Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 939 Қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес таратушы газ құбырларын пайдалану бойынша бірыңғай операторды құру және тұтынушыларды газбен жабдықтауда делдалдық құрылымдарды жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Ақтөбе облыстары әкімдерінің жоғары, орта мен төмен қысымды газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру туралы ұсыныстарымен келісілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 311 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін Алматы қаласының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берсін.
      2) тиісті облыстардың, Алматы қаласының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 311 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады