Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 тамыздағы
№ 772 қаулысымен
мақұлданған
жоба
Қазақстан Республикасының Үкімет мен Норвегия Корольдігінің
Үкіметі арасындағы Адамдардың Реадмиссиясы туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі «Уағдаласушы тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі,
заңсыз көшіп келуге қарсы іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға толық шешімділікте бола отырып,
ұйымдасқан қылмыстық топтардың көшіп қонушылар контрабандасы жөніндегі іс-әрекетінің айтарлықтай өсуіне алаңдаушылық білдіре отырып,
осы Келісімді жасасу жолымен өзара негізде Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтау және оларды қауіпсіз және реттеп қайтару үшін жылдам және тиімді рәсімдерді орындауға, сондай-ақ ынтымақтастық рухында осындай адамдардың транзитіне ниет білдіре отырып,
тиісті жағдайларда Уағдаласушы тараптар өздерінің аумағына заңсыз кірген үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды олар туған немесе тұрақты тұратын мемлекеттерге жіберу үшін барлық күш-жігерін салуға тиіс екенін назарға ала отырып,
адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін мойындай отырып және осы Келісім 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпы декларациясына және халықаралық құқыққа, атап айтқанда, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындар мәртебесі туралы конвенцияға және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесіне қатысты Хаттамаға, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге және ұстап беру мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарға сәйкес Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің құқықтары мен міндеттемелеріне зиян келтірмейтінін атап өте отырып,
уағдаласушы тараптардың арасындағы реадмиссия және өзара шекарадан өтуді оңайлату саласындағы ынтымақтастық ортақ қызығушылық тудыратынын назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар:
(а) реадмиссия - осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Сұрау салатын мемлекеттің аумағына заңсыз келген, болатын немесе тұрып жатқан адамдарды (Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтарын, үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды) Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органының қайтаруын және Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органының қабылдауын білдіреді;
(b) Қазақстан Республикасының азаматы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның азаматтығына ие адам;
(с) Норвегия Корольдігінің азаматы - Норвегия Корольдігінің заңнамасына сәйкес оның азаматтығына ие адам;
(d) үшінші мемлекеттің азаматы - Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің азаматтығынан өзге азаматтығы бар адам;
(e) азаматтығы жоқ адам - ешбір азаматтығы жоқ адам;
(f) тұруға рұқсат - баспана беру туралы қолдаухатты немесе тұруға рұқсат беру туралы қолдаухатты қарау рәсіміне байланысты Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумағында болуға уақытша рұқсаттарды қамтымайтын адамға Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумағында тұруға құқық беретін Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары берген кез келген түрдегі ресми рұқсат;
(g) виза — әуежайларда берілетін ерекше түрдегі транзиттік визаларды қамтымайтын, Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумағына кіру немесе оның аумағы арқылы транзит үшін қажетті Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары берген рұқсат немесе құжат;
(h) транзит - Сұрау салатын мемлекеттен баратын мемлекетке өту кезінде үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың Сұрау салынатын мемлекеттің аумағы арқылы өтуі;
(і) Сұрау салатын мемлекет- осы Келісімнің 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе осы Келісімнің 11-бабына сәйкес транзит туралы қолдаухат жіберетін Уағдаласушы тараптардың бірінің мемлекеті;
(j) Сұрау салынатын мемлекет - осы Келісімнің 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы қолдаухат немесе осы Келісімнің 11-бабына сәйкес транзит туралы қолдаухат жіберілген Уағдаласушы тараптардың бірінің мемлекеті;
(k) құзыретті орган - Уағдаласушы тараптардың осы Келісімнің 15-бабында көрсетілген, осы Келісімді іске асыру жүктелетін органы;
(l) шекаралас аудан - кедендік аймақтарды коса алғанда, Уағдаласушы тараптардың теңіз порттарының және халықаралық әуежайларының аумақтары.
I Бөлім.
Реадмиссияға қатысты міндеттемелер
2-бап
Өз азаматтарының реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын мемлекет Сұрау салатын мемлекеттің қолдаухаты бойынша Сұрау салатын мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтататын кез келген адамды, егер осы адам Келісімнің 6-бабына сәйкес Сұрау салынатын мемлекеттің азаматы екені анықталса, осы Келісімнің шеңберінде өз мемлекетінің аумағында қабылдайды.
Көрсетілген ереже Сұрау салатын мемлекеттің аумағына кірген соң Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығынан айырылған немесе бас тартқан және Сұрау салатын мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдарға да қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың реадмиссиясымен бір уақытта Сұрау салынатын мемлекет мыналардың:
егер олардың Сұрау салатын мемлекеттің аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болмаса, олардың туған жеріне немесе азаматтығына қарамастан, кәмелетке толмаған, некеде тұрмайтын балаларының;
егер олардың Сұрау салатын мемлекет аумағында болуға немесе тұруға тәуелсіз құқығы болған жағдайлардан басқа, Сұрау салынатын мемлекет аумағына келуге, болуға және тұруға құқығы болса немесе келу, болу және тұру құқығын ала алса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардан өзге азаматтығы бар жұбайларының реадмиссиясын жүзеге асырады.
3. Сұрау салынатын мемлекет реадмиссиялауға жататын адамның ниет білдіруіне қарамастан, қажет болған жағдайда және кешіктірмей, қолданылу мерзімі кемінде 6 айды құрайтын, осы адамның қайтуы үшін қажетті жол жүру құжатын береді.
Егер көрсетілген адамды заңды немесе нақты себептер бойынша жол жүру құжатының қолданылу мерзімі ішінде беру мүмкін болмаса, Сұрау салынатын мемлекет күнтізбелік 14 күн ішінде жол жүру құжатының қолданылу мерзімін ұзартады немесе қажет болған жағдайда осындай қолданылу мерзімімен жаңа жол жүру құжатын береді.
Егер күнтізбелік 14 күн ішінде Сұрау салынатын мемлекет жаңа жол жүру құжатын бермесе және оның қолданылу мерзімін ұзартпаса, онда Сұрау салынатын мемлекет мерзімі өтіп кеткен құжатты қабылдауы тиіс.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ
адамдардың реадмиссиясы
1. Егер осы Келісімнің 7-бабына сәйкес мұндай адам:
а) Уағдаласушы Тараптың бірінің мемлекеті аумағына тікелей екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағынан заңсыз кірсе; немесе
b) кіру сәтінде Сұрау салынатын мемлекет берген тұруға жарамды рұқсаты болса; немесе
с) кіру сәтінде Сұрау салынатын мемлекет берген жарамды визасына ие болса және Сұрау салатын мемлекет аумағына тікелей Сұрау салынатын мемлекет аумағынан кірген болса, Сұрау салынатын мемлекет Сұрау салатын мемлекеттің қолдаухаты бойынша осы Келісімнің шеңберінде, өз мемлекетінің аумағында Сұрау салатын мемлекеттің аумағына кіру, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан кез келген адамды қабылдайды.
2. Егер:
а) үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам Сұрау салынатын мемлекет аумағында тек халықаралық әуежайдың транзиттік аймағында ғана болса; немесе
b) Сұрау салатын мемлекет өз мемлекетінің аумағына кірген дейін немесе одан кейін үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адамға виза немесе тұруға рұқсат берсе:
осы адамның Сұрау салынатын мемлекет берген және неғұрлым ұзақ қолданылу мерзімі бар виза немесе тұруға рұқсаты болса; немесе
Сұрау салатын мемлекет берген виза немесе тұруға рұқсат қолдан жасалған немесе жалған құжаттардың көмегімен алынған жағдайларды қоспағанда;
c) Сұрау салатын мемлекет аумағына үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам кіру үшін визаны қажет етпесе, осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссияға қатысты міндет қолданылмайды.
3. Сұрау салынатын мемлекет реадмиссия туралы қолдаухатқа оң жауап бергеннен кейін, Сұрау салатын мемлекет реадмиссиясы келісілген адамға Сұрау салынатын мемлекет мойындайтын жол жүру құжатын береді.
4-бап
Қате реадмиссия
Сұрау салатын мемлекет, егер осы адамды берген күннен кейін 3 ай ішінде осы Келісімнің 2 және 3-баптарындағы талаптардың сақталмағаны анықталса, Сұрау салынатын мемлекет қайтарған кез келген адамды қабылдайды.
Мұндай жағдайларда қажетті өзгерістерді ескере отырып, осы Келісімнің іс жүргізу ережелері қолданылады және Сұрау салынатын мемлекет реадмиссияға жататын адамның жеке басы және азаматтығы туралы қолда бар барлық ақпаратты береді.
II Бөлім
Реадмиссия рәсімі
5-бап
Реадмиссия туралы қолдаухат
1. Осы баптың 2-тармағын сақтай отырып, осы Келісімнің 2 және 3-баптарында көзделген міндеттемелердің бірінің негізінде реадмиссияға жататын адамды кез келген беру үшін Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына реадмиссия туралы қолдаухат жіберу қажет.
2. Егер реадмиссияға жататын адамда жарамды жол жүру құжаты немесе жеке басын куәландыратын құжаты болса, Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына реадмиссия туралы қолдаухат немесе жазбаша өтініш білдіру, ал осы адам үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекет берген жарамды виза немесе тұруға рұқсат талап етілмейді.
3. Егер Сұрау салатын мемлекеттің шекаралас ауданында адам мемлекеттік шекараны (теңіз порттары мен әуежайларды қоса алғанда) заңсыз өткеннен кейін 48 сағаттың ішінде осы адам ұсталса, осы баптың 2-тармағына зиян келтірмей, егер ол тікелей Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан өткен болса (жеделдетілген рәсім) Сұрау салатын мемлекет осындай адамның реадмиссиясы туралы қолдаухатты осындай адам ұсталғаннан кейін 2 күн ішінде жібере алады.
4. Реадмиссия туралы қолдаухат мынадай ақпаратты:
а) реадмиссияға жататын адам туралы барлық қолда бар мәліметтерді (аты, тегі, туған күні мен жері, жынысы, соңғы тұрғылықты жері), кәмелетке толмаған, үйленбеген балалары және/немесе зайыбы туралы толық ақпаратты;
b) мынадай:
Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығына тиесілілігі дәлелдемелерінің бар-жоғы туралы; немесе
үшінші мемлекет азаматтығының реадмиссиясына арналған шарттар туралы; немесе
азаматтығы жоқ адамның реадмиссиясына арналған шарттар туралы деректерді қамтуы тиіс.
5. Қажет болған жағдайда реадмиссия туралы қолдаухат сондай-ақ мынадай ақпаратты:
а) осы адам осындай өтінішке нақты айтылған келісім берген жағдайда, беруге жататын адам көмекке немесе медициналық күтімге мұқтаж екені туралы куәландыратын арызды;
b) беру жағдайында кажет болуы мүмкін қорғаныс және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кез келген басқа шаралар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
6. Реадмиссия туралы өтініш жасалатын үлгі нысан осы Келісімге 5-қосымшада берілген.
6-бап
Азаматтыққа тиесілігін дәлелдеу
1. Осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағына сәйкес Сұрау салынатын мемлекеттің азаматтығына тиесілілігі:
a) қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың кем дегенде бірінің негізінде дәлелденуі мүмкін.
Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын мемлекет азаматтықты әрі қарай тексерусіз мойындайды.
Азаматтық жалған немесе қолдан жасалған құжаттар негізінде;
b) егер қолданылу мерзімі өтіп кетсе де, осы Келісімнің 2-қосымшасында көрсетілген құжаттардың кем дегенде біреуінің негізінде анықталған болса анықталмайды. Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда, егер керісінше дәлелдей алмаса Сұрау салынатын мемлекет азаматтықты анықталған деп санайды.
Азаматтық жалған құжаттар негізінде анықталуы мүмкін емес.
2. Осы Келісімге 1 немесе 2-қосымшаларда көрсетілген құжаттардың бірде-біреуі ұсынылмаса, Сұрау салынатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі реадмиссия туралы қолдаухат алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде реадмиссияға жататын тұлғамен оның азаматтығын анықтау мақсатында әңгімелесу өткізеді.
7-бап
Үшінші мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы
жоқ адамдарға қатысты дәлелдеу
1. Осы Келісімнің 3-бабының 1-тармағына сәйкес үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясына арналған шарттар:
а) осы Келісімге 3-қосымшаның А бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну жолымен дәлелденуі мүмкін.
Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын мемлекет Сұрау салатын мемлекет аумағына өз аумағынан заңсыз кіру фактісін мойындайды.
b) осы Келісімге 3-қосымшаның В бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну жолымен анықталуы мүмкін.
Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын мемлекет тергеу жүргізуі тиіс және күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде жауап ұсынуы тиіс.
Оң жауап немесе осы мерзім өткен соң жауап болмаған жағдайда Сұрау салынатын мемлекет Сұрау салатын мемлекет аумағына өз аумағынан заңсыз кіру фактісін мойындайды.
2. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес Сұрау салатын мемлекеттің аумағына заңсыз кіру тиісті адамның жол жүру құжаттарында Сұрау салатын мемлекеттің аумағында тұру үшін қажетті виза немесе рұқсаттың болмауы бойынша анықталады.
Сұрау салатын мемлекеттің тиісті адамда тұру үшін жол жүру құжатының, визаның немесе рұқсаттың болмауы туралы негізделген арызы, ұқсас түрде осы адамның prima facie (бірінші көрініс) заңсыз кіргені, болуы немесе тұруының дәлелі болып табылады.
3. Осы Келісімнің 3-бабы 1-тармағының b) және с) тармақшаларына сәйкес үшінші мемлекеттің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясына арналған шарттар:
a) осы Келісімге 4-қосымшаның А бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну жолымен дәлелденуі мүмкін.
Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын мемлекет өз аумағында осындай адамдардың тұруын одан әрі тексерусіз мойындайды;
b) осы Келісімге 4-қосымшаның В бөлігінде көрсетілген құжаттардың кез келгенін ұсыну жолымен белгіленуі мүмкін.
Осындай құжаттар ұсынылған жағдайда Сұрау салынатын мемлекет тергеу жүргізуі тиіс және күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде жауап ұсынуы тиіс.
Оң жауап болған жағдайда немесе егер керісінше дәлелденбесе, немесе осы мерзім өткен соң жауап келіп түспесе, Сұрау салынатын мемлекет өз аумағында осындай адамдардың тұруын мойындауға тиіс.
4. Егер осы Келісімнің 3 немесе 4-қосымшаларының жалпы тізімдерінде көрсетілген құжаттардың бір де біреуі ұсынылмаса, Сұрау салынатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі реадмиссия туралы қолдаухат алған күннен бастап көп дегенде күнтізбелік 10 күн ішінде реадмиссияға жататын адаммен оның азаматтығын анықтау мақсатында әңгімелесу өткізеді.
5. Үшінші мемлекеттердің азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздер бар болуына жалған немесе қолдан жасалған құжаттар дәлел бола алмайды.
8-бап
Мерзімдер
1. Реадмиссия туралы қолдаухат үшінші мемлекеттің азаматы және (немесе) азаматтығы жоқ адам кіру, болу немесе тұру шарттарын орындамағаны немесе орындауды тоқтатқаны туралы Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органы білген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына беріледі.
Егер мұндай адамдардың реадмиссиясы туралы қолдаухат жоғарыда көрсетілген мерзім өткен соң берілген жағдайда, реадмиссияға қатысты міндеттеме туындамайды.
Қолдаухатты уақтылы беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған жағдайда негізделген сұрау салу негізінде жауап беру мерзімі оларды шешкенге дейін ұзартылады.
2. Осы Келісімнің 7-бабы 1 және 3-тармақтарының b) тармақшаларында көрсетілген мерзімдерді қоспағанда, реадмиссия туралы қолдаухатқа жауап Сұрау салынатын мемлекет дәлелсіз және осындай қолдаухатты алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын мерзімде кез келген жағдайда жіберуі тиіс.
Қолдаухатқа уақтылы жауап беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде негізделген сұрау салудың негізінде жауап беру мерзімі барлық жағдайда күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады.
3. Осы Келісімнің 5-бабының 3-тармағында көзделген жеделдетілген рәсім бойынша реадмиссия туралы қолдаухат жіберілген жағдайда реадмиссия туралы қолдаухатты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жауап беріледі.
Қажет болған жағдайда, Сұрау салынатын мемлекеттің негізделген сұрау салу негізінде және оны Сұрау салатын мемлекет мақұлдағаннан кейін қолдаухатқа жауап беру мерзімі 1 жұмыс күніне созылуы мүмкін.
4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мерзімдер ішінде жауап алынбаған болса, беру туралы мәселе келісілген деп есептеледі.
5. Сұрау салатын мемлекетке реадмиссия туралы қолдаухатқа жауап бермеу себептері көрсетіледі.
6. Келісімге қол жеткізілгеннен кейін немесе бұл қолайлы болғанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін реадмиссияға жататын адам Келісімнің 9-бабының 1-тармағында көзделгендей, Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары арасында келісілген шарттарға сәйкес кідірусіз беріледі.
Сұрау салатын мемлекеттің өтініші бойынша бұл мерзім заңдық немесе практикалық кедергілерді жою үшін қажетті уақыты ескеріле отырып, ұзартылуы мүмкін.
9-бап
Беру шарттары және көлік түрлері
1. Реадмиссияға жататын адамды бергенге дейін Сұрау салатын мемлекеттің және Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органдары алдын ала жазбаша нысанда беру күні, шекара арқылы өткізу пункті, ықтимал ілесіп жүру және беруге қатысты басқа да ақпарат туралы келіседі.
2. Реадмиссияға жататын адамды беру үшін әуе, құрлық немесе теңіз көлік түрі пайдаланылуы мүмкін. Мұндай адамды әуе көлігімен тасымалдау кезінде таңдау Сұрау салатын мемлекеттің және Сұрау салынатын мемлекеттің ұлттық әуе компанияларын пайдаланумен шектелмейді. Бұл мақсаттар үшін тұрақты да, чартерлік те рейстер пайдаланыла алады. Ілесіп жүру қажет болғанда ол Уағдаласушы тараптардың бірінің уәкілетті адамдарымен шектеледі.
III Бөлім
Транзит тәртібі
10-бап
Қағидаттар
1. Уағдаласушы тараптар үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзитін мұндай адамдар баратын мемлекетке тікелей қайтарыла алмаған жағдайларда шектейді.
2. Егер басқа транзит мемлекеттерінің аумағы арқылы одан әрі жол жүруі мүмкіндігіне және баратын мемлекеттің қабылдауына кепілдік берілсе, Сұрау салынатын мемлекет үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
3. Сұрау салынатын мемлекеттің талабы бойынша үшінші мемлекеттер азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың транзиті ілесіп жүрумен жүзеге асырылады.
4. Сұрау салынатын мемлекет:
а) егер баратын мемлекетте немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам азаптау, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлауға ұшырау, қарым-қатынасқа немесе жазалауға, өлім жазасы немесе нәсілдік, діни, ұлттық тиесілілігі бойынша, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа немесе саяси көзқарастары үшін қудалану қаупі болса;
b) егер Сұрау салынатын мемлекетте немесе транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам қылмыстық қудалауға немесе жазалауға тартылатын болса;
с) халық денсаулығын қорғау, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік немесе Сұрау салынатын мемлекеттің басқа да ұлттық мүдделері себебінен транзиттен бас тартуы мүмкін.
5. Сұрау салынатын мемлекет, егер кейіннен осы баптың 4-тармағында көзделген транзитке кедергі жасайтын жағдайлар туындаса немесе анықталса, немесе осындай адамның басқа транзит мемлекеті арқылы немесе баратын мемлекеттің қабылдау кепілдігі берілмесе, кез келген берілген рұқсатты кері қайтарып ала алады. Мұндай жағдайда, Сұрау салатын мемлекет үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адамды еш кідірусіз қабылдауы тиіс.
11-бап
Транзит рәсімі
1. Транзит туралы қолдаухат Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органдарына жазбаша нысанда ұсынылады және ол мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
а) транзит түрі (әуе, құрлық немесе теңіз көлігі), транзит маршруты, транзит мемлекеттері, егер осындайлар болса, және соңғы баратын мемлекет;
b) тиісті адам туралы мәліметтер (аты, тегі, бұрынғы тегі, адам қолданатын басқа да аттары, бүркеншік аты, туған күні, мүмкіндігінше туған жері, азаматтығы, тілі, жол жүру құжатының түрі мен нөмірі);
с) пайдалануы ықтимал шекараны кесіп өту пункті, адамды беру уақыты және ықтимал ілесіп жүру;
d) Сұрау салатын мемлекеттің, оның пікірінше, осы Келісімнің 10-бабының 2-тармағында көзделген шарттардың орындалғаны және оған осы Келісімнің 10-бабының 4-тармағына сәйкес транзитті қабыл алмауға негіз болып табылатын жағдайлар туралы белгісіз екені туралы өтініші.
Транзит туралы қолдаухат жасалатын тиісті үлгі нысан осы Келісімге 6-қосымшада қамтылған.
2. Сұрау салынатын мемлекет осындай қолдаухатты алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жазбаша нысанда өзінің транзитке келісімі туралы Сұрау салатын мемлекеттің құзыретті органына хабарлайды және шекараны кесіп өту пункті мен транзиттің жоспарланған уақытын растайды немесе транзиттен бас тарту және оның себептері туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Егер транзит әуе көлігімен жүзеге асырылса, онда реадмиссияға жататын адам және оған ілесіп жүруі мүмкін адамдар әуежайдағы ерекше түрдегі транзиттік визалар алу қажеттілігінен босатылады.
4. Сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органдары өзара консультациялар өткізу шартымен транзитті жүзеге асыруға, атап айтқанда аталған адамдарды қадағалауға және қажетті мүмкіндіктерді беруге жәрдемдеседі.
IV Бөлімі
Шығыстар
12 -бап
Көлік және транзит шығыстары
Осы Келісімге сәйкес соңғы баратын мемлекеттің шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін реадмиссияны және транзитті жүзеге асыру кезінде туындайтын барлық көлік шығыстарын, сондай-ақ осы Келісімнің 4-бабына сәйкес адамдарды қайтаруға байланысты Сұрау салынатын мемлекет көтеретін оның көлік және пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды өтеуге Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдарының қүқығына зиян келтірмей Сұрау салатын мемлекет реадмиссияға жататын адамдардың немесе үшінші тараптардың есебінен жабады.
V Бөлім
Деректерді қорғау және өзге де халықаралық міндеттемелермен
ара қатынасы
13-бап
Деректерді қорғау
Дербес деректерді беру, егер бұл Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдарының осы Келісімді іске асыруы үшін қажет болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Дербес деректерді беру, өңдеу және қолдану кезінде Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес әрекет етеді.
Осыған қосымша ретінде мынадай қағидаттар қолданылуы тиіс:
(а) дербес деректер әділ және заңды негізінде өңделуі тиіс;
(b) дербес деректерді жинау осы Келісімді іске асыруға байланысты нақты, айқын көрінетін және заңды мақсатта жүзеге асырылуы тиіс, ал жинауды жүргізетін құзыретті органның да, оны алатын құзыретті органның оларды кейіннен өңдеуі көрсетілген мақсатқа келмейтіндей етіп жүзеге асыруы тиіс.
(с) дербес деректер бара-бар, іске қатысы бар және/немесе оларды жинау және/немесе кейіннен өңдеу жүзеге асырылатын мақсаттар аясы шамадан тыс болмауы тиіс.
Атап айтқанда, берілетін дербес деректер тек қана мыналарға:
реадмиссияға жататын адам туралы мәліметтерге (аты, тегі, адам пайдаланатын өзге де аттары немесе ол белгілі болған аттары, жынысы, азаматтық жағдайы, туған күні мен жері, қазіргі және бұрынғы кез-келген азаматтығы);
паспортына, жеке куәлігіне, жүргізуші куәлігіне немесе басқа да жеке куәліктеріне немесе жол жүру құжаттарына (нөмірі, қолданылу мерзімі, берілген күні, берген орган, берілген жері);
аялдау орындары мен қозғалыс маршрутына;
реадмиссияға немесе транзитке жататын адамды сәйкестендіруге қажетті, осы Келісімге сәйкес реадмиссия үшін негіз болып табылатын жағдайлардың болуы туралы мәселесін зерттеу үшін өзге де ақпаратқа қатысты бола алады;
(d) дербес деректер нақты және қажет болған кезде жаңартылған болуы тиіс;
(е) дербес деректер осы деректердің субъектілерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нысанда және оларды жинау және кейіннен өңдеу үшін талап етілетін мерзімнен ұзақ емес мерзімде сақталуы тиіс;
(f) дербес деректерді беретін құзыретті орган және дербес деректерді алатын құзыретті орган, егер оларды өңдеу осы баптың ережелеріне сәйкес келмеген жағдайда дербес деректердің түзету, жою немесе жауып тастау үшін, атап айтқанда бұл деректер іске қатысты барабар, дәл болып табылмаса немесе оларды өңдеу мақсаты аясында шектен тыс болып табылса, барлық саналы шараларды қолданады. Бұл басқа Уағдаласушы Тараптың аталған деректерді кез келген түзетулер, жою немесе жауып тастау туралы хабардар етуді көздейді;
(g) дербес деректерді алатын құзыретті орган сұрау салу бойынша дербес деректерді беретін құзыретті органды жіберілген деректерді қолданғаны және олардың негізінде алынған нәтижелер туралы хабарлайды;
(h) дербес деректер құзыретті органдарға ғана беріледі. Олардың басқа органдарға кейіннен берілуі дербес деректерді беретін құзыретті органның алдын ала жазбаша түрде келісімін талап етеді;
(і) дербес деректерді беретін құзыретті орган және дербес деректерді алатын құзыретті орган дербес деректерді жіберуді және қабылдауды жазбаша нысанда тіркеуге міндетті.
14-бап
Басқа халықаралық міндеттемелермен ара қатынасы
Осы Келісімнің кіріспесінде аталғандарды коса алғанда, осы Келісім өздерінің мемлекеттері қатысушылары болып табылатын кез келген халықаралық шарттарға сәйкес Уағдаласушы тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне зиян келтірмейді.
VI Бөлім
Орындау және қолдану
15-бап
Орындаушы ережелер
1. Осы Келісімді іске асыру үшін құзыретті органдар:
(а) Қазақстан Республикасы үшін:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон нөмірлері: +7 7172 714007; +7 7172 714008; +7 7172714009
Факс нөмірлері: + 7 7172 714564; +7 7172 371778
(b) Норвегия Корольдігі үшін Әділет және полиция министрлігі атынан:
Ұлттық Полицияның Иммиграция қызметі (Politiets Utlendingsenhet)
Пошта жәшігі: 8102 Dep
N-0032 Осло, Норвегия
Телефон: +47 22 34 24 00
Телефакс: +47 22 34 24 80
Электрондық пошта: politiets.utlendingsenhet@politiet.no
Иммиграция Басқармасы (Utlendingsdirektoratet)
Пошта жәшігі 8108 Dep
N-0032 Осло, Норвегия
Телефон: +47 23 35 15 00
Телефакс: +47 23 35 15 01
Электрондык пошта: udi@udi.no
2. Осы Келісімді іске асыру үшін төмендегі мемлекеттік шекараларды кесіп өту пункттері пайдаланылуы тиіс:
(а) Қазақстан Республикасы үшін:
Астана қаласының халықаралық әуежайы
Алматы қаласының халықаралық әуежайы
(b) Норвегия Корольдігі үшін:
Осло Gardermoen әуежайы
Осло (Орталық Теміржол Станциясы)
Халден (Svinesund өтпесі)
3. Уағдаласушы тараптар құзыретті органдарының атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етеді.
4. Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары арасындағы хат алмасу орыс немесе ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады.
VII Бөлім
Қорытынды ережелер
16-бап
Келісімге түзетулер
1. Мониторинг және/немесе осы Келісімді немесе оған қосымшаларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу мақсаты үшін Уағдаласушы тараптардың кез-келгені сарапшылар отырысын ұйымдастыра алады.
2. Уағдаласушы тараптар өзара келісім бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын, жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 18-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.
17-бап
Қосымшалар
Осы Келісімге 1-6-қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.
18-бап
Осы Келісімнің күшіне енуі, қолданылу мерзімі, қолданылуын
тоқтата тұру және тоқтату
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісімнің 3-бабының ережелерін орындау осы баптың 1-тармағында көрсетілген күннен бастап үш жыл өткен соң Уағдаласушы тараптар үшін міндетті болып табылады.
Осы үш жылдық, кезең ішінде көрсетілген ережелер тек үшінші мемлекеттерден азаматтығы жоқ адамдарға және Уағдаласушы тараптар реадмиссия туралы халықаралық шарттар жасасқан осындай үшінші мемлекеттердің азаматтарына ғана қолданылады.
3. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
4. Осы Келісім Уағдаласушы тараптардың бірі екінші Уағдаласушы Тараптың осы Келісімнің қолданылуын тоқтатуға ниет білдіргені туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады.
_________ қаласында _______ жылғы "_____" __________ екі түпнұсқа данада әрқайсысы қазақ, норвег, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы
Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге
1-қосымша
Азаматтықты дәлелдейтін
құжаттардың жалпы тізімі
(6-баптың 1-тармағының А тармақшасы)
Кез келген түрдегі паспорттар (мысалы, ұлттық паспорттар, дипломатиялық паспорттар, арнайы паспорттар, қызметтік паспорттар, паспорттарды алмастыратын ұжымдық паспорттар мен құжаттар, оның ішінде балалардың паспорттары);
ұлттық жеке куәлік (оның ішінде уақытша); қызметтік кітапша мен әскери қызметшінің жеке куәлігі;
теңізшінің тіркеу кітапшасы, капитанның қызметтік карточкасы мен теңізшінің паспорты;
азаматтық туралы куәлік немесе азаматтығы айтылатын немесе көрсетілетін басқа да ресми құжат.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы
Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге
2-қосымша
Азаматтықты дәлелдейтін
құжаттардың жалпы тізімі
(6-баптың 1-тармағының В тармақшасы)
Осы Келісімге 1-қосымшада аталған құжаттардың кез келгенінің фотокөшірмесі;
жүргізуші куәлігі немесе оның фотокөшірмесі;
туу туралы куәлік немесе оның фотокөшірмесі;
қызметтік куәлік немесе оның фотокөшірмесі;
куәгерлердің арыздары;
ресми тестілеудің нәтижелерін қоса алғанда, тиісті адам және оның өзі сөйлейтін тілде жасаған жазбаша арыздар.
Осы қосымшаны орындауды қамтамасыз ету мақсатында «ресми тестілеу» ұғымы Сұрау салатын мемлекеттің органдары орындаған және Сұрау салынатын мемлекет мойындаған тестілеу ретінде айқындалады;
тиісті адамның азаматтығын белгілеу үшін көмектесуі мүмкін кез келген өзге де құжаттар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы
Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге
3-қосымша
Үшінші мемлекеттер азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға
арналған құжаттардың жалпы тізімі
(7-баптың 1-тармағы)
А БӨЛІМІ
жеделдету рәсімін жүзеге асыру мақсатында жасалған, атап айтқанда тиісті адамның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан тікелей Сұрау салынатын мемлекеттің аумағына шекарасы арқылы кесіп өту фактісін куәландыруға қабілетті шекара қызметтерінің уәкілетті қызметкерлерінің ресми арыздары;
халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын авиарейстерге, пойыздарға, автобустарға немесе теңіз және өзен кемелеріне атаулы билеттер тиісті адамның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салатын мемлекеттің аумағында болуын және маршрутын растайтын.
халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын авиарейстер, поездар, автобустар немесе теңіз және өзен кемелері жолаушыларының тізімі тиісті адамның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағынан Сұрау салатын мемлекеттің аумағына маршрутын растайтын.
В БӨЛІМІ
атап айтқанда, тиісті адамның шекараны кесіп өту фактісін растауға қабілетті Сұрау салатын мемлекеттің шекара қызметтерінің қызметкерлері және басқа да куәгерлер жасаған ресми арыздар;
тиісті адамның Сұрау салынатын мемлекеттің аумағында болғанын растайтын билеттер, сондай-ақ әртүрлі түбіртектер мен анықтамалар (мысалы, қонақ үй үшін есеп, дәрігерлерге/стоматологтарға бару үшін талондар, мемлекеттік/жеке меншік мекемелерге арналған кіру рұқсат қағаздары, автомобильдерді жалдау келісімшарттары, кредит карточкалары арқылы төленген түбіртектер және т.б);
тиісті адамның тасымалдаушының немесе көлік агенттігінің қызметтерін пайдаланғанын растайтын ақпарат;
сот немесе әкімшілік рәсім кезінде тиісті адам жасаған ресми арыздар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы
Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге
4-қосымша
Үшінші мемлекеттер азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдарға арналған құжаттардың жалпы тізімі
(7-баптың 3-тармағы)
А БӨЛІМІ
Сұрау салынатын мемлекеттің берген жарамды виза және/немесе тұруға рұқсаты;
тиісті адамның жол жүру құжатындағы кіру/кету туралы мөртабандар немесе осыған ұқсас белгілері немесе оның кіру/кетуін растайтын басқа да дәлелдемелер.
В БӨЛІМІ
А бөлімінде аталған кез келген документтердің фотокөшірмелері.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы
Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге
5-қосымша
[ЕЛТАҢБА.....]
___________________________ _________________________ (сұрау салатын мемлекеттің (орны мен датасы)
___________________________
құзыретті органның атауы)
Референс _________________
_ Жеделдетілген рәсім
-
Кімге ____________________________
(сұрау салынатын мемлекеттің
____________________________
құзыретті органның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігі
Үкіметінің арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімнің 5-бабына сәйкес реадмиссия туралы
қолдаухат
А Дербес деректер
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызыңыз) ________________ |------|
__________________________________________________________ | фото |
2. Бұрынғы тегі __________________________________________ | |
3. Туған күні және жері __________________________________ |------|
____________________________________________________________________
4. Тұру мемлекетіндегі тұрғылықты немесе тұрақты тұру орны
мекенжайы __________________________________________________________
5 Азаматтығы және тілі _____________________________________________
6. Азаматтық жағдайы _______________________________________________
_ үйленген _ тұрмыста _ бойдақ _ ажырасқан _ тұл еркек, жесір әйел
7. Жынысы мен сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және т.б) _________________________________________
8. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, тиісті адам қолданатын басқа аттары немесе бүркеншік аттары) ______________________________
Зайыбының аты-жөні (егер үйленген, тұрмыста болса) _________________
Балаларының аты-жөні және жасы (егер болса) ________________________
9.Сұрау салатын мемлекеттегі соңғы мекенжайы _______________________
____________________________________________________________________
В. Зайыбының жеке деректері (егер болса)
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызыңыз) __________________________
____________________________________________________________________
2. Бұрынғы тегі ____________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Туған күні және жері ____________________________________________
____________________________________________________________________
4. Жынысы мен дене сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және т.б.) _________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, тиісті адам қолданатын басқа аттары/бүркеншік аттары) _____________________________________
____________________________________________________________________
6. Азаматтығы және тілі: ___________________________________________
____________________________________________________________________
С. Балалардың жеке деректері (егер болса)
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызыңыз) __________________________
____________________________________________________________________
2. Туған күні және жері ____________________________________________
____________________________________________________________________
3. Жынысы мен дене сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және т.б.) _________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Азаматтығы және тілі ____________________________________________
____________________________________________________________________
D. Қоса берілетін дәлелдемелер
1. _____________________________ __________________________________
(паспорт №) (берілген күні мен орны)
_______________________________ __________________________________
(берген орган) (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)
2. _____________________________ __________________________________
(жеке куәлік №) (берілген күні мен орны)
_______________________________ __________________________________
(берген орган) (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)
3. ____________________________ __________________________________
(жүргізуші куәлігі №) (берілген күні мен орны)
_______________________________ __________________________________
(берген орган) (берілген күні мен орны)
4. ____________________________ __________________________________
(Басқа ресми құжат №) (берілген күні мен орны)
_______________________________ __________________________________
(берген орган) (қолданылу мерзімінің аяқталу күні)
Е. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (мысалы, мүмкін болатын ерекше медициналық күтім нұсқаулары, ауруының латынша атауы): _______________________________
____________________________________________________________________
2. Адамның ерекше қауіп-қатер туралы белгісі (мысалы, мінез-құлқы агрессивті құқық бұзушылық жасауға күдікті адам): __________________
____________________________________________________________________
F. Ескертулер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сұрау салатын мемлекеттің
құзыретті органы өкілінің қолы _______________
М.О.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Норвегия Корольдігі Үкіметінің арасындағы
Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге
6-қосымша
[ЕЛТАҢБА.....]
___________________________ ________________________ (сұрау салатын мемлекеттің (орны мен күні)
___________________________
құзыретті органның атауы)
Референс _________________
Кімге ____________________________
(сұрау салынатын мемлекеттің
____________________________
құзыретті органның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігі
Үкіметінің арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы
келісімнің 11-бабына сәйкес транзит
туралы қолдаухат
А. Дербес деректер
1. Толық аты-жөні (тегінің астын сызыңыз) __________________ |-----|
____________________________________________________________ |фото |
2. Бұрынғы тегі ____________________________________________ | |
3. Туған күні және жері ____________________________________ |-----|
4. Жынысы мен дене сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, ерекше белгілері және т.б.) _________________________________________________________
5. Басқа да белгілі аттары (бұрынғы аттары, тиісті адам қолданатын басқа аттары/бүркеншік аттары)______________________________________
6. Азаматтығы және тілі ____________________________________________
В. Транзиттік операция
1. Транзит түрі:
_ әуе арқылы _ теңіз арқылы _ құрлық арқылы
2. Соңғы баратын мемлекет: _________________________________________
____________________________________________________________________
3. Транзиттің басқа мүмкін болатын мемлекеттері: ___________________
____________________________________________________________________
4. Ұсынылған шекараның қиылысатын жері, күні, уақыты және мүмкін болатын ілесіп жүру ________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Транзиттің кез келген басқа мемлекеті және соңғы баратын мемлекет қабылдауға кепілдік берген (10-баптың 2-тармағы)
_ иә _ жоқ
6. Транзиттен бас тарту себептері туралы мәліметтер (10-баптың 4-тармағы)
_ бар _ жоқ
С. Ескертулер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сұрау салатын мемлекеттің
құзыретті органы өкілінің қолы __________________
М.О.