Америкалық Самоада болған қиратушы цунамидің салдарынан қалыптасқан ауыр экономикалық және әлеуметтік жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Америкалық Самоаға ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін: «Account Name: Government of Samoa Tsunami Relief Fund»; «Bank: ANZ Bank (Samoa) Ltd, Beach Road, Apia, Samoa»; «SWIFT: ANZBWSWW»; «BSB: 010-979»; «Account #: 3826829».
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов