"2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы N 857 Қаулысы

«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
баспасөз-релизі

      2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы 2011 - 2015 жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштерінің базалық болжамы негізінде қалыптастырылды.
      Жоспарлы кезеңде мұнайдың әлемдік бағасы болжамы баррель үшін 65 долл. құрайды.
      Инфляцияның деңгейі 6-8% дәлізінде көзделген. 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 4 049,5 млрд. теңгені 2012 жылға 4373,8 млрд. теңгені, 2013 жылға – 4779,4 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде тиісінше кірістер (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2 636,9 млрд. теңге, 2 955,2 млрд. теңге және 3 339,2 млрд. теңге.
      Кірістер болжамы корпоративтік табыс салығы ставкасы бойынша 20%-ын мөлшерінде қалыптастырылды, мұнайға экспорттық кедендік бажының тоннасына 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру жеке тұлғаларға салық салудың прогрессивтік шәкілін енгізу.
       2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 4 651,9 млрд. теңге, 2012 жылға – 4955,6 млрд. теңге, 2013 жылға – 5161,7 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.
      Республикалық бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды ескереді.
      Жобамен мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін сақтауды Қазақстан Республикасының 2010 - 2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, Білім берудің 2020 жылға дейінгі дамуының мемлекеттік бағдарламасы, «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауды дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Тілдердің қолданылуы мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру көзделеді.
      Бюджеттің тапшылығы 2011 жылы жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,8 %, 2012 жылы ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%, 2013 жылы жалпы ішкі өнімге қарағанда - 1,5 % деңгейінде анықталған.
      Ұлттық қорға 2011 жылғы түсімдердің болжамы 1 649 млрд. теңге, немесе ЖІӨ-ге қарағанда 7,8% құрады. Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт жыл сайын 1,2 трлн. теңге деңгейінде бекітілген. Жергілікті бюджеттерге субвенцияның көлемі 2011 жылы 785,6 млрд. теңге, 2012 жылы – 876 млрд. теңге, 2013 жылы – 860,8 млрд. теңге болады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз