Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 888 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Астана қаласында халықаралық маңызы бар іс-шараларды дайындау және өткізу, сондай-ақ саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 6 771 024 086 (алты миллиард жеті жүз жетпіс бір миллион жиырма төрт мың сексен алты) теңге сомасында, оның ішінде:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігіне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес іс-шараларды орындау үшін Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін 5695816716 (бес миллиард алты жүз тоқсан бес миллион сегіз жүз он алты мың жеті жүз он алты) теңге сомасында, оның ішінде:
      нысаналы даму трансферттері түрінде 3748183633 (үш миллиард жеті жүз қырық сегіз миллион бір жүз сексен үш мың алты жүз отыз үш) теңге сомасында, оның ішінде:
      көлік инфрақұрылымын дамытуға 300000000 (үш жүз миллион) теңге сомасында;
      «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 3448183633 (үш миллиард төрт жүз қырық сегіз миллион бір жүз сексен үш мың алты жүз отыз үш) теңге сомасында;
      автомобиль жолдарын жөндеуге және автобустар сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 1947633083 (бір миллиард тоғыз жүз қырық жеті миллион алты жүз отыз үш мың сексен үш) теңге сомасында қаражат;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін санитарлық автокөлік және арнайы жабдық сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 159592700 (бір жүз елу тоғыз миллион бес жүз тоқсан екі мың жеті жүз) теңге сомасында қаражат;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін көлік құралдары мен арнайы жабдық сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 345621500 (үш жүз қырық бес миллион алты жүз жиырма бір мың бес жүз) теңге сомасында қаражат;
      4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес көлік құралдары мен арнайы жабдық сатып алуға 326453170 (үш жүз жиырма алты миллион төрт жүз елу үш мың бір жүз жетпіс) теңге сомасында қаражат;
      5) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне радиотолқынды сканерлерді сатып алуға 243540000 (екі жүз қырық үш миллион бес жүз қырық мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.20 № 1379 Қаулысымен.
      2. Осы қаулыда көрсетілген орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 388 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен орындалатын іс-шаралар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.20 № 1379 Қаулысымен.

Р/с
Атауы Сомасы (мың теңге)
Нысаналы даму трансферттері

1

№ 23 көшеден әуежайға жолындағы айналма айырымға дейін Сарыарқа көшесін салу

300 000,0

2

«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға

3 448 183,6


Барлығы:

3 748 183,6

Ағымдағы нысаналы трансферттер

1

Белгілеу, жол қозғалысын ұйымдастыру

150 000,0

2

Елшіліктерге және қонақ үйлерге баратын жолдарды, орамішілік жолдарды, көлік тұратын орындарды, кіреберіс жолдарын орташа (ағымдық) жөндеу бойынша жұмыстар

522 000,0

3

Автобустар сатып алу (40 бірлік)

1 275 633,1


Барлығы:

1 947 633,1


Жиыны:

5 695 816,7

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 883 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен сатып алатын автокөлік пен арнайы жабдықтың тізбесі

Атауы Саны (дана) Сомасы (мың теңге)

Санитарлық автокөлік

9

155 774,7

Оттегі баллоны бар өкпені жасанды желдету портативті аппараты

2

3 818,0

Барлығы:


159 592,7

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 888 қаулысына    
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен сатып алатын автокөлік иен арнайы жабдықтың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.20 № 1379 Қаулысымен.

Р/с

Атауы

Саны (дана)

Сомасы (мың теңге)

1

Автокөлік:

50

271 516


Өкілдік санаттағы жеңіл автокөлік

3

37 932


Жеңіл автокөлік

32

156 350


Жоғары өтімді жеңіл автокөлік

5

11 475


Автобус

7

29 309


Шағын автобус

3

36 450

2

Арнайы қарайтын құрал:

117

20 430,5


Стационарлық металды детектор

15

14 827,5


Портативті қол металл детекторы

86

4 171


Қарау айнасы

16

1 432

3

«Модульді нұсқадағы» стационарлық бекет

6

6 000

4

Байланыс құралдары:

816

47 675


Гарнитурасы бар жиынтықта алып жүретін конвенциальды радиостанциялар

120

11 280


Жабық түрдегі гарнитурасы бар жиынтықта алып жүретін конвенциальды радиостанциялар

115

16 905


Цифрлық транкты радиостанцияларға арналған гарнитуралар

55

1 485


Конвенциальды радиостанцияларға арналған гарнитуралар

425

5 100


Автокөлікке арналған ұтқыр радиостанциялар

50

2 850


Сәулелі матрицасы бар сигналды-дауыс зорайтқыш құрылғы

50

9 100


Радио сигналдың қуатын күшейтуге арналған жиынтықта ретранслятор

1

955


Барлығы:


345 621,5

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 888 қаулысына    
4-қосымша       

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен сатып алатын автокөлік пен арнайы жабдықтың тізбесі

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.20 № 1379 Қаулысымен.

Р/с

Атауы

Саны (бірлік)

Сомасы (мың теңге)

1

Негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдері

6

234 933


Авариялық-құтқару автомобилі АСА-20

1

29 990


Шұғыл ден қою автомобилі АБР-1,0-0,4

1

39 990


Шұғыл ден қою автомобилі АБРVW

1

35 061


Түтін жою автомобилі ТЖК

1

84 720


Газтүтіннен қорғайтын қызметінің автомобилі АГ

1

30 562


Штабтық автомобилі ША

1

14 610

2

Байланыс құралдары

1 617

73 132,2


Диспетчерлік коммутаторлық консоль

1

25 317,8


Ұтқыр радиостанция

30

1 796


Алып жүретін радиостанциялар

300

1 641,9


Литий-ионды аккумулятор 2000 mАh

1 200

14 208


Автомобилдің борт желісінің желілік емес кедергі фильтрі 12В

80

735,5


Радио және телефон сөйлесуін жазу жүйесінің платасы

6

929

3

Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары, жасырын жануды анықтайтын аспаптар және қауіпсіздік датчиктері

59

18 388


Тұйық тізбекті тыныс алу аппараттар жиынтығы (4-сағат жұмыс істеу уақытымен)

18

13 500


Жылувизор

1

2 288


Қолмен іске қосудың термодатчигі бар жылжымайтын жағдайдағы дабылқаққыш

40

2 600

Барлығы:


326 453,2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады