Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 821 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Сауда ережелерін бұзғаны және тұтынушылардың құқықтарына қысым жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 5, 63-құжат);
      2) «Бөлшек сауда кәсіпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлік емес тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қыркүйектегі № 960 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 40, 464-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасындағы Тәуелсіз тұтыну сараптамасы туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 24, 201-құжат).
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады