Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Сауда ережелерін бұзғаны және тұтынушылардың құқықтарына қысым жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 5, 63-құжат);
2) «Бөлшек сауда кәсіпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлік емес тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қыркүйектегі № 960 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 40, 464-құжат);
3) «Қазақстан Республикасындағы Тәуелсіз тұтыну сараптамасы туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 24, 201-құжат).
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов