"Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 881 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі
№ 780 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
      4-тармақтың 1) тармақшасындағы «дамуы мен бюджеттік параметрлерінің» деген сөздер «дамуының» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      1) тармақшаның екінші және сегізінші абзацтары алып тасталсын;
      2) тармақшада:
      екінші абзацтағы «дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамдары» деген сөздер «дамуының болжамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «стратегиялық жоспарлар жобаларымен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары негізінде стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен өзара байланыста жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары;»;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «орталық мемлекеттік органдар өтінімдерінің тізбесіне сәйкес байланысты гранттарды тартудың орындылығы;»;
      он екінші абзацтағы «секвестрлеу» деген сөз «нақтылау, секвестрлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      он төртінші абзац алып тасталсын;
      он бесінші абзацтағы «бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылындағы республикалық бюджетте бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануы;
      техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізу үшін концессиялық жобаларды қаржыландыру;
      концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі;
      концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды;»;
      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Комиссияның шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен, сондай-ақ сұрау жүргізу жолымен қабылданады және олар үшін комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      14. Комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделіп, оған комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды және комиссияның барлық мүшелерінің ортақ пікірін білдіреді. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы, ол комиссия хаттамасына қоса тігіледі.»;
      18-тармақ «хаттамаларын дайындау,» деген сөздерден кейін «комиссия мүшелеріне,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                               Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады