Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 436 қаулысымен
мақұлданған
жоба
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының
ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне
толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1) 4-баптың 1-тармағының бірінші абзацында «рұқсат пен» деген сөздер «рұқсаттың және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органдар қажет болған кезде және өзара уағдаластық бойынша кеден одағының кедендік аумағын жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларының және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың (өнімдердің) әкелінуінен және таралуынан қорғау жөніндегі кеден одағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдар мен кедендік одақтың кедендік аумағына әкелінетін бақылаудағы, сондай-ақ бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына өткізілетін тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді (немесе) сақтауды жүзеге асыратын тұлғаларға бірлескен тексерістер (инспекциялар) жүргізеді.»;
3) 7-баптың 2-тармағының бірінші абзацында «Уәкілетті органдар беретін» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап
Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Егер Тараптардың бірінің екінші Тараптарға консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы жолдаған жазбаша ресми өтініші түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін береді.
3-бап
Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2010 жылғы «__» _______ _________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жолдайды.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасының Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін