Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің Конференциясын ұйымдастыру жөніндегі келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 934 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің Конференциясын ұйымдастыру жөніндегі келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының істеріндегі Уақытша Сенімді Өкілі Әмір Болатұлы Мусинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің Конференциясын ұйымдастыру жөніндегі келісімге қол қоюға уәкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 934 қаулысымен    
мақұлданған      

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің Конференциясын ұйымдастыру жөніндегі келісім

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы;
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) 2009 жылғы 23 - 29 сәуірде Бангкокта өткен өзінің алпыс бесінші сессиясында Қазақстан Үкіметіне (бұдан әрі «Үкімет» деп аталады) Азия-Тынық мұхит өңіріндегі Қоршаған орта және даму министрлерінің алтыншы конференциясын («Конференция») 2010 жылы Қазақстанның Астана қаласында қабылдау ұсынысы үшін ризашылығын білдіргенін назарға ала отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы 47/2002 қарарының 17-тармағында шығыстардың сипаты мен ықтимал мөлшері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысымен кеңескеннен кейін осыған байланысты нақты қосымша шығыстарды өз елінің аумағында сессия өткізуге шақыру білдірген Үкімет тікелей немесе жанама түрде өтеуге келісім берген жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары сессияларды өздерінің белгіленген штаб-пәтерлерінен тысқары жерлерде өткізе алатындығын тағы да мәлімдегенін назарға ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

І бап
Конференцияны өткізу мерзімдері мен орны

      Конференция Қазақстанның Астана қаласында 2010 жылғы 27 қыркүйек - 2 қазан аралығында өткізіледі.

ІІ бап
Конференцияға қатысу

      1. Конференцияға қатысу:
      а) АТМЭӘК-нің мүшелері мен қауымдасқан мүшелерінің;
      b) өзге де мемлекеттердің;
      с) Бас Ассамблеядан байқаушылар ретінде конференцияларға қатысуға тұрақты шақырулар алған ұйымдардың;
      d) Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған және еншілес мекемелерінің;
      е) өзге де үкіметаралық ұйымдардың;
      f) Біріккен Ұлттар Ұйымының үкіметаралық органдарының;
      g) үкіметтік емес ұйымдардың;
      h) Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының лауазымды адамдарының;
      і) Біріккен Ұлттар Ұйымы шақырған өзге де адамдарының өкілдері немесе байқаушылары үшін үшін ашық болады.
      2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конференцияға қызмет көрсету мақсатында оған қатысу тапсырылатын лауазымды адамдарын тағайындайды.
      3. Конференцияның жария отырыстары Үкіметпен консультациядан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының қалауы бойынша ол акредиттеген ақпарат құралдарының өкілдері үшін ашық.

III бап
Үй-жайлар, жабдық, коммуналдық қызметтер мен материалдар

      1. Үкімет ресми емес кеңестерге арналған мәжіліс заңдарын, кеңсе кеңістіктерін, жұмыс аймақтарын және I қосымшада санамаланатын басқа да тиісті объектілерді қоса алғанда, қажетті үй-жайларды береді. Барлық осы үй-жайлар мен объектілерді Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференцияны тиімді өткізу үшін жеткілікті деп санайтындай түрде өзінің есебінен жиһаздайды, жабдықтайды және жақсы жай-күйде күтіп ұстайды. Мәжіліс залдары екі тарапқа 4 (төрт) тілде ілеспе аудармаға арналған жабдықтармен және дәл сондай сандағы тілдердің дыбыстық жазбасына арналған құралдармен, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына талап етілетін дәрежеде баспасөздің, теледидардың, радионың және кино түсірілімнің жұмысын қамтамасыз ететін құралдармен жарақтандырылады. Аталған үй-жайлар Конференция басталғанға дейін үш күн бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының иелігіне өтеді және Конференция жабылғаннан кейін екі күннен аспайтын мерзім бойы оның иелігінде болады.
      2. Үкімет мүмкіндікке қарай конференциялық аймақ шегінде Конференция делегаттары коммерциялық негізде пайдаланатын банктік қызметті, пошта және телефон байланысын, Интернетті, сондай-ақ, тиісті тамақтану пункттерін, саяхат бюросын және Біріккен Ұлттар Ұйымымен тиісті консультациялардан кейін кеңесіп жабдықталатын хатшылық қызмет көрсету орталығын ұсынады.
      3. Үкімет Конференцияның хатшылығы пайдаланатын телефон байланысын қоса алғанда, барлық қажетті коммуналдық қызметтер үшін және оның АТМЭӘК-мен (Бангкоктағы штаб-пәтермен) немесе басқа да танылған штаб-пәтерлермен немесе мұндай байланысқа АТМЭӘК-нің жауапты лауазымды адамдары рұқсат берген жағдайларда немесе олардың аттарынан Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті бөлімшелерімен электрондық пошта байланысы, факсимильдік немесе телефон байланысы үшін шығыстарды көтереді.
      4. Үкімет Астана қаласында жоқ және Конференцияның тиісінше жұмыс істеуі үшін қажетті Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық жабдықтары мен материалдарын АТМЭӘК-нің штаб-пәтерінен Конференция өткізілетін орынға және кері бағытта тасымалдауға байланысты барлық көліктік және сақтандыру шығасылары үшін шығыстарды көтереді. Біріккен Ұлттар Ұйымы осындай жабдық пен материалдарды тасымалдаудың тәсілін айқындайды.

ІV бап
Орналастыру

      Үкімет Конференцияға қатысушы немесе оған келетін адамдарға қолайлы коммерциялық ставкалар бойынша қонақ үйлерде немесе резиденцияларда тиісті орындар берілуін қамтамасыз етеді.

V бап
Медициналық қызметтер

      1. Конференциялық аймақ шегінде Үкімет өз есебінен төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетуге қажетті медициналық қызметтер көрсетеді.
      2. Қажет болған жағдайда жедел қол жетімділік пен ауруханаға жатқызуды Үкімет қамтамасыз ететін болады, сондай-ақ қажетті көлік шақыру бойынша үнемі қол жетімді болады.

VI бап
Көлік

      1. Үкімет Конференцияға қызмет көрсететін Біріккен Ұлттар Ұйымы хатшылығының мүшелері үшін олар келген және кеткен кезде Астана әуежайы мен конференциялық аймақ және негізгі қонақ үйлер арасында тасымалдауды қамтамасыз етеді.
      2. Үкімет Астана әуежайы, негізгі қонақ үйлер мен конференциялық аймақ арасында барлық Конференцияға қатысушыларды және Конференцияға келетін адамдарды тасымалдау үшін көліктің болуын қамтамасыз етеді.
      3. Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымымен тиісті консультациялардан кейін Конференцияның басты қызметкерлері мен хатшылығының ресми сапарлары үшін жүргізушілері бар автомобильдердің жеткілікті санын, сондай-ақ Конференцияға байланысты Хатшылыққа талап етілуі мүмкін жергілікті көліктің басқа да түрлерін береді.
      4. Осы бапқа сәйкес берілген автомобильдерді, автобустар мен шағын автобустарды үйлестіруді және пайдалануды Үкімет беретін көлік диспетчерлері қамтамасыз етеді.

VII бап
Полиция күзеті

      Үкімет өз қаражаты есебінен қауіпсіз әрі тыныш ортада қандай да бір араласудан бос Конференцияның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет полиция күзетін ұсынады. Осындай полиция қызметтері Үкімет ұсынған қауіпсіздіктің аға офицерінің тікелей қадағалауы мен бақылауында болады және олар конференциялық үй-жайларға іргелес аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады. Аумаққа кіру мүмкіндігін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенциясына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының бақылауында және Үкімет ұсынған қауіпсіздіктің аға офицерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін Біріккен Ұлттар Ұйымының Күзет және қауіпсіздік департаментінен тағайындалған аға лауазымды адамның тікелей басшылығында болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Күзет және қауіпсіздік департаментінен тағайындалған аға лауазымды адам мен Үкіметтің қауіпсіздік аға офицері арасындағы ынтымақтастық нысандары Тараптар арасында жеке түсіндірілетін болады.

VIII бап
Жергілікті персонал

      1. Үкімет осы Келісімнің талаптарына сәйкес өз есебінен Тараптар арасындағы байланыс жөніндегі қызметкер ретінде іс-әрекет ететін және Біріккен Ұлттар Ұйымымен консультацияда Конференцияға байланысты әкімшілендіру және персонал мәселелері бойынша уағдаластықтарды ұйымдастыру және олардың орындалуы үшін жауап беретін лауазымды адамның қызметін қамтамасыз етеді.
      2. Үкімет өз есебінен мынадай:
      а) осы Келісімнің III бабында аталған жабдық пен объектілердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      b) Конференция үшін қажетті құжаттар мен баспасөз хабарламаларын көбейту және тарату;
      с) мәжіліс залдарында көмекшілер, жұмыс кабинеттерінде көмекшілер, құжаттама бойынша көмекшілер, тіркеуші-көмекшілер, жүргізушілер және тағы басқалар ретінде жұмыс істеу;
      d) Конференцияға байланысты берілген жабдық пен үй-жайларды күзету, жөндеу және қызмет көрсету қызметтері үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлеріне қосымша қажетті жергілікті персоналды жалдайды және ұсынады.
      3. Мәжілістердің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, мүмкіндігінше, жергілікті қызметкерлердің қызметі пайдаланылатын болады. Жергілікті қосалқы персоналға қажеттілік осы Келісімге I қосымшада баяндалған. Осы қызметкерлердің кейбіреулері Біріккен Ұлттар Ұйымының талаптарына сәйкес Конференция ашылғанға дейін екі күн бұрын ұсынылады және олар жабылғаннан кейін бір күнге қалады.

ІХ бап
Қаржылық шарттар

      1. Үкімет Бас Ассамблеяның 47/2002 қарарының 17-тармағына сәйкес Конференцияның Бангкок қаласында емес, Астана қаласында өткізілуіне байланысты тікелей немесе жанама түрдегі іс жүзіндегі қосымша шығыстарды көтереді. Ондай шығыстар Конференцияны жоспарлау немесе оған қатысу тапсырылған Біріккен Ұлттар Ұйымының лауазымды адамдарының нақты қосымша жол шығыстары мен жәрдемақыларын, сондай-ақ кез келген қажетті жабдық пен материалдарды тасымалдауға арналған шығыстарын қамтиды, дегенмен онымен шектелмейді. Конференцияны жоспарлауға немесе қызметке және кез келген қажетті жабдық пен материалдарды тасымалдау үшін қажетті Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми адамдарының сапарларын Біріккен Ұлттар Ұйымының персоналы туралы Қағидалар мен Ережелерге және жол жүру сыныбына, багажға ақы төлеу үстемесіне, тәуліктік және терминалдық шығыстардың төлеміне қатысты өзінің тиісті әкімшілік практикасына сәйкес АТМЭӘК хатшылығы ұйымдастырады.
      2. Үкімет 1-тармақта аталған қосымша шығыстарды а) Конференцияны қамтамасыз ету барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының лауазымды адамдарын тұрғын жаймен қамтамасыз ету; б) II қосымшаға сәйкес осы лауазымды адамдар Астанаға келген кезде оларға тәулікақысын төлеу; с) III қосымшаға сәйкес 2010 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей Біріккен Ұлттар Ұйымына 415,273.32 АҚШ доллары көлемінде төлем жүргізу жолымен қамтамасыз етуге тиіс. АТМЭӘК-тің банктік деректемелері II қосымшада көрсетілген (қарауға ұсыну қажет). Қажет болған жағдайда Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымының өтініші бойынша соңғысы төленуіне жауапкершілік Үкіметке жүктелген қосымша шығыстарды қандай да бір кезеңде уақытша негізде өзінің ақшалай қаражатынан қаржыландыруға мәжбүр болмауы үшін одан әрі де аванстық төлемдер жүргізуді жүзеге асырады.
      3. Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымының есеп-шотына 531 947 (бес жүз отыз бір мың тоғыз жүз қырық жеті) АҚШ долларын теңізге шығу мүмкіндігі жоқ және шағын арал мемлекеттері болып табылатын 22 экономикасы төмен дамыған мемлекеттер өкілдерінің көліктік шығыстарын төлеуге және әзірлеуге арналған әкімшілік шығындарды әуе билеттерін сатып алу үшін жоғарыда көрсетілген мемлекеттер өкілдеріне VI қосымшаға сәйкес 5 % мөлшерінде төлеуге аударады.
      4. Осы баптың 2-тармағында аталған депозит және аванстық төлемдер Конференцияға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттемелерін өтеу үшін ғана пайдаланылады.
      5. Конференция аяқталғаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Үкіметке Біріккен Ұлттар Ұйымы көтерген нақты қосымша шығыстарды көрсететін және осы баптың 1 және 3-тармақтарына сәйкес Үкімет төлеуі тиіс барлық есеп-шоттардың толық жиынтығын ұсынады. Барлық есеп-шоттардың толық жиынтығын Біріккен Ұлттар Ұйымы 2010 жылғы 10 қарашаға дейін ұсынады. Аталған мерзімнен кейін Үкімет есеп-шоттарды қабылдамайды. Бұл шығыстар төлемдер жасалатын сәтте Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми айырбас бағамын пайдалана отырып, Америка Құрама Штаттарының долларымен көрініс табады. Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарыда осы баптың 2-тармағында аталған барлық есеп-шоттардың толық жиынтығы негізінде депозиттің немесе аванстық төлемдердің барлық жұмсалмаған қаражатын Үкіметке қайтарады. Үкіметтің банктік есеп-шоты туралы толық ақпарат III қосымшаға толықтыруда беріледі. Іс жүзіндегі қосымша шығыстар депозит сомасынан асып түскен жағдайда, Үкімет барлық есептердің толық жиынтығын алған сәттен бастап бір ай ішінде тиесілі сальдоны төлейді. Түпкілікті ресімделген есеп-шоттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Қаржылық ережелері мен Қағидаларына сәйкес аудиторлық тексеріске жатады, ал шоттарды түпкілікті реттеуді аудиторлық тексерістен туындайтын кез келген ескертпелерге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Аудиторлар кеңесі жүргізетін болады, оның шешімі Тараптар үшін түпкілікті деп танылады.

Х бап
Материалдық жауапкершілік

      1. Үкімет:
      а) Үкімет ұсынатын немесе оның бақылауында болатын, III бапта аталған үй-жайларда адамдарға зақым келтірген немесе меншікке нұқсан келтірген немесе оны жоғалтқан;
      b) Үкімет ұсынатын немесе оның бақылауында болатын, осы Келісімнің VI бабында көрсетілген көліктік қызметті пайдалану салдарынан адамдарға зақым келтірген немесе меншікке нұқсан келтірген немесе оны жоғалтқан;
      с) осы Келісімнің VIII бабына сәйкес Үкімет ұсынған персоналды Конференцияны өткізу үшін жалға алған жағдай нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның лауазымды адамдарының талап-арыздарына, кінә қоюларына немесе басқа талаптарына байланысты кез келген мәселені шешу жауапкершілігін өзіне алады.
      2. Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымын және оның лауазымды адамдарын жауапкершіліктен босатады және кез келген осындай талап-арыздарға, кінә қоюларға немесе басқа талаптарға қатысты оларға қандай да бір талап қоймайды.

ХІ бап
Артықшылықтар мен иммунитеттер

      1. Конференцияға қатысты Бас Ассамблея 1946 жылғы 13 ақпанда
қабылдаған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Біріккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция (бұдан әрі «Конвенция» деп аталады) қолданылады. Атап айтқанда, АТМЭӘК және осы Келісімнің II бабы 1-тармағының а) және b) тармақшаларында аталған мемлекеттер мүшелерінің және қауымдасқан мүшелерінің өкілдері Конвенцияның IV бабында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады, Конференцияның өткізілуіне байланысты функцияларды орындайтын және осы Келісімнің II бабы 1-тармағының һ) тармақшасында және 2-тармағында аталған Біріккен Ұлттар Ұйымының лауазымды адамдары Конвенцияның V және VII баптарында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады, ал Конференцияның өткізілуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымына іссапарға жіберілген кез келген сарапшы Конвенцияның VI және VII баптарында көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
      2. Осы Келісімнің II бабы 1-тармағының с), е), f), g) және і) тармақшаларында аталған өкілдер немесе байқаушылар олардың сессияларға қатысуына байланысты айтқан немесе жазған сөздері және жасаған кез келген әрекеті үшін заңдық қудалаудан иммунитетті пайдаланады.
      3. Осы Келісімнің VIII бабына сәйкес Үкімет ұсынған персонал Конференцияның өткізілуіне байланысты ресми адам ретінде олар айтқан немесе жазған сөздері үшін және жасаған кез келген әрекеті үшін заңдық қудалаудан иммунитетті пайдаланады.
      4. Үкімет осы Келісімнің II бабы 1-тармағының d) тармақшасында аталған Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандырылған мекемелерінің өкілдеріне 1959 жылғы 1 шілдедегі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің артықшьшықтары мен иммунитеттері туралы келісімнің тиісті ережелерін орынды жағдайларда қолданады.
      5. Осы баптың алдыңғы тармақтарына нұқсан келтірмей, Конференцияның өткізілуіне байланысты функцияларды орындайтын барлық адамдар, оның ішінде осы Келісімнің VIII бабында аталғандар және Конференцияға шақырылған барлық адамдар Конференцияның өткізілуіне байланысты өздерінің функцияларын тәуелсіз орындауы үшін қажетті артықшылықтарды, иммунитеттерді және қызметтерді пайдаланады.
      6. Біріккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның мақсаттары үшін осы Келісімнің III бабы 1-тармағында аталған конференциялық үй-жайларға Конвенцияның II бабы 3-бөлімінің мағынасында Біріккен Ұлттар Ұйымының үй-жайлары ретінде қарастырылады  және оларға кіруді реттеу Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілеттігі мен бақылауына жатады. Бұл үй-жайларға, дайындық және қорытынды кезеңдерді қоса алғанда, Конференцияны өткізу кезеңінде қол сұғылмайды.
      7. Осы Келісімнің II бабында аталған барлық адамдар елден кеткен уақытта Конференцияның өткізілуіне байланысты олар Қазақстанға әкелген қаражатының кез келген жұмсалмаған бөлігін қандай да бір шектеулерсіз Қазақстаннан әкетуге және кез келген осындай қаражатты қолданыстағы нарықтық айырбастау бағамы бойынша қайта айырбастауға құқылы.
      8. Үкімет Конференцияда қолдануға арналған қосалқы жабдық пен материалдарды, сондай-ақ Конференцияны өткізу кезінде қажетті баспасөздің, радионың немесе теледидардың техникалық жабдығын, көрсетілген жабдыққа қосалқы құрылғыларды және керек-жарақтарды кедендік баждар мен салықтардан босата отырып, уақытша әкелуге рұқсат береді. Ол аталған мақсаттар үшін әкелуге және әкетуге кез-келген қажетті рұқсаттарды кідірмей береді.

XII бап
Дауларды шешу

      Келіссөздер немесе реттеудің басқа да келісілген жолымен шешілмейтін, осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы кез келген дау Тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша түпкілікті шешу үшін үш төрешіден тұратын трибуналға беріледі, олардың біреуін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы тағайындайды, екіншісін Үкімет тағайындайды, ал Төраға болып табылатын үшіншісін алғашқы екеуі сайлайды; егер Тараптардың бірі екінші Тарап осындай тағайындауды жасаған сәттен бастап 60 күн ішінде төрешіні тағайындай алмаса немесе екі төреші өздері тағайындалған кезден бастап 60 күн ішінде үшінші төрешінің кандидатурасы бойынша уағдаласа алмаса, Халықаралық соттың төрағасы кез келген Тараптың өтініші бойынша кез келген қажетті тағайындау жасай алады. Дегенмен, Біріккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция реттейтін мәселеге байланысты кез келген осындай дау аталған Конвенцияның 30-бөліміне сәйкес шешіледі.

XIII бап
Қорытынды ережелер

      1. Осы Келісімге түзетулер Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының
арасындағы жазбаша келісімнің негізінде енгізілуі мүмкін.
      2. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, Конференция жұмысының бүкіл кезеңіне жасалады және оның ережелерінің кез келгеніне байланысты барлық мәселелерді реттеу үшін қажет болатын кейінгі кезеңде күшінде қалады.
      2010 жылғы «__» _____ _____________ қаласында ағылшын тілінде екі данада жасалды, әрі екі дана бірдей дәлме-дәл болып табылады.

Қазақстан Республикасының                   Біріккен Ұлттар Ұйымы
     Үкіметі үшін                                    үшін
_________________________                   ______________________
       Әмір Мусин                                Ноэлин Хейзер
Уақытша Сенімді және АТМЭӘК                  Біріккен Ұлттар Ұйымы
  жанындағы Тұрақты Өкіл                   Бас хатшысының орынбасары,
                                          АТМЭӘК-нің Атқарушы хатшысы

                                                            1-қосымша

2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің конференциясы, Астана қаласы, Қазақстан

2010 жылғы 27 қыркүйек - 2 қазан

Қабылдаушы тарап ұсынатын жағдай

      2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің конференциясы (ҚОДМК-2010) Астана қаласында, Қазақстанда 2010 жылғы 27 қыркүйек - 2 қазанда өтеді. ҚОДМК-2010 екі құрандауыштан тұрады, атап айтқанда: 2010 жылғы 27-29 қыркүйекте - аға лауазымды адамдардың дайындық кеңесі және 2010 жылғы 1-2 қазанда  министрлер кеңесі.
      Конференцияға байланысты мерзімдері кейіннен айқындалатын, бір мезгілде ұйымдастырылатын қосарлас іс-шаралар болады және қабылдаушы тарап олар үшін де осындай қолдауды қамтамасыз етеді деп көзделіп отыр.
      ҚОДМК-2010 үшін қабылдаушы тарап ұсынатын мынадай жағдай мен қызметтер талап етіледі. Жағдай мен қызметтер тізбесі түбегейлі болып табылмайды. Кейбір жағдай/қызметтер күтпеген мән-жайларға байланысты талап етілуі мүмкін. Барлық жағдай мен қызметтер қабылдаушы тараптың есебінен ұсынылады.

Мәжіліс залдары және олармен байланысты жағдайлар

      Конференция үшін шамамен 300-350 делегатқа арналған мәжіліс залы талап етіледі. Мінберге жеті микрофон талап етіледі. АТМЭӘК мүшелері мен қауымдасқан мүшелерінің, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше басқа да елдердің, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының және мамандандырылған мекемелерінің, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарының делегаттары, сондай-ақ жеке сектордан қатысушылар үшін екі адамға бір микрофоннан жеткілікті болады. Шамамен 85 микрофон қажет болады. Барлық делегаттарға қабылдағышы және арналарды айырып-қосқышы бар дыбысқағар жиынтығының жеткілікті саны беріледі.
      Бүкіл мәжіліс залы ISO стандарттарына жауап беретін және кемінде бес арнаға есептелген, яғни, зал (техник үшін басқару пульті бар үй-жай) ағылшын, француз, қытай және орыс тілдеріне ілеспе аударма жүйесімен (ІАЖ) толық жарақталуы тиіс. Екі микрофоннан және көп арнаны таңдау үшін қабылдағышы бар екі дыбысқағар жиынтығы ағылшын, француз және орыс тілі кабинасына және үш микрофон мен үш дыбысқағар жиынтығы қытай тілі кабинасына беріледі. Алдыңғы тәжірибені негізге ала отырып, Үкімет пен кейбір басқа да елдердің делегацияларына ауызша аударма үшін қосымша жағдай керек болуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударма үшін бір қосымша кабина беру ұсынылады. Тиісінше тілдерді ауыстыру үшін арналар санын көбейту қажет.
      Бұдан басқа, мәжіліс залы экранға түсірілетін проекторлармен  және ЖК-мониторлармен (президиум үстелі үшін), сондай-ақ залға және ағылшын тілі арналарына арналған МР3 не wav форматында дыбыс жазу аппаратурасымен жарақталады. Дыбыс жазбасы Конференция хатшылығына әрбір отырыс аяқталғаннан кейін күн сайынғы негізде дереу беріледі.
      Жұмыс топтарының ресми емес отырыстары мен баспасөз конференциялары үшін дыбыс күшейткішпен және проекциялық жүйелермен жарақталған, шамамен 60 қатысушыға арналған бір мәжіліс залы талап етіледі. Мінберге бес микрофон, ал делегаттарға қырық микрофон беріледі.
      Хатшылықтың ішкі кеңестері мен қабылдаушы Үкіметтің лауазымды адамдарымен кездесулер үшін шамамен 30-35 адамға арналған бір шағын мәжіліс залы талап етіледі.
      Кеңестің басталуына байланысты және одан кешірек жоғары лауазымды адамдарды қабылдау үшін екіжақты консультациялар мақсатында әрқайсысы шамамен 15 адамға арналған, тиісті түрде креслолар, дивандар және ортасына үстел қойылған екі шағын зал беріледі.
      Мәжіліс залына жақын жерден шамамен 150 ұяшығы бар құжаттаманы тарату орталығы беріледі.
      Тіркеу тағаны беріледі.
      БҰҰ АТМЭӘК-ның Ақпараттық қызметі үшін таған беріледі.
      Бұдан басқа, мәжіліс залына жақын жерден делегаттардың демалыс залы/аймағы талап етіледі. Демалыс аймағының бір бөлігі делегаттардың жұмыс аймағы үшін бөлінуі мүмкін.
      Ауызша аудармашыларға ілеспе аударма кабиналарына жақын жерден 8-10 орынға арналған демалыс залы/аймағы талап етіледі. Осы залда және кабиналарда отырыстар кезінде ауыз су беріледі.
      Мәжіліс залына және санитарлық торап жанына жақын жерден ғибадатхана бөлмесі/аймағы беріледі.

      Кеңсе үй-жайлары:1

Талап етілетін үй-жайлар саны

Сипаттамасы

Мақсаты

1

Хатшыға арналған кеңсемен шектесетін, кеңсе жиһазымен жабдықталған кабинет

Конференцияның төрағасы (және хатшы)

1

Хатшыға арналған кеңсемен шектесетін, кеңсе жиһазымен жабдықталған кабинет

Атқарушы хатшы (және хатшы)

1

Хатшыға арналған кеңсемен шектесетін, кеңсе жиһазымен жабдықталған кабинет

Атқарушы хатшының арнайы көмекшісі (және хатшы)

1

Хатшыға арналған кеңсемен шектесетін, кеңсе жиһазымен жабдықталған кабинет

БҰҰ жоғары лауазымды адамы

1

Хатшыға арналған кеңсемен шектесетін, кеңсе жиһазымен жабдықталған кабинет

Конференция хатшысы

3

Кеңсе жиһазымен және құжаттарға арналған құлпы бар шкафпен жарақталған үлкен үй-жайлар

Негізгі бөлімдердің персоналы (25)

1

Екі үстелі мен орындықтары бар кабинет

БҰҰ АТМЭӘК-ның Ақпараттық қызметі

1

Үстелдері мен орындықтары бар үлкен үй-жай

Баспасөз/бұқаралық ақпарат құралдарына арналған жұмыс үй-жайлары

3

Әр бөлмеде екі үстелі мен орындықтары және құжаттарға арналған құлпы бар шкафпен жарақталған кабинеттер

Жазбаша аудармашылар/машинисткалар (6)

1

Отырыстарға арналған бір үлкен үстелі мен орындықтары және бес жұмыс үстелі мен орындықтары, құжаттарға арналған құлпы бар шкафпен жарақталған 20 адамды орналастыруға арналған үлкен үй-жай

Конференция хатшылығы

1

15 ұзын үстелі мен орындықтары және баспа техникасын орналастыру үшін жеткілікті алаңы бар үлкен үй-жай

Құжаттаманың көшірмесін жасау орталығы

1

Кеңсе жиһазы бар кабинет

Әкімшілік қызмет бөлімінің бастығы

1

Кеңсе жиһазы бар кабинет

Конференцияға қызмет көрсету секциясының бастығы

1

Кеңсе жиһазы бар кабинет

Қауіпсіздік қызметі

1Сондай-ақ Конференцияға қызмет көрсетуге қосылған жергілікті персоналды орналастыру үшін. Үй-жайлардың саны Үкімет пен АТМЭӘК-ның екі жақты консультацияларының болуына және қорытындыларына байланысты өзгеруі мүмкін.

      Жабдықтар:

Талап етілетін саны

Сипаттамасы

Мақсаты

50

Интернетке қосылған Windows XP (кәсіби версия) және  Microsoft Office XP (толық версия), сондай-ақ жылдамдығы жоғары лазер принтерлері бар ДК (Платформасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету ағылшын тілінде болуы тиіс)


25

Лазерлік принтерлер


1

Сканер


10

Парақтарды беріп тұратын, сұрыптайтын және қыстыратын қондырғылары бар фотокөшіру аппараттары (минутына кемінде 80 парақ)


5

IDD-ге қосылған факсимильді байланыс аппараттары


5

IDD телефон желілері



Кеңселер, отырыс залдары/функционалдық аймақтар үшін ішкі телефондар


10

Екіжақты байланыстың портативті радиостанциялары (уоки-токи)


12

SIM-карталары бар ұялы телефондар


2

Арбалар


10

Шкафтар


Кеңселерге кіру тәулік бойы қамтамасыз етіледі.

Әуежайда қабылдау

      Әуежайға келгеннен кейін иммиграциялық және кедендік формальдылықты жеңілдету мақсатында барлық делегаттар мен АТМЭӘК-ның хатшылығы үшін Конференцияға дейін екі күн бұрын әуежайда формальдылықтан өту кезінде көмек көрсету үшін арнайы таған жабдықталады. АТМЭӘК-ның жекелеген қызметкерлеріне, қажеттілігіне қарай, БҰҰ-ның аға лауазымды адамдарын және басқа да жоғары лауазымды адамдарды қарсы алу/шығарып салу үшін әуежайға қызметтік рұқсат қағаздары берілу қажет.
      Конференция аяқталғаннан кейін делегаттардың қайтуы үшін осындай рәсімдерді қамтамасыз етуге өтініш жасалады.

Көлік

      Аға лауазымды адамдардың және Конференция хатшылығының ресми пайдалануы үшін жүргізушілерімен мынадай жол-көлік құралдары беріледі:
      1 Седан - Конференция төрағасы
      1 Седан - Атқарушы хатшы
      1 Седан - Конференция хатшысы
      1 Седан - Конференция хатшылығы
      1 Шағын автобус - Конференция хатшылығы
      Жоғарыда аталған жол-көлік құралдары дайындық және жұмысты аяқтау тобын қоса алғанда, тиісті лауазымды адамдар/бөлімшелер келген сәттен бастап олар кеткенге дейін беріледі.

Жергілікті пресонал

      Үкімет Конференцияға қызмет көрсету бойынша АТМЭӘК-ның персоналымен бірлесіп жұмыс істеу үшін келесі жергілікті персоналды (университеттер студенттерінің қатарынан еріктілер) ұсынады:

Функциясы

Талаптар

Саны

Конференцияға қызмет көрсету жөніндегі көмекшілер

Ағылшын тілін еркін білу

4

Әкімшілік көмекшілер

Ағылшын тілін еркін білу және Microsoft Office бағдарламаларын білу

10

Тіркеу жөніндегі көмекшілер

Ағылшын тілін еркін білу

2

Құжаттама жөніндегі көмекшілер

Ағылшын тілін еркін білу және офсеттік жабдықты/көшіру құрылғыларын пайдалану тәжірибесі

6

Барлығы


22

      Жоғарыда баяндалғаннан басқа, Үкімет ресми фотограф, аудиовизуалды жабдықтардың техник-операторларын, жабдықтарға/коммуналдық қызметтерге қызмет көрсету жөніндегі персонал, медициналық персонал, қауіпсіздік персоналын, жүргізушілер мен жұмысшыларды береді, олар АТМЭӘК хатшылығының персоналымен тығыз ынтымақтастықта әрекет етеді, Жергілікті персоналдың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай білуі құпталады.

Отырыспен байланысты басқа да керек-жарақтар мен материалдар

      АТМЭӘК құжаттаманы көшіру үшін Үкімет толығымен ұсынатын қажетті қағаздарды қоспағанда, Конференция үшін талап етілетін барлық кеңсе және өзге де кеңсе заттарын береді.
      Үкімет АТМЭӘК беретін тұжырымдарға сәйкес мәжіліс залдарында пайдалану үшін аттары мен атаулары жазылған барлық табличкаларды дайындайды.
      Үкімет АТМЭӘК беретін тұжырымдарға сәйкес кеңселердің атаулары жазылған белгілерді басып шығарады.
      Үкімет әртүрлі мәжіліс залдарының/функционалдық үй-жайлар мен кеңселердің бағытын көрсететін белгі-нұсқамаларды дайындайды және стратегиялық орындарда орналастырады.
      Үкімет Конференция өтетін жерде және мәжіліс залының ішінде АТМЭӘК мүшелері мен БҰҰ тулары үшін 64 көше және 64 ішкі тутұғырлар дайындайды. Кеңселер, ашу рәсімі мен баспасөз конференциялары үшін алтыға дейін қосымша тутұғырлар беріледі. Барлық қажетті туларды АТМЭӘК береді.
      Үкімет делегаттарға арналған конференц-залдарда/мәжіліс залдарында және қызмет көрсетуші персонал үшін кеңселерде, оның ішінде жұмыс жалғасып жатқан кешкі уақытта ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Қабылдауларды ұйымдастыру

      Қабылдаушы Үкімет делегаттардың құрметі үшін екі: бірі - Аға лауазымды адамдардың дайындық кеңесі, енді бірі Министрлер кеңесі үшін қабылдау өткізу мүмкіндігін қарастыруы мүмкін. Кофе күніне екі рет: отырыстардағы үзілістерде таңертең және күннің екінші жартысында ұсынылуы мүмкін.

Медициналық қызмет көрсету және қауіпсіздік қызметі

      Медициналық қызмет көрсету және қауіпсіздік қызметі туралы мәселе дайындық топтарының сапары барысында толық талқыланатын болады.

                                                      2-қосымша

Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің алтыншы конференциясы, Астана қаласы,
Қазақстан Республикасына келген кезде қолма-қол төленетін АТМЭӘК Хатшылығының тәулікақысы


Барлығы (АҚШ доллары)

I.

АТМЭӘК Хатшылығы үшін тәулікақы

44,625.00

II.

БҰҰ АТМЭӘК Хатшылығының дайындық және техникалық миссиялар үшін транзиттік тәулікақысы

3,150.00

III.

Операциялық шығыстар

0.00

IV.

Өзге шығыстар

0.00

V.

Көзделмеген шығыстар (І-IV сомасының 10 %-ы)


VI.

Әкімшілік шығыстар (І-V сомасының 5 %-ы)



БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР:

47,775.00


1. БҰҰ штатының көліктік шығындары


Бағдарламалық штат (1-3)

Адам саны

2 күн (US$210/ күн)

Күн саны

Тәулікақы 105 доллар

Авиабилет құны, 4,598 АҚШ доллары

Барлығы, АҚШ доллары

1

Атқарушы хатшының кеңсесі (3)







Атқарушы хатшы

1


7

735,00


735,00

Атқарушы хатшының ассистент-маманы

1


7

735,00


735,00

Ақпарат жөніндегі менеджер

1
3


7

735,00


735,00
2,205.00

2
 

 
 
 

 
 
 

Қоршаған орта және даму департаменті: (25)







Басшы

1


7

735,00


735,00

Мамандар

19


7

13,965.00


13,965.00

Баска департаменттердің қызметкерлері

5


7

3,675.00


3,675.00
18,375,00

3

Әкімшілік департаменті (2)








Әкімшілік департаменттің басшысы

1


7

735,00


735,00


Хаттама менеджері

1


7

735,00


735,00


Конференция және құжаттама ұйымы: (11)








Басшы, Конференция ұйымы

1


10

1,050,00


1,050,00


Әкімшілік менеджер

1


8

840,00


840,00


Кеңестерге қызмет көрсету жөніндегі супервайзер

1


8

840,00


840,00


Конференциялық залдың менеджері

1


8

840,00


840,00


Физикалық тетік үшін жауап беретін қызметкер

1


10

1,050,00


1,050,00


Тіркеу үшін жауап беретін қызметкер

1


8

840,00


840,00


Көлік пен саларлар үшін жауап беретін қызметкер

1


8

840,00


840,00


Жабдық үшін жауап беретін қызметкер

1


8

840,00


840,00


Құжаттама жөніндегі супервайзер

1


10

1,050,00


1,050,00


Құжаттаманы қайта шығару орталығының қызметкері

1


10

1,050,00


1,050,00


Құжаттарды тарату қызметкері

1


8

840,00


840,00


Басшы, Конференцияға қызмет көрсету секциясы

1


7

735,00


735,00


Ілеспе аудармашылар (1С, 1Ғ, 1R)

3


7

2,205.00


2,205.00


Ілеспе аудармашылар (2С, 2Е, 1Ғ, 1R)

6


7

4,410.00


4,410.00


Аудармашылар (1С, 1Ғ, 1R)

3


7

2,205.00


2,205.00


Машинисткалар (1С, 1Ғ, 1R)

3


7

2,205.00


2,205.00


Қауіпсіздік қызметі: (1)

1


7

735.00


735.00


Қауіпсіздік жөніндегі менеджер

30


7



24,045,00


АТМЭӘК штатына көліктік шығындардың барлығы, 58 адам






44,625.00


2. Миссияның көліктік шығындары

1.

Дайындық миссиясы 6 адам *5 күн

6


5




2.

Техникалық миссия 6 адам*5 күн

6


5

3,105.00


3,105.00


Миссияға көліктік шығындардың барлығы






3,105.00

3.

Операциялық шығыстар (шамамен 1,000 кг, әр бағыт 430 АҚШ доллары)








Жүкті авиатасымалдау және тиісті шығындар







4.

Өзге шығыстар








Коммуникациялар, телекс, пошталық шығыстар және басқа шығыстар








Жиыны (I-IV)






47,775.00

                                                            3-қосымша

Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің алтыншы конференциясы, Астана қаласы, Қазақстан
2010 жылғы 27 қыркүйек - 2 қазан

АТМЭӘК Хатшылығының есеп шотына аударылатын АТМЭӘК Хатшылығының шығыстары


Барлығы (АҚШ доллары)

I

БҰҰ штаты үшін көліктік шығындар (58 адам)

291,044.00

II

БҰҰ АТМЭӘК Хатшылығының дайындық және техникалық миссияларының көліктік шығындары

54,900.00

III

Операциялық шығыстар

8,600.00

IV

Өзге шығыстар

5,000.00

V

Көзделмеген шығыстар (І-IV сомасының 10 %-ы)

35,954.40

VI

Әкімшілік қолдау (І-V сомасының 5 %-ы)

19,774.92


БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР

415,273.32

1/ Конференцияны өткізу кезеңі 6 күн, 2010 жылғы 27-29 қыркүйек - Аға лауазымды адамдарды дайындықпен күтіп алу және 2010 жылғы 1-2 қазан - Министрлерді күтіп алу. 30 қыркүйек - Аға лауазымды адамдарды күтіп алу есебін жазуға және оны таратуға арналған.

Күтілетін шығыстар 2010 жылғы маусымға арналған ставкаларға және өткізілетін орны - Астана қаласындағы бағаларға негізделеді. Бағалардағы өзгерістер, егер ондайлар болса, Конференция өткізу кезеңінде қолданыстағы жаңа ставкаларға негізделген, өзгертілген бюджетке енгізілетін болады

Осы бюджет Қабылдаушы елдің Келісімінде сипатталған өткізу орнын жалға алу, жұмыс үй-жайларын, жабдықты, жергілікті көлікті, баспаны, жарияланымды, ақпараттық материалдарды және т.б. жалға алу сияқты тікелей шығыстарды қамтымайды.


1. БҰҰ штатының көліктік шығындары


Бағдарламалық штат (1-3)

Адам саны

2 күн (US$210/ күн)

Күн саны

Тәулікақы 105 доллар

Авиабилет құны, 4,598 АҚШ доллары

Барлығы, АҚШ доллары

1

Атқарушы хатшының кеңсесі (3)








Атқарушы хатшы

1

420.00

7


4,598.00

5,018.00


Атқарушы хатшының ассистент-маманы

1

420.00

7


4,598.00

5,018.00


Ақпарат жөніндегі менеджер

1
3

420.00

7


4,598.00

5,018.00
15,054.00

2

Қоршаған орта және даму департаменті: (25)








Басшы

1

420.00

7


4,598.00

5,018.00


Мамандар

19

7,980.00

7


88,388.00

95,342.00


Басқа департаменттердің қызметкерлері

5

2,100.00

7


23,260.00

25,090.00
125,450.00

3

Әкімшілік департаменті (2)








Әкімшілік департаменттің басшысы

1

420.00

7


4,598.00

5,018.00


Хаттама менеджері

1

420.00

7


4,598.00

5,018.00


Конференция және құжаттама ұйымы: (11)








Басшы, Конференция ұйымы

1

420.00

10


4,598.00

5,018.00


Әкімшілік менеджер

1

420.00

8


4,598.00

5,018.00


Кеңестерге қызмет көрсету жөніндегі супервайзер

1

420.00

8


4,598.00

5,018.00


Конференциялық залдың менеджері

1

420.00

8


4,598.00

5,018.00


Физикалық тетік үшін жауап беретін қызметкер

1

420.00

10


4,598.00

5,018.00


Тіркеу үшін жауап беретін қызметкер

1

420.00

8


4,598.00

5,018.00


Көлік пен сапарлар үшін жауап беретін қызметкер

1

420.00

8


4,598.00

5,018.00


Жабдық үшін жауап беретін қызметкер

1

420.00

8


4,598.00

5,018.00


Құжаттама жөніндегі супервайзер

1

420.00

10


4,598.00

5,018.00


Құжаттаманы қайта шығару орталығының қызметкері

1

420.00

10


4,598.00

5,018.00


Құжаттарды тарату қызметкері

1

420.00

8


4,598.00

5,018.00


Басшы, Конференцияға қызмет көрсету секциясы

1

420.00

7

1,471.00

4,598.00

5,018.00


Ілеспе аудармашылар (1С, 1Ғ, 1R)

3

1,260.00

7

4,410.00

13,794.00

15,054.00


Ілеспе аудармашылар (2С, 2Е, 1Ғ, 1R)

6

2,520.00

7

8,820.00

27,588.00

30,108.00


Аудармашылар (1С, 1Ғ, 1R)

3

1,260.00

7

4,410.00

13,794.00

15,054.00


Машинисткалар (1С, 1Ғ, 1R)

3

1,260.00

7

4,410.00

13,794.00

15,054.00


Қауіпсіздік қызметі: (1)

1

420.00

7

1,470.00

4,598.00

5,018.00


Қауіпсіздік жөніндегі менеджер

30





150,540.00


АТМЭӘК штатына көліктік шығындардың барлығы

58





291,044.00


2. Миссияның көліктік шығындары

1.

Дайындық миссиясы 6 адам *5 күн

6


5



24,792.00

2.

Техникалық миссия 6 адам*5 күн

6

2,520.00

5

6,300.00

27,588.00

30,108.00


Барлық миссиялардың көліктік шығындары






54,900.00

3.

Операциялық шығыстар (шамамен 1,000 кг, әр бағыт 4.30 АҚШ доллары)








Жүкті авиатасымалдау және тиісті шығындар






8,600.00

4.

Өзге шығыстар






5,000.00


Коммуникациялар, телекс, пошталық шығыстар және басқа шығыстар








Жиыны (I-IV)






359,544.00

2/ Тәулікақы Астана қаласында 2 күн және кері қайтуға 2 күнге Астана үшін 2010 жылғы маусым айының US $ 210.00 ставкамен есептелген.
3/ НСА сәйкес штаттың әр қызметі үшін тұру қамтамасыз етілетін болса, штат үшін тәулікақы (2010 жылғы маусымда US $ 210.00) 50 %-ы ғана қамтамасыз етілетін болады, яғни US $ 105.00. Алайда, штатқа 2010 жылғы қыркүйек және казан кезеңіне тәулікақының нақты мөлшеріне сәйкес төленетін болады.
4/ Көліктік шығындар маршруттың нақты бағытына негізделеді: Бангкок-Астана-Бангкок 4,500.00 US $, әуежайға жеткізу жөніндегі шығыстар US $ 76.00 (2 рет Бангкокте) және US $ 22.00 (екі рет Астанада әуежай мен қонақ үй арасында және әуежайға дейін қайтуды шақырушы тарап қамтамасыз ететін болады), барлығы бір адамға 4,598.00 US $.

                                                           4-қосымша

Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және даму бойынша министрлерінің алтыншы конференциясы, Астана қаласы, Қазақстан
2010 жылғы 27 қыркүйек - 2 казан

22 ел өкілдерінің (төмен дамыған, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ және шағын арал мемлекеттер) АТМЭӘК Хатшалығының есеп шотына аударылатын шығындары



барлығы (US $)

I.

Демеушілік көрсететін 22 елдің шығыстары (авиабилеттер мен транзиттік тәулікақы)

509 140,00

II.

Әкімшілік шығыстар 5 %

22 807,00


Барлық шығындар

531 947,00

1/Конференцияны өткізу кезеңі 6 күн, 2010 жылғы 27-29 қыркүйек - Жоғары лауазымды адамдарды дайындықпен күтіп алу және 2010 жылғы 1-2 казан - Министрлерді күтіп алу. 30 қыркүйек - Жоғары лауазымды адамдарды күтіп алу есебін жазуға және оны таратуға арналған.
Күтілетін шығыстар 2010 жылғы маусымға арналған ставкаларға және өткізілетін орны - Астана қаласындағы бағаларға негізделеді. Бағалардағы өзгерістер, егер ондайлар болса, Конференция өткізу кезеңінде қолданыстағы жаңа ставкаларға негізделген, өзгертілген бюджетке енгізілетін болады
Аталған бюджет Қабылдаушы елдің Келісімінде сипатталған өткізу орнын жалға алу, жұмыс үй-жайларын, жабдықты, жергілікті көлікті, баспаны, жарияланымды, ақпараттық материалдарды және т.б. жалға алу сияқты тікелей шығыстарды қамтымайды.

I. Қаржыландырылатын мемлекет өкілдерінің (экономикасы төмен дамыған, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ және шағын арал мемлекеттер) көліктік шығыстары:

Мемлекет атауы

Адам саны

Транзиттік тәулікақылар (US$250/күн)

Авиабилет құны, АҚШ доллары

Барлығы, АҚШ доллары

1.

Аға лауазымды адамдар және министрлер





№ 1

Аұғанстан

4

500,00

2 735,00

12 940,00

№ 2

Бангладеш

4

500,00

2 445,00

11 780,00

№ 3

Брутан

4

500,00

3 025,00

14 100,00

№ 4

Камбоджа

4


2 940,00

11 760,00

№ 5

Фиджи

4

500

6 065,00

26 260,00

№ 6

Кирибати

4

1500

9 295,00

43 180,00

№ 7

Лаос

4


3 145,00

12 580,00

№ 8

Мальдивы

4


5 650,00

22 600,00

№ 9

Маршалл аралдары

4

1 000,00

7 730,00

34 920,00

№ 10

Микронезия федеративтік шаттары

4

500,00

4 575,00

20 300,00

№ 11

Монғолия

4


2 900,00

11 600,00

№ 12

Мьянма

4

250

3 160,00

13 640,00

№ 13

Науру

4

500

3 985,00

17 940,00

№ 14

Непал

4

250

2 745,00

11 980,00

№ 15

Палау

4

500,00

6 535,00

28 140,00

№ 16

Папуа Н.Гвинея

4

500,00

7 095,00

30 380,00

№ 17

Самоа

4

500,00

6 415,00

27 660,00

№ 18

Соломон аралдары

4

1250,00

3 540,00

19 160,00

№ 19

Тимор Лесте

4

500,00

6 455,00

27 820,00

№ 20

Тонга

4

1000,00

10 515,00

46 060,00

№ 21

Тувалу

4

1250,00

5 740,00

27 960,00

№ 22

Вануату

4

1750,00

7 345,00

36 380,00

Көліктік шығыстардың барлығы:

88



509 140,00

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады