Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 946 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қостанай облысының әкімдігіне аудару үшін 2010 - 2011 жылдардағы жылыту маусымында Арқалық қаласын үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін отын мазутын сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 600525000 (алты жүз миллион бес жүз жиырма бес мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады