Астана қаласында "ТрансЕвразия" көлiк-транзит әлеуетi және "Транзит" халықаралық көрмесi бойынша халықаралық конференция ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 қазандағы N 1418 Қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23 № 1965 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн континентаралық және субаймақтық көлiк дәлiздерi бойынша тасымалдауларды ұйымдастыру мәселелерiн одан әрi практикалық жүзеге асыру, және қазiргi бар ғылыми және техникалық әлеуеттi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "ТрансЕвразия" көлік-транзит әлеуеті жөніндегі халықаралық конференцияны Астана қаласында үш жылда бір рет және "Транзит" халықаралық көрмесін Астана қаласында жыл сайын өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.23 № 1965 Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.17 № 730 Қаулысымен.
      2. "ТрансЕвразия" Қазақстан Республикасының көлiк-транзит әлеуетi және "Транзит" халықаралық көрмесi бойынша халықаралық конференцияны әзiрлеу және өткiзу жөнiнде Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң басшылығымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің, Астана қаласы әкімі аппаратының, "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының және басқа да мемлекеттiк ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын ұйымдастыру комитетi құрылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23 № 1965 Қаулысымен.
      3. Ұйымдастыру комитетiне:
      Астана қаласында одан кейiнгi жылдары "ТрансЕвразия" көлiк-транзит әлеуетi және "Транзит" халықаралық көрмесi бойынша халықаралық конференцияны әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi шаралар жоспарын дайындау және бекiту;
      БҰҰ ЭСКАТО, БҰҰ ЭЕК, ЮНКТАД, ОЭС, ОСЖД, ИКАО халықаралық ұйымдармен Орталық-Азия аймағы елдерiнiң көлiк-транзит әлеуетiн пайдалана отырып жаңа континентаралық және субаймақтық көлiк дәлiздерiн қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мен жүзеге асыруда жұмыс комитеттерi мен жәрдемдесу ассоциацияларын құру бөлiгiнде үйлестiру жөнiндегi жұмысты Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ақпараттық тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүктеу;
      Қазақстан Республикасы арқылы өтетiн көлiк дәлiздерiн қалыптастырудың жұмыс комитеттерi мен жәрдемдесу ассоциацияларының жұмысына көмек көрсету үшiн шетелдiк және отандық инвесторларды таратудың мүмкiндiгi туралы мәселенi қарау;
      икемдi кеден және тариф саясатының, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру принципiнде қалыптасатын көлiк дәлiздерi бойынша тасымалдауларға мейлiнше қолайлы жағдайлар жасау мен практикалық ұйымдастыру жөнiндегi ұсынысты әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу тапсырылсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23 № 1965 Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстанның БҰҰ ЭСКАТО көлiк және коммуникациялар жөнiндегi комитеттiң жұмысына жүйелiнегiзде қатысуын қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады