Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 849 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 448 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 408-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде:
      «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу тәртібі» деген 2-бөлімде:
      7-тармақтың оныншы абзацындағы «144» деген сандар «216» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу тәртібі» деген 3-бөлімде:
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектісіне сыртқы кешенді бағалау нәтижелеріне сәйкес аккредиттеуші орган бекіткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
      Сыртқы кешенді бағалаудың қорытындылары баллдық жүйе, медициналық көмек көрсету сапасының индикаторлары негізінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін интегралдық коэффициентті есептеу арқылы аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды жүргізумен аяқталады.
      Аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі 60 %-дан 80 %-ға дейін жеткен кезде аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектісіне 2 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік беріледі, ал аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі 80 %-дан 100 %-ға дейін жеткен кезде 4 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік беріледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады