Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 945 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық меншіктен «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне мынадай әкімшілік ғимараттар мен гараждар:
      Астана қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат;
      Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат;
      Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, 73 мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат;
      Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 59 мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат және гараж;
      Астана қаласы, I. Есенберлин көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқаи ғимарат және гараж берілсін.
      2. Астана қаласының әкімдігіне жаңа әкімшілік ғимараттың құрылысы аяқталғанға және ол республикалық меншікке берілгенге дейін С. Сейфуллин көшесі, 73 мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимаратта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерін өтеусіз пайдалану шартында орналастыру ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен (келісім бойынша) және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады