Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Үкіметі арасындағы Бреттон-Вуд мекемелеріндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 878 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Бельгия кіші тобынан Швейцария кіші тобына көшу жүзеге асырылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Үкіметі арасындағы Бреттон-Вуд мекемелеріндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Үкіметі арасындағы Бреттон-Вуд мекемелеріндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумның жобасына қол қоюға өкілеттік берілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2010 жылғы 2 қыркүйектегі
878 қаулысымен    
мақұлданған     

жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария
Конфедерациясының Үкіметі арасындағы Бреттон-Вуд
мекемелеріндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы
меморандум

      Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы 1991 жылғы дипломатиялық байланыстар орнатылған уақыттан бастап достық қарым-қатынаста және саяси және экономикалық салаларда жемісті ынтымақтастық жасап келеді.
      A. Халықаралық қаржы мекемелері шеңберінде ынтымақтастықты күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі мынадай өзара түсіністікке қол жеткізді:
      1. Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта Қорындағы (ХВҚ) және Дүниежүзілік Банк Тобындағы Швейцария Кіші тобына қосылуға шешім қабылдайды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ХВҚ мен Дүниежүзілік Банк Тобына Атқарушы директорларды тұрақты және аралық сайлау уақытында өзіне Швейцария Тобы ұсынған кандидат үшін дауыс беруге міндеттеме алады.
      2. Қазақстан Республикасына өзінің ХВҚ-дағы квотасына сәйкес Халықаралық Валюта Қорындағы Швейцария Атқарушы Директорының кеңсесінде бір Кеңесшінің және Дүниежүзілік Банк Тобындағы Швейцария Атқарушы Директорының кеңсесінде бір Кеңесшінің тұрақты лауазымдары берілетін болады.
      3. Швейцария Кеңесшілердің бұл лауазымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету міндеттемесін мұндай қаржыландыру ХВҚ мен Дүниежүзілік Банк Тобының тұрақты бюджеттерімен жабылмайтын болған жағдайларда өзіне алады.
      4. Қазақстан Республикасы осы Меморандумның 2-тармағында көрсетілген Атқарушы директорлар кеңесшілерінің лауазымына қажетті кәсіби білімі мен тіл дағдысы бар лауазымды тұлғаларды тағайындау міндеттемесін өзіне алады.
      B. Екі ел арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастарды одан әрі жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі сауда, инвестиция және технолог салаларында консультациялар мен ынтымақтастық тетіктерін дайындау үшін жаңа келісімдер жасасатын болады. Қазақстан - Швейцария Бірлескен Экономикалық Комиссиясына осы ниеттерді жүзеге асыру тапсырылды.
      2010 жылғы ____ қыркүйекте Астана қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші.

      Қазақстан Республикасының             Швейцария Федералдық
      Үкіметі үшін                          Кеңесі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады