"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 553 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы
келісімді ратификациялау туралы

      Душанбеде 2009 жылғы 10 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек
көрсету туралы
келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар),
      қазіргі өзара достық қатынас пен әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып,
      1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
      1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына көмек көрсету мақсатында Қазақстан тарабы Тәжікстан тарабына өтеусіз әскери көмек көрсетеді.

2-бап

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мынадай уәкілетті органдарды тағайындайды:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
      Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
      Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін дереу хабардар етеді.

3-бап

      Өтеусіз әскери көмек материалдық көмек түрінде ұсынылады.
      Берілетін мүліктің тізбесі мен саны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада айқындалған.

4-бап

      Қазақстан тарабы мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Тәжікстан Республикасының аумағына (Душанбе қаласы) дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің авиакөлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптар тағайындаған өкілдер оларды тиісінше қабылдау мен беруді жүргізеді. Бұл ретте Душанбе қаласына дейінгі көліктік шығыстарды Қазақстан тарабы төлейді. Тәжікстан тарабы Тәжікстан Республикасындағы кедендік рәсімдерді ресімдеу үшін шығыстарды өзі көтереді және жауапты болады. Берілетін мүлікті Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап

      Тәжікстан тарабы Қазақстан тарабының алдын ала жазбаша келісімін алмай, Қазақстан тарабынан алған мүлікті немесе оларды пайдалануға арналған құқықты үшінші тарапқа бермейді.

6-бап

      Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Осы Келісімді іске асыру кезінде туындайтын кез келген келіспеушіліктер келіссөздер және консультациялар жолымен шешілетін болады.

7-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім Тәжікстан Республикасының Үкіметіне осы Келісімге сәйкес берілетін материалдық көмек толық берілген сәттен бастап өзінің қолданысын тоқтатады.

      2009 жылғы 10 қарашада Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының        Тәжікстан Республикасының
             Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін

       Қорғаныс министрі                 Қорғаныс министрі
                                         генерал-полковник
           Жақсыбеков                      Хайруллоев
      Әділбек Рыскелдіұлы              Шерали Хайруллоевич

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Тәжікстан Республикасының Үкіметі 
арасындағы Өтеусіз әскери көмек  
көрсету туралы келісімге    
қосымша               

Берілетін әскери мүліктің
тізбесі

р.с

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1.

ИМП жартылай өткізгіш индукциялық мина іздегіш

дана

40

2.

СМП мина жарушы сөмкесі

жиынтық

100

3.

РДВ-1500 суға арналған резервуар

жиынтық

40

4.

РДВ-100 суға арналған резервуар

жиынтық

50

5.

МПЛ-50 шағын жаяу әскер күрегі

дана

100

6.

БСЛ-110 үлкен саперлік күрегі

дана

100

7.

П-2М фонарь

дана

100

8.

ЛМ-48 желілік көпір

дана

30

9.

ПМГ (ЕО-18) газтұтқыш

дана

1000

10.

ИП-4 газтұтқыш

дана

500

11.

ОП-1 (Т-15) қорғаныш плащ

дана

1000

12.

(Т-15) қорғаныш шұлық

жұп

1000

13.

БЛ-1м қорғаныш қолғап

жұп

1000

14.

Шұлық пен қолғапқа арналған қап

дана

1000

15.

ДП-5 а (б) дозиметрлік аспап

дана

100

16.

ДП-64 дозиметрлік аспап

дана

100

17.

ДП-22В дозиметрлік аспап

дана

50

18.

ВПХР химиялық барлау аспабы

дана

100

19.

КЗО-1 қоршау белгілерінің жиынтығы

жиынтық

100

20.

ИДП-С газсыздандыру пакеті

қорап

1000

21.

МК-10 тасымалданатын асхана

бірлік

10

22.

КП-20 тасымалданатын асхана

бірлік

30

23.

КО-75 тасымалданатын асхана

бірлік

40

24.

КП-130 тіркеме асхана

бірлік

10

25.

Санитарлық зембіл

дана

1000

26.

Офицерлік құтылар

дана

50

27.

Болат дулыға

дана

2000

28.

Шағын металл ыдыс

дана

2000

29.

Қабы бар металл құты

дана

2000

30.

Әскери-арнайы әдебиет

дана

180

      2009 жылғы 10 қарашада Душанбе қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
       Сыртқы істер министрлігі
        Халықаралық-құқық
         департаментінің                            Б. Пискорский
      Басқарма бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады