Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдері туралы Хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Принциптік сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдері туралы Хаттамаға мынадай ескертпемен қол қойылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін осы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі электр энергиясын трансшекаралық саудалаудың ортақ принциптерінің (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың 1-кезеңі, 1-сатысы) 5.3-бөлімі қолданылмайды».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 433 қаулысымен
мақұлданған
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ
электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдері туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
1998 жылғы 25 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы шартты, 2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын және 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы және қуатының транзиті туралы келісімді назарға ала отырып,
2007 жылғы 22 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы электр энергиясын өткізу кезінде кедендік рәсімдерді үйлестіру туралы келісім ережелерін және 2006 жылғы 24 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі мемлекетаралық электр бөлінісі желілері бойынша өткізген электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіріп алу үшін бірыңғай уақытты белгілеу туралы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімін ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру кезеңдерін айқындау және 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келісімнің шеңберінде оны қалыптастырудың 1-кезеңінде электр энергетикасын трансшекаралық саудалауды жүзеге асыруға негізгі тәсілдерді белгілеу мақсатында жасалды.
2-бап
Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың мынадай кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін айқындайды:
1-кезең
1-саты. Екі жақты трансшекаралық сауда.
Электр энергияны, қуатты (қуат резервтерін), оның ішінде трансшекаралық сауданың ортақ принциптеріне сәйкес электр энергиясының импорты/экспорты бойынша мәмілелерді ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру құқығын алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық субъектілері арасындағы екі жақты шарттар негізінде үшінші елдер арқылы сатып алу-сату.
2-саты. Спот нарықтарына (бір тәулікке бұрын болатын нарықтар) өзара қатысу.
Өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес электр энергиясы импорты/экспорты бойынша мәмілелерді жүзеге асыру құқығын алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетика субъектілерінің ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттердің спот нарығына (бір тәулікке бұрын болатын нарықтар) қатысу құқығы бар трансшекаралық сауда.
2-кезең
1-саты. Электр энергиясының өңірлік нарығы (Ұлттық электр энергетиканың нарықтарының үйлестірілген жұмысы).
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық спот (бір тәулікке бұрын болатын нарықтар) және теңдестіретін нарықтарына (екі және одан да көп мемлекеттер нарықтары) ықпалдасу элементтері бар электр энергиясының трансшекаралық саудасы.
Электр энергиясын саудалау электр энергияны жедел-диспетчерлік басқару және сауда-саттығын ұйымдастыру бөлігінде ұлттық жүйелік/желілік және коммерциялық операторларды үйлестіру кезінде бәсекеге қабілетті ұлттық электр энергетикалық нарықтарының болуы;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерінің жүйелік және коммерциялық операторларымен келісілген бірыңғай есептеу моделінің (не ұлттық моделдерді үйлестіру) және қаржылық есептеу жүйесінің болуы шарттарында жүзеге асырылады.
2-саты. Электр энергиясының және жүйелік қызметтердің өңірлік нарығы.
Ұлттық электр энергетиканың нарықтардың, оның ішінде жүйелік қызметтер нарығының жұмысын үйлестіру.
3-кезең. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы
Барлық электр энергетикасы субъектілері үшін тиісті өңірлік (ұлттық) құрылымдарды құруды және бірыңғай ережелері - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының ортақ ережесін әзірлеуді қоса алғанда, 2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелерін толық іске асыра отырып, ортақ электр энергиясы нарығын құру.
3-бап
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі әрбір кезең шеңберінде әзірленетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
Трансшекаралық сауда 1-кезеңде, 1-саты осы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде электр энергиясын трансшекаралық саудалаудың ортақ принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады (осы қаулыға қосымша сәйкес).
5-бап
Тараптар осы Хаттамаға сәйкес ұлттық заңнаманы сәйкес келтіру үшін шаралар қабылдайды.
6-бап
Тараптар 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келісімге сәйкес Тараптар тағайындаған органдар осы Хаттаманы іске асыру жөніндегі құзыретті органдар болып табылатындығын айқындайды.
7-бап
Осы Хаттама әрбір Тараптың, оның мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан ол үшін туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
8-бап
Осы Хаттаманы қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен немесе Тараптардың басқа да келісілген рәсімдері арқылы шешіледі.
9-бап
Осы Хаттама депозитарий оған қол қойған Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап күшіне енеді.
10-бап
Осы Хаттама ол күшіне енгеннен кейін кез келген мемлекеттің қосылуы туралы қүжатты депозитарийге беру арқылы қосылуы үшін ашық.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үшін осы Хаттама депозитарий қосылу туралы құжатты алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер үшін осы Хаттама депозитарий оған қол қойған немесе оған қосылған мемлекеттердің осындай қосылуға келіскендігі туралы соңғы хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
11-бап
Тараптардың келісімі бойынша осы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар тиісті хаттамамен ресімделеді және осы Хаттаманың күшіне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енеді.
12-бап
Осы Хаттама белгісіз мерзімге жасалады.
Тараптардың әрқайсысы депозитарийге осы Хаттаманың қолданысы уақыты ішінде туындаған міндеттемелерден шығатын және реттейтін болжамды күнге дейін кемінде 12 ай бұрын жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Хаттамадан шыға алады.
2010 жылғы «__» _____________ __________________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзірбайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Түркіменстанның
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украинаның
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің ортақ электр
энергетикалық нарығын қалыптастыру
кезеңдері туралы хаттамаға
қосымша
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі
электр энергиясын трансшекаралық саудалаудың (Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр
энергетикалық нарығын қалыптастырудың 1-кезеңі, 1-сатысы)
ортақ принциптері
Осы құжаттың мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикасы нарығын (ТМД ОЭН) қалыптастырудың 1-кезеңі, 1-сатысында ұлттық электр энергетикасы нарықтарын ескере отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы нарықтарында бәсекелестік жағдайда электр энергиясын трансшекаралық саудалаудың ортақ принциптерін белгілеу болып табылады.
1. Глоссарий
Жүйелік оператор - ұлттық энергия жүйесінің жұмыс істеу сенімділігінің белгіленген параметрлерін және электр энергиясының сапасын, өндіріс теңгерімі мен электр энергиясын тұтынуды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қабат жұмысты басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық энергия жүйесін орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын ұйым. ТМД-ға қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына қарай жүйелік оператор функциясын бір немесе бірнеше уәкілетті ұйым орындауы мүмкін1;
желілік оператор - технологиялық қызмет көрсетуді және мемлекеттің ұлттық электр желісін пайдалануға дайын етіп ұстауды, сондай-ақ бұл желіні жабдықпен шұғыл басқаруды және электр энергиясын мемлекетаралық желілер бойынша таратуды жүзеге асыратын ұйым.
Мемлекеттердің заңнамасына қарай желілік оператор мен жүйелік оператор функциялары бір ұйымдық құрылымға қоса берілуі мүмкін;
электр энергиясын көтере саудалау операторы - биржалық принциптерде және/немесе ұйымдасқан сауда принциптерде электр энергиясын сату бағасы мен көлемдерін айқындау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын ұйым;
трансшекаралық сауда - ұлттық заңнамаға сәйкес Трансшекаралық сауданың жалпы принциптеріне сай электр энергиясының импорты/экспорты бойынша операцияларды жүзеге асыру құқығын алған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілері арасындағы екі жақты шарттар негізінде электр энергиясын, қуаттылықты (резервтерді), оның ішінде үшінші елдер арқылы сатып алу-сату;
жүйелік қызметтер - электр энергетикасы субъектілері және электр энергиясын жекелеген тұтынушылар ұсынатын, электр энергетикасы жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде белсенді қуаттылықтардың, кернеу мен реактивті қуаттылықтардың жиілігі мен ағынын реттеу, авариялардың пайда болуы мен өрбуінің алдын алу, сондай-ақ авариядан кейін жүйенің қалыпты режимін қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін қажетті қызметтер;
экспорт-импорт қимасының өткізу қабілеті (барынша жоғары рұқсат етілген ағын) - жұмыс істеу сенімділігінің белгіленген өлшемдері мен ұлттық және аралас энергия жүйелерінің орнықты жұмыс өлшемдерін бұзбай-ақ қима бойынша берілуі мүмкін электр қуатының ең жоғары шамасы;
өткізу қабілеті резерві - жүйелік операторлар айқындайтын, өткізу қабілеті аукционында бөлу үшін пайдаланылмайтын барынша рұқсат етілген ағынның бөлігі. Ол қосарлас жұмыстар шеңберінде энергия жүйелерін реттеу үшін пайдаланылады;
орналасқан өткізу қабілеті - экспорт-импорт қимасының өткізу қабілеті (барынша жоғары рұқсат етілген ағын) мен өткізу қабілеті резерві арасындағы айырма ретінде айқындалады;
еркін өткізу қабілеті - экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін бөлу бойынша аукционға шығарылатын өткізу қабілетінің бөлігі;
экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін шектеу - экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетінің асып кетуіне жол бермеу жағдайы бойынша мемлекетаралық ағынды шектеу әрекеті;
өткізу қабілетінің лоты - экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалану құқығын бөлу бойынша аукционда белуге шығарылған, МВт көрсетілген еркін өткізу қабілетінің белгіленген шамасы;
аукцион операторы - оған экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалану құқығын бөлу аукционын өткізу жөніндегі функция жүктелетін ұйым;
үйлестірілген нақты аукцион - екі немесе бірнеше жүйелік операторлар мен аукцион операторларының өзара іс-қимылы негізінде жүзеге асырылатын өткізу қабілеті лоттарының белгілі бір санын сатып алуға арналған трансшекаралық саудаға қатысушылардың бағалық өтінімдерін бәсекелік іріктеу;
қаржылық қамтамасыз ету — оның тиісті аукционда қатысуын (жылдық, айлық және тәуліктік) қамтамасыз ету үшін аукционға қатысушылар ұсынатын қаржылық қамтамасыз ету;
ілеспе аймақ — барлық ілесе жұмыс істейтін энергия жүйелерінің (мысалы, ТМД-ға қатысушы елдер мен Балтық елдері) бірлестігі;
ұлттық энергия жүйесі (энергия жүйесі) - ТМД ОЭН қатысушы мемлекеттердің электр энергиясы жүйесі;
экспорт-импорттың мемлекетаралық қимасы(лары) - екі және одан да астам энергия жүйелері (энергия жүйелерінің бөліктері) арасындағы желілердің жиынтығы;
электр энергиясын мемлекетаралық жеткізу - екі сабақтас энергия жүйесі арасында, сондай-ақ транзит шартында үшінші энергия жүйесінің электр желілерін пайдалана отырып, бір энергия жүйесінен экспорт-импорттың барлық коммерциялық шарттары бойынша жеткізілетін электр энергиясы шамасының алгебралық сомасы;
мемлекетаралық ағын - мемлекетаралық қимаға/экспорт-импорт қимасына кіретін электр тарату желілері бойынша электр энергиясы (қуаты) ағынының алгебралық сомасы;
мемлекетаралық ағындар сальдосы - барлық сабақтас энергия жүйелері бар мемлекетаралық ағындардың алгебралық сомасы;
сағаттық ауытқу - мемлекетаралық ағындар немесе мемлекетаралық ағынның2 сальдосының нақты мәні мен оның сағаттық бөліністегі жоспарлы шамасы арасындағы айырма;
транзиттеуші (транзиттеу/беру/өткізу жөніндегі қызметтерді орындаушы) - электр энергиясын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне транзиттеу/беру/өткізу жөніндегі қызметтердің шарты/шарттары негізінде ұсынылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің желілік операторы.
_______
1Мұндай ұйымдар ретінде желілік оператор, электр энергиясының көтерме саудасы операторы және т.б. болуы мүмкін.
2Екі энергия жүйесі немесе энергия жүйелерінің екі тобы жалғыз мемлекетаралық қима/экспорт-импорт қимасы арқылы байланысқан жағдайда.
2. Трансшекаралық саудаға қатысушылар
Трансшекаралық саудаға қатысушылар ұлттық заңнамаға сәйкес электр энергетика саласындағы сыртқы сауда операцияларына жіберілген ұйымдар, сондай-ақ ТМД ОЭН жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар, оның ішінде:
сауда қатынастарға қатысушылар:
электр энергиясын өндірушілер немесе өндіруші компанияларды қоса алғанда, олардың өкілдері;
электр энергиясын тұтынушылар немесе электр энергиясын жеке пайдалану мақсаттары үшін сатып алуды жүзеге асыратын олардың өкілдері;
электр энергиясын кейіннен қайта сату үшін көтере сатып алуды жүзеге асыратын жеткізушілер;
теңгеру және реттеу мақсаттары, сондай-ақ ТМД ОЭН тиісті қатысушы мемлекеттердің заңнамасында көзделген басқа да мақсаттар үшін технологиялық шығындарды өтеуді қамтамасыз етуге электр энергиясының көлемін сатып алуды/сатуды жүзеге асыратын жүйелік операторлар және/немесе желілік операторлар;
инфрақұрылым ұйымдары:
желілік операторлар;
жүйелік операторлар;
электр энергиясын көтерме саудалауды ұйымдастырушылар.
3. Электр энергиясының және қуаттылықтардың трансшекаралық
ағынын есепке алу жүйесін ұйымдастыру
1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жүйелік/желілік операторлары әрбір шекара бойынша мемлекетаралық қиманы/экспорт-импорт қимасын (қима кіретін желілер тізбесі) өзара айқындайды және келіседі.
2. Жүйелік/желілік операторлар халықаралық қималарды/экспорт-импорт қимасын коммерциялық есептеу желілерімен жарақтандыруды қамтамасыз етеді, олар бір сағаттан аспайтын есептеу аралығы бар мемлекетаралық электрлік желілердегі қуаттылық пен электр энергиясына бақылауды және есепті жүргізеді.
3. Жүйелік/желілік операторлар мемлекетаралық ағындарға бақылау және есеп жүргізуді жүзеге асыру үшін электр берілістердің әрбір мемлекетаралық желілерінде есептеу нүктесін айқындайды.
4. Жүйелік/желілік операторлар есептеу нүктелерінде орналасқан өлшем құралдарының тізбесін келіседі. Мұндай есептеу нүктелерінде орналасқан коммерциялық есептеу аспаптарының көрсеткіштері негізінде мемлекетаралық қималар бойынша тасымалданған электр энергиясының көлемі, сондай-ақ мемлекетаралық ағындардың нақты сальдосы мәнінің жоспарланған мәннен ауытқуы айқындалады.
5. Коммерциялық есеп деректерін түсіру, алмасу, келісу және есепке алу актілерін ресімдеу тәртібі сабақтас мемлекеттердің жүйелік/желілік операторларының арасында жасалатын есепке алуды ұйымдастыру туралы келісімдердің талаптарына және өзге де келісілген құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Сауда операцияларының түрлері
1. Трансшекаралық саудаға қатысушылардың электр энергиясы мен қуат резервтерін екіжақты сатып алу-сату шарттарын жасауға мүмкіндігі бар, олардың талаптарын Тараптар дербес белгілейді және келіседі. Бұл шарттар алдағы тәулікке арналған диспетчерлік кестелерді жасау үшін қажет ақпараттың берілуін қамтамасыз ететін ережелерді қамтуы тиіс.
Бұл екі жақты шарттардың Тараптары белгіленген тәртіппен белгіленген уақытқа дейін ұлттық энергия жүйелерінің жүйелік/желілік операторларын әр сағат ішінде жеткізілетін және тұтынылатын электр энергиясының көлемі туралы хабарлауға тиістігін білдіреді.
2. Диспетчерлік кестеге жеткізілімдерді енгізу үшін экспорттық-импорттық шарттың тараптары сатушы орналасқан мемлекеттің энергия жүйесі торабынан (сатушының электр энергиясы желіге жеткізіледі) сатып алушы орналасқан мемлекеттің энергия жүйесі торабына дейін (жеткізілген электр энергиясын тұтыну болжанады) экспорт-импорт шартында белгіленген электр энергиясын беру үшін экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетінің жеткілікті көлемін пайдалануға құқықтардың болуын көрсетуі тиіс. Бұл бағдар егер сатып алу-сату шектеспейтін мемлекеттерде орналасқан қатысушылар арасында жүзеге асырылса, бір шекараға қарағанда көбірек, демек экспорт-импорттың бір қимасына қарағанда көбірек қамти алады.
3. Осы жалпы принциптерді қабылдау кезінде жасалған барлық экспорттық-импорттық (сыртқы сауда) шарттар тараптармен қосымша келісілген өтпелі кезең ішінде олардың ережелеріне сәйкестікке келтірілуі тиіс.
4. Трансшекаралық саудаға қатысушылардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің немесе басқа мемлекеттердің энергетика жүйелері арқылы электр энергиясын тасымалдауын/жеткізуін/өткізуін есепке ала отырып немесе техникалық мүмкіндіктер, сондай-ақ экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетінің синхронды сатып алу-сату мәселелерін реттеу шегінде осы мемлекеттердің электр желілері арқылы электр энергиясын тасымалдауға/жеткізуге/өткізуін арналған шарттар жасасқан жағдайда басқа мемлекеттердің электр энергиясының экспорт-импортына арналған шарттар жасауға құқығы бар.
5. Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін бөлу және есептеу
Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін бөлу
1. Мемлекетаралық қиманың/экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін бөлу мамандандырылған тетіктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
2. Артық салмақтың болмауы Тараптардың экспорттық-импорттық әлеуетін ескере отырып ұзақ мерзімді кезеңге болжанатын экспорт-импорт қималарында оны пайдалануға құқықтарды бөлудің мамандандырылған тетіктерін қолдану міндетті болып табылмайды.
Тиісті уағдаластықтар мен үйлестірудің тиісті деңгейі болған жағдайда мемлекетаралық қиманың өткізу қабілетін пайдалану құқықтарын бірлесіп бөлу мүмкіндігі көзделеді. Бұл жағдайда сатудан түскен түсім күні бұрын келісілген тәртіппен энергетика жүйелері арасында бөлінеді.
3. Бұрын жасалған экспорттық-импорттық (сыртқы саудалық) шарттардың, сондай-ақ техникалық келісімдердің (қосарлас жұмыс туралы шарттар) негізінде бөлінген экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалануға арналған құқықтар келісілген өтпелі кезең ішінде қайта бөлуге жатпайды.
4. МВт-та көрсетілген, экспорт-импорт қимасының бөлінген өткізу қабілетінің мөлшері трансшекаралық саудаға қатысушыларға осы қима арқылы электр энергиясының тиісті көлемін экспорттауға/импорттауға құқық береді.
5. Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалануға арналған құқық әрбір бағыт бойынша жылдық, айлық және тәуліктік негізде бөлінеді.
6. Мемлекеттерде экспорт-импорт қимасының шектелген өткізу қабілетін пайдалану құқықтарын бөлуді ұйымдастыруға жауапты ұйымдар белгіленеді. Бұл ретте егер осы функциялар оларға тікелей жүктелмеген болса, мұндай ұйым мен тиісті жүйелік/желілік оператор арасында тығыз үйлесімділік қамтамасыз етілуі тиіс.
Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін есептеу (белгілеу)
1. Тараптардың энергетика жүйелерінің жүйелік/желілік операторлары белгіленген тәртіпке сәйкес электр энергиясының мемлекетаралық жеткізілімі мен ағындарын жоспарлау кезеңінде экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетінің мөлшерін, иелігіндегі өткізу қабілетін және еркін өткізу қабілетін анықтау және келісу рәсімдерін белгілейді, қажетті зертеулер (есептер) жүргізеді, осындай есептердің нәтижелерін келіседі.
2. Иелігіндегі өткізу қабілеті өткізу қабілетін бөлу жүргізілетін тәуліктік, айлық және жылдық кезеңдер үшін экспорт-импорттың әр қимасы үшін есептеледі.
3. Жүйелік/желілік операторлар аукцион операторына әрбір қаралатын кезең үшін иелігіндегі өткізу қабілетінің мөлшерін түпкілікті есептеу нәтижелерін ұсынады, ол өз кезегінде оларды Интернет желісіндегі өзінің ресми сайтында жариялайды.
4. Жүйелік/желілік оператор басқа энергетика жүйелерінің операторларын иелігіндегі өткізу қабілетіне қайтадан есептеу жүргізу үшін мемлекетаралық қиманың/экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетіне әсер ететін параметрлердегі қандай да бір өзгерістер туралы хабарлайды.
Аукционда экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін
пайдалануға арналған құқықтарды бөлу
1. Мемлекеттердің энергетика жүйелерінің әр шекарасы бойынша экспорт-импорттың әр қимасының өткізу қабілетін пайдалануға арналған құқықтар трансшекаралық сауданың қатысушылары (немесе олардың өкілдері) арасында бөлінуі тиіс. Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалануға арналған құқықтарды бөлу аукционда сатып алушылардың бағалық өтінімдерін бәсекелі іріктеу жолымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттердің әрбір энергетика жүйесінде аукционды өткізу жөніндегі функция жүктелетін бірыңғай орган (аукционның операторы) белгіленеді.
3. Тиісті уағдаластықтар мен үйлестірудің тиісті деңгейі болған жағдайда екіден астам мемлекеттердің энергетика жүйелері арасында экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалану құқықтарын бөлу үшін аукционның бір операторын тағайындау мүмкіндігі ескеріледі.
4. Аукционның операторы міндетті түрде күні бұрын Интернет желісінде өзінің ресми сайтында әрбір кезең (жыл, ай, тәулік) бойынша аукциондар өткізу күнін жариялайды.
Аукционның операторы міндетті түрде күні бұрын бағалы өтінімдер беру кезеңдерін жариялайды, бұл кезең ішінде олар жарамды болып саналады.
5. Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалануға арналған құқықтарды аукционның операторы МВт-да өлшенетін өткізу қабілетінің лоттары түрінде ұсынады.
6. Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалану құқықтарын бөлу жөніндегі аукционға қатысу үшін міндетті шарт трансшекаралық саудаға қатысушының аукцион операторымен келісілген қатысушы тиісті аукционда (жылдық, айлық, тәуліктік) сатып ала алатын өткізу қабілеті лоттары санының ең көп мөлшерін анықтау үшін қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыруы болып табылады.
7. Электр энергиясының экспорты-импорты шартына қатысушылар экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалану құқықтарын сатып алу үшін аукцион операторының сауда жүйесіне тиісті кезеңнің әр сағатына экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетінің тиісті көлемін пайдалану құқығын сатып алуға бір немесе бірнеше бағалық өтінімдер (бірақ өткізу қабілеті лоттарының санынан көп емес) беруі тиіс.
8. Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалану құқығына арналған тепе-теңдік баға мынадай талаптардың сақталуымен белгіленеді:
тепе-теңдік баға бөлінген өткізу қабілетінің барлық көлемі үшін бірдей;
экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін пайдалану құқықтарын сатып алушы үшін тепе-теңдік баға оның бағалық өтінімде көрсетілген бағадан жоғары болуы мүмкін емес;
тепе-теңдік баға егер өткізу қабілетінің сұратылған мөлшерінің сомасы еркін өткізу қабілетіне қарағанда аз болса нөлге тең (яғни барлық бағалық өтінімдер үшін өткізу қабілетінің барлық сұратылған мөлшері толығымен қанағаттандырылды);
тепе-теңдік баға, егер өткізу қабілетінің сұратылған мөлшерінің сомасы еркін өткізу қабілетіне қарағанда көп болса, еркін өткізу қабілетінің шегінде өткізу қабілетінің лоттары бөлінген бағалық өтінімдердің ең төмен бағасына тең.
9. Экспорт-импорт қимасының өткізу қабілеті аукционының операторы өткізу қабілетіне арналған құқықтарды есепке алу мақсатында әр тәуліктің әр сағатына өткізу қабілетін пайдалану құқықтарының бөлінуін көрсетуді қамтамасыз ететін тиісті тізілім, ағындардың бағыттары мен құқықтарды қайта тіркеу/қайта бөлу мүмкіндігіне есеп жүргізеді.
Аукционның операторы әрбір өткізілген аукционның нәтижелерін Интернет желісіндегі өзінің ресми сайтында жариялауға тиіс. Нәтижелер аукционның тепе-теңдік бағасын, сондай-ақ бөлінген лоттардың санын қамтуы тиіс.
10. Жылдық және айлық аукциондарда бөлінген және тиісті қатысушылар пайдаланбаған өткізу қабілетін пайдалануға арналған құқықтар тәуліктік аукциондарда қайта бөлінуі немесе иесі екіжақты шарттар арқылы трансшекаралық саудаға қатысушыларға қайта сатуы мүмкін.
11. Қандай болмасын сағатта экспорт-импорт қимасының өткізу қабілетін шектеген жағдайда өткізу қабілеті лоттарының барлық қатысушыларының-иелерінің өткізу қабілетін пайдалану құқықтарының мөлшері осы сағатта туындаған шектеуге барабар шектелетін болады.
Егер энергия жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында шектеу туындаған жағдайда құқығы шектелген өткізу қабілеті лоттарының қатысушылары - иелері өткізу қабілетін пайдалану құқығына қатысушылары төленген төлемдерді (қайтарым) өтеуге құқығы бар.
12. Бірлескен аукционда өткізу қабілетін пайдалану құқығын сатудан түскен түсім алдын ала келісілген тәртіпте энергия жүйелердің арасында бөлінеді.
6. Электр энергиясын мемлекетаралық жеткізулер мен ағындардың
кестелерін жоспарлау
1. Жоспарлаудың мақсаты ұлттық энергия жүйе мен синхронды аймақ жұмысының қалыпты режимін бұзбай электр энергиясын мемлекетаралық жеткізу, оның ішінде ішкі артық салмақсыз және мемлекетаралық қималарсыз жүзеге асырудың мүмкіндігін айқындау болып табылады.
2. Электр энергиясының мемлекетаралық ағындарын жоспарлау экспорт-импорт шарттары бойынша электр энергиясын жеткізудің мәлімделген көлемінің негізінде сағаттық бөлігінде ұзақ мерзімді (жыл, ай) және қысқа мерзімді (тәулік, сағат) кезеңдерге екі/көп жақты негізде жүйелік операторлар жүзеге асырады.
Жоспарлау экспорт-импорт қималары мен ұлттық энергия жүйесінің бақыланатын қималарындағы өндірілетін және электр жүйелерінің жабдықтарын жөндеу және барынша ұйғарынды ағындары қуаттылығының ауқымын ескере отырып, жүзеге асырылады.
3. Мемлекетаралық ағындар арқылы жүзеге асырылатын, екі елдің энергия жүйесін мемлекетаралық ағындарының арасын басқа да энергия жүйесінің жүйелі операторларымен байланыстыратын электр энергиясын мемлекетаралық жеткізуге ықпал еткен кезде, жалпы есептік үлгінің негізінде электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының үйлестірілген кестелерін жоспарлауды жүзеге асырады.
4. Жүйе/желі операторлары өз арасында электр энергиясын берудің мемлекетаралық желілерін және ажырату барынша ұйғарынды мемлекетаралық ағындардың ауқымына ықпал ететін ішкі желілерді ажыратудың кестесін келіседі.
5. Тиісті жеткізудің көлемін енгізу үшін алдын ала диспетчерлік кестені экспорт-импорт шарттарына қатысушылар өткізу қабілетін пайдалану құқығының едәуір көлемінің болуын растауды көрсете отырып, жасалған шарттарға сәйкес сағаттық жоспарланған жеткізу көлемі туралы тиісті энергия жүйесінің жүйе операторлары күні бұрын ақпарат беруге міндетті.
6. Жоспарлау рәсімін жүзеге асыру кезінде тәулік бұрын жүйе/желі операторлары орындау үшін маңызды болып табылатын сағаттық бөліктегі мемлекетаралық ағындардың сальдо кестесін құрайды және келіседі. Мемлекетаралық ағындарының сальдосының келісілген кестесінен ауытқулар осы Жалпы принциптердің 7-бөлімінде айқындалған ережеге сәйкес реттеуге жатады.
7. Жүйе/желі операторлары экспорт-импорт шарттарына қатысушыларын жеткізудің жоспарланған көлемін өзгерту қажеттілігі, мемлекетаралық ағындардың сальдо кестелерінің келісілген өзгерістерінің салдары туралы ақпарат беруге тиіс.
7. Электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының
келісілген мәндерінен ауытқуларын реттеу
1. Әрбір энергия жүйесінің жүйе/желі операторлары мемлекетаралық ағындар сальдосының келісілген сағаттық кестесін немесе электр энергиясының мемлекетаралық ағындарын орындау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
2. Мемлекетаралық ағындар режимін орындау фактісі бойынша жүйе/желі операторлары мемлекетаралық ағындарының нақты салъдосының мәнін сағаттық ауытқудың немесе жоспардан мемлекетаралық ағындарының шұғыл есебін жүргізеді.
3. Жүйе/желі операторлары мемлекетаралық ағындардың нақты сальдосының ауытқулар көлемін немесе жоспардан мемлекетаралық ағындарын үйлестірілген келісу рәсімін айқындайды. Жүйе/желі операторлары немесе ұлттық заңнамаға байланысты өзге де уәкілетті ұйымдар мемлекетаралық ағындар бойынша, оның ішінде қаржылық негізде ауытқуларды реттеу тетігін әзірлейді.
4. Әрбір энергия жүйеде басқа энергия жүйенің уәкілетті ұйымдарына сәйкес сағаттық ауытқуларын реттеуге (оның ішінде және қаржылық) жауапты уәкілетті ұйым тағайындалады.
Уәкілетті ұйымдар осы Жалпы принциптердің 7.3-тармағына сәйкес мемлекетаралық ағындар нақты сальдосының ауытқуын өтеу мақсатында өзара есептесуді жүзеге асырады.
5. Мемлекетаралық ағындарының немесе энергия энергиясының мемлекетаралық ағындары мәндерінің сальдосын қолдау үшін жүйе/желі операторлары (ұлттық заңнамаға - өзге де уәкілетті органдарға байланысты) электр энергиясын жеткізудің жоспарлы және нақты көлемдері арасында ұлттық энергия жүйесіндегі ауытқуларды реттеу тетіктерінің, оның ішінде теңгерімді нарықтардың жұмысын қамтамасыз етеді. Уәкілетті ұйымдар осы тетіктер шеңберінде экспорт-импорт қималарына ауытқуларды реттеу бойынша өз шығыстарын өтейді.
6. Энергия жүйелеріндегі ауытқуларды қаржылық реттеу кезінде, мемлекетаралық ағындар бойынша ауытқуларды реттеу үшін пайдаланушы теңгерімді нарықтар тұрақты жұмыс істейді және ауытқулардың реттеу тетіктері мен олар бойынша есептер енгізіледі, ішкі теңгерімді нарықтағы есептер үшін пайдаланылатын бағалар негізінде қалыптасады.
Энергия жүйелері үшін теңгерімді нарықтарда жұмыс істемейтін және ауытқуларды реттеу тетіктері мен олар бойынша есептер енгізілмеген, мемлекетаралық ағындар бойынша ауытқуларды реттеу үшін пайдаланылатын теңгерімді электр энергиясының бағасы энергия жүйесіндегі электр энергиясының өндірісіне арналған маржиналдық шығындар негізінде айқындалады.
7. Энергия жүйенің жүйе/желі операторлары (ұлттық заңнамаға - өзге де уәкілетті ұйымдарға байланысты) мемлекетаралық ағындар бойынша олармен белгіленген едәуір ауқымы шегінде сағаттық ауытқулардың параметрлері мен шекті көлемін келіседі.
Жүйе/желі операторлары туындаған ауытқулардың сипатын және мемлекетаралық ағындары кестелерінің орындалуын ынталандыратын шараларды орындайды олармен белгіленген едәуір ауқымы шегінде сағаттық ауытқулардың көлемін арттырған жағдайда сараптама жасайды.
8. ТМД қатысушы мемлекеттердің энергия жүйесі арқылы электр
энергиясын тасымалдауды/беруді/өткізуді жүзеге асырумен
байланысты шығындарды өтеу
1. ТМД қатысушы мемлекеттердің энергия жүйесінің жүйе/желі операторлары ішкі тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету үшін олардың басым пайдалануын ескере отырып электр желілерінің техникалық инфрақұрылымы шегінде ұлттық энергия жүйесінің технологиялық инфрақұрылымына қол жетімділіктің кемсітпеушілік шарттарын қамтамасыз етеді.
2. Трансшекаралық сауда қатысушылары ТМД қатысушы мемлекеттердің энергия жүйесінің технологиялық инфрақұрылымын пайдалану кезінде аталған энергия жүйесіне электр энергиясын тасымалдауды/беруді/өткізуді жүзеге асыру үшін осы үдерісті жүзеге асырумен байланысты шығындарды өтеуге міндетті.
3. Тасымал ретінде берілетін электр энергиясының саны екі/көп жақты тәртіпте жүйе/желі операторларымен келісілген әдістемені пайдалана отырып, коммерциялық есеп аспаптарының көрсеткіштері негізінде есептік кезең арналған сағаттық интервалмен айқындалады.
4. Электр энергиясын тасымалдауды/беруді/өткізуді төлеудің құны мен тәртібі ТМД қатысушы мемлекеттердің электр энергиясының жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады.
Электр энергиясын тасымалдауды/беруді/өткізуді бойынша қызметтің құнын айқындау кезінде мынадай шығындар ескерілуі мүмкін:
Энергия жүйесі жұмысының желілерін және диспетчерлік режимдерді пайдалануға беру (пайдалану) бойынша шығындарға байланысты тұрақты шығындар;
электр энергиясын тасымалдауға/беруге/өткізуді шарттасылған шығындардың құнын және ағынды бөлуді (желілік артық салмақ) өзгертумен сондай-ақ қосымша (қосалқы) жүйелі қызметтердің құнын өтеумен байланысты ауыспалы шығындар.