеру;
      8) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен көзделген жағдайлар;
      9) кедендік тексерулер нәтижелері бойынша шығарылған актілердің орындалуын бақылау;
      10) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан және жергілікті өкілетті органдардан мемлекеттің заңды мүдделеріне залал келтіру не келтіру қаупі туралы ақпаратты және өтініштерді алу;
      11) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатымен олармен тексерілетін тұлғаның азаматтық-құқықтық қарым-қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
      12) тексерілетін тұлғаның оның қызметіне тексеру жүргізу туралы бастама өтініші;
      13) тексерілетін тұлғаны қайта құру және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа/таратылуға арналған құжаттарды беруі негіздемелер болып табылады.
      10. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың өзге де нысандарын қолданудың нәтижелері бойынша, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша тағайындалуы мүмкін.
      11. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажеттілігі жағдайында кеден органы тауарлармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша тексерілетін тұлғамен байланысты тұлғаларға қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізілуі мүмкін.
      Қарсы көшпелі кедендік тексеру жоспардан тыс болып табылады.
      12. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін сол бір тұлғаға қатысты жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі.
      Кеден органдары уәкілетті экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексерулерді үш жылда бір рет жүргізеді.
      Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі бойынша шектеу қойылмастан жүзеге асырылады.
      13. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер үшін тексерілетін тұлғаларды іріктеп алу:
      1) кеден органдарының ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып;
      2) алдыңғы тексерулердің, оның ішінде камералдық тексерулердің нәтижелері бойынша;
      3) мемлекеттік органдардан;
      4) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерден және ұйымдардан;
      5) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден және (немесе) өзге де бақылаушы мемлекеттік органдарынан;
      6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;
      7) ресми жолмен өзге көздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып жүргізіледі.
      14. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсырысты почта жөнелтілімімен тапсыру туралы хабарламамен қоса жібереді немесе мұндай хабарламаны оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
      Тексерілетін тұлғаның орналасқан жері бойынша болмауына байланысты хатты ұсынбау туралы растайтын белгісімен почта жөнелтілімін қайтару жоспарлы көшпелі кедендік тексерудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды.
      Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін тұлғаның хабарламаны алған күнінен бастап не адресатқа хатты тапсырмау туралы белгісі бар почта жөнелтілімінің кеден органына түскен күнінен бастап кемінде он бес күнтізбелік күннен кейін басталуы мүмкін емес.
      15. Тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру туралы нұсқаманың көшірмесін тапсырған күн көшпелі кедендік тексерудің басталған күні болып саналады.
      Кеден органының лауазымды тұлғасы кедендік тексеру туралы нұсқаманың көшірмесін тексерілетін тұлғаға тапсырады не тапсырысты почта жөнелтілімімен тапсыру туралы хабарламамен қоса жібереді.
      Кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін табыс ету кезінде тексерілетін тұлғаның басшысы не оның өкілі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың түпнұсқасында танысқаны туралы, сондай-ақ кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін алған күні және уақыты туралы белгі жасайды.
      Кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқамада ол туралы тиісті жазба жасайды.
      Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін алудан бас тартуы, сондай-ақ тұлғаның орналасқан жері бойынша болмауына байланысты адресатқа хаттың табыс етілмегенін растайтын белгі бар хабарламаны қайтару көшпелі кедендік тексерудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамадағы бас тарту туралы жазба күні не адресатқа хаттың табыс етілмегені туралы белгі бар хабарламаның кеден органына келіп түскен күні тексеруді бастау күні болып саналады.
      Көшпелі кедендік тексеруді жүргізуді бастар алдында тексерілетін тұлғаның объектісінде кеден органының лауазымды тұлғалары тексерілетін тұлғаның басшысына не оның өкіліне қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті.
      16. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға оның қызметімен байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер және толықтырулар енгізуге құқылы емес.
      17. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі екі айдан аспауы тиіс көрсетілген мерзімге тексерілетін тұлғаға құжаттар және мәліметтерді ұсыну туралы талаптарды тапсыру күні және мұндай құжаттар және мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды.
      Тексеруді жүзеге асыратын кеден органының шешімі бойынша көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін.
      Зерттеулер немесе сараптамалар жүргізу, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің немесе шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салуларды жолдау, тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды қалпына келтіру, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларға әсер ететін тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі кезінде тексеруді жүргізу кеден органы басшысының (бастығының) немесе шексіз мерзімге ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқамаға көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оны жүргізуді тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар енгізіледі және тексерілетін тұлға хабардар етіледі.
      18. Кедендік тексерудің аяқталуы бойынша кеден органының лауазымды тұлғалары:
      1) тексеру жүргізу орнын, акті жасау күнін;
      2) кеден органының тексеру жүргізген лауазымды тұлғаларының лауазымдарын, тегін, аттарын, әкелерінің аттарын;
      3) тексерілетін тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;
      4) тексерілетін тұлғаның орналасқан жерін, банк деректемелерін;
      5) тексерілетін тұлғаның басшысының және кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары өндіріп алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды тұлғаларының тегін, аттарын, әкелерінің аттарын;
      6) алдындағы тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді;
      7) тексерілетін тұлға ұсынатын құжаттар туралы мәліметтерді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, кедендік реттеу саласында анықталған құқық бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипатын;
      9) тексерулер нәтижелерін көрсете отырып, кедендік тексеру актісін жасайды.
      19. Кедендік тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары екі данада жасайтын және қол қоятын, кедендік тексерудің нәтижелері бойынша ресімделген тексеру актісін жасау күні көшпелі кедендік тексерудің аяқталу күні болып саналады.
      Мұндай құжаттың бірінші данасы кедендік тексерудің материалдарына қосылады, екінші данасы кедендік тексеру аяқталған күннен бастап бес күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға тапсырылады немесе тапсырысты почта жөнелтілімімен тапсыру туралы хабарламамен қоса жіберіледі.
      20. Егер кедендік тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар аяқталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жүргізіледі.
      21. Тексеру актісіне тексеру барысында алынған құжаттардың көшірмелері, есеп айырысулар және басқа да материалдар қоса беріледі.
      22. Тексеру актісі нөмірленуі, баулықталуы және кеден органының мөрімен бекітілетін тексеру актілерін тіркеудің арнайы журналына тіркеледі.
      23. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда тексеру актісінде тиісті жазба жүргізіледі.
      24. Тексерілетін тұлғаны кедендік тексерудің аяқталуы бойынша кеден органы тексеру актісінде көрсетілген кедендік төлемдер, салықтар бойынша қосымша есептеулер және өсімпұлдар негізінде осы Кодекстің 159-бабымен көзделген нысан бойынша кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылады.
      25. Хабарлама осы Кодекстің 160-бабымен көзделген тәртіпке сәйкес тексерілетін тұлғаға жіберіледі.
      26. Кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаны алған тексерілетін тұлға осы Кодекстің 160-бабымен белгіленген мерзімдерде оны орындауға міндетті.
      27. Тексерілетін тұлғаның тексеру нәтижелеріне осы Кодекспен көзделген тәртіпте және мерзімдерде шағымдалуға құқығы бар.
      28. Осы бап 201, 208 және 210-баптармен көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      222-бап. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін
                тексерілетін тұлғаның объектісіне кеден
                органының лауазымды тұлғаларының қолжетімдігі

      1. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманы және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне (тұрғын жайларды қоспағанда) көрсетілген тұлғалардың қолжетімдігін қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жекелеген объектілерге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары қол жетімділігінің арнайы тәртібі белгіленсе, онда мұндай қолжетімдік осы заңнамамен айқындалған тәртіпте жүргізіледі.
      3. Тексерілетін тұлға кеден органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге қолжетімдігінен мына жағдайларда, егер:
      1) кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқама және (немесе) қызметтік куәліктер көрсетілмесе;
      2) кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқамада кеден органдарының лауазымды тұлғалары және кедендік тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары көрсетілмесе;
      3) егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болса, лауазымды тұлғалардың объектіге қолжетімдігіне арнайы рұқсаты болмаса, бас тартуға құқылы.
      4) Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін лауазымды тұлғалардың объектіге қолжетімдігінен бас тартқан кезде хаттама жасалады.
      5. Хаттамаға тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалар және тексерілетін тұлға екі куәгердің қатысуымен қол қояды. Көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде тексерілетін тұлға бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме береді.
      Тексерілетін тұлға кеден органдарының лауазымды тұлғаларының және кедендік тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қолжетімдігін қамтамасыз етуден негіздемесіз бас тартқан жағдайда, олар екі куәгердің қатысуымен қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық үй-жайларды ашу арқылы объектіге кіруге құқылы. Кеден органдары қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық үй-жайларды ашу арқылы объектіге кірудің барлық жағдайлары туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарлайды.

      223-бап. Кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден
                органдарының лауазымды тұлғаларының құқықтары
                мен міндеттері

      1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары кедендік тексеру жүргізу кезінде:
      1) тексерілетін тұлғадан коммерциялық, көліктік құжаттарын, бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарын және басқа да, оның ішінде тексерілетін тауарларға қатысты электрондық тасымалдағыштағы ақпаратты талап етуге және алуға;
      2) тексерілетін тұлғалардан оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсетуді талап етуге;
      3) кедендік бақылау мақсаттары үшін есептілікті ұсынуды талап етуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті, ұйымдардың шоттары бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысына қатысты, оның ішінде банктік құпия бар ақпаратты банктерден және өзге де несиелік ұйымдардан талап етуге және алуға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық, басқа мемлекеттік органдардан, оның ішінде коммерциялық, банктік, салықтық және заңнамамен қорғалатын өзге де құпия бар қажетті ақпаратты және құжаттарды сұрауға және алуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде тауарларға түгендеу жүргізуге (түгендеу жүргізуді талап етуге);
      7) кедендік тексерулер жүргізуге байланысты халықаралық сұрау салуларды жіберуге;
      8) кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманы және қызметтік куәліктерді көрсете отырып, тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімдігіне;
      9) осы Кодекстің 25-тарауына сәйкес көшпелі кедендік тексерулер жүргізу кезінде акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыруға;
      10) кедендік тексерулер жүргізу кезінде алу актісін жасай отырып, тексерілетін тұлғадан құжаттарды не олардың көшірмелерін алуға;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен шығаруға не өзге тәсілдермен иелік етуге бағытталған әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне тауарларға тыйым салуға немесе оларды алуға;
      12) тауарлар орналасқан үй-жайларды мөрлеуге;
      13) кеден одағының заңнамасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де әрекеттерді жүргізуге құқығы бар.
      2. Кедендік тексерулерді жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары:
      1) тексерілетін тұлғаның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін тұлғаларға залал келтіруге жол бермеуге;
      2) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;
      3) кедендік тексерулер барысында алынған кез келген ақпаратты тек кеден мақсаттары үшін пайдалануға;
      4) кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде белгілі болған құпия мәліметтерді және салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия бар мәліметтерді жарияламауға;
      5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы қажетті ақпаратты тексерілетін тұлғаның талабы бойынша ұсынуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік тексерулерді жүргізу барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, тексерілетін тұлғаның келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға;
      7) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде, оның ішінде сараптаманы (зерттеуді) тағайындау және жүргізу кезінде, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу кезінде тексерілетін тұлғаны оның құқықтары және міндеттері туралы ақпараттандыруға;
      8) кеден одағының кеден заңнамасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      224-бап. Кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін
                тұлғаның құқықтары мен міндеттері

      1. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:
      1) кеден органдарынан Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының кедендік тексерулерді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы ақпаратты сұрауға және алуға;
      2) оның иелігіндегі тауарлардың шығу фактісін растайтын барлық бар құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға, сондай-ақ, кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
      3) осы Кодекспен белгіленген тәртіпте кеден органдарының шешімдеріне  және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға;
      4) кеден одағының заңнамасымен және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
      2. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:
      1) оларға қатысты кедендік тексеру жүрігізілетін тауарларды көрсетуге;
      2) кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімдерде оның қандай ақпарат тасымалдағышта орналасқанына қарамастан, қағаз тасымалдағыштағы қосымшамен мәліметтерді және құжаттарды ұсынуға;
      3) көшпелі кедендік тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың тексерілетін тұлғаның объектілеріне кедергісіз қолжетімдігін қамтамасыз етуге және жұмыс орнын ұсынуға;
      4) нұсқаманың түпнұсқасында кедендік тексеруді жүргізу туралы белгі жасауға;
      5) егер кедендік тексеру мақсаттары үшін қажетті құжаттама мемлекеттік және орыс тілдерінен өзге тілде жасалса, кеден органының тексеруші лауазымды тұлғаларына көрсетілген құжаттаманың аудармасын ұсынуға;
      6) кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманы көрсеткен күннен бастап екі күнтізбелік күннен кешіктірмей кеден органының тексеруші лауазымды тұлғаларына ақпаратты ұсынуға жауапты тұлғалар шеңберін анықтауға;
      7)кеден одағының заңнамасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      225-бап. Кедендік тексеруді жүргізу мақсаттары үшін
                құжаттарды және мәліметтерді ұсыну

      1. Салық және өзге де мемлекеттік органдар кеден органдарының сұрау салуы бойынша заңды тұлғаларды тіркеуге, салықтарды төлеуге және есептеуге қатысты қажетті құжаттарды және мәліметтерді, бухгалтерлік есептілікті және оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және заңнамамен қорғалатын өзге де құпияны сақтай отырып, өзге де құжаттарды және мәліметтерді ұсынады.
      2. Банктер және өзге де несиелік ұйымдар кеден органының сұрау салуы бойынша кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті ұйымдардың шоттары бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпия бар құжаттарды және мәліметтерді ұсынады.

25-ТАРАУ. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі кедендік сараптама

      226-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер

      Осы тарауда мынадай терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы - кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органдардың заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресімделген, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері және кедендік сараптаманың қорытындылары бар құжат;
      2) үлгі - тауардың (өнімнің) барлық партиясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне, сериясына сәйкес келетін тауар (өнім) бірлігі не белгіленген тәртіпте келешекте зерттеу мақсатында іріктеп алуы белгіленетін, жазбаша және көрінудің өзге де нысандарында ұсынылған ұқсас объект;
      3) сынама - оңтайлы қажетті, стандартизация бойынша құжаттамада белгіленген, ұсынылатын және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиеттерін сипаттайтын тауар немесе тауардың бөлігі;
      4) кедендік сарапшы - кедендік сараптамалар жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы;
      5) кедендік сараптама — кедендік реттеу саласында міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
      6) кедендік сараптаманың объектісі - тауарлар, көлік құралдары, бірдейлендіру құралдары, кедендік, коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттары және өзге де құжаттар, сондай-ақ кедендік сараптамаға жіберілетін тауарларға қатысы бар осы құжаттарда бар мәліметтер;
      7) кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым - кеден органы (оның өңірлік бөлімшелері) және кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті өзге де ұйымдар.

      227-бап. Кедендік сараптаманы тағайындау

      1. Кедендік сараптама кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның үй-жайларында да, егер бұл зерттеу ерекшеліктерін не кедендік сараптама объектісін жеткізу мүмкін еместігін ескергенде қажет болғанда, одан тыс жерлерде де жүрігізіледі.
      2. Егер кедендік операцияларды жасау кезінде туындаған мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етілсе, кедендік сараптама,тағайындалады.
      3. Кеден органдары кедендік сараптаманы тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді.
      Өзге уәкілетті ұйымдарға кедендік сараптаманы тағайындау кеден сарапшылардың мұндай сараптаманы жүргізуі мүмкін болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.
      Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті арнайы және (немесе) ғылыми танымдарға ие кез келген тұлға сарапшы ретінде тағайындалуы мүмкін.
      Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама жүргізу үшін тартылады.
      4. Кедендік сараптама тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына, кедендік операцияларды жасау үшін қажетті кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды бірдейлендіру құралдарына қатысты тағайындалады.
      5. Кеден органы не оның лауазымды тұлғасы оны жүргізу үшін негіздеме, кедендік сарапшының (сарапшының) тегі, аты-жөні немесе сараптама жүргізілетін ұйымның не кеден органының атауы, кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған сұрақтар, кедендік сарапшының (сарапшының) иелігіне ұсынылған материалдардың және құжаттардың тізбесі көрсетілетін кедендік сараптаманы тағайындау туралы жолдама, қаулы немесе анықтама түріндегі шешімді (бұдан әрі - шешім) жазбаша нысанда қабылдайды.
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешімде кедендік сарапшының (сарапшының) көрінеу жалған қорытынды бергені үшін жауапкершілік туралы ескерту жөнінде де көрсетіледі.
      Кеден органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысаны кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте.
      Форма решения таможенного органа о назначении таможенной экспертизы в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере таможенного регулирования.
      6. Кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның басшысы немесе оны алмастырушы, егер:
      1) кедендік сараптама жүргізу үшін ақпарат жеткіліксіз болған;
      2) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім тиісті деңгейде ресімделмеген;
      3) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде көрсетілген сынамалар немесе үлгілер орамының сақталуы сипатына сәйкес келмеген;
      4) уәкілетті кеден органының штатында талап етілетін білікті кедендік сарапшы болмаған;
      5) кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық база, арнайы шарттар болмаған;
      6) кедендік сараптамаға жіберілетін сынамалар немесе үлгілер жеткізу (тасымалдау) кезінде зақымдалған, бүлінген не ішінара жоғалған;
      7) сынамалар немесе зерттеулер жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілері болмаған және жеткіліксіз болған жағдайда, кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді орындамастан, кедендік сараптама жүргізу үшін ұсынылған материалдарды, құжаттарды, құжаттарды, сынамаларды қайтарады.
      6. Руководитель организации, проводящей таможенную экспертизу или лицо, его замещающее возвращает без исполнения решение о назначении таможенной экспертизы, представленные для проведения таможенной экспертизы материалы, документы, пробы я образцы в случае, если:
      7) отсутствия и недостаточности проб и образцов товара для проведения испытаний или исследования.
      7. Бас тарту себептері көрсетіле отырып, кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту жазбаша түрде ресімделеді. Ұсынылған материалдар, құжаттар, сынамалар мен үлгілер кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады.
      8. Кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап декларантты немесе кедендік тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаны сараптаманы тағайындау туралы жазбаша хабардар етеді.
      9. Кедендік сараптаманы жүргізуге шығыстар кеден органы кедендік сараптаманы тағайындаған бюджет есебінен өтеледі.

      228-бап. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі және
                мерзімі

      1. Кедендік сараптаманы жүргізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      2. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен бұдан аз мерзім. белгіленбесе, кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды өндіріске қабылдау күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұзартылуы мүмкін.
      Зерттеудің салыстыру (салыстырмалы) әдістерін қолдануды және әр түрлі ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды талап ететін, уақыты бойынша ұзақ болып табылатын, кедендік сараптаманың екі және одан артық объектілеріне зерттеу жүргізу кезінде кедендік сараптаманың мерзімі мұндай ұзартудың себебі көрсетіле отырып, кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның жазбаша рұқсатымен, егер тауарларды шығару кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүзеге асырылса, тауарларды уақытша сақтаудың мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
      3. Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі:
      кедендік сарапшының (сарапшы) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы алдында оған қосымша материалдарды, сондай-ақ сынамалар мен үлгілерді ұсыну туралы қолдаухаты болған;
      кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды тұлғасынан зерттеулер немесе сынаулар жүргізу барысында ұсынылған тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болған;
      кедендік сараптамаға кіріскен кедендік сарапшы (сарапшы) дәлелді себеп бойынша (уақытша еңбекке жарамсыздық, іссапар) болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады.
      4. Кедендік сараптама нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.

      229-бап. Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден
                органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын
                сарапшыны (маманды) тарту тәрітібі

      1. Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртібін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      2. Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы (маман) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына сарапшыда (маманда) қажетті арнайы және (немесе) ғылыми танымардың болуын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

      230-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) құқықтары мен
                міндеттері

      1. Кедендік сарапшы:
      1) кедендік сараптаманы жүргізуге қатысты материалдармен танысуға;
      2) кеден органының рұқсатымен кедендік сараптама өндірісіне басқа да сарапшыларды (сарапшыларды) тартуға;
      3) егер қойылған сұрақтар өз құзыретінен тыс болса, кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде кедендік сараптама жүргізуден немесе өз құзыретіне жатпайтын мәселелерге жауаптар ұсынудан бас тартуға;
      4) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдарды жазбаша түрде сұрауға;
      5) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті материалдар мен құжаттарды, оның ішінде зерттеу үшін сынамалар мен үлгілерді алуға;
      6) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы лауазымды тұлғасының келісімі бойынша өзінің арнайы және (немесе) ғылыми танымдарына және құзыретіне сәйкес оның алдына қойылған міндеттерді редакциялауға, анықтауға және нақтылауға;
      7) арнайы және өзге де дерек көздерде шығарылған ғылыми-техникалық ақпаратты пайдалануға;
      8) өзінің сынаулары және зерттеулерінің нәтижелерін және (немесе) сынамалар мен үлгілерге басқа зерттеу немесе сарапшы ұйымдары жүргізген зерттеу нәтижелерін пайдалануға;
      9) кедендік бақылау жүргізуге қатысуға;
      10) кедендік сараптама мәселелері бойынша консультациялар беруге құқылы.
      2. Кедендік сарапшы:
      1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;
      2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына кедендік мақсаттар үшін маңызға ие, олар бойынша сұрақтар қойылмаған жағдайлар туралы қорытындылар енгізуге;
      3) оларға жол берілудің және дұрыстығының сақталуы шартымен кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерге зерттеулер жүргізуге, зерттеулердің нәтижесін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын ұсынуға;
      4) кедендік сараптаманы жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де мақсаттарда пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге;
      5) кедендік сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерін сақтауға міндетті.
      3. Өзінің міндеттерін орындамаған және тиісті деңгейде орындамаған жағдайда, кедендік сарапшы (сарапшы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      231 - бап. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу
                  кезінде декларанттың, тауарларға қатысты
                  уәкілеттіктерге ие өзге тұлғаның және олардың
                  өкілдерінің құқықтары

      1. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде декларант, тауарларға қатысты уәкілеттіктерге ие өзге тұлға және олардың өкілдері
      1) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына олар бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындыларын алу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) қосымша сұрақтар қою туралы өтінішті мәлімдеуге;
      2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен танысуға және кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органынан осындай қорытындының көшірмесін алуға;
      3) кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының сынамалар мен үлгілерді іріктеп алуына қатысуға;
      4) қосымша немесе қайтадан кедендік сараптама жүргізуге өтініш жасауға құқылы.
      2. Декларанттың, уәкілеттіктерге ие өзге тұлғаның немесе олардың өкілінің тауарларға қатысты өтініші қанағаттандырылған жағдайда кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды тұлғасы тиісті шешім шығарады.
      Қолдаухатты қанағаттандырудан бас тартқан кезде кеден органының лауазымды тұлғасы бұл туралы қолдаухатты берген тұлғаға жазбаша нысанда дәлелді түрде хабарлауға тиіс.

      232-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

      1. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысында:
      1) кедендік сараптама жүргізудің орны, нөмірі және күні;
      2) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;
      3) кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшының (сарапшының) тегі, аты-жөні, оның біліктілігі;
      4) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптама жүргізу кезінде біле тұра жалған қорытынды бергені үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілгені туралы кедендік сараптама жүргізген ұйымның мөрімен расталған, оның қолымен куәландырылған белгі;
      5) кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған сұрақтар;
      6) кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың, сынамалар мен үлгілердің тізбесі;
      7) қолданылған әдістерді, пайдаланылған аспаптар мен жабдықтарды көрсете отырып, зерттеулердің мазмұны және нәтижелері, зерттеулердің нәтижелерін бағалау, қойылған сұрақтар бойынша түйіндер және олардың негіздемесі көрсетіледі.
      2. Кедендік сарапшының (сарапшының) немесе бірнеше сарапшылардың қорытындысын көрнекілейтін материалдар мен құжаттар сол қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып қолданылады.
      Қосымшаларға және (немесе) көрнекілеу материалдарына кедендік сарапшы (сарапшы) қол қояды және кедендік сараптаманы жүргізген ұйымның мөрімен куәландырылады.
      Егер кедендік сараптама бірнеше сарапшының қатысуымен өткізілген болса, қорытындыға барлық сарапшылар қол қояды және кедендік сараптаманы жүргізген ұйымның мөрімен расталады.
      Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысындағы түйіндер қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде жазылады, бұл ретте жауаптардың жүйелілігі қойылған сұрақтардың бірізділігіне сәйкес келуге тиіс.
      3. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы жазбаша түрде 2 (екі) данада ресімделеді, бір дана кедендік сараптама жүргізген ұйымда қалады, екінші дана кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына жіберіледі.
      4. Сарапшының қорытындысы және объектілер кедендік сараптамаға келіп түскен материалдарды есепке алу журналына тиісті жазба міндетті түрде енгізіле отырып, сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды тұлғасына қолын қою арқылы ілеспе хатпен беріледі, ол туралы журналға тиісті жазба жасалады және кедендік сараптама бойынша материалдарға тігілетін қажетті құжаттар қоса беріледі.

      233-бап. Кедендік сараптаманың түрлері

      1. Кедендік бақылау мақсаттары үшін кедендік сараптаманың мынадай түрлері жүргізіледі: бірдейлендіру, тауар танушылық, материал танушылық, технологиялық, криминалистік және өндірісінде қажеттілік туындайтын өзге де сараптамалар.
      2. Тартылатын кедендік сарапшылырдың (сарапшылардың) санына қарай дербес, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптама тағайындалады.
      Дербес сараптама - кедендік сарапшы (сарапшы) дербес жүргізетін сараптама.
      Комиссиялық кедендік сараптама - бір мамандықтағы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізетін сараптамасы. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасындағы келіспеушіліктер кезінде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы.
      Кешенді кедендік сараптама - іс үшін маңызы бар жағдайларды анықтау үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеу қажет болған жағдайда кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізетін кедендік сараптама. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) ол бойынша кедендік сараптама жүргізген қорытындының бөлігіне қол қояды.
      3. Кедендік сараптама алғашқы, қосымша және қайталама болып бөлінеді.
      Алғашқы сараптама - объектілерді, сынамаларды және үлгілерді зерделеу үшін кеден органының өтініші бойынша жүргізілетін кедендік сараптама.
      Қосымша сараптама - жаңадан ашылған жағдайлар бойынша тағайындалатын кедендік сараптама. Қосымша кедендік сараптаманың өндірісі сол немесе басқа кедендік сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады.
      Қайталама кедендік сараптама - декларант, сондай-ақ кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы алғашқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамалардың нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен келіспеген жағдайларда жүргізілетін кедендік сараптама.
      Қайталамас кедендік сараптама алғашқы және (немесе) қосымша сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыларды) қоспағанда, 2 (екі) және одан артық кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Алғашқы және және (немесе) қосымша сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама сараптаманы жүргізу кезінде қатысуы және комиссияға түсіндірме беруі мүмкін, алайда олар кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын зерттеуде және жасауда қатыспайды.
      Қайталама кедендік сараптаманы жүргізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      Қосымша және қайталама кедендік сараптамаларды жүргізу кезінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) міндетті түрде алғашқы сараптаманың нәтижелері ұсынылады.

      234-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері

      1. Кедендік сараптаманы жүзеге асыру мақсатында кеден органының лауазымды тұлғасы осы Кодекстің 223 және 299-баптарымен көзделген кедендік тексеруді және кедендік декларациялауды жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізеді. Тауарлардың сынамалары мен үлігілерін іріктеп алу, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, декларанттың не кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібі Қазақстан Республикасының Қаулысымен белгіленеді.
      Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажет болған кезде сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі.
      2. Егер кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде декларант не кедендік реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын тұлға немесе олардың өкілдері осы Кодекстің 205 бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда болмаса, кеден органының лауазымды тұлғасы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлігілерін іріктеп алуды өз бетінше жүргізуге құқылы.
      Декларант немесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде тауарлардың сынамалары мен үлігілерін іріктеп алуды жүрігізуден немесе оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды тұлғасы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлігілерін іріктеп алуды өз бетінше жүргізеді.
      3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері олардың зерттеу мүмкіндігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттау бойынша нормативтік құжаттамаға сәйкес талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде алынады Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша үш данада акт жасалады.
      Бірінші дана кеден органында қалады; екінші дана тауарлардың іріктеп алынған сынамаларымен және үлгілерімен қоса кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберіледі; актінің үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты уәкілеттіктерге ие өзге де тұлғаға, егер олар белгіленсе, олардың өкілдеріне табыс етілуге (жіберілуге) жатады.
      Кедендік сараптамаға жіберілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарлардың қасиеттеріне сәйкес оралады және Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша орамның сақталуын қамтамасыз ету жапсырмасымен мөрленеді.
      4. Декларант, тауарларға қатысты уәкілеттіктерге ие өзге де тұлға немесе олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілердің іріктеп алу кезінде қатысады. Көрсетілген тұлғалар кеден органдарының лауазымды тұлғаларына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға жәрдем беруге, оның ішінде өз есебінен қажетті жүк және өзге де операцияларды жүзеге асыруға міндетті.
      Кеден органдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін декларант, тауарларға қатысты уәкілеттіктерге ие өзге тұлғалар немесе олардың өкілдері болмаған кезде осы Кодекстің 195-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда іріктеп алады.
      Бұл жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу 2 (екі) куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
      5. Тауарлардың сынамалары және (немесе) үлгілері оларды орамның бүтіндігін бұзбастан алу мүмкін болмайтындай етіп оралады.
      6. Кеден органдары декларантта, тауарларға қатысты уәкілеттіктерге ие өзге де тұлғада немесе олардың өкілдерінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығыстарды өтемейді.
      7. Кедендік сараптаманың аяқталуы бойынша сынамалар мен үлгілер:
      тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу процесінде жұмсалған не зерттеулер және (немесе) сынаулар нәтижесінде жойылған;
      тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарлардың құрамы кедендік сараптаманы жүргізу барысында алынған тауарлардың құрамына сәйкес келмеу анықталған, оның нәтижесінде мұндай сынамалар мен үлгілер мерзімі стандарттау бойынша нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтауда қалған;
      тауарлардың сынамалары мен үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылуға немесе көмілуге жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды тұлғасына қайтарылуға жатады.

      235-бап. Сарапшылық қызмет саласындағы ынтымақтастық

      Кедендік зертханалар (олардың өңірлік бөлімшелері) осы Кодекске сәйкес бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпаратпен алмасу, кәсіби даярлық және кедендік сарапшылардың біліктілігін көтеру мақсатымен сарапшылық қызметті жүзеге асыратын кез келген ұйымдармен және қызметтермен байланыс орнатуға құқылы.

      236-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік
                сарапшыларын тарта отырып, кедендік сараптама
                жүргізу

      1. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы осы Кодекспен белгіленген тәртіпте, өз бастамашылығымен не кеден зертханасы басшысының қолдаухаты бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сараптама саласындағы кедендік сарапшыларын тарту туралы өтініш білдіруге құқылы.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік сарапшыларын тарта отырып, кедендік сараптаманы жүргізу осы Кодекспен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

26-тарау. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ТАУАРЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСТАУ

      237-бап. Кедендік бақылау жүргізу кезінде ұстауға жататын
                тауарлар мен құжаттар

      1. Кедендік бақылау жүргізу кезінде осы Кодекстің 244, 268, 283, 290, 312, 335, 338, 410 және 466-баптарымен белгіленген жағдайларда кеден органдарының лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар мәні болып табылмайтын тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстайды.
      2. Тауарлар және оларға арналған құжаттар ұсталған жағдайда кеден органы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша хаттама жасайды.
      3. Ұсталған тауарлар және оларға арналған құжаттар алынады және осы Кодекспен белгіленген мерзімдер ішінде кеден органдарында сақталады.
      Ұсталған тауарлар уақытша сақтау қоймаларына немесе кеден органы анықтаған өзге де орындарға орналастырылады.
      4. Кеден органдары тауарларды ұстаған кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстарды осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген, оларға тауарлар іс жүзінде қайтарылатын тұлғалар өтейді.
      Осы кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде мұндай тұлғалар талап етпеген, ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстар осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағының ережелерін ескере отырып, көрсетілген тауарларды сатудан алынған сома есебінен өтеледі.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.

      238-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған
                құжаттарды сақтау мерзімдері

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кеден органдары ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттарды бір ай ішінде, ал тез бұзылатын өнімдерді - жиырма төрт сағат ішінде сақтайды.
      2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар кеден органдарында үш тәулік ішінде сақталады.
      Ұсталған тауарларды сақтау мерзімі оларды ұстаған күннен бастап есептеледі.

      239-бап. Ұсталған тауарларды және оларға арналған
                құжаттарды қайтару

      1. Ұсталған тауарларды және оларға арналған құжаттар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе - тауарлардың меншік иесіне, ал меншік иесі шетелдік тұлға болып табылған не кеден органында тауарлардың меншік иесі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда - осы бапта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, ұстау кезінде тауарлар олардың иелігінде болған тұлғаларға (бұдан әрі - осы тарауда - декларант немесе өзге де тұлғалар) қайтарылады.
      2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде ұсталған, кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар осы аумақтан тыс жерлерге қайта әкету үшін кеден органына мұндай тауарларды қайтару үшін бірінші болып жүгінген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың кез келгеніне қайтарылады.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы тауарларды иеленуге жол берілсе, кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде ұсталған, кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым және (немесе) шектеулер салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар декларантқа немесе өзге де тұлғаға кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін қайтарылады.
      4. Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде ұсталған, кедендік шекара арқылы өткізуге шектеулер салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар осы Кодекске сәйкес кеден органына белгіленген шектеулерді сақтаудың және тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың құжаттамалық растауын ұсыну шартымен декларантқа немесе өзге де тұлғаларға осы аумақтан тыс қайта әкету немесе кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін қайтарылады.
      5. Осы баптың 2-4 тармақтарында көрсетілмеген өзге де жағдайларда, ұсталған тауарлар оларды кедендік рәсімдердің біріне орналастырғаннан кейін оларды осы кедендік рәсіммен орналастырған тұлғаларға не олардың өкілдеріне қайтарылады.
      6. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы тұлғаның сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру қажет болған кезде кеден органы тауарлармен бірге ұсталған құжаттарды мұндай тұлғаға тауарларды шығарғанға дейін қайтарады.

      240-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарлармен әрекет

      1. Кеден органдары ұстаған және осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген тұлғалар талап етпеген тауарлар осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзім ішінде сатылуға жатады, ал осы баптың 3-тармағымен белгіленген жағдайларда, мұндай тауарлар жойылуға немесе тауарларды өзгеше пайдалануға жатады.
      Жою, сондай-ақ мұндай тауарларды сақтау және тасымалдаумен байланысты шығыстар декларант немесе өзге тұлғаның, ал көрсетілген тұлғалар болмаған кезде - егер тауарлардың жеке санаттарына қатысты өзге көзделмесе, кеден органы тауарларды ұстаған Қазақстан Республикасы бюджетінің есебінен жүзеге асырылады.

      241-бап. Сақтау мерзімі өткен ұсталған тауарларды сатудан
                түскен сомаларға билік ету

      1. Осы кодекстің 240-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды сатудан алынған сомадан бірінші кезекте, ұсталған тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіммен орналастыру кезінде төленуге жататын, бұл тауарларды ұстау күніне есептелген, кедендік төлемдер мен салықтар мөлшеріндегі сома, екінші кезекте - тауарларды тасымалдау, сақтау бойынша шығыстар және осы тауарларды сатумен байланысты өзге де шығыстар ұсталынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұстауларды ескере отырып есептелген тауарларды сатудан алынған сома декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе - кеден органында олар туралы мәліметтер болған кезде, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте оларды сатудан түскен ақшалай қаражаттың түскен күнінен күннен бастап үш ай ішінде кеден органына жүгіну шартымен тауарлардың меншік иесіне қайтарылады.
      Кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды тауарларды сатудан түскен, қайтарылуға жататынын соманың бары туралы хабардар етеді.

ІІ. АРНАЙЫ БӨЛІК 4-бөлім. КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯНЫ БЕРУДІҢ АЛДЫНДАҒЫ
КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР 27-тарау. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК ШЕКАРА АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ
ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

      242-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу

      1. Барлық тұлғалар тең негіздемеде кеден одағының кеден заңнамасымен және осы Кодекспен белгіленген ережелерді сақтай отырып, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге құқылы.
      2. Тауарлар кедендік шекара арқылы кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіппен өткізіледі.
      Тауарлардың жекелеген санаттары, оның ішінде керек-жарақтар, жеке пайдалануға арналаған тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары үшін осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарымен оларды кедендік шекара арқылы өткізудің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
      3. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар кеден одағының кеден заңнамасымен және осы Кодекспен белгіленген тәртіпте кедендік бақылауға жатады.
      Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары және олардың лауазымды тұлғалары кеден одағының кеден заңнамасымен және осы Кодекспен көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы емес.
      4. Дүлей апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті ұстау не оқу-жаттығу өткізу бойынша акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық почта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарларды және материалдарды және осындай басқа да тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жүргізіледі.

      243-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындары

      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік (кедендік) шекаралары арқылы өткізу пункттері немесе Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған өзге де орындар тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындары болып табылады.

      244-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде
                тыйымдар мен шектеулерді сақтау

      1. Егер осы Кодекспен, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімімен және мұндай тыйымдар мен шектеулер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен өзге белгіленбесе, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу тыйымдар мен шектеулерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
      2. Кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған, кеден одағының кеден аумағына әкелінген тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен көзделмесе, кеден одағының кедендік аумағынан тез арада әкетілуге жатады.
      Көрсетілген тауарларды әкету бойынша шаралар қабылдау тасымалдаушыға не Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен өзге көзделмесе, олардың меншік иесіне жүктеледі.
      3. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен өзге көзделмесе, кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуге жатады.
      4. Егер әкелуге немесе әкетуге шектеу салынған тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу немесе мұндай аумақтан әкету кезінде шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар ұсынылмаса, осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері қолданылады.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды әкету мүмкін болмаған немесе оларды тез арада әкетуді жүзеге асырмаған жағдайда осы тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстауға жатады.

      245-бап. Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларды
                пайдалану және (немесе) билік ету

      1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету оларды кеден органы шығарғанға дейін кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіпте және шартта жүзеге асырылады.
      2. Оларды шығарғаннан кейін тауарларды пайдалану және (немесе) билік етуді кеден органы мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

      246-бап. Жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған
                тауарлар

      Кеден одағының кеден аумағына әкелінген, авария немесе ырық бермес күш әсері салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар оларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты, оның ішінде оларды уақытша сақтау кезеңінде кедендік операциялар жасағанға дейін, сондай-ақ кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде одан әрі оларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде кеден одағының кедендік аумағына жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған түрде әкелінген ретінде қаралады.

      247-бап. Мүдделі тұлғалардың тауарлардың сынамалары мен
                үлгілерін іріктеп алуы

      1. Мүдделі тұлғалар және бақылаушы мемлекеттік органдар кеден органының рұқсатымен осы Кодекспен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға алуға құқылы.
      2. Кеден органы тауарлардан сынамалары мен үлгілерін алуға, егер мұндай алу:
      1) кедендік бақылау жүргізуді қиындатпаса;
      2) тауарлардың сипаттарын өзгертпесе;
      3) кедендік төлемдер ме салықтарды төлеуден жалтаруға немесе тыйымдар мен шектеулерді сақтамауға әкелмесе, рұқсат береді.
      3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне арналған жеке кедендік декларация олардың тауарларға арналған декларацияда көрсетілуі шартымен берілмейді.

28-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНА КЕЛУІ

      248-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына
                келу орны және уақыты

      1. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келуі тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі - келу орны) және кеден органдарының осы орындарды жұмыс уақыты кезінде жүзеге асырылады.
      Тауарлардың жеке санаттары Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған келу орындарына ғана келуі мүмкін.
      Тауарлар кеден одағының кедендік аумағына Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған жағдайларда және тәртіпте келу орны болып табылмайтын өзге де орындарға келуі мүмкін.
      Кеден органдары келу орындарының тізбесін Кеден одағының комиссиясына жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жібереді.
      2. Кедендік шекараны кесіп өткеннен кейін тасымалдаушы әкелінген тауарларды келу орындарына немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзге де орындарға жеткізуге және кеден органына ұсынуға тиіс. Бұл ретте тауарлардың жай-күйін өзгертуге немесе олардың орамын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, мөрлерді және өзге де бірдейлендіру құралдарын өзгертуге, алынып тастауға, жоюға немесе зақымдауға жол берілмейді.
      3. Кеден органдары келу орындары, белгіленген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға міндетті.
      4. Осы тараудың ережелері кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан кеден одағының кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларға қолданылмайды.

      249-бап. Авария немесе ырық бермес күштің әсері кезінде
                қолданылатын шаралар

      1. Егер кедендік шекараны кесіп өткеннен кейін тауарларды авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан не тауарларды жеткізуге немесе белгіленген орындарда тоқтауды немесе қонуды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзге де жағдайларда жеткізу тоқтатылса, сондай-ақ егер су немесе әуе кемесі кеден одағының кедендік аумағында мәжбүрлі түрде тоқтау немесе қону жасаса, тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды жақын кеден органына апаруға немесе (егер олардың халықаралық тасымалдаудың көлік құралы зақымдалса) оларды тасымалдауды қамтамасыз етуге не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауға міндетті.
      2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.

      250-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына
                келуі туралы хабарлама

      1. Тасымалдаушы осы Кодекстің 251-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көліктің түріне қарай кеден органын кеден одағының кедендік аумағына келу туралы хабардар етуге міндетті.
      Құжаттарды тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар ұсынуы мүмкін.
      2. Тасымалдаушы, кеден өкілі не өзге де мүдделі тұлға кеден органына олардың кеден одағының кедендік аумағына іс жүзінде келгеніне дейін тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсынуға құқылы. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен көзделген жағдайларда тасымалдаушы тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсынуға міндетті.
      3. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық түрде ұсынуға құқылы.
      4. Аумағына тауар келіп түскен кеден одағына қатысушы мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттарды ұсыну кезінде мұндай құжаттардағы мәліметтерді аударуды аудармашы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.

      251-бап. Тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік
                құралына қарай кеден органына ұсынылатын
                құжаттар мен мәліметтер

      Тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушы мына құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға тиіс:
      1) автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
      құжаттар:
      халықаралық тасымалдаудың көлік құралына арналған құжаттар;
      көліктік (тасымалдау) құжаттары;
      Дүниежүзілік почта одағының актілерімен айқындалған, оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен ілесіп жүретін құжат;
      тасымалдаушыда бар тасымалданатын. тауарларға арналған коммерциялық құжаттар;
      халықаралық тасымалдаудың көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы;
      тауарларды тасымалдаушының атауы және мекенжайы;
      тауарлардың жөнелтуші елдің және межелі елінің атауы;
      тауарларды жөнелтуші және алушының атауы және мекенжайы;
      тасымалдаушыда бар коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және алушы туралы;
      жүк орындарының саны, оларды маркалауды және тауарлар орамаларының түрлері туралы;
      тауарлардың атауы, сондай-ақ Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірінші төрт белгіден кем емес деңгейдегі кодтары;
      тауарлардың брутто салмағы (килограммда) немесе ірі габаритті жүкті қоспағанда, тауарлардың көлемі (куб метрде);
      кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы;
      халықаралық тауар-көліктік жөнелтпе құжатын жасау орны және күні туралы мәліметтер.
      2) су кемелерімен халықаралық тамсымалдау кезінде:
      құжаттар:
      жалпы декларация;
      жүк туралы декларация;
      кеме керек-жарақтары туралы декларация;
      кеме экипажының жеке заттары туралы декларация; кеменің рөлі;
      жолаушылардың тізімі;
      Дүниежүзілік почта одағының актілерімен айқындалған, оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен ілесіп жүретін құжат;
      көліктік (тасымалдау) құжаттары;
      тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға коммерциялық құжаттар;
      мәліметтер:
      кемені және оның ұлттық тиістілігін тіркеу туралы;
      кеменің атауы және сипаттамасы;
      капитанның тегі;
      кеме агентінің тегі және мекенжайы;
      кемедегі жолаушылардың саны, олардың тегі, аттары, азаматтығы (бодандығы), туған күні және жері, отырғызу және түсіру порты;
      экипаж мүшелерінің саны және құрамы;
      кемені жөнелтуші және кіргізуші порттың атауы;
      тауарлардың атауы, жалпы саны және сипаттамасы;
      жүк орындарының саны, оларды маркалау және тауарлар орамасының түрлері туралы;
      тауарларды тиейтін және түсіретін порттың атауы;
      осы портта түсіруге жататын тауарларға арналған теңіз (өзен) шартының болуын және мазмұнын растайтын коносаменттердің немесе өзге құжаттардың нөмірі;
      бортта қалған тауарларды түсіретін порттың атауы;
      тауарларды жіберуші бастапқы порттардың атауы;
      кемедегі кеме керек-жарақтарының атауы және олардың санын көрсету;
      тауарлардың кемеде орналасуын сипаттау;
      кеме бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы туралы);
      кеме бортында кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың болуы (болмауы) туралы;
      қару-жарақты, оқ-дәрілерді қоса алғанда, кеме бортында қауіпті тауарлардың болуы (болмауы) туралы.
      3) әуе көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
      құжаттар:
      азаматтық авиация саласындағы (бас декларация) халықаралық шарттармен көзделген тасымалдаушының стандарттық құжаты;
      әуе кемесінің бортында өткізілетін тауарлар туралы мәліметтер бар құжат (жүк ведомосы);
      борт керек-жарақтары туралы мәліметтер бар құжат;
      көліктік (тасымалдау) құжаттары;
      тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттар;
      бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың багажы туралы мәліметтер бар құжат (жолаушы ведомосы);
      Дүниежүзілік почта одағының актілерімен айқындалған, оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен ілесіп жүретін құжат;
      мәліметтер:
      кеменің ұлттық тиістілігін және тіркеу белгілерін көрсету;
      рейстің нөмірі, ұшу бағытын, кеменің ұшып кету, келу пунктін көрсету;
      кемені пайдаланушының атауы;
      экипаж мүшелерінің саны туралы;
      кемедегі жолаушылардың саны, олардың тегі және аты-жөні туралы, қону және шығару пункттерінің атауы; тауарлардың атауы;
      жүк жөнелтпе құжатының нөмірі, әрбір жүк жөнелтпе құжаты бойынша орындардың саны;
      тауарларды тиеу пунктінің және түсіру пунктінің атауы; кемеге тиелетін немесе одан түсірілетін борт керек-жарақтарының мөлшері туралы;
      кеме бортында халықаралық почта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы) туралы;
      кеме бортында кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, құрамында есірткі, қатты әсер ететін құралдар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік құралдардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің болуы (болмауы) туралы;
      4) теміржол көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
      құжаттар:
      көліктік (тасымалдау) құжаттары;
      теміржол қозғалмалы құрамға арналған берілетін ведомость;
      керек-жарақтар туралы мәліметтер бар құжат;
      Дүниежүзілік почта одағының актілерімен айқындалған, оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерімен ілесіп жүретін құжат;
      тасымалдаушыда бар тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттар;
      мәліметтер:
      тауарларды жөнелтушінің атауы және мекенжайы;
      тауарларды алушының атауы және мекенжайы;
      жөнелтуші станцияның және тауарлардың межелі станциясының атауы;
      жүк орындарының саны, оларды маркалау және тауарлар орамасының түрлері туралы;
      тауарлардың атауы, сондай-ақ Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірінші төрт белгіден кем емес кодтары;
      тауарлардың брутто салмағы (килограммда);
      контейнерлердің бірдейлендіру нөмірлері.
      2. Тасымалдау жүзеге асырылатын көлік құралының түріне қарамастан кеден органын кеден одағының кедендік аумағына тауардың келуі туралы хабардар еткен кезде, осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларынан қоспағанда, тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.

      252-бап. Келу орындарында жасалатын кедендік операциялар

      1. Келу орындарында тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу), сондай-ақ тауарды кеден одағының кедендік аумағына жеткізген көлік құралын басқа көлік құралына ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Тауарларды түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу, тауарды кеден одағының кедендік аумағына жеткізген көлік құралын басқа көлік құралына ауыстыру кеден органының жұмыс уақытында және мүдделі тұлғаның сұрау салуы бойынша берілетін кеден органының рұқсатымен арнайы осы мақсаттар үшін арналған орындарда жүзеге асырылады.
      3. Келу орындарында тауарларды уақытша сақтаумен, оларды кедендік декларациялаумен және мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасауға жол беріледі.
      4. Егер порттың немесе теміржол станциясының технологиялық процесімен өзге белгіленбесе, тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтаумен немесе оларды кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды тауарларды кеден органына көрсеткеннен кейін үш сағат ішінде жасауға міндетті.
      5. Тауарларды келу орнынан кеден органы белгілеген орынға жеткізу, егер мұндай тауарлар жеткізу орнында өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаса немесе оларға қатысты кеден одағының кеден заңнамасымен көзделген өзге де кедендік операциялар жасалмаса, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      253-бап. Тауарлар кедендік аумаққа келген кезде кедендік
                әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша
                міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды
                төлеу мерзімі

      1. Тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет тауарлардың кедендік шекарадан кесіп өтуі кезінде туындайды.
      2. Тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келген кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) тауарларды келу орнына жеткізу және уақытша сақтау қоймасына орналастыру немесе келу орнында кедендік рәсіммен орналастыру, сондай-ақ, егер осы тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келгеннен кейін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орнынан шықпаса, тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келген кезде:
      1) тауарларды келу орнына жеткізбеген кезде - тауарлардың кедендік шекарадан кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарларды келу орнына жеткізбеу фактісінің анықталған күні;
      2) авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, тауарларды келу орнында жоғалту кезінде - тауарлардың кедендік шекарадан кесіп өткен күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды жоғалту фактісінің анықтаған күні;
      3) тауарларды келу орнында уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды кедендік рәсіммен орналастырмастан, келу орнынан кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде - тауарлардың кедендік шекараны кесіп еткен күні, ал бұл күн анықталмаса, - мұндай әкету фактісінің анықталған күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
      4. Кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік баждардың, салықтардың ставкаларының, кедендік құнның, олардың табиғи көріністегі (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасының және тауарлардың кедендік шекарадан өткен күніне, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды келу орнына жеткізбеу, оларды келу орнында жоғалту не келу орнында уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды кедендік рәсіммен орналастырмастан, келу орнынан кеден одағының кедендік аумағына әкету фактісі анықталған күніне қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамының негізінде есептелген, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

29 - тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНАН КЕТУІ

      254-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан
                кету орны мен уақыты

      1. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан кетуі тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі - кету орындары) және кеден органдарының осы орындарда жұмыс істеу кезінде жүзеге асырылады.
      Тауарлардың жекелеген санаттары кеден одағының кедендік аумағынан Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған кету орындарында ғана кетуі мүмкін.
      Тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кету орны болып табылмайтын басқа орындардан Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалған жағдайларда және тәртіпте кетуі мүмкін.
      Кеден органдары кету орындарының тізбесін жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып Кеден одағының комиссиясына жолдайды.
      2. Кеден органдары кету орындары, белгіленген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға міндетті.
      3. Осы тараудың ережелері кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан кеден одағының кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларға қолданылмайды.

      255-бап. Кету орындарында жасалатын кедендік операциялар

      1. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін тасымалдаушы кеден органына кедендік декларацияны не оларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжатты, сондай-ақ тауарлар тасымалы жүзеге асырылатын көлік түріне қарай, егер осы Кодекспен өзге көзделмесе, осы Кодекстің 251-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
      Тасымалдау жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін кеден органына осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағына сәйкес тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылады.
      Егер осы тауарлар кедендік одағының кедендік аумағына келгеннен кейін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарынан шықпаса, кедендік декларация не тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжат тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан кетуі үшін ұсынылмайды.
      2. Құжаттарды тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар ұсынуы мүмкін.
      3. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан кетуіне кеден органының рұқсаты кедендік декларацияда не оларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін өзге де құжатта және көліктік (тасымалдау) құжаттарында кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.

      256-бап. Тауарларға кеден одағының кедендік аумағынан кету
                кезінде қойылатын талаптар

      1. Осы тармақтың екінші бөлігімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы тауарлар кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орындарынан шықпаса, тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан оларды белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырған кезде не кеден одағының кедендік аумағына келуі кезінде олар болған мөлшерде және жай-күйінде кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге тиіс.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, табиғи тозу немесе кему салдарынан не тауарларды тасымалдаудың, тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан тауарлар мөлшерінің және (немесе) жай-күйінің өзгерулеріне, сондай-ақ көлік құралдарындағы төгілмейтін қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар мөлшерінің өзгерулеріне жол беріледі.
      2. тұлғалар, егер тауарлардың жоғалуы не жай-күйінің өзгеруі авария не ырық берме күш әсерінің салдарынан болған жағдайда осы баптың ережелерін сақтамағаны үшін, ал Қазақстан Республикасының техникалық регламентімен және стандарттарымен көзделген жағдайларда, - тауарлардың мөлшері туралы мәліметтер өзгерген кезде өлшеу әдістерінің ағаттықтары үшін жауапты болады.
      3. Олар бойынша тауарлар мөлшерінің азаюы болған себептерге қарамастан, кеден одағының тауарлары олардың белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылған кезінде мәлімделген мөлшерден аз мөлшерде кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуі мүмкін.

      257-бап. Авария, ырық бермес күштің әсері немесе өзге де
                жағдайлар кезінде қолданылатын шаралар

      1. Егер тауарларды авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан не тауарларды мұндай жеткізуге кедергі келтіретін өзге де тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар және тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды жақын кеден органына апаруға немесе (егер олардың халықаралық тасымалдаудың көлік құралы зақымдалса) оларды тасымалдауды қамтамасыз етуге не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауға міндетті.
      2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.

      258-бап. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік
                аумағынан кеткен кезде кедендік әкелу баждарын,
                салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
                тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кеден органы кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат берген кезінен бастап кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындайды.
      2. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеткен кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) тауарлардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өтуі кезінде;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, егер тауарлар кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткенге дейін жоғалған болса, шетелдік тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан кетуі кезінде тауарларды жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органы кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың кетуіне рұқсат берген күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
      4. Кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік баждардың, салықтардың ставкаларының, кедендік құнның, олардың табиғи көріністегі (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасының және тауарларды жоғалту күніне, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органы тауарлардың кедендік аумақтан кетуіне рұқсат берген күніне қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамының негізінде есептелген, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

25 - тарау. ТАУАРЛАРДЫ УАҚЫТША САҚТАУ

      259-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер

      1. Тауарларды уақытша сақтау - шетелдік тауарларды кедендік бақылаумен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес кеден органы шығарғанға дейін уақытша сақтау орындарында не кеден одағының кеден заңнамасымен көзделген өзге де әрекеттерді жасағанға дейін кедендік баждар мен салықтарды төлеместен сақтау.
      2. Тауарларды уақытша сақтау құбыржол көлігімен және электр желілері бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды.
      3. Тауарларға қатысты уәкілеттіктерге бар тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің уақытша сақтаудағы тауарларды пайдалануға, оның ішінде оларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарғанға дейін уақытша сақтау аумағынан әкетуге не осы Кодекспен көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқылы емес.

      260-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары

      1. уақытша сақтау қоймалары және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өзге де орындар тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады (бұдан әрі - уақытша сақтау орындары).
      Уақытша сақтау орындары мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
      1) меншігінде, шаруашылық қарамағында, жедел басқаруында немесе жалдауында уақытша сақтау орындары ретінде пайдалану үшін арналған үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы;
      2) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының сипаттамасына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал газды өткізген жағдайда - тиісіті есепке алу аспаптарының болуы;
      3) жанасқан тиеу-түсіру алаңдарды қосқандағы аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген болуға және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ететін бетон немесе асфальт жабындысы болуы тиіс;
      4) техникалық қалыпты подъезд жолдарының, сондай-ақ тауарларды тексеріп қарауға арналған орындардың, соның ішінде жүктерді кез келген тәулік кезінде тексеріп қарауға мүмкіндік беретін, электр жарығымен жарақталған жабық алаңдардың болуы;
      5) жанасқан тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары және алаңдар) қосқандағы аумақ бір почта мекенжайы бойынша бір аумақта орналасуға және барлық периметр бойынша бір үздіксіз қоршауы болуға тиіс;
      Халықаралық почта алмасу орнын уақытша сақтау орны ретінде тану үшін мұндай орын орамды ашпастан, жүктерге қарау жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықпен жарақталуға тиіс;
      Кеден немесе бос қойма үй-жайының бөлігін уақытша сақтау орны ретінде пайдаланған жағдайда ол үй-жайдың қалған бөлігінен үздіксіз қоршаумен оқшалануға тиіс.
      Уақытша сақтау орындары оларды уақытша сақтау орны ретінде пайдаланудың барлық мерзімі ішінде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
      2. Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
      3. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау жағдайын қажет ететін тауарлар, мұндай тауарларды сақтау үшін арнайы бейімделген уақытша сақтау орындарында сақталуға тиіс.
      Кеден органының қызмет аймағында мұндай тауарларды сақтау үшін бейімделген уақытша сақтау орындары болмаған жағдайда алушының жазбаша өтініші бойынша осы тауар кеден органының рұқсатымен, оның жауапкершілігімен, кедендік төлемдер мен салықтардың төленуі кезінде алушы айқындаған уақытша сақтау орындарына орналастырылады.
      4. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіпте расталады.

      261-бап. Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне
                енгізу тәртібі

      1. Заңды тұлға уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау орнының иесі болып танылады.
      2. Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу үшін тұлға өтініш берушінің атауы туралы, ұйымдық-құқықтық нысаны және үй-жайдың немесе алаңның орналасқан жері туралы мәліметтерді көрсете отырып, қызмет аймағында уақытша сақтау орны құрылатын орталық кеден органының аумақтық бөлімшесіне бос нысанда өтініш береді.
      3. Иесі өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс.
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, түпнұсқа және көшірме (өтінішті қараудың аяқталуы бойынша кеден органы өтініш берушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті);
      2) тұлғаны салық салушы ретінде тіркеуді растайтын құжат (өтінішті қараудың аяқталуы бойынша кеден органы өтініш берушіге түпнұсқаны қайтаруға міндетті);
      3) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      4) осы Кодекстің 260-бабының 1-тармағымен айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттар;
      5) уақытша сақтау орындарына арналған аумақтардың жоспарлары, үй-жайлардың немесе алаңдардың жобалары және сызбалары.
      4. Орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі өтінішті оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
      Орталық кеден органының аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес үй-жайлардың және аумақтардың осы Кодекстің 260-бабының 1-тармағымен айқындалған талаптарға сәйкестігіне қарау жүргізеді.
      5. Тізілімге енгізу туралы шешім орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
      6. Тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім осы бапқа сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш жалпы белгіленген тәртіпте қаралады.
      7. Тұлғаны уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда, орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі өтініш берушіге жазбаша нысанда хабардар етеді.
      8. Тұлғаны қайта тіркеу кезінде уақытша сақтау орнының иесі орталық кеден органының аумақтық бөлімшесін қайта тіркеу фактісі туралы хабардар етеді.

      262-бап. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлардың,
                ашық алаңдардың иелерінің міндеттері

      Уақытша сақтау орындарының иелері:
      1) үй-жайларды немесе ашық алаңдарды осы Кодекстің 260-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті тиісті жолмен жайластыруға;
      2) үй-жайлардан немесе ашық алаңдардан кедендік бақылаудан тыс уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алу мүмкіндігін болдырмауға;
      3) үй-жайлардағы немесе ашық алаңдардағы тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
      4) кедендік бақылауды жүзеге асыруға ықпал етуге;
      5) есеп жүргізуге (оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулысымен айқындалатын тәртіпте кеден органына келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есептілікті ұсынуға;
      6) кеден органдарының рұқсатынсыз сақталатын тауарларға және (немесе) көлік құралдарына бөтен тұлғалардың қолжетімдігін болдырмауға;
      7) олардың талабы бойынша кеден органдары лауазымды тұлғаларының сақталатын тауарларға және (немесе) көлік құралдарына қолжетімдігі қамтамасыз етуді қосқанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
      8) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген кезде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге;
      9) олар осы жұмыстарды оның ішінде орындауды жоспарлаған мерзімді көрсете отырып, кеден органын жөндеу жұмыстарының өндірісі туралы, уақытша сақтау орны көлемінің ұлғаюы не азаюы туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

      263-бап. Уақытша сақтау орны иесінің қызметін тоқтата тұру

      1. Орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі уақытша сақтау орны иесінің қызметін:
      1) уақытша сақтау орны иесінің жөндеу жұмыстарының өндірісі туралы, уақытша сақтау орны көлемінің ұлғаюы не азаюы туралы өтініші бойынша уақытша сақтау орнының иесі айқындаған мерзімге;
      2) уақытша сақтау оның иесі уақытша сақтау орындарына осы Кодекспен белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған кезде, - бір айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
      2. Уақытша сақтау орны иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім мұндай тоқтата тұрудың себебі көрсетіле отырып, орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      3. Ол бойынша оның қызметі тоқтатыла тұрған себептер жойылған кезде уақытша сақтау орны иесінің қызметі қайта жаңғыртылады.

      264-бап. Уақытша сақтау орындары иелерінің тізілімінен
                шығару

      1. Уақытша сақтау орындары иелерінің тізілімінен шығару үшін:
      1) осы Кодекспен белгіленген талаптарды және міндеттерді кезекті алты ай ішінде бірнеше рет бұзу;
      2) уақытша сақтау орнының иесі болып табылатын тұлғаны тарату не қайта ұйымдастыру (қайта өзгертуді қоспағанда);
      3) олар бойынша шешім бұрын тоқтатыла тұрған себептерді осы Кодекстің 263-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде жоймау;
      4) уақытша сақтау орындарына қатысты мүліктік құқықтарды тоқтату немесе өзгерту;
      5) уақытша сақтау орны иесінің өтініші негіздемелер болып табылады.
      2. Уақытша сақтау орындары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім мұндай тоқтатудың себебі көрсетіле отырып, орталық кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді.
      Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі.
      3. Тұлғаны уақытша сақтау орындары иелерінің тізілімінен шығарған кезде оларда сақтаудағы тауарлар осы баптың 2-тармағымен айқындалған бұйрықты қабылдау күнінен кейінгі күннен бастап отыз күнтізбелік күні ішінде уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жатады.

      265-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын өзге де орындарында
                сақтау

      1. Тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның жазбаша өтініші бойынша тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау:
      1) уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;
      2) көлік құралының алушыға тиесілі немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын аумақта болуы шартымен автомобиль көлік құралдарында;
      3) тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның меншігі болып табылатын не көрсетілген тұлға жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында жүзеге асырылады.
      2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеудің міндетті қамтамасыз етілуі кезінде осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы Кодекстің 325-бабының талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарындағы тауарларды уақытша сақтау мұндай тауарларды уақытша сақтаудың барлық мерзімі ішінде бірдейлендіру құралдарын сақтаудың қамтамасыз етілуі шартымен жүзеге асырылады.
      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау кезінде тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлға осы Кодекстің 260-бабымен белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      266-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға
                орналастыруды растайтын құжаттар

      1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттар ретінде өткізу пунктінде орналасқан кеден органы көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарды қабылдайды, ал межелі кеден органы транзиттік декларацияны немесе халықаралық шарттармен айқындалатын өзге де құжатты қабылдайды.
      2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      267-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен
                байланысты кедендік операциялар

      1. Тауарды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты уәкілеттілігі бар тұлғалар, олардың өкілдері кеден органына көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) немесе тауарлар, тауарларды жөнелтуші (алушы), жөнелтуші (межелі) елі туралы мәліметтері бар кедендік құжаттарды ұсынады.
      Мұндай құжаттар кеден органына электронды құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
      2. Кеден органы тауарды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттарды тіркеу туралы растауды бере отырып, мұндай құжаттарды кеден органына бергеннен кейін бір сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді.
      3. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен бастап тауарлар уақытша сақтаудағы болып саналады.

      268-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі

      1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды.
      2. Тауарларға қатысты уәкілеттігі бар тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша жүгінуі бойынша кеден органы көрсетілген мерзімді ұзартады.
      Тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімі 4 (төрт) айдан, ал халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) сақталатын халықаралық почта жөнелтілімдеріне, сондай-ақ әуе көлігімен өткізілетін, жолаушы алмаған немесе талап етпеген багажға қатысты - 6 (айдан) аспауға тиіс.
      Тауарлардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы баптың 1 -тармағымен белгіленген мерзімнен аз уақытша сақтау мерзімі белгіленуі мүмкін.
      3. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кеден органының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күнінен кейінгі күннен бастап есептеледі.
      4. Тауарларды уақытша сақтау мерзімінің өтуі бойынша кедендік рәсіммен орналастырылмаған тауарларды осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес кеден органдары ұстайды.

      269-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жасалатын
                операциялар

      1. Тауарларға қатысты уәкілеттілігі бар тұлғалар, немесе олардың өкілдері уақытша сақтауда тұрған тауарлармен оларды өзгермейтін жай-күйінде сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті кәдімгі операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарауға, өлшеуге, оларды уақытша сақтау орны шегінде ауыстыруға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген операциялар, оның ішінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу, бүлінген орамды түзету, сондай-ақ тауарларды кейіннен тасымалдауға дайындау үшін қажетті операциялар кеден органының рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.
      Егер оларды жүзеге асыру тауарларды жоюға немесе олардың жай-күйлерін өзгертуге әкеп соғатын болса, кеден органы мұндай операцияларды жүргізуге рұқсат беруден бас тартады.

      270-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу
                баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің
                туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу
                мерзімі

      1. Уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1)тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты уәкілеттіктері бар өзге де тұлғада- кеден органы тауарларды уақытша сақтау үшін осы ұсынылған құжаттарды тіркеген кезінен бастап;
      2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;
      3) тауарларды уақытша сақтау қоймалары болып табылмайтын орындарда уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада - кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты уәкілеттігі бар өзге де тұлғада, тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырған не өзге тұлға оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға уақытша сақтауға қабылдаған кезде;
      2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - олардың кедендік рәсіммен орналастырылуына байланысты тауарларды уақытша сақтау қоймасынан берген кезде;
      3) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада, - тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған кезде;
      4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда ұсталғанда тоқтатылады.
      3. Тауарларды уақытша сақтау кезінде:
      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезде тауарларға қатысты уәкілеттіктері бар өзге де тұлғада:
      авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан не тасымалдаудың (тасудың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не өзге тұлға оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін жоғалған жағдайда, мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күні;
      уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не өзге тұлға оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін берген жағдайда, -мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күні;
      2) тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:
      авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан не тасымалдаудың (тасудың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын жерге дейін жоғалған жағдайда, мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күні;
      уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды алушыға немесе өзге де тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастырғанға дейін берген жағдайда, - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күні;
      3) уақытша сақтау қоймасының не тауарларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада:
      авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан не тасымалдаудың (тасудың) және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақтаудағы тауарларды жоғалтқан жағдайда, - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл анықталмаса - тауарларды уақытша сақтау қоймасына не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастыру күні;
      уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақтаудағы тауарларды кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге тұлғаға берген жағдайда - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарларды уақытша сақтау қоймасына не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орынға орналастыру күні;
      тауарларды алушының қоймасында сақтаудағы тауарларды уақытша сақтау мақсатынан өзге түрде пайдаланған жағдайда - мұндай пайдалану күні, ал егер бұл күн анықталмаса - кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
      4. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік баждардың, салықтардың ставкаларының, кедендік құнның, олардың табиғи көріністегі (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасының және тиісінше осы баптың 3-тармағымен белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу мерзімі күніне қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамының негізінде есептелген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференцияларды және жеңілдіктерді ескерместен, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

5-бөлім. КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН
ОРНАЛАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР 31 - тарау. КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН
ОРНАЛАСТЫРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕР

      271-бап. Кедендік тазалауды және тауарларды кедендік
                рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік
                операцияларды жасау тәртібі

      1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операциялар кеден одағының кеден заңнамасымен айқындалған тәртіпте және жағдайларда жасалады.
      2. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі және технологиясы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, мұндай өткізу үшін пайдаланылатын көліктің түріне (автомобильдік, әуе, теміржол, теңіз, өзен және басқалар), тауарларды өткізетін тұлғалардың санаттарына қарай белгіленеді.
      4. Кеден органдары атынан тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес мұндай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жасайды.
      5. Кеден органдарының тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезіндегі талаптары негізделген болуға және кеден одағының кедендік заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет талаптармен шектелуге тиіс.
      6. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операциялар тауардың шығарылған, жөнелтуші және межелі еліне қарамастан бірдей қолданылады.

      272-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру

      1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кеден органына кедендік декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті құжаттар берілген кезден басталады.
      2. Ветеринарлық, фитосанитарлық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне жатқызылатын тауарлар тиісті бақылау жүзеге асырылғаннан кейін ғана кедендік рәсіммен орналастырылады.
      3. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарумен аяқталады.

      273-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен байланысты кедендік
                операцияларды жасау орны мен уақыты

      1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінде және олардың жұмыс уақытында жасалады.
      2. Декларанттың не кеден өкілінің дәлелді сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты жекелеген кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінен мен жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.

      274-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін
                қажетті құжаттар мен мәліметтер

      1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде осы Кодекспен айқындалған тұлғалар кеден органына тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
      Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде, кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет және оларды ұсыну кеден одағының кедендік заңнамасында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ғана ұсынуды талап етуге құқылы.
      2. Тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі  және оларды ұсыну мерзімі осы Кодекспен белгіленеді.
      3. Кеден органының тауарларды шығару туралы шешім қабылдауына әсер ететін, құжаттарда бар деректерді өзгертпейтін, жаңылыс жазудың, техникалық немесе грамматикалық қателердің болуына байланысты кеден құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
      4. Тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжаттар нысанында ұсынылуы мүмкін.
      5. Кедендік құжаттардың нысандары Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      Кедендік құжаттар мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде толтырылады.
      Таможенные документы заполняются на государственном языке, при необходимости на русском языке.
      6. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарына және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің шетел мемлекеттерімен жасасқан халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығаруды оңайлату мен жеделдету мақсатында кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа мемлекеттердің кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.

      275-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен
                байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде
                мүдделі тұлғалардың және олардың өкілдерінің
                қатысуы

      1. Мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде қатысуға құқылы.
      2. Кеден органының талабы бойынша мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органына оларды жасауда жәрдем көрсету үшін қатысуға міндетті.

      276-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік
                рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі
                тәртібі

      Дүлей апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қажетті тауарлар, бейбітшілікті ұстау не оқу-жаттығу өткізу бойынша акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, сондай-ақ тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, халықаралық почта жөнелтілімдерін, экспресс-жүктерді, гуманитарлық және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарларды және материалдарды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектерді, қозғалтқыштарды, шығыс материалдарын, жабдықтар мен құралдарды және осындай басқа да тауарлар кедендік рәсіммен бірінші кезекте орналастырылады.

32-тарау. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

      277-бап. Тауарларды кедендік декларациялау туралы жалпы
                ережелер

      1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде не осы Кодекске сәйкес белгіленген өзге де жағдайларда кедендік декларациялауға жатады.
      2. Тауарларды кедендік декларациялауды декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі жүргізеді.
      3. Кедендік декларациялау жазбаша және (немесе) кедендік декларация қолданыла отырып, электронды насандарда жүргізіледі.

      278-бап. Кедендік декларация

      1. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде мәлімделген кедендік рәсімдерге және тауарларды өткізетін тұлғаларға қарай кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданылады:
      1) тауарларға арналған декларация;
      2) транзиттік декларация;
      3) жолаушылар кедендік декларациясы;
      4) көлік құралына арналған декларация.
      Кедендік декларацияны толтыру нысандары мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      2. Кедендік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесі кедендік төлемдерді есептеу мен өндіріп алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын қолдану үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
      3. Тауарларға арналған кедендік декларацияда және транзиттік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер кедендік рәсімге, тауарлардың санаттарына, оларды өткізетін тұлғаларға көлік түріне қарай Кеден одағы комиссиясының шешімімен, егер бұл Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қысқартылуы мүмкін.
      Жолаушылардың кедендік декларациясында және көлік құралына арналған декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      4. Кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарларды кедендік рәсімге сәйкес шығару үшін қажетті мәліметтер бар өзге де құжаттар осы Кодекспен және Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын жағдайларда және тәртіпте қолданылуы мүмкін.
      5. Кедендік декларация осы Кодекске сәйкес электронды құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
      Кедендік декларацияны электронды құжат түрінде ұсыну және қолдану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      6. Егер Кеден одағының кеден кодексімен, Кеден одағы комиссиясының шешімімен не Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге белгіленбесе, кедендік декларацияны жазбаша нысанда беру кеден органына оның электронды нұсқасын ұсынуымен сүйемелденуге тиіс.
      Кедендік декларацияның электронды көшірмесінің құрылымы және пішіні, сондай-ақ оны ұсыну және қолдану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

      279-бап. Тауарларға арналған декларация

      1. Кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде, кедендік транзит рәсімін қоспағанда, кеден органына тауарларға арналған декларация ұсынылады.
      2. Тауарларға арналған декларацияда, оның ішінде кодталған түрде мынадай негізгі мәліметтер көрсетіледі:
      1) мәлімделетін кедендік рәсім;

      2) декларант, кеден өкілі, тауарды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер;
      3) тауарларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары және (немесе) оларды кеден одағының кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен тасымалдау туралы мәліметтер;
      4) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары және (немесе) олармен тауарлар кеден одағының кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен тасымалданған (тасымалданатын) көлік құралдары туралы мәліметтер;
      5) тауарлар туралы мәліметтер:
      атауы;
      сипаты;
      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың жіктеу коды;
      шығарылған елінің атауы;
      жөнелткен (межелі) елдің атауы;
      орамдардың сипаты (саны, түрі, таңбалау және реттік нөмірлер);
      килограммдағы (брутто салмағы және нетто салмағы) және басқа да өлшеу бірліктеріндегі мөлшері;
      кедендік құн;
      статистикалық құн;
      6) кедендік төлемдердің есептелуі туралы мәліметтер:
      кедендік баждардың, салықтардың кедендік алымдардың ставкалары;
      кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктерді қолдану;
      есептелген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың сомасы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін және осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдерді есептеу үшін қолданылатын валюталардың бағамы;
      7) сыртқы экономикалық мәміле және оның негізгі шарттары туралы мәліметтер;
      шектеулерді сақтау туралы мәліметтер;
      тауарларды өндірушілер туралы мәліметтер;
      10) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтауды растайтын мәліметтер;
      11) осы Кодекстің 281-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар туралы мәліметтер;
      12) тауарларға арналған декларацияны жасаған тұлға туралы мәліметтер;
      13) тауарларға арналған декларацияны жасау күні және орны.

      280-бап. Транзиттік декларация

      1. Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кеден органына транзиттік декларация ұсынылады.
      2. Транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) халықаралық шарттармен айқындалған, соның ішінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер бар өзге де құжаттар ұсынылуы мүмкін.
      3. Транзиттік декларацияда мынадай:
      1) көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауарларды жөнелтуші, алушы;
      2) тауарды жөнелтуші ел, межелі елі;
      3) декларант;
      4) тасымалдаушы;
      5) тауарлар тасымалданатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралы;
      6) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес тауарлардың атауы, мөлшері, құны;
      7) Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың бірінші алты белгіден кем емес деңгейдегі коды;
      8) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының немесе Тауарларды кодтаудың және сипаттаудың үйлестірілген жүйесінің әрбір коды бойынша тауарлардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ қосымша өлшеу бірліктеріндегі мөлшері (мұндай мәліметтер болған жағдайда);
      9) жүк орындарының саны;
      10) көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес тауардың межелі пункті;
      11) егер мұндай өткізу осы құжаттар болған кезде жол берілсе; тауарларды кедендік шекара арқылы өткізумен байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;
      12)жолда жоспарланған тауарларды қайта тиеу немесе жүк операциялары туралы мәліметтер болуға тиіс.
      Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, транзиттік декларация ретінде қабылданатын құжаттарда осы тармақта көрсетілген барлық мәліметтер болмаса, жетіспейтін мәліметтер кеден органына ұсынылатын, мұндай транзиттік декларацияға қоса берілетін не онымен бірге жүретін құжаттарда болуға тиіс.
      Кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, декларанттан басқа да мәліметтерді талап етуге құқылы емес.
      Кеден органы транзиттік декларацияны, оның ішінде кеден органдары қолданатын ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып тіркейді.
      Транзиттік декларацияны ұсыну және тіркеу тәртібі кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

      281-бап. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде
                құжаттарды ұсыну

      1. Егер осы Кодекспен өзге белгіленбесе, кедендік декларацияны беру кеден органына олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттардың ұсынылуымен сүйемелденуге тиіс.
      Мұндай құжаттарға:
      1) кедендік декларацияны беретін тұлғаның уәкілеттіктерін растайтын құжаттар;
      2) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде емес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар және декларанттың билігінде бар өзге де коммерциялық құжаттар;
      3) көліктік (тасымалдау) құжаттар;
      4) кедендік төлемдерді төлеуді және (немесе) төлеуді қамтамасыз етуді не кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімін өзгертуді не осы Кодекспен белгіленген кедендік рәсімдерге сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатуды қолдануға не кедендік баждарды, салықтарды есептеу үшін базаны (салық базасын) азайтуға кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктерді растайтын құжаттар жатады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер болмаса, олардың негізінде кедендік декларация толтырылған өзге де құжаттар ұсынылады.
      При подаче декларации на товары для помещения под таможенную процедуру экспорта товаров, к которым не применяются вывозные таможенные пошлины, не требуется предоставления таможенному органу документов иных, чем указанных в подпунктах, 1), 2), 4), 5) настоящего пункта, а также в подпункте 3) настоящего пункта - при их наличии.
      Валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжат Қазақстан Республикасының валюта заңнамасымен көзделген жағдайда тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылады.
      Тыйымдар мен шектеулердің, сондай-ақ қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларын қолдана отырып, шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген жағдайларда тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылады.
      2. Электронды құжаттардың тізбесі және оларды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалады.
      3. Егер олардың негізінде кедендік декларация толтырылған жекелеген құжаттар кедендік декларацияны беру кезінде ұсыныла алмаса, декларанттың дәлелді өтініші бойынша кеден органы мұндай құжаттарды тауарларды шығарғанға дейін ұсынуға рұқсат етеді.
      Егер жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімдерде ұсыныла алмаған жағдайда, егер құжат тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті болып табылмаса, кеден органдары кейін құжаттарды оларды алу үшін қажетті мерзімдерде, бірақ отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей бере отырып, олардың көшірмелерін беруге рұқсат етеді. Декларант құжаттарды белгіленген мерзімдерде ұсынбағаны не құжаттардың бұрын берілген көшірмелерінде мәліметтерді дұрыс мәлімдемегені үшін жауапты болады.
      4. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттардың түпнұсқалары не олардың көшірмелері ұсынылады. Кеден органы құжаттардың ұсынылған көшірмелерін олардың түпнұсқаларына сәйкестігін тексеруге құқылы.
      Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде кеден органына кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар бұрын ұсынылса, мұндай құжаттардың көшірмелерін ұсыну не кеден органына мұндай құжаттарды ұсыну туралы мәліметтерді көрсету жеткілікті.
      5. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
      Электронды құжаттарды ұсыну және пайдалану тәртібі кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      6. Егер кеден органына мұндай құжаттар бұрын ұсынылса не олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейін ұсынылуы мүмкін болса, кедендік декларацияны электронды нысанда беру кеден органына олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттардың, соның ішінде осы Кодекстің 344, 357, 369, 398, 403 и 413-баптарымен белгіленген құжаттардың ұсынылуымен сүйемелденбеуі мүмкін.
      7. Кеден органдары кедендік декларациялау кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінде және шет тілдерде жасалған құжаттарды және мәліметтерді қабылдауы және пайдалануы мүмкін.
      Кеден органы кедендік декларациялау кезінде кеден органына мұндай құжаттар ұсынылатын кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттарда бар мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы.

      282-бап. Кедендік рәсімдердің шартына сәйкес кедендік
                декларациялау кезінде ұсынылатын қосымша
                құжаттар

      Тауарларды мәлімделген кедендік рәсімдердің шартына сәйкес кедендік ресімдеу кезінде осы Кодекстің 281-бабында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі кезінде - осы Кодекстің 344-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарты туралы құжат;
      2) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсімі кезінде - қайта өңдеу мақсаты оларды жөндеу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарты туралы құжат;
      3) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімі кезінде - тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарты туралы құжат;
      4) кері импорттың кедендік рәсімі кезінде - тауарларды әкету кезінде қабылданған кедендік декларация және тауарларды әкету кезінде оларды кедендік шекара арқылы өткізу күнін растайтын құжаттар;
      5) ішкі тұтыну үшін бұрын шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кері экспорттың кедендік рәсімі кезінде - мына мәліметтер бар:
      тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу жағдайы (сыртқы экономикалық мәмілені жасағанын растайтын құжаттардан шыға отырып);
      сыртқы экономикалық мәміле шартын орындамау;
      осы тауарларды ішкі тұтыну үшін әкетудің кедендік рәсіміне орналастыру;
      осы тауарларды ішкі тұтыну үшін әкетудің кедендік рәсіміне орналастырғаннан кейін пайдалану туралы құжаттар;
      6) жоюдың кедендік рәсімі кезінде - уәкілетті органның тауарларды жою мүмкіншілігі туралы қорытындысы.
      7) бос кедендік аймақ және бос қойма кедендік рәсімдері кезінде - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес.

      283-бап. Кедендік декларацияны ұсыну мерзімі

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарға кедендік декларация егерде осы Кодекспен өзге белгіленбесе, тауарларды уақытша сақтау мерзімі біткенге дейін тапсырылады.
      2. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарға кедендік декларация осы Кодекспен өзге белгіленбесе, олардың кеден одағының кедендік аумағынан кеткеніне дейін тапсырылады.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау заты, жасау құралы немесе қаруы болып табылатын, және оларға қатысты қайтару жөнінде шешім қабылданған тауарларға қатысты кедендік декларация осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жатады, заңды күшіне енген күннен бастап отыз (30) күн ішінде:
      1) қылмыстық(әкімшілік) жауапкершіліктен босату туралы шешім;
      2) әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы кеден органының (лауазымды тұлғаның) шешімі;
      3) қылмыстық (әкімшілік) істі тоқтату туралы соттың немесе кеден органының (лауазымды тұлғаның) шешімі;
      4) қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы соттың немесе кеден органының (лауазымды тұлғаның) шешімі ұсынылады.
      4. Осы баптың тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік декларация белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, олар кеден органымен осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұсталады.

      284-бап. Декларант

      Декларант бола алатындар:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы
      сыртқы экономикалық мәмілені жасасқан не оның атынан (тапсыруымен) осы мәміле жасалған;
      сыртқы экономикалық мәміле жасалмаған жағдайда иелену, пайдалану, және (немесе) тауарларды билеу құқығы бар;
      2) шетелдік тұлғалар:
      Жеке пайдалануы үшін тауарларды алып өтетін жеке тұлға;
      Осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға;
      Кеден одағына мүше-мемлекеттің аумағында өкілдігі бар ұйым, белгіленген тәртіппен - уақытша әкелу, кері экспорт, сондай-ақ осы өкілдіктің жеке мұқтаждығы үшін әкелінетін тауарларға қатысты тек ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімін мәлімдеген жағдайда;
      мәміле шеңберінде емес, билеу құқығы бар тұлға, бір тарапы болып кеден одағына мүше мемлекетінің тұлғасы болады;
      3) кедендік транзит рәсімін мәлімдеген осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар:
      Тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы; экспедитор, егерде ол кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болған жағдайда.

      285-бап. Декларанттың құқықтары

      Тауарларды кедендік декларациялау және тауарды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажет өзге де кедендік операцияларды жасау кезінде декларант:
      1)кедендік бақылаудағы тауарларды қарауға, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға;
      2) кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін осы Кодекстің 247-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда кеден органының рұқсатымен алуға;
      3) кеден органдарының лауазымды тұлғалары тауарларды кедендік тексермелеуі мен қарауы кезінде және тауарлардың үлгілері мен сынамаларын алғанда қатысуға;
      4) өздері декларациялайтын тауарлардың кеден органдарында бар үлгілері мен сынамаларының қорытындысымен танысуға;
      5) осы Кодекске сәйкес құжаттар мен мәліметтерді электронды құжат түрінде ұсынуға;
      6) кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;
      7) өзі декларациялайтын тауарлар туралы мәліметтерді нақтылау үшін сарапшыларды тартуға;
      8) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтар мен өкілеттіктерді пайдалануға құқылы.

      286-бап. Декларанттың міндеттері

      Тауарларды кедендік декларациялау және тауарды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажет өзге де кедендік операцияларды жасау кезінде декларант:
      1) тауарларды кедендік декларациялауға;
      2)кеден органына, солардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттарды, егерде басқадай кеден одағының кедендік заңнамасымен белгіленбесе, ұсынуға;
      3) декларацияланатын тауарларды осы Кодексте көзделген жағдайларда, не кеден органының талабы бойынша ұсынуға;
      4) осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдерді төлеуге және (немесе) олардың төленуін қамтамасыз етуге;
      5) тиісті кеден рәсімінде тауарларды қолдану шарты мен талаптарын сақтауға;
      6) осы Кодекспен көзделген өзгедей талаптарды орындауға міндетті.

      287-бап. Декларанттың жауапкершілігі

      Декларант кедендік декларацияда көрсетілген дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегені үшін және осы Кодекстің 188-бабында қарастырылған міндеттерді орындамағаны үшін, оның ішінде кеден органының тәуекелді басқару жүйесін пайдалана отырып тауарларды шығару туралы шешім қабылдаған кезде осы Кодекстің 286-бабымен көзделген міндеттерді орындамағаны үшін жауапты болады.

      288-бап. Кедендік декларацияны ұсыну және тіркеу

      1. Кедендік декларацияны декларант немесе кеден өкілі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына тапсырады.
      2. Кедендік декларацияны, оның электрондық көшірмесін және қажетті құжаттарды ұсыну күні мен уақытын кеден органы, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып тіркейді.
      3. Кеден органы кедендік декларацияны Кеден одағы комиссиясының шешімі айқындайтын тәртіппен кедендік декларацияны ұсынған мезеттен бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді немесе тіркеуден бас тартады.
      4. Кеден органы кедендік декларацияны тіркеуден мына жағдайда бас тартады:
      1) кедендік декларация, кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына тапсырылған;
      2) кедендік декларацияны уәкілетті емес тұлға берген;
      3) кедендік декларацияда осы Кодекстің 278-280-баптарымен көзделген қажет мәліметтер көрсетілмеген;
      4) кедендік декларацияға қол қойылмаған не белгіленген нысан бойынша ресімделмеген немесе тиісінше куәландырылмаған;
      5) декларацияланатын тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес кедендік декларацияны тапсырғанға дейін немесе ұсынғанда жасалатын әрекеттер жасалмаған жағдайда.
      5. Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды кеден органының лауазымды тұлғасы жазбаша нысанда бас тарту себебін көрсете отырып ресімдейді.
      Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартқан жағдайда, кедендік декларация және ұсынылған құжаттар декларантқа не кеден өкілге қайтарылады.
      6. Егер де кедендік декларацияны кеден органы тіркемесе ондай декларация кедендік мақсатта тапсырылмаған болып саналады.
      7. Кедендік декларация, тіркеген мезеттен бастап заңды мағынасы бар фактілерді куәландыратын құжат болып саналады.
      8. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері кедендік транзит рәсіміне орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялау кезінде қолданылмайды.

      289-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді
                өзгерту және толықтыру

      1. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер, кеден органының рұқсаты бойынша декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша тауарлар шығарылғанға дейін келесі шарттар сақталғанда өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін:
      Егер де енгізілген өзгертулер мен толықтырулар тауарды шығару туралы шешім қабылдауға әсер етпесе, және кедендік төлемдердің сомасын анықтауға әсер ететін мәліметтерді өзгерту қажеттілігіне әкелмесе, тауарлардың кедендік құнның түзету және тыйым салу мен шектеулерді сақтау жағдайларын қоспағанда.
      Декларант жүгінгенге дейін кеден органы оны кедендік тексеріп қарауды өткізу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе, және (немесе) тауарға қатысты кедендік бақылаудың өзге нысандарын қолдану жөнінде шешім шығармаса.
      Тіркелген кедендік декларациясындағы мәліметтерді өзгерту және толықтыру тіркелген кедендік декларацияда көрсетілген тауар туралы мәліметтерден басқа мәліметті мәлімдеуге жол бермейді.
      2. Кедендік декларацияға тауарларды шығарғаннан кейін өзгертулер мен толықтырулар енгізу Кеден одағы комиссиясының шешімі айқындайтын жағдайлар мен тәртіпте рұқсат етіледі.
      3. Кеден органдарының өз ынтасы бойынша, тұлғаның тапсырмасы немесе сұрауы бойынша кеден декларациясын толтыруға, онда көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға, енгізуі кеден органдарының құзыретіне енетіндерді, сондай-ақ кедендік құнды түзетуді және тауарды шығарғаннан кейін кедендік төлемдердің сомасын анықтауға әсер ететін мәліметтерді өзгертуге, және кеден одағының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды қоспағанда, құқығы жоқ.

      290-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алу

      1. Декларанттың жазбаша өтініші бойынша шетел тауарларына тіркелген кедендік декларация кеден органы тауарларды шығару туралы шешім қабылдағанға дейін кері қайтарылуы мүмкін.
      Кедендік декларацияны кері қайтарып алу кезінде жаңа кедендік декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі шегінде ұсынылуы мүмкін.
      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде кедендік декларацияны ұсынбаған кезде тауарларды осы Кодекстің 26-бабына сәйкес кеден органы ұстайды.
      2. Декларанттың жазбаша өтініш бойынша кеден одағының тауарларына кедендік декларация тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан нақты шыққанға дейін, оның ішінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін кері қайтарылуы мүмкін.
      Кеден одағының тауарларына кедендік декларацияны кері қайтарып алу үшін кері қайтарып алу туралы өтініште тауардың тұрған жері көрсетілуі тиіс.
      3. Егер декларанттың өтінішін алғанға дейін кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген тауарларды кедендік тексеріп қарау орны мен уақыты туралы декларантты хабардар етпесе және (немесе) әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын кеден одағының кеден заңнамасын бұзуды анықтамаса, кедендік декларацияны кері қайтарып алуға кеден органының жазбаша рұқсаты арқылы жол беріледі.
      Кедендік декларация тауарды кедендік тексеріп қарағаннан кейін, егер мұндай тексеріп қарау барысында әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған болса, кері қайтарып алынуы мүмкін.

      291-бап. Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау

      1. Кедендік декларация шетелдік тауарларға қатысты оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгенге дейін ұсынылуы мүмкін.
      2. Егер кедендік мақсаттар үшін тауарларға ілеспе көліктік (тасымалдаушы) немесе коммерциялық құжаттардың пайдаланылуы тиіс болса, тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде кеден органы бұл құжаттардың декларант растаған көшірмелерін немесе бұл құжаттардағы мәліметтерді электрондық түрде қабылдайды және тауарларды кеден органдарына көрсеткеннен кейін аталған құжаттардың көшірмелеріндегі мәліметтерді құжаттардың түпнұсқаларындағы, соның ішінде электрондық құжаттардағы мәліметтермен салыстырады.
      3. Алдын ала кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияда өз сипаты бойынша тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгенге және (немесе) оларды кеден органына ұсынғанға дейін декларантқа белгілі бола алмайтын мәліметтер жоқ болуы мүмкін.
      Мұндай мәліметтер кедендік декларацияға тауарларды Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіпте шығару туралы шешім қабылданға дейін енгізілуі тиіс.
      Кедендік баждар, салықтар тауарларды шығарғанға дейін төленеді.
      4. Көліктік (тасымалдушы) немесе коммерциялық құжаттар негізінде бұрын мәлімделгеннен өзгеше құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштер өзгерген жағдайда, міндетті түрде құнның, санның немесе салмақтың өзгергенін растайтын құжаттар ұсынылады.
      5. Егер тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгеннен кейін декларант бұрын мәлімделгеннен өзгеше құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштердің сәйкессіздігін тапқан жағдайда, декларант осы Кодекстің 290-бабында көзделген тәртіпте кедендік декларацияны кері қайтарып алуға құқылы.
      6. Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күніне қолданыста болған нормативтік-құқықтық актілерді қолданады.
      7. Егер тауарлар кедендік декларацияны тіркеген кеден органына не Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген өзге кеден органына оны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап отыз (30) күнтізбелік күн ішінде ұсынылмаса немесе бұл мерзім ішінде тыйым салулар мен шектеулер енгізілсе, кеден органы осындай тауарларды шығарудан бас тартады.

      292-бап. Тауарларды толық емес кедендік декларациялау

      1. Егер де декларантта, оған қатысы жоқ себептер бойынша кедендік декларацияны толтыруға қажетті барлық ақпарат болмаған жағдайда декларанттың толық емес кедендік декларацияны беруі жолымен, онда тауарларды шығаруға және кедендік төлемдерді есептеуге қажетті мәліметтерді мәлімдеу шартымен тауарларды толық емес кедендік декларациялау жіберіледі.
      Көрсетілген мәліметтер тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растауы мүмкін, сондай-ақ кеден органдарына тауарлардың сандық және сапалы сипаттамаларының жиынтығы бойынша оларды бірдейлендіруге жол береді.
      2. Толық емес кедендік декларациялау, егер әкелінетін тауарларды өткізу мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) ашық көлік құралдарында - тауарларды кедендік декларациялау күніне тауарлардың нақты салмағын мәлімдеу мүмкін болмаған кезде;
      2) арнайы контейнерлер мен көлік құралдарында - тауарлармен технологиялық операцияларды жүргізусіз тауарлардың толық санын мәлімдеу мүмкін болмаған кезде.
      3. Декларант толық емес кедендік декларацияны ұсынған кезде, егер бастапқы да толық және тиісінше толтырылған кедендік декларация ұсынылған жағдайда қолданылатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу және төлеу тәртібін қоса алғанда, осы Кодекспен көзделген шарттар мен талаптар қолданылады.
      4. Тауарларды толық емес кедендік декларациялауды қолдану кезінде декларант, кеден органы толық емес кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде олар түзеткен және нақтылаған толық кедендік декларацияны ұсынуға міндетті.

      293-бап. Тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау

      1. Бір тұлға тауардың бір түрін кедендік шекара арқылы тұрақты өткізген жағдайда, кеден органы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде кедендік шекара арқылы өткізілетін барлық тауарларға кедендік декларацияны ұсынуға рұқсат беруі мүмкін.
      2. Егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей жіктеме коды болса бір тауар сияқты қарастырылады.
      3. Егер бір тұлға тауардың бір түрін отыз күнтізбелік күн ішінде үш және одан да көп рет жеткізсе, тауарлар бір тұлғамен кедендік шекара арқылы тұрақты өткізілетін деп қарастырылады.
      4. Кедендік мақсаттар үшін бірыңғай партия ретінде мыналар қарастырылады:
      Тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде - жеке жеткізулер санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты (келісім шарты) бойынша бір кеден органында отыз күнтізбелік күн ішінде кедендік декларацияланатын және бір өткізу пункті арқылы өткізілетін тауарлардың бір түрі;
      Тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде - жеке жеткізулер санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты (келісім шарты) бойынша бір кеден органында отыз күнтізбелік күн ішінде кедендік декларацияланатын тауарлардың бір түрі;
      5. Кедендік баждар, салықтар, акцизделетін тауарларды қоспағанда, толық кедендік декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейін төленеді.
      6. Акцизделетін тауарлар бойынша кедендік баждар мен салықтар мерзімдік кедендік декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейін төленеді.
      7. Мерзімдік декларациялауды қолдана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде мерзімдік кедендік декларацияны тіркеу күніне кеден органы қолданатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері қолданылады.
      8. Мерзімдік кедендік декларациялау, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда жеткізу мерзімі басталғанға дейін мерзімдік кедендік декларациялау беру жолымен жүргізіледі. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылмайды. Бұл ретте, мерзімдік кедендік декларация тауарлардың бірыңғай партиясына толтырылады.
      9. Кеден органы мерзімдік кедендік декларацияның қолданылуы кезінде тауарлар партиясының әрбір жеткізілімін өткізуге нақты есепті және бақылауды жүзеге асырады.
      10. Мерзімдік кедендік декларацияны пайдалана отырып, тауарлар өткізілген, жеткізілім кезеңі аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей, әкелінген және әкетілген тауарлардың нақты санын ескере отырып, толтырылған толық кедендік декларация ұсынылады.
      Мерзімдік кедендік декларацияда мәлімделген көлемнен айрықша көлемде тауарларды әкелген (әкеткен) жағдайда, толық кедендік декларация әкелінген (әкетілген) тауарлардың нақты санын ескере отырып толтырылады. Бұл ретте, мерзімдік кедендік декларация жеткізілімнің келесі кезеңіне осындай өзгерістерді ескере отырып толтырылады.
      11. Кеден органы мерзімдік декларациялауды қолданудан мына жағдайларда бас тартады:
      1) тауарларды болжамдап өткізу мерзімдік декларациялау рәсімінің талаптарына жауап бермесе;
      2) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешегі бар тұлғалар;
      3)банкроттық туралы іс қозғалған тұлғаларға қатысты.
      Мерзімдік кедендік декларациялау қолдана отырып, тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін кедендік реттеу облысында уәкілетті орган анықтайды..

      294-бап. Тауарларды уақытша кедендік декларациялау

      1. Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы магистральді құбыржол көлігімен өткізген жағдайда, оларға қатысты саны және (немесе) кедендік құны туралы нақты мәлімет ұсынылмаса, уақытша кедендік декларацияны беру жолымен осындай тауарларды уақытша кедендік декларациялау жіберіледі.
      2. Мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарылған тауарларды жеткізу жүзеге асырылған уақыттың кезеңі ішінде кету (әкету) орнынан, сондай-ақ келу (әкелу) орнынан күнтізбелік айдан аспауы керек. Уақытша кедендік декларацияны кеден органы көрсетілген кезең басталғанға дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қабылдайды.
      3. Тауарларды жеткізгеннен кейін декларант уақыттың мәлімделген кезеңінде жеткізілген тауарларға толық кедендік декларацияны беруге міндетті.
      Толық кедендік декларацияны беру, уақытша кедендік декларацияда мәлімделген тауарларды жеткізу үшін қарастырылған уақыт кезеңі аяқталған күннен кейінгі отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      Тауарларға бағаны анықтау және (немесе) меншік құқығын беру шартымен сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары әкелу кезінде толық кедендік декларация беру тауарлардың бағасы мен санын анықтау үшін пайдаланылатын соңғы көлік құжатын ресімдеу күнінен кейінгі отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Бұл жағдайда толық кедендік декларацияны берудің шекті мерзімі 338-баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларацияланатын тауарларды шығару үшін қарастырылған уақыт кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен тоқсан күнтізбелік күннен аспауы керек.
      4. Уақытша кедендік декларацияда, негізінде тауарларды өткізу жүзеге асырылатын, сыртқы сауда шартымен (келісімшартымен) көзделген тауарлардың есептік бағасы негізінде анықталған уақытша кедендік декларацияға беру күніне тауарлардың болжамды саны, олардың алдын ала кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтер жіберіледі.
      Өткізілген тауарлардың саны уақытша кедендік декларацияда мәлімделген саннан аспауы керек.
      5. Уақытша кедендік декларациялау рәсімін пайдалана отырып тауарларды кедендік декларациялау кезінде кеден органы уақытша кедендік декларацияны тіркеу күнінде қолданылатын кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңнамалары қолданылады.
      6. Уақытша кедендік декларацияны бергеннен кейін және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары әкеткеннен кейін сатып алушыны басқаға (басқа сатып алушыларға) ауыстырған жағдайда, декларант жаңа сыртқы сауда шартын (келісімшартын) бекітуді ескере отырып бір (бірнеше) толық кедендік декларацияны береді.
      7. Кедендік төлемдер мен салықтар уақытша кедендік декларацияны кеден органы бергенге дейін немесе сонымен бірге төленеді. Егер де төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді нақтылау нәтижесінде көбейтілсе, қосымша төлеу толық кедендік декларацияны берумен бірге жүзеге асырылады. Өсімпұл көрсетілген жағдайда есептелмейді. Кедендік төлемдер мен салықтардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
      Егер де уақытша кедендік декларацияда мәлімделген тауарларды жеткізу үшін қарастырылған уақыт мерзімі аяқталғаннан кейін алпыс күнтізбелік күн өткеннен кейін тауарлар кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілмесе, осындай тауарлар мәлімделген уақытша кедендік декларация осы Кодекстің 209-бабында анықталған тәртіпте кері қайтарып алуға жатады.

      295-бап. Тауарларды кедендік декларациялаудың
                ерекшеліктері

      Тауарлардың санатына және оларды өткізетін тұлғаларға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес тауарларды жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

33-тарау. ТАУАРЛАРДЫ ШЫҒАРУ

      296-бап. Тауарларды шығару үшін негіздемелер және
                тауарларды шығару тәртібі

      1. Кеден органы тауарларды шығаруды мына шарттар сақталған кезде:
      1) кеден органына осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және (немесе) өзге де құжаттар, көрсетілген құжаттар осы Кодекске сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін ұсынылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, ұсынылғанда;
      2) тұлғалар тауарларды осы Кодекске сәйкес, ал кедендік рәсімді белгілеу кезінде осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағына - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңдалған кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтағанда;
      3) тауарға қатысты кедендік баждар, салықтар төленген, не осы Кодекске сәйкес оларды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылғанда жүзеге асырады.
      2. Кеден органдары тауарларды шығаруды осы Кодекстің 297-бабында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
      3. Тауарды шығаруды кеден органының лауазымды тұлғасы, осы Кодекспен көзделген тәртіпте, егер де өзге тәртіп Кеден одағы комиссиясы шешімімен белгіленбесе, кедендік декларацияға, коммерциялық, көліктік (тасымалдаушы) құжаттарға тиісті белгілерді, сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтерді енгізу жолымен жүргізеді.

      297-бап. Тауарларды шығару мерзімі

      1. Тауарларды шығару кедендік декларацияны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, аяқталуы тиіс.
      Тізбесі Кеден одағының комиссиясымен анықталатын, экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын, әкелімдік кедендік баждар қолданылмайтын тауарларды және уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды шығаруды кеден органы тауарларға декларацияны ресімдеу сәтінен бастап терт сағаттан кешіктірмей аяқтауы тиіс, ал тауарларға декларация тіркелмеген жағдайда кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін терт сағаттан аз емес - осы кеден органының жұмыс уақыты басталған мезеттен бастап терт сағат кешіктірмей.
      Көрсетілген мерзімге кедендік бақылауды жүргізу уақыты қосылады.
      2. Осы Кодекстің 291-бабына сәйкес тауарларды алдын ала декларациялауды қолдану кезінде кеден органы тауарларды шығаруды кедендік декларацияны тіркеген кеден органына тауарларды ұсынған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс.
      3. Тауарларды шығаруды осы Кодекстің 440-441-баптарына сәйкес тоқтата тұруы мүмкін.
      4. Тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген кеден органы басшысының (бастығының) немесе олардың міндетін атқаратын тұлғалардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізуге немесе аяқтауға қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және кедендік декларацияны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен, егер осы Кодексте өзге белгіленбесе, аспауы тиіс.
      5. Кеден одағы Комиссиясының шешімімен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен, осы баптың 1-тармағымен көзделгеннен тауарларды шығарудың ұзақты мерзімі белгіленуі мүмкін.

      298-бап. Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды
                шығару

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекстің 276-бабында көрсетілген, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, сондай-ақ, осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық операторларға қатысты арнайы оңайлатуларды қолдану кезінде тауарларды шығару декларант:
      1) тауарларды жөнелтуші және алушы, жөнелтуші елі және тауарлардың мақсаты туралы мәліметтер, атауы, сипаты, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кем дегенде бірінші төрт белгі деңгейіндегі тауардың жіктеме коды, тауарлардың брутто салмағы және құны бар коммерциялық немесе өзге де құжаттарды;
      2) тауарларды шығару айынан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, оның тауарларды пайдалану мақсаты және тауарлар орналастырылатын кедендік рәсім туралы мәліметтер бар кедендік декларацияны беретіні және қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынатыны туралы жазбаша міндеттемені;
      3) мұндай құжаттар мен мәліметтердің кедендік декларацияны беру кезінде ұсынылуы мүмкін болған жағдайларды қоспағанда, тыйымдар мен шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсыну шартымен кедендік декларацияны бергенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару кезінде осы тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) декларантта мұндай шығару кезінен бастап туады;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағының 1) - 7), 9) және 10) тармақшаларымен белгіленген жағдайларда және кедендік декларацияға тауарларды шығару туралы белгілер енгізу (қою) кезінде тоқтатылады.
      3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткенге дейін орындалуға жатады. Бұл ретте әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және валюта бағамы қолданылады.
      Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде кедендік декларацияны бергенге дейін шығарылған тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияда тауарларды шығару туралы белгі енгізбеген (қоймаған) жағдайда - осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңғы күні орындалуға жатады. Бұл ретте әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңғы күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және валюта бағамы қолданылады.
      3. Осы Кодекстің 276-бабында көрсетілген тауарларға қатысты, табиғи зілзаланың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті ұстау не оқуларды өткізу бойынша акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық өнімдерді қоспағанда, оларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.
      4. Декларанты уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тауарларды кедендік декларация берілгенге дейін шығару төлеуге жататын әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасы, осы Кодекстің 62-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор ұсынған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасынан аспауы шартымен қолданылады

      299-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін
                зерттеу не сарапшының қорытындысын алу қажет
                болған кезде тауарларды шығару

      1. Егер кеден органдары тауарлардың сынамаларын немесе үлгілерін, егжей-тегжейлі техникалық құжаттарды зерттеу немесе кедендік декларацияда немесе кеден органдарына ұсынылған өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатымен сараптама жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдаса, тауарларды шығару декларанттың мұндай зерттеулерді немесе сараптамаларды жүргізу нәтижелері бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасындағы кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуы шартымен кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүргізіледі.
      2. Тауарларды шығару кеден органдары тауарларға тыйымдар мен шектеулер қолданылуы мүмкін екендігін көрсететін белгілерді тапқан жағдайда ғана және декларант оларды сақтауды растайтын дәлелдемелерді ұсынбағанда, жүргізілмейді.

      300-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс
                анықталған кезде тауарларды шығару

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс анықталған жағдайда тауарларды шығару іс бойынша өндіріс аяқталғанға дейін немесе әкімшілік процесстің аяқталуына дейін, егер мұндай тауарлар алынбаса немесе оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаса жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Осы Кодекстің 16-тарауымен қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету қажеттілігі көзделуі мүмкін.

      301-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар

      1) Оларға қатысты тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету
бойынша шектеулермен ұштасқан әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсынылған;
      2) пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер тауарларды шығарғаннан кейін осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынуға байланысты;
      3) кеден одағына мүше мемлекет Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген әкелімдік кедендік баждар ставкасының мөлшерінен аз әкелімдік кедендік баждардың ставкасы қолданса, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған болып саналады.
      2. Осы баптың 1-тармағында 2) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар жеңілдіктерді ұсыну шарттарына сәйкес келетін мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкін.
      Осы баптың 1-тармағында 2)тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды үшінші тұлғаларға, соның ішінде оларды сату немесе өзге де әдіспен иеліктен алу жолымен беруге тыйым салынады, ал егер көрсетілген тауарларды әкелуге шектеулер, осы тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеруге байланысты белгіленсе, оларды кез келген нысанда пайдалануға (қолдануға, тұтынуға) тыйым салынады.
      Осы баптың 1-тармағының 3)тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарлар, оларды шығаруын жүзеге асырған кеден органымен кеден одағына мүше мемлекеттің аумағы шегінде ғана пайдаланыла алады.
      3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі бар және кедендік бақылауда болады.
      4. Осы баптың 1-тармағының 1)тармақшасында көрсетілген тауарлар, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында өзге көзделмесе, кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомасын төлеу бойынша міндет тоқтатылған көзге дейін шартты түрде шығарылған болып саналады.
      5. Шартты түрде шығарылған тауарлар:
      Осы баптың 1-тармағының 1)тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатқаннан кейін;
      Осы баптың 1-тармағының 2)тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағының 1)тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін;
      Осы баптың 1-тармағының 3)тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген әкелімдік кедендік баждардың ставкалары бойынша есептелген әкелімдік кедендік баждар сомасының және тауарларды шығарғаннан кейін төленген әкелімдік кедендік баждар сомасының айырмасы мөлшерінде әкелімдік кедендік баждарды төлегеннен кейін кеден одағы тауарлары мәртебесін алады.
      Халықаралық шарттармен және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімімен өзге де жағдайлар белгіленуі мүмкін, ол кезде шартты түрде шығарылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.
      6. Кеден одағы тауарларының мәртебесін алу үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне қайта орналастыруға жатпайды.
      Осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағының 1)тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну не кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі, осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен тауарларды шартты түрде шығарылғандарға жатқызудың өзге де жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.

      302-бап. Тауарларды шығарудан бас тарту

      1. Осы Кодекстің 296-бабының 1-тармағымен белгіленген тауарларды шығарудың шарттарын сақтамаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 291-бабының 7-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органы тауарларды шығару мерзімі өткенге дейін кешіктірмей мұндай бас тарту үшін негіздеме болған барлық себептерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, жазбаша нысанда тауарларды шығарудан бас тартады.
      Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібін Кеден одағы комиссиясының шешімі айқындайды.
      2. Кеден органы:
      егер әкімшілік немесе қылмыстық істі қозғауға себеп болып табылмайтын, анықталған бұзушылықтар жойылған;
      анықталған бұзушылықтар жойылған, ал декларацияланатын тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынбаған немесе оларға тыйым салынбаған жағдайларды қоспағанда, егер тауарларға кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасын бұзуды анықтаған болса, тауарларды шығарудан бас тартады

34-тарау. ТАУАРЛАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТ
МЕНШІГІНЕ АЙНАЛДЫРУ

      303-бап. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын
                мемлекет меншігіне айналдыру

      Тауарлар және (немесе) көлік құралдары:
      1) кедендік реттеу саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша тәркілеу туралы сот шешімінің;
      2) мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарларға қатысты кедендік декларацияның және осындай тауарларды қабылдап алу-беру актісінің негізінде мемлекет меншігіне айналдырылады.

      304-бап. Тауарларды және (немесе) көлік құралдарын сот
                шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдыру
                тәртібі

      1. Тауарлар және (немесе) көлік құралдары сотпен кедендік реттеу саласындағы белгіленген құқық бұзушылыққа байланысты тауарларды және (немесе) көлік құралдарын тәркілеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мемлекет меншігіне айналады.
      2. Кеден органы сот шешімінің негізінде қабылдап алу-беру актісі бойынша тәркіленген тауарларды және (немесе) көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына береді.

      305-бап. Мемлекеттің пайдасына бас тарту кедендік
                рәсімінде ресімделген тауарларды мемлекет
                меншігіне айналдыру тәртібі

      Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік рәсімінде ресімделген тауарлар, кедендік декларация және қабылдап алу-беру актісі бойынша тауарларды өткізетін тұлға оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына берген кезден бастап мемлекет меншігіне айналады.

6-бөлім. КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР 35-тарау. КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      306-бап. Кедендік рәсімдердің түрлері

      1. Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай түрлері белгіленеді:
      1) ішкі тұтыну үшін шығару;
      2) экспорт;
      3) кедендік транзит;
      4) кеден қоймасы;
      5) кедендік аумақта қайта өңдеу;
      6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;
      7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
      8) уақытша әкелу (жіберу);
      9) уақытша әкету;
      10)кері импорт;
      11) кері экспорт;
      12) бажсыз сауда;
      13) жою;
      14) мемлекет пайдасына бас тарту;
      15) бос кедендік аймақ;
      16) бос қойма;
      17) арнайы кедендік.
      2. Осы баптың 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдер кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен белгіленеді.

      307-бап. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту

      1. Тұлғаның таңдауы бойынша кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады.
      2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқасына өзгертуге құқылы.

      308-бап. Кедендік рәсімде орналастыру

      Тауарларды кедендік рәсімде орналастыру күні болып осы Кодексте белгіленген тәртіпте кеден органының тауарды шығарған күні саналады.

      309-бап. Тауарларды кедендік рәсімде орналастыру шарттарын
                сақтауды растау міндеті

      Тауарларды кедендік рәсімде орналастыру шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі.

      310-бап. Кедендік рәсімдердің шарттарын сақтауды кедендік
                бақылау

      1. Оларға орналастырған кезде тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын кедендік рәсімдердің шарттарын сақтауды кедендік бақылауды осы Кодекспен белгіленген тәртіпте мұндай кедендік рәсімге сәйкес аумағында тауарлар шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізеді.
      2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      311-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын
                сақтамағаны үшін жауапкершілік

      1. Декларант кедендік рәсімнің осы Кодексте белгіленген шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      Тұлғалар кедендік рәсімнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлардың олар шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге нақты әкетілгенге дейін апаттың не ырық бермес күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмайтын, сондай-ақ тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи тозуының немесе табиғи көмуінің салдарынан өзгерген жағдайларда жауапты болмайды.
      2. Тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңделген өнімдеріне қатысты мынадай мән-жайларда жауапты болмайды:
      1) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің апаттың немесе ырық бермес күштің әрекеті салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы себепті қайтарылмауы;
      2) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдері санының тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи көмуінің салдарынан өзгеруі;
      3) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің шетел мемлекеті лауазымды адамдарының немесе мемлекеттік органдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шығуы.
      3. Тауарлардың біржола жоғалуына, бүлінуіне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйінің өзгеруіне әкеп соқтырған мән-жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалған тұлғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері немесе жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттің құзыретті органдары растайды.

      312-бап. Кедендік рәсімде орналастырылған тауарларды алу
                (тыйым салу) салдары

      1. Кедендік рәсімде орналастырылған тауарларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алу не мұндай тауарларға тыйым салынған жағдайда, осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
      Егер тауарларды алу не оларға тыйым салудың күшін жою туралы шешім қабылданса, кедендік рәсімнің қолданылуы қайта жаңғыртылады.
      Кедендік рәсімнің қолданылуын қайта жаңғыртқан кезде оларды есептеу және төлеу осы бөлімге сәйкес көзделген проценттер, кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру кезеңіне есептелмейді және төленбейді.
      2. Кедендік рәсімде орналастырылған тауарларды сот шешімі бойынша тәркілеу және мемлекет меншігіне айналдыру кезінде, осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тәркіленген және мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту оның кедендік рәсімді сақтамағандығына байланысты болса және жол берілген сақтамау аталған кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соқтырса, кедендік рәсімнің қолданылуы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешімнің күшіне енген күнінен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде аяқталуы тиіс.
      Оларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.

36-тарау. ІШКІ ТҰТЫНУ ҮШІН ШЫҒАРУДЫҢ КЕДЕНДІК РӘСІМІ

      313-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінің
                мазмұны

      Ішкі тұтыну үшін шығару - егер осы Кодекспен өзге белгіленбесе, онымен орналастырған кезде шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағында оларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулерсіз болатын кедендік рәсім.

      314-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік
                рәсіміне орналастыру шарттары

      1. Тауарлар мына шарттарды сақтаған кезде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылады:
      1) егер тарифтік артықшылықтар, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
      2) шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
      3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдануға байланысты шектеулерді сақтауды растайтын құжаттарды ұсыну.
      2. Көрсетілген шарттарды орындаған кезде тауар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.
      3. Тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде тауарлар осы Кодекстің 301-бабына сәйкес шартты түрде шығарылуға жатады және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      315-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне
                орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
                қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу
                бойынша міндеттің туындауы, тоқтатылуы және
                оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты, - осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда;
      2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты:
      егер тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге де мерзімі белгіленбесе, бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің келмеуі шартымен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап 5 (бес) жыл өткеннен соң;
      бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің келмеуі шартымен тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге де белгіленген мерзімі өткен соң;
      мұндай тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың немесе жоюдың кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жылдың ішінде не жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде -тауарларды мемлекет меншігіне қабылдауды не оны жоюды растайтын құжатты кеден органына ұсынған кезден бастап;
      бес жылдың ішінде не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде болған, осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда;
      мұндай орналастыруға дейін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің келмеуі шартымен шартты түрде шығарылған тауарларды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырған кезде тоқтатылады.
      3. Әкелімдік кедендік баждар, салықтар мынадай мерзімдерде:
      1) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты, - ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін;
      2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктерді пайдаланумен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты:
      мұндай жеңілдіктерді қолданудан бас тартқан жағдайда - тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияға жеңілдікті пайдаланудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізгенге дейін;
      мұндай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген бұл тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулерді бұзатын немесе жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарды бұзатын тауарлармен іс-әрекеттер жасаған жағдайда, - көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні төлеуге жатады.

37-тарау. ЭКСПОРТТЫҢ КЕДЕНДІК РӘСІМІ

      316-бап. Экспорттың кедендік рәсімінің мазмұны

      1. Экспорт - кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және және одан тысқары жерлерде тұрақты болатын кездегі кедендік рәсім.
      2. Экспорттың кедендік рәсіміне орналастыруға бұрын уақытша әкетудің немесе кедендік аумақтық тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға оларды кеден органдарына іс жүзінде ұсынбастан жол беріледі.

      317-бап. Тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне
                орналастыру шарттары

      11 Тауарлар экспорттың кедендік рәсіміне мынадай шарттар сақталған кезде:
      1) егер әкетімдік кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, әкетімдік кедендік баждарды төлегенде;
      2) тыйым салулар мен шектеулер сақталғанда;
      3) үшінші елдерге қатысты әкетімдік кедендік баждарды қолдану мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының комиссиясы қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты тауардың шығуы туралы сертификат ұсынылғанда орналастырылады.
      2. Экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан нақты әкетілген тауарлар кеден одағы тауарының мәртебесін жоғалтады.

      318-бап. Экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған
                тауарларға қатысты әкетімдік кедендік баждарды
                төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы
                және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты әкетімдік кедендік баждарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
      2. Декларантта экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты әкетімдік кедендік баждарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Егер осы Кодекспен өзге мерзім белгіленбесе, әкетімдік кедендік баждар экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін төлеуге жатады.

38-тарау. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі

      319-бап. Кедендік транзит туралы жалпы ережелер

      1. Кедендік транзит - оған сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тауарлар кедендік бақылаумен, оның ішінде кеден одағына қатысушы болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін тарифтік емес реттеу мен техникалық реттеу шараларын қоспағанда, тыйым салулар мен шектеулерді қолдана отырып, кедендік баждарды, салықтарды төлеместен тасымалданатын кедендік рәсім.
      2. Кедендік транзит:
      1) келу жеріндегі кеден органынан кету жеріндегі кеден органынан дейін шетелдік тауарларды;
      2) келу жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;
      3) шетелдік тауарларды, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес ішкі кеден органынан кету жеріндегі кеден органына дейін кеден одағының тауарларын;
      4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;
      5) кеден одағына қатысушы болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы кету жеріндегі кеден органынан келу жеріндегі кеден органына дейін кеден одағының тауарларын тасымалдау кезінде қолданылады.
      3. Егер әуе көлігі халықаралық рейс жасау уақытында келу жерінде тауарларды ішінара тиеместен (түсірместен) аралық немесе мәжбұрлі түрде (техникалық) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
      Халықаралық почта жөнелтілімдерімен, құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит осы Кодекспен белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қолданылады.
      Кеден одағының кедендік аумағы бойынша теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалады.
      Теңіз көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, сондай-ақ кеден одағына қатысушы бір ғана мемлекеттің аумағы бойынша тасымалданатын, осы баптың 2-тармағының 2) және 4)тармақшаларына сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік транзиттің ерекшеліктері кеден одағына қатысушы осындай мемлекеттің заңнамасымен белгіленуі мүмкін.
      4. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялауды осы Кодекстің 284-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар жүзеге асырады.
      5.Егер осы Кодекспен және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімімен өзге көзделмесе, экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылмастан кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалданады.
      6. Осы тарауды қолдану мақсаты үшін халықаралық тасымалдаудың көлік құралы деп кеден одағының кедендік аумағы бойынша шегінен шықпастан онымен тауарлар тасымалданатын көлік құралы да түсініледі.

      320-бап. Тауарларды кедендік транзиттің кедендік
                рәсіміне орналастыру шарттары

      Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруға мынадай шарттар сақталған кезде:
      1) тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан әкетуге тыйым салынбағанда;
      2) егер мұндай өткізуге осы құжаттар бар болған кезде жол берілсе, тауарларға қатысты тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылғанда;
      3) егер тауарлар келу жерінде мұндай бақылауға жатса, әкелінетін тауарларға қатысты шекаралық бақылау және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлері жүзеге асырылғанда;
      4) транзиттік декларация ұсынылғанда;
      5) тауарларға қатысты осы Кодекстің 321-бабына сәйкес кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары қолданылғанда;
      5) осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды бірдейлендіру қамтамасыз өтілгенде;
      6) егер тауарлар кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалданған жағдайда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралы тиісті түрде жабдықталғанда жол беріледі.

      321-бап. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету
                шаралары

      1. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шараларына:
      1) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес шетелдік тауарларға.қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету;
      2) кедендік алып жүру;
      3) тауарларды тасымалдау бағытын белгілеу жатады.
      2. Егер:
      1) декларант ретінде кедендік тасымалдаушы немесе уәкілетті экономикалық оператор түссе;
      2) тауарлар теміржол және құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша тасымалданса;
      3) бұл халықаралық шарттармен белгіленсе;
      4) тауарлар кедендік алып жүрумен тасымалданса;
      5) осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарымен белгіленген өзге де жағдайларда кедендік транзит кезінде кеден органы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынуды талап етпейді.
      3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалатын жағдайларда кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз етудің өзге де шараларына қосымша ғана қолданылуы мүмкін.
      Жөнелтуші кеден органдарының бағыты көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтер негізінде айқындалады.
      Жөнелтуші кеден органының жазбаша рұқсатымен не ол жүрер жол бойынша тұрған кез келген кеден органының рұқсатымен бағытты өзгертуге жол беріледі.

      322-бап. Кедендік алып жүру

      1. Кедендік алып жүру - кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды тұлғалары не өзге де ұйымдар жүзеге асыратын кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын алып жүру.
      2. Кеден органы:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалатын;
      2) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылмаған не оның жеткіліксіздігі;
      3) егер көрсетілген қаулылардың ең болмағанда, біреуі орындалмаса, тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген қаулылармен белгіленген кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде міндеттерді бірнеше рет орындамаған;
      4) тасымалдаушы осы Кодекстің 331-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындамаған;
      5) халықаралық шарттармен белгіленген жағдайда кедендік алып жүру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      3. Кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы осындай шешімді қабылдаған кезден бастап оны 24 сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.
      4. Кедендік алып жүру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      323-бап. Кедендік транзиттің мерзімі

      1. Жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейінгі кедендік транзиттің мерзімін жөнелтуші кеден органы көлік түрінің және көлік құралдары мүмкіндіктерінің, белгіленген бағыттың, тасымалдаудың басқа шарттарының негізінде тауарларды тасымалдаудың әдеттегі мерзіміне және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушының өтінішіне сәйкес, егер тасымалдаушы декларантпен кедендік тарнзиттің кедендік рәсіміне түспесе, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес жүргізушінің еңбек режимінің талаптарын және демалысын ескере отырып, бірақ кедендік транзиттің неғұрлым шекті мерзімінен аспайтындай белгілейді.
      2. Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен аспауға тиіс.
      3. Егер тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің декларанты болып түспесе, декларанттың немесе тасымалдаушының дәлелді өтініші бойынша кеден органы белгілеген кедендік транзиттің белгіленген мерзімін осы баптың 2-тармағында көзделген мерзім шегінде ұзартуы мүмкін.

      324-бап. Тауарларды жеткізу орны

      1. Кедендік транзит кезінде тауарларды жеткізу орнын жөнелтуші кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген межелі пункт туралы мәліметтердің негізінде айқындайды.
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттер заңнамасымен белгіленген жағдайларда жөнелтуші кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтерге қарамастан жеткізу орнын белгілеуге құқылы.
      2. Жөнелту кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтерден тәуелсіз жеткізу орындарын:
      1) тауарларға қатысты өкілдіктерге ие тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтерден тәуелсіз жеткізу орнын бекітуге негізді растайтын құжаттарды ұсыну шарты кезінде;
      2) тәуекелді басқару жүйесі негізінде анықталатын жағдайларда анықтауға құқылы.
      Осы тармақтың 2)тармақшасында көзделген жағдайларда, тауарларды жөнелтуші кеден органымен белгіленген жеткізу орнына дейін жеткізу жөніндегі тасымалдаушының шығындары көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген жеткізу орнына дейін тауарларды жеткізу жөніндегі шығындарға сәйкес келуі керек.
      3. Межелі кеден органының қызмет аймағында тұрған кедендік бақылау аймағы тауарларды жеткізу орны болып табылады. Бұл ретте, олардың келу орнынан тасымалданатын тауарлар, егер осы Кодекспен өзгесі белгіленбесе, кеден органының тұрған орнына жеткізіледі.
      Межелі станцияда (подъезд жолдарында) кедендік бақылау аймағы теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларды жеткізу орны болып табылады.
      4. Егер кедендік транзит кезінде межелі пункт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласында өзгертілген жағдайда, тасымалдаушы кеден органына тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл ретте, тасымалдаушы жүрер жол бойынша тұрған кез келген кеден органына бос түрде жазылған межелі пункті өзгерту туралы өтінішті,межелі пункті өзгертуді растайтын құжаттарды, сондай-ақ тарнзиттік декларацияны және тауарларға арналған өзге де құжаттарды ұсынады.
      Тауарлардың жеткізу орнын өзгерту туралы шешімді кеден органы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қабылдайды. көрсетілген шешім жеткізу орны өзгерген тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау және жаңа транзиттік декларацияны толтыру жолымен ресімделеді. Тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне кеден органы тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы шешім қабылдаған күні орналастырылады.

      325-бап. Тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен
                тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдаудың
                көлік құралдарын жабдықтау

      1. Тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдау үшін көлік құралдары мынадай талаптарды сақтай отырып, құрастырылған және жабдықталған болуға тиіс:
      1) кедендік пломбалар қарапайым және сенімді әдіспен салынған болуы мүмкін;
      2) тауарлар халықаралық тасымалдау көлік құралының пломбаланған жүк орналастыру бөлігінен алынбауға және оларды ашқанда көрінетін із қалдырмастан немесе кедендік пломбалар мен мөрлерді бүлдірместен оларға салынбауға тиіс;
      3) тауарлар жасырылуы мүмкін жасырын орындар жоқ;
      4) тауарлардың болуы мүмкін орындарға тауарларды кедендік қарау үшін жеңіл қол жеткізіледі.
      2. Егер мұндай көлік құралы оны халықаралық шарттармен белгіленген құрастыру және жабдықтау талаптарына сәйкес келсе, халықаралық тасымалдаудың көлік құралына осы баптың 1-тармағымен белгіленген талаптар орындалған болып саналады.
      3. Халықаралық тасымалдау көлік құралының осы баптың 1 және 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлікті алу жолымен алдын ала расталуы мүмкін.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік:
      жеке тәртіппен;
      көлік құралдары құрылғысының түрі (сериялары) бойынша берілуі мүмкін.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлікті кеден органы мүдделі тұлғаның өтініші бойынша көрсетілген өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Көрсетілген куәлік халықаралық тасымалдау көлік құралының құрылғысында өзгерістер болғанға дейін, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімде қолданыста болып қалады.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік басқа тұлғаға ауысқан кезде көлік құралдарын иелену құқығы күшінде қалады.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәліктің нысаны және оны беру және пайдалану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      4.Кеден органдары:
      тауарларды тасымалдауды кедендік тасымалдаушы жүзеге асырған;
      алдын ала жіберу халықаралық шарттармен көзделмеген жағдайда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға алдын ала жіберуді талап етпейді.

      326-бап. Тиеу, қайта тиеу (қайта аудару) және тауарлармен
                өзге де жүк операциялары, сондай-ақ кедендік
                транзит кезінде халықаралық тасымалдаудың көлік
                құралдарын ауыстыру

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды тиеуге, қайта тиеуге (қайта аударуға) және өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ мұндай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ауыстыруға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жөнелтуші кеден органның немесе қызмет өңірінде тиісті жүк операциялары жүзеге асырылатын кеден органының рұқсатымен жол беріледі.
      Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген халықаралық тасымалдаудың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты операциялар салынған кедендік пломбалар мен мөрлерді бүлдірместен жүзеге асырылады не тауарларға кедендік пломбалар мен мөрлер салынбаса, мұндай операцияларды жүзеге асыруға кеден орган жазбаша және (немесе) электрондық нысанда хабардар еткеннен кейін жол беріледі.
      2. Егер оларды жүзеге асыру тауарлардың жоғалуына немесе қасиеттерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда не көліктік (тасымалдау) құжаттарда, шектеулерді сақтауды растайтын құжаттарда не бақылаушы мемлекеттік органдар берген өзге де құжаттарда мұндай операцияларды жүзеге асыруға тыйым салулар болған кезде кеден органы тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беруден бас тартуы мүмкін.
      3. Кеден органы тұлғасының өтініші бойынша кеден органының жұмыс уақытынан тыс кедендік бақылаудағы тауарлармен жүк операцияларын жүргізуге рұқсат береді.

      327-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі кезіндегі
                тасымалдаушының міндеттері

      Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы осы кедендік рәсімінің декларанты болып табылатындығына қарамастан:
      1) тауарларды және оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органы белгілеген мерзімде, егер ол белгіленсе, белгілі бір бағыт бойынша жүре отырып, тауарларды жеткізу орнына жеткізуге;
      2) тауарлардың, егер олар қолданылса, пломбалар мен мөрлердің не өзге де сәйкестендіру құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) осы Кодекстің 326-бабының 1-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды тиеуге, қайта тиеуге (қайта аударуға) және өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ мұндай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ауыстыруға кеден органдарының рұқсатынсыз жол бермеуге міндетті.

      328-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігі

      1. Тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органына жеткізбеген кезде тасымалдаушы тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырған кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдау кезінде өз міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      329-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі тауарларды жөнелтуші кеден органы белгілеген орынға жеткізгеннен кейін аяқталады.
      2. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орындарындағы тауарлар кедендік бақылау аймағына орналастырылады.
      Тауарларды кедендік бақылау аймағына орналастыруға тәуліктің кез келген уақытында жол беріледі.
      3. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау үшін тасымалдаушы межелі кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ:
      автомобильдік көлікпен тасымалданатын тауарларға қатысты олардың тауарларды жеткізу орнына келген кезінен бастап бір сағат ішінде, ал тауарлар кеден органының белгіленген жұмыс уақытынан тыс келген жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап екі сағат ішінде;
      порттың немесе әуежайдың технологиялық процесімен белгіленген уақыт ішінде су және әуе кемелерін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты онда бар басқа да құжаттарды ұсынуға міндетті.
      Тауарларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде тасымалдаушының межелі кеден органына тарнзиттік декларацияны, сондай-ақ онда бар құжаттарды ұсыну мерзімі көлік құралының тауарларды жеткізу орнына келу кезінен бастап кеден органының кейінгі жұмыс күнінің аяқталу уақытынан кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін.
      Кеден органының талабы бойынша тасымалдаушы тауарды көрсетуге міндетті.
      4. Межелі кеден органы, тасымалдаушы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған мезеттен бастап бір сағат ішінде оларды беруді Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тіркейді.
      5. Межелі кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсімін мейілінше қысқа мерзімде, бірақ транзиттік құжаттарда немесе транзиттік декларация ретінде танылатын кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау туралы өзге де құжаттарда белгілерді қою жолымен құжаттарды тіркегеннен кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірместен аяқтайды.
      Кеден органдарының кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауды ресімдеу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      6. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтағаннан кейін үш сағаттың ішінде тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе кедендік рәсімге сәйкес оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.
      Теміржол немесе су көлігімен тасымалданатын тауарлардың кедендік транзитінің кедендік рәсімін аяқтағаннан кейін тасымалдаушы немесе мүдделі тұлға, межелі кеден органының келесі жұмыс күнінің уақытынан кешіктірмей тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе кедендік рәсімге сәйкес оларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.
      Тауарларды уақытша сақтау орнына орналастырғанға немесе кедендік рәсімге сәйкес оларды кедендік декларациялағанға дейін тауарлар кедендік бақылау аймағында болуы керек.
      Осы тармақтың ережелері кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кету орнында кедендік рәсімді аяқтау кезінде қолданылмайды.

      330-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі кезіндегі
                авария, ырық бермес күштің әсері немесе өзге де
                жағдайлар кезінде қолданылатын шаралар

      1.Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергі болатын авариялар, ырық бермес күштің әсері немесе өзге де жағдайлар кезінде тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы жағдайлар туралы және тауарлардың орналасқан жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарлардың орнын ауыстыруға немесе (егер оның көлігі бұзылған болса) жақын кеден органына не оларды кеден органы көрсеткен өзге жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті. Осы жағдайлар туралы хабар алған кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергі болатын туындаған жағдайлар туралы жөнелтуші кеден органына және межелі кеден органына хабарлауға міндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушы шеккен шығыстарды кеден органдары өтемейді.

      331-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне
                орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік
                тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды,
                салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы және
                тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) осы рәсімнің қолданылуы уақытында әкелімдік кедендік баждарды салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 329-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Шетелдік тауарлар кеден органымен белгіленген жеткізу орнына жеткізілмеген жағдайда, әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) егер шетелдік тауарларды жеткізбеу тасымалдаушы кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге де тұлғаға беру себебі бойынша болса, мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні;
      2) авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, егер шетелдік тауарларды жеткізбеу тауарларды жоғалту себебі бойынша болса, - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні;
      3) шетелдік тауарларды жеткізбеу өзге де себептер бойынша болса, кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні болып саналады.
      4. Әкелімдік кедендік баждар, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының транзиттік декларацияны тіркеу күніне есептелген әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтату кезінде әкелімдік кедендік баждар, салықтар осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіпте қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады.
      6. Егер осы Кодекстің 143-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты емес, өзге тұлға ұсынған болса, осы баптың 3-тармағымен көзделген жағдайларда әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет декларантпен қатар, мұндай тұлғада туындайды.

      332-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне
                орналастырылатын (орналастырылған) кеден
                одағының тауарларына қатысты әкелімдік кедендік
                баждарды төлеу бойынша міндеттің туындауы және
                тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын кеден одағының тауарларына қатысты әкетімдік кедендік баждарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 319-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Декларантта кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) кеден одағының тауарларына қатысты әкетімдік кедендік баждарды төлеу бойынша міндет:
      1) Осы рәсімнің қолданылу уақытында әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 329-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау кезінде;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Тауарлар кеден органымен белгіленген жеткізу орнына жеткізілмеген жағдайда әкетімдік кедендік баждарды төлеу мерзімі кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні болып саналады.
      4. Әкетімдік кедендік баждар тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының транзиттік декларацияны тіркеу күніне есептелген әкетімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған әкетімдік кедендік баждарды төлеу бойынша міндетті осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтату кезінде әкетімдік кедендік баждар осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіпте қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады

39-тарау. КЕДЕН ҚОЙМАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК РӘСІМІ

      333-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсімінің мазмұны

      Кеден қоймасы -белгіленген мерзім ішінде кедендік баждар, салықтар төленбестен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік тауарлар кедендік бақылауда кеден қоймасында сақталатын кездегі кедендік рәсім.

      334-бап. Тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне
                орналастыру шарттары

      1. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне:
      оларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау күніне жарамды және (немесе) сатылу мерзімі жүз сексен күнтізбелік күннен кем құрайтын тауарларды;
      тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын тауарларды қоспағанда, кез келген шетелдік тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      2. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне, бұрын өзге кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      3. Осы Кодекспен көзделген жағдайларда, уақытша әкелудің немесе кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімдерінің қолданылуын тоқтату мақсатында кеден қоймасының кедендік рәсіміне шетелдік тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      4. Бұған кеден органының жазбаша нысандағы рұқсатының болуы шартымен, өздерінің үлкен габариттеріне байланысты кеден қоймасына орналастырыла алмайтын тауарларды кеден қоймасында нақты орналастырмастан, кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастыруға жол беріледі.
      Оларды кеден қоймасына нақты орналастырмастан, тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыру кезінде осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ұсынылады.

      335-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімі

      1. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімі тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
      2. Шектеулі жарамдылық және (немесе) сатылу мерзімі бар тауарлар жүз сексен күнтізбелік күннен кешіктірілмей, көрсетілген мерзім өткенге дейін өзге кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.
      3. Кеден қоймасында сақталу мерзімі өткен тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.
      4. Тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне бірнеше рет орналастыру кезінде, соның ішінде осы рәсімнің декларанттары ретінде әр түрлі тұлғалар болғанда, тауарларды кеден қоймасында жалпы сақтау мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзімнен аспауы тиіс

      336-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне
                орналастырылған тауарлармен жасалатын
                операциялар

      1. Бұл операциялар тауарлар жай-күйінің, орамдарының және (немесе) бірдейлендіру құралдарының өзгеруіне әкеп соқпауы шартымен, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе олардың өкілдері кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлармен олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті әдеттегі операцияларды жасауға, соның ішінде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды кеден қоймасы шегінде орындарынан ауыстыруға құқылы.
      2. Кеден органының рұқсатымен кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлармен қарапайым жинақтау операциялары, сондай-ақ:
      сынамалар мен үлігілерді іріктеп алу;
      партияны бөлшектеу, жөнелтімдерді қалыптастыру, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тауар түрін жақсарту бойынша операцияларды қоса алғанда тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар жасалуы мүмкін.
      3. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлармен жасалатын барлық операциялар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктеме кодының өзгеруіне байланысты осы тауарлардың сипаттамасын өзгертпеуі тиіс.
      4. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелер жасалуы мүмкін.

      337-бап. Кеден қоймалары және олардың түрлері

      1. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды сақтауға арналған арнайы белгіленген және жайластырылған құрылыс, үй-жай және (немесе) ашық алаңша кеден қоймасы болып танылады.
      2. Кеден қоймалары ашық немесе жабық түрде болуы мүмкін.
      Егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктерді иеленген кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, кеден қоймалары ашық түрдегі қоймалар болып табылады.
      Егер олар кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналған болса, кеден қоймалары жабық түрдегі қоймалар болып табылады.
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен жабық түрдегі кедендік қоймаларда сақталуға
      3. Кеден қоймаларын орналастыру, жайластыру және жабдықтау бойынша талаптар, сондай-ақ олардың құрылу және қызмет ету тәртібі осы Кодекстің 46-51-баптарында белгіленген.
      4. Кеден органдары кеден қоймалары иелерінің тізілімін жүргізеді және оларды мерзімді жариялауды, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етеді.
      5. Кеден қоймасының иесі кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетін тауарлар туралы есепті жүргізеді және есептілікті кеден органына ұсынады.
      Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетін тауарларды есепке алу нысанын,соның ішінде есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдану кезінде кеден қоймасының иесі анықтайды. Бұл ретте, есепке алу нысаны кеден органына есептілікті ұсыну мүмкіншілігін қамтамасыз етеді, онда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) тауардың кеден қоймасына орналастырылған күні;
      2) орналастырылатын тауарлардың атауы;
      3) кеден қоймасына орналастыру және кеден қоймасына шығару кезінде өлшеу бірлігіне сәйкес тауарлардың саны;
      4) кедендік декларацияның нөмірі және кеден қоймасына орналастыру кезінде тауарларды шығару күні;
      5) кедендік декларациясының нөмірі және кеден қоймасына шығару кезінде тауарлардың шығарылған күні.
      Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетін тауарлар туралы есептілікті кеден қоймасының иесі, кеден қоймасы тұрған қызмет аймағындағы кеден органына есепті тоқсаннан кейінгі айдың онына дейін тоқсан сайын кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте ұсынады.
      Есептілік ақпаратты берудің электрондық әдісі жолымен, сондай-ақ кедендік реттеу саласында қолданылатын ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып ұсынылуы мүмкін.
      Кеден қоймасындағы тауарларды есепке алу үшін пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтерді кеден қоймасының иесі тауарларды кеден қоймасынан шығарған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.

      338-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау

      1. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше шарттарын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтау талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларында орналастырылуы тиіс.
      2. Кеден қоймасында экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған кеден одағының тауарларын алты ай ішінде сақтауға жол беріледі.
      3. Кеден қоймасының қызмет етуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар осы қойманың қызмет етуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде басқа кеден қоймасына тасымалдануы не осы Кодекске сәйкес өзге кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.
      Алпыс күнтізбелік күн ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекеттер жасалмаған кезде осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес тауарларды кеден органдары ұстайды

      339-бап. Кеден қоймасында сақталуы кезеңінде жарамсыз
                болған, бүлінген немесе зақымданған тауарларды
                өзге кедендік рәсімге орналастыру

      Кеден қоймасында сақталуы кезеңінде ырық бермес күш әсерінің салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған күйінде әкелінгендей болғанда, декларант таңдап алған кедендік рәсімге орналастырылуға жатады

      340-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын
                аяқтау

      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы тауарлардың кеден қоймасында сақталу мерзімі өткенге дейін тауарларды өзге кедендік рәсімге орналастырумен аяқталады.
      Кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік рәсімге толық немесе ішінара орналастырылуы мүмкін.
      2. Тауарларды өзге кедендік рәсімге орналастырғаннан кейін бұл тауарлар оларды өзге кедендік рәсімге орналастырған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден қоймасынан әкетуге жатады.

      341-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне
                орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
                қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды
                төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы
                және оларды төлеу мерзімі

      1. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) декларантта кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап;
      2) кеден қоймасының иесінде - тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезден бастап туындайды.
      2. Кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) декларантта - тауарларды кеден қоймасына орналастыру кезінде не егер, тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендік рәсімге орналастыру кезінде;
      2) кеден қоймасының иесінде - оларды өзге кедендік рәсімге орналастыруға байланысты тауарларды кеден қоймасынан беру кезінде;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда - тауарлар осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұсталғанда, сондай-ақ осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады
      3. Әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) декларантта:
      авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, оларды кеден қоймасына орналастырғанға дейін тауарларды жоғалтқан жағдайда, - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін жоғалтқан немесе өзге тұлғаға берген жағдайда, - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      2) кеден қоймасының иесінде:
      авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, тауарларды жоғалтқан жағдайда, - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарлардың кеден қоймасына орналастырылған күні;
      мұндай тауарларға қатысты олардың кедендік рәсіммен орналастырылуын растайтын құжаттарды ұсынбастан тауарларды кеден қоймасынан берген жағдайда, беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарлардың кеден қоймасына орналастырылған күні болып саналады.
      4. Әкелімдік кедендік баждар, салықтар тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.

      342-бап. Оларды кеден қоймасында сақтағаннан кейін
                тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік
                рәсіміне орналастыру кезінде кедендік баждарды,
                салықтарды есептеу ерекшеліктері

      Тауарларды кеден қоймасында сақтағаннан кейін оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезде осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне оларды осы күні кеден одағының кедендік аумағына әкелгендей айқындалады.

40-тарау. КЕДЕНДІК АУМАҚТА ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ КЕДЕНДІК РӘСІМІ

      343-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік
                рәсімінің мазмұны

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеу әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып және кейін қайта өңдеу өнімдерінің кеден одағының аумағынан тысқары әкетілумен тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар жасау мақсаты үшін шетелдік тауарлар пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
      2. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды, ал тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операция нәтижесінде алынған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады.
      3. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау кезінде кеден одағының тауарларын пайдалануға жол беріледі.

      344-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің
                кедендік рәсіміне орналастыру шарттары

      1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыруға:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 348-бабында айқындалған мәліметтерді қамтыған тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың ұсынылуы;
      Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген құжат ретінде кедендік декларация пайдаланылуы мүмкін;
      2) осы Кодекстің 352-бабына сәйкес балама тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарының шетелдік тауарларды олардың қайта өңделу өнімдерінде бірдейлендірілуіне жол беріледі.
      2. Кеден одағының комиссиясы кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесін анықтайды.

      345-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі
                операциялар

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар:
      1) ол кезде шетелдік тауарлар өздерінің жеке сипаттамалары жоғарлататын тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
      2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді және шақтауды қосқанда, тауарларды дайындауды;
      3) оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді ауыстыруды қосқанда, тауарды жөндеуді;
      4) егер бұл тауарлар толық немесе ішінара қайта өңдеу процесінде пайдаланылса да, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдем беретін немесе оны жеңілдететін тауарлардың шикізаты ретінде пайдалануды қамтиды. Бұл операция осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген операциялардың бірімен бір мезгілде жасалуы тиіс.
      2. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларға:
      1) оларды сатуға және тасымалдауға дайындау кезінде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операциялар;
      2) төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
      3) ағаштар мен өсімдіктерді өсіру;
      4) ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат тасымалдағыштарының кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;
      5) шетелдік тауарларды технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдықтар, станоктар, тетіктер және басқалар) пайдалану жатпайды.

      346-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде
                бірдейлендіру

      Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
      1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының бастапқы шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
      2) шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
      3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
      4) тауарларда бар маркалауды, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
      5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жасалатын операциялардың негізінде, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен немесе тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.

      347-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі

      1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс.
      Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде - осы кедендік рәсімге тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
      Кеден одағы комиссиясының шешімімен тауарлардың жекелеген санаттары үшін тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің неғұрлым ұзақ мерзімі айқындалуы мүмкін.
      2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мерзімі:
      1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
      2) қайта өңдеу өнімдерін нақты әкету үшін және шетелдік тауарлардың артық қалдықтарына және қалдықтарына билік етумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақытты қосады.
      3) Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
      4) Тауарларды қайта өңдеу мерзімін үш жыл шегінде ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, қайта өңдеу мерзімін ұзарту мақсаттылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
      Декларанттың қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарастыруы керек. көрсетілген кезеңге қайта өңдеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
      Кеден органы қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан алдыңғы мерзімнің аяқталу күнінен ұзартылады.
      Осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді декларант сақтамаған жағдайда тауарларды қайта өңдеудің мерзімін ұзартудан бас тартуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасының кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы немесе осындай ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешімі декларанттың назарына жазбаша түрде жеткізіледі.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеудің мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларация данасының бірінші парағының келесі жағында мерзімді ұзарту туралы белгі және күні қойылады. Көрсетілген белгіні кеден органының лауазымды тұлғасы қолымен, жеке нөмірлік мөрмен растайды.
      Қайта өңдеудің мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, кеден органы осындай бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өзге кедендік рәсімге орналастыруға жатады.

      348-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары
                туралы құжат

      1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін, тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кез келген тұлға ала алады.
      2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:
      1) құжат берілген тұлға;
      2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар);
      3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
      4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
      6) тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау тәсілдері;
      7) тауарларды бірдейлендіру тәсілдері;
      8) қалдықтар мен артық қалдықтардың атауы, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелуі, олардың мөлшері мен құны;
      9) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі;
      10) егер мұндай ауыстыруға жол берілсе, балама тауарлармен ауыстыру;
      11) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдаланудың мүмкіндіктері;
      12) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтер болуы тиіс.
      Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленсе, тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжат, осы баптың 2-тармағында көзделген мәліметтерден басқа, өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.
      Әкетуі кезінде тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және (немесе) кедендік баждар алынатын, кеден одағының тауарларын пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарты туралы құжатта тауардың атауы, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, қайта өңдеу өнімдерінің шығыс нормасы, тауардың саны мен құны көрсетілуі керек.
      4. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органының келісімі бойынша кедендік реттеу саласында уәкілетті органмен айқындалады.
      5. Шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына қатысушы мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.

      349-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу
                нормалары

      1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп шетелдік тауарлардың белгілі бір санын қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы түсініледі.
      2. Егер кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар сипаттамалары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.

      350-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу
                нәтижесінде пайда болған қалдықтар және
                өндірістік шығындар

      1. Шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар, көрсетілген қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік рәсімге орналастыруға жатады.
      2. Кеден мақсаты үшін көрсетілген қалдықтар кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген тауарлар ретінде қаралады.
      Қалдықтардың кедендік құнын анықтау ерекшеліктерін Кеден одағы комиссиясының шешімі анықтайды.
      3. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болатын және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік шығындар өзге кедендік рәсімге орналастырылуға жатпайды.

      351-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне
                орналастырылған тауарлардың қалдықтары

      Шығарылу нормаларына сәйкес қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары өзге кедендік рәсімге орналастырылуға жатады.

      352-бап. Балама тауарлармен ауыстыру

      1. Кеден органының рұқсатымен кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
      2. Өзінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша шетелдік тауарлармен сәйкес келетін кеден одағының тауарлары балама тауарлар деп түсіндіріледі.
      Бұрын экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған тауарлардың құрамына енетін бөліктердің, топтардың, агрегаттардың ақау түрін кепілді жөндеу үшін әкелген жағдайда, кеден одағының тауарлары, өзінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша әкелінген тауарларға сай келсе, олардың түзу емес және (немесе) иозу жағдайын ескерусіз балама тауарлар ретінде қарастырылады.
      3. Балама тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар осы тараудың ережелеріне сәйкес шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады.
      4. Балама тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады, сондай-ақ олармен ауыстырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.
      5. Егер шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат етілсе, балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерін әкетуге шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгенге дейін жол беріледі. Бұл ретте мұндай ауыстыру тәртібі кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органмен айқындалады.

      353-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің
                қолданылуын аяқтау

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерінің, қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен артық қалдықтардың осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылуымен аяқталады.
      Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, қайта өңдеу өнімдерінің, қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен артық қалдықтардың осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылуымен аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      2. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы (тауарларды қайта өңдеу мерзімінің етуі) қайта өңдеу өнімдерін кедендік қойманың немесе уақытша әкелудің кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру және қайта жаңғырту тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      3. Қайта өңдеу өнімдері кері экспорттың кедендік рәсіміне және (немесе) өзге де кедендік рәсімдерге бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін.
      Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.

      354-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне
                орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
                қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды
                төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы
                және оларды төлеу мерзімі

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет декларантта кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Кедендік кедендік аумақта қайта өңдеудің рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет декларантта:
      1) осы рәсімнің қолданылу уақытында әкелімдік кедендік баждарды салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 347-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген тұлға болып табылмайтын және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берген кезде - тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      2) авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      3) осы Кодекстің 347-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде - тауарларды қайта өңдеу мерзімі еткен күн болып саналады.
      4. Әкелімдік кедендік баждар, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ескерілместен, төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде төлеуге жатады.

      355-бап. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың
                кедендік рәсіміне орналастыру ерекшеліктері

      1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кедендік аумақта қайта өңдеудің рәсіміне орналастырылған және олардың шығарылу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептелген әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомалары төленеді.
      2. Қайта өңдеу өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталар бағамы кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.

41-тарау. КЕДЕНДІК АУМАҚТАН ТЫС ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ КЕДЕНДІК РӘСІМІ

      356-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік
                рәсімінің мазмұны

      1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу - кейін қайта өңдеу өнімдерін кеден одағының кедендік аумағында әкеле отырып, кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау мақсатымен кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданылмастан белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін кездегі кедендік рәсім.
      2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан нақты әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.

      357-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің
                кедендік рәсіміне орналастыру шарттары

      1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыруға:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 361-бабымен айқындалған мәліметтер бар тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың ұсынылуы шартымен жол беріледі.
      Егер тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсіміне орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген құжат ретінде кедендік декларация пайдаланылуы мүмкін;
      2) осы Кодекстің 363-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстырған жағдайды қоспағанда, кеден органдарында кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіру мүмкіндігінің болуы шартымен жол беріледі.
      2. Кеден одағының комиссиясы кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
      3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар оларды жөндеу бойынша операцияларды жасау үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылуы мүмкін.

      358-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі
                операциялар

      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
      1) тауарлар, өздерінің жеке сипаттамаларын жоғалтатын кездегі тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
      2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді, және шақтауды қосқанда, тауарларды дайындауды;
      3) оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді ауыстыруды қосқанда, тауарды жөндеуді қамтиды.

      359-бап. Кеден одағының тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде
                бірдейлендіру

      Кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіру мақсатында мынадай тәсілдер қолданылуы мүмкін:
      1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының кеден одағының бастапқы тауарларына мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
      2) кеден одағы тауарларының масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
      3) кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
      4) тауарларда бар маркалауды, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
      5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жүзеге асырылатын операциялардың негізінде, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде кеден одағының тауарларын пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер

      360-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
                мерзімі

      1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі екі жылдан аспауы тиіс.
      Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде -осы кедендік рәсіміне тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
      2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің мерзімі:
      1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
      2) қайта өңдеу өнімдерін нақты әкелу үшін және оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімін аяқтайтын кедендік рәсімдерге орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
      3. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
      4. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін екі жыл шегінде ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, қайта өңдеу мерзімін ұзарту мақсаттылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
      Декларанттың қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарастыруы керек. көрсетілген кезеңге қайта өңдеу мерзімі тоқтатыла тұрады.Кеден органы қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан алдыңғы мерзімнің аяқталу күнінен ұзартылады.
      Осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді декларант сақтамаған жағдайда тауарларды қайта өңдеудің мерзімін ұзартудан бас тартуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы немесе осындай ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешімі декларанттың назарына жазбаша түрде жеткізіледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудің мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларация данасының бірінші парағының келесі жағында мерзімді ұзарту туралы белгі және күні қойылады. көрсетілген белгіні кеден органының лауазымды тұлғасы қолымен, жеке нөмірлік мөрмен растайды.

      361-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
                шарттары туралы құжат

      1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттің органы беретін тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кез келген тұлға ала алады.
      2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:
      1) құжат берілген тұлға;
      2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар);
      3) кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
      4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
      6) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері;
      7) тауарларды бірдейлендіру тәсілдері;
      8) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі;
      9) егер мұндай ауыстыруға жол берілсе, қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру;
      10) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтер болуы тиіс.
      3. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органының келісімі бойынша кедендік реттеу саласында уәкілетті органмен айқындалады.
      4. Кеден одағының тауарларын кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады

      362-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу өнімдерінің
                шығарылу нормалары

      1. Кеден одағы тауарларының белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп түсініледі.
      2. Егер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар сипаттары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.

      363-бап. Қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен
                ауыстыру

      1. Егер жөндеу қайта өңдеу жөніндегі операциялары болып табылған жағдайда, сондай-ақ тауарларды құбыржол көлігімен өткізген кезде кеден органының рұқсатымен өз сипаты, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сәйкес келетін қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
      2. Тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыру,кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес, қайта өңдеу өнімдерін ауыстыратын тауарлар жөндеуге арналған тауарларға қарағанда бірдей немесе біртектегі тауарлар болу шартымен жіберіледі. Бұл ретте тауарлардың ауыстырылатын бөліктері жаңа, сондай-ақ бұрын пайдаланған бола алады.
      3. Тауарларды жөндеу кезінде, осындай жөндеу алынған өнімге бастапқы өнімнің сипаттамасынан елеулі ерекшеленетін сипаттама бере алғанда қайта өңдеу тауарларын ауыстыру жіберілмейді.
      4. Шарттың (келісімшарттың) тиісті ережелері және тауарларды жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаның кепілді міндеттемелері тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға негіз болып табылады.

      364-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік
                рәсімінің қолданылуын аяқтау

      1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерін осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда кері экспорттың немесе ішкі тұтынудың кедендік рәсімдеріне орналастырылуымен аяқталады.
      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған тауарларды осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда кері импорттың немесе экспорттың кедендік рәсімдеріне орналастырылуымен аяқталады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының аумағына қайтарылуға жатса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі экспорттың кедендік рәсімінде аяқталмауға тиіс.
      2. Қайта өңдеу өнімдері кері импорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін.

      365-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік
                рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған)
                тауарларға қатысты әкетімдік кедендік баждарды
                төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы
                және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта кедендік кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) осы рәсімнің қолданылуы уақытында әкелімдік кедендік баждарды салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 360-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Әкетімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берген кезде - тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды беру фактісін анықтаған күні;
      2) авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін тауарларды жоғалтқан кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды жоғалту фактісін анықтаған күні;
      3) осы Кодекстің 360-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде - тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн болып саналады.
      4. Әкетімдік кедендік баждар, салықтар тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген әкетімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

      366-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың
                кедендік рәсіміне орналастыру ерекшеліктері

      Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде әкелімдік кедендік баждар, салықтар мынадай тәртіпте төленеді:
      1) төленуге жататын әкелімдік кедендік баждар сомасы тауарларды қайта өңдеу операциялары құнының негізінде айқындалады.
      Егер қайта өңдеу бойынша операциялардың құнын белгілеу мүмкін болмаса, ол қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны мен кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың кедендік құнының әр түрлілігі ретінде, осы тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру күні әкетілгендей айқындалады.
      Егер қайта өңдеу өнімдеріне әкелімдік кедендік баждардың ерекшелікті ставкалары қолданылса, төленуге жататын әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасы қайта өңдеу бойынша операциялар құнының қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құнына арақатынасына қайта өңдеу өнімдеріне қатысты ерекшелікті ставка бойынша есептелген кедендік баж сомасының шығарылуы ретінде, қайта өңдеу өнімдері ішкі шығару үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылғандай айқындалады.
      2) төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы бұл операциялардың құнын растайтын құжаттар болмаған кезде қайта өңдеу өнімдерінің құны мен қайта өңдеу үшін әкетілген тауарлардың кедендік құны арасындағы әр түрлілік ретінде айқындалуы мүмкін тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар құнының негізінде айқындалады.
      3) тауарларды қайта өңдеу бойынша операция әкетілген тауарларды жөндеу болып табылған жағдайды қоспағанда, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты акциздердің сомасы толық көлемде төленуге жатады.

      367-бап, Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік
                рәсіміне орналастырылған тауарларды экпорттың
                кедендік рәсіміне орналастыру ерекшеліктері

      1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды экпорттың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталар бағамы кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.

42-тарау. ІШКІ ТҰТЫНУ ҮШІН ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ КЕДЕНДІК РӘСІМІ

      368-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің
                мазмұны

      Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу — кейін қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлей отырып, қайта өңдеу өнімдерінің ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылуы шартымен, шетелдік тауарлар әкелімдік кедендік баждарды төлеместен, тыйым салулар мен шектеулерді, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдана отырып, белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау мақсатымен пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.

      369-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің
                кедендік рәсіміне орналастыру шарттары

      1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу, тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын тауарларға қатысты жол беріледі.
      2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыруға:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 373-бабымен анықталған мәліметтер бар тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың ұсынылуы;
      2) кеден органдарында шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіру мүмкіндігінің болуы;
      3) егер қайта өңдеу өнімдеріне қатысты төленуге жататын әкелімдік кедендік баждардың сомасы, егер олар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған болса, шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырған күніне төленуге жататыннан аз болуы;
      4) қайта өңдеу өнімдері экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтіріле алмауы шартымен жол беріледі.
      3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды, ал тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады.
      4. Осы Кодекспен көзделген талаптар мен шарттардың сақталуы шартымен ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне бұрын кедендік рәсімдеріне орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы мүмкін.

      370-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі
                операциялар

      1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімінде қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
      1) оның кезінде шетелдік тауарлар өздерінің жеке сипаттамаларын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
      2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды қамтиды.
      2. Тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларға:
      1) оларды сатуға және тасымалдауға дайындау кезінде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операциялар;
      2) төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
      3) ағаштар мен өсімдіктерді өсіру;
      4) ақпаратты, дыбыс- және бейне жазбаларды ақпарат тасымалдағыштарының кез келген түрлеріне көшіру және көбейту жатпайды.

      371-бап. Шетелдік тауарларды және қайта өңдеу өнімдерінде
                бірдейлендіру

      Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
      1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының бастапқы шетелдік тауарларға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
      2) шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
      3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
      4) тауарларда бар маркалауды, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
      5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жүзеге асырылатын операциялардың негізінде, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен немесе тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.

      372-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі

      1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі бір жылдан аспауы тиіс.
      Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды ішкі тұтыну қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде - осы кедендік рәсіммен тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
      Кеден одағы комиссиясының шешімімен тауарлардың жекелеген санаттары үшін тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің неғұрлым ұзақ мерзімі айқындалуы мүмкін.
      2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мерзімі:
      1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
      2) қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
      3. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
      4. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін бір жыл шегінде ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, қайта өңдеу мерзімін ұзарту мақсаттылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
      Декларанттың қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарастыруы керек. Көрсетілген кезеңге қайта өңдеу мерзімі тоқтатыла тұрады.Кеден органы қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан алдыңғы мерзімнің аяқталу күнінен ұзартылады.
      Осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді декларант сақтамаған жағдайда тауарларды қайта өңдеудің мерзімін ұзартудан бас тартуы мүмкін.
      Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы немесе осындай ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешімі декларанттың назарына жазбаша түрде жеткізіледі.
      Бұл ретте тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларация данасының бірінші парағының келесі жағында мезімді ұзарту туралы белгі және күні қойылады. Көрсетілген белгіні кеден органының лауазымды тұлғасы қолымен, жеке нөмірлік мөрмен растайды.
      Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қайта өңдеудің мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда өзге кедендік рәсімге орналастыруға жатады, ал қайта өңдеу өнімдері - кеден органы осындай бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ішкі тұтыну үшін шығаруды кедендік рәсіміне орналастыруға жатады.

      373-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары
                туралы құжат

      1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кез келген тұлға ала алады.
      2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта:
      1) құжат берілген тұлға;
      2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар);
      3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
      4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
      6) тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау тәсілдері;
      7) тауарларды бірдейлендіру тәсілдері;
      8) қалдықтар мен артық қалдықтардың атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелуі, олардың мөлшері мен құны;
      9) тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі;
      10) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдаланудың мүмкіндіктері;
      11)тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтер болуы мүмкін.
      3. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органының келісімі бойынша кедендік реттеу саласында уәкілетті органмен айқындалады.
      4. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына қатысушы мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.

      374-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу өнімдерінің
                шығарылым нормалары

      1. Шетелдік тауарлардың белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы қайта өңдеу өнімдерінің шығарылым нормасы деп түсініледі.
      2. Егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар сипаттамалары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің.

      379-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі
                аяқталған кезде қайта өңдеу өнімдерін ішкі
                тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне
                орналастыру ерекшеліктері

      1. Кеден одағына қатысушы мемлекеттер экономикасының салаларын дамыту және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында инвестициялық тауарларды импорттық ауыстыруды ынталандыру мақсатында Кеден одағының комиссиясы кедендік баждарды қолдану мақсаты үшін қайта өңдеу өнімдеріне қатысты мұндай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалған кедендік құнның және (немесе) олардың табиғи көріністегі (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасының қолданылуы мүмкін болғанда, тауарлардың және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерінің жекелеген түрлерін айқындауға құқылы.
      2. Қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік баждардың ставкалары ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлардың шығу елі бойынша қолданылады. Қайта өңдеу процесінде әр түрлі елдерде шығарылған шетелдік тауарлар пайдаланылған жағдайда, кедендік баждардың ставкаларын қолдану мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:
      1) егер қайта өңдеу нәтижесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кез келген бірінші төрт белгі деңгейінде өзгеріс болса, қайта өңдеу өнімдеріне сауда-саяси қатынастарында неғұрлым қолайлылық танытатын ұлттың режимі берілетін елдерден әкелінетін тауарларға сияқты кедендік баждардың ставкалары қолданылады.
      2) өзге жағдайларда, кедендік құны артық осы шетелдік тауарлардың шығарылуы бойынша кедендік баждардың ставкалары қолданылады.

      380-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің
                қолданылуы аяқталған кезде қайта өңдеу бойынша
                операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды
                ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне
                орналастыру ерекшеліктері

      Қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін әкелімдік кедендік баждардың ставкалары кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.

43-тарау. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімі

      381-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің мазмұны

      Уақытша әкелу (жіберу) - шетелдік тауарлар кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе ішінара босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, кейін кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырыла отырып кеден одағының кеден аумағында белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.

      382-бап. Тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік
                рәсіміне орналастыру шарттары

      1. Тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастыруға осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды уақытша әкелудің кедендік рәсімін аяқтау мақсатында кейін оларды кедендік ресімдеу кезінде сәйкестендіру мүмкіндігінің болуы шартымен жол беріледі.
      Тауарларды сәйкестендіру кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес әкелінген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді.
      2. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне:
      1) оларды жекелеген данада жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өндіріс үлгілері ретінде уақытша әкелген жағдайларды қоспағанда, алкоголь, темекі және темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
      2) артық қалдықтарды, соның ішінде өндірістің артық қалдықтарын;
      3) кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
      3. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне бұрын өзге кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлар осы Кодекспен көзделген талаптар мен шарттардың сақталуы шартымен орналастырылуы мүмкін.
      3. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне осы Кодексте көзделген талаптар мен шарттарды сақтаған жағдайда бұрын өзге кедендік рәсімдерге орналастырылған шетел тауарлары орналастырылуы мүмкін.

      383-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және
                оларға билік ету бойынша шектеулер

      1. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар (бұдан әрі - уақытша әкелінген тауарлар) табиғи тозу немесе тасымалдаудың (тасымал) және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз жай-күйінде қалуға тиіс.
      Олардың кері экспорты кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруін қамтамасыз ету шартымен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қоспағанда),техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйінде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасауға жол беріледі.
      Уақытша әкелінген тауарларды пайдалана отырып, сынақтар, зерттеулер, тестілер, тексерулер, тәжірибелер жүргізуге не оларды сынақтар, зерттеулер, тестілер, тексерулер, тәжірибелер мен эксперименттер жүргізуге жол беріледі.
      2. Уақытша әкелінген тауарлар декларанттың іс жүзіндегі иелігінде және пайдаланылуында болуы тиіс.
      3. Декларанттың уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаның иелігіне және пайдалануына:
      1) оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді және (немесе) жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасымалдау мақсатында, сондай-ақ кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен айқындалған жағдайлардағы өзге де мақсатта кеден органының рұқсатынсыз;
      2) өзге де жағдайларда - кеден органының рұқсатымен беруіне жол беріледі.
      4. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иеленуіне және пайдалануына беруге кеден органының рұқсатын алу мақсатында осы тауарлардың декларанты оларды кедендік рәсіммен орналастыруды жүргізген кеден органына онда уақытша әкелінген тауарларды басқа тұлғаға беру себептерін және осы тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша өтініш береді.
      Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаларға иеленуіне және пайдалануына беру уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінің декларантын осы тару мен белгіленген талаптар мен шарттарды, сақтаудан босатпайды және уақытша әкелудің мерзімін ұзартпайды.
      5. Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды осы Кодекстің 48-тарауымен белгіленген тәртіпте халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде пайдалануға жол беріледі.

      384-бап. Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері

      1. Тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы мұндай әкелудің мақсаты мен жағдайларына сүйене отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді және осы баппен көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкелудің кедендік рәсіміне орналастырған күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
      Декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мерзім не осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған мерзім шегінде ұзартуы мүмкін.
      2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзімге қарағанда, уақытша әкелудің неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
      3. Осы бапта белгіленгеннің шегінде уақытша әкелудің мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант уақытша әкелу мерзімінен кешіктірмей кедендік бақылау жүргізетін кеден органына осындай ұзартудың қажеттілігі туралы растайтын құжаттарды тіркей отырып, жазбаша өтініш ұсынады.
      Кеден органы уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай шешім қабылданған күнге қарамастан, алдыңғы мерзімнің аяқталған күнінен бастап ұзартылады.
      Кеден органының уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы не оны ұзартудан бас тарту туралы шешімі декларантқа жазбаша ұсынылады. Бұл ретте, уақытша әкелу мерзімін ұзарту кезінде кеден органына тапсырылған кеден декларациясы экземплярының бірінші бетінің келесі жағына мерзім және күнінің ұзартылғаны туралы белгі қойылады Көрсетілген белгі кеден органы лауазымды тұлғасының қолымен, жеке нөмірі бар мөрмен расталады.
      4. Кеден органы уақытша әкелу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімді декларант осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді сақтамаған жағдайда қабылдайды.
      5. Декларант уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы өтініш ұсынған кезде кеден органы кедендік қарау акті жасай отырып, бар тауарларды өзгеріссіз қалыпта белгілеу мақсатында, кедендік қарау жүргізуі тиіс. Кедендік декларацияны жүзеге асырушы кеден органы тауарларды кеден органы қызметінен тыс аймақтан тапқан жағдайда, көрсетілген тауарлар тұрған қызмет аймағындағы кеден органы қалыпты жағдайда тасымалдау (тасу), сақтау немесе қолдану (пайдалану) кезінде табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан ұшыраған өзгерістерден басқа тауарлардың барлығы және өзгеріссіз қалыпта тұрғаны туралы қорытынды жазады. 5. Тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне бірнеше орналастыру кезінде, оның ішінде осы рәсімнің декларанттары ретінде әр түрлі адамдар қатысса, уақытша әкелудің жалпы мерзімі осы баптың 1-тармағының бөлігінде көрсетілген мерзімнен немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес анықталған мерзімнен аспауға тиіс.

      385-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің
                қолданылуын аяқтау және тоқтата тұру

      1. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда уақытша әкелінген тауарларды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырумен аяқталады.
      Осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкелінген тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда өзге кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
      2. Уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелінген тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне немесе Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталған өзге кедендік рәсіммен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін тоқтата тұру және жаңғырту тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      3. Уақытша әкелінген тауарлар кері экспорттың кедендік рәсіміне не өзге кедендік рәсіммен бір немесе бірнеше лекпен орналастырылуы мүмкін.

      386-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық
                шартты түрде және ішінара шартты түрде босату

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелінген тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оның шекті мерзімін қоса алғанда, мұндай босатудың шарттары кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      2. Егер Кеден одағы комиссиясының шешімімен өзге белгіленбесе, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып уақытша әкелінген тауарлар кеден органы осы тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырған кеден одағына қатысушы мемлекет аумағының шегінде пайдаланылады.
      3. Олар бойынша кедендік баждарды, салықтарды толық шартты түрде төлеуден босату берілмеген тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждарды, салықтарды толық шартты түрде босатудың шарттарын сақтамаған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату қолданылады.
      Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде мұндай тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні тауарлардың кеден одағының кедендік аумағында болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік баждардың, салықтардың сомасынан үш процент төленеді.
      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік баждардың, салықтардың сомасы тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастыру кезінде осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің белгіленген кезеңі бойына немесе декларанттың таңдауы бойынша мерзімді, бірақ үш айда кемінде бір рет төленеді. Кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу мерзімділігін кеден органының келісімімен декларант айқындайды.
      5. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босата отырып, уақытша әкелу кезінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы, егер тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, мұндай тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік баждардың, салықтардың сомасынан аспауға тиіс.
      6. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомасы қайтаруға (есепке алуға) жатпайды.

      387-бап. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне
                орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
                қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарын
                төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы
                және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарын төлеу бойынша міндет:
      1) осы рәсімнің қолданылу кезінде әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін аяқтау кезінде;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік әкелу баждары мынадай мерзімде:
      1) уақытша әкелудің белгіленген мерзімі ішінде төленуге не мұндай төлемнің мерзімділігі жағдайында төленуге жататын әкелімдік кедендік баждар, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың барлық сомасын төлеу кезінде тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін;
      2) мұндай төлемнің мерзімділігі жағдайында оның ішінде әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу жүргізілетін кезең басталғанға дейін;
      3) мұндай тауарларды пайдалану және (немесе) иелену бойынша шектеулермен ұштасатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалана отырып, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты:
      мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартқан жағдайда - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылған кедендік декларацияға жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізілгенге дейін;
      мұндай жеңілдіктерді пайдаланумен байланысты белгіленген мұндай тауарларды пайдалану және (немесе) иелену бойынша шектеулерді бұзу арқылы тауарлармен әрекеттер жасаған жағдайда — көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
      4) Тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылған кездегі шарттарды бұзған жағдайда - оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні төленуге жатады.
      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде немесе ішінара шартты түрде босата отырып, уақытша әкелудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) уақытша әкелінген тауарларды кеден органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға табыс еткен кезде - табыс етілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарларды уақытша әкетудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
      2) авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, тауарларды уақытша әкелу мерзімі кезеңінде уақытша әкелінген тауарларды жоғалтқан кезде тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, тауарларды уақытша әкетудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
      3) осы Кодекстің 385-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау кезінде - тауарларды уақытша әкелу мерзімі еткен күні болып саналады.
      5. Кедендік әкелу баждар, салықтар осы баптың 4-тармағымен белгіленген жағдайларда мұндай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік артықшылықтарды және жеңілдіктерді ескерместен, оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кеден рәсіміне орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік әкелу баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

      388-бап. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін
                шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру
                ерекшеліктері

      1. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес белгіленетін әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, валюталар бағамы уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне айқындалады.
      2. Оларға қатысты ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінің декларанты уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінде кедендік баждарды, салықтарды төлеген тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінен кейін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде, кедендік баждарды, салықтарды ішінара шартты түрде босату кезінде кедендік әкелу баждар, салықтар ішкі тұтыну үшін. шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес төленген кедендік баждардың, салықтардың есептелген сомасының айырмашылық көлемінде төленеді.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды. ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырғанға дейін осы тауарлар кеден қоймасының, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне (рәсімдерімен) орналастырылса немесе уақытша сақтауға орналастырылса да осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылады.

44-тарау. Уақытша әкетудің кедендік рәсімі

      389-бап. Уақытша кедендік әкету рәсімінің мазмұны

      Уақытша әкету - кеден одағының тауарлары кедендік әкету баждарды төлеуден толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, кейін кері импорттың кеден рәсіміне орналастырыла отырып кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
      Уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.

      390-бап. Тауарларды уақытша әкетудің кедендік рәсіміне
                орналастыру шарттары

      1. Тауарларды уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастыруға кейін уақытша әкетудің кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігінің шартымен жол беріледі.
      Тауарларды сәйкестендіру кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес әкетілген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді.
      2. Уақытша әкетудің кедендік рәсіміне:
      1) оларды жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде санаулы даналарда әкеткен жағдайларды қоспағанда, алкоголь, темекі және темекі бұйымдарын, шикізатты және жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қосқанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
      2) қалдықтарды, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды;
      3) кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.

      391-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және билік
                ету бойынша шектеулер

      1. Уақытша әкетілген тауарлар тасымалдаудың (тасымал), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде қалуға тиіс.
      2. Олардың кері импорты кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуі шартымен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қоспағанда) жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қосқанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.

      392-бап. Тауарларды уақытша әкету мерзімдері

      1. Уақытша әкету мерзімін кеден органы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда мұндай әкетудің мақсаттары мен жағдайларына қарай декларанттың өтініші негізінде белгілейді.
      Уақытша әкету мерзімі деларанттың жазбаша өтініші бойынша осы баптың 2-3 тармақтарын ескере отырып ұзартылады.
      2. Осы бапта белгіленгеннің шегінде уақытша әкетудің мерзімін ұзарту үшін декларант уақытша әкету мерзімінен кешіктірмей кедендік бақылау жүргізетін кеден органына осындай ұзартудың қажеттілігі туралы растайтын құжаттарды тіркей отырып, жазбаша өтініш ұсынады. Уақытша әкетудің мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімде уақытша әкету мерзімінің етуі тоқтатылады. Кеден органы уақытша әкетудің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай шешім қабылданған күнге қарамастан, осының алдындағы мерзімнің аяқталған күнінен бастап ұзартылады.
      Кеден органы уақытша әкету мерзімін ұзарту туралы не мұндай ұзартудан бас тарту туралы шешімді декларантқа жазбаша нысанда ұсынады. Бұл ретте, уақытша әкету мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларацияның бірінші парағының артқы жағына мерзімі мен күнінің ұзартылғаны туралы белгі қойылады. Көрсетілген белгі кеден органы лауазымды тұлғасының қолымен, жеке нөмірлі мөрімен расталады.
      Кеден органы уақытша әкету мерзімін ұзарту туралы шешімді декларант осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді сақтамаған жағдайда қабылдайды.
      3. Оларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетудің мақсаттарына қарай тауарлардың жекелеген санаттары үшін, сондай-ақ тауарлардың жекелеген түрлері үшін уақытша әкетілгендерді қайта әкелу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылады, мұндай тауарларды уақытша әкетудің шекті мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеуі мүмкін.
      4. Қазақстандық дипломатиялық өкілдердің, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың қызметкерлерінің ресми және жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларды осындай өкілдіктер мен көрсетілген адамдардың шетел мемлекетінде аккредиттелуінің бүкіл мерзіміне Қазақстан Республикасынан уақытша әкетуге жол беріледі.
      5. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды Қазақстан Республикасының аумағына қайтару міндеттілігі белгіленбеген, уақытша әкетілген тауарларға меншік құқығын шетелдік тұлғаға берген жағдайда, бұл тауарларды уақытша әкету мерзімі ұзартуға жатпайды, ал бұл тауарлар осы Кодекстің 347-бабының 1-тармағының екінші абзацын ескере отырып, экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылуға жатады.

      393-бап. Уақытша кедендік әкету рәсімінің қолданылуын
                аяқтау

      1. Уақытша кедендік әкету рәсімінің қолданылуы уақытша әкетудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкетілген тауарларды осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарды кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырумен аяқталады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкетілген тауарлар кеден одағының кедендік аумағына міндетті түрде қайта әкелінуге жатқан жағдайларды қоспағанда, уақытша кедендік әкету рәсімінің қолданылуы уақытша әкетудің мерзімі өткенге дейін оларды осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарды кеден органына іс жүзінде көрсетпестен, уақытша әкетілген тауарларды экспорттың, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу немесе уақытша әкетудің кедендік рәсімдерімен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
      2. Уақытша әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсіміне не өзге кеден рәсіммен бір немесе бірнеше лекпен орналастырылуы мүмкін.

      394-бап. Уақытша әкетудің кедендік рәсіміне
                орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
                қатысты кедендік әкету баждарын, салықтарды
                төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы
                және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкетімдік кедендік баждарды төлеу бойынша міндет:
      1) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкетудің кедендік рәсімін аяқтау кезінде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың, пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкетудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкетудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде кеден органдары белгілеген уақытша әкету мерзімінің өткен күні әкетімдік кедендік баждарды төлеу мерзімі болып саналады.
      4. Кедендік әкету баждары тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, тауарларды уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік әкету баждардың сомаларына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

      395-бап. Уақытша әкетілген тауарларды экспорттың кедендік
                рәсіміне орналастыру ерекшеліктері

      1. Уақытша әкетілген тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары), әкетімдік кедендік баждардың ставкалары, кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне айқындалады.

45-тарау. Кері импорттың кедендік рәсімі

      396-бап. Кері импорт кедендік рәсімінің мазмұны

      1. Кері импорт - кеден одағының кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбестен және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, осы Кодекстің 397-бабымен белгіленген мерзімдерде кеден одағының кедендік аумағына қайта әкетілетін кездегі кедендік рәсім.
      2. Осы Кодекстің 357-бабының 3-тармағына сәйкес кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, осы Кодекстің 293-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.

      397-бап. Тауарларды кері импорттың кедендік рәсіміне
                орналастыру шарттары

      1.1. Кері импорттың кедендік рәсіміне:
      1) Егер бұл тауарлар кері импорттың кедендік рәсіміне оларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде кедендік шекара арқылы өткізген күннен кейінгі күннен бастап үш жыл ішінде немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген өзге де мерзімде орналастырылса;
      бұл тауарлар тасымалдаудың (тасудың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (эксплуатация) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйінде болса;
      2) егер бұл тауарлар уақытша әкету мерзімі ішінде әкелінсе және тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) пайдаланудың (эксплуатация) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ оларды уақытша әкетудің кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану кезінде мұндай тауарларға қатысты жол берілетін өзгерістерді қоспағанда, олар кеден одағының кедендік аумағынан әкетілгендегі сол күйінде болса, уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастырылған;
      3) егер бұл тауарлар қайта өңдеу мерзімі ішінде әкелінсе және және тасымалдаудың (тасудың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (эксплуатация) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, олар кеден одағының кедендік аумағынан әкетілгендегі сол күйінде болса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған;
      4) егер ақысыз (кепілді) жөндеу қайта өңдеудің мақсаты болса және оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне шығару кезінде осы тауарларды ақысыз (кепілді) жөндеу себебі болып табылған ақаулықтың (ақаулықтардың) болуы ескерілген тауарларды қайта өңдеу өнімдерін қоспағанда, бұл тауарлар қайта өңдеу мерзімі ішінде кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырылса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, бұрын шығарылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      2. Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімдер белгіленуі мүмкін.
      3. Кері импорт кезінде мұндай баждардың, салықтардың сомасы және (немесе) пайыздар тауарлардың кедендік аумақтан әкетілуімен байланысты төленбегенде не қайтарылғанда, кедендік әкелу баждарын, салықтарды және (немесе) олардан пайыздарды, сондай-ақ өзге де салықтардың, субсидийлердің сомасын және төленбеген не төлемдер, жеңілдіктер не тауарлардың кедендік аумақтан әкетілуімен байланысты өтеулер ретінде тікелей немесе жанама алынған өзге де соманы өтеу кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамаларымен белгіленген тәртіпте және шарттарда жүргізіледі.
      Кері импорт кезінде кедендік әкелу баждарын өтеу тауарларды кедендік аумақтан әкетумен байланысты, осындай баждардың сомалары төленбесе не қайтарылса, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, оған сәйкес тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген кедендік рәсімдердің бірінің декларанты болып табылатын тұлға кері импорт кедендік рәсімінің декларанты болып түсуі мүмкін.
      Осы Кодекспен өзге тұлғаның кері импорт кедендік рәсімінің декларанты болып түсуі мүмкін болатын жағдайлар белгіленуі мүмкін.

      398-бап. Тауарларды кері импорттың кедендік рәсіміне
                орналастыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер

      1. Тауарларды кері импорттың кедендік рәсіміне орналастыру үшін декларант кеден органына тауарларды кедендік аумақтан әкету жағдайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тауарлармен мұндай операциялар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде жүргізілсе, тауарларды жөндеу бойынша операциялар туралы мәліметтерді ұсынады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді растау үшін декларант тауарларды әкету кезінде қабылданған кедендік декларацияны, оларды әкету кезінде тауарлардың кедендік шекарадан өткен күнін растайтын құжаттарды ұсынады.

      399-бап. Кедендік әкету баждарын қайтару (есепке алу)

      Егер көрсетілген тауарлар мұндай тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастырған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан кешіктірілмей кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырылса, кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырылған, осы Кодекстің 293-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты әкетімдік кедендік баждардың, салықтардың төленген сомасын қайтару (есепке алу) жүргізіледі.

46-тарау Кері экспорттың кедендік рәсімі

      400-бап. Кері экспорт кедендік рәсімінің мазмұны

      Кері экспорт - кеден одағының кедендік аумағына бұрын әкелінген тауарлар не кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналасытырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеместен не (немесе) олардың төленген сомасын қайтара отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан осы аумақтан әкетілетін кездегі кедендік рәсім.

      401-бап. Тауарларды кері экспорттың кедендік рәсіміне
                орналастыру шарттары

      Кері экспорттың кедендік рәсіміне:
      1) кеден одағының кедендік аумағында орналасқан шетел тауарлары, оның ішінде тарифтік емес реттеу шараларын бұза отырып әкелінген тауарлар және кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастрылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері;
      2) егер бұл тауарлар сыртқы экономикалық мәміле шарттарының орындалмау себебі бойынша, оның ішінде мөлшері, сапасы, сипаттамасы бойынша қайтарылса, мына талаптардың сақталуы шартымен:
      тауарлар кері экспорттың кедендік рәсіміне ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бір жыл ішінде орналастырылғанда;
      тауарлар кері экспорттың кедендік рәсіміне ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бір жыл ішінде орналастырылғанда;
      кеден органына осы Кодекстің 403-бабына сәйкес құжаттар ұсынылғанда;
      ақаулықтарды анықтау үшін тауарларды пайдалану қажет болған жағдайларды немесе тауарларды қайтаруға әкеп соққан өзге де жағдайларды қоспағанда, тауарлар кеден одағының кедендік аумағында пайдаланылмағанда және жөнделмегенде;
      кеден органының сәйкестендіруі мүмкін болғанда, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.

      402-бап. Кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған
                тауарларды тасымалдау ерекшеліктері

      Кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан осы Кодекстің 38-тарауына сәйкес әкетіледі.

      403-бап. Бұрын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік
                рәсіміне орналастырлған тауарларды кері
                экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру үшін
                қажетті құжаттар мен мәліметтер

      Бұрын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырлған тауарларды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру үшін декларант кеден органына:
      1) тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу жағдайлары туралы (сыртқы экономикалық мәмілелердің жасалуын растайтын құжаттардың негізінде);
      2) сыртқы экономикалық мәміленің шарттарын орындамау туралы;
      3) осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру туралы;
      4) осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.

      404-бап. Кері экспорттың кедендік рәсіміне
                орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
                қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу
                бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және
                оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған (орналастырылатын) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған (орналастырылатын) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталған тәртіпте кету жеріндегі кеден органы растаған шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкелу кезінде;
      2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу кезінде тауарларды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
      4. Осы баптың 3-тармағымен белгіленген кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, тауарларды кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылған және олардың шығарылым нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылған кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.
      6. Кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар төленуге жатпайды.

      405-бап. Кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасын
                қайтару (есепке алу)

      Кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген, осы Кодекстің 401-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес төленген кедендік әкелу баждардың, салықтардың сомасын қайтару (есепке алу) жүргізіледі.

47-тарау. Бажсыз сауданың кедендік рәсімі

      406-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің мазмұны

      Бажсыз сауда - тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға не шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық құрылтайларға, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымдық тұлғаларға және олармен бірге тұратын отбасының мүшелеріне кедендік баждарды, салықтар мен тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан бажсыз сауда дүкенінде бөлшек түрде сатылатын кездегі кедендік рәсім.

      407-бап. Бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізу
                шарттары

      1. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік рәсіміне кеден одағының кедендік аумағына әкелінуге және кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуге тыйым салынған, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер аумағында айналымнан алынған тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      Кеден одағының комиссиясы бажсыз сауда дүкенінің кедендік рәсіміне орналастыруға жатпайтын өзге тауарлардың тізілімін жасайды.
      2. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлардың декларанты болып тек қана осы тауарларды сатуды жүзеге асыратын бажсыз сауда дүкенінің иесі түседі.
      3. Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік рәсіміне орналастыруға жатпайды.
      4. Кеден одағының тауарлары кедендік бажсыз сауда дүкенінің кедендік рәсіміне декларация ұсыну жолымен орналастырылады.

      408-бап. Бажсыз сауда дүкені

      1. Бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеу тәртібі, оларды абаттандыруға, жабдықтауға қойылатын талаптар осы Кодекстің 53-58-баптарымен белгіленген. Бажсыз сауда дүкендері тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында орналастырылады.
      2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес, фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға бажсыз сауда дүкенінің кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды сату бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жол жүру құжаты бойынша, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық құрылтайларға, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымдық тұлғаларға және олармен бірге тұратын отбасының мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, салық салу саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленген талаптарға сәйкес бөлшек түрде жүзеге асырылады. Тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату тәртібін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      409-бап. Бажсыз сауда дүкеніндегі есептілік

      1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі есеп жүргізеді және кеден органдарына бажсыз сауда дүкені арқылы айналатын тауарлар туралы есептілік ұсынады.
      Бажсыз сауда дүкені арқылы айналатын тауарлар есебінің, оның ішінде есептің автоматтандырылған жүйесін қолдану кезіндегі нысанды бажсыз сауда дүкенінің иесі анықтайды. Бұл ретте, есеп нысаны кеден органына мынадай негізгі мәліметтерден тұратын есептілік ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс:
      1) тауарларды бажсыз сауда дүкеніне орналастырған күні;
      2) кедендік декларацияның нөмірі және тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастыру кезінде тауарларды шығару күні;
      3) орналастырылатын тауарлардың атауы;
      4) тауарлардың өлшеу бірліктеріне сәйкес саны;
      5) атауы, саны және тауарларды сатқан күні, сондай-ақ жолаушылардың жол жүру билеттерінің нөмірі.
      3. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда дүкені арқылы айналатын тауарлар туралы есепті осы Кодекстің 58-бабымен анықталған тәртіпте бажсыз сауда дүкені орналасқан қызмет аймағындағы кеден органына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынады.
      Есептілік ақпарат берудің электрондық тәсілдері арқылы, сондай-ақ кедендік реттеу саласындағы ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынылады.
      4. Бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен және оларда сатылған тауарларды есепке алу үшін бажсыз сауда дүкенінің иесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес құжаттар, егер мұндай құжаттарда тауарлардың атауы, бірдейлендіру белгілері, олардың саны және тауарларды сату туралы мәліметтер көрсетілсе пайдаланылады.
      5. Бажсыз сауда дүкенінде орналасқан тауарлардың барлығын растау мақсатында кеден органы осы Кодекстің 204-бабына сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға кедендік тексеру жүргізеді.
      6. Бажсыз сауда дүкенінің иесі тауарларды есептеу үшін пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтерді тауарлардың бажсыз сауда дүкенінде сатылған күнінен бастап, бес жыл бойы сақтайды.

      410-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтау

      1. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің әрекеті осы осы Кодекстің 406-бабында көрсетілген жеке тұлғаларға, адамдарға бажсыз сауда дүкендерінде бөлшек түрде сатумен немесе осы Кодекске сәйкес өзге кедендік рәсімдермен орналастырумен аяқталады.
      2. Бажсыз сауда дүкендерінің қызметін тоқтатқан жағдайда, бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар аталған дүкеннің қызметі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап бір ай ішінде өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.
      Осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаған кезде осы Кодекстің 24-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстайды.

      411-бап. Бажсыз сауданың кеден рәсіміне орналастырылатын
                (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты
                кедендік әкету баждарды төлеу бойынша міндеттің
                туындауы және тоқтатылуы және оларды төлеу
                мерзімі

      1. Декларантта бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу міндеті:
      1) бұл тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан шығатын осы Кодекстің 406-бабында көрсетілген жеке тұлғаларға сатқан кезде;
      2) бұл тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырған кезде;
      3) осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстаған кезде;
      4) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып:
      1) бажсыз сауда кедендік рәсімінің талаптары мен шарттарын бұза отырып, шетелдік тауарларды пайдалану және иелену кезінде - белгіленген талаптар мен шарттарды бұзатын әрекеттердің жасалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
      2) авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи көмуді қоспағанда, шетелдік тауарларды жоғалтқан жағдайда, тауарларды жоғалтқан күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні саналады.
      4. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда әкелімдік кедендік баждар, салықтар тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, оған сәйкес тауарлар бажсыз сауданың кедендік рәсіміне орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне есептелген әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

48-тарау Жоюдың кедендік рәсімі

      412-бап. Жою кедендік рәсімінің мазмұны

      Жою - шетелдік тауарлар әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан кедендік бақылаумен жойылатын кездегі кедендік рәсім.
      Тауарларды жою деп тауарларды зиянсыз ету немесе олар ішінара немесе толық өзінің тұтыну және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтіру мүмкін болмайтын жай-күйге келтіру түсініледі.
      Жоюдың кедендік рәсімі апат немесе ырық беремес күш әсерінің салдарынан жойылған, біржола жоғалған тауарларға қатысты қолданылуы да мүмкін.

      413-бап. Тауарларды жоюдың кедендік рәсіміне орналастыру
                шарттары

      1. Тауарларды жоюдың кедендік рәсіміне орналастыруға жоюдың тәсілі мен әдісі көрсетілетін жою мүмкіндіктері туралы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының тиісті қорытындысы негізінде жол беріледі.
      Тауар апат немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан біржола жоғалған жағдайда қорытынды талап етілмейді. Мұндай тауарларды жоюдың кедендік рәсіміне орналастыру үшін тауарларды апат немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан біржола жоғалту фактілерін растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
      2. Жоюдың кедендік рәсіміне мынадай санаттағы тауарлар орналастырылмайды:
      1) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтар;
      2) індеттер мен эпизоотиялардың және карантинді объектілердің таралуының жолын кесу мақсатында оларды жою талап етілетін жағдайларды қоспағанда, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамаларына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары;
      3) кепілдік қатынастар тоқтағанға дейін кепілдік зат ретінде кеден органдары қабылдаған тауарлар;
      4) алынған немесе тыйым салынған тауарлар, оның ішінде кеден одағына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарлар;
      5) тізбесін Кеден одағының комиссиясы айқындайтын өзге де тауарлар.
      3. Егер мұндай жою:
      1) қоршаған ортаға зиян келтіруі немесе адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіруі мүмкін болса;
      2) олардың кәдімгі мақсатына сәйкес тауарларды тұтыну жолымен жүргізілсе;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттері үшін шығыстарға әкеп соқса, тауарларды жоюға жол берілмейді.
      4. Тауарларды жоюдың кедендік рәсімі декларанттың есебінен жүргізіледі.
      5. Тауарларды жою осы тауарларды іс жүзінде жою үшін қажетті уақыт, оларды жою тәсілі мен орны негізінде кеден органы белгілеген мерзімде жүргізіледі.

      414-бап. Жоюдың кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері

      1. Жою кеден органының, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органы аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен және декларанттың қатысуымен, тауарды жою кедендік рәсіміне орналастыруға бақылауды жүзеге асырушы кеден органы құрған комиссияның қатысуымен жүргізіледі.
      Тауарды жою кедендік рәсіміне орналастыруға бақылауды жүзеге асырушы кеден органы қажеттілік жағдайда өзге мемлекеттердің мамандары мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
      1) Тауарларды жою:
      1) нәтижесінде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық, механикалық не өзге де ықпал ету (өртеу, бұзу, көму және тағы басқа) жолымен жою. Тауарды жою тәсілі оларды мақсаты бойынша пайдалану үшін қалпына келтіру, бастапқы жай-күйіне келтіру мүмкіндіктерін болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс;
      2) мұндай бүлдірулер тауарларды кейіннен қалпына келтіруді және оларды пайдалану мүмкіндігін болдырмау шартымен, тесіп тастауды, жарықтар салуды, өзге де тәсілдермен бүлдіруді қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық бүлдіру жолымен жүргізіледі.
      Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін, техникалық себептерге байланысты сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкін болмайтын тауарларды жою тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды сақталу орындарынан алудың және оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы қорытындысы негізінде жүргізілген болып саналады.
      2. Тауарларды жою нәтижесінде қалыптасқан қалдықтар, оларды одан әрі пайдалану мүмкін болған кезде тиісті кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс және кедендік әкелу баждар мен салықтарды өндіріп алу мақсаты үшін кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген шетелдік тауар ретінде қаралады.
      Тауарларды жою нәтижесінде қалыптасқан қалдықтар кеден одағының кедендік аумағында оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйде болған және экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, олар кеден одағының тауары ретінде қаралады.

      415-бап. Жою кедендік рәсімінің аяқталуы.

      Тауарларды жоюдың кедендік рәсімі мынадай негізгі мәліметтерден тұратын жою актісін жасай отырып, тауарларды іс жүзінде жоюмен аяқталады:
      күні мен тауарларды жою орны;
      жоюдың кедендік рәсімін мәлімдеген адам туралы мәлімет;
      жою кезінде қатысқан адамдар туралы мәлімет;
      жойылған тауарлардың атаулары, олардың өлшеу бірлігіндегі саны;
      тауарларды жою тәсілі;
      жойылғаннан кейінгі қалдықтардың барлығы мен саны, оларды кейін пайдаланудың мүмкіндігі.
      2. Жою актіне барлық комиссия мүшелерінің және қатысушы адамдардың қолы қойылады, үш данада ресімделеді: бірінші дана кеден органында сақталады, екінші дана экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші дана декларантта қалады.
      3. Тауарларды жою фактісі фото - және (немесе) бейне түсірулерді қолдана отырып тіркеледі, нәтижесі кеден органында сақталатын жою актісіне қоса тіркеледі.

49-тарау Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімі

      416-бап. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімінің
                мазмұны

      1. Мемлекет пайдасына бас тарту - шетелдік тауарлар кедендік төлемдер мен салықтарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан кеден одағына мүше мемлекеттердің меншігіне өтеусіз берілетін кедендік рәсім.
      2. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар кеден одағы тауарының мәртебесін алады.

      417-бап. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың
                кедендік рәсіміне орналастыру шарттары

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында айналымға тыйым салынған тауарларды қоспағанда, шетелдік тауарлар мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылуы мүмкін.
      2. Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кеден органдары үшін қандай да бір шығыс келтірмеуге тиіс.
      3. Кеден одағы комиссиясының шешімімен мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастыруға жатпайтын өзге тауарлардың тізбесі белгіленуі мүмкін.

      418-бап. Тауарлардан мемлекет пайдасына бас тартудың
                тәртібі

      1. Тауарлардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімі декларанттың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына беруімен аяқталады.
      Бұл ретте, қабылдап алу-беру акті жасалып, оның көшірмесі кедендік декларацияға қоса тіркеледі. Кедендік ресімдеу анықталғаннан кейін көрсетілген кедендік рәсімдерді өзгертуге жол берілмейді.
      Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімне орналастырылған тауарлар кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін, мұндай тауарлар осы Кодекстің 34-тарауына сәйкес мемлекеттердің меншігіне айналдырылады.

50-тарау. Арнайы кедендік рәсімдер

      419-бап. Арнайы кедендік рәсімдер мазмұны

      Арнайы кедендік рәсім - (кеден мақсаты үшін кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тысқары жерлерде тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану және (немесе) иелік ету талаптары мен шарттарын айқындайтын кедендік рәсім).
      Арнайы кедендік рәсім Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған тауарларға қатысты шарттар мен тауарлар санаттарына қатысты осы Кодекспен белгіленеді.

7-Бөлім. ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
КЕДЕНДІК ШЕКАРА АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 51-тарау Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға
қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

      420-бап. халықаралық почта жөнелтімдері

      1. Халықаралық почта жөнелтілімдеріне посылкалар және Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес почта алмасу объектілері болып табылатын жазбаша хат-хабарлар жөнелтілімдері жатады.
      2. Халықаралық почта жөнелтілімдерін жіберу Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген құжаттармен қоса жіберілуге тиіс.
      3. Халықаралық почта жөнелтілімдерін кеден органының рұқсатынсыз почта байланысы операторларының олардың алушыларына беруі не кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелтуі мүмкін емес

      421-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерімен
                жіберу ерекшеліктері

      1. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен:
      1) кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе осы аумақтан әкетуге тыйым салынған;
      2) Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес жіберуге тыйым салынған;
      3) егер мұндай тауарлар Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілуге тыйым салынса, оларға қатысты шектеулер қолданылатын тауарларды жіберуге жол берілмейді:
      2. Жеке тұлғалардың атына халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануына арналған тауарларға қатысты, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өзге жағдайларда тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      3. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберуге тыйым салынған және (немесе) шектеулер қойылған тауарларға билік ету Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

      422-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін
                тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау
                ерекшеліктері

      1. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кеден органдары халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) не кеден органы айқындаған өзге орындарда жүргізеді.
      Халықаралық почта алмасу орындары (мекемелері) Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамаларына сәйкес айқындалады, халықаралық почта саласындағы уәкілетті орган келісім бойынша орталық кеден органдарымен халықаралық почта алмасу орындарын бекітеді.
      Халықаралық почта алмасу орны халықаралық почта жөнелтілімдерін өңдеу мен сұрыптау және кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу үшін көрсетілген орын орналасқан қызмет аймағындағы кеден органының лауазымдық тұлғасына почта жөнелтімдерін көрсететін орын болып табылады. Халықаралық почта алмасу орны осы Кодекстің талаптарын сақтаған кезде уақытша сақтау орны болып танылады. Халықаралық почта алмасу орны кедендік бақылауды неғұрлым сапалы және жедел жүргізу үшін автоматтандырылған және орамды ашпастан кедендік бақылау жүргізу үшін арналған қажетті техникалық құралдармен жабдықталуға тиіс.
      2. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау халықаралық почта жөнелтілімдерін алып жүретін Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген құжаттарды не тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып жүргізіледі.
      3. Жеке тұлғаның жеке пайдалануына арналған тауарларды қоспағанда, халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлар, егер:
      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жатқан;
      2) тауарларға қатысты арнайы қорғаулар, антидемпингтік және өтемдік шаралар қолданылған және тыйымдар мен шектеулер сақталған;
      3) тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетуді тауарларды жөнелтуші кеден және (немесе) салық органдарына растауы тиіс болған;
      4)тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінен өзге кедендік рәсіммен орналастырылған жағдайда, тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, кедендік декларациялауға жатады.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілмеген жағдайларда кедендік декларациялау халықаралық почта жөнелтілімдерін алып жүретін және мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті мәліметтер бар Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген құжаттарды пайдалана отырып жүргізіледі.
      5. Кеден одағының кедендік аумағынан шығарылатын, халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау оларды жөнелту үшін почта байланысының операторына бергенге дейін жүзеге асырылады.
      6. Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген жағдайларда жөнелтушіге қайтаруға жататын тауарларды кедендік декларациялауды почта байланысының операторы кеден органына жазбаша өтінішті және халықаралық почта жөнелтілімдерін алып жүретін, Дүниежүзілік почта одағының  актілерімен көзделген құжаттарды беру жолымен жүзеге асырады.

      423-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерін кедендік
                бақылау

      1. Почта байланысының операторы кеден органының талабы бойынша кедендік қарауды және кедендік тексеріп қарауды жүргізу үшін халықаралық почта жөнелтілімдерін көрсетеді. Мұндай ұсынулардың тәсілдерін кеден органдары айқындайды.
      2. Кеден органдары оларға әкелінетін почта жөнелтілімдерінің мынадай түрлерін ұсынуды талап етпейді:
      аэрограммалар;
      почталық карточкалар және хаттар;
      секограммалар.
      Көрсетілген почта жөнелтілімдерімен кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектелген тауарлар бар деп болжауға жеткілікті негіздер бар болған кезде, сондай-ақ іріктеу немесе кездейсоқ негізде кедендік қарауды және кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы көрсетілген почта жөнелтілімдерін көрсетуді талап етуге құқылы.
      Кеден органы почта байланысының операторынан оларға қатысты кеден органдарының іріктеу немесе кездейсоқ негізде кедендік қарау және кедендік тексеріп қарау жүргізетін әкетілетін халықаралық почта жөнелтілімдерін талап етуге құқылы.
      3. Халықаралық почта алмасу орындарына (мекемелеріне) бүлінген түрде, салмағы сәйкес келмей, бүлініп салынған немесе қажетті ілеспе құжаттарсыз түскен халықаралық почта жөнелтілімдері почта байланысының операторы ресімдеген актімен қоса кеден органына көрсетіледі.
      4. Халықаралық почта жөнелтілімдерін кедендік тексеріп қарау кезінде мөлшерінде айырмашылықтар болған кезде және салынымдар сәйкес келмеген кезде почта байланысы операторының жұмыскері кеден органының лауазымды тұлғасымен бірлесіп кедендік тексеріп қарау актісіне қол қояды.
      5. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға кедендік қарау немесе кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдаланады.

      424-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін
                тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды
                қолдану

      1. Егер халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны беру талап етілмесе, кедендік баждарды, салықтарды нысаны мен толтыру тәртібі кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын кедендік кіріс ордерін пайдалана отырып, халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) кедендік операцияларды жүзеге асыратын кеден органы есептейді және есептемелейді.
      Кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеу Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген және кедендік мақсат үшін пайдаланылатын құжаттарда көрсетілген тауарлардың құны туралы мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
      Жарияланған құндылығы бар халықаралық почта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік баждардың, салықтардың сомасы, егер ол кедендік мақсат үшін пайдаланылатын құжаттарда көрсетілген құннан асқан жағдайда ғана осы жарияланған құндылық негізінде есептеледі.
      2. Почта байланысының операторы халықаралық почта жөнелтілімдерін оларды алушыларға осы халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдердің төленуі шартымен береді.
      3. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар осы Кодекспен және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарымен белгіленген мөлшерде төленуге жатады.
      4. Халықаралық почта жөнелтілімдерін жоғалтқан, оларды алушыға кеден органының рұқсатынсыз берген кезде көрсетілген почта жөнелтілімдерін жоғалтқан немесе берген почта байланысының операторы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетте болады.

52-тарау. Шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының
тауарларды өткізу ерекшеліктері

      425-бап. Осы тарауды пайдалану саласы

      1. Осы тараудың ережелері дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, шетел мемлекеттерінің өзге де ресми өкілдіктері, халықаралық ұйымдар, осы өкілдіктердің, мекемелер мен ұйымдардың жеке құрамы кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларға қатысты, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес артықшылықтарды, басымдылықтарды және (немесе) иммунитеттерді пайдаланатын шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының дербес пайдалануына арналған тауарларға қатысты қолданылады.
      2. Кеден одағы комиссиясының шешімімен ресми және жеке пайдалану үшін дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, шетел мемлекеттерінің өзге де ресми өкілдіктері, халықаралық ұйымдар, осы өкілдіктердің, мекемелер мен ұйымдардың жеке құрамы өткізетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері, тауарлардың жекелеген санаттарын өткізу нормалары айқындалуы мүмкін.

      426-бап. Шетел мемлекеттерінің дипломатиялық
                өкілдіктерінің тауарларды өткізуі

      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында орналасқан шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері дипломатиялық өкілдіктердің жеке пайдалануына арналған тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан кеден одағының кедендік аумағына әкелуі және осы аумақтан әкетуі мүмкін.

      427-бап. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі
                басшысының және шетел мемлекетінің дипломатиялық
                өкілдігінің дипломатиялық жеке құрамы
                мүшелерінің тауарларды өткізуі

      1. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі басшысы және шетел мемлекетінің. дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке құрамының мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері, егер олар келген мемлекетте тұрақты тұрмаса және келген мемлекеттің азаматтары болып табылмаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қосқанда, олардың жеке пайдалануына арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуі және кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге олардың жеке пайдалануына арналған тауарларды әкетуі мүмкін.
      2. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі басшысының, шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке құрамы мүшелерінің, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерінің жеке багажы, егер олар келген мемлекетте тұрақты тұрмаса және келген мемлекеттің азаматтары болып табылмаса, онда жеке пайдалануға арналмаған тауарлар немесе оларға қатысты кеден одағына қатысушы мемлекеттерге әкелуге немесе кеден одағына қатысушы мемлекеттерден әкетуге тыйым салынған не карантиндік ереже реттелетін тауарлар бар деп болжауға маңызды негіздемелер болмаған кезде кедендік тексеріп қараудан босатылады. Мұндай тауарларды кедендік тексеріп қарау көрсетілген тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізілуі тиіс.

      428-бап. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің
                әкімшілік-техникалық жеке құрамы мүшелерінің
                тауарларды өткізуі

      Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің әкімшілік-техникалық жеке құрам мүшелері және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері, егер олар келген мемлекетте тұрақты тұрмаса және келген мемлекеттің азаматтары болып табылмаса, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, бастапқы жайғасуға арналған тауарларды қосқанда, олардың жеке пайдалануына арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуі мүмкін.

      429-бап. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің
                дипломатиялық жеке құрамының мүшелеріне
                берілетін кедендік жеңілдіктердің
                әкімшілік-техникалық және қызмет көрсететін жеке
                құрамының мүшелеріне тарауы

      Кеден одағына қатысушы мемлекеттің шетел мемлекетімен жасаған халықаралық шартының негізінде шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке құрамы мүшелеріне берілетін кедендік жеңілдіктер келген мемлекетте тұрақты тұрмайтын және келген мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын осы өкілдіктің әкімшілік-техникалық және қызмет көрсететін жеке құрамының мүшелеріне, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне әрбір жеке шетел мемлекетіне қатысты өзаралық принципі негізінде тарауы мүмкін.

      430-бап. Шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінің
                және олардың жұмыскерлерінің тауарларды өткізуі

      1. Шетел мемлекетінің консулдық мекемесінің басшысын қосқанда, шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелеріне және шетел мемлекеттерінің консулдық қызметшілеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері немесе шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің тиісті персоналы үшін осы Кодекспен көзделген жеңілдіктер беріледі.
      2. Кеден одағына қатысушы мемлекеттің шетел мемлекетімен жасаған халықаралық шартының негізінде келген мемлекетте тұрақты тұрмайтын шетел мемлекетінің консулдық мекемесінің қызмет көрсететін жұмыскерлеріне, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне әрбір жеке шетел мемлекетіне қатысты өзаралық принципі негізінде шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің тиісті әкімшілік-техникалық және қызмет көрсететін жеке құрамының мүшелеріне осы Кодекспен берілетін кедендік жеңілдіктер тарауы мүмкін.

      431-бап. Шетел мемлекеттерінің дипломатиялық почтасын және
                консулдық вализаларын кедендік шекара арқылы
                өткізу

      1. Шетел мемлекеттерінің кедендік шекара арқылы өткізілетін дипломатиялық почтасы және консулдық вализалары не ашуға, не ұстауға жатпайды.
      Консулдық вализада ресми пайдалануға арналмаған құжаттар мен (немесе) тауарлар бар деп болжауға маңызды негіздемелер болған кезде кеден органы өкілдік ететін шетел мемлекетінің уәкілетті тұлғаларының консулдық вализасын кеден органы лауазымды тұлғасының қатысуымен ашуын талап етуге құқылы. Ашудан бас тартылған жағдайда, консулдық вализа жіберген жеріне қайтарылады.
      2. Дипломатиялық почтаны және консулдық вализаны құрайтын барлық орындарда осы орындардың сипатын көрсететін, көрінетін сыртқы белгі болуға тиіс.
      3. Дипломатиялық почта ресми пайдалануға ғана арналған дипломатиялық құжаттар мен тауарларды, ал консулдық вализа - ресми пайдалануға ғана арналған ресми хат-хабарлар мен құжаттарды немесе тауарларды қамтуы мүмкін.

      432-бап. Шетелдік дипломатиялық және консулдық курерьлерге
                арналған кедендік жеңілдіктер

      1. Шетелдік дипломатиялық және консулдық курьерлер олардың жеке пайдалануына арналған тауарларды кедендік тексеріп қараудан, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, әрбір жеке шетел мемлекетіне қатысты өзаралық принципінің негізінде кеден одағының кедендік аумағына әкелуі және осы аумақтан әкетуі мүмкін.
      2. Шетелдік дипломатиялық және консулдық курьерлер олардың мәртебесі мен дипломатиялық почта және консулдық вализаны құрайтын орындардың саны көрсетілетін ресми курьерлік парақпен қамсыздандырылған болуға тиіс. Курьерлік параққа қол қойылады және дипломатиялық почта мен консулдық вализаны жөнелтетін мекеменің мөрімен бекітіледі.
      3. Дипломатиялық почта және консулдық вализа осы дипломатиялық почтаны немесе консулдық вализаны ғана тасымалдау үшін тағайындалған және курьерлік ресми парақпен қамсыздандырылған уақытша дипломатиялық немесе консулдық курьерге сеніп тапсырылуы да мүмкін.

      433-бап. Шетел мемлекеттері делегацияларының өкілдері мен
                мүшелеріне арналған кедендік жеңілдіктер

      Шетел мемлекеттерінің өкілдеріне, парламент және үкімет делегацияларының мүшелеріне, сондай-ақ өзаралық негізде кеден одағына қатысушы мемлекеттерге халықаралық келіссөздерге, халықаралық конференцияларға және кеңестерге қатысу үшін немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетін шетел мемлекеттері делегацияларының мүшелеріне шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке құрамы мүшелеріне осы Кодекспен көзделген кедендік жеңілдіктер беріледі. Мұндай жеңілдіктер көрсетілген тұлғалармен еріп жүретін отбасы мүшелеріне де беріледі.

      434-бап. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзитпен
                өтетін шетел мемлекеттері дипломатиялық жеке
                құрамы мүшелерінің, консулдық лауазымды
                тұлғалардың, делегациялардың өкілдері мен
                мүшелерінің тауарларды өткізуі

      Кеден одағының кедендік аумағы арқылы өтетін шетел мемлекеті дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке құрамы мүшелеріне және шетел мемлекетінің консулдық мекемелерінің консулдық лауазымдық тұлғаларына, олардың отбасы мүшелеріне, осы Кодекстің 319-бабында көрсетілген тұлғаларға дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық жеке құрамының мүшелері үшін осы Кодекспен көзделген кедендік жеңілдіктер беріледі.

      435-бап. Халықаралық, мемлекетаралық және үкіметаралық
                ұйымдарға, олардың жанындағы шетел мемлекеттері
                өкілдіктеріне, сондай-ақ осы ұйымдар мен
                өкілдіктердің жеке құрамына арналған кедендік
                жеңілдіктер

      Халықаралық мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдарға, олардың жанындағы шетел мемлекеттерінің өкілдіктеріне, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкілдіктердің жеке құрамына және олардың отбасы мүшелеріне арналған кедендік жеңілдіктер тиісті халықаралық шарттармен айқындалады.

53-тарау. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне
құқық қорғау бойынша қолданатын шаралары

      436-бап. Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне
                құқық қорғау бойынша шаралар қолданудың
                негіздемесі

      1. Кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасына және осы тарауға сәйкес тауарларды шығаруды тоқтатумен байланысты зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.
      2. Кеден органдары зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген, сондай-ақ мұндай кедендік тізілімдерге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілерін қорғау бойынша шаралар қолданады.
      3. Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқық қорғау бойынша шараларды кедендік шекара арқылы:
      1) жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін, оның ішінде олардың атына халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін;
      2) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес;
      3) шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, шетел мемлекеттерінің өзге де ресми өкілдіктері, халықаралық ұйымдар, осы өкілдіктердің, мекемелер мен ұйымдардың жеке құрамы ресми және жеке пайдалану үшін өткізетін тауарларға қатысты қолданбайды.

      437-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік
                объектілеріне құқық қорғау мерзімі

      Зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің құқығын қорғау мерзімі зияткерлік меншік объектілерін кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары жүргізетін кедендік тізілімдерге және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізген кезде, құқық иеленушінің өтініште көрсеткен мерзімін ескере отырып, бірақ мұндай тізілімдерге енгізілген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде белгіленеді.
      Көрсетілген мерзім құқық иеленушінің өтініші негізінде шектеусіз сан рет, бірақ әрбір ретте осы тараумен көзделген талаптардың сақталуы шартымен, екі жылдан аспай ұзартылуы мүмкін.
      Құқық иеленушінің зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау мерзімі құқық иеленушінің тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқық мерзімінен аспауға тиіс.

      438-бап. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік
                тізілімін жүргізу тәртібі

      1. Кеден органдары құқық иеленушілердің өтініштері негізінде зияткерлік меншік объектілерін кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамалармен белгіленген тәртіпте және шарттарда кеден одағына қатысушы мемлекеттерінің кеден органында жүргізілетін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізеді.
      2. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізудің нысаны мен тәртібін орталық кеден органдары айқындайды.

      439-бап. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік
                тізілімге енгізу және оларды кедендік тізілімнен
               шығару тәртібі

      1. Орталық кеден органы авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілерінің объектілері мен тауарларды шығару орындарының атауларын (бұдан әрі - Зияткерлік меншік объектілері) кедендік тізілімге енгізуді құқық иеленушінің өтініші бойынша жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде зияткерлік меншік объектісіне өзінің құқығы бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіздемесі бар құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) зияткерлік меншік объектісіне құқығын қорғау туралы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
      3. Өтініште мынадай мәліметтер:
      1) өтініш берушінің зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы өтініші;
      2) өтініш беруші туралы мәлімет;
      3) зияткерлік меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушіге оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы ақпарат, сондай-ақ кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты белгі деңгейінен кем емес тауарлар кодын көрсете отырып, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы; кеден органдарына зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарын анықтауға мүмкіндік беретін құқық иеленушінің тауарлар туралы толық мәліметтері;
      4) егер тауарлар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар емес деп белгіленген жағдайларда, декларантқа және өзге адамдарға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ олар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылады деп болжанған зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі болуға тиіс.
      4. Өтінішке зияткерлік меншік құқығының бар екендігін (түпнұсқалар не олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері) және тиесілігін растайтын құжаттар (куәлік, лицензиялық шарт), құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса тіркеледі. Бұл ретте, сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
      Өтініш берумен бір мезгілде зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы ұсынылады.
      Сондай-ақ, мүмкіндігінше зияткерлік меншік объектісі бар тауарлардың үлгілері және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлар, оның ішінде олардың бейнелері электрондық түрде ұсынылады.
      5. Орталық кеден органы өтініш түскен күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде оны қарайды және зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды.
      Өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында үшінші тұлғалардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарынан ұсынылған мәліметтерді растайтын құжаттарды сұратуға құқылы. Аталған тұлғалар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сұратылған құжаттарды ұсынуға міндетті.
      Жеткілікті негіздемелер болған жағдайда орталық кеден органы өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
      Орталық кеден органының зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешімі орталық кеден органы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
      Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың белгілерін өтініш берушінің растауы мүмкін болмаған жағдайда қабылданады.
      Өтініш берушіге орталық кеден органының шешімі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі.
      6. Өтініште не оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда өтініш беруші ол туралы орталық кеден органына күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
      7. Зияткерлік меншік объектілері:
      1) өтініш берушінің өтініші бойынша;
      2) көрсетілген зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда;
      3) өтініш берушінің осы баптың 6-тармағында белгіленген талаптарын сақтамаған жағдайда;
      4) тиісті зияткерлік меншік объектісіне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда;
      5) өтініш беруші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда тізілімнен шығарылуы мүмкін.
      8. Орталық кеден органы кедендік тізілімнен шығарылғандығы туралы өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
      9. Зияткерлік меншік объектісіне құқық тоқтатылған жағдайда құқық иеленуші бұл туралы орталық кеден органын үш жұмыс күні ішінде хабардар етуте міндетті.

      440-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды
                шығаруды тоқтата тұру

      1. Егер кеден органдары зияткерлік меншік объектілердің кедендік тізіліміне және кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде зияткерлік меншік құқығын бұзушылық белгілерін тапса, мұндай тауарларды шығару он жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
      Кеден органы құқық иеленушінің немесе оның мүддесін білдіретін адамның сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы және тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешімдерді кеден органының басшысы немесе ол өкілдік берген тұлға жазбаша нысанда қабылдайды.
      2. Кеден органы зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, декларантты және құқық иеленушіні немесе оның мүддесін білдіретін тұлғаны мұндай тоқтата тұру, себептері және тоқтата тұру мерзімі туралы хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа құқық иеленушінің немесе оның мүддесін білдіретін тұлғаның атын (тегі, аты-жөні) және орналасқан жерін (мекен-жайын), құқық иеленушіге немесе оның мүддесін білдіретін тұлғаға декларанттың атын (тегі, аты-жөні) және орналасқан жерін (мекен-жайын) хабарлайды.
      3. Зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығару мерзімі өткеннен кейін мұндай тауарларды шығару оларға тыйым салуды не оларды тәркілеуді растайтын құжаттарды не құқығын бұзу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың анықтамасын кеден органына ұсынған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекспен белгіленген тәртіпте жаңғыртылады және жүргізіледі.
      егер өтініш беруші интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімінде ұсталған тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізу фактісіне байланысты интеллектуалдық меншік құқығын бұзғандығы туралы сот ісі қозғалғаны жөнінде айғақтар ұсынбаса, шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға тиіс.
      Құқық иеленушінің зияткерлік меншік объектілері құқығын бұзуы туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың анықтамасын ұсынған жағдайда, осы баптың 1-тармағымен белгіленген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімі, сондай-ақ көрсетілген тауарларды сақтау мерзімі талап-арыз бойынша соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.

      441-бап. Зияткерлік меншік объектілердің кедендік
                тізіліміне және кеден одағына мүше
                мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің
                бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілмеген
                зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды
                шығаруды тоқтата тұру

      1. Кеден органдары кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардан зияткерлік меншік құқығын бұзған тауарлар болып табылатын белгілерін тапса, зияткерлік меншік объектілердің кедендік тізіліміне және кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілмеген авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері объектілері және тауарларды шығару орындарының атаулары бар объектілерден (бұдан әрі - Зияткерлік меншік объектілері) тұратын тауарларды шығаруды тоқтата тұруға құқылы.
      Осы бапқа сәйкес көрсетілген тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім және тауарларды шығаруды тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешімді кеден органының басшысы немесе ол өкілдік берген тұлға жазбаша нысанда қабылдайды.
      2. Кеден органдары тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің және тауарларды шығару орындарының атауларын қорғау бойынша өзінің өкілеттігін іске асыру мақсатында зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органның тіркеу мемлекеттік тізілімінен ақпарат алады. Көрсетілген тізілімдер жалпы қол жетімді болып табылады, арнайы интернет-ресурстарда, веб-порталда орналастырыл алды.
      Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын шығармалар мен объектілерді қорғау бойынша кеден органдарының өкілеттігі зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының өзара іс-қимылымен жүзеге асырылады.
      3. Кеден органы тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде зияткерлік меншік құқығын бұзушылық белгілерін тапса, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару осы бапта көзделген тәртіпке сәйкес тоқтатыла тұрады және тез арада ол туралы құқық иеленуші мен декларантқа хабарлайды.
      Құқық иеленуші тиісті хабар алғаннан кейін осы баптың 4-тармағымен белгіленген мерзімде кеден органына декларантқа қатысты қолданған шаралар туралы жазбаша жауап жолдайды.
      Кеден органы құқық иеленушінің орналасқан жерін, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және тауарлардың шығарылатын орнының атауын немесе авторлық құқығын, сабақтас құқықтарын және бұзылуы мүмкін құқықтарын айқындау үшін:
      зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органы тіркеуінің мемлекеттік тізбесінде тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және тауарлардың шығарылатын орнының атауы немесе оның құқық иеленушісі туралы ақпараттың барлығын тексереді және қажетті шаралар қабылдау үшін құқық иеленушіге жазбаша нысанда хабарлама жібереді;
      тіркелген авторлық құқық пен сабақтас құқықтың және одан әрі қажетті шаралар қабылдау үшін құқық иеленушіге жіберілген хабарламаның барлығын анықтау үшін зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органына сұрау салу жолданады. Сұрау салуда кеден органы және кеден органының зияткерлік меншік объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолданудағы тауарларға қатысты мәліметтер көрсетілуі қажет.
      Кеден органы және зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы орнын анықтау және құқық иеленушіге жиырма төрт сағат ішінде хабарлау бойынша тез арада қажетті шаралар қабылдайды.
      Егер кеден органы жиырма төрт сағат ішінде құқық иеленушінің орналасқан орнын анықтай алмаса, тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім жоюға, ал тауарлар тез арада кедендік декларациялауға және осы Кодекспен айқындалған тәртіпте шығаруға жатады.
      4. Зияткерлік меншік құқығын бұзушылық белгілерін тапқан кезде, тауарларды шығару құқық иеленушіге хабарлау және жою туралы шешім қабылдау не тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту үшін тоқтатыла тұрады.
      5. Егер құқық иеленуші кеден органына осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде:
      он жұмыс күніне дейін тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш ұсынбаса;
      тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жойғаны туралы жазбаша өтініш ұсынбаса осы Кодекспен анықталған тәртіппен тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім күшін жояды, ал тауарлар тез арада кедендік декаларациялауға жатады.
      6. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органына құқық иеленушіден тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтініш түскен жағдайда, тауарларды шығаруды тоқтата тұру алғашқы тауарларды шығаруды тоқтата тұру күнінен бастап, он жұмыс күніне дейін тоқтатыла тұрады. Ондай жағдайда құқық иеленуші кеден органына мынадай құжаттарды:
      1) шығаруы тоқтатылған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу фактісіне байланысты зияткерлік меншік құқығын бұзғандығы туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың анықтамасын;
      2) егер сот шешімімен тауарлар зияткерлік меншік құқығын бұзған емес деп анықталған жағдайларда, декларантқа және өзге тұлғаларға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы міндеттемесін;
      3) құқық иеленушінің көрсетілген тауарларды осы Кодекстің 439-бабымен белгіленген тәртіпке сәйкес зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы өтінішін растайтын жазбаша айғақтар ұсынуға міндетті.
      7. Құқық иеленуші осы баптың б-тармағында белгіленген құжаттарды тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың алғашқы күнінен бастап, он жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда, тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі талап-арыз бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.
      Егер құқық иеленуші тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың алғашқы күнінен бастап, он жұмыс күні ішінде осы баптың 6-тармағында белгіленген ережені сақтамаса, кеден органы тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жояды және осы Кодекспен анықталған тәртіппен тауарларды кедендік декларациялауды жүргізеді. Бұл ретте, тауарларды шығаруды тоқтата тұрумен байланысты декларант пен кеден органының шығындары он жұмыс күніне дейін құқық иеленушіге жүктеледі.
      8. Кеден органдары мен зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі бірлескен актімен белгіленеді.

      442-бап. Мүліктік зиян (шығын) келтіргені үшін жауаптылық

      Егер құқық иеленушінің құқығын бұзушылық анықталмаған болса, осы тарауға сәйкес тауарларды шығаруды тоқтата тұру нәтижесінде декларантқа, декларантқа, меншік иесіне, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды алушыға, мүліктік зиян (шығын) келтіргені үшін құқық иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      443-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды
                шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою

      1. Егер:
      1) кеден органына көрсетілген тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтініш берушіден өтініш келіп түссе;
      2) зияткерлік меншік объектісі осы Кодекстің 439-бабына сәйкес кедендік тізілімінен алынып тасталса;
      3) өтініш беруші кеден органының белгілеген зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімінде көрсетілген тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу фактісімен байланысты зияткерлік меншік объектісінің құқығын бұзушылық туралы талап-арыз бойынша соттың анықтамасын ұсынбаса, тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім күшін жоюға жатады. Көрсетілген жағдайларда мұндай тауарлар тез арада кедендік декларациялауға және осы Кодекспен айқындалған тәртіпте шығаруға жатады.
      2. Тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жоюды кеден органының басшысы немесе ол уәкілдік берген тұлға жазбаша нысанда ресімдейді.
      3. Зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығару құқық иеленушінің зияткерлік меншік объектісіне құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына және сотқа өтініш білдіруіне кедергі бола алмайды

      444-бап. Ақпарат ұсыну, тауарлардың сынамалары мен
                үлгілерін алу

      1. Кеден органы декларантқа, құқық иеленушіге немесе оның мүдделерін білдіретін тұлғаға шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарларға қатысты ақпарат ұсынады.
      2. Осы бапқа сәйкес декларант, құқық иеленуші немесе оның мүдделерін білдіретін тұлға алған ақпарат құпия болып табылады және кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, олар мұны жария етпеуге, үшінші тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бермеуге тиіс.
      3. Кеден органының жазбаша рұқсатымен құқық иеленушінің, декларанттың немесе олардың өкілдерінің оларға қатысты шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың сынамалары мен үлгілерін.
      Кедендік бақылаумен алуға, оларға зерттеу жүргізуге, сондай-ақ мұндай тауарларды қарауға, суретке түсіруге немесе өзге де тәсілмен белгілеп қоюға құқығы бар.

      445-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік құқығын
               қорғауына қатысты қосымша ережелері

      Кеден органдары сот шешіміне сәйкес жойылуға жататын зияткерлік меншігіне құқығын бұзушы тауарларды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына беруге міндетті.
      Зияткерлік меншігіне құқығын бұзушы тауарларды жою жөніндегі сот шешімі шығарылған жағдайда Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына сәйкес жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

54-тарау. Тауарларды құбыржол көлігі және электр беру
желілерімен өткізу

      446-бап. Осы тарауды қолдану саласы

      Осы тараумен осы Кодекстің өзге ережесімен айқындалмаған тауарларды кедендік шекара арқылы құбыржол көлігі мен электр беру желілері бойынша өткізудің ерекшеліктері айқындалады.
      Осы Кодекспен реттелмеген бөлігіндегі тауарларды кедендік шекара арқылы құбыржол көлігі мен электр беру желілері бойынша өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттармен айқындалады.

      447-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды әкелу,
                әкету және кедендік декларациялау ерекшеліктері

      1. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы аумақтан әкетуге мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін жол беріледі.
      2. Кедендік декларацияны ұсыну кезде кеден органына құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды нақты көрсету талап етілмейді.
      3. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктерінің салдарынан тауарларды араластыруға, сондай-ақ тауарлардың мөлшерін және күйін (сапасын) және Қазақстан Республикасының қолданысындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес тауарлардың ерекше сипаттамасын өзгертуге жол беріледі.
      4. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері осы Кодекстің 294-бабына сәйкес айқындалады.
      5. Декларант уақытша кедендік декларациялауды бір күнтізбелік айдан аспайтын уақыт кезеңінде ұсынады.
      6. Бірнеше құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және әкелу кезіндегі кедендік декларациялау жеке уақытша кедендік декларация ұсыну жолымен әрбір құбыржол көлігі бойынша жүзеге асырылады.
      7. Егер оның негізінде тауарларды өткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісім-шарт) қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін келесі мерзімге жаңа сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) жасалмаса, онда декларанттың жазбаша өтініші бойынша қолданыстағы сыртқы сауда шарттың (келісім-шарты) шеңберінде алдағы күнтізбелік айға уақытша кедендік декларация ұсынуға жол беріледі. Жаңа сыртқы сауда шартын (келісім-шарты) ұсынудың шекті мерзімі кеден органы толық кедендік декларацияны тіркеген күні шектеледі.
      8. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарлардың мөлшері осы Кодекстің 449-бабына сәйкес технологиялық белгіленген жерлерде орнатылған есеп құралдары көрсеткіштерінің, тиісті сыртқы сауда шарттары бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілердің, тапсыру-қабылдау және жеткізудің бір күнтізбелік айында құбыржол көлігімен өткізілетін өндірілген, жеткізілген және пайдаланылған тауарлардың көлемдерін белгілі жерлерге бөлуді растайтын басқа да ұқсас құжаттардың негізінде айқындалады.
      9. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 449-бабының 1-тармағына сәйкес осы тауарларды жөнелтетін мемлекеттің аумағында орналасқан есеп құралдарының не шектес мемлекеттің аумағында орналасқан есеп құралдарының көрсеткіштері пайдаланылады.
      Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 449-бабының 1-тармағына сәйкес осы тауарлардың шектес мемлекетінің аумағында орналасқан есеп құралдарының көрсеткіштері пайдаланылады.

      448-бап. Электр беру желілері бойынша өткізілетін
                тауарларды әкелу, әкету және кедендік
                декларациялау ерекшеліктері

      1. Электр беру желілері бойынша (бұдан әрі осы тарауда - электр энегриясы) өткізілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және осы аумақтан әкетуге кеден органына кедендік декларацияны бергенге дейін жол беріледі. Кедендік декларациялау кейін электр энергиясын ішкі тұтыну үшін шығарудың және экспорттың кедендік рәсімдерімен орналастыруға арналған кедендік декларацияны ұсынумен, тиісінше оны іс жүзінде жеткізудің әрбір күнтізбелік айынан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей жүзеге асырылады.
      2. Кедендік декларацияны берген кезде кеден органына электр энергиясын көрсету талап етілмейді.
      3. Кедендік декларациялауға электр энергиясының әкелінген және әкетілген іс жүзіндегі мөлшері жатады. Электр энергиясының мөлшері технологиялық келісілген және электр энергиясының өтуін белгілейтін жерлерде орнатылған есеп құралдары көрсеткіштерінің, тиісті сыртқы сауда шарттары бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілердің, тапсыру-қабылдау актісінің және электр энергиясының сальдо-перетогы ретінде (кернеудің барлық кластарының барлық жұмыс істеп тұрған мемлекетаралық электр беру желілері бойынша қарсы бағыттардағы электр энергиясы перетогының алгебралық сомасы), егер кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен электр энергиясының мөлшерін айқындаудың өзге тәртібі белгіленбесе, әрбір күнтізбелік ай ішінде электр энергиясының іс жүзінде өтуін растайтын басқа да құжаттардың негізінде айқындалады.
      Сальдо-перетоктың есептелген мәні Қазақстан Республикасының қолданыстағы техникалық регламенттеріне және ұлттық стандарттарына сәйкес электр энергиясын өткізу кезінде орын алатын желілердегі электр энергиясының жоғалу көлеміне түзетіледі.
      Қосарлы жұмыс туралы шарт жасалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде электр энергиясын өткізетін адам осындай шартты ұсына отырып, электр берудің мемлекетаралық желісін көрсетумен қосарлы жұмысты энергия жүйесіне енгізу туралы жазбаша хабарлайды.
      4. Жеткізудің бір күнтізбелік айында бір сыртқы сауда шарты (келісім-шарт) бойынша жеткізілетін электр энергиясы тауарлардың бір легі ретінде декларацияланады.
      5. Электр энергиясының жоспардан тыс (технологиялық) ағынын кедендік декларациялау жеткізудің бір күнтізбелік айында электр энергиясының мөлшерін мекен-жайға бөлуді белгілейтін құжаттарды растайтын арнайы электр энергиясының ұйымдары ұсынған күнтізбелік айынан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей кедендік декларация ұсыну жолымен жүргізіледі. Бұл ретте, кедендік декларация ұсыну мерзімі оны іс жүзінде жеткізудің күнтізбелік айынан кейінгі тоқсан күнтізбелік күннен аспауы қажет.
      6. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 449-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан есеп құралдарының көрсеткіштері пайдаланылады.
      Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 449-бабының 1-тармағына сәйкес осы электр энергиясының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан есеп құралдарының не шектес мемлекеттің аумағында орналасқан есеп құралдарының көрсеткіштері пайдаланылады.

      449-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері
                бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу
                құралдарын орнату жерлері

      1. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдары Қазақстан Республикасының аумағында орнатылады.
      Кедендік шекара арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарын орнату жерлері олардың жұмысын және кеден органдары лауазымды тұлғаларының қолжетімдік тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы мен шектес мемлекеттің халықаралық шарттарының болуы шартымен осы аумақтан тысқары жерлерде болуы мүмкін.
      2. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарын орнату жерлері кедендік шекарадан еткен кезде орталық тасымалдаушының, жүйелік оператордың немесе өңірлік электр желі компаниясының жазбаша өтініші бойынша кеден органы бекітеді.
      5. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарының көрсеткіштеріндегі ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізудің және өзгертудің алдын алу мақсатымен кеден органдары мұндай құралдарға сәйкестендіру құралдарын салады.
      4. С целью предотвращения несанкционированного доступа и изменения информации в показаниях приборов учета товаров, перемещаемых трубопроводным транспортом и по линиям электропередачи, на такие приборы таможенными органами налагаются средства идентификации.

      450-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері
                бойынша өткізілетін тауарларды сәйкестендіру

      Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылмайды, бұл кеден органдарына құжаттардағы мәліметтерді, есептегіштердегі және басқа да өлшеу құралдарындағы мәліметтерді пайдалана отырып, кедендік мақсатта тауарлардың мөлшерін, сапасын және басқа да сипаттамалары анықтауға кедергі болмайды.

      451-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері
                бойынша өткізілетін тауарлардың транзитін
                кедендік декларациялау

      1. Есеп құралдарын орнату жерлерінде орналасқан екі пункттердің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін шетелдік тауарлардың кедендік транзиті халықаралық шарттарға және осы Кодекске сәйкес қолданылады.
      2. Шетелдік тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы кедендік транзит рәсімдері бойынша магистралдық құбыржол көлігімен өткізу осы Кодекстің 294-бабына сәйкес уақытша кедендік декларацияны қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Энергия жүйесінің қосалқы жұмыстарының жағдайында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы электр беру жүйесі бойынша өткізілетін электр энергиясы кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастырылуға жатпайды. Бұл ретте электр энергиясы іс жүзінде өткізілген әрбір күнтізбелік айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей кеден органына есеп айырысу кезеңінде өткізудің көлемі, электр энергиясының шартты құны туралы және өзге де белгіленген мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша өтініш ұсыну қажет. Кеден одағына қатысушы мемлекеттерінде қолданыстағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктері салдарынан кеден одағының кедендік аумағы бойынша құбыржол көлігімен өткізілетін транзиттік тауарлардың сипаттамалық ерекшеліктерін өзгертуге жол беріледі.

55-тарау. Тауарларды, жолаушыларды және багажды халықаралық
тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық тасымалдаудың
көлік құралдарын өткізу

      340-бап. Осы тарауды қолдану саласы

      1. Осы тарау жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, шетел мемлекеттерінде тіркелген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын (бостарын қосқанда) мұндай аумақта немесе одан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау немесе бастау үшін кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелуді және кеден одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын (бостарын қосқанда) халықаралық тасымалдауды аяқтау немесе бастау үшін мұндай аумақтан уақытша әкетудің тәртібін реттейді.
      2. Осы тараудағы ережелер кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және мұндай аумаққа қайта әкелінетін:
      балық аулау, теңіз түбі мен оның жер қойнауларының минералдық және басқа да жансыз ресурстарын барлау мен өңдеу, лоцмандық және мұз жарып жол ашу, іздестіру, құтқару және тіркеуге алу операциялары, теңізге батқан мүлікті көтеру, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстар, санитарлық, карантиндік және басқа да бақылау, теңіздің аумағын қорғау мен сақтау, теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу, оқу, спорт және мәдени мақсаттарында, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзуге байланысты өзге де мақсаттарда пайдаланылатын су кемелеріне;
      азаматтық және мемлекеттік әуе кемелері, эспериментті авиацияда пайдаланылатын (экспериметті ұшуларды жүзеге асыратын), тауарлар мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылмайтын әуе кемелеріне;
      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар үшін пайдаланылатын теміржол қозғалмалы құрамға қатысты да қолданылады.

      453-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу
                тәртібі

      1. Кедендік шекарадан өтетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы Кодекспен көзделген кедендік операцияларды жүргізу үшін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында тоқтауға және тұруға жатады.
      2. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының тұру ұзақтығы кедендік операцияларды жүргізу үшін қажетті уақыт негізінде:
      1) кедендік операцияларды бастау немесе аяқтау кеден органдарына қатысты емес себептер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін болған;
      2) осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарында тасымалданатын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында тікелей жүзеге асырылатын;
      3) осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарында тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзитті қамтамасыз ету шарасы ретінде кедендік алып жүру қолданылатын;
      4) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша сақтау тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарының аумағында орналасқан уақытша сақтау орындарында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әуе, теміржол және автомобильдік көлік үшін үш сағаттан, ал әуе көлігі үшін - сегіз сағаттан аспауы тиіс.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарындағы олардың тұру жерлерінен жөнелту тиісінше осы Кодекстің 26 және 27-тарауларында көзделген, тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келуі немесе тауарлардың мұндай аумақтан кетуі кезінде жасалатын кедендік операциялар аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
      4. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кедендік рәсімдермен орналастырылмастан, осы Кодекстің 433-бабына сәйкес кедендік декларациялауға жатады.
      5. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан және техникалық реттелместен, кедендік шекара арқылы өткізіледі.

      454-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын
                уақытша әкелу

      1. Халықаралық тасымалдаудың техникалық құралдарын кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен уақытша әкелуге бір мезгілде мына шарттардың сақталуымен:
      1) егер халықаралық тасымалдаудың көлік құралы шетел мемлекетінде шетел азаматына тіркелсе;
      2) кеден одағына қатысушы мемлекеттің тұлғасы, осыған уәкілетті шетелдік тұлға халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды кеден одағының кедендік аумағында не одан тысқары жерлерде халықаралық тасымалдауды аяқтау не бастау үшін пайдаланған жағдайларды қоспағанда, егер шетелдік тұлға халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кеден одағының кедендік аумағына әкелсе және пайдаланса, жол беріледі.
      2. Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарында шетелдік тауарлардың мәртебесі болады.
      3. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша кедендік әкелу транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекстің 426-бабымен көзделген мерзімдерде оларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетумен немесе кедендік рәсімдермен орналастырумен аяқталады.
      4. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағынан әкету кез келген кеден органы арқылы жүзеге асырылады.

      455-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын
                уақытша әкелу мерзімдері

      1. Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары оларға байланысты мұндай тауарлар кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тасымалдау операциялары аяқталғаннан кейін осы аумақтан, егер халықаралық шарттармен өзге белгіленбесе, осы Кодекстің 292-бабының ережелерін ескеріп есептелеген мерзімдерде әкетілуі тиіс.
      2. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдерде әкету мүмкін болмаған кезде мүдделі тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша кеден органы халықаралық тасымалдаудың көлік құралын уақытша әкелудің мерзімін халықаралық тасымалдаудың көлік құралын әкету мүмкін болмаған себептерді жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.

      456-бап. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік
                құралдарымен жасалатын операциялар

      1. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен олардың кеден одағының кедендік аумағына жүруі не көрсетілген аумақта болуы кезінде талап етілген оларға техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу бойынша кәдімгі операцияларды жасауға жол беріледі.
      2. Кеден одағының кедендік аумағында:
      уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағында басталатын және аяқталатын (бұдан әрі осы тарауда пайдалану мақсаты үшін-кеден одағының кедендік аумағы бойынша ішкі тасымалдау) жүктерді, багажды және (немесе) жолаушыларды тасымалдау үшін пайдалануға;
      оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, сақтау үшін беруді не халықаралық тасымалдаудың техникалық құралын дереу әкету арқылы тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында беруді қоспағанда, уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өзге тұлғаларға, соның ішінде жалға (субжалға) беруге жол берілмейді.
      Кеден одағының кедендік аумағы бойынша ішкі тасымалдау үшін жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды теміржол қозғалмалы құрамды пайдалану ерекшеліктері кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалады.
      3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын пайдалану не оларды осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда өзге тұлғаларға беруге осы көлік құралдарының кедендік рәсімдермен орналастырылуы шартымен жол беріледі.
      Көрсетілген әрекеттер уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналасатырмастан аяқталған жағдайда, көлік құралына арналған кедендік декларацияның тіркелген күніне есептелген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша артықшылықтар мен жеңілдіктерді ескерместен, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемдегі кедендік баждар, салықтар төленуге жатады. Бұл ретте көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, кеден органы көлік құралына арналған кедендік декларацияны тіркеген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.

      457-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын
                уақытша әкету

      1. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын уақытша әкетуге осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралы кеден одағының тауары болып табылуы және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кеден одағына қатысушы мемлекеттің аумағында кеден одағына қатысушы мемлекеттің тұлғасына тіркелуі шартымен жол беріледі.
      2. Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін, кеден одағының тауарлары болып табылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары осы аумақтан іс жүзінде әкетілген кезде кеден одағы тауарларының мәртебесін сақтайды, ал осы баптың 4-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды.
      3. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағынан кедендік әкету баждарды төлеместен уақытша әкетіледі.
      4. Бұрын уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырылған не осы Кодекстің 273-бабына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкетуге жол беріледі.
      5. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын уақытша әкетуге кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде қандай тұлға және оны қандай мақсатта пайдаланатынына қарамастан жол беріледі.

      458-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын
                уақытша әкетудің мерзімдері

      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкетудің мерзімдері шектелмейді.

      459-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік
                құралдарымен жасалатын операциялар

      1. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен:
      1) егер оларға деген қажеттік халықаралық тасымалдаудың көлік құралын халықаралық тасымалдауда пайдалану кезінде туындамаса, оны сақтауды, пайдалануды және оны әкетілген күні болған жай-күйінде ұстауды қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық қызмет көрсету және (немесе) ағымдағы жөндеу операцияларын;
      2) өтеусіз (кепілді) жөндеу бойынша операцияларды;
      3) кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде орын алған оның авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан бүлінунен кейін халықаралық тасымалдаудың көлік құралын қалпына келтіру үшін жүзеге асырылатын күрделі жөндеуді қосқанда, жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.
      2. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты жөндеу бойынша операцияларға және (немесе) осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген басқа да операцияларға осы көлік құралдарын кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылуы шартымен жол беріледі.
      Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырмастан көрсетілген операциялар жасалған жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелген кезде осы Кодекстің 335-бабына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.

      460-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік
                құралдарын әкелу

      1. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкету оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелумен не кеден одағының тауарлары болып табылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын экспорттың не кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдерімен орналастырумен, ал осы Кодекстің 428-бабының 4-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастырумен аяқталады.
      Шетелдік тұлғаға уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралына меншік құқығын берген жағдайда, мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралын әкеткен тұлға әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралының меншік құқығын берген күннен бастап 30 күн ішінде кеден одағының тауарлары болып табылатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралын экспорттың кедендік рәсіміне, ал осы баптың 4-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын кері экспорттың кедендік рәсіміне орналастыруға міндетті.
      Мұндай тауарларды кедендік декларациялауға оларды кеден органына іс жүзінде көрсетпестен жол беріледі.
      2. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкету олардың кеден одағының кедендік аумағына әкелінуімен аяқталған кезде мұндай халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен әкелінеді.
      3. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелу кез келген кеден органы арқылы жүзеге асырылады.

      461-бап. Жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді уақытша
                әкелу және уақытша әкету

      1. Жүктерді тиеуге, түсіруге, өңдеуге және қорғауға немесе осы халықаралық тасымалдаудың көлік құралымен өтетін жолаушыларға және (немесе) багажға қызмет көрсетуге арналған, халықаралық тасымалдаудың көлік құралымен уақытша әкелінетін арнайы жабдықтар оның халықаралық тасымалдаудың көлік құралынан бөлек немесе бөлек емес түрде пайдаланылуы мүмкін екеніне қарамастан, кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбастан әкелінеді.
      2. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер және жабдықтар кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбастан әкелінеді.
      3. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралына салынған, бөлшектер мен жабдықтарды ауыстыру мақсатында әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жөндеу немесе қызмет көрсету кезінде пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер олардың кеден одағының кедендік аумағына әкетілуі кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтік емес және техникалық реттеу шараларын қолданбастан кеден одағының кедендік аумағынан әкетіледі.
      Кеден одағының кедендік аумағына қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды әкелуге кері импорттың кедендік рәсіміне қолданылатындай кедендік баждарды, салықтарды төлеместен жол беріледі.
      4. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартымен және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен ауыстыру мақсатында халықаралық тасымалдаудың көлік құралынан оны пайдалану процесінде түсірілген қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды кеден одағының кедендік аумағына әкелудің немесе мұндай аумақтан әкетудің өзге де ерекшеліктері айқындалуы мүмкін.

      462-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын,
                қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды кедендік
                декларациялау

      1. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау тасымалдаушының кеден органына көлік құралына арналған кедендік декларацияны ұсынуы арқылы халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелу және мұндай уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын мұндай аумақтан әкету кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкету және мұндай уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын мұндай аумаққа әкелу кезінде жүзеге асырылады.
      2. Көлік құралына арналған кедендік декларация ретінде егер, онда халықаралық тасымалдаудың көлік құралы, оның бағыты, жүгі, керек-жарақтары туралы, экипажы туралы және жолаушылары туралы мәліметтер, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу (әкету) мақсаты және (немесе) халықаралық тасымалдаудың көлік құралын жөндеу немесе пайдалану үшін өткізілетін қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың атауы туралы мәліметтер болса, көлік түріне қарай осы Кодекстің 225-бабында көрсетілген, қатысушылары кеден одағына қатысушы мемлекеттер болып табылатын көлік саласындағы халықаралық шарттармен көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары қолданылады.
      Егер тасымалдаушының ұсынылған стандартты құжаттарында барлық қажетті мәліметтер болмаса, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау белгіленген нысандағы көлік құралына арналған кедендік декларацияны ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте, тасымалдаушы ұсынған стандартты құжаттар көлік құралына арналған кедендік декларацияның ажарымас бөлігі ретінде қаралады.
      Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын мұндай аумаққа әкелу кезінде кеден органына көлік құралына арналған кедендік декларация ретінде уақытша әкелінген немесе тиісінше уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын декларациялау кезінде ұсынылған көлік құралына арналған кедендік декларацияны пайдалануына жол беріледі.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде кеден органы өзге де мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы.
      3. Егер қосалқы бөлшектер мен жабдықтар халықаралық тасымалдаудың көлік құралымен кедендік шекара арқылы бір мезгілде өткізілсе, осы Кодекстің 432-бабына сәйкес көлік құралына арналған кедендік декларацияда олар туралы мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі.
      4. Берілген көлік құралына арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркейді.
      5. Көлік құралына арналған кедендік декларацияны тексеру нәтижелері бойынша кеден органы көлік құралына арналған кедендік декларацияда Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын нысан бойынша және тәртіпте белгілерді қою жолымен халықаралық тасымалдаудың көлік құралын уақытша әкелуді немесе уақытша әкетуді не халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкетуді немесе уақытша әкелуді аяқтауды ресімдейді.
      6. Пайдаланылған және қайта әкетілмеген қосалқы бөлшектер мен жабдықтар осы Кодекспен белгіленген талаптар мен шарттардың сақталуымен кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатады.

49-тарау Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу
ерекшеліктері

      463-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер

      Осы тарауда мынадай терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж - осы жеке тұлғаның кеден одағының кедендік аумағына кіруімен немесе оның кеден одағының кедендік аумағынан кетуімен байланысты кедендік шекара арқылы іс жүзінде өтуі үшін халықаралық тасымалдау (көлік экспедициясы) шарты бойынша тасымалдаушыға берілген немесе берілетін жеке тұлғаға тиесілі жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      2) иесімен бірге жөнелтілетін багаж - қол жүгін қосқанда, кедендік шекарадан ететін жеке тұлға тікелей өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      3) тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар — кедендік шекара арқылы етпеген жеке тұлғаның атына не жеке тұлғадан  кедендік шекара арқылы іс жүзінде өткізу үшін халықаралық тасымалдау шарты бойынша (жөнелту құжаты, коносамент және өзге де құжаттар бойынша) тасымалдаушыға берілген немесе берілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      4) жеке пайдалануға арналған көлік құралы - осы көлік құралын тұлғаларды сыйақы үшін тасымалдау, тауарларды сыйақы немесе тегін тасымалдау үшін емес, жеке мақсатта ғана өткізетін жеке тұлғаның меншігіндегі немесе иелігіндегі қосалқы бөлшектерімен және әдеттегі керек-жарақтарымен және жабдықтарымен бірге, оның кәдімгі бақтарында жанар-жағар майы мен отыны бар авто-, мотокөлік құралы, тіркеме, су немесе әуе кемесі.

      464-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу
                туралы жалпы ережелер

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік шекара арқылы осы тараудың ережелеріне сәйкес, осы тараумен реттелмеген бөлігінде, - кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес өткізіледі.
      2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға тарифтік емес реттеу және техникалық реттеу шаралары қолданылмайды.
      3. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік төлемдерді төлеместен өткізудің құн, мөлшер және салмақ нормалары, жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік төлемдерді төлеуден босату жағдайлары, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленеді.
      4. Шетел мемлекеттерінде үздіксіз болу мерзімі алты айдан асатын кеден одағына қатысушы мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің жеке құрамының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі жұмысының аяқталуына орай, келген елінен жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кедендік аумағынан тысқары жерде барлық жұмыс істеу кезеңі ішінде алған жалақы сомасының шегінде кедендік баждар төлеместен әкелуге тауарлар міндетті жазбаша декларациялауға (кедендік декларациялау) жататын жағдайларды қоспағанда құқығы бар.

      465-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу
                тәсілдері

      Жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік шекара арқылы тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде иесімен бірге жөнелтілетін немесе иесімен бірге жөнелтілмейтін бағажда, сондай-ақ осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес халықаралық почта жөнелтілімдерімен өткізілуі мүмкін.

      466-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты
                жасалатын кедендік операциялар

      1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар осы Кодеспен және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалатын тәртіпте жасалады.
      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар кеден одағының кедендік аумағына келу немесе осы аумақтан кету орындарындағы не аумағында мұндай тауарлардың декларанты ретінде түсуге құқығы бар жеке тұлға тұрақты (немесе уақытша) тұратын кеден одағына қатысушы мемлекеттің кеден органындағы өту тәсілдеріне қарай жасалады.
      3. Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасын сақтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, осы тұлғаларға, көлік құралдарынан шықпай кедендік операцияларды жасауға мүмкіндік береді.
      4. Жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік шекарадан өту кезінде осы Кодекстің 278-бабына сәйкес кедендік декларациялауға және осы Кодекспен көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылмастан жеке пайдалану үшін шығаруға жатады. Тауарларды жеке пайдалану үшін шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі кеден одағының кеден заңнамасымен айқындалады.
      Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін тұлғаның қалауы бойынша мұндай тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес оларды уақытша сақтауға орналастырумен, кедендік рәсімдермен орналастырумен, сондай-ақ, егер олар келу орнын тастап кетпесе, кеден одағының кедендік аумағынан әкетілумен байланысты кедендік операциялар жасалуы мүмкін.
      Осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көрсетілген кедендік операциялар жасалмаған жағдайда, осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес тауарлар ұстауға жатады.
      5. Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекске және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес жүргізіледі.

      467-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік
                декларациялау

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы жүруі кезінде кеден органына тауарларды көрсете отырып, бір мезгілде жүзеге асырады.
      2. Жазбаша түрде кедендік декларациялауға:
      1) иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда немесе тасымалдаушымен жеке тұлғаның мекенжайына жеткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      2) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылатын кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар,
      3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) мөлшері мұндай тауарларды кедендік төлемдерді төлеместен өткізудің кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленген нормаларынан асатын уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      4) кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және мұндай аумаққа қайта әкелінетін, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
      5) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен және (немесе) халықаралық шартымен белгіленген жағдайларда, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар;
      6) мәдени құндылықтар;
      7) егер оларды өткізетін жеке тұлғаның иесімен бірге жөнелтілмейтін багажы болса, иесімен бірге жөнелтілетін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      8) кеден одағының кеден заңнамасымен айқындалған өзге де тауарлар жатады.
      3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау жолаушының кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша түрде жүргізіледі.
      Жолаушының кедендік декларациясының нысаны, оны толтыру, беру және тіркеу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      4. Жеке тұлға өз қалауы бойынша жолаушының кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік декларациялау жүргізуге құқылы.
      5. Он алты жасқа толмаған жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын кедендік декларациялауды оны алып жүретін тұлға (ата-анасының бірі, осы тұлғаны асырап алушы, қамқорлыққа алушы немесе қамқоршы, оны алып жүретін өзге де тұлға не алып жүретін тұлғалар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-аналарының, асырап алушылардың, қамқорлыққа алушылардың немесе қамқоршылардың алып жүруінсіз кәмілет жасқа толмаған тұлғалар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде - топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі) жүргізеді.
      6. Қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кедендік декларациялауды қайтыс болғанның денесі (сүйектері) салынған табытты немесе мәйіті (күлі) салынған сауыттарды алып жүретін тұлға осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, бос нысанда өтініш беру жолымен жүзеге асырады.
      Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денесі (сүйектері) салынған табыттарды кеден одағының кедендік шекарасынан әкету кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерінің жазба бөлімдері беретін өлгені туралы куәлік не өлгені туралы медициналық куәлік не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) қайта көмген жағдайда, эксгумация мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының бос нысандағы қорытындысы;
      3) оларда бөгде салынымдардың жоқтығын көрсете отырып, оларды қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелткен жағдайда, қайтыс болғанның нәрселері мен құндылықтарының тізімдемесі қоса беріле отырып, мырыш табыттарын дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның бос нысандағы актісі (анықтамасы);
      Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денелері (сүйектері) салынған табыттарды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген өлгені туралы куәлік не өлгені туралы медициналық куәлік немесе осы құжаттардың көшірмелері;
      2) оларда бөгде салынымдардың жоқтығын корсете отырып, оларды қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелткен жағдайда, қайтыс болғанның нәрселері мен құндылықтарының тізімдемесі қоса беріле отырып, мырыш табыттарын дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын ұйымның бос нысандағы актісі (анықтамасы).

      468-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды
                декларациялау кезінде құжаттарды ұсыну

      1. Жолаушылар кедендік декларациясын беру кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың ұсынылуымен қоса жүруі тиіс.
      Мұндай құжаттарға:
      1) жеке басын куәландарытан құжаттар (оның ішінде кәмелетке толмаған тұлғалар);
      2) кәмелетке толмаған тұлғаны асырап алуды, қамқорға алуды, қамқорлықты растайтын құжаттар;
      3) декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растайтын құжаттар;
      4) көліктік (тасымалдау) құжаттар;
      5) кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктерге құқықты растайтын, оның ішінде жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкелуін (әкетуін) растайтын, сондай-ақ жеке тұлғаны босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы не кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған тәртіпте тұрақты тұруға қоныс аударушы деп тануды растайтын құжаттар;
      6) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар;
      7) жеке пайдалануға арналған көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер бар құжаттар;
      8) жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар;
      9) ұсынылуы кеден одағының кеден заңнамасында көзделген басқа да құжаттар мен мәліметтер жатады.
      2. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша оның кедендік шекара арқылы жүруі кезінде жеке тұлғаға берілген, кеден органы ресімдеген жолаушылар кедендік декларациясының данасы ұсынылады.
      Оны жоғалту себебі бойынша немесе өзге де себептер бойынша жолаушылар кедендік декларациясын ұсынбаған кезде, егер жеке тұлға басқаша дәлелдей алмаса, жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік төлемдерді төлеуден босатылған тауарларды әкелудің құн, мөлшер, салмақ нормаларынан асыра әкелінген ретінде қаралады.

      469-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік
                декларациялау кезінде екі дәліз жүйесін қолдану

      1. Кеден одағының кедендік аумағына келу кезінде немесе осы аумақтан кету кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау мақсаты үшін екі дәліз жүйесі қолданылуы мүмкін.
      2. Екі дәліз жүйесін қолдану кедендік шекара арқылы өтетін жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларды жазбаша декларациялауды және кедендік операцияларды жасау үшін тиісті дәлізді («жасыл» немесе «қызыл») өз бетінше таңдауын көздейді.
      3. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келу және осы аумақтан кету орындарында екі дәліз жүйесін жайластыруға қолданылатын талаптар Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.

      470-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша
                әкелу

      1. Шетелдік жеке тұлғалар осы аумақта өзінің болуы кезеңіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылған көлік құралдарын қоспағанда, тізбесі кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалған жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелуге құқылы.
      Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарлар жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатқан жағдайларда, мұндай тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы оның кеден одағының кедендік аумағында болу ұзақтығын ескере отырып, шетелдік жеке тұлға өтінішінің негізінде белгілейді.
      2. Шетелдік жеке тұлғалар кеден одағының кедендік аумағына шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, өзінің уақытша болуы, бірақ бір жылдан аспайтын мерзіміне уақытша әкелуге құқылы.
      Шетелдік жеке тұлғаның дәлелді өтініші бойынша кеден органдары жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін мұндай көлік құралдарын уақытша әкелген күннен бастап бір жыл шегінде ұзартуы мүмкін.
      3. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларды, соның көлік құралдарын пайдалану және (немесе) билік ету құқығын кеден одағының кедендік аумағында басқа тұлғаға беруге кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіпте оларды кедендік декларациялау және кедендік төлемдерді төлеу шартымен жол беріледі.
      4. Уақытша әкелініп, жеке пайдалануға арналған тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кез келген кеден органы арқылы қайта әкетілуі мүмкін.
      5. Уақытша әкелініп, жеке пайдалануға арналған тауарлар белгіленген мерзім өткен соң әкетілмеуіне байланысты кеден одағының кедендік аумағында болған жағдайда, мұндай тауарларға қатысты кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіпте кедендік баждар, салықтар өндіріп алынады.
      6. Авария немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарлар біржола жоғалған жағдайда, мұндай тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан қайта әкету кеден органдарының авария немесе ырық бермес күш әсерін тануы шартымен жүргізілмеуі мүмкін.

      471-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
                тауарларды уақытша әкетуі

      1. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің жеке тұлғалары кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан өзінің шетел мемлекетінің аумағында уақытша болуы кезеңіне уақытша әкетуге және оларды қайта әкелуге құқылы.
      2. Егер мұндай сәйкестендіру кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып, оларды қайта әкелуге ықпал етсе, жеке тұлғаның өтініші бойынша кеден органы уақытша әкетілген жеке пайдалануға арналған тауарларға сәйкестендіру жүргізеді. Тауарларды сәйкестендіру туралы бір данасы тауарларды әкететін жеке тұлғаға берілетін жолаушылар кедендік декларациясында көрсетіледі.
      Мұндай сәйкестендірудің болмауы кеден органына кеден одағының кеден заңнамасымен айқындалған тәртіпте бұл тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілгенінен кейін қайта әкелінуін растау шартымен жеке тұлғалардың әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды қайта әкелуіне кедергі болмайды.
      3. Уақытша әкетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарымен олардың кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде болуы кезінде қажет болған техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.
      4. Уақытша әкетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралына тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарында есепке алынуға жататын бөлшектерін ауыстыруға байланысты жөндеу жасау кезінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттың талаптарына сәйкес кепілді жөндеу немесе қызмет көрсету жүзеге асырылған не оның авария немесе ырық береме күш әсерінің салдарынан зақымдануынан кейін көлік құралын қалпына келтіру үшін қажетті жөндеу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ауыстырылған бөлшек кедендік декларациялауға жатады.

      472-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты
                кедендік баждар мен салықтарды төлеу

      1. Жеке тұлғалар толтыру нысаны мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын кедендік кіріс ордерінің негізінде жеке пайдалануға арналған тауарларды жазбаша нысанда кедендік декларациялау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлейді.
      Кедендік кіріс ордерінің бір данасы кедендік баждарды, салықтарды төлеген тұлғаға табыс етіледі.
      Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік кіріс ордерін толтыруды және кедендік баждарды, салықтарды есептеуді кеден органының лауазымды тұлғасы жүргізеді.
      2. Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары бойынша немесе осы Кодекстің 126-бабына сәйкес қолданылатын кедендік баждар, салықтар бойынша есептелеген кедендік баждардың, салықтардың сомасына тең жиынтық кедендік төлем түрінде телейді.
      3. Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленеді.
      4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкаларын, жиынтық кедендік төлемді қолдану тәртібі, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, сондай-ақ оларды төлеу мерзімдері кеден одағына қатысушы мемелекеттердің халықаралық шартымен айқындалады.

      473-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың кедендік
                құны

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың кедендік құны жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметтер бар құжаттардың түпнұсқаларымен расталған, мұндай тауарлардың жеке тұлға мәлімдеген құны негізінде айқындалады.
      Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуі кезінде тауарлардың кеден құнына олардың кеден одағының кедендік аумағына келгеніне дейін және кейін тасымалдау және сақтандыру бойынша шығыстар енгізілмейді.
      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін жеке тұлғада қажетті құжаттар және (немесе) олардың құны туралы мәліметтер болмаған жағдайда не тұлға ұсынған құжаттар және (немесе) мәліметтер дұрыс болып табылмайды деп ұйғаруға негізделген себептер болған кезде кеден органының лауазымды тұлғасы тауарлардың кедендік құнын ұқсас тауарларға кеден органының иелігінде бар баға ақпаратының негізінде, оның ішінде ұқсас тауарларды бөлшек сатуды жүзеге асыратын шетелдік фирмалардың каталогтарында көрсетілген деректердің негізінде айқындайды.
      Жеке тұлға кедендік құнды айқындау үшін ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеуге құқылы.
      Осы бапты қолдану мақсаты үшін ұқсас тауар деп әкелінетін тауардың сипаттамаларына жақын, яғни өзінің мақсаты, қолданылуы, сапа, техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша әкелінетін тауармен сәйкес келетін сипаттамалары бар тауар түсініледі.

      474-бап. Жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған
                көлік құралдары үшін қосалқы бөлшектер мен отын

      1. Жеке тұлғалар кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын жөндеу үшін қажетті қосалқы бөлшектер кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, мұндай көлік құралдарын уақытша әкелудің мерзімінен аспайтын мерзімге уақытша әкелінуі мүмкін.
      2. Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының құрылымымен көзделген бақтардағы отын кедендік баждарды, салықтарды төлеместен, кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі немесе тиісінше осы аумақтан әкетілуі мүмкін.

57-тарау. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды
жасау ерекшеліктері

      475-бап. Осы тарауды қолдану саласы

      1. Керек-жарақтарды кедендік шекара арқылы өткізу осы тараудың ережелеріне сәйкес, ал осы тараумен реттелмеген бөлікте, - кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      2. Керек-жарақтарды кедендік шекара арқылы өткізу кедендік баждарды, салықтарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан жүзеге асырылады.
      3. Осы тараудың ережелері жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін қолданатын көлік құралдарындағы тауарларға қатысты қолданылмайды.

      476-бап. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды
                жасау ерекшеліктері

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде керек-жарақтарға қатысты кедендік операциялар келу орындарында, кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде - халықаралық тасымалдауды бастау орындарында не кету орындарында жүргізіледі.
      2. Керек-жарақтар тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмастан кедендік декларациялауға жатады.
      Керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларация ретінде тауарға арналған декларация, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
      Керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтердің тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      3. Керек-жарақтарға қатысты операциялар тіркеу еліне немесе су кемелерінің, әуе кемелерінің немесе поездардың ұлттылығына қарамастан, бірдей жасалады.

      477-бап. Керек-жарақтарды пайдалану

      1. Осы кемелерді қалыпты пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті, жолаушылардың және су кемелерінің экипаж мүшелерінің пайдалануына арналған керек-жарақтар, егер экипаж осы уақытта кемені тастап кетпесе, жолаушылардың және экипаж мүшелерінің санына, сондай-ақ тұру ұзақтығына тиісті мөлшерде олардың кеден одағының кедендік аумағында болуы, соның ішінде су кемелерін докта, верфьте немесе кеме жөндеу заводында жөндеу кезінде осы кемелерде тұтынылуы және пайдананылуы мүмкін.
      2. Әуе кемелерінің кеден одағының кедендік аумағында орналасқан бір әуежайға немесе бірнеше әуежайға жоспарланған қонуы кезінде осы кемелерді қалыпты пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге арналған керек-жарақтар және әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде экипаж мүшелерінің және жолаушылардың тұтынуына арналған керек-жарақтар әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
      3. Әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне сатуға арналған керек-жарақтар, оларды осы кемелердің борттарында пайдалану мақсатынсыз сату осы кемелердің борттарында жүзеге асырылу шартымен әуе кемелерінің кеден одағының кедендік аумағында болуы кезінде сатылуы мүмкін.
      4. Осы поездарды қалыпты пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті, поездар жолаушыларының және поезд бригадалары жұмыскерлерінің пайдалануына арналған керек-жарақтар осы поездарда, жолаушылардың және поезд бригадалары жұмыскерлерінің санына, сондай-ақ тұру ұзақтығына және жолда болу уақытына тиісті мөлшерде олардың жүру жолында немесе аралық тоқтау не кеден одағының кедендік аумағында тұру пункттерінде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.
      5. Кеден органдары тасымалдаушыны су кемелерінің, әуе кемелерінің немесе поездардың кеден одағының кедендік аумағында болуы кезінде осы тараумен көзделген керек-жарақтарды пайдалану шарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдануға міндеттеуге құқылы. Кеден органының шешімі бойынша керек-жарақтар сақталатын орын кедендік пломбалар мен мөрлерді қою жолымен мөрленуі мүмкін.
      6. Егер осы тарауда көзделген шарттар сақталса, кеден органының рұқсатымен керек-жарақтар уақытша түсірілуі, тиісінше жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды халықаралық тасымалдайтын басқа да кемелерге немесе басқа да поездарға берілуі мүмкін.
      7. Керек-жарақтарды осы тараумен көзделмеген мақсатта пайдалануға оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың немесе экспорттың кедендік рәсімдерімен орналастырған кезде жол беріледі.

8-тарау. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі 58-тарау. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі

      478-бап. Кеден органдарындағы қызмет

      1. Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өз құзыреті шегінде кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнайы түрі болып табылады.
      2. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

      479-бап. Кеден органдарына қызметке қабылдау

      1. Кеден органдарына қызметке өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жағынан өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті, қырық жастан аспаған, Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары қабылданады. Ерекше жағдайларда, көрсетілген жасқа шектеулер орталық кеден органы басшысының шешімімен жеке тәртіпте өзгертіледі.
      2. Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:
      1) қызметке жарамдылығы туралы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларының медициналық қорытындысының болуы;
      2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;
      3) Кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органның белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес болуы қажет.
      3. Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен айқындалатын негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауға болмайды.
      5. Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылады және кеден органдарында арнаулы есепте тұрады.

      480-бап. Жаңадан қабылданғандардың кеден органдарында
                қызмет атқару ерекшеліктері

      Кеден органына қызметке орналасқан, жаңадан қабылданғандар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден бекеттерінде, кедендерде және орталық кеден органы аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.

      481-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын лауазымға
                тағайындау және лауазымнан босату тәртібі

      1. Орталық кеден органының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      2. Орталық кеден органы басшысының орынбасарлары кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылады.
      3. Кеден органдарының өзге лауазымды тұлғалары кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылады.
      4. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына орталық кеден органы белгілеген тәртіппен қызметтік куәлік пен жеке нөмірлі мөр беріледі.

      482-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының ант қабылдауы

      Кеден органының лауазымды тұлғасы орталық кеден органы белгілеген тәртіппен Қазақстан халқына адал болуға ант береді.

      483-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының арнаулы
                атақтары

      1. Кеден органының лауазымды тұлғасына атқаратын қызметіне және еңбек сіңірген жылдарына сәйкес белгіленген тәртіппен мынадай арнаулы атақтар беріледі:
      1) кіші басшы құрам:
      кеден қызметінің кіші лейтенанты;
      кеден қызметінің лейтенанты;
      кеден қызметінің аға лейтенанты;
      кеден қызметінің капитаны;
      2) аға басшы құрам:
      кеден қызметінің майоры;
      кеден қызметінің подполковнигі;
      кеден қызметінің полковнигі;
      3) жоғары басшы құрам:
      кеден қызметінің генерал-майоры;
      кеден қызметінің генерал-лейтенанты;
      кеден қызметінің генерал-полковнигі.
      2. Арнаулы атақтар берілген кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі. Киім нысанының үлгілері мен айырым белгілерін, онымен қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Нысанды киім кию тәртібін орталық кеден органы белгілейді.

      484-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына арнаулы
                атақтар беру тәртібі

      1. Кеден органының лауазымды тұлғасына берілетін арнаулы атақтар бірінші және кезекті болып бөлінеді.
      2. Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президенті береді.
      3. Орта, аға басшы құрамның бірінші арнаулы атағын орталық кеден органның басшысы береді.
      4. Орта, аға басшы құрамның бірінші және кезекті арнаулы атағы:
      қоса алғанда кеден қызметінің капитанына дейін орталық кеден органы аумақтық бөлімшелерінің, кедендер, мамандандырылған кедендік мекемелердің басшыларына;
      қоса алғанда кеден қызметінің полковнигіне дейін орталық кеден органы басшыларына беріледі.
      5. Арнаулы атақ кеден органының лауазымды тұлғаларына атқарып отырған лауазымына сәйкес беріледі.
      6. Аға басшы құрамның лауазымына қабылданған адамдарға, егер оның неғұрлым жоғары дәрежелі шені, арнаулы немесе әскери атағы болмаса, кеден қызметінің подполковнигі атағынан жоғары емес бірінші арнаулы атақ берілуі мүмкін.
      Бұрын құқық қорғау органдарында қызмет атқарған тұлғалар кеден органдарына жаңадан қабылданған, сондай-ақ басқа құқық қорғау органынан іссапарға жіберу тәртібінде қабылданған кезде, оларда бар арнайы немесе әскери атақтарымен, сыныптық шендерімен лауазымдарға тағайындалады.
      Бұрынғы арнайы немесе әскери атақтары, сыныптық шені кезекті арнайы атақты беру үшін еңбек сіңірген жылдары мерзіміне есептеледі.
      7. Тектес мамандығы бойынша арнайы оқу орнын бітірген және орта басшылық құрамға жататын лауазымға тағайындалған азаматтарға кеден қызметінің кіші лейтенанты - бірінші арнайы атағы беріледі.
      8. Кеден қызметінің лейтенанты арнайы атағы:
      1) кеден қызметінің кіші лейтенанттарына - арнаулы атақта белгіленген еңбек сіңірген жылдарының мерзімдері еткеннен кейін, жоғары оқу орындарын бітіргендерге - осы атақта еңбек сіңірген жылдарының мерзіміне қарамастан;
      2) жоғары білімі бар, орта және аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған азаматтарға беріледі.
      9. Бірінші арнаулы атағы төрт жыл және одан да артық оқу мерзімімен оқу орнын бітіргеннен кейін берілген және оқу орнында алған немесе сол тектес мамандық бойынша кеден органдарында қызмет атқарып жүрген кеден органдарының лауазымды адамдары үшін кеден қызметінің лейтенанты атағында еңбек сіңіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді.
      10. Кеден органының лауазымды адамына кезекті арнаулы атақ, атқарып отырған лауазымына аталған атақ сәйкес болған жағдайда және алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңірген жылдарының мерзімі аяқталғаннан кейін дәйекті ретпен беріледі.
      11. Ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар кеден органының лауазымды адамына кезекті арнаулы атақ, атқарып отырған штаттық лауазым бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары, кеден қызметінің полковнигіне дейін қоса, берілуі мүмкін.
      12. Атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары кезекті арнаулы атақ алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңірген жылдарының кемінде бір жарымындай мерзімі еткеннен кейін беріледі.
      13. Кеден органдарының лауазымды адамдарына атқарып отырған лауазымына сәйкес мынадай шекті арнаулы атақтар берілуі мүмкін:
      1) орталық кеден органында:
      Төраға - кеден қызметінің генерал-полковнигі;
      Төрағаның орынбасары - кеден қызметінің генерал-лейтенанты;
      басқарма бастығы - кеден қызметінің полковнигі;
      басқарма бастығының бастығы - кеден қызметінің полковнигі;
      бөлім бастығы - кеден қызметінің подполковнигі;
      бөлімше бастығы, бас маман - кеден қызметінің майоры;
      аға маман - кеден қызметінің капитаны;
      2) орталық кеден органының аумақтық бөлімшелерінде, кедендерде, мамандандырылған кеден мекемелерінде:
      орталық кеден органы аумақтық бөлімшелерінің бастығы - кеден қызметінің генерал-майоры;
      орталық кеден органының аумақтық бөлімшелері бастығының орынбасары, кеден бастығы, мамандандырылған кеден мекемесінің басшысы - кеден қызметінің полковнигі;
      кеден бастығының орынбасары, мамандандырылған кеден мекемесі басшысының орынбасары және орталық кеден органының аумақтық бөлімшелері бастығының орынбасары, кеден бекетінің бастығы, бөлім бастығы - кеден қызметінің подполковнигі;
      кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығының орынбасары - кеден қызметінің майоры;
      бөлімше бастығы, бас маман - кеден қызметінің капитаны;
      аға маман - кеден қызметінің аға лейтенанты;
      кіші маман - кеден қызметінің аға прапорщигі.

      485-бап. Арнайы атақтарда болу мерзімдері

      1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары үшін арнайы атақтарда еңбек сіңірген жылдарының мынадай мерзімдері белгіленеді:
      кеден қызметінің кіші лейтенанты - бір жыл;
      кеден қызметінің лейтенанты - екі жыл;
      кеден қызметінің аға лейтенанты - үш жыл;
      кеден қызметінің капитаны - үш жыл;
      кеден қызметінің майоры - төрт жыл;
      кеден қызметінің подполковнигі - бес жыл.
      2. Кеден қызметінің кеден қызметінің полковнигі атақтарында, сондай-ақ жоғары басшы құрамның атақтарында еңбек сіңірген жылдарының мерзімдері белгіленбейді.

      486-бап. Кезекті арнайы атақты мерзімінен бұрын беру
                тәртібі

      1. Кеден органының лауазымды тұлғасына қызмет міндеттерін адал атқарғаны үшін көтермелеу ретінде, алдыңғы атақта еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткеннен кейін, бірақ атқаратын қызметіне сәйкес арнайы атақтан жоғары емес кезекті арнайы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.
      2. Кеден органының лауазымды тұлғасына кезекті арнайы атақ оның кеден органдарында қызмет атқарған бүкіл кезеңі ішінде мерзімінен бұрын екі реттен артық берілмейді.

      487-бап. Кезекті арнайы атақты беруді тоқтата тұру тәртібі

      1. Кеден органының лауазымды тұлғасына тәртіптік жаза қолданылған (ауызша жарияланғанын қоспағанда), не оған қатысты қылмыстық іс қозғалған немесе оның қызмет тәртібін бұзу, сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқан болса, оған кезекті арнайы атақ беру тәртіптік жаза алынғанға дейін, не ақтау негіздемесі бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін немесе қызметтік тексеру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленгеннен басқа жағдайларда, кеден органының лауазымды тұлғасына негізсіз кезекті арнайы атақ беруді тоқтата тұрған кеден органының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауапкершілікте болады.

      488-бап. Арнайы атақтан айыру

      1. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты арнайы атақтан айыруды заңды күшіне енген соттың айыптаушы үкімін орындау үшін, арнайы атақты беруге құқығы бар басшы жүргізеді.
      2. Арнайы атақтан заңсыз айыру жағдайларында, соттың шешіміне сәйкес бұрынғы атақты қайта беру туралы бұйрықты орталық кеден органының басшысы немесе орталық кеден органы аумақтық бөлімшесінің басшысы қабылдайды.
      3. Арнайы атақтан заңсыз айыру кезеңі қайта берілген арнайы атақтың еңбек сіңіру мерзіміне кіреді. Арнайы атақтан заңсыз айырылған тұлғаларға материалдық зиян толық көлемде төленеді.

      489-бап. Кеден органының лауазымды тұлғасын ротациялау
                тәртібі

      1. Кеден органының лауазымды тұлғасын сол кеден органында не сол жердегі басқа кеден органына немесе басқа жерге қызметке ротациялау орталық кеден органы айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Орталық кеден органы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ орталық кеден органы аумақтық бөлімшелерінің, кедендердің, мамандандырылған кеден мекемелерінің басшылары және олардың орынбасарлары атқарып отырған басшылық қызметінде үздіксіз болғанына үш жыл өткеннен кейін сол кеден органында не басқа кеден органына ротациялануы мүмкін.
      2. Кеден органдарының лауазымды тұлғасын басқа жерге ротациялаған кезде оған өтем төлеу және аталған лауазымды тұлғаға өзге де шығыстарының орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      490-бап. Кеден органдарында қызметті тоқтату үшін негіздер

      1. Кеден органдарындағы қызметті тоқтату үшін мынадай жағдайлардың бірі:
      1) осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуы;
      2) кеден органы лауазымды тұлғасының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
      3) кеден органы лауазымды тұлғасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;
      4) кеден органдары лауазымды адамының қайтыс болуы;
      5) кеден органы лауазымды тұлғасының мемлекеттік қызметте болуына байланысты міндеттерді және шектеулерді сақтамауы;
      6) соттың айыптаушы үкімінің заңды күшіне енуі немесе ақтауға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы негіз болып табылады.
      2. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары:
      1) кеден органдарында қызметке жарамсыздығы немесе жарамдылығының шектеулі болуы туралы тиісті комиссияның қорытындысы негізінде - денсаулық жағдайы бойынша;
      2) штаттың қысқартылуына байланысты;
      3) өз қалауы бойынша;
      4) зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығу құқығын беретін жылдар өтілі бойынша;
      5) аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген қызметке сәйкес еместігі бойынша;
      6) сынақ мерзімі ішінде кеден органдарындағы қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
      7) кеден органының лауазымды тұлғасы беделін түсіретін әрекет жасаған кезде;
      8) кеден органының лауазымды тұлғасы қызмет тәртібін үнемі бұзғаны үшін;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жұмыстан босатылады.
      3. Егер запасқа шығарылатын кеден органдарының лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында әскери қызметке жарамды запастағы адамдар үшін белгіленген шекті жасқа жетпеген болса, әскери есепке қойыла отырып, запасқа шығарылады.

70-тарау. ДЕНЕ КҮШІН, АРНАУЛЫ ҚҰРАЛДАР МЕН АТЫС ҚАРУЫН ҚОЛДАНУ

      491-бап. Дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын
                қолдану бойынша негізгі ережелер

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен кеден органдарының лауазымды тұлғаларының дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануға құқықтары бар.
      2. Кеден органының лауазымды тұлғасы дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолданған кезде:
      1) дене күшін, арнаулы құралдар мен қаруды қолдануды кешеуілдету өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғатын, тұтқиылдан болған немесе қарулы шабуыл жасаған, әскери техника мен көлік құралдарын пайдаланып жасаған шабуыл кезінде немесе өзге де жағдайларда, осындай ескерту қалыптасқан жағдайда орынсыз болған немесе мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, оларды қолдану туралы ескертуге;
      2) дене жарақатын алған адамдарға дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетуді қамтамасыз етуге және болған оқиға туралы кеден органының басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға дереу хабарлауға;
      3) құқық бұзушылықтың сипаты мен оны жасаған адамдардың қауіптілік деңгейіне, сондай-ақ көрсетілген қарсылықтың күшіне қарай қауіпті жою кезіндегі залалдың мейлінше аз болуына ұмтылуға міндетті. Кеден органының басшысы немесе оны алмасытратын тұлға атыс қаруын қолдану, кісі өлімі немесе денеге зақым келу фактілері туралы прокурорға және жоғары тұрған кеден органының басшысына шұғыл хабарлауға міндетті.
      3. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының қарулану құралдарын, арнаулы құралдар мен қызметтік жануарларды есепке алуды жүргізу, сақтау және пайдалану тәртібін орталық кеден органы айқындайды.
      4. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының дене күшін, арнаулы құралдар мен атыс қаруын осы Кодекстің 463-466 баптарында белгіленген тәртіпті бұза отырып қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      492-бап. Дене күшін қолдану

      1. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының кеден органдарына жүктелген міндеттерді зорлық тәсілдерінсіз орындауды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда ғана дене күшін, соның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға құқығы бар.
      2. Мынадай жағдайларда:
      1) құқық бұзушылық сипатын және нақты жағдайларды ескере отырып, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу;
      2) құқық бұзушыларды және кеден органдары лауазымды адамдарына қызмет міндеттерін жүзеге асыруда қарсылық көрсеткен немесе кедергі жасаған адамдарды ұстау үшін дене күші қолданылады.
      3. Әйелдерге, мүгедектіктің айқын белгілері бар адамдарға және жас балаларға қатысты, олар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшін қолдануға тыйым салынады.

      493-бап. Арнайы құралдарды қолдану

      1. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде кеден органдары лауазымды тұлғаларының:
      1) кеден органдарының лауазымды адамдарына және өзге де адамдарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру үшін;
      2) кеден органдарына тиесілі немесе олардың пайдалануындағы үйлерге (құрылыстарға, ғимараттарға), көлік құралдарына, кедендік бақылаудары тауарлар мен көлік құралдарына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшін, сондай-ақ аталған объектілер басып алынған жағдайда оларды босату үшін;
      3) кеден органының лауазымды адамына дене күшін қолданып қарсылық көрсетудің жолын кесу үшін;
      4) егер құқық бұзушылар күш көрсетіп қарсыласса немесе өзгедей қарсы әрекет жасаса, ол адамдарды ұстау, кеден органына не Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жеткізу үшін;
      5) көлік құралына қатысты кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық объектісі болып табылады деп ойлауға негіз болғанда аталған көлік құралын тоқтату үшін мынадай арнайы құралдарды (кісендерді, резеңке таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, үй-жайларды ашуға арналған, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, сондай-ақ басқа да арнайы құралдар мен техниканы) қолдануға құқығы бар.
      2. Әйелдерге, мүгедектіктің айқын белгілері бар адамдарға және жас балаларға қатысты, олар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
      3. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      494-бап. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және оны пайдалану

      1. Атыс қаруын алып жүру, сақтау және оны пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды тұлғаларының санаттарын, сондай-ақ кеден-органдары лауазымды тұлғалары пайдаланатын атыс қаруы мен оқ-дәрі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2. Атыс қаруы осы Кодекстің 466-бабында белгіленген жағдайларда қолданылады.
      3. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары қарулар мен оқ-дәрілерді жоғалтқаны, ұқыпсыз сақтағаны, оларды күзету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.

      495-бап. Атыс қаруын қолдану және пайдалану

      1. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының мынадай жағдайларда:
      1) кеден органдарының лауазымды тұлағаларына және олардың отбасы мүшелеріне топтасып жасалған және (немесе) қарулы шабуылға тойтарыс беру, сол сияқты кеден органдары лауазымды адамдарының қаруын тартып алуға әрекет жасаудың жолын кесу үшін;
      2) кеден органдарының иелігіндегі және (немесе) пайдалануындағы үй-жайларға, үйлерге (құрылғыларға, құрылыстарға) және көлік құралдарына, жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшін, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын қару қолданып иеленіп кетуге әрекет жасалған жағдайларда;
      3) қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау үстінде қолға түскен адамдарды, сондай-ақ кеден органдары лауазымды тұлғаларының қаруды тапсыру туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан қарулы адамдарды ұстау үшін;
      4) егер көлік құралын жүргізетін адам кеден органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарына бағынбаса, көлік құралдарын істен шығару арқылы оларды тоқтату үшін;
      5) хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшін;
      6) қару қолданатындығы туралы ескерту, дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін;
      7) қажетті қорғаныс және аса қажетті өзге де жағдайларда атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
      2. Әйелдерге, мүгедектіктің айқын белгісі бар адамдарға және кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы қарсылық көрсеткен және (немесе) қарулы немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі мүмкін жағдайларда қару қолдануға тыйым салынады.
      3. Қару қолданудың барлық жағдайларында кеден органының лауазымды тұлғасы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға, прокурорды, жоғары тұрған кеден органын хабардар етуге міндетті.

60-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫН МАТЕРИАЛДЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

      496-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарына еңбекақы
                төлеу

      1. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджеті мен сметасы (бюджеті) есебінен қамтылатын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді және оған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін заңнамасында белгіленетін тәртіппен ақшалай қаражат, қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшін үстемеақы кіреді.
      2. Кеден органы лауазымды адамдарының ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақы мен арнаулы атақ үшін қосымша ақыдан тұрады.

      497-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын
                көтермелеу

      1. Қызмет міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін кеден органдарының лауазымды адамдарына көтермелеу мен наградалардың мынадай түрлері:
      алғыс жариялау;
      бір жолғы ақшалай сыйақы беру;
      бағалы сыйлықпен марапаттау;
      Құрмет грамотасымен марапаттау;
      "Кеден қызметінің үздік қызметкері" омырауға тағатын белгісімен марапаттау;
      "Кеден қызметінің еңбек сіңірген қызметкері" Құрмет белгісімен марапаттау;
      «Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3, 2, 1 дәрежелі ведомстволық медальмен марапаттау;
      «Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін» ведомстволық медальмен марапаттау;
      «Кеден қызметінің ардагері» ведомстволық медальмен марапаттау;
      кезекті арнайы атақты мерзімінен бұрын беру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу нысандары көзделеді.
      2. Көтермелеу ретінде бұрын берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау қолданылуы мүмкін.

      498-бап. Кеден органы лауазымды тұлғасының демалысы

      Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына екі лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауығуға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы отыз күнтізбелік күн жыл сайынғы ақы төленетін демалыс беріледі.

      499-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын
                зейнетақымен қамтамасыз ету

      Кеден органдарының лауазымды тұлғаларын зейнетақымен қамтамасыз ету Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      500-бап. Кеден органдары лауазымды тұлғаларын құқықтық
                және әлеуметтік қорғау

      1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары мемлекеттік биліктің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
      2. Кеден органының лауазымды тұлғасы қызметтік міндетін орындауға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
      3. Кеден органының лауазымды тұлғасы қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - қаза тапқан (қайтыс болған) тұлғаның отбасына немесе асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаза тапқан адамның атқарған соңғы қызметі бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтем төленеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
      4. Кеден органының лауазымды тұлғасы қызметтік міндеттерін орындауына байланысты, өзінің кәсіби қызметін одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда, аталған адамға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен мынадай мөлшерде:
      1) бірінші топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
      2) екінші топтағы мүгедекке - он сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
      3) үшінші топтағы мүгедектерге - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде;
      4) мүгедектік белгіленбей, еңбек қабілетін тұрақты жоғалтуы анықталған кезде - бір жарым айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтем төленеді.
      5. Егер кеден органы лауазымды тұлғасының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы, жаралануы (мертігуі), ауруы қызметтік міндеттерін атқаруына қатысы жоқ жағдайларға байланысты болғандығы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтем төленбейді.

      501-бап. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының, оның
                ішінде зейнеткерлікке шыққан тұлғалардың тұрғын
                үй құқықтары

      1. Кеден органдарының лауазымды тұлғасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алаңымен қамтамасыз етіледі.
      2. Қызметте жүрген кеден органдарының лауазымды тұлғасы қызметтік тұрғын үйге теңестірілген өзі отырған тұрғын үйді Қазақстан.
      3. Кеден органдарының лауазымды тұлғасы және зейнеткерлікке шыққан тұлға, сондай-ақ кеден органдарының қайтыс болған лауазымды тұлғасының отбасы басқа тұрғын үй ұсынылмастан қызметтік немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйден шығарып жіберуге жатпайды.

      502-бап. Кеден органдарының лауазымды тұлғаларына, оның
                ішінде зейнеткерлікке шыққан тұлғаларға
                медициналық қызмет көрсету

      Кеден органының лауазымды тұлғасы және онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелері, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққан тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланды.

61-тарау. Кеден органдарының және олардың лауазымды
тұлғаларының жауаптылығы

      503-бап. Кеден органдарының жауаптылығы

      1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      2. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өтелуге тиіс.

      504-бап. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының
                жауаптылығы

      Кеден органдарының лауазымды адамдары заңсыз шешімдер шығарғаны, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады