Бөлшек сауда кәсiпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлiк емес тауарлар тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1993 ж. N 960. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 821 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.18 № 821 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Тұтынушылар құқын қорғау туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қараңыз.Z100274
      1. Қазақстан Республикасының осы тауарларды өткiзетiн бөлшек сауда кәсiпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлiк емес тауарлардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Алтын қапты сағаттан ақау табылған жағдайда айырбасталғантетiкке жаңа паспортты қоса бере отырып сағаттың тетiгi ғана алмастыруға жататын болып;
      сатылып алынғаннан кейiн екi күннен кешiктiрмей қайтарылатын,комиссияға қабылданған кезде ақауы байқалмаған жаңа заттардан басқа комиссиялық дүкеннен алынған тауарлар алмастыруға жатпайтын болып белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 29 қыркүйектегi
                                       N 960 қаулысына
                                       Қосымша

Қазақстан Республикасының бөлшек сауда кәсiпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлiк емес тауарлардың
Тiзбесi

      Алтыннан, платина және күмiстен жасалған бұйымдар

      Шұлық-ұйық бұйымдары

      Төсектiк жаймалар

      Iш киiмдер

      Парфюмерлік-косметикалық тауарлар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады