Қазақстан Республикасындағы Тәуелсiз тұтыну сараптамасы туралы үлгiлiк ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 24 мамыр N 639. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 821 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.18 № 821 Қаулысымен.

      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi шаралар одан әрi дамыту және жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ерiктi шарттық негiзде жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасындағы Тәуелсiз тұтыну сараптамасы туралы Үлгiлiк ережебекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясатжөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасындағы тәуелсiз тұтыну сараптамасын қалыптастыру жөнiндегi жалпы әдiстемелiк басшылық пен жұмыстарды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 24 мамырдағы
                                           N 639 қаулысымен
                                                 Бекiтiлген

Ерiктi шарттық негiзде жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасындағы Тәуелсiз тұтыну сараптамасы туралы Үлгiлiк
Ереже

      1. Осы Ереже "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңына сәйкес әзiрленедi және тәуелсiз тұтыну сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзудi реттейдi. Қараңыз.Z100274
      2. Дайындаушылардың, атқарушылардың, сатушылардың, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тұтынушылардың, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) қауiпсiздiгiне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында iс-қимыл жасайтын сертификаттау органдарының арасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тұтынушылық қасиеттерiн, олардың нормативтiк құжаттарда белгiленген сапасына талаптарды, сондай-ақ өнеркәсiптiк және басқа объектiлердiң қоршаған ортаға зиянды әсерiн бағалау мәселелерi жөнiндегi қарым-қатынастарды реттеу кезiнде қоғамдық, заңды және жеке тұлғалар осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Осы Ережеде төмендегi ұғымдар қолданылады:
      тәуелсiз тұтыну сараптамасы - тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тұтынушылық қасиеттерiн және олардың нормативтiк құжаттамаға сәйкестiгiн, өнеркәсiптiк және басқа объектiлердiң тұтынушының өмiрi мен денсаулығына зиянды әсерiн, сондай-ақ нормативтiк және жобалау құжаттарында белгiленген тиiстi талаптарға ерiктi шарттық негiзде жүргiзетiн бағалау;
      тәуелсiз тұтыну сараптамасы жүйесi - Қазақстан Республикасының ұлттық сертификаттау жүйесiнде әзiрленген ережелердi, процедуралар мен нормативтердi пайдалана отырып тұтынушылар қоғамдары арқылы ерiктi шарттық негiзде сараптау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру;
      сатушы (атқарушы) - сатып алу-сату шарты бойынша тауарлар сататын (қызмет көрсететiн) кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе азамат. Дайындаушы - сату үшiн тауар өндiретiн кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе азамат;
      4. Тәуелсiз тұтыну сараптамасының мақсаттары:
      тауардың (өнiмдердiң, қызмет көрсетулердiң) нормативтiк құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн анықтау;
      тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетуге) еркiн сертификациялауды жүзеге асыру, әртүрлi дайындаушылардың өнiмдерiне тәуелсiз салыстырмалы сараптама ұйымдастыру (тестiлеу);
      өнiмдердiң сапасына арналған шағымдарды қарау кезiнде тұтынушылардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсiпорындардың және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өтiнiшi бойынша тауарларға сараптама жүргiзу;
      стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттама жасау мен жетiлдiру жөнiндегi жұмысқа қатысу;
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау, өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету жөнiнде бағдарламалар әзiрлеуге қатысу;
      тауар нарығына түсетiн өнiмдердiң жай-күйi туралы дұрыс, объективтi және толық ақпарат түзу мен тарату;
      өнеркәсiптiк және басқа объектiлердiң тұтынушының өмiрi мен денсаулығына зиянды әсерi туралы халыққа хабарлау, Қазақстан Республикасының iшкi нарығына жоғары тұтынушылық қасиеттерi бар тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жылжыту;
      отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру;
      iшкi және сыртқы нарықтарда өнiмдердi өндiрiске қоюдың мүмкiндiгi туралы ұсыныстар беру;
      тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сараптаудың нәтижелерi бойынша дауларды шешуге жәрдемдесу болып табылады.
      5. Сараптаманың негiзгi принциптерi:
      тәуелсiздiк пен объективтiлiк, пайдаланылатын және берiлетiн ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы;
      қоғам үшiн ашықтық және сараптама қатысушылардың құқықтарын қорғау, барлық мүдделi тараптар (мемлекеттiк органдар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, тұтынушылар) үшiн сараптамалық бағалаудың актiлерi бойынша объективтi деректер алуға тең мүмкiндiктiң болуы;
      жүргiзiлген сараптаманың және әсiресе қанағаттанғысыз сараптаманың нәтижелерi туралы тұтынушыларға хабарлауда бұқаралық ақпарат құралдарын кеңiнен пайдалану.
      6. Тәуелсiз тұтыну сараптамасының объектiлерi:
      меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тұтынушылар үшiн сататын, шығаратын (көрсетiлетiн) тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер);
      тұтынушыларға қызмет көрсетуге байланысты белгiлi бiр қызметке орай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құжаттама болып табылады.
      7. Тәуелсiз тұтыну сараптамасы, Мемстандарткомы белгiленген тәртiппен тiркелген заңды тұлға мәртебесi бар және өтiнiш иесi немесе басқа мүдделi тараптарға тәуелсiз сынақ зертханаларын (орталықтарын), сараптау комиссиясына енгiзiлетiн заңды және жеке тұлғаларды (сарапшыларды, соның iшiнде шетелдiк сарапшыларды) шартты негiзде тарту арқылы ерiктi шарттық негiзде жүзеге асырылады.
      8. Тәуелсiз тұтыну сараптамасы жүргiзудiң жалпы тәртiбi:
      атқарушы тапсырыс иесi берген материалдар бойынша тәуелсiз тұтыну сараптамасын жүргiзу туралы шешiм қабылдайды, тапсырыс иесi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сараптауға беру туралы белгiленген нормативтiк актiлерге сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сараптама жүргiзуге табыс етедi;
      сараптама объектiсi бойынша шешiм қабылдау кезiнде тапсырыс иесi сараптаманың қорытындысын пайдаланады.
      9. Тәуелсiз тұтыну сараптамасы субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық және қаржылық өзара қарым-қатынастары шарттық негiзде ресiмделедi және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеледi.
      10. Тәуелсiз тұтыну сараптамасы субъектiлерi:
      тапсырыс берушi - сараптама объектiсi бойынша ұсыныс жасауды және сараптама қорытындысын алуға тiлек бiлдiрушi субъект (меншiк нысандарына қарамастан тұтынушы, жекелеген топ, мекеме, кәсiпорын, ведомство, шетелдiк компания);
      атқарушы - тәуелсiз тұтыну сараптамасы тапсырысының орындалуын ұйымдық жағынан қамтамасыз етушi сараптау қорытындысын берушi субъект (сараптау органы)- тәуелсiз тұтыну сараптамасы орталықтары, зертханалар болып табылады.
      11. Тәуелсiз тұтыну сараптамасына қатысушылардың негiзгi құқықтары:
      Тапсырыс берушiнiң:
      атқарушымен келiсiм бойынша сараптау жүргiзу мерзiмiн, бiрақ 3 айдан аспайтын уақытқа белгiлеуге;
      тәуелсiз тұтыну сараптамасы тапсырысының талаптары орындалмаған жағдайда сараптама қорытындысына қарсы болуға немесе оны пысықтауға жiберуге;
      сараптаманың сапасы немесе әдiлеттiлiгi себебi бойынша оның қорытынды тұжырымдамасымен келiспеген жағдайда тиiстi шағымдану мекемелерiне жүгiнуге құқығы бар.
      Атқарушының:
      сараптама жүргiзу үшiн, оның iшiнде сараптама жұмысын жүргiзу барысында туындайтын мәселелер бойынша барлық қажеттi ақпаратты алуға;
      сараптау iсiн атқарушылардың жеке құрамын белгiлеуге, сарапшылар ретiнде - жетекшi ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандарды, ұжымдық сарапшылар ретiнде сараптаушы топтарды, комиссияларды, кеңестердi, сондай-ақ тиiстi мамандықтағы ұйымдарды, кәсiпорындарды, шетелдiк компанияларды тартуға;
      тапсырыс берушiмен келiсiп сараптама жүргiзудiң мерзiмiн белгiлеуге;
      жеке және ұжымдық сарапшылардың жұмысының нәтижелерiн табыс етудiң тәртiбiн белгiлеуге;
      сараптама жүргiзуге қаржылық шарттар жасасуға;
      сараптау құрамына қойылатын талаптар орындалмаған жағдайда, сараптама қорытындыларын қабылдамау немесе оларды пысықтауға жiберуге;
      сараптама нәтижелерi бойынша тапсырыс берушi қабылданған шешiмдермен келiспеген жағдайда, тиiстi шағымдану мекемелерiне жүгiнуге құқығы бар.
      12. Тәуелсiз тұтыну сараптамасына қатысушылардың басты мiндеттерi:
      Тапсырыс берушi:
      атқарушыдан сараптама қорытындыларын алуға және оларды сараптама объектiсi бойынша шешiм қабылдау кезiнде пайдалануға мiндеттi.
      Атқарушы:
      талапкердiң талаптарына сәйкес тәуелсiз тұтыну сараптамасы тапсырысының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге;
      нақты объект бойынша сарапшылардың жеке құрамы туралы құпия мәлiметтердiң, сондай-ақ мемлекеттiк немесе коммерциялық ақпараттың құпиялығын сақтауға, интеллектiк меншiк құқығын қорғауға, сараптама нәтижелерiнiң жариялылығын қамтамасыз етуге, сарапшыларға қысым жасалуына қарсылық бiлдiруге, сараптама объектiлерiнiң сипаттамасын әдiл бағалауға, сараптамаға тапсырылған деректердiң құпиялылығын бұзбауға мiндеттi.
      13. Қазақстан Республикасының соттары тәуелсiз тұтыну сараптамасы объектiлерi бойынша шешiм шығаратын шағыну мекемесi болып табылады.
      14. Тапсырыс берушiнiң сараптаманы атқарушыға берген мәлiметтерiнiң құпиялылығы:
      тапсырыс берушi жүзеге асыратын қорғалуға лайықты әзiрлемелердiң алдын ала патенттiк қорғалуы;
      тәуелсiз тұтыну сараптамасы процедуралары барлық тiкелей қатысушылардың сарапталатын ақпараттың құпиялылығын сақтауға мiндеттiлiгi арқылы қамтамасыз етiледi.
      15. Белгiленген тәртiп бойынша тiркелген және тәуелсiз тұтыну сараптамасы жүйесiнде жұмыс iстейтiн сынақ зертханалары (орталықтары) берген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сәйкестiгi туралы қорытындылар Қазақстан Республикасының Мемстандарты, Мемлекеттiк сауда инспекциясы, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының және басқа да уәкiлдi органдардың сараптамалық тұжырымдарымен қатар соттар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi органдар үшiн ресми құжаттар болып табылады.
      16. Тәуелсiз тұтыну сараптамасы сынақ зертханаларын (орталықтарын) пайдаланумен қатар барлық зертханалық бөлiмшелерi бар осы заманғы жабдықтармен және жоғары бiлiктi мамандармен жарақталған өзiнiң тиiстi сынақ базасын құрады.
      17. Тәуелсiз тұтыну сараптамасын жүргiзуге байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбi:
      егер сатушының қолында сертификаты бола тұрып, өнiм сапасыз болып шыққан жағдайда шығынды сертификат берген ұйым өтейдi;
      егер өтiнiш тұтынушыдан түсетiн болса, онда шығын тапсырыс берушi мен сараптаманы атқарушының арасындағы шарттық негiзде өтеледi;
      егер сатушының мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмге арналған жалған сертификаты болып шықса, онда шығынды сатушы өтейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады