Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 462 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 25 мамырдағы
№ 462 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімдегі реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
      «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
      «28. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      13-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «10 393» деген сандар «9 764» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «3601» деген сандар «2972» деген сандармен ауыстырылсын;
      Мына:
      «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы 250»,
      «Әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиолигиялық сараптаманың Оңтүстік-Шығыс өңірлік орталығы 26»,
      «Әуе келігіндегі санитарлық-эпидемиолигиялық сараптаманың Солтүстік-Батыс өңірлік орталығы 11»,
      «Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың Оңтүстік-Шығыс өңірлік орталығы  131»,
      «Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың Солтүстік-Орталық өңірлік орталығы 121»,
      «Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың Батыс өңірлік орталығы                            90» деген жолдар алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады