"2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 мамырдағы № 420 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Заңы 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      Санкт-Петербург қаласында 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер акциз таңбаларымен (есепке алу-бақылау таңбаларымен, белгілермен) таңбалауға жататын тауарлар бөлігінде осы мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағына кеден одағына қатысушы екінші мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде жанама салықтарды, импорттаушы мемлекеттің салық органдары салады. Кеден одағына қатысушы мемлекеттің аумағына әкелу кезінде осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салуға жатпайтын тауарларды оның аумағына импорттау кезінде жанама салықтар салынбайды.
      Ерекше (арнайы, еркін) экономикалық аймақтарға (бұдан әрі - ЕЭА) импорттау кезінде жанама салықтарды қолдану ерекшелігі ЕЭА-ның жұмыс істеуі, ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға салық салу тәртібін және Тараптар арасында жасалатын еркін кеден аймағының кедендік рәсімдерін айқындау мәселелерін реттейтін халықаралық шартпен белгіленеді.».

2-бап

      Келісімнің 10-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Келісім 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттаманың 2-бабына сәйкес күшіне енеді.».

3-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың консультациялары немесе келіссөздері жолымен шешіледі. Осындай консультациялар немесе келіссөздер басталған күннен бастап алты ай ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.

4-бап

      Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді, бірақ Келісім күшіне енетін күннен бұрын емес.

5-бап

      2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Беларусь                  Қазақстан              Ресей
  Республикасының            Республикасының       Федерациясының
   Үкіметі үшін               Үкіметі үшін          Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады