Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 566 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Балық аулау ережесінің 9 және 10-тармақтарын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 566 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 660-құжат):
      тақырыпта және 1-тармақта:
      "және аумақтық органдардың" деген сөздер "орган мен аумақтық бөлімшелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Нысанды" деген сөз "Айырым белгілері бар нысанды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің тізбесінде:
      тақырыпта:
      "және аумақтық органдардың" деген сөздер "орган мен аумақтық бөлімшелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Нысанды" деген сөз "Айырым белгілері бар нысанды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "уәкілетті және аумақтық органдар" деген сөздер "уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "басқармалар мен бөлімдердің бастықтары, басқармалар бастықтарының орынбасарлары" деген сөздер "басқармалар бастықтары, бас сарапшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "бас және жетекші мамандары" деген сөздер "сарапшылары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5, 6, 7, 8-тармақтарда:
      "аумақтық органдарының" және "аумақтық органдары" деген сөздер тиісінше "аумақтық бөлімшелердің" және "аумақтық бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тиісті облыстың" деген сөздерден кейін "(бассейннің)" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 679-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесінде:
      1-тармақта "суаттарында (учаскелерінде), тоғандарында, су қоймаларында және басқа да суаттарында (немесе олардың учаскелерінде)" деген сөздер "су айдындарында және (немесе) учаскелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "(бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздерден кейін "және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасында "көл-тауар" деген сөздерден кейін "балық өсіру" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың 6) тармақшасында "балық шаруашылығы ұйымдарының" деген сөздер "балық шаруашылығы субъектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 6) тармақшасында, 8, 12, 15-тармақтарда "суаттарын (учаскелерін)" деген сөздер "су айдындарын және (немесе) учаскелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Балық шаруашылықтары өздерінің қызметтерінің бағыттары бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) балық өнеркәсібі шаруашылығы - негізгі қызметі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын кейіннен қайта өңдеумен немесе сатумен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде алу, болып табылатын шаруашылық;
      2) балық өсіру шаруашылығы - тауарлық балықты және (немесе) балық орналастыру материалын шығару мақсатында жасанды түрде жасалған су айдындарында құрылатын шаруашылық.
      Балық аулау шаруашылығына уылдырық шашу-өсіру шаруашылықтары, балық питомниктері, сондай-ақ тауарлық өнімді өсіруге мамандандырылған шаруашылықтар (көл-тауар, тоғандық, судағы торлы балық шарбағы және балықтарды, азықтық организмдер мен басқа су жануарларын жасанды жолмен өсіру бойынша бейімделген басқа да шаруашылықтар нысанындағы) жатады.
      Көл-тауар балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі - КТБӨШ) - су айдындарда шаруашылық-құны төмен балықтарды аулау, орналастыру, өсіру және кейіннен оларда балықтың бағалы түрлерін аулау есебінен ихтифаунаны толық немесе ішінара алмастыру жолымен балық шаруашылығын пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық.";
      7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекіткен үлгі нысан бойынша уәкілетті орган мен су айдының және (немесе) учаскесін пайдаланушының арасында жасалатын балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт.";
      8-тармақта:
      "уәкілетті органның заңнамада белгіленген тәртіппен өткізген" деген сөздер "заңнамада белгіленген тәртіппен өткізілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Су қорғау белдеулерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурстың нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы береді.";
      9, 10 және 11-тармақтар алынып тасталсын;
      12-тармақта:
      "ұйымдары" деген сөз "субъектілері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "беретін" деген сөзден кейін "аншлагтар," деген сөзбен толықтырылсын;
      5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жануарлар дүниесін пайдалану және акваөсіру
      13. Балық ресурстарын және басқа су жануарларын алу Балық аулау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Кәсіпшілік балық аулау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін лимиттерге сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпшілік балық аулау үшін қолданылатын балық аулау құралы, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген таңбалау белгілерімен белгіленуі тиіс.
      Әуесқойлық (спорттық) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты бар пайдаланушылар жүзеге асырады. Жолдамалар беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Жолдамаларды әуесқойлық (спорттық) балық аулауға беру тәртібі туралы ақпарат жалпыға бірдей қол жетімді болуы тиіс.
      14. Су айдындарын КТБӨШ-ға бөлу су айдыны бекітіліп берілген пайдаланушының бастамасы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуге биологиялық негіздеме болған кезде жүзеге асырылады.
      Балық шаруашылығын жүргізудің бекітілген жоспары негізінде жоспарланған дайындық жұмыстарының кешені жүргізілгеннен кейін осы су айдынын пайдалануға бекітіп берген облыстық атқарушы орган жанындағы комиссия су айдының КТБӨШ нысанында пайдалануға көшіру жөніндегі жұмыстардың аяқталғаны туралы акт жасайды.
      Комиссия құрамына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, облыстық атқарушы органның, биологиялық негіздемені әзірлеген ғылыми ұйымның, су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамтамасыз ету, су беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
      Балық аулау ережесі КТБШ-ға қолданылмайды.";
      "Шаруашылықішілік балық шаруашылығын жайластыру" 6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Балық шаруашылығын жайластыру";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Балық шаруашылығын жайластыру - балық шаруашылығы су суаттарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін балық шаруашылығы суаттарын және (немесе) учаскелерін түгендеу, паспорттандыру жөніндегі іс-шаралар кешені, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алдын ала бағалау, сондай-ақ олардың негізінде балық шаруашылығын жүргізу жоспары, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректеріне жыл сайынғы түзету жасалатын балық-су-мелиоративтік, қорғау және өсімін молайту іс-шараларын әзірлеу.";
      16 және 17-тармақтарда:
      "Шаруашылықішілік балық шаруашылығын жайластыруды" деген сөздер "Балық шаруашылығын жайластыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "балық шаруашылығы ұйымы" деген сөздер "балық шаруашылығы субъектісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-тармақ алынып тасталсын;
      19-тармақта:
      "Шаруашылықішілік балық шаруашылығын жайластыру" деген сөздер "Балық шаруашылығын жүргізу жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "сондай-ақ" деген сөзден кейін "қырылу қаупі жоқ балық шаруашылығы су айдындарында" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада "негіздемелердің" деген сөз "зерттеулердің"' деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "спорттық" деген сөз "әуесқойлық (спорттық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтың 6) тармақшасында "спорттық" деген сөз "әуесқойлық {спорттық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасында Балық шаруашылығын жүргізу ережесіне қосымша алынып тасталсын.
      3. "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 689-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      4. "Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 52-құжат):
      тақырыпта "су тоғандарын (учаскелерін)" деген сөздер "су айдындарын және (немесе) учаскелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған:
      1) Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы ереже;
      2) Балық шаруашылығы су айдындарын (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      5. "Балық аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 136-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау ережесі осы қаулыға  4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 566 қаулысына 
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1469 қаулысымен  
бекітілген     

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
      2. Жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне:
      1) аң аулауға;
      2) теңіз сүт қоректілері мен судағы омыртқасыз жануарларды аулауды қоса алғанда, балық аулауға;
      3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;
      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
      5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалануға беріледі.
      3. Рұқсаттар бекітілген лимиттерге сәйкес және белгіленген алып қою квоталары шегінде мыналарды:
      1) бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелік аулауды;
      2) балықтың қырылу шаралары ретінде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды;
      3) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін жануарларды алмай және жоймай пайдалануды қоспағанда беріледі.
      4. Рұқсаттар жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемдер енгізу шарттарына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жануарларды алып қоюдың белгіленген көлеміне (мөлшеріне) беріледі.
      5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініледі.
      6. Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты уәкілетті органның ведомстволары (бұдан әрі - ведомство):
      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) және оның аумақтық бөлімшелері;
      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Балық шаруашылығы комитеті) және оның аумақтық бөлімшелері береді.

2. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі

      7. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға рұқсат ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына ғылыми және өзге де мақсаттарда шығару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның тиісті ведомстволары береді.
      8. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) мынадай рұқсаттарды береді:
      1) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарға пайдалану;
      2) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
      3) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалану.
      9. Балық ресурстарын және өзге де су жануарларынан басқа жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттарды аңшылық шаруашылығы субъектілеріне Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері олардың жануарларды алудың бекітілген квотасы шегінде береді. Аңшылық алқаптардың резервтік қорында аңшылық жүргізуге арналған рұқсаттарды беруді Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жүзеге асырады.
      10. Балық ресурстары және өзге су жануарларын пайдалану бөлігіндегі жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері береді.
      11. Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерін алып қоюға рұқсаттар уәкілетті орган айқындаған жануарлар санын реттеу тәртібіне сәйкес беріледі.
      12. Рұқсат алуға мүдделі адамдар әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулаудан басқа, жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлеріне орай уәкілетті органның тиісті ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне өтінім береді.
      Өтінімде:
      1) өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін реквизиттер, жеке тұлғалар үшін паспорт деректері, шетелдіктер үшін қосымша - келу және кету күндерін, келу мақсатын, қозғалыс бағытын, уақытша тұратын мекен-жайын көрсете отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзімі);
      2) жануарлар дүниесін пайдалану түрі;
      3) алу мақсаты;
      4) жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда);
      5) мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны және (немесе) пайдалы қасиеттер мен тіршілік ету өнімдерінің көлемі;
      6) алу мерзімдері;
      7) алу болжамдалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
      8) алу тәсілдері (аулау, ұстау, ату, жинау, соғу);
      9) ұстау, аулау қаруларының, жүзгіш құралдардың тізбесі көрсетіледі.
      13. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) тиісті мемлекеттік орган берген құрылтайшы құжаттар немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмесі мен оларды салыстыруға арналған түпнұсқасы немесе осы құжаттардың түпнұсқасын салыстыруға ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі (алғашқы өтінім кезінде);
      2) балық ресурстары және өзге су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме ретінде балықтарды және өзге су жануарларын бақылаулық аулауды қоспағанда жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлегені туралы төлем құжат;
      3) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысушы адамдардың тізімі.
      14. Жануарлар дүниесін пайдаланудың түріне байланысты осы ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) аң аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
      облыстық атқарушы органның аңшылық алқапты бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі;
      аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім-шарттың көшірмесі;
      жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдік адамдардың қатысуымен жүргізілетін болса - аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған келісім шарттың және аң аулау құқығын куәләндыратын тұратын елінде берілген құжаттың көшірмесі;
      2) кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
      облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша шешімі;
      балық шаруашылығын жүргізуге келісім-шарттың көшірмесі (жағалауда аулауды жүзеге асыру үшін);
      балық аулауға келісім-шарттың көшірмесі;
      3) ғылыми-зерттемелік аулауға:
      бейіндейтін ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспарының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасының көшірмесі мен оларды салыстыруға арналған түпнұсқасы немесе осы құжаттардың түпнұсқасын салыстыруға ұсынбаған жағдайда нотариалды қуәландырылған көшірмесі;
      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін материалдар;
      ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған келісім-шарттың көшірмесі;
      бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;
      4) бақылаулық аулауға;
      ведомствоның аумақтық бөлімшесі бекіткен ихтиологиялық жұмыс жоспарының көшірмесі, бақылаулық аулау жүргізуге шығу кестесі;
      5) мелиорациялық аулауды жүргізуге:
      ғылыми ұйымдардың ұсынымдары және/немесе сараптамалық бағалары негізінде мелиоративтік аулау жүргізу туралы ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шешімінің көшірмесі;
      бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;
      6) өсімін молайту мақсатында аулауға:
      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатындағы аулауды қоспағанда, биологиялық негіздеме;
      бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;
      7) эксперименталды аулау жүргізуге:
      биологиялық негіздеме және ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
      8) жануарларды ғылыми мақсаттарға пайдалануға (алғашқы өтінім кезінде):
      бейіндейтін ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспары үзіндісінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламаларының көшірмелері мен салыстыру үшін түпнұсқалары немесе осы түпнұсқасы ұсынбаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың көшірмесі.
      15. Ведомстволардың аумақтық бөлімшелері өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды қарастырып өтінім тіркелгеннен бастап он күнтізбелік күннен кейін рұқсаттарды беруді жүзеге асырады немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді.
      16. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен өтінім берілген күні бекітілген лимиттерге сәйкес алу квотасы шегінде өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлегені туралы төлем құжаты болған жағдайда беріледі.
      17. Рұқсатта:
      1) рұқсатты берген ведомствоның аумақтық бөлімшесінің атауы;
      2) заңды тұлғаның атауы және оның басшысының тегі, аты, әкесінін аты немесе рұқсат берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      3) жануарлар дүниесін пайдаланудың түрі;
      4) алу мақсаты;
      5) алуға рұқсат етілген жануарлар дүниесінің түрі немесе олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдері, саны (биомассасы);
      6) жыныс-жас құрамы (қажет жағдайда);
      7) алудың мерзімдері;
      8) алудың әдістері (аулау, ұстау, ату, жинау және тағы басқа);
      9) алу болжалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
      10) жануарлар дүниесін немесе олардың олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін алу тәсілдері мен қарулары, қолданылатын жүзу құралдары;
      11) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысушы адамдардың саны;
      12) аңшы куәлігінің берілген уақыты және нөмірі (тек қана аң аулау мақсатындағы рұқсат үшін);
      13) төлемнің төленгенін растайтын құжатқа сүйене отырып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемдердің сомалары көрсетіледі.
      18. Рұқсаттар өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа адамға рұқсатты есепке алу журналына қол қою арқылы беріледі.
      19. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге жол берілмейді.
      Егер балық аулауға шарт ережесі бойынша балық аулау су тоғандардың және (немесе) учаскелердің сондай-ақ бірнеше кемемен, бригадамен немесе звеномен жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат және ауланған балықты тіркеу журналы әрбір учаскеге, кемеге, бригада немесе звеноға беріледі.
      20. Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдалануға арналған рұқсаттар маркалар нысанында болуы мүмкін. Маркада: жануардың бейнесі мен атауы, бір басқа төленетін ставка көрсетіледі. Рұқсаттар маркалар нысанында болуы мүмкін аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
      21. Рұқсаттарды беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
      1) өтінімдегі мәліметтер толық емес болса;
      2) өтінімдегі мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе;
      3) экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы немесе ол мүлдем болмаса.
      Өтінімнің және құжаттардың дұрыс толтырылмау фактілері орын алған жағдайда ведомствоның аумақтық бөлімшесі бұдан әрі қарау жөніндегі жазбаша түрде дәлелденген бас тарту береді. Өтініш беруші көрсетілген кемшіліктерді жойған жағдайда өтінім және құжаттар жалпы негізде қаралады.
      22. Рұқсат беру "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды есепке алу мен тіркеу" туралы арнайы журналда тіркеледі.
      Аумақтық бөлімшелер жыл бойы берілген рұқсаттар туралы жиынтық мәліметті тиісті ведомствоға береді.
      23. Өтінім, рұқсат беру журналының нысаны сонымен бірге олардың есептілігі мен санағы, уәкілетті органмен бекітіледі.
      24. Аң аулау және балық аулау объектілеріне жататын жануарлар түрлерін пайдалануға арналған рұқсаттардың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      25. Пайдаланушы рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күн ішінде оны пайдалану нәтижелері туралы рұқсат берген органға есеп береді.
      26. Ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешімдеріне немесе осы Ережеде белгіленген мерзімде рұқсаттар берілмегеніне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға және (немесе)
сотқа шағымдануға болады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 566 қаулысына   
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2005 жылғы 4 ақпандағы
№ 102 қаулысымен   
бекітілген     

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру бойынша конкурс өткізу
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" және 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты (бұдан әрі — Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Конкурс өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына оларға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
      3. Осы Ереженің әрекеті мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2) ведомство - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті;
      3) аумақтық бөлімшелер - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері.

2. Конкурсты ұйымдастыру

      5. Конкурс дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын:
      халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады;
      жергілікті маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша облыстық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ұйымдастырушы).
      6. Арал, Каспий теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Алакөл көлдер жүйесі, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары және Қиғаш, Іле, Сырдария, Жайық өзендердің су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен құралатын комиссия өткізеді.
      Комиссияның құрамына:
      1) уәкілетті органның (комиссия төрағасы);
      2) облыстық атқарушы органдардың (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес);
      3) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми және басқа да мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі - ғылыми ұйымдар), қоғамдық ұйымдардың;
      4) аумақтық бөлімшелердің;
      5) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өкілдері кіреді.
      7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша конкурс өткізу үшін аумақтық бөлімше құрамына тиісті аумақтық бөлімшелердің (Комиссия төрағасы), облыстық атқарушы органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органының, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін Конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
      Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша Конкурс өткізу үшін облыстық атқарушы органдар құрамына облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес облыстық атқарушы органның (Комиссия төрағасы), аумақтық бөлімшенің, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін Комиссияны құрады.
      8. Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы және тақ санды құрауы тиіс.
      Комиссияның шешімдері отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3-сі қатысқан кезде көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
      9. Комиссия мүшелері, өз өкілеттіктерін басқа адамға беруге құқығы жоқ.
      10. Ұйымдастырушы Конкурс өткізгенге дейін:
      1) Конкурстың өткізілетін уақыты мен орнын;
      2) конкурстық құжаттарды алу орнын және алу тәртібін;
      3) конкурстық өтінімдерді беру мерзімін;
      4) Конкурсқа шығарылатын балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің түрлері мен санын, олардың орналасқан жері мен шекарасын, салина артемиясы цисталарын аулаудың болашағын айқындайды.
      11. Конкурсқа паспорттандыру және биологиялық-экономикалық зерттеу негізінде балық шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы деп танылған резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шығарылады.
      12. Ұйымдастырушы кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын алда болатын Конкурс туралы мерзімді баспа басылымына хабарландыру береді.
      Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша Конкурс өткізу туралы хабарландыру аптасына кемінде 3 рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
      Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша Конкурс өткізу туралы хабарландыру аптасына кемінде 3 рет шығарылатын және тиісті облыстардың аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
      13. Хабарландыру Конкурстың өткізілетін орны, уақыты, тәртібі, конкурстық құжаттаманы алу және конкурстық өтінім беру туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      14. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген жеке және заңды тұлғалар Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық құжаттаманың алу үшін тиісті аумақтық бөлімшеге (халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша) немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша) жүгінеді, осы Ереже талаптарына сәйкес әр өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке өтінім дайындайды және оны аумақтық бөлімшеге, не жергілікті атқарушы органға:
      1) қатысушының толық атауы және мекенжайы (егер ол кешіккен болып хабарланса, конкурстық өтінімді ашылмаған күйде қайтару мақсатында);
      2) аумақтық бөлімшенің мекенжайы не облыстық атқарушы органның мекенжайы;
      3) "Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс" деген сөздер көрсетілген жабық конвертте ұсынады.
      15. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап аталған өтінімді ұсынған тұлға Конкурсқа қатысушы болады.
      16. Ұйымдастырушы конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін жеті күнтізбелік күннен кем емес мерзімде хаттама ресімдеу жолымен конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізе алады.
      Енгізілген өзгерістер конкурстық құжаттаманы алған Конкурсқа қатысушыға 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.
      Бұл ретте Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімді ашқанға дейін берілген құжаттар пакетін толықтыра алады.
      17. Конкурстық өтінім:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
      2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері):
      заңды тұлғалар үшін - құрылтай құжатын, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      жеке тұлғалар үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе паспортын, салық төлеуші куәлігін, нотариалды куәландырылған көшірмелері, кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыруға құқық беретін құжаттар;
      әр су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша жеке өтінім берушінің басшысы бекіткен белгіленген нысандағы балық шаруашылығын дамыту жоспарын (түпнұсқасы);
      балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін - өткен жылы балық өсімін молайту және балық қорғау іс-шараларына қаржы салғандығын және бөлінген квоталарды игеруі туралы растайтын және аумақтық бөлімшемен келісілген ақпаратты (түпнұсқасы);
      ағымдағы (алдыңғы қаржы) жылдың 1 қаңтарына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы (болуы) туралы салық органының анықтамасын;
      өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған мыналарды жүзеге асыру үшін:
      бақылау үшін аулауды - уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;
      ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені қамтуы тиіс.
      18. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскеге байланысты осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, өтінімге қосымша келесі құжаттар (түпнұсқалар):
      1) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелер үшін:
      уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша негізгі құралдар, балық ресурстар және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу бойынша технологиялық жабдықтар және өзге де материалдық-техникалық құралдар, сондай-ақ ағымдағы мелиорацияны жүргізу және жас шабақтарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама;
      аулаушы және көліктік флотты, оның ішінде шағын көлемдісін тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы;
      2) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама;
      3) салина артемиясы цисталарын аулау үшін болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салина артемиясы цисталарын жинау үшін құралдардың, жинау, сақтау және өңдеу бойынша технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдар, шикізатты сапалы талдау үшін зертхананың болуы туралы анықтама;
      4) басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      аулаушы және көліктік флотты, оның ішінде шағын көлемдісін тіркеу туралы аумақтық көліктік бақылау органының анықтамасы (жүзу құралдары бар болса);
      Балық шаруашылығын дамыту жоспарында тиісті іс-шаралар көрсетілген өтінім берушінің басшысының қолы қойылған аквакультураны жүргізу туралы жазбаша міндеттеме (аквакультурамен айналысуды жоспарлаған адамдарға) қоса беріледі.
      19. Өтінім беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынылады және соңғы бет қол қоюмен және мөрмен расталады (жеке тұлға үшін бар болса).

3. Конкурс өткізу

      20. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімінің басталуы алдында Комиссия Конкурсқа қатысушыларға ұсынылған құжаттар пакетін толтыру Құқығымен таныстырады. Конверттерді ашу рәсімі басталғаннан кейін ұсынылған құжаттар пакеттеріне қосымшалар қабылданбайды.
      Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді белгіленген уақытта Конкурсқа қатысушының немесе оның өкілінің қатысуымен ашады. Конкурсқа қатысушының немесе оның өкілінің конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатыспауы аталған қатысушының конкурстық өтінімін қарамауға негіз болып табылмайды.
      21. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде Комиссия Конкурсқа қатысушы ұсынған құжаттаманың бар екендігі туралы, сондай-ақ олар үміттенетін балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы ақпаратты хабарлайды.
      Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу нәтижелері отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі.
      Конкурсқа қатысушылар және олардың өкілдері конкурстық комиссияға олар Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет ететін аудиожазу мен бейнетүсіру техникалық құралдары туралы хабардар етеді.
      22. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурстық өтінімдерді қарауды Комиссия конверттер ашылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      23. Конкурсқа қатысушылар немесе олардың өкілдері Комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы кезінде қатыса алмайды. Бұл ретте, конкурстық өтінімдерді қарау барысында қажетті мәселелерді түсіндіру үшін Комиссия Конкурсқа қатысушыларды түсінік беруі үшін шақыруы немесе ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау салуы мүмкін.
      24. Конкурсқа қатысушы белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      Конкурсқа қатысушының жоғарыда аталған біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған не тиісінше ресімделмеген жағдайда, мұндай қатысушы Конкурстық шарттарына сәйкес емес деп танылады.
      25. Егер Конкурсқа жіберілген барлық қатысушылардың ұсыныстарын Комиссия Конкурс шарттарына жауап бермейді деп таныса, Конкурс өтпеген деп танылуы мүмкін.
      26. Өткізілген Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия конкурстық өтінімі бар конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде шығарады.
      27. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша жеңімпазды анықтауды Комиссия қатысушының рейтингтік бағасы негізінде жүргізеді.
      28. Қатысушының рейтингтік бағасы белгіленген біліктілік талаптарына және Конкурсқа қатысушыларға қойылатын басқа талаптарға орай осы Ереженің 2-қосымшасына сай Рейтингтік бағаны санау парағына сәйкес белгіленеді.
      29. Рейтингтік бағаны санау парағын толтырғанда мынадай шарттарды орындау қамтамасыз етіледі:
      1) 100 пайызға тең етіп алынған бағалау көрсеткіші біліктілік талаптарына және басқа да пайыздық маңыздылығы бар көрсеткіштерге бөлінген (Рейтингтік бағаны санау парағының 3-бағаны);
      2) қатысушылардың көрсеткіштерінің саны ұсынылған өтінімдерге, осы мәліметтердің растығын дәлелдейтін құжаттар мен ұйымдастырушының деректеріне сәйкес белгіленеді (Рейтингтік бағаны санау парағының 4-бағаны);
      3) конкурстық комиссияның мүшелері бағаны 10 балдық жүйе бойынша белгілейді (Рейтингтік бағаны санау парағының 5-бағаны). Мұндайда ең нашар көрсеткіштері бар конкурсқа қатысушыға ең төменгі балл (минус 10 балл) қойылатын 9 жолдан басқа ең көп/ең жақсы көрсеткіштері бар конкурсқа қатысушыға тиісті тармақ бойынша ең жоғарғы балл (10 балл) қойылады;
      4) қатысушының рейтингтік бағасы (R) ең жоғары бағалау көрсеткіш (Рейтингтік бағаны санау парағының 3-бағаны) 10 балдық жүйе бағасына (Рейтингтік бағаны санау парағының 5-бағаны) көбейтіп, оны 100-ге бөлу арқылы анықталады;
                  R = (3 баған х 5 баған:100).
      30. Жеңімпазды анықтау кезінде шарттар тең болған жағдайда:
      жағалауға жақын аудандарда балықтарды өңдеу бойынша өндірістік қуаттары бар;
      Балық шаруашылығын дамыту жоспарында қол-тауарлық шаруашылықтарды құру мен дамыту жөніндегі іс-шараларды көрсеткен;
      негізгі қызметі балық шаруашылығы және онымен байланысты өндіріс болып табылатын жергілікті жағалауға жақын аудандардағы;
      Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес өсімді молайту мақсаттарына қосқан үлесі ең көп;
      балық өнімін экспорттауға есептік нөмірі бар заңды және жеке тұлғалар басымдыққа ие болады.
      31. Конкурстың нәтижелері Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, Комиссияның барлық қатысқан мүшелерінің қолы қойылады және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша шешім қабылдау үшін тиісті облыстық атқарушы органға жіберіледі.
      32. Бір ғана үміткер болған жағдайда Конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талаптарды сақтаған жалғыз қатысушы Конкурстың жеңімпазы болып танылады.
      33. Облыстық атқарушы орган хаттаманы алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстың әкімшілік шекаралары шегінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдаланушыларға бекітіп беру туралы шешім шығарады.
      34. Уәкілетті органмен келісілген облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімінің негізінде аумақтық бөлімше мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалады.
      35. Жалған ақпаратты ұсыну фактілерінің, сондай-ақ Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелерді орындамау немесе толық орындамау жағдайларының анықталуы балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартты бұзу, сондай-ақ пайдаланушыларға балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстық атқарушы орган шешімінің күшін жою үшін негіздеме болып табылады.
      36. Егер Конкурс жеңімпазы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі қабылданғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қол қоймаса, онда Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес Конкурс жеңімпазының рейтингтік бағасынан кейін рейтингтік бағасы ең үлкен болған Конкурсқа қатысушыға балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде шешім қабылдау туралы облыстық атқарушы органға ұсыныс енгізеді.

Балық шаруашылығы су айдындарын 
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру бойынша конкурс өткізу ережесіне
1-қосымша          

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурсқа қатысуға
өтініш

      ______________________________________________________________
                        (су айдындары, учаскелері)
      бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе)
учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат етуді
және қажетті конкурстық құжаттаманы беруді сұраймын.
      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның, ведомстволық тиесілілігі (бар болса), жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты, деректемелері, мекенжайы) ____________________________
      2. _______________________________ облысы әкімдігінің 20_жылғы
"__"____________ № ______________ қаулысына және аумақтық бөлімшемен
_________________________________________________________ жасалған
20__жылғы "__" ______________№ ______ келісімге сәйкес бұрын
бекітіліп берілген су айдыны және (немесе) учаске __________________
____________________________________________________________________
      3. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе)
учаскесі ___________________________________________________________
      Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру мерзімі ________________________ жыл.
      4. Конкурстық құжаттамамен танысқанымды және жалған ақпаратты ұсыну үшін жауапкершілік туралы хабардар етілгендігімді растаймын.
      Берілген күні 20__ жылға "__" ____________________________
      Өтінім беруші ____________________________________________
                          (аты-жөні немесе ұйымның атауы)
      МО                                 қолы __________________

Балық шаруашылығы су айдындарын  
және (немесе) учаскелерін бекітіп 
беру бойынша конкурс өткізу ережесіне
2-қосымша          

Рейтингтік бағаны санау парағы

      Қатысушы _________________________________________________
      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі _______

р/с

Көрсеткіштің атауы

Бағалау көрсеткіші

Көрсеткіштер көлемі немесе саны

10 балдық жүйе бойынша баға

Қатысушының рейтингтік бағасы

1

2

3

4

5

6

1.

Балық өсімін молайту мен қорғау іс-шараларына алдыңғы жылы жұмсалған қаражат көлемі, (қорықшылық қызметті құруға және ұстауға жұмсалған қаражатты қоспағанда) мың теңгемен

10




2.

Су омыртқасыздары мен олардың цисталарын қоса алғанда, балық аулау өнімін мұздату, салқындату және сақтау үшін ыдыстардың болуы, тоннамен

10




3.

Балық пен басқа да су жануарларын, сондай-ақ олардың туындыларын терең (түпкілікті) өңдеуге арналған цехтардың болуы. тонна/тәулік

10




4.

Балық аулайтын флоттың болуы, оның ішінде:

5




1) өздігінен жүретін(стационарлық қозғалткышы бар), 40 ат күші бар және одан жоғары (бірлік)

4




2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы қозғалтқышы бар (бірлік)

1




5.

Аулау құралдарының болуы, оның ішінде:

5




1)* сүзекі (дана)

4




2)* құрма ау, қабада (дана)

1




3)** артемия салина цисталарын жинау құралдары, дана

5




6.

Көліктік флоттың болуы, бірлік/тонна

5




7.

Балық пен басқа да су жануарларға алып қоюға бөлінген квотаның игерілуі, %

5




1) 100 %

5




2) 75%-дан 100%-ға дейін

1




3) 75%-дан төмен

0




8.

Осы су айдынының және (немесе) учаскесінің қатысушыға бекітіп беру фактісінің болуы, оның ішінде:

5




1) алдыңғы жылды қоса алғанда, 1 жылдан артық

5




2) алдыңғы жылы

1




3) бекітілген жоқ

0




9.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің саны

5




10

Аквамәдениетті жүргізу туралы жазбаша міндеттеменің болуы

5




11.***

Балық өнімдерін экспорттауға арналған есептік нөмірінің болуы (ХАССП, ИСО 9000)

5




12.****

Жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау бойынша ғылыми жұмыстарға арналған қаржы қаражаттың жоспарланған көлемі (мың теңгемен)

10




13.****

Дамыту жоспарына сәйкес техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға жоспарланған қаржы көлемі, ең аз көлемі 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі — АЕК) болған кезде, (мың теңгемен)

10




14.****

Балық өсімін молайтуға жоспарланған қаржы көлемі, соның ішінде шабақтарды жіберу ең аз көлемі 50 АЕК болған кезде, (мың теңгемен)

10




Барлығы:

100




      * салина артемиясы цисталарын аулауға болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіткен жағдайда толтырылмайды;
      ** салина артемиясы цисталарын аулауға болашағы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекіткен жағдайда толтырылады;
      *** балық өнімдерін экспорттаушылар үшін;
      **** қаржы бүкіл бекітіп беру кезеңіне жоспарланады.

Балық шаруашылығы су айдындарын 
және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру бойынша конкурс өткізу ережесіне
3-қосымша         

Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурстың
№ ______ хаттамасы

__________________                      20_ ж. "__" _________________
Конкурстың басталу уақыты __________________________
Конкурстың аяқталу уақыты __________________________

      1. Құрамында (аты-жөні және лауазымын көрсету керек):
_____________________________________ - комиссия төрағасы;
_____________________________________ - комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері ________________________________________ бар
      _____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының конкурстық комиссия құру туралы актісін,
              құжаттың күнін және нөмірін көрсету керек)
      құрылған Конкурстық комиссия ________________ бассейні (облысы)
бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурс өткізді.
      2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа (бұдан әрі - Конкурс) ______________
конкурстық өтінімдер пакеті түсті.
      3. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтінімдерін Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарай келіп, қатысушылардың рейтингтік баға көрсеткіштерін бағалай және пікір алмаса отырып, ШЕШТІ:
      1) _________________________ өтінім Конкурсқа одан әрі қатысуға
қабылданбасын (конкурстық өтінімдердің қабылданбау себептерін көрсете
отырып, Конкурсқа жіберілген қатысушылардың тізімі қоса беріліп
отыр);
      2) мынадай балық шаруашылығы су айдындары және (немесе)
учаскелері жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіп берілсін
(балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі
қоса беріліп отыр).
      4. Хаттаманың бір данасы шешім қабылдау үшін ______ облысының әкімдігіне жіберілсін.

      Қолдары:
      Төраға:______________________________________
      Комиссия мүшелері ___________________________
      Хатшы _______________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 566 қаулысына   
3-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2005 жылғы 4 ақпандағы
№ 102 қаулысымен   
бекітілген     

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа (бұдан әрі - Конкурс) қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) өтінім берушінің басшысы бекіткен жұмыстардың тізбесі мен көлемін, оларды орындау мерзімін және қаржыландыру көздерін көрсете отырып, жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген үлгі нысан бойынша жасалған Балық шаруашылығын дамыту жоспарының болуы;
      2) ағымдағы (алдыңғы қаржы) жылдың 1 қаңтарына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
      3) өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған жазбаша міндеттемемен расталған уәкілетті органның ведомствосына және оның аумақтық бөлімшелеріне бақылау үшін аулау, жеке және заңды тұлғаларға ғылыми-зерттеу үшін аулау, жеке тұлғаларға әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу үшін сервитут ұсыну.
      2. Өтініш берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты, осы Біліктілік талаптарының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарынан басқа, конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:
      1) Арал, Каспий теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Алакөл көлдер жүйесі, Бұқтырма, Щүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары және Қиғаш, Іле, Сырдария, Жайық өзендерінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      шаруашылық қызметі бағыттарының бірі балық шаруашылығын жүргізу және (немесе) онымен байланысты өндіріс болуы тиіс;
      балық аулау (олжалау) және көліктік флоттың, кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;
      балық аулаудың өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға арналған өндірістік базаның, ағымдық мелиорация жүргізу мен шабақтарды құтқаруға арналған техникалық құралдардың болуы;
      2) жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - аулау құралдары, жүзу құралдары және ағымдағы мелиорациялық жұмыстарды жүргізу үшін материалдық-техникалық базаның болуы;
      3) салина артемиясы цисталарын аулау перспективасы бар ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
      салина артемиясы цисталарын жинауға және бастапқы өңдеуге арналған құралдардың болуы;
      түпкілікті өңдеу (жуу және кептіру жабдығы), сақтау (тоңазытқыш жабдығы) үшін жабдықтардың болуы;
      өндірілетін шикізатты сапалық талдау үшін зертхананың болуы;
      4) басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін - жүзу құралдары мен аулау құралдарының болуы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 566 қаулысына   
4-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2005 жылғы 18 наурыздағы
№ 246 қаулысымен   
бекітілген     

Балық аулау ережесі

Жалпы ережелер

      1. Осы Балық аулау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) олардың учаскелерінде жеке және заңды тұлғалардың балық аулауын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін регламенттейді.
      2. Осы Ереженің қолданысы балық және басқа су жануарларын жасанды өсіруге қолданылатын су айдындарына және (немесе) учаскелеріне таралмайды.
      3. Осы Ереженің мақсаты үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) деп түсініледі.
      4. Балық аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау.
      5. Балық аулау Жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды ескере отырып уәкілетті орган белгілейтін Пайдалануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес аулау құралдарының тізбесіне енгізілген аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
      6. Аулау құралдары ұяшықтарының ең төменгі мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - ведомство) немесе оның аумақтық бөлімшелері белгілейді.
      7. Балықтың кәсіпшілік өлшемі (аузы жабық кезде) тұмсығының ұшынан құйрық қанатынын орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенеді. Шаяндардың кәсіпшілік өлшемі көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің аяғына дейін өлшеумен айқындалады.
      8. Сирек және құрып кету қаупі төнген әрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген балық және басқа су жануарлары аулау құралдарына түсіп қалған жағдайларда дереу тірі күйінде суға жіберілуі тиіс, ал олардың аулау құралына түсу фактісі кәсіпшілік журналына тіркелуі тиіс.
      Көрсетілген балықтар түрлерінің және басқа су жануарларының өлі немесе шалажансар (тіршілік етуге қабілетсіз) күйде ауға түсіп қалуы жеке актіде және кәсіпшілік журналдарда тіркеледі.
      Ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың 8 %-ынан және сүзгіш аулау құралдарында - 5 %-ынан аспайтын көлемде балықтар мен басқа су жануарларының өзге түрлерінің ауға түсіп қалуына жол беріледі.
      9. Балықтардың бекіре түрлері ауға түсіп қалған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дарақтары табиғи мекендейтін ортасына шығарылуға, ал тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін баға бойынша мемлекеттік монополия субъектісіне ақысы өтеліп тапсырылуға тиіс.
      10. Балықтардың бекіре түрлерін қолдан өсіру мақсатында оларды табиғи мекендейтін ортасынан молықтыру кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Уылдырық шашу кезеңіне әсер ететін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қажет болған жағдайда ведомство және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері ғылыми ұйымдармен келісім бойынша балық аулауды бастау мерзімін неғұрлым ертерек немесе кешірек, бірақ Жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларда белгіленетін балық аулаудың жалпы ұзақтығы мерзімінің шегінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
      12. Балық аулауға тыйым салынған балықтың уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық, аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігінің қозғалысы уәкілетті орган айқындайтын Балық аулауға тыйым салынған балықтың уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігінің қозғалысы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Шаяндарды еліктіргіші бар жіңішке арқан-қармақ жіппен, жарылған айыр-садақпен және шаян аулағышпен аулауға рұқсат етіледі.
      Омыртқасыздарды (Arthemia Salina, гаммарус) селдір матамен аулауға рұқсат етіледі.
      14. Балық аулауды жүзеге асыру кезінде:
      1) белгіленген тәртіппен берілетін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатсыз (бұдан әрі - рұқсат) және кәсіпшілік журналы болмаған кезде балық ресурстары мен басқа су жануарларын алып қоюға;
      2) жібінің диаметрі 0,5 мм-ден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 мм-ден кем (конструктивтік адымы 50 мм-ден кем) түйінді, синтетикалық нейлондық немесе өзге де полиамидті және синтетикалық моножіптерді, сондай-ақ жалғанған сымдары мен аккумуляторы (батареясы) бар электрлі сигналдар генераторларынан тұратын, электр тогы арқылы бірлесіп биологиялық су ресурстарын алу (аулау) функциясын орындайтын электраулау жүйелері мен құрылғыларын пайдалануға;
      3) мекендердің және балық қабылдау пункттерінің жанында бакендер орнату үшін және аса қажет жағдайларда (дауыл, тұман, авария, қайғылы оқиға) тоқтауды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлердің шегінде су көлігінің тоқтауына;
      4) жарылғыш және уландырғыш заттарды пайдалануға, сондай-ақ атыс қаруы мен және уәкілетті орган белгілейтін Пайдалануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес аулау құралдарының тізбесіне енгізілмеген басқа аулау құралдарын қолдануға;
      5) ауға түсіп қалуды қоспағанда, рұқсатта көзделмеген балық ресурстары мен басқа су жануарларының, сондай-ақ сирек және құрып кету қаупі төнген түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінсіз аулауға;
      6) Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларда пайдаланылуы көзделмеген аулау құралдарымен су айдынында және (немесе) учаскесінде немесе оған 100 метрден жақын арақашықтықта тікелей жақын болуға;
      7) балық қыстайтын шұңқырлар мен уылдырық шашатын жерлерде балық аулауға;
      8) белгіленген лимиттен (квотадан, мөлшерден) артық балық аулауға;
      9) балықтарды ноқталарда сақтауға, ойықтан шыққан шалажансар және ауру балық пен аулау құралдарын суға және жағалау белдеуіне лақтыруға;
      10) белгіленген кәсіпшілік өлшемнен кем балық аулауға;
      11) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердің, балық аулау учаскелерінің және балық аулауға тыйым салынған жерлердің шекараларын белгілейтін бағандарды, жүзбелі таным белгілері мен аншлагтарды жоюға немесе бүлдіруге;
      12) көлдерді өзара және негізгі өзенмен қосатын тармақтарда (өзектерде), жеткізгіш арналар мен мелиоративтік жүйелерінің бұрмаларында, олардың құятын тұсының екі жағындағы көлдердің және арналардың сағалары алдынан 500 м-ден кем қашықтықта және су айдынының 500 м тереңдігінде, сондай-ақ өзен немесе арна бойымен жоғарғы қарай 1500 м қашықтықта балық аулауға.
      Ескертпе: бұл норма Жайық-Каспий бассейні су айдындарына таралмайды;
      13) балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерін, сондай-ақ ұяшықтарының мөлшері рұқсатта көзделгеннен кем аулау құралдарын қолдануға.
      Аулау құралдарындағы ұяшықтардың мөлшері ширатылған жіптегі 11 түйін арасындағы алшақтықты өлшеу және алынған санды 10-ға бөлу жолымен айқындалады. Өсімдік талшықтарынан дайындалған аулау құралдарын дымқыл күйінде өлшеу кезінде белгіленген мөлшерді 5 пайызға азайтуға рұқсат етіледі;
      14) өзендер мен бастаулардың, құятын арналардың сағасынан 500 м радиуста қабадалар мен секреттер орнатуға. Аулау құралдарының бұл түрлерін орнатуға қадам сызығы бойынша аулау құралдарының арасы кемінде 1,5 км болғанда және орнату сызықтарының арасы теңізде кемінде 1 км болғанда және өзендер мен басқа да су қоймаларында кемінде 50 м қашықтықта болғанда рұқсат етіледі. Теңізде әр қанатта үштен көп емес кіндік темірлі қабадаларды орнатуға рұқсат етіледі, қабадалық қондырғы қанатының ұзындығы 40 метрден аспауы тиіс;
      15) алкогольге немесе есірткіге мас, сондай-ақ өзгеше түрдегі уланған күйінде балық аулауға;
      16) уәкілетті орган енгізетін Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларда көзделмеген мерзімде және жерлерде балық аулауға;
      17. балық аулауға тыйым салынған аймақтарда және тыйым салынған мерзімде балық уылдырық шашатын кезеңде балық аулау жарыстарын және басқа да бұқаралық іс-шаралар жүргізуге;
      18. балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелері мен оларға іргелес жатқан су қорғау аймақтарында көлік құралдарын жууға жол берілмейді.
      15. Балық аулау кезінде балық шаруашылығы субъектісі:
      1) өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа су жануарларын, оның ішінде сирек кездесетіндері мен құрып кету қаупі төнгендерді қорғауды, молайтуды және ұтымды пайдалануды;
      2) өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жағалау учаскелерін, балық аулайтын жерлерді тиісті санитарлық жай-күйде ұстауды;
      3) аулау құралдарын, аулау тәсілдерін тексеру және ауланған балықты тексеріп қарау үшін жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларды (қызметтік куәлігін көрсеткен кезде) балық аулайтын жерлерге, кемелер мен басқа да жүзу құралдарына, қабылдау пункттеріне кедергісіз жіберуді, оларға балық аулау жөніндегі есептік материалдарды уақтылы беруге;
      4) әрбір балық кәсіпшілік учаскесінде, кемесінде, бригадасында немесе буынында балық аулауға рұқсаттың болуын, әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемесінде, қабылдау пунктінде, бригадасында немесе буынында балық ресурстары мен басқа су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуді және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың талап етуі бойынша оны көрсетуді;
      5) барлық аулау құралдарынан ауға түсіп қалған тіршілік етуге қабілетті балық, су жануарлары дарақтарын дереу суға жіберуді;
      6) осы Ережені және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып қолданылатын аулау құралдарын судан шығаруды, алынған аулау құралдарын, жүзу құралдарын және ауланған балықты қабылдау пунктіне дейін жеткізуді;
      7) су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалауына орнатылған көрсеткіштердің, қорғандардың, аншлагтар мен басқа да белгілердің сақталуын қамтамасыз етеді.
      16. Алып қойылған балық ресурстары мен басқа су жануарларының саны жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатта немесе жолдамада (әуесқойлық (спорттық) балық аулау кезінде) немесе кәсіпшілік журналында белгіленеді.
      17. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) кәсіпшілік балық аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
      3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
      4) бақылау үшін аулау;
      5) мелиоративтік аулау;
      6) өсімді молайту мақсатындағы аулау;
      7) эксперименттік аулау.

2. Кәсіпшілік балық аулау тәртібі

      18. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының бір бөлігін (кәсіпшілік аулау құралдарымен) қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен балық ресурстарын және басқа су жануарларын мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді үдеріс.
      19. Кәсіпшілік балық аулауға су шаруашылығы субъектісінде мынадай құжаттар:
      1) белгіленген нысандағы рұқсат;
      2) ведомствоның аумақтық бөлімшесімен балық аулауға арналған шарт;
      3) су шаруашылығы субъектісі басшысының, қолымен бекітілген және ведомствоның аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылған, тігілген және нөмірленген белгіленген нысандағы кәсіпшілік журналы болған жағдайда жол беріледі.
      20. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген және тіркеу нөмірлерімен белгіленбеген жүзу құралдарынан балық аулауға;
      2) уәкілетті орган белгілеген нысандағы жапсырмалары жоқ, ұйымға тиесілілігі мен аулау құралдарының параметрлері көрсетілмеген, сондай-ақ белгіленбеген мөлшердегі ұяшықтары бар аулау құралдарын пайдалануға;
      3) екі және одан да көп аумен бір мезгілде "жауып тастау" сыпыра аулауды жүргізуге, бұл ретте аумен сыпыра аулау тек алдыңғы ауды жағалауға толық шығарғаннан кейін басталуы тиіс;
      4) ведомствоның аумақтық бөлімшесінің рұқсатынсыз су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жаңа балық кәсіпшілігі учаскелерін, ұйықтарын, салдарын және қалқымаларын (ұйық учаскелерін) ашуға;
      5) теңізде және өзендерде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға арналған құрмалы аулау құралдарымен балық аулауға;
      6) балықтың түрін көрсетпей немесе "өзгелері" және "ұсақ" деген атаумен тапсыруға және қабылдауға;
      7) бекітіліп берілген су айдынын (учаскесін) басқа жеке және заңды тұлғаларға беруге;
      8) аулау құралдарын өзен немесе саға енінің үштен екі бөлігінен астамына орналастыруға;
      9) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен орнатуға;
      10) әрқилы балық аулау құралдарын балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің бірінен екіншісіне арнайы өңдеусіз көшіруге;
      11) балық аулаудың құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерін қолдануға арналған рұқсатта көзделмеген аулау құралдары мен тәсілдерін қолдануға;
      12) уәкілетті орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға;
      13) бөгеттерге, шлюздер мен көпірлерге 500 м-ден жақын арақашықтықта балық аулауға жол берілмейді.

3. Теңізде балық аулау тәртібі

      21. Теңізде балық аулауды бекітіліп берілген балық шаруашылығы учаскелерінің шегінен тыс жерлердегі су айдындарының ашық бөлігінде (теңіздерде, өзендерде) балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қоюға квота алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      22. Халықаралық маңызы бар су айдындарында балық аулау Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының егемендігіндегі аумақтық сулар шегінде жүзеге асырылады.
      Теңізде балық аулауға рұқсатты ведомствоның аумақтық бөлімшелері құрал түрін, балық аулау тәсілін және теңіздегі балық кәсіпшілігінің ауданын көрсете отырып, жалпы негіздер бойынша береді.

4. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі

      23. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін бір-бірлеп аулауға ғана мүмкіндік беретін аулау құралдарымен (кәсіпшілік емес аулау құралдарымен) жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      24. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір қармақ сапқа 5 данадан сәл емес ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен және шаяндар мен басқа да су жануарларын және омыртқасыздарды аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі. Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде пайдаланылады.
      25. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің рұқсаты болған жағдайда балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау осы Ереженің, Балық ресурстары мен басқа су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулардың талаптарын сақтай отырып, бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін жүзеге асырылады.
      26. Егер ауланған балық дарағының салмағы тегін аулауға рұқсат етілген (5 кг) салмақтан асып кеткен жағдайда, балық аулаушы көрсетілген салмақты рұқсаттың артқы бөлігіне енгізеді, ал ақы төлеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін белгіленген төлемақы ставкаларына сәйкес факт бойынша екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

5. Ғылыми-зерттеу үшін аулау тәртібі

      27. Ғылыми-зерттеу үшін аулау жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау.
      28. Ғылыми-зерттеу мақсатында балық аулау ведомствоның аумақтық бөлімшесі беретін рұқсаттар негізінде барлық су айдындарында, жыл мен тәуліктің кез келген уақытында, егер бұл ғылыми бағдарламада көзделген және зерттеу нысанасы болып табылған жағдайда, пайдалануға тыйым салынғандарын қоса алғанда, кез келген аулау құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      29. Бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарларды алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулау аулауға жол беріледі.
      30. Әрбір аулау балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулауды есепке алу журналында аулаудың уақыты мен орны, қолданылған аулау құралдары, алып қоюдың, көлемі мен ауланған балықтың түрлік құрамы, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсатында пайдаланылған дарақтардың әрбір түрінің саны көрсетіле отырып белгіленеді. Сондай-ақ, журналда балық аулауды жүргізуге жауапты адамдар туралы деректер және осы квотаны одан әрі пайдалану жөніндегі ақпарат көрсетіледі.
      31. Ведомствомен және (немесе) оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы шеңберінде ғылыми ұйымдар:
      1) зерттеу жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспары мен кестесін бекітеді;
      2) су айдындары және (немесе) учаскелері мен теңіз шаршылары бөлінісінде аулау учаскелерінің тізбесін белгілейді;
      3) станциялар торын немесе торды және тралды орнатудың немесе батырылған аудың санын, орнатуды және батыруды жүргізудің уақыты мен орнын, пайдаланылатын аулау және жүзу құралдарының үлгісін, түрін және санын, аулау тәсілдерін (аумен, тормен, қармақпен) айқындайды.
      32. Балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ тыйым салынған аулау құралдарымен ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыруға ведомствоның аумақтық бөлімшесі өкілінің қатысуымен және жүргізілген аулау нәтижелері көрсетілген жеке акт толтырылған кезде жол беріледі.
      33. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің балық шаруашылығы субъектілері аулаған балыққа қол жеткізуі тараптардың уағдаластығы бойынша жүзеге асырылады.
      34. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ғылыми-зерттеу үшін аулау осы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітілген берілген балық шаруашылығы субъектісі ұсынатын сервитут шеңберінде жүзеге асырылады.
      35. Ғылыми-зерттеу ұйымының ғылыми квотаны пайдалануы туралы есеп ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүргізуге байланысты барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғылыми-зерттеу үшін аулауға рұқсат алған жерге беріледі.
      36. Ғылыми-зерттеу үшін аулау шеңберінде балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою квотасын ғылыми ұйымнан өзге жеке немесе заңды тұлғаларға 6epуіне жол берілмейді.

6. Бақылау үшін аулау тәртібі

      37. Бақылау үшін аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарындағы балық өнімділігін айқындау мақсатында аулау.
      38. Бақылау үшін аулауды ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің ихтиологиялық қызметтері:
      1) уылдырық шашатын жерлер мен қыстайтын шұңқырларды айқындау;
      2) балықтардың өрістеуін және олардың көбеюі кезініңдегі жай-күйін айқындау;
      3) балық аулау режимін өзгерту жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      4) балық ресурстарының жай-күйі мен таралуын бақылау үшін балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау мақсатында жүзеге асырады.
      39. Бақылау үшін аулау ихтиологиялық қызметтің жұмыс жоспарына, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы бақылау үшін аулауды жүргізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      40. Аумақтық бөлімшенің ихгиологиялық қызметінің негіздемесі, басшының бұйрығы және бақылау үшін аулауды жүргізуге арналған рұқсат бақылау үшін аулауды жүргізуге негіздеме болып табылады.
      41. Бақылау үшін аулау тыйым салынған аумақтар мен тыйым салынған кезеңдерді қоса алғанда, кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде жүргізіледі.
      42. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісіне бақылау үшін аулау жүргізілетін жер мен уақыт хабарланғаннан кейін жүзеге асырылады.
      43. Әрбір бақылау үшін аулау нәтижелері балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулауды есепке алу журналында көрсетіледі және бақылау үшін аулауды жүргізген адамдар, бақылау үшін аулауға қатысқан балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері туралы мәліметтер; аулау өткізілген жер мен уақыт; қолданылған аулау құралдары; түрлері бойынша ауланған балықтың саны (данамен және килограммен) актімен ресімделеді.
      Актіге бақылау үшін аулауды жүргізген адамдар балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісінің өкілі қол қояды.
      44. Акт тікелей бақылау үшін аулау жүргізілген жерде жасалып, оған кейіннен зерттелген балықты (егер ол тауарлық түрін жоғалтса) есептен шығару туралы акт қоса тіркеледі. Балық зерттегеннен кейін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектіне беріледі.
      45. Бақылау үшін аулау кезінде алынған балық берілген балық шаруашылығы субъектісі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізеді және берілген балықты өзіне бөлінген квота көлеміне қосады.

7. Мелиоративтік аулау тәртібі

      46. Мелиоративтік аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балық түрлерін іріктеп аулауды, қырылу қатері төнген су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарындағы балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
      47. Балықтың жаппай қырылуына және мұндай қатерді су объектілерінде балық шаруашылығы мақсатындағы ағымдағы мелиорация жүргізу жолымен жоюдың мүмкін болмауына сөзсіз әкеп соқтыратын балықтың қырылу қатері төнген жағдайда ведомствоның аумақтық бөлімшелері балықты мелиоративтік аулау туралы шешім қабылдайды.
      48. Шешім ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдерінен ведомствоның аумақтық бөлімшесі құратын комиссияның ұсынымы негізінде қабылданады.
      49. Қырылуға қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиоративтік аулау жолымен алынған балық көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
      50. Ғылыми ұсыным бойынша мелиоративтік аулау ретінде жүзеге асырылатын жаппай аулау кезінде кез келген аулау құралдары, оның ішінде пайдалануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес аулау құралдары мен балық аулау тәсілдерінің тізбесіне енгізілмегендер де пайдаланылады.
      51. Мелиоративтік аулау ведомствоның аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
      52. Мелиоративтік аулау нәтижелері актіленеді және кәсіпшілік журналына енгізіледі.
      53. Мелиоративтік аулауды осы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісі, ал резервтік қорда мелиоративтік аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат алған басқа заңды және жеке тұлғалар жүргізеді.
      54. Мелиоративтік мақсатта алынған балық ресурстарының және басқа су жануарларының көлемі кіші түрлер бөлінісінде аулауды есепке алудың арнайы журналында тіркеледі. Журнал тігілген, нөмірленген және ведомствоның аумақтық органы басшысының қолымен және мөрмен бекітілген болуы тиіс.

8. Өсімді молайту мақсатындағы аулау тәртібі

      55. Өсімді молайту мақсатындағы аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын олардың өсімін молайту мақсатында аулау.
      56. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, пайдалануға рұқсат етілген барлық кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдары мен тәсілдерінің түрлерімен жүргізіледі.
      57. Мемлекеттік тапсырыстан тыс жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесіне сәйкес айқындалатын құралдармен, тәсілдермен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      58. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мемлекеттік тапсырыстан тыс жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау аталған балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісімен келісім болған жағдайда жүргізіледі.

9. Эксперименттік аулау тәртібі

      59. Эксперименттік аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында аулау.
      60. Эксперименттік аулау балық аулаудың жаңа құралдары мен тәсілдерін қолдануға рұқсат және эксперименттік аулауға рұқсат болған жағдайда жүргізіледі.
      61. Эксперименттік аулау тек ведомствоның аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен ғана жүзеге асырылады, оның нәтижелері актілінеді және оларды балық шаруашылығы субъектісі эксперименттік аулауға рұқсатты пайдалану жөніндегі есеппен бірге береді.
      62. Бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде эксперименттік аулау осы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісінің келісімі болған жағдайда жүргізіледі.
      63. Эксперименттік аулау эксперименттік аулауға рұқсатта көрсетілген тәсілдермен және құралдарымен жүзеге асырылады.

10. Қорытынды ережелер

      64. Осы Ереженің сақталуын бақылауды ведомство және оның аумақтық бөлімшелері, балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі жүзеге асырады.
      65. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады