Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі №
648 және 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат; 2003 ж., № 39, 397-құжат; 2006 ж., № 26, 265-құжат):
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;";
2) "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақ ұлттық өнер университеті".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев