Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 2095 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 815 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1418 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 2095 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы жарғысының 57-тармағы мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «32-1) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды сату ережесін бекіту;».
      2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады