"Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласында "ТрансЕвразия" көлік-транзит әлеуеті және "Транзит" халықаралық көрмесі бойынша халықаралық конференция ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 қазандағы № 1418 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 45, 420-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов