Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 қазандағы № 1418 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 730 Қаулысы

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласында "ТрансЕвразия" көлік-транзит әлеуеті және "Транзит" халықаралық көрмесі бойынша халықаралық конференция ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 қазандағы № 1418 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 45, 420-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады