"Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 189 қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 189 қаулысымен.

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі
К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 491 қаулысымен
бекітілген
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
      1. Осы «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) минералды, органикалық-минералды, органикалық тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға (бұдан әрі - тыңайтқыштар), сондай-ақ, олардың тіршілік циклы үдерістеріне қолданылады.
      2. Осы Техникалық регламент қолданылатын, сәйкестікті міндетті растауға жататын тыңайтқыштардың тізбесі және Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сәйкес сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.
     Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.09.2013 № 987 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторларға негізделеді:
      минералды тыңайтқыштар үшін:
      1) жанғыштығы;
      2) тотықтырғыштық әсері;
      3) коррозиялық әсері;
      4) уыттылығы;
      5) көзді зақымдауы;
      6) теріні жеуі;
      7) көз бен теріні тітіркендіруі;
      8) қоршаған сулы орта және топырақ үшін қауіптілігі;
      9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі;
      10) радиоактивті сәуле шығаруы (фосфорлы тыңайтқыштар және топырақ жақсартушы заттар үшін);
      органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштар үшін:
      1) бактериологиялық;
      2) паразитологиялық;
      3) энтомологиялық.
2. Терминдер мен анықтамалар
      4. Осы Техникалық регламентте тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер қолданылады:
      қауіптілік белгісі - қауіптің түрі мен сыныбына қарай тыңайтқыштардың қауіптілігі туралы нақты ақпаратты беретін стандартты графикалық кескін;
      қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы - тыңайтқыштардың қауіптілік санаты мен осы қауіптің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін стандартты тіркестер жиынтығы;
      қорда - өсімдіктен немесе жануардан алынатын органикалық қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде алынған органикалық тыңайтқыш;
      қоректік элемент - өсімдіктің өсуі және дамуы үшін қажетті тыңайтқыштың элементі;
      құрамында азоты бар тыңайтқыш - құрамында өсімдіктерге сіңетін нысандағы азоты бар тыңайтқыш;
      минералды тыңайтқыш - минералды нысандағы қоректік элементтерді құрайтын өндірістік немесе қазып алынатын негіздегі тыңайтқыш;
      органикалық минералды тыңайтқыш - бірыңғай технологиялық процесте немесе механикалық араластыру жолымен алынған органикалық және минералды тыңайтқыштардың қоспасы;
      органикалық тыңайтқыш - өсімдіктерден немесе жануарлардан алынатын органикалық заттарды құрайтын тыңайтқыш;
      сигналды сөз - тыңайтқыштардың қауіптілік деңгейіне назар аударту үшін пайдаланылатын сөз;
      топырақ жақсартушы зат - топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін және (немесе) биологиялық белсенділігін жақсарту үшін топыраққа енгізілетін, органикалық және (немесе) органикалық емес негіздегі материал;
      төселетін көң - төсемдік және азықтық қоспалары бар көң;
      тыңайтқыш - өсімдіктердің қоректенуіне және топырақтың құнарлылығын арттыруға арналған зат;
      фосфорлы тыңайтқыш - құрамында өсімдіктерге сіңетін нысандағы фосфоры бар тыңайтқыш;
      химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты (бұдан әрі - қауіпсіздік паспорты) - химиялық өнімнің сипаттамалары және онымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер қамтылған құжат.
3. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру
      5. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру кезінде мынадай әдістер қолданылады:
      1) құжаттамалық;
      2) көрнекі;
      3) сынау.
      6. Сәйкестендіру кезінде:
      1) қауіпсіздік паспорттарын;
      2) жеткізу шарттары мен келісім шарттарды;
      3) тыңайтқыштардың таңбасында келтірілген ақпараттарды пайдаланады.
      7. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру мынадай белгілер, параметрлер және талаптар бойынша жүзеге асырылады:
      сынамаларды іріктеу кезінде:
      1) таңбалау мен буып-түюдің осы Техникалық регламентке сәйкестігі бойынша. Бұл ретте, қауіпсіздік паспортындағы ақпарат орамдағы ақпаратпен салыстырылады;
      2) өнім атауының мәлімденген өнімге сәйкестігі бойынша;
      3) лек көлемі бойынша;
      сынақ жүргізу кезінде таңбада және қауіпсіздік паспортында келтірілген ақпараттың дұрыстығы:
      1) сыртқы түрі (агрегаттық жай-күйі, конфигурациясы және өзге де белгілері) бойынша;
      2) қоректік элементтер мен заттардың массалық үлесі, органикалық заттардың массалық үлесі (органикалық минералды тыңайтқыштар үшін) бойынша тексеріледі.
4. Тыңайтқыштарды Қазақстан Республикасының нарығына
айналымға жіберу шарттары
      8. Тыңайтқыштар осы Техникалық регламентке сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберіледі.
      9. Тыңайтқыштарды Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберудің алдында өндіруші (уәкілетті өкіл, импорттаушы) оларды қауіпсіздік паспортымен қоса беруге тиіс.
5. Тыңайтқыштар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
      10. Тыңайтқыштар осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      11. Биуреттің (карбамид үшін) массалық үлесі 2 %-дан аспауы тиіс.
      12. Фосфорлы тыңайтқыштар мен топырақ жақсартушы заттар үшін табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігі 4000 Бк/кг аспауы тиіс.
      13. Органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштардың биологиялық қауіпсіздігі:
      1) патогенді бактериялардың;
      2) гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының;
      3) ішектік патогенді қарапайымдылар цисталарының;
      4) синантропты шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарының жоқтығымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      14. Тыңайтқыштар үшін бөлшектеп сатуға арналған тыңайтқыштарға қойылатын сақтау мерзімі және (немесе) жарамдылық мерзімі белгіленеді.
6. Тыңайтқыштарды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздікке
қойылатын талаптар
      15. Тыңайтқыштар, оларды ғылыми негізделген нормаларда пайдалану кезінде:
      1) топырақтағы, ауадағы (ұшатын қосылыстар бар болған кезде), су объектілеріндегі және ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі қауіпті және улы заттар: радионуклидтер, ауыр металдар мен күшала тұздары, полициклды ароматты көмірсутегі және төзімді органикалық ластағыштар құрамының гигиеналық нормативтерден асуына;
      2) топырақтың табиғи микробиоценозының бұзылуына;
      3) қоршаған орта объектілерінде адамға қауіпті патогенді микоофлоралардың, гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының, ішектік патогенді қарапайымдылар цисттерінің, энтерококктердің және басқа да қауіпті биологиялық агенттердің пайда болуына жол бермейтіндей етіп әзірленуі және өндірілуі тиіс.
      16. Өндірістің қалдықтары негізінде жасалған тыңайтқыштар үшін қолданудың арнайы регламенттері және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.
      Бұл ретте:
      1) тыңайтқыштың сапалық және сандық құрамын және ол тұратын барлық компоненттердің қауіптілік сыныбын (улы элементтердің жалпы құрамынан басқа олардың суда ерігіштік және жылжымалы нысандарының массалық үлесі көрсетіледі);
      2) радиоактивтілігін, оның ішінде техногенді негіздегі радионуклидтердің (тиімді үлестік белсенділігі) бар-жоғын;
      3) тыңайтқыштың қауіптілік сыныбын;
      4) тыңайтқыштың микробиологиялық және паразитологиялық сипаттамаларын ескеру қажет.
      17. Құрамында азоты бар тыңайтқыштарды пайдаланудың әзірленетін регламенттері өсімдік шаруашылығы өнімдерінде гигиеналық нормативтерде белгіленнен көп нитраттардың жиналуына әкелмеуі тиіс. Бұл ретте, құрамында азоты бар тыңайтқыштардың қауіпсіздік паспортында жалпы азот құрамын көрсетумен бірге, оның нитратты нысанының құрамы да көрсетіледі.
7. Тыңайтқыштар өндіру процесінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар
      18. Тыңайтқыш өндірісі бойынша кәсіпорындарда авариялық жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар көзделуі тиіс.
      19. Кәсіпорынның технологиялық жабдықтары:
      1) жұмыс сұйықтықтарының ағып кетуі мен шашырау мүмкіндігін, қызмет көрсетуші персоналдың олармен тікелей жанасуын болдырмауы;
      2) барлық қауіпті заттардың қоршаған ортадан барынша оқшаулануын қамтамасыз етуі;
      3) тазалау мен техникалық қызмет көрсету процестерінің қауіпсіздігі мен жеңілдігін қамтамасыз етуі тиіс.
      20. Тыңайтқыш өндірісі бойынша кәсіпорындар атмосфераға шығарылатын шығарындыларды тазалау, ағынды суларды жинау және тазалау (залалсыздандыру) бойынша құрылыстармен (қондырғылармен) жарақтандырылуы тиіс.
      21. Тыңайтқыш өндірісі бойынша әрбір кәсіпорында:
      1) процестің негізгі сатылары бойынша технологиялық режимдерді және өлшемдік параметрлерді, бастапқы шикізат пен түпкілікті өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін;
      2) қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың сипаттамасын;
      3) санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптардың, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын өндірістік бақылау жүйесі енгізілуі тиіс.
      22. Өндірістік бақылау жүйесі:
      1) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейін және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар концентрациясын бақылауды;
      2) қоршаған орта объектілерінде санитариялық қорғаныш аймағының (СҚA) шегінде зиянды заттардың болуын;
      3) шаң-газ тұтқыш құрылғылар мен тазалау құрылыстарының тиімділігін бақылауды қамтуы тиіс.
      23. Тыңайтқыштар өндіру кезіндегі жұмыстар жеке қорғаныс құралын қолдану арқылы жүргізіледі.
8. Тыңайтқыштарды сақтау кезіндегі қауіпсіздікке
қойылатын талаптар
      24. Тыңайтқыштарды сақтау арнайы жабық үй-жайларда (қоймаларда), ыдыстарда (сүрлемдерде, сақтау орындарында) жүзеге асырылады. Жұмсақ контейнерлерге буып-түйілген тыңайтқыштарды қатты жабыны бар ашық алаңдарда және қалқа астында сақтауға рұқсат етіледі. Сақтау кезінде тыңайтқыштардың бұзылмауы (олардың саны және сапасы) қамтамасыз етілуі және қоршаған ортаға зиян келтіру қатері болмауы тиіс.
     Тыңайтқыштың нақты түріне арналған нормативтік құжаттамада және қауіпсіздік паспортында көрсетілген сақтау шарттарына қойылатын ерекше талаптар сақталуы тиіс.
25. Тыңайтқыштарды сақтау кезінде олардың физика-химиялық қасиеттері және оларды күшті тотықтырғыштардан, өрт қауіпті және жарылыс қауіпті заттардан бөлек сақтаудың қажеттілігі ескерілуі тиіс.
      26. Өрт-жарылыс қауіпті тыңайтқыштарды (селитралар және олардың негізінде жасалған тыңайтқыштарды) жеке тұрған қоймаларда немесе қойманың тік қойылған бөлігінде орналасқан және қойманың басқа бөліктерінен бітеу өртке қарсы қабырғамен оқшауланған қоймалардың секцияларында сақталады.
      27. Тыңайтқыштарды сақтау орындарында көрінетін жерлерге көрсетілген заттарды сақтаудың ерекшеліктері, гигиена ережелері, қауіпсіздік шаралары, оның ішінде, сол немесе өзге авариялық жағдайларды жою кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат орналастырылады.
      28. Сақталатын тыңайтқыштардың мөлшері жобада көзделген қойманың сыйымдылығынан аспауы тиіс.
      29. Тамақ өнімдерін, мал азығын, шаруашылық және тұрмыстық мақсаттағы әр түрлі заттарды, техникаларды бірге сақтау үшін тыңайтқыш қоймаларын пайдалануға жол берілмейді.
      30. Тыңайтқыштармен байланысты қоймалық жұмыстар жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
      31. Сұйық тыңайтқыштары бар бөшкелерді, бидондарды қоймада сақтау құю тесіктерін жоғары қаратып жүргізіледі.
      32. Тыңайтқыштарды қоймада сақтау орындарына авариялық жағдайларда персоналдың еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
      33. Сұйық тыңайтқыштары бар ыдыстарды сақтау кезінде ыдыс авариялық бүлінген жағдайда төгілген өнімнің барлық көлемін оқшаулауға бағытталған тиісті техникалық шаралар мен құралдар (ылғал өткізбейтін үй-жайлар, су өткізбейтін тұғырықтар немесе басқа құралдар) көзделуі тиіс.
      34. Буып-түйілмеген әр түрлі минералды тыңайтқыштар қойманың жеке бөліктерінде немесе жеке қоймаларда сақталуы тиіс.
     Егер минералды тыңайтқыштардың қасиеттері бірге сақтауға кедергі келтірмейтін болса және ені 1 метрден кем емес әр түрлі тыңайтқыштар арасындағы бөлу аймағын сақтау және қоймада сақталатын өнімнің түрін көрсете отырып тақтайша орнату шартымен бір қоймада бірнеше түрлі минералды тыңайтқыштар сақтауға рұқсат етіледі.
Әр түрлі тыңайтқыштарды араластыруға және олардың бөтен қоспалармен және заттармен ластауға рұқсат етілмейді.
      35. Тыңайтқыштары бар орамдарды сөрелерге немесе тұғырықтарға орналастырады. Тұғырықтарда сақталатын буып-түйілген түрдегі тыңайтқыштар қатарының биіктігі 2 метрден аспауы тиіс. Жұмсақ контейнерлердегі тыңайтқыштарды 2 қабат етіп сақтайды.
     Буып-түйілген тыңайтқыштар түрлері бойынша бөлек сақталуы тиіс. Буып-түйілген тыңайтқыштарды тұғырықтар мен сөрелерді пайдаланбай қойма еденіне үйіп сақтауға рұқсат етілмейді.
Сөрелердің және қоймада сақталатын буып-түйілген тыңайтқыштардың қойма ішіндегі тұғырықтарға орналасуы үй-жайды жинаудың, жүк тиегішті қозғалтудың мүмкіндігін, персоналдың еркін қол жеткізуін, сондай-ақ, қойма ішіндегі ауа айналысын қамтамасыз етуі тиіс.
      36. Төселетін көң, қорда, сұйық көңнің қатты фракциялары тыңайтқыштың топыраққа және жер асты суларына инфильтрациялануына кедергі кетіретін қатты жабыны бар алаңқайлардың дөңдерінде сақталады. Сақтау алаңқайлары сұйық көң жинағыштармен жабдықталуы және жауын мен қар суларының құйылуынан қорғалуы тиіс.
     Қоректік элементтердің жоғалуын, ауаның улы газдармен ластану деңгейін төмендету мақсатында қатты органикалық тыңайтқыштардың дөңдері сақтау кезінде сіңіргіш материалдар - шым тезек, үгінді, сабан қабатымен жабылуы тиіс.
37. Жартылай сұйық, сұйық көң, тезек, ағындар секциялық типтегі арнайы жинағыштарда сақталады.
      38. Сұйық көңді өңдеу жөніндегі ғимараттар орналасқан аумақта алты тәулік сақтауға арналған карантиндік ыдыстар болуы тиіс.
9. Тыңайтқыштарды буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар
      39. Тыңайтқыштарға арналған ыдыс орау материалдары олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде олармен қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтын материалдардан жасалады.
      Буып-түю және ыдыс үшін тыңайтқыштардың бүлдіргіштік және өзге де зиянды әсерлеріне төзімді және:
      1) жануды және (немесе) жылудың айтарлықтай мөлшерін бөлуді;
      2) тез тұтанатын, улы немесе тұншықтырғыш газдар бөлуді;
      3) басқа химиялық белсенді және қауіпті заттардың пайда болуын туғызатын реакцияларға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспейтін материалдар пайдаланылады.
      40. Тыңайтқышта мынадай міндетті ақпаратты қамтитын таңбалар болуы тиіс:
      1) тыңайтқыштың атауы мен мақсаты;
      2) сол бойынша тыңайтқыш өндірілетін нормативтік құжаттың белгілері;
      3) пайызбен көрсетілетін негізгі қоректік элементтердің, макроэлементтердің, микроэлементтердің массалық үлесі;
      4) қауіптілікті сипаттау элементтері (қауіптілік белгісі, сигналды сөз және қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы);
      5) таза салмағы (қатты тыңайтқыштар үшін), ыдыстағы атаулы көлемі (сұйық тыңайтқыштар үшін);
      6) өндірушінің атауы және тұрғылықты жері (заңды мекен-жайы, елді қоса алғанда);
      7) өндірілген күні және лек нөмірі;
      8) сақтаудың кепілді мерзімі немесе жарамдылық мерзімі;
      9) сақтау шарттары;
      10) қолдану бойынша нұсқау, сондай-ақ, қауіпсіз қолдану, сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар (бөлшек саудаға арналған тыңайтқыштар үшін) сұйық тыңайтқыштармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі қосымша нұсқаулықтар.
      41. Таңба мықты болуы тиіс және қоршаған ортадағы факторлар әсерінен өзінің тұтыну сипатын жоғалтпауы тиіс.
      42. Бос күйінде жеткізілетін тыңайтқыштар үшін таңба ілеспе құжаттарда көрсетіледі.
      43. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалуы тиіс.
10. Тыңайтқыштарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
      44. Қауіпті жүктер (селитралар және солардың негізіндегі тыңайтқыштар, сусыз аммиак, аммиакты су) санатына жататын тыңайтқыштарды тасымалдау темір жол көлігі және автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
      45. Буып-түйілмеген тыңайтқыштар бос күйінде жабық темір жол вагондарымен, минерал тасығыштармен, жабық кемелермен және міндетті түрде шанақпен жаба отырып, автокөлікпен тасымалданады.
      46. Сұйық минералды тыңайтқыштарды (аммиакты суды, көмір аммиакатын, сұйық кешенді тыңайтқыштарды) тасымалдау арнайы темір жол және автомобиль көлігімен жүргізіледі. Aммиакпен жанасатын сорғылар, штуцерлер, шүмектер және басқа да бөлшектер аммиактың агрессивті әсеріне төзімді материалдан жасалуы тиіс. Қола немесе мыстан жасалған бөлшектерді қолдануға рұқсат етілмейді.
      47. Ыдыстарды (цистерналарды, резервуарларды) сұйық минералды тыңайтқыштармен толтыру жол бойы мүмкін болатын температураның өзгеруі кезінде өнім көлемінің ұлғаюын есепке ала отырып жүргізіледі. Сулы аммиакты тасымалдауға арналған ыдыстар олардың толық сыйымдылығының 93 %-нан аспайтындай етіп, сусыз аммиакты тасымалдауға арналған ыдыстар 85 %-нан аспайтындай етіп толтырылады.
      48. Буып-түйілген минералды тыңайтқыштарды тасымалдау кезінде ыдыстардың жарылуына, жүктің төгілуіне және шашылуына жол берілмейді. Ыдыс бүлінген жағдайда жүк қалдықтарын жинап алу шаралары қабылдануы тиіс.
11. Тыңайтқыштарды сату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
      49. Тыңайтқыштарды сату мамандандырылған сату орындарында жүзеге асырылуы тиіс.
     Тыңайтқыштарды тамақ өнімдерімен, медициналық дәрілік препараттармен және балаларға арналған тауарлармен бірге бір сауда бөлімінде сатуға рұқсат етілмейді.
50. Тыңайтқыштарды бөлшек саудада сатуға тек буып-түйілген күйде рұқсат етіледі.
     Орамы бүлінген және осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін етіп таңбаланған тыңайтқыштарды бөлшек саудада өткізуге рұқсат етілмейді.
12. Тыңайтқыштарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
      51. Тыңайтқыштарды пайдалану жеке қорғаныс құралын қолдана және қауіпсіздік паспортында көрсетілген өзге де қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуі тиіс.
      52. Әуеден шашуды елді мекендерден 1000 метрден және ашық су көздерінен 200 метрден кем емес қашықтықта 4 м/с кем емес жел жылдамдығы кезінде орындаған жөн.
      53. Aғынды су тұнбаларын тыңайтқыштар ретінде қолдану топырақта ауыр металдардың (қорғасын, кадмий, никель, хром, мырыш, мыс, сынап) және күшаланың тұз құрамының гигиеналық нормативтерден асуына және онда патогенді микрофлоралардың, гельминттердің жұмыртқаларының, патогенді цисттерінің пайда болуына әкелмеуі тиіс.
      54. Aғынды су тұнбалары негізіндегі тыңайтқыштарды рН 5,5 төмен топырақта қолдану әктеуден бұрын болуы тиіс.
      55. Топырақты азотпен және басқа да қоректік элементтермен байыту үшін пайдаланылатын көң және тауық саңғырығы алдын ала залалсыздандырылуы (термиялық кептіру, компосттеу және басқа да әдістермен) тиіс.
     Пайдалануға тек қана жануарлар (құстар) және адамдар үшін ортақ зооантропоздық аурулар бойынша қолайлы мал шаруашылығынан түскен көң және тезек жіберіледі.
56. Тыңайтқыштарды енгізуді жоспар бойынша жүргізген дұрыс, олардың нақты қолданылуын нақты енгізілген тыңайтқыштардың санын, өңделген аумақтың мөлшерін, енгізудің тәсілдері мен күнін көрсете отырып журналда тіркеу қажет.
      57. Қатып қалған немесе қар басып қалған топыраққа тыңайтқыш енгізуге жол берілмейді.
13. Тыңайтқыштарды кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік
талаптары
      58. Тыңайтқыштар технологиялық өңдеу жолымен кәдеге жаратылады.
      59. Тыңайтқыштарды технологиялық өңдеу жолымен кәдеге жарату мүмкін болмағанда, олар қауіпсіздік паспорттарына сәйкес кәдеге жаратылуы немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес залалсыздандырылуы (жойылуы) тиіс.
14. Сәйкестікті растау
      60. Тыңайтқыштардың сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
15. Қолданысқа енгізу шарттары
      61. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Техникалық регламентке
қосымша
Осы техникалық регламенттің әрекетіне
түсетін тыңайтқыштар
тізбесі
     Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2013 № 987 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
КО СЭҚ ТН коды
Позицияның атауы
1
2
3101 00 000 0
Мал немесе өсімдік тектес, аралас немесе аралас емес, химиялық өңдеуден өткен немесе өңделмеген тыңайтқыштар;
өсімдік немесе мал тектес өнімдерді араластыру немесе химиялық өңдеуден өткізу арқылы алынған тыңайтқыштар
3102
Минералдық немесе химиялық, азоттық тыңайтқыштар:
3102 10
- несепнәр, оның ішінде су ерітіндісінде:
3102 10 100 0
- - құрғақ сусыз өнімге шаққандағы 45 мас.%-дан астам азотты қамтитын несепнәр
3102 10 900 0
- - өзгелері
- аммоний сульфаты, аммоний сульфатының және аммоний нитратының қос тұздары және қоспалары:
3102 21 000 0
- - аммоний сульфаты
3102 29 000 0
- - өзгелері
3102 30
- аммоний нитраты, оның ішінде су ерітіндісінде:
3102 30 100 0
- - су ерітіндісінде
3102 30 900 0
- - өзгелері
3102 40
- аммоний нитратының кальңий карбонатымен немесе тыңайтқыш болып табылмайтын өзге органикалық емес заттармен қоспалары:
3102 40 100 0
- - құрамында 28 мас.%-дан астам азот бар
3102 40 900 0
- - құрамында 28 мас.%-дан астам азот бар
3102 50
- натрий нитраты:
3102 50 100 0
- - табиғи натрий нитраты
3102 50 900 0
- - өзгелері
3102 60 000 0
- кальций нитраты мен аммоний нитратының қос тұздары мен қоспалары
3102 80 000 0
- несепнәр мен аммоний нитратының су немесе аммиак ерітіндісіндегі қоспалары
3102 90 000 0
- өзгелері, алдыңғы қосалқы позицияларда атап көрсетілмеген қоспаларды қоса алғанда
3103
Минералдық немесе химиялық, фосфорлық тыңайтқыштар:
3103 10
- супер фосфаттар:
3103 10 100 0
- - құрамында 35 мас.%-дан астам пентаоксид дифосфоры бар
3103 10 900 0
- - өзгелері
3103 90 000 0
- - өзгелері
3104
Минералдық немесе химиялық, калий тыңайтқыштары:
3104 20
- калий хлориді:
3104 20 100 0
- - құрамындағы калий К2О-ға шаққанда құрғақ сусыз өнімдегі 40 мас.%-дан аспайтын
3104 20 500 0
- - құрамындағы калий К20-ға шаққанда бірақ 40 мас.%-дан асатын, бірақ құрғақ сусыз өнімдегі 62 мас.%-дан аспайтын
3 104 20 900 0
- - құрамындағы калий К2О-ға шаққанда құрғақ сусыз өнімдегі 62 мас.%-дан асатын
3104 30 000 0
- калий сульфаты
3104 90 000
- өзгелері:
3104 90 000 1
- - карналлит
3104 90 000 9
- өзгелері
3105
Екі немесе үш қоректі элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар; басқа тыңайтқыштар; брутто салмағы 10 кг-нан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандағы немесе орамдардағы тауарлары:
3105 10 000 0
- брутто салмағы 10 кг-нан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандардағы немесе орамдардағы тауарлары
3105 20 000 0
- үш қоректік элемент: азот, фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар
3105 30 000 0
- диаммоний сутекфосфаты (диаммоний фосфаты)
3105 40 000 0
- аммоний дисутекфосфаты (моноаммоний фосфаты) және оның диаммоний сутекфосфатымен қоспалары
- екі қоректік элементтен; құрамында бар азот және фосфордан тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар:
3105 51 000 0
- - құрамында нитрат пен фосфаттар бар
3105 59 000 0
- - өзгелері
3105 60 000 0
- екі қоректік элемент: фосфор және калий бар минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар
3105 90
- өзгелері:
3105 90 100 0
- - натрий нитраты мен калий нитратының табиғи қоспасынан тұратын табиғи калий-натрий нитраты (калий нитратының үлесі 44 %-ға жетуі мүмкін), құрғақ сусыз өнімге шаққанда жалпы құрамында 16,3 мас.%-дан аспайтын азот бар

- o өзгелері:
3105 90 910 0
- - - құрғақ сусыз өнімге шаққанда құрамында 10 мас.%-дан астам азот бар
3105 90 990 0
- - - өзгелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады